Алматы облысының білім беру жүйелері мен денсаулық сақтау ұйымдарын ГАЖ технологияларын пайдалана отырып картаға түсіру әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСИТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Геоморфология және картография кафедрасы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫН ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП КАРТАҒА ТҮСІРУ ӘДІСТЕРІ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Орындаған:

4 курс студенті Исабаева С. Д.

Ғылыми жетекші:

г. ғ. к., доцент Н. Н. Керімбай

Норма бақылаушы:

«Қорғауға жіберілді»

«___» 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі

г. ғ. к., доцент Н. Н. Керімбай

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . .

1. 1 Экономикалық карталар тарихынан . . .

2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ . . .

2. 1 Алматы облысының физикалық-географиялық сипаттамасы . . .

2. 2 Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық деңгейі . . .

2. 2 Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері: білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау ұйымдары . . .

3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫН ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП КАРТАҒА ТҮСІРУ ӘДІСТЕРІ . . .

3. 1 Әлеуметтік-экономикалық карталарды құрастыруда ГАЖ-дың рөлі . . .

3. 2 Алматы облысының білім беру жүйесін ГАЖ технологияларын пайдалана отырып картаға түсіру әдістері . . .

3. 3 Алматы облысының денсаулық сақтау ұйымдарын ГАЖ технологияларын пайдалана отырып картаға түсіру әдістері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

2. 1 Алматы облысының физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық орны. Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Оның аумағы 1997 жылғы 22 сәуірдегі Талдықорған облысының қосылуына байланысты екі есе өсті және аумағы 224 мың шаршы километрді құрады. Облыс халқы 1, 7 млн. -ды құрайды (Алматы қаласын қоспағанда) . Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 73 0 51 ' және 83 0 30' шығыс бойлық пен 42 0 15 ' және 47 0 20' ендікте жатқан облыс шығысында - Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде - Қырғызстанмен, оңтүстік-батысында - Жамбыл облысымен және солтүстік-шығысында - Шығыс Қазақстан облысымен шектеседі. Алматы облысы шығыстан батысқа дейін 700 шақырым, оңтүстіктен солтүстікке дейін 500 шақырымға созылып жатқан табиғи жағдайы әр түрлі болып келетін үлкен аймақ. Жерінің көлемі облыстар ішінде бесінші орында. Облыс аумағында 16 әкімшілік-аумақтық бөлініс - Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандары және облыстық бағыныстағы үш қала (Қапшагай, Талдықорған, Текелі) және аудандық бағыныстағы жеті қала - Есік, Жаркент, Қаскелен, Сарқант, Талғар, Үшарал, Үштөбе, сондай-ақ 13 кент бар. Облыс орталығы Талдықорған қаласы болып табылады.

Табиғаты.

Жер бедері. Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш көліне ұласатын сотүстік бөлігі - көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювилік және эолдық шөгіеділерінен түзілген. Бсым бөлігін Сарыесік-атырау, Тауқұм, Қорғанқұм шағылы алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған.

Облыстың көп жерін оңтүстігінде Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, шығысында Кетмен жотасымен жалғасын табатын Терскей алатауы, сонымен қатар, шығысында Жоңғар Алатауы алып жатыр. Ал солтүстік жағы Оңтүстік Балқашмаңының сорлар мен сортаңдардан, тақырлардан және құмдардан тұратын шөлді жазығымен жалғасады. Бұндай географиялық орналасу облыс жерінің жер бедерінің, климатының, топырақ жамылғысының және өсімдік жамылғысының әр түрлілігінің дәлелі болып табылады. Облыс аумағында мұздықтардан шөлге дейінгі ландшафтының барлық түрі кездеседі. Физикалық-географиялық орналасуының тағы бір ерекшелігі - ол облыстың солтүстік шетінде батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігінің суы ащы болып келетін Балқаш көлінің орналасуы.

Алматы облысының климаты шұғыл континентті, оның себебі мұхит пен теңізден алшақ орналасқандығы.

Жер беті және жер асты сулары бірқалыпты орналаспаған. Ірі өзендерге Іле, Шарын, Шелек, Түрген, Есік, Талғар, Қаскелең, Үкен Алматинка және Кіші Алматинка, Лепсі, Ақсу, Қаратал, Тентек және тағы басқа.

Ірі көл суаттары: Балхаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Үлкен Алматы көлі, Қапшағай, Бартоғай, Күрті.

Табиғи рекреациялық ресурстар - бұл табиғи геожүйелер, табиғи құбылыстар, рекреациялық қызметтің ыңғайлы қасиеттк және кейбір уақыттары демалыс шараларын ұйымдастыру мақсатында және де адамдардың денсаулығын нығайту мақсатында

Антропогендік рекреациялық ресурстарға тарихи-мәдени нысандар (мұражай, ескерткіштер, естелік орындар және тағы басқалары) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістер және тағы басқалары) тән.

Геологиялық және тектоникалық құрылымы. Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер және тағы басқа полеозой жыныстары кездеседі. Тау етегі және аймақтың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзілген. Іле Алатауының осындай морфологиялық құрылымы оның солтүстік жоталарынан ағып түсетін меридиан бағытында жатқан өзен аңғарларының бағытын анықтайды. Іле Алатауының құрылымына солтүстік және солтүстік-батыс ауа массалары қатты әсерін тигізеді.

Іле Алатауы ежелгі шөгінді, атпа жыныстардан, құмтастан, гранит пен гнейстен түзілген. Іле Алатауының солтүстік, яғни ауданға кіретін бөлігі көлбеу көптеген өзендермен күшті тілімденген. Тянь-Шанның басқа бөліктеріндегі сияқты Іле Алатауында да күшті жер сілкінісі болады. Өте күшті жер сілкіну 1911 жылы болды. Сонымен қатар палеозой дәуіріндегі каледон, герцин тау жасалуынан кейін кайнозой дәуірінің альпілік тау жасалу кезінде қайта көтерілген. Альпілік тау түзілісі жер қыртысында жарылу туғызып, бұрыннан бар қатпарлы аймақтардың бірі төмендеп, екіншісі көтеріліп, оларда қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қайта қалыптасқан. Бұған Тянь-Шань тауының солтүстік бөлігі Іле Алатауы мысал бола алады. Еңбекшіқазақ ауданының территориясындағы ұзақ уақыт геологиялық өзгерістердің нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды: оған Талғар ауданына қарасты - Іле Алатауы мен Іле Балқаш жазығының біраз бөлігі кіреді. Іле Алатауының тау жасалу процесі аяқталмаған.

Үштік кезеңнің аяғына қарай қуатты тектоникалық қозғалыстар жиі болып тұрады. Бұл процестің қорытындысында жергілікті полеозойлық фундамент көлденең немесе түзу бағыттағы жеке блоктар мен блоктар жүйесіне бөлінеді. Блоктар жүйесінің торы таудың әр түрлі биіктігінде болып тұрды. Тау жоталарының фронталды бөлігі мен фланг бөлігінде де вертикальды сатылы құрылым осы процестердің нәтижесінде пайда болды.

Тау жотасының ұзаққа созылған көтерілу процесі кезінде, шұғыл суытатын циклдармен алмасып келетін жылы және ылғалды кезеңдердің бірнеше рет қайталануы үштік кезеңнің аяғында басталған төрт рет болған мұз басу процесіне себепші болды. Бірінші реттік мұз басу жер бедерінің беткі қабатын ғана қамтиды. Екінші реттік мұз басу жер бедерін жартылай ғана басты. Қалған үшінші реттік пен төртінші реттік мұз басу кезеңі ұзаққа созылды. Мұз басу дәуірі аккумуляция процесінің зор көрінісімен сипатталады. Мұз басу дәуірі аралық мұз басу дәуіріне бөлінген. Аралық мұз басу кезінде мұз басу процесі тоқталып, эрозиялық процестердің үлкен масштабтағы дамуы жүрді. Бірақ мұз басудың тоқтау процесі бірқалыпты жүрмеді. Кейбір уақыттарда мұз басу процесі шұғыл тоқтады, ал басқа кезеңдерде тұрақты сақталынып тұрды. Мұз ерігеннен кейін артынан қуатты мореналар қалдырып отырды. Ең соңында бұл мореналар жуылып, эрозиялық процестердің арқасында түгелімен жойылды. Соңғы рет болған мұз басу дәуірінің ғана мореналары сақталды. Бұл мореналармен 2600-2700 м биіктікте орналасқан ежелгі мұз басу цирктері мен аңғарлардың табаны толды.

Геологиялық құрылымына протерезойлық және төменгі палеозойлық геосинклинальді шөгінділер, тас көмірді девондық, пермдік, қалдықтар қатысады. Тұндырылған шөгінді тау жыныстары мен метоморфтық қалың болып қабаттасқан жыныстар өте қатты дислокацияланған. Тау арасындағы қазаншұңқырларда палеоген-неогендік және төрттік кезеңнің жұмсақ бос шөгінділері кең таралған. Бұл тау массивінің көбісі 8-9 баллды сейсмикалық зонаға жатады. Көктемде сел тасқыны болуының қаупі бар. Қыста қар көшкіні жиі болып тұрады.

Іле Алатауының солтүстік беткейі Талғар, Кіші Алматы шатқалдарымен тілімденген. Биік таулы территорияларда тегістеліп әр түрлі кезеңнің жыныстарынан құралған жазық жер бедерлері де кездеседі.

Жазық территориялардағы алдыңғы қатардағы экзогенді процестер: эрозия, аллювиалды аккумуляция, құмды материалдардың эолдық орын алмастыруы, көл жағалауындағы абразия және сорлардағы тұздардың мүжілуі. Бұлардың ішінде эрозия мен абразия процестері айқын байқалады. Абразия - көлдердің және өзге де су қоймалардың жоғалауындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы және мүжілуі. Жазық кеңістіктер төменгі тау жоталарымен кезектесіп орналасады. Төменгі тау жоталарында эрозиялық процестер басқаша өтеді.

Облыс территориясына жиі және айтарлықтай жер сілкіністерін болдыратын интенсивті неотектоникалық қозғалыстар тән. Тау жыныстарының құрамы, олардың өзара әсері және жазықтардағы таралу ерекшелігі ежелгі дәуірден алуан түрлі. Жазық жерлерде негізінен құрамында сары топырақты және құмды шөгінділер басым кайнозойлық кезеңнің қалдықтары кездеседі. Тауларда тау жоталарының осьтік бөлігінің перифириялығынан оның петрографиялық фонының өзгерістері болып тұрады. Төменгі тау белдеулеріндегі жер бедерінің түзілуінде сары топырақтар, палеогендік, неогендік шөгінділер және метоморфтық жыныстар басты роль атқарады. Төменгі тау жоталары мен биік тау жоталарында да магмалық және метаморфтық жыныстар басты позиция алып отыр. Жарлы тау массивтерінің құлауынан тұнба жыныстардың құрамы өзгеріп тұрады. Тұнба жыныстардың әсерінен тектоникалық қозғалыстар жиі болады. Төменгі тау жоталарында сары топырақтан басқа таулы аллювий, проллювий, көшкінді жыныстар және қыратты-баурайлы шөгінділердің кең спектрі кездеседі. Төменгі тау жоталарында коллювиалды шөгінділер, ежелгі мореналық жиналған жыныстар, қар-көшкінінің тасымалдаған тас-құмдары, құлама массивтер, жиі кездеседі. Биік таулы жоталарда мореналар, флювиогляциалды шөгінділер, тасты глетчерлер, тас-құм жыныстары, құрымдар кең тараған. Қазаншұңқырлардың да шөгінділері кездеседі. Тау баурайларындағы шөгінділер негізінен шөгінді шлейфтерден құралған.

Климаты мен жер беті және жер асты сулары. Табиғаты. Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен (Шолақ, Қызыл-саяқ, Қоскеліншек, Қызылтас, Табақкеңтатар, Қараүңгір, т. б. ) . солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлык Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шанның Кетпен (Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және онтүстік-батысында Шу-Іле тауларының Жетіжол және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу-Іле тауларының Айтау, т. б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне ұласады.

Жер бедері. Облыстың жер бедері өте күрделі келеді. Оның Балқаш көліне ұласатын солтүстік бөлігі - көлбеу жазық. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Басым бө-лігін Сарыесік-атырау, Таукұм, Қорғанқұм шағылы алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғарына ұласатын атырабы көне құрғақ арналармен тарамдалған. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі таулы келеді. Солтүстік-шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауларының аралығында Жетісу (Жоңғар) кақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері көмкерген. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңкырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік шоқысы - Бесбасқан орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы аумағы 1, 3 мың км 2 -ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқын, т. б. ) өз маңындағы жазық өңірге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Солтүстік Тянь Шань сілемдерінің Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасынан құралған. Жетісу мен Іле, Күнгей Алатаулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Облыстың оңтүстік-батысы мен батысында Шу, Іле аласа таулары және Жусандала, Қопа, Бозой, Қараой үстіртті жазықтары жайғасқан. Тарбағатай жотасы мен Жетісу Алатауы аралығын ауқымды Алакөл ойысы алып жатыр. Бұның батысындағы жазық жағалау Балқаш көліне, оңтүстік-шығыс жағы Жетісу қақпасына жалғасады.

Шығыстағы ірі тау массивтерінің бірі -Жетісу Алатауы. Оның ұзындығы 450 км., ені 100-200 км. Шығыс бөлігі Қытай жеріне өтеді. Көксу, Боротола (Бұратала) өзенінің аңғарлары тау жүйесін екі жотаға бөледі. Солтүстік Жетісу жотасы доғаша иіліп, сыртын оңтүстікке береді. Оның шығыс бөлігі биік әрі мұздықты келеді. Батысында аласа шағын жоталарға тармақталып барып, Балқаш маңы жазығына ұласады. Жотаның солтүстік беткейі бірте-бірте сатыланып, аласарады да тауалды жазығына айналады. Мұнда көптеген шағын тау массивтері (Күнгей, Суықтау, Тастау, Шыбынды т. б. ) жатыр. Бұлар өзара тауаралық ойыстармен бөлінеді. Оңтүстік Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсаңбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Ең биік шыңы - Бесбақан тауы (4464 м) . Солтүстік Жетісу жотасы құрамындағы Көкжота тауында. Жетісу Алатауының солтүстік беткейінен Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, оңтүстік беткейден Көксу, Боратола (Бұратала), Қора, Үсек (Өсек), т. б. өзендердің аңғарлары басталады. Оңтүстік беткейдегі өзендердің суы тұщы, тасуы күшті. Жетісу Алатауының оңтүстік етегі Іле ойысымен (алабымен) шектеседі. Ойыстың батыс бөлігін Қараой және Итжон үстірттері қамтиды: бұларды Іле өзеніндегі Қапшағай шатқалы бөледі. Іле аңғарының Қазақстан жеріндегі ұзындығы шамамен 250 км, енді жері 50-55 км, негізінен калың борпылдақ шөгінділерге толған, сол жағалауында құмды, кұм төбешікті жер бедері қалыптасқан. Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты Іле аңғарының біраз бөлігі су астында қалды. Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань жүйесіне жататын ірі тау жоталары (Қазақстанның ең биік тау жотасы - Хан Тәңірі шыңы (6995) осында) жатыр. Бұл массив жоталары өте күрделі тілімденген әрі өтуге қиын. Хан Тәңірі шыңы бүкіл Тянь-Шандағы мұзданудың негізгі торабы, ірі мұздықтар да осында шоғырланған.

Облыс жеріне Тянь-Шань тау жүйесінің Күнгей және Теріскей Алатау жоталарының шығыс, солтүстік-шығыс бөлігінің біраз сілемдері кіреді. Солтүстігінде Текес және Кетпен тауаралық ойысы жатыр, оны солтүстігінен Кетпен (Ұзынқара) жотасы тұйықтаған. Биік жері - 3652 м (Аспантау т. ) . Мұнда мұздық жоқ, тау бастары жатық, оңтүстік беткейі тік кұлама, солтүстігі көлбеу. Тянь-Шанның солтүстік бөлігіңдегі биік тау жотасы - Іле Алатауы; ең биік жері - Талғар шыңы (4951 м) . Жота батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылады. Шығысында орографиялық біртұтастығын жоғалтып, тауаралық Жалаңаш, Сөгеті ойыстары арқылы тармақталып кетеді. Солтүстік бөлігіндегі Қараш тауы Түрген өзенінің сыртында Бақай және Сөгеті, одан әрі Бұғыты тауына жалғасады. Орта сілемі Сарытау, Торайғыр жоталарынан, оңтүстігінде далалық таулы үстіртінен құралған.

Батысында Іле Алатауы аласа Жетіжол, Кіндіктас тауларына ұштасады да, одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле сілемі бөлініп шығып, Балқаштың батыс жағалауына дейін созылады. Іле Алатауының оңтүстік беткейі терең шатқалдармен және каньондармен тілімденген. Мұнда сел тасқыны, қар көшкіні сияқты құбылыстар жиі болады; ірі мұзтау торабы (393 мұздық бар, олардың жалпы ауданы 469. 7 км 2 , мұзының көлемі 27, 7 км 2 ) орналасқан.

Климаты. Облыс аумағының климаты тым континентті. Себебі ол үлкен материктің кіндігінде орналасқан әрі оңтүстік жағы таулармен қоршалған. Климаттың континенттігі жыл бойында, сондай-ақ, тәулік ішінде температураның күрт ауытқуынан, бұлттылықтың және жауын-шашынның аз-дығынан байқалады. Жыл маусымының климатында үлкен айырмашылық бар. Қысқа, ылғалды әрі жылы көктем шапшаң түрде ыстық жазға ауысады. Күзде температура кенет өзгеріп, үсік жүреді, жаңбыр аралас қар жауады. Қыс едәуір салқын әрі құбылмалы болады.

Жаз айларында облыс жеріне Іле аңғарымен және Жетісу қақпасы арқылы келетін оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жылы ауа массаларының әсері зор. Осы жылы ауа массалары тауалды жазықтарын және тау бөктерлерін күшті қыздырады. Жаз мезгіліне ашық және ала бұлтты ауа райы тән. Температура тез жоғарылап, булану күшенеді. Үш айда жылдық жауын-шашынның 15-20%-і түседі. Жаздың ерекшелігі тауалды жазықтары мен бөктерлерінің өзгешелігінен айқын көрінеді. Биіктеген сайын температура төмендеп, ылғал молаяды, жауын-шашынның түсімі артады. Тауалды жазықтарға қарағанда тау беткейлері мен бөктерлерінде жазғы ыстық онша сезілмейді.

Қыста облыс аумағы солтүстік-шығыстан есетін ауа массаларының әсеріне ұшырайды. Олар Батыс Сібір жерінде қалыптасып облыстың солтүстік бөлігіне келгенде жергілікті ауа массасын күрт суытады. Салқын ауа енгенде циклондық әрекетті күшейтеді. Бастапқыда бұл құбылыс биік таулы аудандарда байқалып, кейін тау бөктерлеріне көшеді. Ауа массаларының бұл қозғалысы ауа райын өзгертіп, бұлт қоюланады, жауын-шашын күшейіп, қарлы бұрқасын пайда болады.

Ауа райының қалыптасуына оңтүстік-батыстан келетін жылы ауа массаларының да ықпалы зор. Олардың ағыны салқын ауа массаларына қауышқан кезде ауа райы құбылып, қыс ортасында жылымық түседі. Жылымықтың аязды сәттермен алмасып келуінен жер бетін көктайғақ каптайды.

Температура мен жауын-шашын режимдеріне сүйеніп, облыстың аумағын үш: жазық, тауалды және таулы климаттық белдеуді бөлуге болады.

Су қоры. Еліміздің басқа тауларына (Алтайдан басқа) қарағанда Жетісу және Іле Алатауларында ылғал мол. Өзен торының жиілігі жоғары (0, 4-1, 8 км/км 2 ) . Балқаш көлі алабының артериясы - Текес пен Күнгестің қосылуынан Іле өзені кұралған. Бұл өзендер Тянь-Шанның шығыс аймағынан ағып шығады. Іле өзенінің ұзындығы (Текеспен қоса есептегенде) 1439 км (Қазақстан жерінде 802 км), алабының ауданы 14 км 2 . Іленің аңғары кең. Арнасының ені 150 м-ден 300 м-ге дейін ауытқып отырады. Қапшағай қаласы маңында өзенге ірі Қапшағай СЭС-і және Қапшағай бөгені салынған (Қапшағай бөгенінен төменгі сағасында Іле өзені Оңтүстік Балқаш маңының құмдарына сіңеді) . Балқашқа құяр жерде өзен кең атырау түзіп, көптеген тармақтарға бөлініп ағады. Төменгі сағасындағы арнасының ені 500-1000 м-ге дейін жетеді. Іленің ірі салалары - Шарын мен Шілік өзенінен кеме жүзе алады, бірақ та атырау бөлігінде көптеген тармақтарға бөлінуіне байланысты кеменің өтуі қиындайды. Мол сулы кезеңнің ұзақтығы 1-3 жылдан аспайды. Мұндай маусымдарда ағын мөлшері қалыптағыдан 3-5 есе артық болады. Жетісу Алатауында жайылмаларының орташа ендіктері 2500 м-ден артатын өзендердің суы мол (650-950 мм немесе 1 км 2 -ге 20-30 л/сек) келеді. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі Есік, Талғар, Қаскелен, Кіші және Үлкен Алматы өзенінің де суы мол болады.

Іле Алатауы, Жетісу Алатауы өзендеріндегі ағыс жылдамдығының ерекшелігінен және қыс маусымдарында жиі-жиі болып тұратын жылылық әсерінен мұз режимдері тұрақты болмайды. Іле сияқты ірі өзендер өң бойына тұтас қатып, оның ұзақтығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Солтүстікке қарай ағатын таулы аудандар өзендеріне қысқы сең буу құбылысы тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық жағдайы
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарын басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
Биік таулы аймақ
Әртүрлі территориялық деңгейдегі жерлерді тұрпаттау және агроэкологиялық бағалауды картографиялау
Аң аулау шаруашылығының ірі масштабты карталарын құрастыру
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Алматы облысының мал шаруашылығын картографиялау
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz