Абай, Шәкәрім мұрасындағы рухани тұтастық немесе жантану ілімі жайында



Әлем халықтары әдебиетінің тарихында философиялық лириканың даму жолында, түп иені танып-білу талпынысында әрқилы дүниетанымдық көзқарастар көрініс беріп жатты. Әсіресе, бұл күрделі мәселеде классикалық сопылық поэзия авторлары басым түсіп жатқаны шындық еді. Қараханидтер билігі тұсында (ІХ-ХІІ ғасыр) сопылық поэзияның философиялық лирика жанрында дүниенің сырын танып-білу тақырыбының шеңбері кеңейіп, философиялық дүниетаным деңгейіндегі ой-толғаныстар тұғыры қол жетпестей биікке көтерілді.
Түрік халықтары әдебиеті классиктерінің бұл кезеңде философиялық, гуманистік мұрат-мақсатты ұстануы жөнінде әлем әдебиетінің биік тұғырына көтерілуі Жүсіп Хас хажиб Баласағұнның «Құтадғу білік» дастаны мен Ясауидің «Диуани Хикмет» туындыларынан көрінді.
Түрік халықтары әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығы тұсындағы өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар ауызша түрде жырланатын поэзия қалпына түсті. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясында қазақ халқының дүниетанымы поэзия тілінде жырланып, философиялық көзқарасы толғау, өлең жырларында біршама көрініс беріп отырды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өмір шындығы философиялық лирика жанрындағы Абай мен Шәкәрім шығармаларында тақырыбы жағынан айрықша дараланып, назар аударғаны түп иені теологиялық және ғылыми тұрғыдан танып-білуге шешуші түрде мән бере жырлануында жатыр. Философиялық лирикадағы бұл рухани соны ұмтылыс тамырсыз, төркіні беймағлұм дерексіз құбылыс емес еді. Бұл ой толғаныстар орта ғасырдағы Тұран жеріндегі түрік халықтары поэзиясынан ойып тұрып орын алған түп иені таныл білу жолындағы Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік», Ясауидің «Девони хикметі» мен Махмұт Қашқаридің «Девони ат-түрік» туындыларынан нәр тарып жатқан еді. Абай мен Шәкәрім солар салған ата дәстүрді өз заманы талабына қарай жаңғыртып дамытушы ойшыл ақындар болды.
Абай бастаған философиялық лирикада түп иені танып-білу жолында жантану іліміне айрықша назар аударуы байқалады. Қазіргі әдебиетте психология пәнін жантану ғылымы деп атап жүруі шындыққа жанаса бермейді. Өйткені, логика ойлаудың заңдары туралы ғылым болса, психология нерв жүйесіне байланысты адамдағы психикалық құбылыстардың заңдылығын зерттеп жүйелейтін ғылым саласы ғана. Сондықтан ол ғылымды ғарыштан келетін жанға байланысы рухани құбылыстан тыс болуы себепті де, оны жантану іліміне жатқыза алмаймыз. Жантану ілімі саласында Абай дәстүріне сүйене отырып, Шәкәрім бұл күрделі де терең мәселеге біржолата мән бере қарауы себепті, ұзақ жылдар бойы сарыла іздену жолына түсті.
Абай шығармаларында философиялық лирикаға бет бұру 1889 жылдардан басталды да, түп иені тану мен жантану іліміне тереңдеп, жан-жақты ой-толғаныстарына бату өмірінің соңына дейін жалғасты. Жантану іліміне Абайдың ақын шәкірттерінің арасынан Шәкәрім ғана жеке-дара Абай дәстүріне айналған философиялық лириканы дамыту, жаңарту жолына біржолата бет бұрды.
Шәкәрім 1898 жылдан бастап түп иені танып-білумен ол жолдағы пайда болған жантану іліміне терең бойлау бағытына біржолата бет бұрып, қорытқан ой байламдарын:
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным, –
деп, отыз жылдық іздену жолындағы қол жеткен ой желісінің негізін «Үш анық» деп аталатын философиялық қолжазбасында желілі жүйеге түсіріп, баяндап берді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ поэзиясында Абай мен Шәкәрімнің философиялық лирикасында түп иені танытудан туған жантану ілімі хақындағы философиялық ой-толғаныстарының танымдық деңгейіне сол кезеңдегі батыс пен шығыс поэзиясы жете алмағаны шындық.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай, Шәкәрім мұрасындағы рухани тұтастық
немесе жантану ілімі жайында
Әлем халықтары әдебиетінің тарихында философиялық лириканың даму
жолында, түп иені танып-білу талпынысында әрқилы дүниетанымдық көзқарастар
көрініс беріп жатты. Әсіресе, бұл күрделі мәселеде классикалық сопылық
поэзия авторлары басым түсіп жатқаны шындық еді. Қараханидтер билігі
тұсында (ІХ-ХІІ ғасыр) сопылық поэзияның философиялық лирика жанрында
дүниенің сырын танып-білу тақырыбының шеңбері кеңейіп, философиялық
дүниетаным деңгейіндегі ой-толғаныстар тұғыры қол жетпестей биікке
көтерілді.
Түрік халықтары әдебиеті классиктерінің бұл кезеңде философиялық,
гуманистік мұрат-мақсатты ұстануы жөнінде әлем әдебиетінің биік тұғырына
көтерілуі Жүсіп Хас хажиб Баласағұнның Құтадғу білік дастаны мен Ясауидің
Диуани Хикмет туындыларынан көрінді.
Түрік халықтары әдебиеті тарихында қазақ поэзиясы ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы
қазақ хандығы тұсындағы өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар ауызша түрде
жырланатын поэзия қалпына түсті. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясында қазақ
халқының дүниетанымы поэзия тілінде жырланып, философиялық көзқарасы
толғау, өлең жырларында біршама көрініс беріп отырды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өмір шындығы философиялық
лирика жанрындағы Абай мен Шәкәрім шығармаларында тақырыбы жағынан айрықша
дараланып, назар аударғаны түп иені теологиялық және ғылыми тұрғыдан танып-
білуге шешуші түрде мән бере жырлануында жатыр. Философиялық лирикадағы бұл
рухани соны ұмтылыс тамырсыз, төркіні беймағлұм дерексіз құбылыс емес еді.
Бұл ой толғаныстар орта ғасырдағы Тұран жеріндегі түрік халықтары
поэзиясынан ойып тұрып орын алған түп иені таныл білу жолындағы Жүсіп
Баласағұнидің Құтты білік, Ясауидің Девони хикметі мен Махмұт
Қашқаридің Девони ат-түрік туындыларынан нәр тарып жатқан еді. Абай мен
Шәкәрім солар салған ата дәстүрді өз заманы талабына қарай жаңғыртып
дамытушы ойшыл ақындар болды.
Абай бастаған философиялық лирикада түп иені танып-білу жолында жантану
іліміне айрықша назар аударуы байқалады. Қазіргі әдебиетте психология пәнін
жантану ғылымы деп атап жүруі шындыққа жанаса бермейді. Өйткені, логика
ойлаудың заңдары туралы ғылым болса, психология нерв жүйесіне байланысты
адамдағы психикалық құбылыстардың заңдылығын зерттеп жүйелейтін ғылым
саласы ғана. Сондықтан ол ғылымды ғарыштан келетін жанға байланысы рухани
құбылыстан тыс болуы себепті де, оны жантану іліміне жатқыза алмаймыз.
Жантану ілімі саласында Абай дәстүріне сүйене отырып, Шәкәрім бұл күрделі
де терең мәселеге біржолата мән бере қарауы себепті, ұзақ жылдар бойы
сарыла іздену жолына түсті.
Абай шығармаларында философиялық лирикаға бет бұру 1889 жылдардан
басталды да, түп иені тану мен жантану іліміне тереңдеп, жан-жақты ой-
толғаныстарына бату өмірінің соңына дейін жалғасты. Жантану іліміне Абайдың
ақын шәкірттерінің арасынан Шәкәрім ғана жеке-дара Абай дәстүріне айналған
философиялық лириканы дамыту, жаңарту жолына біржолата бет бұрды.
Шәкәрім 1898 жылдан бастап түп иені танып-білумен ол жолдағы пайда
болған жантану іліміне терең бойлау бағытына біржолата бет бұрып, қорытқан
ой байламдарын:
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным, –
деп, отыз жылдық іздену жолындағы қол жеткен ой желісінің негізін Үш анық
деп аталатын философиялық қолжазбасында желілі жүйеге түсіріп, баяндап
берді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ поэзиясында Абай мен
Шәкәрімнің философиялық лирикасында түп иені танытудан туған жантану ілімі
хақындағы философиялық ой-толғаныстарының танымдық деңгейіне сол кезеңдегі
батыс пен шығыс поэзиясы жете алмағаны шындық.
Абайдың түп ие мен жантану іліміне ой жүгіртіп ізденуі 1889 жыл мен
1902 жыл аралығындағы бір мүшелге жуық уақыт алғанын көреміз. Бір мүшел
ішінде осы тақырыпқа 13 өлеңі мен 6 қарасөзін арнады. Абайдың осы ой-
танымдарынан нәр алып, ойшылдық дәстүрін жалғастырып дамытқан шәкірті
Шәкәрім де түпиені танып-білу мен жантану іліміне өзіндік қайталанбас ой-
пікірлері мен қорытынды ой-танымдарын ұсына отырып:
Кейінгі жандар қабылдар
Айтылған түзу жолымды, –
деп, келешек заман жастарына өз рухани мұрасын аманат етеді. Әрине,
Шәкәрімнің түзу жолы – бүгінгі біздің арман қуған тәуелсіздік замандағы
рухани жолымызбен үндестік табуымен бірге заман талабына да сай келіп тұр.
Өйткені қазіргі үшінші мыңжылдықта ғылым адамгершілік пен діни бастаулардан
желі тартып, дін ғылымиланған кезде өз мәнімізді яғни жанымызды Шәкәрім
меңзеген жолмен ғана тани алмақпыз.
І
Түп иені танып, білуге ұмтылған ойшыл ақын Абай ой дариясына қадам
басқанда:
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, – деп,
хақлиққа мақұлық ақылы жете алмайтындықтан, Ақылға сыймас ол Алла деген
қорытындыға келген еді.
Алла деген сөз жеңіл деген атақты өлеңінде түп иені танып білудің түп
қазығы жүректе деген танымды ұстанады. Түп ие жайындағы философиялық
деңгейдегі ой танымының негізі сопылық поэзия классиктерінің ұстанған
танымдық жолы болатын-ды. Абай өзі де поэзиясында жүректің культін көтеріп
жырлап өтуі жай құбылыс емес, күрделі дүниетанымға жетелейтін сенімді
бағдар болатын. Міне, осы түп иені танып білудегі Абай әрекеті мен
туындыларындағы ой-танымдарын дәстүр ретінде жалғастырған Шәкәрім таза
ақылға сүйене отырып, өзінше танып, жаңғырта түсті.
Шәкәрім сопылық поэзияның символдық бейнелермен перделенген белгілерін
өз поэзиясында көркемдік тәсіл тұрғысынан пайдаланады. Мысалы:
Менің Жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры, –
деп, сопылық поэзия классиктерінің бірінші сүю ұғымындағы Аллаға ғашықтықты
сұлу жарға деген махаббаттық сезімінің орнына Шәкәрім Хақиқаттың шын
нұрына балай суреттеуінен түп иені іздеп отырғаны айқын көрініп тұрады.
Түпиені іздеуге қозғау салған, өмірді жете танып білуге деген құштарлық
пен талпынудан туған:
1. Неден бармын?
2. Не қылған жөн?
3. Жоғала ма жан өлген соң?
деген үш сұраққа Шәкәрім айрықша мән бере қараған.
Осы аса күрделі үш сұраққа жауап іздеу жолындағы Шәкәрім ізденістерінің
бастау көзі Мұхтар Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы Ақын аға тарауында
Абайдың әдеби мектебіндегі ақын-шәкірттері Дәрмен, Көкбай, Шұбар (Шәкәрім),
Ақылбай, Мағауия, Кәкітай т.б. арасындағы хақиқат жайлы талас-пікірлерде
жатыр. Осы пікір таласына сөзге төрелік айтатын Абай толғаныстарында
берілетін ...Хақиқаттың шешуі: Жаратушы кім? Ғалам дегеніміз не? Жан не
нәрсе және адамның хақиқатты білудегі дерегі не? деген күрделі сұрақтарға
берген жауап сөзінде зор танымдық ойлар төркіні жатыр. Заман қысымын көп
көрген кеменгер жазушы М.Әуезов аталы ой танымын яғни Абай мен Шәкірімнің
жантану ілімінен із тастап кетуді мақсат тұтқаны аңғарылып тұр.
Түп ие (Хақиқат) пен ғаламды танып білудегі Шәкәрім көзқарасында қос
қабатты қатпарлы таным жігі жатқаны да аңғарылады.
Шәкәрім танымындағы төменгі қабат – күн жүйесіне байланысты туындаған.
Шәкәрім күн – ата, жер – ана деп қарап, жер планетасындағы тіршіліктің
пайда болу, даму жолын яғни, неден бармын? деген философиялық сұраққа
жауап беруге ұмтылатыны Тіршілік, жан туралы өлеңіндегі ой-
толғаныстарында тереңнен талдай отырып берілген.
Абайдың:
Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті
дегені, Шәкәрімде Күн – ата, жер – ана ұғымында дамытылып жалғастырылған.
Көк аспаннан күннің жазғытұры төнуі, жер ананың тотықұстай түрленіп толысуы
– бәрі тіршілік атаулының шығу көзін меңзейді. Бұл құбылыстың нәтижесі
Шәкәрімде былайша суреттеледі:
Жарықтан бізді бу қылған,
Құбылтып буды су қылған,
Суынан топырақ қатырып,
Топырақтан жасыл туғызған.
Ие кім сонда денеге?..
Сол жаннан талай жан өскен,
Жанына қарай тән өскен.
Өсімдік жаны нашар боп,
Олардан жәндік және өскен,
Жәндіктен адам таралған, –
деген тың таным желі тартады. Күн нұрының әсерімен жер ана бойында пайда
болған: 1) өсімдік; 2) жәндік. 3) жәндіктен адам жаралады, яғни неден
бармын деген сұраққа Шәкәрім арғы жағы күн нұрынан пайда болған жер ана
бойындағы: 1) өсімдік (өсімдік жаны); 2) хайуанат (хайуанат жаны); 3)
адамзат (адам жаны) әлемінің табиғи жолмен пайда болу процесін көз
алдымызға алып келеді. Бұларды күн жүйесіндегі жер планетасында жаралған
табиғи құбылыс ретінде танып-біледі.
Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын
мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой
толғайтыны бар:
Жаралыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
Жан де мейлі бір Мән де,
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемді сол Мән жаратқан, –
деп түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде Жан сөзі мен
Мән сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады.
Бүкіл әлем немесе сол әлемнің ішіндегі жанды-жансыз нәрселердің бәрін де
жаратушы қуат иесі – түп ие (арабша – Алла, парсыша – Құдай, қазақша
–Тәңірі немесе Жаратушы). Ал Жаралыс басы – қозғалыс болса, сол
қозғалысты қозғаған қуат – жан дейміз деп, басты себепкер күш ретінде
жанды ерекше даралап, атап өтетіні бар. Ақын қозғаған қуат – жан дейміз
деп, Жаралыс басы – қозғалыста қозғаушы қуат күші жан болып саналатынын
алдымызға жайып салады.
Ақын ойын қорыта келгенде, қозғаушы күш – жан, мән, жанның егесі
ретіндегі бас қозғалыс хақында айтылған ой-пікірлердің жемісі бір арнаға
құйылады да, ол - түп ие деген ой-байламы шығады. Яғни, бұл ұғымды ақын
сөзімен айтар болсақ, Ең түпкі жаратушы – мінсіз ие деген өзекті де
желілі танымға тірелеміз.
ІІ
Шәкәрім өз ұстазы Абайдың толық адам іліміне терең мән бере отырып,
шығармаларында ұждан мәселесіне ерекше тоқталып өтеді. Ол ХІ ғасырда
жазылған Жүсіп Баласағұнның Құтадғу біліг дастанымен жете танысып, ондағы
жауәнмәртілік іліміне назар аударған, Ясауидің кемел адам туралы хал ілімін
де білген. Абайдың толық адам ілімінің арғы түп төркіні осы аталып өткен
шығармалардан желі тартып, өз заманы шындығына орай қазақ әдебиеті
тарихында тың тақырып болып енген толық адам ілімін қалыптастырды. Осы
ілімнен идеялық бағыт-бағдар алған Шәкәрім адамды рухани тазалық жолына
түсіретін:
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты ешқашан әділ жеңбес
деген қорытынды ойға келді. Өйткені білімді жұрт, өркениетті ел деген
Европаның өзі (ар түзейтін ғылымы жоқ болғандықтан) хайуандықтан шыға алмай
отырғанын атап өтеді, сонымен қатар:
ХХ ғасырдың адамынан
Анық, таза бір елді көрмей өттім, –
деп, ауыр да өткір сын айтады.
Философиялық лирикалары мен Үш анық трактатында Шәкәрім ұждан
мәселесіне төтенше мән бере қарайтыны бар. Ынсап, әділет, мейірім үшеуі
ұждан ұғымын құрайды. Өйткені Ұждан – жанның тілегі. Неге десеңіз, жан –
тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылай береді.
Мәселен, таза дене, таза толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты
бір керегі – совесть – Ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір
үшін де керек қылады (Үш анық. 30 б.). Яғни, Ұждан екі өмір үшін де қажет
екен. Өлерін білген екі адамның біреуі жанның жоғалмайтынын, бұдан да таза
болып жоғарылайтынына сенсе, үлкен үмітке қол артып, қуаныш сезіміне
бөленеді. Ал, өлген соң жан жоғалады деген өкініште болып, үмітсіздік
дариясының барсакелмес қайығына мінеді. Осындай нанымдағы пенделерге қарап
Шәкәрім:
Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Екі өмірдің азығы – осы Ұждан
Шын нану – ақылымен қабылдауы,
Қалады зұлымдықтан сөйткенде адам, ––
деп Ұжданның адам үшін екі өмірде де рухани азығы: ынсап, әділет, мейірім
сияқты ақыл адами қасиетті әрбір саналы адам жастайынан бойына ұялату
жолында болуын ескертеді. Өйткені Ар түзер адамның адамдық санасын деп,
Ұждан ұғымына зор мән бере ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім философиясы
Абайдың ақындық кітапханасы
Шәкәрімнің депутаттық қызметі
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса
Абай қарасөздерінің зерттелуі
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Абай мен Шәкәрімнің әдеби мол мұрасы
Абай публицистикасындағы философиялық сарындар
ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Пәндер