Ежелгі Қытай мемлекеті



Қытай мемлекетінің пайда болу және даму кезеңдері
Дала жұмыстары
Мемлекеттік аппарат (Шань)
Чжоу мемлекеті (б.д.д. ХІІ.ІІІ ғғ. )
Чжоу дәуіріндегі Қытайдың мемлекеттік құрылысы
Чжоу дәуіріндегі құқық
Цинь мемлекеті
Ескі Дүниенің Қиыр Шығысы - Қытайда өркениеттің пайда болуы дамыған дәуірдің ең бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Тек қытайлар ғана емес, сонымен бірге Тибеттің, Бирманың, Тайланд және Солтүстік Вьетнамның ежелгі тайпаларының едәуір бөлігі Қытай-Тибет семьясының тілдерінде сөйлейді.
Қазіргі Қытай Халық Республикасының ешқандай жұрты өз елін "Қытай", ал өздерін "қытайлар" деп атамайды. Бұл атаулар түріктердің "кидань", "қытай" этнонимдерінен, орта ғасырларда Маньчжурия, Монғолия және Солтүстік Батыс Қытайдың аумақтарында орасан зор империя құрған халықтан тараған. Қытай аумағында Шығыс Азияның басқа да халықтарымен бірге әлемнің ұлы өркениеттерінің бірін құрған халықтың "ханьжэнь" немесе "ханьдар" деген атауының өзі көне заман дәуіріндегі Қиыр Шығыстың құл иеленуші Хань -(б.д.д. 202 ж) империясының атауынан шыққан. Ханьның негізін салушы - Цинь империясы (б.д.д. 221-206 ж.ж). Қытай тарихы мынандай дәуірлерге бөлінеді:
1. Шань (Инь) - (б.д.д. 18-11 ғ. ғ.)
2. Чжоу дәуірі - (б.д.д. 11-3 ғ. ғ)
3. Цинь дәуірі - (б.д.д. 221-207 ж.ж. )
4. Хань дәуірі - (б.д.д. IIІ ғ. -б.д. ІІІ ғ)
Хуанхэ өзенінің төменгі және орта ағасының бассейнінде б.д.д. екінші мыңжылдықта ірі тайпалық құрылымдардың бірі пайда болды. Иороглиф жазуының белгілері өмірге келді. Өндіріс күштерінің оркендеуі металды қолданумен және еңбек процесін жетілдірумен тікелей байланысты. Қоғамдық функциялар жіктеліп, әскери көсемдер, абыздар, қауымдық кеңес бөлініп шығып, құлдық пайда болды. Қала айналасына этнологиялық белгілері бойынша біріккен көрші қауымдардың туыстық кешендері салынды. Қала қауымдары су тасқынына қарсы бірігіп күресу, әскери себептер сияқты шаруашылық мұқтаждыққа бола бірікті.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІ
Қытай мемлекетінің пайда болу және даму кезеңдері

Ескі Дүниенің Қиыр Шығысы - Қытайда өркениеттің пайда болуы дамыған
дәуірдің ең бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Тек қытайлар ғана емес,
сонымен бірге Тибеттің, Бирманың, Тайланд және Солтүстік Вьетнамның ежелгі
тайпаларының едәуір бөлігі Қытай-Тибет семьясының тілдерінде сөйлейді.
Қазіргі Қытай Халық Республикасының ешқандай жұрты өз елін "Қытай", ал
өздерін "қытайлар" деп атамайды. Бұл атаулар түріктердің "кидань", "қытай"
этнонимдерінен, орта ғасырларда Маньчжурия, Монғолия және Солтүстік Батыс
Қытайдың аумақтарында орасан зор империя құрған халықтан тараған. Қытай
аумағында Шығыс Азияның басқа да халықтарымен бірге әлемнің ұлы
өркениеттерінің бірін құрған халықтың "ханьжэнь" немесе "ханьдар" деген
атауының өзі көне заман дәуіріндегі Қиыр Шығыстың құл иеленуші Хань
-(б.д.д. 202 ж) империясының атауынан шыққан. Ханьның негізін салушы - Цинь
империясы (б.д.д. 221-206 ж.ж). Қытай тарихы мынандай дәуірлерге бөлінеді:
1. Шань (Инь) - (б.д.д. 18-11 ғ. ғ.)
