Ақшаның пайда болуы және мәні


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

  1. Ақшаның пайда болуы және мәні . . . 4-5
  2. Ақшаның қызметі . . . 5-6
  3. Ақшаның қысқаша тарихы . . . 6-7

а) Ежелгі ақшалар.

ә) “Алтын” ақшалар.

  1. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы . . . 7-8
  2. Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары . . . 8-10

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Кіріспе

Ақша адамға баяғыдан бері танымал. Ақша қалай пайда болуы және қандай тарихи жолды өтті? Осы сұраққа мен өз рефератымда жауап беруге тырысамын.

Ақша- адамзаттың ұлы жаңалық тарихының бірі. Әрбір өркениет ақшаның өз түрін шығарған еді. Ақшаның рөлін айырбастауға ең тиімді тауар атқарды. Әлем халықтарында ақшаның рөлін әртүрлі тауарлар атқарды: тұз, мақта маталар, мыс білезіктер, алтын топырақ, жылқылар, сонымен бірге кептірілген балық та. Мысалы, ХV ғасырда Исландияда ақша ретінде кептірілген балық пайдаланды және бағалар осындай болды:

- 1 таға - 1 балық;

- әйелдер аяқ киімі - 3 балық;

- шарап кеспегі - 100 балық;

  • май кеспегі - 120 балық.

Адамзат нарыққа қатысатын және әртүрлі мәмілелерді жасайтын барлық адамдарды қызықтыратын әмбепап ақша тауарын іздеді.

Көптеген ғасырлар бойы ең тиімді ақша тауары бағалы металлдар болды - алтын және күміс. Олардың артықшылықтары:

  • біртектілігі;
  • аз көлемімен де жоғары құндылығы;
  • әртүрлі бөлшектерге жеңіл бөлінетіні.

Осы себептерден алтын мен күміс ұзақ уақытта әлемнің көптеген елдерінде ақша жүйесінің негізі болды және ғасырлар бойы “алтын”, “күміс” және “ақша” сөздері синоним болды.

Ақша қоғамдық еңбек пен бағаны іске асырды. Ақшасы бар адам қоғамдық еңбектің тиісті бөлігіне құқық алады.

Ақшалар арқылы тауардың қарсы - қайшылықтары да шешіледі. Тауар әлемі тауарлар мен ақшаға бөлінеді.

  1. Ақшаның пайда болуы және мәні.

Ақшаның пайда болуы мен мәнi жайлы бiркелкi шешiмiн табылған жоқ. . Экономикалық мектеп өкiлдерiнiң бiрi ерте дүниедегi грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгiлi шарт, адамдар арасындағы саналы келесiм нәтижесi ретiнде қарады. Басқа бағыттағы мектептiң өкiлдерi ақшаны - мемлекет бекiткен тауарды айырбастауға қажеттi құрал ретiнде қарастырған. Үшiншi өкiлдерi ақша өзiнiң табиғаты бойынша алтын мен күмiске жататындығын айтқан.

Ақшаның пайда болуын түсiндiру үшiн, ”тауар құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрiнiсiне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесiн, көздi алатын ақшалай түрiне дейiн қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады ”.

Тауардың айырбасталу кезеңiнде құнның көрiнiсi төмендегiдей түрге ие болады : алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамға бiрiншi ең iрi еңбек бөлiнiсiнен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлiнуi арқылы пайда болды. Бiр тайпалар малмен айналысса, ал екiншiлер -жермен айналысты, сөйтiп өнiмдi айырбастау үшiн экономикалық негiз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бiрегей сипатқа ие болды :

Т Т экв .

( 1 қойға 1қап астық ) экв.

Б ұл мысалымызда бiрiншi тауар (қой) өзiнiң құнын басқа тауарда (1қап астық) айырбасын көрсетсе, онда салыстырмалы құн түрiнде болғаны, ал бiр қап астық оның эквивалентi болып табылады, яғни эквиваленттi түрде болғаны.

Тауар өндiрiсiнiң ары қарай дамуы тауар айырбасын реттiлiкпен жүргiзуге алып келедi. Айырбаста екi ғана емес, одан да көптеген тауар түрлерi қалыптасты. Құнның - толық немесе кеңейтiлген екiншi түрi қалыптасты.

