Қазақстан Республикасының даму кезеңдері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының даму кезеңдері

1990 жылғы жиырма бесінші қазанда сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары біздің дербестігіміздің негізін қалаған құжатқа - Егемен мемлекет туралы декларацияға қол қойды. Бұл еліміздің тәуелсіздігі тарихындағы жаңа белестерді ашқан тарихи күн болды, ол ресми түрде мемлекеттік мереке деп жарияланды. Жиырма бесінші қазанды біз Республика күні ретінде атап өтеміз.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация еліміз Конституциясының негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі болып табылады. Бұл құжатта Қазақстан “халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар” егемен мемлекет деп жарияланды. Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті, егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі.

Декларацияға қол қою тұтас бір дәуірді аяқтаған оқиға болса, ал 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігін жариялау Қазақстан үшін өз дамуының жолын дербес анықтау мүмкіндігін ашқан тұңғыш акті болды. Тоқсаныншы жылдардың басы қайта құрудан егемен мемлекетті, өзінің дербес саяси жүйесін құру белгілерімен атап өтілді. Сол тұста дербес заң актілерінің алғашқы буыны -“Қазақ КСР-інде мемлекеттік билік құрылымы мен басқаруды жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Өтпелі кезеңде Қазақ КСР Конституциясының жекелеген нормаларының күшін тоқтату туралы” заңдар өмірге келді. Қазақстанда жаңа жоғары лауазымды тұлға институты - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы енгізілді, ол халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды. Сол уақыттағы елеулі оқиғалардың бірі - республикада елдің жоғары өкілетті органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне алғашқы баламалы сайлаулардың өткізілуі болатын. Осы кезде Қазақстанда алғаш рет Президент лауазымы белгіленді, ол Республика басшысы болып табылды және өкім етуші-атқарушы жоғары билікке ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бүкіл рсепублика халқы атынан сөз сөйлеу құқығы ғана емес, сонымен бірге заң шығару саласына, ішкі және сыртқы саясатқа, Үкімет қызметін бақылауға ықпал ету құқығы берілді.

Декларацияда белгіленген заңдық нормалар шеңберінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде республика мәртебесін іске асыратын жаңа Конституция мен басқа да заңдық-құқықтық актілерді әзірлеу мүмкіндігін алды.

Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңның қабылдануы сол тұстағы ең маңызды оқиға еді. Экономикалық саладағы оқиғалардың маңыздылығы меншіктің сан алуан түрлерінің заң жүзінде бекітілуімен, салыстырмалы түрде алғанда дербес қаржы-кредит, салық және кеден саясатына негізделген экономикалық жүйенің енгізілуімен сипатталды.

Осы жылдары мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі нобайлары айқын көріне бастады. Мәселен, 1992 жыл ішінде “Қазақ КСР-ның жергілікті өзін-өз басқару және халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” Заңына өтпелі кезеңде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң, Президенттің “Экономикалық реформа жағдайларында мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметін жетілдіру туралы” Жарлығы кезек-кезегімен қабылданды. Нақ осы кезде алғаш рет Президенттен бастап жергілікті әкімшілік басшыларына дейін бірыңғай атқарушы-өкімдік жүйесі баянды етілді. Атқарушы биліктің жергілікті органдарының атауына, құрылымы мен өкілеттіктеріне түбегейлі өзгерістер енгізу “Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы және өкілетті органдар туралы” Заңмен белгіленді.

Тек ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік құрудың негіздеріне ғана емес, сонымен бірге саяси құрылымдық реформаның басталуына да 1993 жылғы Конституция өз үлесін қосты.

Ал 1995 жылы жаңа Негізгі Заңның қабылдануы Қазақстанның саяси жүйесінің осы заманғы тірегін жасаудың бастауына жол ашты, бұл кезде билік тармақтарын бөлудің қатаң қағидатын түбегейлі енгізуге бағыт ұсталды. Бұл орайда, елді дамыту үшін бүкіл жауапкершілік сол тұста Мемлекет басшысының мойнына жүктелгенін атап көрсету керек. Посткеңестік кеңістікте президенттік институт жетекші саяси институт рөлін атқарды, мұның өзі, көп ретте, сол кезеңдегі саяси ахуалдың тұрақсыздығынан және әлеуметтік-экономикалық салада басталған реформаларды тезірек аяқтау қажеттілігінен туындаған әрі өзін-өзі ақтаған шара болды. Нақ сол кезде елде жаңа мемлекеттілік негізінің іргетасы қаланды, қоғамдық дамуды реттеуге және бағыттауға қабілетті бірыңғай мемлекеттік билік қалыптасты. Басқарудың президенттік түріне көшу баянды етілді, екі палаталы кәсіби Парламент құрылды. Осының бәрі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыруға және аса маңызды проблемаларды шешуге мүмкіндік берді.

1995 жылғы Конституция негізінде мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттерін ойдағыдай шеше алғанын айту да артық болмас. Бір жағынан, Қазақстан қоғамында әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, екінші жағынан, мемлекеттік-құқықтық реттеу әдістерімен бәсекеге қабілетті рыноктық ортаны қалыптастыру, құқықтар мен бостандықтардың кең көлеміне кепілдік беру үшін қажетті жағдай жасау керек болды. Әлеуметтік қайшылықтарды жеңудің, қоғамдық келісімге қол жеткізудің, мемлекеттік билік тармақтарының өзара сындарлы іс-қимылының тетіктері де конституциялық деңгейде қалыптасты.

Осы жылдарда Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы қабылданды. Үстіміздегі жылдың 12 қазанында Астана қаласында өткен “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылдығына арналған халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы осы құжатты әзірлеу мен қабылдауды Қазақстанның осы заманғы тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп атады. Атап айтқанда, онда алғаш рет Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары айқын тұжырымдалған және оған қол жеткізудің нақты жолдары анықталған. “Бүгінде, деді Президент, біз толық негізде “Қазақстан-2030” Стратегиясы өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін толық қуаттай алды деп мәлімдей аламыз. Ол біздің дамуымыздың парадигмасын - аман қалу моделінен озық даму моделіне дейін біржолата өзгертті. Қазақстан өз экономикалық дамуының өтпелі кезеңін ойдағыдай аяқтап, алдағы жылдары жаңа сапалы өсуге дайын және қабілетті. “Қазақстан-2030” Стратегиясының шешуші мақсаты бұрынғысынша болып қала береді - біздің мемлекет 2030 жылға қарай әлемнің барынша дамыған елдерінің қатарына кіруі тиіс. Осылайша біз халқымыздың ұлы мақсатына қарай дәйектілікпен ілгерілейтін боламыз”.

Реформалаудың негізгі бағыттарын белгілеген келесі бір құжат - Президент Н. Назарбаевтың 1998 жылы Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған елдегі демократияландыру мен саяси реформалардың кең ауқымды және жан-жақты бағдарламасы болды. Бұдан кейінгі жылдар ел дамуының 10 жылдық стратегиялық жоспарын қабылдаумен аталып өтті, соған сәйкес 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған саяси және мемлекеттік құрылыс саласындағы негізгі басымдық төмендегідей түйінді міндеттерді шешуге бағытталды. Олар - биліктің үш тармағының өзара іс-қимылдарының тиімді жүйесін құру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, сайлау үдерісі тетігін жетілдіру, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның институттарын дамытуға жәрдемдесу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ұлғайту, мемлекеттік құрылыстың міндеттерін заң жүзінде қамтамасыз ету және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту саласында үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі және құқықтары туралы заңды әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен бюжеттік қатынастарды өзара жетілдіру деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу тұжырымдамасын дайындауды атап көрсету керек. Бұл жұмыстың қорытындылары бойынша мемлекеттік функциялардың оңтайлы тізбесінің, сондай-ақ басқару деңгейлері бойынша оларды шектеу жобасы әзірленді. Ол мемлекеттік әкімшілік етудің жаңа қағидаттарына және бюджетаралық қатынастардың тиісті моделдеріне көшудің базалық жағдайларын жасау үшін негізге айналды.

2005 жылы басталған саяси реформалардың дайындық кезеңі үстіміздегі жылдың мамыр айында еліміздің Конституциясына түзетулерді қабылдаумен аяқталды. Нақ осы кезеңде саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасында және “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” деп аталатын Жолдауда айтылған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында көрінісін тапқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары анықталып, айқын белгіленді.

Саяси жаңғырту бағыттарын жүзеге асыру жолындағы тағы бір маңызды қадам - Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметі болып табылады. Ол Қазақстанның демократиялық дамуының негізгі бағыттарын анықтады. Атап айтқанда, өкілетті билік органдарының - Парламент пен барлық деңгейлердегі мәслихаттардың қызметін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды, бұл елдің мемлекеттік-саяси құрылысындағы биліктің осы тармағының үлес салмағын арттырады. Сонымен Парламенттегі басым дауысқа ие партия негізінде Үкіметті құру туралы қағидатты шешім қабылданды.

Сөз жоқ, Қазақстанның саяси жүйесін реформалау елде экономикалық өсудің тұрлаулы қарқындарына қол жеткізіп, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал еткен белсенді экономикалық саясаттың арқасында мүмкін болды. Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты және жауапты мүшесі болып табылады. Дербес даму кезеңі ішінде отандық экономиканы дамытуға 50 миллиардтан астам доллар тартылды. ТМД елдері арасында халықтың жан басына шаққанда тікелей шетелдік инвестицияларды игеру көлемі жағынан, халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша, Қазақстан көш басында келеді, Орталық Азияның үлесіне тиесілі инвестициялардың 80 пайызы да Қазақстанда болып отыр. Бұл ретте негізгі капиталдағы елдің ішкі инвестициялары шамамен 70 миллиард долларды құрайды.

Қазіргі таңда Қазақстан ТМД мен Орталық Азия кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістерінің белсенді қатысушысы болып табылады. Үкіметаралық жұмыс топтары қызметінде мәшине жасауда, мұнай өңдеуде, тоқыма өнеркәсібінде, агроөнеркәсіп кешенінде, туризм, білім беру және денсаулық сақтау саласында өзара тиімді байланыстарды ұлғайту мәселелері басым бағыттар болып қалып отыр. Қазақстан капиталы өзінің экономикасын, сондай-ақ Орталық Азия елдері экономикаларын жаңғырту мен әртараптандыру міндеттерін шешуге белсенді түрде қатысуда.

Біздің еліміздің халықаралық жобаларға инвестиция құю арқылы қатысуы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, болашақта энергия ресурстарының ортақ рыногын қалыптастыруға, мұнай-газ инфрақұрылымын жаңғыртуға себін тигізеді. Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен, Оңтүстік-Шығыс Азиямен, Қытаймен инвестициялық ортақтастық саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуы да оның әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен беделінің нығая түскенін көрсетеді.

Инвестициялық үдерістерді жандандыру, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің және қызмет көрсетулердің еркін қозғалысы, бірінші кезекте, тиісті құқықтық базаны жасаумен де байланысты болып отыр. Халықаралық стандарттар аясында отандық заңнаманы үйлесімді ету жөнінде дер кезінде атқарылған жұмыстар еліміздің әлемдік экономикаға ықпалдасуын, қазақстандық брендтердің халықаралық рынокқа енуін, экономиканы әртараптандыру саласында жоғары технологиялық және ғылыми жобалардың ілгері басуын қамтамасыз етеді.

Осындай көрсеткіштермен Қазақстан өз дамуының келесі кезеңіне (ІV) шықты. Бұл - шешуші кезең немесе экономика ғылымы пайымдайтындай, табалдырықты кезең (1998-2000 жылдар) .

Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі, Ресейдегі қаржы дағдарысы Қазақстанға да соқпай кеткен жоқ. Бірақ 1996 жылдан бастап қатаң монетарлық саясат жүргізу, бюджет тапшылығын төмен ұстау, жеке секторды дамыту және ең бастысы - егемендік алғаннан кейін шын мәнісінде алғаш рет мемлекеттің реттеушілік рөлінің көрініс табуы арқасында республика макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізе алды. Экономиканың нақты секторының қарыштап қарекет етуі үшін алғышарттар жасалды. Төлемдер жасамау проблемасы шешілді, салықтардың түсуі - индикативтік жоспар шегінде, ауыл шаруашылығында күйзелісті жағдайдан шығу белең алды, отын-энергетикалық кешен, басқа да шикізат салалары дами түсті, кәсіпкерлік кызметті, соның ішінде шетел инвесторларының қызметін реттеуші заңнамалық және нормативтік-құқықтық база жетілдіріле бастады. Нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны тұрақталды.

2000 жылға дейін Қазақстан өтпелі экономиканы құрайтын проблемалардың үлкен бөлігін шеше алды.

Республиканың 2000-2005 жылдардағы даму кезеңі транзиттік ретінде сипатталады. Еліміз ұзаққа созылған жүйелі дағдарыстан нарықтық реформалардың онжылдығына қарай тұрақты даму жолына шықты. Бірақ бұл жетістіктер оңайлықпен келмеді. Ішкі жалпы өнімнің көлемі 39 %-ға жуық, өнеркәсіп өндірісі 50%-ға төмендеді. Химия және жеңіл өнеркәсібі, мәшине жасау, құрылыс материалдары индустриясы іс жүзінде құлдырап кетті. Ғылым өз әлеуетінен айрылды. Әлеуметтік сала: медицина, білім беру, мәдениет күрделі жағдайға тап болды. Жұмыссыздық деңгейі жоғары. 10% шылқыған байлар мен 10% кедейлер арасындағы кірістер айырмасы 11 еседен асады, яғни әлемдік индекстер ұсынылымынан 3-4 есе көп.

Экономиканы орнықты ұстау, қоғамдық-саяси үрдістерді тұрақтандыру, әлеуметтік саланы қайтадан жандандыру мынадай шараларды жүзеге асырғанда ғана мүмкін. Бұлар: мемлекеттік реттеу мен бақылауды жандандыру; пәрменді институттық қайта құру; сыбайлас жемқорлықпен және басқа да қылмыстармен белсене күресу; энергетикада жоспарлы бағдарламаларды орындау; жұмыс істейтін қуаттарды оңалту, өз энергия ресурстарын айналымға жедел енгізу, экспортқа шығарылатындарын жасау есебінен тапшылықты жою, саланы жаңғырту және техникалық жағынан қайта жарақтандыру. Тек осы шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын еді.

Мұнай шығару және өңдеу салаларындағы стратегиялық бағыт - мұнай шығарудың ілгерілеу әдісін енгізу, мұнай қайтарымын ұлғайту, көлік арналарын тұрғызу және басқалары.

Қара металлургия саласында: металл сыйымдылығын азайту мен экспорттық әлеуетті ұлғайту; түсті металлургияны дамыту тиімділігі жоғары осы заманғы саланы құру. Көлік-коммуникация саласында халықаралық қызмет көрсету базасы кеңейтілуі керек. Ауыл шаруашылығы күйзеліс жайдан шығуға, бәсекелесуге қабілетті астық өнімдерін бірсыдырғы арттыруға, шикізатты ұқсатуға бағдарланады. Әлеуметтік саланы қалпына келтіруге көптеген инвестициялар талап етіледі.

Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында белгіленген осынау міндеттер кейбіреулерге қол жетпестей болып көрінгені бар. Жолдау жарияланғаннан кейін қайсыбір басшылардың бет әлпетінен сенімсіздік реңі байқалды, ал бұрынғы кейбір басшылар қатарына қосылған оппозиция Президент тапсырмаларын “өткір” сынға алды.

Алайда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004 жылғы және 2005 жылдың қаңтарындағы қорытындылары Мемлекет басшысы болжамының дұрыстығын дәлелдейді. Нақты ішкі жалпы өнімнің өсуі 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9, 4 % болды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 %-ға өсіп, қолданыстағы бағалармен 47, 5 млрд. теңге болды. Кен өнеркәсібінде - 12, 8 %, өңдеу өнеркәсібінде - 4, 8%, электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлуде - 8, 6 %, ауыл шаруашылығында 3, 5 % ұлғайды. Бөлшек тауар айналымы 2005 жылғы қаңтарда 92, 5 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағыдан 9, 9 % көп.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2005 жылғы қаңтарда 97, 1 млрд. теңгеге тең болды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегіден 61 %-ға жоғары.

2005 жылғы 1 қаңтарда елде 209884 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелді, оның ішінде адам саны 50-ге дейінгісі 196952 субъект, іс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар - 157843.

Халықтың нақты ақшалай табыстары 2004 жылғы желтоқсанда 2003 жылмен салыстырғанда 12, 8%, жалақы -18, 5%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы қаңтарда экономика жағынан белсенді халық санының 8, 6%-ын құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
2015 жылға дейінгі елді дамытудың индустриалды-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері туралы
Конституцияға қайшы елсе
Қазақстандағы мамандандырылған соттар жүйесін құру
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы
Банк қызметі
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz