Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Кіріспе
І тарау. Абайды тану мәні мен мақсаты
1.1. Абайтанудың кешегісі мен бүгінгісі
1.2. Абай қара сөздеріндегі синтаксистік ерекшеліктер
ІІ тарау. Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
1.1. Жай сөйлемдер
1.2. Құрмалас сөйлемдер
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Қазақ тіл білімінде синтаксис саласында сөйлем құрамы түрі жағынан аса ауқымды бола қоймағанымен, олардың көркем шығармалар арқылы оларды талдап-танысудың мәні зор. Оның үстіне біз Абай қара сөздерінің тілі негізінде сөйлем құрамын зерттегелі отырмыз. Сондықтан да бұл жұмысымызда аса көрнекті жазушының туындысындағы сөйлем құрамының қызметі мен түрлерін ажырату осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Абай қара сөздеріндегі сөйлем құрамын саралау, олардың атқаратын қызметін ашу – осы жұмыстың ғылыми ерекшелігі болып табылады.
Дипломдық жұмысқа талдау, сипаттама, салыстырма, қорыту әдістері қолданылды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, тақырып өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеті сөз болады.
«Абайды танудың мәні мен мақсаты» деп аталатын І тарауда Абайтану ілімінің тарихына тоқталып, оған негіз болған М.Әуезовтың, басқа да абайтанушы ғалымдардың зерттеулеріне тоқталамыз. Абай қара сөздеріндегі синтаксистік ерекшеліктерге қысқаша тоқталамыз.
Екінші тарауда сөйлем түрлерін, құрамына анықтама беріліп, Абай қара сөздеріндегі мысалдармен талданды.

1. Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Екінші том. Аудармалар мен қара сөздер. Алматы: «Ғылым», 1977
2. Бөжеев М. Абай қара сөздері хақында //Қазақө фольклдоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. Алматы. -1983. -217-228 беттер
3. «Абай тағлымы». әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. Алматы, 1986
4. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны //Қазақ әдебиеті. – 1989. – қаңтар.
5. Ысқақов А. Абай және қазақ әдеби тілі //Абай тілі сөздігі. Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы». – 1968. – 4-13 беттер.
6. Қарасөздер//Абай. Энциклопедия. Алматы: «Атамұра». – 1995. – 327-352 беттер.
7. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы: Қазақ ҒА-ның «Ғылым» баспасы, 1967
8. Әуезов М. Абай (Ибраһим) Құнанбаев // Әуезов М.Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы. – 1985. -6-245 беттер.
9. Серғалиев М. Абай поэзиясының синтаксисі //Ұлылық өнегесі. - Семей, 19985. – 59-66 беттер.
10. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959
11. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі, Алматы «Қазақстан», 1993
12. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы, Алматы, 1970
13. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі, Алматы, 1968
14. Мырзахметов М. Абай және Шығыс. Алматы «Қазақстан», 1994
15. Абайды оқы, таңырқа... Алматы «Ана тілі», 1993
16. "Абай тілінің сөздігі" 1968
17. Абай қара сөздері. Шығармалар. ІІ томдық, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1968
18. Қазақ грамматикасы, Алматы, 2002
19. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі, Алматы, «Ана тілі», 1991
20. С.Төлеуов Сөз таптары. Алматы, «Мектеп», 1982
21. Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі, Алматы, 1994

АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жоспар
Кіріспе
І тарау. Абайды тану мәні мен мақсаты
1.1. Абайтанудың кешегісі мен бүгінгісі
1.2. Абай қара сөздеріндегі синтаксистік ерекшеліктер
ІІ тарау. Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
1.1. Жай сөйлемдер
1.2. Құрмалас сөйлемдер
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінде синтаксис саласында сөйлем құрамы түрі жағынан
аса ауқымды бола қоймағанымен, олардың көркем шығармалар арқылы оларды
талдап-танысудың мәні зор. Оның үстіне біз Абай қара сөздерінің тілі
негізінде сөйлем құрамын зерттегелі отырмыз. Сондықтан да бұл
жұмысымызда аса көрнекті жазушының туындысындағы сөйлем құрамының қызметі
мен түрлерін ажырату осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Абай қара сөздеріндегі сөйлем құрамын саралау, олардың атқаратын
қызметін ашу – осы жұмыстың ғылыми ерекшелігі болып табылады.
Дипломдық жұмысқа талдау, сипаттама, салыстырма, қорыту әдістері
қолданылды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан пайдаланылған
әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, тақырып өзектілігі, зерттеудің
мақсаты мен міндеті сөз болады.
Абайды танудың мәні мен мақсаты деп аталатын І тарауда Абайтану
ілімінің тарихына тоқталып, оған негіз болған М.Әуезовтың, басқа да
абайтанушы ғалымдардың зерттеулеріне тоқталамыз. Абай қара сөздеріндегі
синтаксистік ерекшеліктерге қысқаша тоқталамыз.
Екінші тарауда сөйлем түрлерін, құрамына анықтама беріліп, Абай
қара сөздеріндегі мысалдармен талданды.
Атап айтқанда, Абай қара сөздеріндегі жай сөйлемдерге, құрмалас
сөйлемдерге, оның ішіндегі сөйлем құрамдарына талдау жасаймыз.
Қорытынды бөлімде диплом жұмысының жалпы ерекшеліктері, ғылымилығы,
қол жеткізген тұжырымдары сөз болады.
Диплом жұмысының материалдары:
Негізгі қолданылған материал Абайдың қарасөздері, қазақ тіл
біліміндегі сөйлем құрамына қатысты Р.Сыздықованың, А.Ысқақовтың,
М.Серғалиевтің, Ш.Бектұровтың еңбектері және одан да басқа көптеген
әдебиеттер пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Абай қарасөздерінің сөйлем құрылымын сөз ету үшін алдымен, сөйлем
құрылымының түрлеріне тоқталып, олардың мән-мағынасын ашып алу керек.
Қазақ тілі білімінде сөйлемнің екі түрін: жай және құрмалас сөйлем
түрлерін ажыратады.
Жай сөйлем синтаксистің ең негізгі нысаны болып табылады. Өйткені
синтаксистің басқа бірліктері болып саналатын сөз тіркесі мен құрмалас
сөйлем осы жай сөйлемнен тыс жеке дара өмір сүре алмайды. Сөз тіркесінің
жеке дара қолданылуы дегеніміз ол сөйлемге айналды деген мәнді білдіреді.
Сол секілді құрмалас сейлем де кемінде екі жай сөйлемнен құралады.
Жай сөйлемнің құралымдық ұйысымы жалпы тіл білімінде жай сөйлемнің
формалық ұйысымы деп те аталады. Бұл - жай сөйлемнің құрамына, құралымдық
пішініне (схема) сәйкес қолданылатын ұғым. Яғни, кез келген сөйлемнің
белгілі бір құырылымы болады. Ол сөйлем бірнеше сөздерден құралуы мүмкін.
Немесе екі сөзден, тіпті бір сөзден де жасалатыны белгілі. Әр нәрсенің
өзіне тән формасы болатындай сөйлемнің де құрамындағы сөздердің санына сай
формалары әр түрлі болып келеді.
Сөйлемді құрайтын сөздер сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Бұл мүшелердің
өздеріне тән атқаратын қызметтері болады. Яғни, әрбір мүше өзінің формасы
болуымен қатар мағынасының болуымен де ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері
өздерінің қызметтеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді. Олар тұрлаулы және
тұрлаусыз мүшелер деп аталады.
Тұрлаулы мүшелердің ең басты, негізгі мүшесі - бастауыш.
Грамматикалық бастауыштың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде
тұрған кім? не? деген сұрауға жауап беретін логикалық субъекті толығымен
кіреді. Сондай-ақ басқа сөз таптары да заттанып бастауыштық қызметті атқара
береді. Егер субстантивтенсе бастауыш қызметін атқармайтын дыбыс, сөз
немесе сөз формасы жоқ деуге болады.
Мысалы: Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе,
күлуші еді... (148)
Қазақтың бір мақала: Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік
дейді (153).
Жас ұялса, жерге ене жаздаушы елі, бұлар неден болса да ұялайды
екен (153)
Сөйлем мүшесі өзі жасалған сөздің құрамына қарай дара, күрделі және
үйірлі болып бөлінеді. Дара мүше бір сөзден жасалса, күрделі мүше екі
немесе одан да кеп сөзден жасалғандықтан солай аталады. Ал үйірлі мүшенің
жасалуы құрамы жағынан күрделіге ұқсас болып келеді. Яғни, үйірлі мүше
күрделі мүше тәрізді екі, немесе одан да көп сөздерден жасалады. Бірақ
құрылымдық, грамматикалық семантикасы жағынан күрделі мүшеден ерекшеленіп
ажыратылады.
Үйірлі мүшені құрайтын сөздер өз алдына предикатты бірлік болатын
бастауыш-баяндауышқа бөлінетін жай сөйлем құрамдас болып келеді. Бұндай
"жай сөйлемнің" баяндауышы есім сөз таптары, есімдік және есімше болады.
Бұл өз алдына предикатты бірлік болып саналатын құралым (конструкция)
екінші негізгі сөйлемнің кез-келген мүшесі болып синтаксистік қызмет
атқарып тұра алады.
Енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдірлеген тәжік, арқадан, үй
төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенге, әке-
үке десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, сарт-сұрт деген осы деп...
(146)
Құрмалас сөйлем оны құраушы бірліктердің сипаты жағынан ерекшеленеді.
Жай сөйлемнің компоненттері сөз тұлғалар мен сол тіркестері болса, құрмалас
сөйлемнің компоненттері предикативтік бірліктерден тұрады.
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің білдіретін грамматикалық мағыналары
бір емес. Жай сөйлемнің білдіретін грамматикалық мағынасы - модальдық,
жақтық, шақтық категориялар арқылы берілетіп предикативтілік мағына болса
(оның өзі болымдылық және болымсыздық тұрғыда көрінуі мүмкін), құрмалас
сөйлем бөліктері арасынан нақты мағыналық қатынастар туындайды: мезгілдік
(оқиғалардың бір мезгілділігі, әр мезгілділігі), себеп-салдарлық,
шарттылық, қарсылықты т.б. Осылар құрмалас сөйлемнің грамматикалық
мағыналарын құрайды. Демек, құрмалас сөйлем оқиғалардың арасындағы қарым-
қатынасты білдіруге әсер етеді, сол үшін пайда болған.
Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің
жарымы басында тұр (156.
Егер жай сөйлемдер арасындағы грамматикалық мағыналар айқын, нақты
белгіленбесе, құрмалас сөйлемде олар белгілі грамматикалық формалар арқылы
(-гендіктен, -са да) нақты түрде белгілеген (себептестік және қарсылықты
грамматикалық мағыналар орын алған).
Құрмалас сөйлемнің түрлері. Құрмалас сөйлемнің ең басты белгілерінің
бірі оның құрамының бірнеше предикативтік орталықтардан құралуы болды.
Предикативтік орталықтардың бір-біріне қатынасы, байланысы -құрмалас сейлем
түрлерін анықтауда нақты өлшем. Предикативтік сыңарларының байланыс, қарым-
қатынасына карай тіл білімінде құрмалас сөйдемдерді салалас және сабақтас
құрмалас сөйлемдер деп бөледі.
Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты ажыратуда түркологияда екі
түрлі көзқарас қалыптасқан: бір көзқарас бойынша, оларды ажыратудың меже-
шегі сыңарларының мағыналық қарым-қатынасы: егер сыңарлары мағыналық
жағынан бірі екіншісіне тәуелді болып, бағынышты қарым-қатынаста жұмсалса,
сабақтас құрмалас болады да, ал өзара теңдік қатынаста жұмсалса, сыңар
баяндауыштарының тиянақты-тиянақсыз тұлғаларда тұруына қарамастан, салалас
құрмаласқа жатқызылады.
Екінші көзқарас бойынша, салалас және сабақтастықты мағыналық
белгілеріне қарай емес, тұлғалық белгілеріне қарай ажыратады. Егер
предикативті сыңарларының бірінің (алдыңғысының) баяндауышы тұлғалық
жағынан тиянақты болып келсе, мағыналық жағынан ғана емес, тұлғалық
жағынан да екінші сыңарына бағына байланысса, сабақтас құрмалас болады да,
ал баяндауыштары бір өңкей тиянақты тұлғада жұмсалса, сыңарларының
мағыналық қатынастарының қандай екеніне қарамастан салалас құрмаласқа
жатады. Қазақ тіл білімінде қазір соңғы көзқарасты басшылыққа біржола
қалыптасты.
Салалас құрмалас сөйлемдер. Салалас құрмалас сөйлемдер мынадай
белгілері бойынша ажыратылады:
1. Предикатив сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалады,
яғни әдеттегі жай сөйлемдердің баянауыштарына қандай тиянақты тұлғалар тән
болса, салаластың сыңарларының баяндауыштарына да сондай тиянақты тұлғалар
тән.
2. Предикатив сыңарларының баяндауыштары әрдайым бастауышымен жақ
жағынан қиыса байланысады.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің предикатив сыңарларының мағыналық
дербестігі басымырақ, олар өзара теңдес дәрежеде және сыңарларының
мғыналары көбінесі өзара тұтастай қарым-қатынаста болып келеді.
4. Предикатив сыңарларының арасындағы дауыс кідірісінің
тиянақтылық дәрежесі басым түрде болады. Бұл оның баяндауыш
тұлғаларының тияқнақтылығына байланысты.
5. Предикатив сыңарларын байланыстыратын амал-тәсілдерге мыналар
жатады; жалғаулық шылаулар, интонация тұтастығы, предикатив
сыңарларының орналасу тәртібі және кейбір тұлғалық, құрылымдық
ерекшеліктері.
Жалғаулықты салаластар предикатив сыңарларының өзара мағыналық
қатынастарына және байланыстыратьгн жалғаулықтардың мағыналық топтарына
қарай былай жіктеледі:
1. Ыңғайлас (мезгілдес) салалас.
2. Себептес салалас.
3. Қарсылықты салалас.
4. Талғаулы салалас.
5. Кезектес салалас.
І ТАРАУ. АБАЙДЫ ТАНУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ
1.1. Абайтанудың кешегісі мен бүгінгісі
Кезінде Мухтар Әуезов: "Жай адамның өмір тірлігін халық мүшелмен
санайтын. Оның мүшелі он екі еді. Ақындықтың әбілхаят суын ішкен, елімді
жеңген, тірлік тапқан Абайдай дана, даңғыл ақын тарихтағы өз мүшелін жүз
жылдан қайырмақ",— деген еді...
Абайтанудың негізін алғаш қалаған және де "абайтану" атты ғылым
жүйесінің анық қалыптастырушысы әрі соны жасаушылардың көш басшысы болған
М. Әуезов "Абай Құнанбаев" деген монографиясында осы тарихи құбылысты мына
тұрғыдан таратып айтып еді: Абайды тану, таныту, біріншіден, ақын
шығармаларын әуелде қолжазба күйінде тарату, кейін баспа жүзінде (газет,
журнал, арқылы, жеке кітап түрінде) тарату жолымен іске асырылып келді;
екіншіден, бастауыш, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында пән болып
оқытылу негізінде жүргізілді; үшіншіден, көркемөнер (ақындардың арнау
өлеңі, Абай туралы пьеса, кино мен "Абай жолы" бастаған шығармалар)
көлемінде жүргізілді. Төртіншіден, М.Әуезовтің өз сөзімен айтқанда,
"Абайдын ақындығы мен Дәуіріне арналған нағыз ғылымдық ойдағыдай толық, мол
монография жазылмады демеске, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов,
Б.Кенжебаев, Б.Шалабаев сияқты тагы бірталай әдебиет тарихшылары мен
жазушылардың зерттеулері мақала, монография, диссертация арқылы "Абайды
тану ғылымы" кеңейіп тереңдей түсті. Бұған тарихшылар мен педагогтардың
еңбегі де кірмек".
Бұл мақаланы 1985 жылы ғалым М.Мырзахметовпен бірігіп жазған.
Бұлардың ішінде М.Әуезовтің Абай шығармаларына арналған монографиясын,
ұлы ақын мұраларының "ғылымдық дұрыс жол бойынша жазылған жылдарымен
хронологиялық тәртіппен, мол текстологиялық жүйелеумен шыққан басылымдарын"
айрықша атауға болады. Бұл екі еңбек абайтану саласында қазақ ғылымы мен
әдебиетінде бағасы өлшеусіз мұра боп танылмақ. Және де бұл еңбек қазақ
филологиясында абайтанудың бүкіл келер тарихыңда оның әрбір жаңа биікке
көтерілу кезеңінде жетекші күші, сусындаушы нәрі, нысана көрсетер
бағыттаушысы болмақшы.
М.Әуезовтің абайтану жайлы еңбегі жазылған мезгілде Н.Сәбитовтың "Абай"
атты библиографиялық көрсеткіші шыққан еді де, ғалым осы көрсеткіштегі мол
деректер көзіне сүйсіне келіп, бұлар "... ұлы ақын мұрасын біздің советтік
жұртшылығымыздың, социалистік мәдениетіміздің берген бейілі, қастерлеген
құрмет бағасы қандай екенін танытады",— деген еді.
Ал содан бергі жылдар ішінде Абайды тану мен танытуда елімізде мол
жұмыстар жасалды. Осы аралықта ақынның толық жинағы бірнеше басылып шықты.
Сұрыптап алынған поэмалары мен өлеңдері, қарасөздері мектеп пен жоғарғы оку
орындарына арналған хрестоматияларға үздіксіз кіргізіліп келеді. Ұлы орыс
халқының тілінде ақынның өлеңдер жинағы 8 рет, қарасөздері екі рет жарық
көрді. Және Абай шығармалары бұынғы Одақтағы халықтар тілінде көптеген шет
ел тілдерінде басылып келеді.
Ал "Абай туралы әдебиеттерге" келсек, бұл жылдар ішінде олардың қатары
едәуір молықты. Елуінші жылдардан бергі жерде акын творчествосына арналған
көптеген монографиялар мен кітапшалар, бірнеше мың мақала жарияланды. Бұл
жылдар аралығында мыңнан астам кісі ақын мұрасы төңірегінде пікір қозғады.
Әрине, аталмыш шаралардың жалпы көлеміне, ұзын санына қарап барып
Абайға қатысты қыруар жұмыс жасалыпты-ау десек те және де соншалық мол
зерттеулерде көтерілген мәселелерге, шешім тапқан жайларға қарап барып,
Абайды таныдық десек те, әбден жарасады. "Біткен істің міні жоқ". Қазақ
филологиясында ұлы ақын мұрасын тануда, танытуда, сөз жоқ, өте көп жұмыс
жасалды. Бұлар біздің жетістігіміз.
Бірақ сол мол зерттеулерді тақырып-тақырыпқа бөлсек, оларда шешілген
мәселелерді есепке алсақ, сөйтіп барып бұларды М.Әуезовтің ұлы акынға
арналған монографиясының программалық түйіндеулерімен салыстырсақ, "өз
заманымыздағы казақтың заттық, әлеуметтік және рухани тіршілігінің
энциклопедиясын берген дана классик" Абайды біздің әлі де жақсы танып
үлгірмегенімізді көре түсеміз. Себебі, ғалымның ұлы ақынға катысты
еңбектері ол жайлы жазылған, айтылған күллі ой-пікірдің дәреже-деңгейін
анықтаушы ғана емес және де ақын мұралары жайлы ендігі кезекте зерттелуге
тиіс көп-көп мәселелердің бағдарламалық жүйесін белгілеуші де.
Осы сияқты қазақ филологиясында абайтану мәселесінің күн тәртібінде
қойылуы мен оның шешілуі өзінің заңды эволюциялық даму жолымен келе жатыр
десек те, біз жаңсақ ойлаған болар едік.
Айталық, 1945 — 1965 жылдарда Абай мұрасынан 3 докторлық, 16
кандидаттық диссертациялар қорғалды. Осы жылдарда әдебиетші ғалымдардың
қөпшілігі ақын шығармаларын зерттеумен тұрақты шұғылданып келді. Жоғарыда
аталған еңбектер мен мақалалардың негізгі бөлігі де осы жылдарда жазылды.
Ақынның толық жинақтары бұл аралық кезеңде әртүрлі баспаларда 8 рет жарық
көріп үлгерді.
Ал кейінгі жиырма жылда ақын мұрасын зерттеудің дәрежесі мүлде басқаша
сипат алды. Бұл жылдарда ақынның поэмасы, лирикасы және де Абай эстетикасы,
реализмі төңірегінде бары-жоғы 4 қана кандидаттық диссертация қорғалды.
Ақыннын эстетикалық танымына Қ.Қалмырзаевтің, этикалық танымдары жайлы
Б.Ғабдуллиннің орысша жазылған кітаптары жарық көрді.
Бір назар аударарлық жайт мынау. Осы жылдардың ішінде, Қ.Мұқаметханов,
тағы бірлі-екілі ғана зерттеуші Абай мұрасы төңірегінде үзбей еңбектеніп
келеді. Ал кейбір ғалымдардын ақын мұрасына қатысты зерттеуі өздерінің
диссертация қорғауымен аяқталды десе де болғандай...
Әрине, бүл аралық кезеңде казақ тілшілері де Абай мұрасына біршама
барды. "Абай тілінің сөздігі" 1968 ж. шықты. Ақын тілінен Рәбиға Сыздықова
докторлық диссертация қорғап, "Абай шығармаларының тілі" (1968 ж.), "Абай
өлеңдерінің синтаксистік құрылысы" (1970 ж.), деген монографиялар шығарды.
Бірақ одан бәрі де талай уақыт етті, қазақ тілшілері де Абай шығармалары
тіліне қайта орала қойған жоқ. Қазір де солай.
Жұртқа белгілі, Абай қазақтың жаңа сипатты әдеби тілін жасады. Және де
мұны біз әдеби тіліміздің тарихындағы зор жетістігіміз деп мақтаныш
тұтамыз. Бұл заңды да. Бірақ қазіргі әдеби тіліміздің негізі басталатын,
мәдени, ғылыми мәні ете зор осындай ірі тарихи құбылысты бір екі еңбек
аясында аша аламыз ба? Ал осы соңғы жиырма жыл ішінде ұлы ақын
шығармаларының толық жинағы "Ғылым" баспасынан бір-ақ рет шықты, '''Жазушы"
баспасы ақын шығармаларының жинағын екі-ақ рет шығарып үлгіріпті.
Абай мұрасының орыс тілінде 1958 жылы шыққан таңдамалыларын атамасақ,
кейінгі жылдар ішінде ақынның "Қарасөздері" орыс тіліне аударылып, екі-үш
рет қана басылған екен.
Біз жоғарыда Мұхтар Әуезовтің ақын жайлы монографиясын еске алып, оны
осы салада бұрын соңды айтылған күллі ой-пікірдің дәреже-деңгейін анықтаушы
және де ақын мұрасының әлі зерттелмеген ендігі кезекте зерттелуге тиіс көп-
көп мәселелерінің бағдарламалық жүйесін белгілеуші деп атаған едік.
Міне, ғалымның осы еңбектерінде өте тұжырымдап айтылған түйінді ойлар
соншалық мол. Солардан туындайтын, кеңейтіп, өрістетіп, таратып зерттейтін
әр салалы проблемалық дүниелер бар. Біз әуелі кезекте ғалымның ақынға
қатысты осы қағидалы ойларын, ұсыныстарын зерттеп білуіміз керек. Сондықтан
да біз Абайды тануды, танытуды ендігі жолы М. Әуезовтің акын жайлы
еңбектерін танудан, соларды ізерлеп зерттеп білуден, қысқасы мұхтартанудан
басталуы тиіс демекпіз. М. Әуезов ақын лирикаларын талдап келіп Абайдың:
"... өз заманындағы (1) қоғамдық мәселелерге, (2)ақындық, (З)көркемдік,
(4) эстетикалық мәселелерге, (5) тәрбиелік, (6)ұстаздық, (7) педагогикалық
мәселелерге және әсіресе (8)адам мен адамгершілік, (9)ұждан, (10)мораль
философиясына төтелей катысы бар... әр салалы ойшылдық пікірлерін... біз
әдебиет тарихшысы есебінде оның әр шығармаларының әдебиеттік тексеру,
талдау үстінде еске аламыз",— дейді. Жоғарғы аталмыш әрбір мәселелер
тұсындағы ақынның "ойшылдық пікірлеріне қай тұрғыдан келіп, қай дәрежеде
талдау бергенін ескертеді. Содан соң былай деген: "Ал енді, жақын заманда
қазақстандық әлеуметтік, философиялық ойдың өсу тарихын зерттейтін марксшіл-
лениншіл жаңа философтарымыз Абайдың жанағыдай мұраларын түгелдей теріп,
тереңдеп талдап тексеруіне мейлінше болады. Ұлы ақынның даналық мұрасы
турасында сондай еңбектер ету үлкен шарт та болады" (Әр жылдар ойлары.
Алматы, 1959, 145-б.).

Ұлы ақын қара сөздерінің тілін зерттеп қарастырудың әрі практикалық,
әрі ғылыми мәні зор: ғылыми мәні — казақ әдеби тіл тарихын жасауда ақын
шығармалары тілінің алатын орнымен өлшенбек; практикалық мәні — ақын қара
сөздерін мектепте өткенде оның тілінен мүмкіндігінен толық мәлімет беру
кажеттігінен көрінбек.
Әрине, ақын қара сөздерінің тілі сырттай, тұтас алып қарағанда бір
стильдік үлгіде болғанымен, іштей, жіктей оқығанда, осы үлгінің өзінде азды-
көпті айырым жайлар байқалады. Ақынның поэзиясындағы талғампаздық, яғни
сөз етіп отырған тақырыбына орай өлеңдік үлгі, форма іздену сияқты
талғампаздық қара сөздері тілі тұсында да көрінеді. Қара сөздердің
тақырыбындағы әр алуандастық оның лексикасына ғана емес, синтаксисінде де
белгілі бір тіркестік орам, сейлемдік түр табуға, ондай үлгіні әдейі
ұстанып отыруға анық итермелеген сияқты.
Абай тегінде поэзиясы сияқты қара сөздерінің де оқушысы кім болмағын
көптен-көп ескеріп отырған болса керек, дейді ғалым Құлмат Өмірәлиев
өзінің Абай афоризмі кітабында. Сондықтан да болар қазақы мінез, бұқара
халыққа, көпшілікке арналған адамгершілік мораль, тәлім-тәрбие, т.б. жайлар
сөз болған орайда лексикасында араб, парсы сездерінін барынша сирек
ұшырасатыны сияқты, сөйлем жүйесінде де, барынша қарапайымдық, ауызекі
әнгімелесу стиліне тән оңай орам, жеңіл оралымдар үстем боп келсе, діни
мораль, дін ережелері сез болған шақта әрі дін иелерімен, ескіше
оқығандармен пікір сарабына түсіп кететін реттерде лексикасында араб, парсы
сөздері, діни лексика, құран аяттары, түркі кітаптарына тән грамматикалық
формалар көп енгізілетіні сияқты, сөйлем құрылысында да өзгеше бір
ерекшелік кездеседі. Яғни, сол тұстағы түркі тілінде жазылған діни уағыз,
құран сөзін трактовка жасаған кітаптарға тән сөйлем түрлері, дәлірек
айтқанда, жұрт кітаби тіл деп білетін тілдің өзіне ғана өзгешелігін
танытатын танымал сөйлем түрлері жиі қайталанып отырады.
Тегінде сонау Әлішер Науаидан тартып XIX дейінгі түркіше жазылған
(тілдік айырымдары барлығын ескермегенде) әдебиеттердің ішіндегі көптен-
көбіне тән грамматикалық формалардың Абай шығармаларына да тәндігін, бұлар
арасындағы сабақтастықтың барлығын мойындағанымыз сияқты, осы әдебиеттерге
тән сөйлемдік жүйенің де Абай шығармаларына тәндігін мойындау керек. Әрі
мұны Абай шығармалары тілін зерттегенде негізгі бір сала ретінде тану
керек. Ал осылай тану тек Абай шығармалары тілі үшін ғана емес, жалпы қазақ
әдеби тілі тарихы үшін де шарт.
Өйткені XX ғасырдың басында соншалық күрт даму жолына түсіп, әр тарап
әдеби жанрда өркен жайған қазақ әдебиеті, оның қөркем түр тапқан тілі
тақырға біткен гүл емес-ті.
Ол тіл — көп ғасырлық тарихы, қалыптасқан тілдік үлгісі бар бай ауыз
әдебиеттеріміздің, XVIII-XIX ғасырдағы тарихи әдебиетімізді жасаушы
Бұқар, Махамбет, Дулат, т.б. ақындар шығармаларының, ұлы Абайдың озық
идеялы орыс әдебиетінің, қала берді түркіше тіл үлгісінде көп тараған
қисса-дастандардың бірінің мол бірсыпырасы жанрлық түр табуда, түрлік,
жанрлық модельді жасауда ықпал етсе, қайсыбірі тілдік үлгіде әсер етті.
Міне, осының бәрі әдебиетімізді жанрлық жағынан тарихтау негізінде ғана,
оның тілін мұралық, дәстүрлік әрі соңғы жасампаздық жемісі тұрғысынан біліп-
тану негізінде ғана ашылмақ, көрінбек, айқындалмақ. Бұл үшін әуелі Абай
заманына дейінгі дәуірде қазақтың жазба әдеби тілі өз шығармаларын жалпы
халықтық тіл негізінде жазған белгілі ақындардың тілі ғана емес, кітаби тіл
формасында да болганын тану керек болды. Әр осы кітаби тілді арнайы зерттеу
керек болады. Басқа емес, дәл осы кітаби тілді зерттеуге мүмкіндік ашылмақ.
Мұнсыз Абай қара сөздері тілін зерттеп-қарастырулар тарихи зерттеу сипатын
алмақ емес.
Бірақ қазіргі таңда әр жақты осындайлық көлемде жүмыс жүргізу белгілі
бір мерзіммен қатар, терең зерттеулерді керек етер еді. Егер біз Абай
синтаксисіндегі екі ерекшелік деген өте шағын тақырыпқа ғана
тоқталсақ, мұның мәнісі осында жатыр. Әрі мұның өзі сөз еткелі
отырған тақырыпқа орай қойылмақ мәселенің жалпы принципін ашып алу
үшін де керек болды.
Ал, енді Абай қара сөздеріндегі кітаби тілге тән синтаксистік
ерекшеліктер қайсы деген сауалға жауап беріп көрейік.
І. Абай қара сөздерінде ескі түркі әдебиеттерінде бар ки
(кім?) жалғаулық шылаулар арқылы жасалатын құрмалас сөйлемнің түрлері
жиі кездесіп отырады. Бірақ, бұл жалғааулықтар қазақ тілі табиғаты тән
болмағандықтан, олар ақын шығармаларында түсіріліп отырады.
Бұлардың өзі баяндауыш формаларына қарай бірнеше топқа бөлінеді:
а) Бірінші сөйлем баяндауышы жедел өткен шақ формасында, екінші
жай сөйлем бұрынғы өткен шақ формасында тұрады. Мысалы: Мағлұм болды:
қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді
екен (2, 163); Енді бұл сөзбен біліңді: ұят өзі иманның бір мүшесі
екен (2, 191).
ә) екі жай сөйлемнің баяндауыштары да жедел өткен шақ формасында
тұрады. Мысалы: Ғашықтары сол халге жетті: дүниедегі тиерлік
пайдасын ұмытты, бәлки хисапқа алмадылар (2,202).
Салыстырыңыз: әй, оғыл, білгіл-ки һунар бәлін факырланмақ насыб
білән факырланмақдын йоахшырақдыр (Қабус-наме, Қазан, 1898, 14-
бет); Енді, әй оғыл, білдиң-ки адам да натқудан артуқ һунар йоқдыр
(сонда, 18-бет); Аввалға қисм улдур-ки, үзимниі ағали ва ахвали ва
ашқали һар неким бар (А.Навои, Маһбубул кулуб, 1939, 50-бет); Халқ
ішітділэр кім, үргйдін йығлаған хатунның авазы чыкатурур (Абдул-ғазы,
Шежірек түрікмен, 1958, 172-бет).
б) Екі жай сөйлемнің де баяндауыштары модальдық мағынадағы сөздер
боп келеді. Мысалы: әрнешік білмек керек: жоғарғы екі түрліден
басқа иман жоқ (2, 171); Білім-ңылымға үйренбекке талап қылушыларға әуелі
білмек керек; талаптың өзінің біраз шарты бар (2, 187).
Бұл а және б тармақтарындағы сөйлемдерге тән бір ерекшелік
соңғы сөйлем түріне ауысып кетеді.
ІІ. Абай қара сөздерінде кітаби тілге тән осы үлгілес құрмалас
сөйлемнің әсерімен, соның моделін қабылдау негізінде жасалған
тағы бір ерекше сөйлем үлгісі кездеседі. Бұл сөйлемдерде бірінші жай
сөйлемгеә тән баяндауыштар болды да, екінші жай сөйлемнің
баяндауышы табыс септігінде тұрады. Яғни, бұлар тіліміздің
қазіргі сөйлемдік жйүесінен ерекше, оған жат үлгіден, баяндауышы
өзге тұрлаулы мүшелердің алдына шығарылған жай сөйлемдер. Қараңыз:
Әрбір байқаған кісі білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір
мас кісіден ғафил көп өтетұғын, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас
ауыратұғын (2, 161); Жұрттың бәрі біледі: өлетұғын және өлім үнемі
қартайып келметұғынын, бір алғанды қайта жібермейтұғынын (2, 189);
Көзің күнде көреді, намаз оөқушы, ораза оқушылардың не халетте
екенін (2, 201).
Әрине, бұл сөйлем үлгісі де сол кездегі кітаби тілге тән
үлгі. Қараңыз: Бізге ең әйел керегірек іс сол, әлеу білмек керек:
момын мұсылманның мұсылман арасында жүрумен емес (Балғожа оғыл
Ибраһим Шариат-әл-ислам, Қазан, 1884, 4-бет); Көзің күнде көреді,
намаз оқушы, ораза тұтышулардың не халеттә екендіктерін, оған дәлел керек
емес (Абай, 2,201)
Бұл ғана емес , бүкіл шағатай әдебиетінде жоғарыда біз сөз
еткен І сөйлем үлгісі сабақтас сөйлемдегі екі жай сөйлемнің орын
тәртібін де өзіне бағындырған, яғни, басыңқы сөйлемі бірінші
кезекте, бағыныңқы сөйлем екінші орында тұратын жаңасөйлем үлгісінің
жасалуына себепгі болған. Қараңыз: Басына зорлықпен яки алдаумен
үйір қылу керек, үйрене келе, өзі де іздегендей болғанша (2, 193);
Өтірік көрмегенін көрдім деушілер куәлар да әлдеқашан дайындалып
қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін (2,2. 160).
Салыстырыңыз: Кішінің қайғұсына сүйінмә; эгерчі дұшпаның болса да
(Қабус-намэ, 19-бет).
ІІ тарау. АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Абай қара сөздеріндегі жай сөйлемдер

Жай сөйлемнің құралымдық ұйысымының зерттелуі ежелгі замандардан
басталады. Бұл оның мәселесі толық ашылды дегенді білдірмейді. Ол әлі де
зерттелу үстінде. Сонымен бірге жай сөйлемнің күрделену құбылысы да біршама
зерттелді деуге болады. Дегенмен жай сөйлемнің бұл саласының әлі де
шешілмеген даулы мәселелері бар екені айқындалып келеді. Синтаксис, оның
ішінде жай сөйлемнің синтаксисі, тілдің фонетикалық, лексикалық,
морфологиялық деңгейлерінің тоғысатын орны. Яғни, олардың тілдік құрал
ретіндегі қызметі осы жай сөйлемнің құралуы арқылы көрініс табады.
Сөйлем - тілдің ең маңызды қызметтерін білдіретін, жүзеге асыратын
бірден-бір құрал. Ондай қызметтердің біріншісі - ойлау-танымдық, екіншісі -
қарым-қатыс құралы болу қызметтері. Бұл қызметтер өзара тығыз байланысты.
Яғни, қарым-қатыс ретінде қолданылған сөйлемде де танымдық мағына қосылып
жүретіні белгілі.
Сөйлемнің езіне тән белгілері болады. Олардың бірі - құрылымдық
белгі. Синтаксистің ең негізгі бірлігі ретіндегі сөйлемнің өзінің арнайы
құрылымы болады. Бұл құрылым өзін құрайтын ішкі бөлшектерден тұрады.
Сөйлемді құраушы өзінің грамматикалық мағыналары бар ішкі бөлшектер
синтаксистік байланыстар мен қатынастар арқылы бірігеді. Бұлар сөйлем
мүшелері деп аталады.

Сөйлем мүшелері контексте жеке келіп те, тіркес күйінде келіп те
сөйлем құрай алады. Бірак, сөйлем кұрау, сөйлемнің негізі болу - ең басты
қызметі болатын мүшелер бар. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз, міне, осы
қызметтегі сөздер болып саналады. Олар бастауыш және баяндауыш деп аталады.
Қалған мүшелердің сөйлемдегі негізгі қызметі тұрлаулы мүшелердің
мағыналарын нақтылау болып келеді. Бұлар тұрлаусыз мүшелер деп сондықтан
аталған. Яғни, бұл мүшелер сөйлем құрамынан түсіп қалса да, тұрлаулы
мүшелер сейлемнің негізін сақтайды. Тұрлаусыз мүшелерге анықтауыш,
толықтауыш, пысықтауыш жатады.
Тұрлаулы мүшелердің ең басты, негізгі мүшесі - бастауыш. Грамматикалық
бастауыштың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде тұрған кім? не?
деген сұрауға жауап беретін логикалық субъекті толығымен кіреді. Сондай-ақ
басқа сөз таптары да заттанып бастауыштық қызметті атқара береді. Егер
субстантивтенсе бастауыш қызметін атқармайтын дыбыс, сөз немесе сөз формасы
жоқ деуге болады.

Бұл өз алдына предикатты бірлік болып саналатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz