Статистикалық мәліметтерді топтау



Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1. Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
1.2. Статистикалық мәліметтерді топтаудың түрлері
1.3. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері (негіздері)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста арқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы қөрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді колданьп, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға. толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда қанша халықтың тұратьндығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамньң қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері, олардың түрлері; халықтың күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудаңдарға қалай бөлінетінің біз әрдайьм біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алуға болады.
1. Әміреұлы Ы. «Статистиканың жалпы теориясы» Алматы: Экономика 1998 жыл
2. Бендина Н.Б. «Общая теория статистики» Москва 2000 жыл
3. Ефимова М.Р. «Общая теория статистики» Москва: ИНФРА-М 1998 жыл
4. Елисеева И.И. «Общая теория статистики» Москва 2000 жыл
5. Харченко А.П. «Статистика» Новосибирск: НГАЭ и Москва: ИНФРА-М 2000 жыл
6. Мананов Б.Б., Молдақұлова Ғ.М. М 19 Халық аралық экономикалық статистика: Оқу құралы.-Алматы Экономика баспасы, 2004 ж.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1. Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
1.2. Статистикалық мәліметтерді топтаудың түрлері
1.3. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері (негіздері)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын
өзара байланыста арқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса,
оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және
түсіне білулері керек. Себебі, ондағы қөрсетілген сандық көрсеткіштер
арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему
процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық
көрсеткіштерді колданьп, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі
бір кезеңге болжам жасауға. толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай
әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын,
дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда қанша
халықтың тұратьндығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби
келіп, қанша адамньң қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген
өнімдері, олардың түрлері; халықтың күнделікті керекті тұтыну заттарымен
қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі;
олардың облыстар, аудаңдарға қалай бөлінетінің біз әрдайьм біліп отырғымыз
келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана
алуға болады.

1. Негізгі бөлім:
1.1. Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді
қорытьндылаудьң негізгі тәсілі топтау әдісі больп табылады.
Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді
өздеріне тәң белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды
өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір-бірінен
ажыратуға болатын топтар мен , ішкі топтарға бөлуді айтады. Мұнда зерттеліп
отырған қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығы жекелеген белгілері
бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы статистикалық сандық
көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, топтау әдісі статистикалық
зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі.
Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты
мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау,
өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу
керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Топтау әдісі
статистикалық талдаудың алғашқы сатысы ретінде зерттеу жұмысын әр түрлі
бағытта жүргізуге көмектеседі. Осы әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі:
1) жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-
экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу;
2) қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі
құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу;
3) қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен
қатынасты белгілеріне қарай анықтау.

1.2. Статистикалық мәліметтерді топтаудың түрлері
Осыған орай, статистикалық топтау бір үлгідегі (типтік), құрылымдық
және талдаулық болып үш түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының алдарына
қойған жеке мақсаттары мен қолдану тәртіптері бар.
Бір үлгідегі (типтік) топтаудың мақсаты біртектес топтарды, типтерді,
сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау болып табылады.
Бір үлгідегі топтау төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі:
1) алдын-ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тәң сапалық
белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою; 2) топтау белгілеріне сай топтарды
анықтау; 3) жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.
Бір үлгідегі топтау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық зерттеу
жұмыстарьнда жиі қолданылады. Мысалы, оған халық шаруашылығы салаларын
материалдық және материалдық емес өріске, халықты білім дәрежесіне, ауыл
шаруашылығын өндірістік бағытына қарай болу және тағы да басқа сапалық
көрсеткіштер жатады. Сонымен бір үлгідегі типтік топтау дегеніміз
статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық
көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жуйеге келтіріп, тотпарға бөлуі және
оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.
Құрылымдық топтау. Статистикалық топтаудың екінші бір негізгі мақсаты
- қоғамдық құбылыстардың ішкі құрамын анықтау. Атап айтқанда, біртектес
жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер
туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиьнтық бірліктерінің өзгерісін
өздеріне тәң белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау деп
айтады. Бұл топтау әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің
құрамьн зерттеу кезінде кеңінен қолданады. Мысалы, құрылымдық топтауды
қолдана отырып, халықтың жас мөлшерін және жьныстық құрамын, білімін, ұлтын
немесе жұмысшылардьң мамаңдық дәрежесін, жұмыс стажын және т.б.
көрсеткіштерін анықтауға болады.
Көпшілік жағдайларда экономикалық және әкімшілік-аумақтық белгілеріне
қарай топқа бөлу кездерінде құрылымдық топтау әдісі қолданылады. Мұндай
топқа бөлінуді аумақтық-құрылымды топтау деп атайды.
Құрылымдық топтауды жүргізудің тәртібі төмендегідей: 1) топтаудың
белгілерін анықтау; 2) топтау белгілеріне сай деңгей аралықтарын анықтау;
3) жиналған көрсеткіштерді топтарға және оның құрамдас бөліктеріне бөлу.
Құрылъмдық статистикалық бақълау нәтижесінде жиналған біртектес жиынтық
бірліктерін қорытындылаудың аса маңызды түрі болып саналады.
Талдаулық топтау. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер
әрқашанда бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді. Сондықтан
жиынтық бірліктерінің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне
тигізетін әсерлерін, себептері мен нәтижелілігін зерттеу статистикалық
көрсеткіштерді топтаудың осы түрінің негізгі мақсаты болып есептеледі.
Бір-біріне әсерін тигізетін талдаульқ топтаудың себептік белгілері
қоғамдық құбылыстың өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің
тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесін
жоғарылату себептік белгіге жататьн болса, осының салдарынан еңбек
өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.
Талдаулық топтау әдісін жүргізудің өзіне тәң томендегідей белгілері
бар:
1) себептік (факторлық) белгі бойынша топтар құрылады; 2) әрбір
топтарды. сипаттайтьн себептік (факторлық) және нәтижелілік белгілердің
орташа шамалары есептеледі; 3) себептік (факторлық) және нәтижелілік
белгілердің арасындағы өзара байланысының ерекшеліктері анықталады. Егер
жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп,
ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса онда
оны курделі топтау деп атайды. Күрделі топтау кезінде зерттелетін жиынтық
бірліктері бір ғана белгіге сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Статистикалық жинақтау, топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Пәндер