2. Чжоу дәуірі - (б.д.д. 11-3 ғ. ғ)
3. Цинь дәуірі - (б.д.д. 221-207 ж.ж. )
4. Хань дәуірі - (б.д.д. IIІ ғ. -б.д. ІІІ ғ)
Хуанхэ өзенінің төменгі және орта ағасының бассейнінде б.д.д. екінші
мыңжылдықта ірі тайпалық құрылымдардың бірі пайда болды. Иороглиф жазуының
белгілері өмірге келді. Өндіріс күштерінің оркендеуі металды қолданумен
және еңбек процесін жетілдірумен тікелей байланысты. Қоғамдық функциялар
жіктеліп, әскери көсемдер, абыздар, қауымдық кеңес бөлініп шығып, құлдық
пайда болды. Қала айналасына этнологиялық белгілері бойынша біріккен көрші
қауымдардың туыстық кешендері салынды. Қала қауымдары су тасқынына қарсы
бірігіп күресу, әскери себептер сияқты шаруашылық мұқтаждыққа бола бірікті.
Мүліктік жіктелу отбасын күшейтті. Екінші мыңжылдықтың аяғында барлық
қауымдар ішінде Шань қауымы ерекшелене бастады. Оның басшысының төтенше
әскери өкілдіктері болды және ол "Ван" деп аталды. Тонау соғыстары ванның
бөлігін одан да күшейте түсті. Ол жасағын өзіне берілген сарбаздардан
құратын. Ван лауазымы мұра бойынша ауысып отырды.
Қытайдың тарихл дәстүріне XVIII ғ. шамасында (жаңаша 1600 ж.) иньдар
өздерінің қарсыластарын талқандап, солтүстік Қытайдың кең байтақ аумағын
басып алды да, Шань (Инь) мемлекетінің негізін құрды. Тайпалардың әскери
қақтығыстары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, мемлекеттің пайда болу
процесін күшейткіші фактор болды. Ерте Қытай мемлекеті өзінің таптық мәні
бойынша құл иеленуші мемлекет ретінде қалыптасқан еді. Шань дәуірі құл
иеленуші қоғамының қалыптасу кезеңі болды. Егер ертеректегі Шаньға (б.д.д.
18-15 ғ. ) таптардың пайда болуының алашқы процестері ғана тән болса,
кейініректегі Шань дәуіріне (б.э.д. 14-11ғ.) ең төменгі сатысында құлдар
тұратын таптық қоғамының қалыптасуы тән. Чжоу дәуірінде жерді өңдеу
құралдары жетілдіріле түседі. Б.д. дейінгі VII-VI ғ.ғ. темірді балқыту және
өңдеу игеріліп, онан түрлі құрал-жабдықтар жасала бастайды. Темірді қолдану
колонердің дамып, қалалардың өркендеуіне және ақшалай-заттық қатынастардың
дамуына игі әсер етті. Чжру қоғамының әлеуметтік жіктелуі айқындала түседі.
Иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болып, қүл еңбегі темір балқытушы
шеберханаларда, тұз алуда кеңінен қолданылады.
Цинь, әсіресе Хань дәуірінде жаңа феодалдық қатынастардың белгісі пайда
бола бастайды.
Шань-Инь мемлекетінің өмір сүру дәуірі қытай тарихының ежелгі көне
дәуірі болып есептеледі. Бұл дәуір б.д.д. ХШ-ХІІ ғ.ғ. жатады. Ежелгі
Қытайдың тарихи дәстүрі Пенкен деген көсем өз тайпасын Нанянға алып келіп
еді. Сөйтіл Хуан өзенінің бойында, атауы букіл мемлекетке ғана емес, бүкіл
патшалар династиясына да берілген Шань дегсн үлкен қала салынды.
Вэй өзенінің бассейнінде тұрған чжоу тайпалары б.д.д. XII ғ. Шаньды
басып алып, оған "Инь" деген ерекше атау берген. Аңыздар бұл көсем қаһарлы
жаулап алушы емес, өз қол астындағы тайпаларын бейбіт билеген дейді.
Нарық ұзақ уақыт бойы анайы қалпын сақтап келді. Аңшылыққа, балық
аулауға ерскше маныз берілетін. Қытайда өзен жағалауында тиіп тұрған кең
далалы аймақтар мен үлкен жайылымдар жеткілікті болды. Бұл халыққа көп
мөлшерде ірі қара мен ұсақ мал жоне шошқа өсіруге мүмкіндік берді.
Құрбандыққа шалу жиі болып тұрды: 10 шошқа, өгіз, 30 қой, кейде 40 өгіз
немесе 100 шошқа шалынатын. Бірақ шаруашылықтың прогресшіл түрі егін
шаруашылығы болды да, ел күріш, бидай өсірді. Қолөнер де дамыды, тастан
пышақтар, балта, темір мен қоладан қару және сәнді ыдыстар жасайтын, Ағаш
табыт, садақ, жебе жасау да қолданылды. Қыш құмыра құю өнері де маңызды
болды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің көбеюі сауданың дамуына алып келді,
бірақ ол анайы, айырбастық сипат алды. Қытайда қауымдық жер қожалығы,
көршілік қауым және рулық құрылыстың басқа да қалдықтары сақталды.
Бұл кезеңде Қытайда үлкен патриархтық шаңырақ әкеге, еркекке бағыну
әйелдерді күң қылу, көп әйел алушылық, ата-бабаларға табыну дәстүрі болды.
Ақсақалдар кеңесі қалыптасты, ол ру басыларынан және тайпа көсемдерінен
құрылды.
Б.д.д. екінші мыңжылдықта мейлінше этникалық бірлестіктің "қалалық"
қоғам конгломератының басына олардан күштірек Шань кауымы шығады. Оның
төтенше әскери өкілдіктері болды және ол ван деп аталды. (Кейінірек ван
патша титулы болды да, ол әрі жоғары абыз қызметін атқарды). Елді мекендер
төңірегінен құю пештері мен шеберханалары, молалар табылды, олар жерлеу
құралдары бойынша ерекшеленді. Адамдарды құрбандыққа шалу ежелгі қоғамның
ерте кезеңдерінде жиі болып тұрған. Әрине, Шань қоғамы құрбандықтарының
көлемі бойынша ерекше көзге түседі. Таяу шығыстың әскер басылары
тұтқындарды шайқастан кейін дереу өлтірмейтін, оларды аз уақытқа тірі
қалдырып, ертеректегі әдет болған кескілеуді діни жораға айналдырды. Шань
қоғамының маңызды орталығы Аньян болды. Ал ең қызық олжа - бұл киіз кітап
архив, хайуандардың жауырып сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына
жазылған 100000 жазуы бар Инь оракулы, абыздар оның ішінде 41000 жазу
жарияланған. Бұл жауырын мен тас қабықтар бал ашуға қажет болды, оларда
ойық жасалып, отқа күйдіреді, ал сызаттары бойынша ванның өзі соғыс,
аңшылық, ауыл шаруашылығы жұмыстарының табысы, жаңбыр, қала салу сияқты
сұрақтарға құдайдың жауаптарын анықтады. Сүйекке сұрақ пен жауап жазылып,
бал ашу мерзімі қойылатын, ал сосын бал тура келді ме, көлмеді ме деп сол
туралы жазылатын. Инь жазуларын түсіну қиын болса да, олардан кейбір
мағлұмат алуға болады: ең басты адам бал ашатын ақсүйектер қоғамының әскери
көсемі, жоғарғы абызы және өндіріс ұйымдастырушысы ван титулын алып
жүретін. Патшаларға сұрақ Шань қаласының әкімі атынан қойылатын, құдайлар
жауабын талқылайтын да соның өзі. Бұл жазулардан Шань-мемлекет, ал Инь-
династия екендігі түсінікті.
Шань қоғамы тас, мыс және қола дәуірлерінің аралығында болды. Қытайда
қоғамдық еңбектің ірі бөліну ісі жүрді. Жер игерушілер арпа, бидай, тары,
сорго, сора өсірді. Жерді қолдан суландырудың белгілері байқалмайды,
гидромеханикалық құрылыстар кездеседі, олардың көмегімен су бұрғыш каналдар
арқылы өзен ағысын жүйелеп отырды. Жібек құртын өсіруге тұт ағаштарын
отырғызып, кенеп, жібек дайындалды.
Мейлінше ірі мысшылар, сүйек оюшылар, керамикалық ағаш өңдеуші
шеберханалары болды. Монументті құрылыс пен қала құрылысы дамыды, бұл
ванның қызметіне кіретін. Ең басты кәсіптік өндіріс қола құю еді. Қолдан
аспаптар, қару-жарақ, арба бұйымдары және еңбек құралдары дайындалатын.
Шань белгісі "сауда, сату" деген ұғымдарды білдіреді. Сауда әлі нашар
дамыған және айырбастық сипатта болды, бірақ жалпыға бірдей төлем ақысы
ретінде қабыршақ-кадри бөлініп шықты. Айналымда табиғи қабыршақтармен қатар
қоладан құйылғандары да бар еді. Бұл қола құюдың монополистері-шаньдар үшін
баюдың ерекше көзі болғаны байқалады. "Шань қаласын" әскери одақ басқарды,
оған баска да қалалық қоғамдар кіретін, олар қалаға салық төлейтін. Бқл
одақты шанңдардың орталық орны Чжун Шань (орталық шань) деп аталды. Шань
қалалар одағы жау тайпаларымен қоршалған еді, олармен үнемі соғыстар
жүргізіп отырды, өсіресе батыстан Тибет, Бирма тайпалары қауіпті болды.
Шаньдардың шаруашылық өмірінің негізін үлкен отбасылық қауымдар құрады,
олар тек туыстық аумақтың белгілерімен бірікті. Ванның маңызды қызметі
көсемнің абыздық қызмбттерін атқару болды. Онда үкіметтік-храмдық
шаруашылықтың қоры болды, бұл шань қоғамының айырбас, сақтандыру, құрбандық
қоры еді. Әдет-ғұрып, салт жоралары қоғамның амандық-саулығын қамтамасыз
ететін басты амал болып саналды. Салт-жора мерекелерінде құрбандыққа 300-
400 өгіз шалынды, бұған халықтың барлығы қатысатын. Пан жоғарғы абыз
ретінде ер тағамдарының басты таратушысы болды, бұл оның мәртебесін,
беделін күшейтті.
Дала жұмыстары. Өкіметтік шіркеу шаруашылығында дала жұмыстарын Ван
басқарды. Абыздың өңдірістік қызметі жер игеру жораларын атқарып жатқанын
суреттейтін Шэнжэн мифтерінде орын тапқан. Онда қауымдастардың қатысуы
қоғамдық пайдалы жұмыс, елдің барлық егін далаларында өнімді қамтамасыз
өтетін ритуалды-магикалық салттың бір бөлігі есептеледі. Ванның егін
аймағында жұмыс оракулдың өмірімен және оракул тағайындаған мерзімде
жүргізілді. Далада қауымдықтар-чжуңдар еңбек етті. Олардаң басқа тұрақты
қызмет иелері-чаньдар (чань) болды.
Ванның басты қызметі аңшылық пен соғыста жетекшілік жасау еді. Соғыстар
ванның және басқа да әскер басыларының билігін күшейте түсті де, олардың
қолында үлкен байлықтар жиналды. Ал туысқан-рулық қауымдар ішінде байып, не
кедей болған жеке даралар емес, үлкен отбасылық қауымдар болды. Шаньдардан
да бай және атақты рулар бөлініп шығып, ұрпақ ішінде, ал кейін шыққан
тегіне қарай туыстар ішінде жоғарғы қызметтер мұра болып қалатын болды,
бірінші орында ван лауазымы, кейбір руларда абыздық қызметтер де мұра
болды.
Әлеуметтік теңсіздіктердің негізінде мүліктік теңсіздігі жатады. Құлдық
пайда болып, маңызды роль ойнай бастады. Тұтқынға алынған еркектерді
өлтіріп, әйелдерді тірі қалдыратын.
Жазуларды талдау нәтижесі Ван билігі кеңес (халық жиналыстары,
ақсақалдары кеңесі) арқылы шектелген деп ұйғаруға мүмкіндік береді. Ван
билігі халықтан алыс, қауымнан жоғары тұрады деп қаралмаған. Әскери және
абыздық ақсүйектердің бөлініп шығуына қарамастан, ван әлі ұжымдық бірліктің
бейнесі, тайпаның өкілі ретінде көрінді.
Мемлекеттік аппарат (Шань)
Қытай рулық қоғамнан мемлекетке кешкен кезде ұсақ мемлекеттердің
басшылары абыздар мен әскер басқарушылардың функцияларын қосып орындаған
болатын. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере алған,
әскерді басқарған және бүкіл жердің жоғары иесі болып саналған. Оның билігі
шексіз болатын, айтқан бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастап
отырған.
Ванның көп көмекшілері болатын, олардың арасында жоғарғы вельможа-цзай,
нәйши, сот қызметкері, жоғарғы абыз, жазбашылар кіретін. Қытайдың басшылығы
мемлекеттік аппарат иерархия принципімен құрылған, қызметкерлер ранг
бойынша бөлінді.
Жергілікті басқару - жергілікті көсемдер чжухауден аталатын, оларда 8
рангі болды. Чжухау нан сарайына жүйелі келіп тұруға, оның өмірлерін
орындауға және алым-салық (мал, тасбақаның тас қабығы, тұтқындар) жіберіп
тұруға міндетті болды. Сонымен бірге ван өз жағынан оларға шабуыл кезінде
көмек көрсетуге тиіс еді. Төтенше жағдайларда халық жиналыстары өткізілді.
Әскер. Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухау 3000, 5000, 6000
сарбаздан тұратын жасақтар қойып тұрды. Оларда қола қару-жарақтар болды,
атты және жаяу әскер болып екіге бөлінетін.
Сот. Жоғарғы Сотванның өзі, сот әкімшіліктен бөлінбеген, оның
қарамағыңда чжухау қызметі болды. Орталық мемлекеттік басқару құрамына сот
және жаза мәселелерімен айналысатын қызметкерлер кіретін.
Жоғары дәрежелі қызметкерлердің жазғыш, қазынашы, салтанат атқарушы
сияқты қызметтері болды, Патша жанындағы ақсүйектер кеңесіне ру
ақсүйектерінің өкілдері мен ұлы көсемдердің ұрпақтары кірді. Бал ашатын
жазуларда олар "Үлкендер кішілер кеңесі" деп аталды. Патша ұрпағы елдің
жоғарғы қызметтеріне иелік ететін үлкен қауым еді. Патша аң аулауды
басқарып, әскер басы және шіркеубасы қызметтерін атқаратын. Патша армияға
сүйенді. Қытай армиясы әрдайым жаяу, атты және арбалы әскерге бөлінетін,
сарбаздар өте қарапайым қына, қылыш, балта сияқты қарулармен қаруланатын.
Сарбаздың саны 5000-ға, атты әскер 300-ге жетті.
Чжоу мемлекеті (б.д.д. ХІІ-ІІІ ғғ. )
Чжоу заманында жер өңдеу құралдары жетілдіріле түсіп, темірді қолдану
қолөнердің дамуына септігін тигізді, Чжоу қоғамының жіктелуінен иерархиялық
әлеуметтік жүйе пайда бола бастайды. Сарай жұмыстарына, арба дайындаута,
құрылыста, тоқыма, мыс, темір өңдіру кәсіпшіліктерінде, жер игеруде,
қолөнер мен саудада құлдар кеңінен қолданылды. Егер бұған дейін Шань
дәуірінде құлдар ұжымды меншік болса, енді жеке меншікке айналды, бұл
байлықтың көрсеткіші еді.
Чжоу Шань қаласының батысында орналасқан, бұл нағыз қытай тайпасы еді.
Екінші мыңжылдықтың ортасынан б.д. дейін чжоулар Шань аумағына жайласа
бастады. Олардың арасындағы белсенді қатынастар туралы бізге Инь
тастарындағы жазулардан мәлім. Шаньдардың чжоуларға қосылуын 1122 жылға
қаратады, бірақ бұл дәл емес. Шаньдар Му патшаның тұсындағы шайқаста
жеңіліс тапты. Өйткені олар өздерінің шығыс көршілерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қазақстандағы тайпалык бірлесттіктер
Орта ғасыр кезіндегі Корея мен Қытай қарым-қатынастары
Ғұндардың арғы атасы
Ежелгі қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Арғы түркі - Түркі - Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
Қаңлылар жайында
Ежелгі Қытай мәдениеті,ғылымы
Ғұндар Саяси тарихы
Пәндер