Кейiнiректе жалпылама эквиваленттiк ролдi игiлiктi металдар (алтын, күмiс) атқара бастады, себебi оның өзiне тән бiрқатар артықшылығы болды: жеңiл бөлiнетiндiгi, бiртектiлiгi, жақсы сақталатындығы, ең маңызды артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөлiктерiнде көптеген еңбектiң сiңiрiлгенi болып табылады. Құнның ақшалай түрiн былай көрсетуге болады:

Т 1 (1қап астық) Т 2 (1балта)

А(2 гр. алтын) - (тауар делдал-

жалпылама эквивалент. )

Т 4 (1қой) Т 3 (5құмыра)

Ақшаны қалай түсiнуге болады? Құн түрiнiң дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау туралы емес, ол - жампылама эквиваленттiк (балама) рөл атқаратын тауар. Кез-келген тауар өзiнiң құнын ақшамен көрсетедi. Ақша қандай қызыметтер атарады?

2. Ақша қызметі.

Ақша экономикада бірнеше қызмет атқарады:

  1. Ақша - төлем құралы. Ақша ең алдымен, тауар айырбастауды жеңілдету үшін ойлап шығарылған еді. Ақша - бұл айырбастауға қатысатын адамдарға қажетті ерекшк тауар.
  2. Ақша арқылы әртүрлі қажеттіліктер қанағаттандыры-лады, сондықтан ақша саудаға қатысушылардың арасында тауар айналымын жеңілдетеді. Ақша - айналым құралы.
  3. Ақша - баға өлшемі және өлшеу бірлігі. Ақша - сатушылар мен сатып алушылар үшін тауар құндылығының бірыңғай өлшемі. Ақша баға жүйесінің өмір сүруіне есеп жүргізуге, кіріс пен шығынды снауға мүмкіндік береді.
  4. Ақша - сақтандыру құралы. Ақша өз иесіне өмір игілігіне алуға мүмкіндікті ұзаққа созады. Ақшаны қажетті жағдайда пайдалану үшін жинауға болады.

Әрбір елдің өз волютасы бар. Оның себептері осындай:

  1. Ұлттық валюта елді тәуелсіз етеді.
  2. Ұлттық валюта мемлекетке ел экономикасын басқаруға мүмкіндік береді.
  3. Ұлттық валюта үкіметтің мемлекеттен ақша алатын адамдармен есеп айырысуға мүмкіндігі болған үшін қажет.
  4. Ұлттық валютасы бар мемлекет өзі ақша шығарады.

3. Ақшаның қысқаша тарихы.

а) Ежелгі ақшалар.

Ең алғашқы шақалар Қытай және Индия патшалығында б. э. д. 7- ші ғасырда пайда болды. Б. э. д. I Дарий қарсы патшасы айналымға шақаларды енгізді.

Қағаздан жасалған ақшалар б. э. д. 8-ші ғасырда Қытайда пайда болды. Қағаз ақша 7-8 ғасырларда Қытайға келген саяхатшыларға үлкен әсер етті. Марко Поло қағаз шығару - бұл алхимиктер тырысқан мақсатқа жетудін жаңа әдісі деп жазды. 13- ші ғасырда Шыңғысхан мемлекетінде қағаз ақша алтынға еркін ауыстырылды, сондықтан қағаз ақшаны қолдан жасау үлкен кіріс әкелді және ауыр қылмыс деп саналды.

Батыс цивилизация елдерінде алғаш рет қағаз ақшаны Солтүстік Америка Штаттары шығарды - 1690 жылы қағаз ақша Массачусетс штатында басылды. Еуропада Францияда 1716-20 жылдарында әйгелі экономист және банкир Джон Ло Король банкінің ақшаларын шығара бастады.

ә) “Алтын” ақша.

Ақша - бұл жалпы эквиваленттің аяқталған түрі. Алтынмен бірге күміс пайдаланған кезде ақша жүйесі биметаллды болды. Бірақ, 20- шы ғасырдың басында елдер алтын валютаға, монометаллды жүйеге көше бастады. Австралия - 1892 жылы, Жапония - 1897 жылы, Ресей - 1898 жылы, АҚШ - 1900 жылы, Англияда алтын ақша жүйесі 18-ші ғасырдың аяғында енгізілді,

Германияда - 1871 жылы, Голландияда - 1877 жылы.

Қазіргі кезде алтын ақша материалы ретінде ешбір елде пайдаланылмайды. Қазір алтынды тек қана кәдімгі тауар ретінде сатып алуға болады. Тек осы жолмен ғана ақша алтынға ауыстырылады.

4. Ұлттық валюта.

Тәуелсіздік елдің міндетті белгілерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Қазақстан Республикасында теңге 1993 жылы қарашаның 15- сінде айналымға енгізілді. Қ. Р. - ның

Ұлттық банкі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, қолдан жасаудан қорғайды, ескірілген ақшаны айналымнан алып тыстайды.

Алғаш рет 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңге шығарылды. Бір теңге 100 тиыннан тұрды. 1, 2, 5, 10, 20, 50 қағаз тиындар шығарылды.

200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеде оң жақтан әл - Фараби суреттелген, сол жақтан - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, бұл сонымен қатар ақшаны қолдан жасаудан сақтандырады.

1994 жылдан бастап 2, 5, 10, 20, 50 тиындар монета шақалар түрінде шығарыла бастады. 1995 жылы 1, 3, 5, 10 және 20теңге номиналды шақалар, 1997 жылы 50 теңге шығарылды. Металл шақаларының қолданылуы 25 жылға дейін созылады.

2000 жылдың 1 тамызынан бастап, 1 -5 теңге ақша қағаздары, 2000 жылы 1 қарашадан 1 - 50 теңге ақша қағаздарын шығару тоқтатылды және олар металл шақаларына ауыстырылды.

Ақша шақаларымен бірге республикада мерейтой және естелік шақалалары шығарылады. Алғашқы мерейтой шақалары 100 теңге құны бар 5 күміс шақалары болды. Олар Абайдың 150 - жылдығына арналып шығарылды. Алғашқы естелік күміс шақасы “Мыңжылдық шебі” атты шақа болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы “Жібек жолы” сериясында 1000, 2500, 5000, 1 теңге құны бар алтын шақаларды шығарды. Осыдан басқа, “Алтын Адам” алтын шақасы шығарылды. Оның құны - 1000 теңге, “Түркістанға 1500 жыл” алтын шақаның құны 500 теңге.

Ұлттық валютаны енгізу - жауапты қадам. Бұл оқиға елді реформалаудың маңызды кезеңі болды.

5. Ақша айналымын тұрақтандырудың әдістері мен нышандары.

Инфляция салдарын нейтрализациялау мақсатында мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатты - экономиканы сауықтырудың жалпы экономикалық баға мен жалақыны реттеудің әдістерін, қаржыны сауықтыру, несие экспансиясын баяулату, ақша эмиссиясын жоюды қарастырады. Асқынған жағдайда ақша реформасын жүргізеді. Ол бір уақыттың өзінде-ақ материалдық-қаржының баланстанбауының себептері және салдары бола алады. Оның барлық шаруашылық механизмін жөндемей жеңу бола қоймас. Осы механизмді емдеу нәтижесіз болуы мүмкін, себебі ол инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясатты жасауды қиындатып жіберді.

Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.

Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементті - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға - түсті металургия, ауыр шаруашылығы, мұнай өндіру өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда, осы салалар басымдылықпен дамуы қажет. Сыртқы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір деңгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн.

Ақша айналымын тұрақтандыруға, ақшаны тұрақтандыруға мына тәсілдерді жатқызамыз: нөлдендіру, деволвациялау, револвациялау және деноминациялау.

Нөлдендірудің экономикалық мәні мынада : мемлекет құнсызданған қағаз ақшаны жарамсыз деп жариялауы керек. Ескі ақша белгілері жаңасына белгілі бағаммен айырбасталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы жайлы
АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы туралы
Ақша айналымының түрлері
Ақшаның маңызы
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
Ақшаның пайда болу негіздері
Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz