Ақша қызметі


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Ақшаның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Тауарлы жаратылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Ақша . тауардың жалпы эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
II. Ақша түрлері мен оның экономикалық мәні, маңызы ... ... ... ... ... ... .10
II. 1. Ақша түрлерінің өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
II. 2. Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы ... ... ... 13
III. Ақшаның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
III.1. Құн өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
III.2. Айналыс құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
III.3. Қор жинау және байлық құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
III.4. Ақша . төлем құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
III.5. Ақшаның дүниежүзілік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Ақша біздің әрқайсымызға ертенеден таныс, әрі оның қажеттілігі туралы біз біршама білеміз. Бірақ қанша білгенімізбен оны қолымызға түсіріп, «уыстап жиып» ақшалы бола алмаймыз. Бұл да болса осы ақшаның құпиясы дерсің.

«Егер сен ақылды болсаң, неге сен бай емессің», - дейді американдықтар бір-біріне. Ал мұндай сұрақты олар Билл Гейтске қоя алмайды, себебі ол әрі ақылды, әрі бай. Билл Гейтстің байлығын өткен жылы 100 млрд. доллар шамасында деп есептеді. Ал ақылды дейтін себебім, ол басқаратын «Майкрософт» компаниясы тек ақыл-ой қабілетінің өнімі – компьютерлік бағдарламалар ғана шығарумен айналысады. Иә, иә. «Майкрософтың» алып зауыттары немесе бай табиғи шикізат қорлары жоқ. Билл Гейтстің тек бар болғаны 20 мыңдай адамның білімдерін, олардың тәжірибесін бір арнаға бағыттай білуі әлемнің ең бай кәсіпкеріне айналдырды. Қазіргі өркениеттің даму сатысында байлық көзі ақпарат пен білімде. Сол себепті «Майкрософт» қызметкерлерінің ұйымдасқан интеллектуалдық капиталы, материалдық қорлары көп «Дженерал моторс» тәрізді алыптарға қарағанда қуатты әрі құнды. Билл Гейтс құрған «Майкрософт» фирмасы қысқа мерзім ішінде әлемнің ең үлкен корпорациясына айналып, ал оның бағдарламалары нарықтың басым бөлігін жаулап алды. Ол өзінің «Болашаққа барар жол» атты кітабында былай деп жазды: «Мені «Майкрософттың» табысқа жету құпиясы туралы жиі сұрайды. Құрамында әдепкіде 2 адамы және азын-аулақ қана ақшасы бар фирманың қалай 17000 мың қызметкері бар және жылдық сату айналымы 6 млрд. доллардан асатын алып компанияға айналып шыға келгені туралы бәрінің де білгісі келеді. Әрине,оңай жауап та жоқ. Әлбетте, желіміз оңынан соғып сәттіліктің де себі тиді. Дегенмен, ең негізгісі біздің болашақты айқын көре алуымыз деп есептеймін».
Мен бұл мысалды ақшаның қыр-сырына ену үшін арнайы келтіріп те отырмын. Өйткені, ақша бәрімізді қызықтырады, өзіне алыстан шақырып әп-сәтте жым-жылас боп көзден ұшады. Қысқасы ақша туралы мен былай дегім келеді: «Ақша дегеніміз идеядан бастау алады. Ол үшін алдымызды болжай алып, соны түсіне отырып әрекет еткенде ғана ақша алақанымызға түседі».
Бұл курстық жұмысымда мен ақшаның қызметтеріне баса назар аудармақпын.
1. Байгісиев М.Ә. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы. 1998 ж.
2. Борисов Е.В. Экономическая теория. Учебник. – М.: Юрист. 1997 ж.
3. Долан Эдвин Дж и др. Деньги, банковское дело и денежно – кредитная политика. – М. 1999ж
4. Деньги, кредит, банки/ Под ред. Лаврушина О.И. – М.: Финансы и статистика. 1999 ж.
5. Жүнісов Б. «Нарықтық экономикалық негіздері» Алматы 1994 ж.
6. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастар. Оқу құралы. Алматы: Экономика 2000 ж.
7. Кэмпбелл Д.К.; Розмари Дж. Кемпбелл. Эдвин Дж. Долан. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. Москва – Ленинград, 1995ж.
8. Макконелл К.Р.; Брю С. Экономикс: принципы, проблемыи политика. –М: 1993 ж.
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004 ж.
10. Соколова О.В. Финансы, деньги, кредит. – М.; Юрист. 2001 ж.
11. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001 ж,
12. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциясымен. – Алматы; Экономика, 2001 ж.
13. Нұрпейісов Ж. «Экономикалық теория негіздері» Алматы, 1996 ж.
14. Финансы. Денежное обращение. Кредит /Под ред. Дробозиной Л.А. М.:Финансы, ЮНИТИ, 1997 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 18 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Ақшаның пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5
1.1 Тауарлы
жаратылысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
1.2. Ақша – тауардың жалпы
эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
II. Ақша түрлері мен оның экономикалық мәні,
маңызы ... ... ... ... ... ... .10
II. 1. Ақша түрлерінің
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
II. 2. Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы ... ... ... 13
III. Ақшаның атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
III.1. Құн
өлшемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14
III.2. Айналыс
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..15
III.3. Қор жинау және байлық
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .17
III.4. Ақша – төлем
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...18
III.5. Ақшаның дүниежүзілік
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе

Ақша біздің әрқайсымызға ертенеден таныс, әрі оның қажеттілігі туралы
біз біршама білеміз. Бірақ қанша білгенімізбен оны қолымызға түсіріп,
уыстап жиып ақшалы бола алмаймыз. Бұл да болса осы ақшаның құпиясы
дерсің.

Егер сен ақылды болсаң, неге сен бай емессің, - дейді американдықтар
бір-біріне. Ал мұндай сұрақты олар Билл Гейтске қоя алмайды, себебі ол әрі
ақылды, әрі бай. Билл Гейтстің байлығын өткен жылы 100 млрд. доллар
шамасында деп есептеді. Ал ақылды дейтін себебім, ол басқаратын
Майкрософт компаниясы тек ақыл-ой қабілетінің өнімі – компьютерлік
бағдарламалар ғана шығарумен айналысады. Иә, иә. Майкрософтың алып
зауыттары немесе бай табиғи шикізат қорлары жоқ. Билл Гейтстің тек бар
болғаны 20 мыңдай адамның білімдерін, олардың тәжірибесін бір арнаға
бағыттай білуі әлемнің ең бай кәсіпкеріне айналдырды. Қазіргі өркениеттің
даму сатысында байлық көзі ақпарат пен білімде. Сол себепті Майкрософт
қызметкерлерінің ұйымдасқан интеллектуалдық капиталы, материалдық қорлары
көп Дженерал моторс тәрізді алыптарға қарағанда қуатты әрі құнды. Билл
Гейтс құрған Майкрософт фирмасы қысқа мерзім ішінде әлемнің ең үлкен
корпорациясына айналып, ал оның бағдарламалары нарықтың басым бөлігін
жаулап алды. Ол өзінің Болашаққа барар жол атты кітабында былай деп
жазды: Мені Майкрософттың табысқа жету құпиясы туралы жиі сұрайды.
Құрамында әдепкіде 2 адамы және азын-аулақ қана ақшасы бар фирманың қалай
17000 мың қызметкері бар және жылдық сату айналымы 6 млрд. доллардан асатын
алып компанияға айналып шыға келгені туралы бәрінің де білгісі келеді.
Әрине,оңай жауап та жоқ. Әлбетте, желіміз оңынан соғып сәттіліктің де себі
тиді. Дегенмен, ең негізгісі біздің болашақты айқын көре алуымыз деп
есептеймін.

Мен бұл мысалды ақшаның қыр-сырына ену үшін арнайы келтіріп те
отырмын. Өйткені, ақша бәрімізді қызықтырады, өзіне алыстан шақырып әп-
сәтте жым-жылас боп көзден ұшады. Қысқасы ақша туралы мен былай дегім
келеді: Ақша дегеніміз идеядан бастау алады. Ол үшін алдымызды болжай
алып, соны түсіне отырып әрекет еткенде ғана ақша алақанымызға түседі.
Бұл курстық жұмысымда мен ақшаның қызметтеріне баса назар аудармақпын.

I. Ақшаның пайда болуы

1.1 Тауарлы жаратылысы.

Ақшаның пайда болуын б.ғ.д. 7 ғасырға жатқызады. Бұл кездерде өмір
сүрген тайпаларда белгілі бір затты тұтынуда артықшылық пайда болды. Ол
затты олар басқа затқа алмастыра алды. Көбінесе тайпалар малды, бағалы
тастар, металды үлкен ауқымда пайдаланды. Менің ойымша зат ақша ретінде
белгілену үшін ол ең алдымен сатушылар мен сатып алушылар арасында қолдау
табу керек.
Ақша қоғамның өзімен анықталады. Қоғамның айырбас ретінде
қабылдайтынның бәрі ақша деп танылады.
Ақшаны пайда болу тарихының екі концепциясы бар: біріншісі
–рационалистік, екіншісі – эволюциялық.
Рационалистік тұжырымдама бойынша ақша айырбасқа қатысатын адамдар
арасындағы жалпыға ортақ бірліктің қажеттігіне байланысты келісім
болғандығымен түсіндіріледі. Аристотель өзінің Никомахтың этикасы атты
жұмысында былай деп жазды: Айырбасқа қатысатын барлық заттың баламасы, не
бағамы болуы тиіс... Айырбас жасау үшін белгілі шарттылыққа негізделген
бірлік болуы қажет.
Эволюциялық тұжырымдамаға сай ақша тауарлар әлемінен бастау алып, ұзақ
тауарлық айырбас барысында тауарлар әлемінің арасынан ақша рөліне барынша
лайықты болған тауарды жеке-дара бөлініп шығуынан басталады. Ақшаның пайда
болуының эволюциялық тұжырымдамасын біршама толығырақ қарастырайық.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам
еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар.
Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе
тауар-еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен
өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен,
етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі –
тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түрінде
ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды
өндірішінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда
ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың
тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да,
ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір
тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал
болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол –
құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Айта кететін жайт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам
еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер
мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз –
тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының негізі – еңбек.
Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір
жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді құн ете
алмайды. Құнды көрсетуге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі
бір қоғамдық жағдай қажет – ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар,
оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің
ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа
тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді.
Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап
байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта – нарықта, айырбас кезінде
байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн – еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориясының негізін қалаушылар XVII ғасырдағы ағылшын экономисті
У. Петти, XVII ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX
ғасырда К.Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын,
яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан жақты талдады.
Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының қайшылықтары болғанымен, ол
ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап
іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының
барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да
адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-
біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда
болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін
өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып алу
кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім
(зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл
біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екенідәлелденгені. Міне дәл сатып
алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары шешіледі.
Осылайша, мынадай қасиеттері бар тауар бөлініп шықты:
1. Ұзақ сақталатындығы.
Ақша ретінде сақталғыштығы төмен затты алу мүлде тиімсіз екендігімен
келісетін шығарсыз, себебі біршама уақыттан соң ол бұзылып өзінің ролін
атқара алмайтын болса оның қажеті шамалы емес пе?
2. Жинақтылығы (яғни, көлемі кішкентай болғанымен құнының жоғары
болуы).
3. Экономикалық бөлінгіштігі.
Кез келген пропорцияда бөліне алмаса ол онда ақша ролін атқара алмайды.
4. Табиғатта аз кездесетіндігі. [11;31]
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар
– ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны,
тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін
тауар, ол - ақша. Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны
белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша
айырбас процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне – бірі теңгеріледі.
Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның
эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе
ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі – барлық тауарларға
ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.

1.2. Ақша – тауардың жалпы эквиваленті.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Осыдан келіп ақшаның жаппай өктем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдық мәнін
К.Маркс индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің
қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттайды. Ол мынадан айқын
көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебі адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы
ретінде алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбасқатынасының бір жағында тұрады да,
ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы
тұрады.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну
құнымен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын
шешуге жол салады. Өйткені, егер тауар сатылса, оның тұтыну құнының
біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгендігі. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
Қорыта айтқанда, құнның ақшалай формасының пайда болуы, яғни ақша-
тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас
қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын
процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.

II. Ақша түрлері мен оның экономикалық мәні, маңызы.

II.1. Ақша түрлерінің өзгеруі
Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі тауарлар
атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды.
Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалар пайда
болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі
жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық
жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса,
шөл және шөлейт жерлерде – түйе, қысы ұзақ тұндрада – бұғы атқарды. Ақшаның
айырбас құралы қызметін мал атқаруы әрхалықтардың ауыз әдебиетінде
сақталғаны соншалық кемін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен
атаған. Мысалы, латын сөзі пекус - мал, ал пекуня - ақша;
үнділердің ақша өлшемі рупия - рупа деген сөзден шыққан.
Қазіргі кезде көп қолданылып жүрген капитал деген сөздің тарихы да
мал атауымен байланысты көрінеді, өйткені ескі герман тілінде меншігінде
көптеген мал басы болса, оның байлығын капитал деп атаған.
Кейінірек қолөнер кәсібі дами бастаған кезде әр түрлі халықтардың
айырбасқа қолданған алғашқы тауары сирек кездесетінаңдардың терісі болған.
Ертедегі скандинавтар мөлшері әр түрлі тауарларды сатып алғанда оларды
түлкі, сусар, бұлғын терілеріне айырбастаған. Сібір халықтары айырбаста
бұлғының терісінқолданса, ал құндыздың терісі Солтүстік Америкада жүрген.
Сондай-ақ тері ақшаларын Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегін
мекендеген халықтар кең пайдаланған. Ертедегі Русьте сусар терісі
айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал – 1610 жылы
қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күміс 5450 рубль және
теріден жасалған 7000 рубль болған екен.
Ал теңіздердің жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы
ретінде теңізден шығатын қабыршықтар қолданған. Тарихта қабыршықтан
жасалған әшекей бұйымдардың біраз атаулары сақталған. Солардың ішінде ең
көп тарағаны ақшыл сары түсті, үлкендігі түймедей – каури деп аталатын.
Әшекей ретінде жіпке тізген каури Үндістанда, Қытайда, сол сияқты Африканың
Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең алғашқы ақша
ретінде жүрген. Ал Америка үндістері қабыршақ ақшаны теріден тігілген
белбеуге өркен немесе аңдар мен құстардың бейнесін салып қолданған.
Қабыршақ ақша материалының ең бір орнықты формасы болып келді. Себебі
ХХ ғасырдың 70 жылдарының бас кезіне дейін Соломоновтар аралындағы ақша
айналымында қабыршақ ақшаның үш түрі: ең арзаны – курила (қара); галиа (ақ)
және ең қымбаты – ронго (қызыл) жүрген.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланған.
Мысалы, бір құл үш сиырға, алты бұзауға, он екі қойға теңгерілді.
Қолөнер кәсібінің жетілуі ақша эквивалентін де жетілдірді. Оңай
бөлінетін, бір-біріне оңай бірігетін, ұзақ сақталатын және біртектес
эквивалент тауарлар, яғни өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе,
какао, бұршақ, тұз және т.с.с пайда болды. Жалпы эквивалент болып әр түрлі
металдар да қолданылды: темір, қалайы, мыс, қорғасын, күміс, алтын. Металл
ақшалардың артықшылығы – олардың біртектестігі, мықтылығы, әрі оңай
бөлінуі. Көп уақытқа дейін металл ақшалардың формалары әр алуан болды.
Мысалы, темірден жасалған кетпен, күрек, таға, шынжыр және т.с.с құралдар;
мыс ақшалар – мосы, қалқан, қазан, ыдыс түрінде айналыста жүрді. Ақшаның
қазіргі грекше атауы драхма - бір уыс шеге деген ұғым ретінде сол
кезден сақталған Күміс пен алтын ақшалар жүзік, сақина, алқа және т.с.с
әшекей бұйымдарының формасында болған. Уақыт өте келе жалпы эквивалент
ролін күміс пен алтын ақша атқара бастады.
Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тариғы
былай баяндалады: Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. 1 ғасырда бір беті пехвели,
екінші беті эфталит (түркі - руни) жазуы бар теңгелер (б.з V – VI ғ.)
жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі
тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны
айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп ерте тым ерте қолға алған 6-8 ғасырда
билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя
бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері
VI – VIII ғасырдың жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде
Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб,
Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар
маңайындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалды. Біріншісі – сәл ұмтылып,
секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісі садақ және
шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген
рәміз) бейнелеген. Екіншісі – ұшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің
таңбасы) теңгелер. Б.з 704-766 жж Таразда құйылған теңгелерде Түркеш
қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар
болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін,
мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы
ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына
қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81% күміс ақшалар
айналымға кіргізілді. 1321 жылы жүргізген Кебек хан рефорасының да үлкен
маңызы болды. Ол букіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға
енгізді. Ақшаның салмағы – 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан
теңгесі Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында
әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның
атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ
жағалауларына дейін қолданылста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген
Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар
арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ақша нарығының қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі
Банк жүйесі, банк және ақша қызметі
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Ақша.Ақша реформалары
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
Ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақша жүйесі және ақша айналымы
Ақша теориясы және ақша қаражатты
Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері. ҚР ақша жүйесі
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь