Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы



Кіріспе
1. Тарау Адам өлтірудің қылмыстық.құқықтық сипаттамасы
1.1. Адам өлтірудің ұғымы
1.2. Адам өлтірудің объективтік белгілері
1.3. Адам өлтірудің субъективтік белгілері
2 тарау Адам өлтіруді топтастыру
2.1. Жеңілдететін және ауырлататын мән.жайларсыз адам өлтіру
2.2. Ауырлататын мән.жайларда адам өлтіру
2.3. Жеңілдететін мән жайларда адам өлтіру
Қорытынды
Библиография
Ата заңымызға сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің де адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ.
Адамға қарсы жасалынатын қылмыстардың ең қауіптісі - адам өлтіру.
Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды.
Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады.
Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақ Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін ашып бастайды, осы бөлімнің бірінші тарауы болып танылады, жәнеде алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.
Барлық елдердің заңдарында адам өлтіру аса ауыр қылмыс болып саналады. Адам өлтіру құқықтық саралауды және жаза тағайындауды қарау барысында елеулі қиындықтар тудыратын қылмыстарға жатады.
Бұл қиындықтар осындай қылмыстарды жасау барысындағы әртүрлі ситуациялардың көп болуымен, өзінің ізін жасырудан қылмысқа тыңғылықты дайындалумен, бұл қылмыстардың нақты белгілерін теріс түсінуге алып келеді.
Өмірге қарсы қылмыстарды саралау мәселесімен және қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданумен мынадай қөрнекті ғалымдар: Шаргородский М.Д., Шестаков Д.А., Жижиленко А.А., Загородников Н.И., Бородин С.В. айналысты және айналысуда, олар қылмыстық құқық теориясының дамуына елеулі еңбек сіңірді.
Жұмыста адам өлтіру жауаптылығының әртүрлі аспектілері, осы қылмыстарды саралау, адам өлтіру түрінің әртүрлі құрамының белгілерін ескере отыра қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану шарты қарастырылады және олардың сараланған белгілері, тәжірибеден материалдар келтіріледі.
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. «Бөркітң 1998ж.
2. Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күресу мәселелеріне байланысты заң актілеріне өзгерістер және толықтырулар жөніндегі 5 мамыр 2000 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Алматы «Баспаң 1997ж.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I. Большой юридический словарь. Под ред. А.Я. Сухарева, В.Д. Зорькина. М., Инфра-м, 1997
II. Уголовное право. Учебник. Общая часть. Под ред Б.В. Здравомыслова М., 1994
III. Комментарий к Уголовному Кодексу РК 2030, под ред. И.И. Рогова. А., 199
IV. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлімі. А.Н. Ағибаев Жеті жарғы, Алматы 1998
V. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Жеті жарғы, Алматы 1997
VI. Учение о соучастии по Советскому уголовному праву. Бурчак

Арнайы әдебиеті
1. Андреева Л.А. Квалификация умышленных убийств, совершенных при отягчающих обстоятельствах. Ленинград, 1989
2. Аниянц М.К.Ответственность за преступления против жизни. мОсква, 1964
3. Беляев В.Г., Свидлов Н.М. Вопросы квалификации убийств. Москва. 1984
4. Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказание по Российскому уголовному праву. Москва.1996
5. Бородин С.В. Преступления против жизни. Москва.1999
6. Волков Б.С. Мотивы преступлений. Казань, 1982
7. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона и ее установление. Воронеж 1974
8. Жижиленко А.А. Преступления против личности. Москва-Ленинград 1927
9. Загородников Н.И. Преступления против жизни по Советскому уголовному праву. Москва. 1961.
10. Кириченко В.Ф. Основные вопросы учения о необходимой обороне. Москва.1961
11. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Под ред. И.И. Рогова, С.М. Рахметова. Алматы.1999.
12. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления.Москва.1960
13. Курс Советского уголовного права. Т.2.Москва.1970
14. Курс Советского уголовного права.т.5. Москва.1971
15. Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. Москва. 1991.
16. Мамутов А. Преступления, составляющие пережитки патриархально-родового быта.Алма-Ата 1963
17. Наумов А.В. Мотивы убийства. Волгоград 1973
18. Никифоров Б.С. Объект преступления по Советскому уголовному праву. Москва 1960
19. Нергалиев Б.Н. Организованная преступная деятельность: уголовно-правовые, процессуальные и криминологические аспекты. Караганда 1997
20. Побегайло Э.Ф. Умышленные убийства и борьба с ними. Воронеж 1965
21. Российское уголовное право. Оосбенная часть. Москва 1998
22. Сидоров Б.В. Аффект. Его уголовно-правовое и криминологическое значение. Казань 1978
23. Ткаченко В.И. Необходимая оборона по уголовному праву. Москва 1979
24. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. Москва 1960
25. Уголовное право. Особенная часть. Москва 1998
26. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. /Под ред. И.Ш.Борчашвили, С.М. Рахметов. Алматы 1999
27. Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья. Москва 1948
28. Шаргородский М.Д. Ответственность за преступления против личности. Москва 1953
29. Шестаков Д.А. Супружеское убийство как общественная проблема. Санкт-Петербург 1992

Диссертациялық зерттеу
30. Плаксина Т.А. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук на тему: Ответственность за убийство из мести по Российскому уголовному праву. Москва. МГУ.1995

Тәжірбиелік материалдар
31. Алматы облыстық сотының архиві
32. Алматы қалалық Бостандық аудандық сотының архиві
33. Аламаты қалалық Жетісу аудандық сотының архиві
34. Қарағанды сотының архиві
35. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 3, 1995
36. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 4, 5, 1998
37. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 7, 1998
38. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 1, 1999
39. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бюлетені № 1, 1993

Мазмұны

Кіріспе

1. Тарау Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1. Адам өлтірудің ұғымы
2. Адам өлтірудің объективтік белгілері
3. Адам өлтірудің субъективтік белгілері

2 тарау Адам өлтіруді топтастыру

2.1. Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтіру
2.2. Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру
2.3. Жеңілдететін мән жайларда адам өлтіру

Қорытынды

Библиография

Кіріспе

Ата заңымызға сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің де
адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ.
Адамға қарсы жасалынатын қылмыстардың ең қауіптісі - адам өлтіру.
Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың
құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым
міндеттері ретінде қояды.
Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық
нормалармен де жүзеге асырылады.
Жеке адамға қарсы қылмыстар Қазақ Республикасы Қылмыстық кодексінің
Ерекше бөлімін ашып бастайды, осы бөлімнің бірінші тарауы болып танылады,
жәнеде алғашқы баптар адам өлтіруден басталады.
Барлық елдердің заңдарында адам өлтіру аса ауыр қылмыс болып саналады.
Адам өлтіру құқықтық саралауды және жаза тағайындауды қарау барысында
елеулі қиындықтар тудыратын қылмыстарға жатады.
Бұл қиындықтар осындай қылмыстарды жасау барысындағы әртүрлі
ситуациялардың көп болуымен, өзінің ізін жасырудан қылмысқа тыңғылықты
дайындалумен, бұл қылмыстардың нақты белгілерін теріс түсінуге алып келеді.
Өмірге қарсы қылмыстарды саралау мәселесімен және қылмыстық-құқықтық
нормаларды қолданумен мынадай қөрнекті ғалымдар: Шаргородский М.Д.,
Шестаков Д.А., Жижиленко А.А., Загородников Н.И., Бородин С.В. айналысты
және айналысуда, олар қылмыстық құқық теориясының дамуына елеулі еңбек
сіңірді.
Жұмыста адам өлтіру жауаптылығының әртүрлі аспектілері, осы
қылмыстарды саралау, адам өлтіру түрінің әртүрлі құрамының белгілерін
ескере отыра қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану шарты қарастырылады және
олардың сараланған белгілері, тәжірибеден материалдар келтіріледі.

1 тарау. Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1. Адам өлтірудің ұғымы

Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және
аяққы кезеңдерін анықтау қажет.
Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және
бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның
өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның
өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің
басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы
болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.
Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы мәселе
болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және жүректің
соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Басқалары жүректің соғуын өмірдің
абсолюті емес дәлелдемесі деп санайды.
Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық
өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы талассыз екендігі мойындалған. Осы
өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық деп
атайды.
Мынадай жағдай кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған кезден кейін
тыныс алу және жүректің соғуын қалпына келтіре отыра адамның өмірін қалпына
келтіруге болады. Әсіресе соңғы жылдардағы медицина ғылымы және
реаниматология саласындағы тәжірибедегі жетістіктер. Бір сәттік құбылыс
ретіндегі қатынастардың өзгеруіне көмектесті.
Адам өлімінің туындауы жөнінде тек биологиялық өлім ғана куаландырады,
яғни ағзаның біртұтастық ретіндегі қалпына келмейтін өлу жағдайы, жүрек
қызметінің тоқтауы ірі артериялар соғуының жоғалуы тыныс алудың тоқтауы,
орталық нерв жүйесі функциясының жойылуын айтамыз.
Өмірден құқыққа сай айыруға, бақытсыздық жағдайға және өзін-өзі
өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі
Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады.
Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін айыру және бақытсыздық
жағдайында өлуді адам өлтіруге жатқызбас үшін С.В. Бородин былай деп
санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айыруына баса көңіл
аудару қажет деп санайды. Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа адамның
өмірін айыру жөнінде сөз болуы керек.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде адам өлтіру ұғымының
анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы
қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты
береді. Осы үғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға
қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен
жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін
құрайды.
М.Д. Шаргородский өзінің Денсаулыққа және өмірге қарсы қылмыстанң
деген монографиясында адам өлтіруге сонымен бірге тек басқа адамға қаза
келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді ол осы ұғымның шегінен тыс
қалдырады.1
Бұл жерде бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп
санайды. Бородин С.В. былай деп жазады: Адам өлтірудің заң анықтамасында,
біздің қөзқарасымызда іс-әрекеттің құқыққа қайшы және кінәлігіне нұсқауы
жетпейді деп атайдың.2

2. Адам өлтірудің объективті белгілері
Адам өлтірудің объектісі

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық объектісі болып қылмыстық заңмен
қорғалынатын қоғамдық қатынастар делінеді.3
Адам өлтірудің объектісі болып адамның өмірі танылады. Қылмыстық заң
өмірді туғаннан бастап қаза болғанша қорғайды. Өмірдің басталуы деп
физиолгиялық туудың басталуы танылады.
Өмірдің аяқталуы деп орталық нерв жүйесі қызметінің толық тоқтатылуын
айтамыз, ағзада қайталанбайтын процестер жүреді және өмірдің қызметін
қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Адамның өмірі ұғымын тек биологиялық процестерге әкеп тіреу дурыс емес
болар еді. Адамның өмірі қоғамдық сипатқа ие, оны қорғау қоғамдағы билік
етуші қатынастармен анықталады, Б.С. Никифоров адамның мүддесін өзінен
анықтау мүмкін емес және қоғамдық қатынастардың шеңберінде адамды шығуды
дұрыс санайдың4 Адамның өмірі қоғамдық қатынастардын ажырағысыз, сондықтан
адам өлтіру барысында қылмыстық қол сұғушылықтық объектісі болып осы
игіліктерді қамтамасыз ететін адамның өмірі және қоғамдық қатынастар
танылады.
Адамның өлуіне байланысты оның өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау
тоқтайды.

Адамның өмірі қоғамдағы және мемлекеттегі ең құнды және игілік болады,
оны қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында
белгіленген.
Қазақстан Республикасы 15 бабы былай дейді:
ªркҢмнің өмір құқығы бар. Ешкім де адамның өмірінен айыруға құқы
жоқң.

Адам өлтірудің объективтік жағы

Қылмыстың объективтік жағы заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамға -
қауіпті және құқыққа қайшы қолсұғушылық процесін айтамыз және құбылыстардың
рет-ретімен даму көзқарасы бойынша, субъектінің қылмыстық әрекетінен
(әрекетсіздігінен) басталады және қылмыстық нәтиженің зардабымен
аяқталады.5
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамның өмірін айырудан тұрады.
Адам өлтіру әрекет немесе әрекетсіздік арқылы да жасалады. Ең алдымен адам
өлтіру басқа адамның өмірлік маңызды органдарының функциясын немесе
анатомиялық біртұтастығын бұзуға бағытталған әрекет жолымен жасалады.
Адам өлтірудің объективтік жағының белгісі ретіндегі іс-әрекетінің
тәсілін анықтау оны саралау үшін елеулі маңызы бар. Бірқатар адам өлтіруді
жасау барысында адам өлтіру тәсілі сараланған мән-жай болып танылады.
Адам өлтірудің объективтік жағын талдау барысында әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыстың тек сыртқы белгісі болып танылатындығын ескеру
қажет.
Бұл ең алдымен оның қоғмға қауіптілігі ең соңында жәбірленушінің
өлуіне байланысты келтірілген зияннан көрінеді. Оның туындауы қылмыстық іс-
әрекеттің зардабы ретінде адам өлтірудің объективті жағының міндетті
белгісі болып танылады.
Кінәлінің әрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде мұндай зардаптың
туындамауы қылмысты аяқталған деп мойындауын және адам өлтіруге дайындалу
немесе оқталудың болуы Қазаақстан Республикасы кодексінің 24 бабын қолданып
саралауға әкеледі.
Адам өлтіру барысында объективтік жақтың тағы бір белгісі болып
кінәлінің әрекеті (әрекетсіздігі)нің арасындағы себепті байланыс және
жәбірленушеге қаза келтірудің туындауы танылады. Іс-әрекет және туындаған
зардаптың арасындағы себепті байланыс мәселесін шешу барысында оның
объективті түрде өмір сүретіндігін ескеру қажет.
Іс-әрекет және жәбірленушіге туындаған өлімнің арасындағы себепті
байланыстың болмауы немесе өмірінен айыруға байланысты қылмыстық
жауаптылықты толық жоққа шығарады, немесе басқа да саралауға әкеледі.
Объективтік жақтың сипаттамасына адам өлтіруді жасаудың нақты жағдайы
да жатады. Ол себепті байланыстың болуы немесе болмауы мәселесін шешу үшін
маңызға ғана ие емес, осы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе
осы қылмысты саралау үшін белгілі бір жағдайларда маңызды.

Адам өлтіру субъектісі

Қылмыстың субъектісі болып заңмен белгіленген жасқа толған есі-дұрыс
адам болады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабындағы адам өлтірудің субъектісі болып ақыл
есі дұрыс қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған адам, адам өлтірудің
қалған барлық түрлері бойынша тиісінше 16 жас таңылады.
Бірақта жас және есі-дұрыстық қылмыс құрамының белгілеріне жатпайды,
тек қылмыстық жауаптылық туындататын шарты болып танылады. А.Н. Трайнин жас
және есі-дұрыстық тек қылмыстық жауаптылық тудыратын субъективті шарттары
болып танылады, қылмыстық заң қылмыскерді белгілі бір жасқа толғаны үшін
немесе есі-дұрыстығы үшін емес, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыстығы
шартында қылмысты жасағандығы үшін жазалайды деп дұрыс атап корсетті.6
Жасты және есі дұрыстықты бұлай түсіндіру, жасөспірім және есі-дұрыс
емес адаммен жасалған басқа адамның өмірін айырудағы кез келген іс-әрекет
оның қоғамға қауіптілігін жоққа шығармайды, тек қылмыстық жауаптылықты
азайтады.
Адам өлтірудің субъектісіне қатысты заң жоғарыда келтірілгендерден
басқа ешқандай шарттарды ұсынбайды. Заңда тек осы қылмысты саралауға әсер
ететін адам өлтіру субъектісінің жекелеген белгілері ғана аталады. Бұрын
адам өлтіруді жасаған адамның қайталап адам өлтіруі Қылмыстық кодекстің 96
бабы 2 бөлігі иң тармағына сәйкес саралауғы әкеледі, өйткені субъектінің
бұл белгісі заңда ауырлататын адам өлтіру ретінде тікелей көрсетілген.

Адам өлтірудің субъективтік жағы

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективтік жағын субъектінің
өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қасақаналық және абайсыздық
зардабына психологиялық қатынасы ретінде деп атап көрсетеді.7

Адам өлтіру субъективтік жағынан тек қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Кінәлі басқа адамның өміріне қол сұғатындығын сезінеді
жәбірленушіге өлім келетіндігі нақты мүмкіндігін көре біледі және

оның туындауын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе саналы түрде жол
береді (жанама қасақаналық).
Адам өлтіруге оқталу тек тікелей қасақаналықпен болуы мүмкін.
Кінәлінің қасақаналығының ниетінің мазмұнының мәселесіне шешу
барысында қылмыстардың барлық мән-жайларының жиынтығынан шығуы керек,
нақтырақ айтқанда кінәлі және жәбірленушінің мінез-құлқына алғышарт
болатын, олардың өзара қатынасын, қылмыстың іс-әрекетін тоқтатылу
себептері, қылмысты істеудың әдісі құралы, жарақаттың сипаты және көлемі,
мысалы өмірлік маңызды органдарға, сондай-ақ кінәлінің одан кейінгі мінез-
құлқы.
Адам өлтіруге оқталудың дәлелденген жағдайында жәбірленуші үшін
туындаған зардаптар үшін қосымша саралау талап етілмейді.
Адам өлтірудің субъективтік жақты сипаттайтын мән-жайларға, сондай-ақ
ниет. Мақсат, эмоция да кіреді.
Олар құрамның міндетті белгілері ретінде болуы мүмкін (мысалы, басқа
қылмысты жасыру мақсаты адам өлтірудің міндеті белгісі болып танылады,
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі кң тармақшасы бойынша сараланады,жан
күйзелісі жағдайынды - Қылмыстық кодекстің 98 бабының міндетті белгісі)
немесе жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде жазаны даралауда
ескеріледі.

2 тарау. Адам өлтіруді топтастыру

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі тек қасақана адам
өлтірулерді ғана қамтиды. Абайсызда адамға өлім келтіруді жұмыс істеп-
тұрған Қылмыстық кодекс адам өлтіруге жатқызбайды.
Қасақана адам өлтіруді келесі үш түрге бөледі:
1) Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру (қылмыстық
кодекстің 96 бабы 1 бөлігі);
2) Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2
бөлігі);
3) Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 97-100
баптары)
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде көздеген адам өлтіру немесе
жайң адам өлтіру осы қылмыс түрлерінің негізгі құрамы деп аталады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінде көздеген адам өлтіру осы
қылмыс түрінің сараланған құрамы деп танылады. Баптың осы бөлігі
ауырлататын он үш мән-жай тармақтан тұрады.
Жеңілдететін мән-жайларда осы қылмыс түрлерінің (басымдық) құрамына
жатады. Қылмыстың осы түріне Қылмыстық кодекстің 97, 98, 99, 100 баптарында
көзделген адам өлтірулер жатады.
Әр адам өлтіруді қарау осы ретпен жүргізіледі.

2.1. Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру

Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру немесе
жайң адам өлтіру қылмыстың осы түрінің негізгі құрамы боп аталады.
Сондықтан адам өлтіруді саралау барысында туындайтын мәселелерді қарауды
осыдан бастаған жөн.
Жай адам өлтірудің кең тараған түрлері ретінде төмендегілерге тоқтала
кетуімізге болады.

Қызғаныш салдарынан адам өлтіру

Қасақана адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш әдебиеттерде әртүрлі
бағалауға ие болды. Э.Ф. Побегайло қызғаныш өзінен өзі пайдақорлық
көзқарасы. болып танылмайды деп есептейді. М.К. Аниянц қызғаныш - адамда
қандай себепте туындамауына қарамастан ол ескінің жағымсыз қалдығы, осындай
ниетте адам өлтіру қатаң жазалануы тиіс деген пікірдең.
Адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш осы мән-жайлардың күшінде
жағымсыз бағалауға ие болады.8 Бірақ та бұл жеке қарауды жоққа шығармайды,
қызғаныштан адам өлтірудің қоғамға қауіптілік дәрежесі, кез келген
өлтірудегідей жасалған қылмыстың нақты мән-жайларымен байланысты анықталуы
тиіс. Сондықтан қызғаныштың пайда болу себебін назардан тыс қалдыруға
болмайды, қызғаныш ниетінен адам өлтіруді жасау барысында немесе жасау
алдында жәбірленушінің ролі және мінез-құлқын ескермеу қателікке жол
берілетін еді. Қызғаныштың пайда болу себебі тек кінәлінің жаза шарасына
ғана емес, оның әрекетін саралауға да әсер етеді.
Еркек және әйелдің қарым-қатынасына байланысты адам өлтірулер көбінесе
эротикалық қызғаныш нәтижесінде жасалады. Ол сүйікті адамының нақты немесе
сезіктену барысында уайымдану кешенінен тұрады және күрделі психологиялық
құрылыммен, эмоциональдық әсер ету және жағдайлармен (көре алмау, қызғаныш,
дабыл, ашу және т.б.), қиналу арқылы күмәндану, интеллектуалды және
еріктілік салаларындағы күрделі көріністермен, мінез-құлықтың күрделі
нысанымен, адам өлтіруді қосқанда әлеуметтік қауіптілікті түрінде
сипатталады.
Бірақ эротикалық қызғаныш әділетті атап өтілгеніндей жұбайына деген
мұқият қатынасқа түрткі болуы мүмкін.9
Психиатрлар қалыпты қызғаныш, он бағалы (сверхценный) қызғаныш осы
және сандырақ (бред) қызғанышы деп ажыратады. Адам өлтіру істерін тергеу
және соттық қарау барысында қызғаныштың сипатын анықтау қажет. Соңғы екі
жағдайларда адам өлтіру есі-дұрыс еместік жағдайында келтірілуі мүмкін.
Бірақ қызғанышты тудыратын жағдайды шектеу дұрыс емес болар еді.
Жасөспірімдермен жасалған қызғаныш ниетіндегі бірқатар адам өлтірулер бізге
белгілі, өлтірілген (ағасына немесе қарындасына) ата-анасы немесе басқа да
туысқандар осы қылмысты жасаған адамға қарағанда жақсы көзқарастаң
болғандығы анықталған.
Қызғаныштан адам өлтіруге түрткі болып көбінесе жалған немесе нақты
көзіне шөп салу танылады.
Мынадай фактілер де кездесуі мүмкін, жәбірленушінің тұрмысқа шығуына
немесе жәбірленушінің үйленуіне бас тартқан жағдайда адам өлтіру қызғаныш
арқылы жасалды деп танылады.
Қызғаныштан адам өлтіруге басқа да түрткі болып жәбірленушінің бірге
тұрудан бас тартуы болуы мүмкін.
Бірге тұрудан бас тартқандығы үшін адам өлтіруді сот тәжірибесінде
қызғаныштан адам өлтіруге жатқызу мәселесі даулы болып саналады. Кейбір
жағдайларда мұндай адам өлтірулерді соттар кек алу арқылы адам өлтіру деп
таниды.
Біздің пікірімізше мұндай адам өлтіруден қызғаныш арқылы адам өлтіруге
жатқызылуы тиіс.
Осы мәселені шешу күрделілігі мынадан көрінеді, адам өлтіру кезіндегі
қызғаныш әрқашанда кеті тудыратын зұлымдық элементін құрайды. Сондықтан
қызғаныш арқылы адам өлтіру өте көп жағдайларда кек алу арқылы адам өлтіру
боп танылады, кек алуға түрткі болып опасыздық немесе бөлінбеген махабат
танылады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабындағы адам өлтіруді саралау үшін жеке бас
қатынастарына түрткі болған кек алу және қызғаныш ниеттерін ажырату маңызға
ие емес, өйткені кез-келген жағдайда осы бап қолданылады. Бірақ та осы
жағдайда кінәлік жаза тағайындауда ықпал ете алатын, ол қылмысты жасауға
әсер ететін себептен және шарттарды анықтауға және жоюға байланысты адам
өлтірудің ниетін анықтау қажеттілігін жоққа шығаруға болмайды.
Барлық көрсетілген жағдайдарда қызғаныштың үшін негіздердің болуы
немесе болмауына байланысты емес адам өлтірудің жеңілдететін мән-жайы боп
табылмайтын. Пайдакүнемді эгоисттік сезімнен тұрады. Сонымен бірге қызғаныш
адам мінез-құлқының ниеті ретінде көптеген басқа да кез-келген сәттерден
тұрады. Кейде қызғаныш үшін түрткі болады, кейде ол қиялдың және негізсіз
сезіктенудің жемісі. Бірақ кез келген жағдайда адам өлтіруді ауырлататын
хағдайда жасалды деп санауы үшін қызғаныш ниеті өзіне-өзі жеткіліксіз боп
табылады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігін қолдану үшін осы баппен
көзделген қызғаныш ниетін мән-жайы болуы қажет.
Кей жағдайларда қызғаныштан адам өлтіру басқа адамның тарапында
әдепсіз әрекеттермен шақырылған кенеттен күшті жан толғанысы жағдайында
жасалуы мүмкін. Мысалы, кінәлінің адам өлтіруге қатысуымен жасалған
тұлғаның опасыздығы.
Әдебиетте кейде мынадай пікірлер бар, қызғанышпен адам өлтіру
көбінесе физиологиялық жан-күйзелісі жағдайында
жасалады деген. Бірақ та тәжірибені зерттеу мынаны көрсетеді, қызғанышпен
адам өлтіру жан күйзелісі жағдайында жасалған деп танылады мынадай сирек
жағдайларда, өйткені қызғаныш сезімі көбінесе кезең-кезеңімен дамиды
және жалпы ереже бойынша
қасақандылықтан пайда болуы Қылмыстық кодекстің 98 бабын қолдану үшін
қажетті кенеттен пайда болу жоқ.
Д.А. Шестаков жұбайлық адам өлтіру мәселесін криминологиялық аспектіде
зерттей отыра, қызғаныштан басқа қылмыстардың мынадай ниеттерін атап
көрсетеді, өзін-өзі бекіту реніші, қамқорлықтан қашу және т.б.10 Барлық
осы ниеттер қызғанышпен байланысты болады, бірақ олар өздері қызғаныш
ретінде қылмыстық заңды қолдану үшін дербес маңызға ие болмайды, бірақ та
адам өлтіруді саралаудың бірінші кезеңінде оның мән-жайларын анықтау үшін
бағыттаушы маңызға ие.
Егер ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар болмаса, онда аталған
ниеттердің әрқайсысы ҚК 96 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстарды саралау
барысында үкімді (формулировку) негізіне жатқызылуы мүмкін.

Ұрыс немесе төбелес кезінде адам өлтіру

Тәжірибені зерттеу көрсеткеніндей ұрыс немесе төбелес кезінде жасалған
адам өлтірудің бірқатар бөлігі Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі бойынша
сараланады. Төбелес немесе ұрыс кезінде адам өлтіру ауырлататын немесе
жеңілдететін мән-жайлар болмаған кезде 96 баптың 1 бөлігі бойынша
сараланады.
Мысалы, облыстық соттың үкімімен Кунеев Т.Н. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 96 бабы 2 бөлігі дң тармағы бойынша сотталған. Сотпен
ол өзінің ауылдасын аса қатігездікпен адам өлтіру кінәлі деп танылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот
алқасы сот үкімін мынадай негіздер бойынша өзгертті, қылмыстық істің
материалдарымен анықталғанындай, Кунеев және 1998 жылдың 13-ші ақпаннан 14-
не қаратан түні Арам Тоба поселкесінде маскүнемдік жағдайларында поселкенің
Мәдениет Үйінің қасында түнгі сағат екілердің шамасында олардың арасында
ұрыс-керіс және төбелес басталды. Төбелес барысында Кунеев Д-ны ұрды және
оқиға болған жатқызып қалдырып кетті. Кунеевтің ұрып-соғуынан алынған ауыр
дене жарақатынан Д. қайтыс болды. Таңертең мәйіт оны ұрып-соққан орыннан
табылды.
Бірінші сатылы сот сотталушы Кунеевтің әрекетінде аса қатегездік
белгісі бар деп негізсіз таныды. Сотталушы онымен ешқандай да аса
азаптау мақсаты қойылмағандығын айтты,
кінәлінің әрекетінде ешқандай аса қатігездіктің болуының объективтік
белгілері көрінбейді.
Алынған жарақаттар аса қатігездік деп соттың қорытынды жасауына
әкелмейді, ол тек адам өлтіруге қасақаналықты білдіреді.
Мұнадай жағдайларда, яғни аса қатігездік белгілерінің болмауы
жағдайында, қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасы сотталушының әрекеті
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі бойынша ауырлатпайтын мән-жай бойынша
адам өлтіру деп саралануға жатады.11
Төбелес немесе ұрыс-керіс кезінде адам өлтірудің өзі мұндай адам
өлтіруді кенеттен пайда болған жан толғанысы жағдайында немесе қажетті
қорғаныс шетінен шығу әлде абайсыздықпен адамға өлім келтіру деп жатқызатын
мән-жайдың болуын жоққа шығармайды. Осы белгілердің болуы жағдайында
төбелес немесе ұрыс-керіс жағдайында адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 98,
99, 100 баптарымен саралануы тиіс. Мынадай жағдайларда төбелес кезінде
қасақана өмірінен айыру оның шектерінен шықпай қажетті қорғану жағдайында
жасалса, оның қылмыс құрамының мазмұны болмайды.
Ұрыс немесе төбелес жағдайында адам өлтіруді саралау мәселесін шешу
барысында ең алдымен мыналарды ескеру керек, адам өлтірудің ниеттері
қандай, ұрыс немесе төбелес адам өлтіруді ауырлататын мән-жайда жасалған
деп танитын ниеттердің болуын жоқаа шығармайды. Төбелес немесе ұрыс
жәбірленушімен арақатынасты күрделендіруге, одан кейін адам өлтіруге себеп
болады.
Көбінесе төбелес немесе ұрыс жағдайында адам өлтіру істерін қарау
барысында оларды бұзақылық ниетпен туындаған адам өлтіруден ажырату
мәселесі қойылады.
Осы қылмыстарды ажырату көбінесе төбелес немесе ұрыстың
(ұйымдастырушысы) кім болғандығы мәселесін алға тартады. Кейбір судьялар
егер төбелес немесе ұрыстың (ұйымдастырушысы) жәбірленуші болса, онда адам
өлтіру Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі бойынша саралануы тиіс дейді.
Адам өлтіруді (зачинщик) жасаған жағдайда, ол бұзақылық ниетпен жасалған
деп саналады.
Кейбір істер бойынша соттар қолданылу негіздеріне Қылмыстық кодекстің
96 бабы 1 бөлігі бойынша төбелес кезінде адам өлтіруде ол (өзара келісімі)
болды деп сілтеме жасайды, яғни кінәлі және жәбірленуші бір-бірін ұрып-
соқты дейді. Осындай көзқарасы бірнеше рет В.В. Харазишвили айтты, қасақана
адам өлтіру, егер ол (өзара келісім арқылы) төбелестің нәтижесі болса
әрқашан Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі бойынша саралануы тиіс.
Нақтылығында бұл мән-жай негізгі маңызға ие емес, өйткені адам өлтіру
ауырлататын жағдайда да, жан күйзелісі немесе қажетті қорғаныс жағдайында
жасалуы мүмкін.
Революцияға дейінгі әдебиетте төбелес немесе ұрыс жағдайында жасалған
адам өлтіру деп, өлтірілген адам төбелес немесе ұрыс-керістің қатысушысы
болған жағдайда ғана жатқызылады. Сонымен бірге төбелес немесе ұрыс
жағдайында адам өлтіру жағдайын мұқият зерттеу қажеттілігіне баса назар
аударылады, өйткені мұндай мән-жайларда абайсыздықпен адамға өлім келтіру
жоққа шығарылмайды.
Кейбір тәжірибелік қызметкерлер ұрысң және төбелесң арасында, екінші
жағынан ниетпен - екеуіне де тең ұғым дейді. Бұл қате пікір. Ұрысң және
төбелесң тек белгілі бір ниетпен жасалған талассыз адам өлтірудің мән-
жайы. Төбелес немесе ұрыс жағдайында адам өлтірудің ниеттерін талдау
көрсеткеніндей, олар әртүрлі болып келеді. Өйткені бұлар бұзақылық ниеттер
болуы мүмкін, көре алмау, қызғаныш, кек алу, пайдакүнемдік, қорқақтық,
маскүнем күйеуінен құтылуды тілеу, некеге тұруды жеңілдету және т.б.
Төбелес және ұрыс кезінде адам өлтіруді саралау үшін айтылғандарды
қорытындылай келе, адам өлтіру ісі бойынша ең алдымен өзіне назар
аудартатын төбелес немесе ұрыстың болуын (механикалық констатировать) етпеу
маңызы, жасалған қылмыстың ниеті және нақты жағдайларын анықтау қажет. Адам
өлтіру барысында төбелес немесе ұрыс нақты істің мән-жайларын ескермейінше
қылмыстарды саралау үшін негізгі белгілер болып танылмайды. Сондықтан заң
төбелесті және ұрысты адам өлтіруді саралау үшін ықпар ететін жағдайларға
жатқызбайды.
Жайң адам өлтірудің басқа да түрлері Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1
бөлігінде көзделген адам өлтіруге тергеу және сот тәжірибесінде сирек
кездесетін адам өлтірудің басқа да түрлері жатады. Олардың жалпы белгісі
болып саралауға әсер ете алатын жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін
мән-жайлардың болмауы танылады.
Жәбірленушінің құқыққа сай емес әрекеттермен байланысты кінәлінің
жасаған адам өлтіруіне Қылмыстық кодекстің 96 бабының 2 бөлігін, 98, 99
баптарды қолдануды жоққа шығарады, Қылмыстық кодекстің 96 бабының 1
бөлігімен сараланады.
Қарастырылып жатқан адам өлтірудің түріне билік өкілінің
немесе мемлекеттік, қоғамдық және басқа да мүлікті қорғайтын
адамның қарудың құқыққа сай емес қолданылуының нәтижесінде жәбірленушінің
олардың заңды талаптарын орындамауы жатады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі бойынша мезгілсіз қорғану
барысында жасалған адам өлтіруді саралауды да жатқызамыз. Мұндай
жағдайларда шабуыл жасау болмайды, тиісінше, мұндай адам өлтіру қажетті
қорғаныс жағдайында және оның шегінен шығу барысында жасалған деп
танылмайды.
Адамның қорыққандығынан қателесіп кінәліні шабуыл жасаған қылмыскер
деп адам өлтірсе онда бұл әрекетті Қылмыстық кодексінің 96 бабы 1 бөлігі
бойынша саралануы тиіс.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі бойынша ғылым экспериментті
жүргізу немесе өнертапқыштық сынақтар барысында жасалған адам өлтіру
сараланады. Қылмысты бұлай саралау үшін оның субъективтік жағын талдау
маңызды. Бұл жерде тек жанама қасақаналық болуы мүмкін, адам өлтіруге
кінәлі адам ғылыми эксперименттің нәтижесінде немесе өнертапқыштықты сынау
барысында адамның қазаға ұшырауына (бей-жайсыз) қарайды. Осындай жағдайда
адам өлтіруден тікелей қасақаналықты анықтау Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1
бөлігін қолдануды жоққа шығарады.
Сот тәжірибесінде ниеттен тыс адам өлтірулер деп аталатын жағдайлар
кездеседі. Мұндай адам өлтірулерді кейде бұзақылық ниетпен жасалған деп
адам өлтірудің ниеті анықталмаған негізсіз таниды.
Барлық жағдайларда адам өлтірудің ниеті анықталмай қалса және осы
ақтаңдақты толтыруға мүмкіндік болмаса, Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2
бөлігін қолдану кінәлінің әрекетінде ауырлататын мән-жайлар болмаса
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі диспозициясына сәйкес осы бап бойынша
жатқызылады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі бойынша саралануға тиіс
жәбірленушінің келісімі арқылы адам өлтіру де жатады, өйткені оның
келісімінде құқықтық маңызы жоқ және қылмыстық жауаптылықты жоққа
шығармайды. Мұндай адам өлтіруге келісім-шартң бойынша адам өлтіру де
жатқызылады, екі адам өмірден бірге кеткісі келіп келіссе, одан кейін оның
біреуісі осыны жасаудан бас тартады.
Сот тәжірибесі жай адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушінің нәтижесінде
өтініп өзін өлтіруін сұрануы да жатады.
Жай адам өлтірудің мұндай қарауын Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі
бойынша адам өлтірулердің 50% астамы сараланады.

2.2. Ауырлататын жағдайда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2
бөлігі)

Жұмыс істеп тұрған Қылмыстық кодекстегі адам өлтіруді ауырлататын
жағдайларды анықтау қылмыстарды дұрыс саралау, одан кейін кінәліге әділетті
жаза тағайындау үшін маңызды.
Қазіргі кезде қылмыстық заңда жазаны ауырлататын екі мән-жайдың түрі
белгілі. Біріншісі қылмысты жасайтын адамға жазаны анықтау үшін (Қылмыстық
кодекстің 54 бабы), екіншісі нақты қылмыс құрамын саралауға әсер ететін
белгі ретінде ерекше маңызға ие. Қылмыстық кодекстің 54 бабында аталған
жазаны ауырлататын мән-жайлар, жекелеген қылмыстарды саралауға әсер ететін
мән-жайларды салыстыру көрсеткеніндей, біріншілері, екіншілерінің бағытын
анықтайтын құқықтық база болып танылады. Басқаша айтқанда Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөлімінде айтылған ауырлататын мән-жайлар жекелеген
қылмыстардың құрамын нақтылайды.
Сонымен бір саралауға әсер ететін мән-жайлар өзінің сипаты бойынша
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде аталған мән-жайларға бағынышты маңызға
ие деп санау дұрыс емес.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінде он үш ауырлататын мән-жай
көзделген. Олардың әрқайсының дербес маңызы бар.
Сондықтан істелінген іс-әрекетті тек бір ауырлататын белгі бойынша
саралауға жол берілмейді, егер қылмыстарда олардың бірнешеуі болса. Осыған
33 тармағында Азаматтардың өмірі және денсаулығына қолсұғушылыққа
жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдану жөніндең Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Қаулысының
33 тармағына баса назар аударылған.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінде көзделген ауырлататын мән-
жайлар барысында адам өлтіру басқа адам өлтірулермен салыстырғанда аса
қоғамға қауіптілікті көрсетеді. Адам өлтіруді ауырлататын мән-жай барысында
жасалған деп тану үшін кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2
бөлігінде көзделген бір немесе бірнеше белгілерге сәйкес келеді.
Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайларын адам өлтірудегі жәбірленушіні
сипаттайтын келесідей белгілері бойынша және осы қылмыс құрамының элементі
бойынша топтастыруға болады:
1) жәбірленуші адамның ерекшелігіне байланысты - екі немесе одан да көп
адамдарды өлтіру (гң тармағы); осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге
асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышының орындауына байланысты адамды
немесе оның жақындарын (бң тармағы); дәрменсіз жағдайда екендігі
айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге
алумен ұштасқан (вң тармағы); жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді
(гң тармағы);
2) қылмыстың объективтік жағына байланысты - аса қатігездікпен жасалған
адам өлтіру (дң тармағы):
3) көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған (ең
тармағы);
4) қылмыстың субъективтік жағына байланысты - пайда табу мақсатымен, сол
сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен
ұштасқан адам өлтіру (зң тармағы); бұзақылық ниетпен (иң тармағы);
басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған,
сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану
әрекеттерімен ұштасқан (кң тармағы); әлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік
немесе араздық не қанды кек себебі бойынша (лң тармағы); жәбірленушінің
мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру (мң
тармағы);
5) қылмыстың субъектісі бойынша адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы
адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру (жң
тармағы).
Қылмыстық кодекстің 97-100 баптарында көзделген әрекеттерді
қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.
Сараланған мән-жайлардың бұлай бөлінуі негізінен теориялық сипатқа ие
көрсетілген тармақтардың біреуінің болуы қылмыстық кодекстің 96 бабы 2
бөлігін саралау үшін қажетті шарт болып танылады.
Егер Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінің екі немесе одан да көп
тармақтарында көзделген ауырлататын мән-жайлар барысында адам жасалынса,
онда істелінген іс-әрекетті барлық тармақтар бойынша саралануы тиіс, бірақ
осы жерде жаза әр тармақ бойынша жекелеп тағайындалмайды.
Кейбір авторлар жұмыс істеп тұрған Қылмыстық кодекс бойынша
ауырлататын мән-жайлардағы адам өлтірулерді екі топқа бөлуді ұсынады: 1)
қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінің аң, вң, гң, дң, ең, мң
тармақтары (қылмыстық заңның осы тармақтарында адам өлтірудің ауырлататын
жағдайындағы объективті қаситтері сипатталады); 2) Қылмыстық кодекстің
96
бабы 2 бөлігі бң, жң, зң, иң, кң, лң, нң тармақтарында көзделгендер
(адам өлтірудің ауырлататын жағдайларындағы субъективті қасиеттері
сипатталады).12
Одан кейін осы топтастыру адам өлтірудің ауырлататын мән-жайларын рет-
ретімен орналастыру үшін қолданылады.

Адам өлтірудің объективтік қасиетін сипаттайтын
ауырлататын мән-жайлар

Екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру

(Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі аң тармағы)

Азаматтардың өміріне және денсаулығына қолсүғушылыққа байланысты
жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы жөніндегі Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Пленумының Қаулысында (Қылмыстық кодексінің ескі
редакциясында) 88 бабының 1 бөлігінде 3ң тармағында былай деп көрсетілген:
екі немесе одан да көп адамдардың өмірін қасақана айыру осы баппен
саралануы тиіс, іс-әрекет қысқа аралығында бір немесе бірнеше әрекеттермен
орындалады және кінәлінің бірнеше адамға өлім келтіруі тікелей немесе
жанама қасақаналықпен жасалынады.13
Екі немесе одан да көп адамның өмірінен айыру - кінәлінің қылмыстық
ниетінің бірлігін білдіретін міндетті белгі. Қылмыстық пиғылдың бірлігімен
біріктірілген екі немесе одан да көп адамды бірмезетте адам өлтіруді
танимыз, бұл жерде тек тікелей қасақаналық анықталуы тиіс, ал бір мезетте
адам өлтіруді тек тікелей қасақаналық емес, жанама қасақаналықта болуы
мүмкін.
Бір мезетте екі немесе одан да көп адамды өлтіруге жәбірленушілер
өмірінен уақыттың үзілмеуінен тыс адам өлтірулер жатады. Бұл, мысалы екі
адамды бір оқпен атып өлтіру немесе жәбірленушіге бірінен кейін біріне өлім
келтіру.
Кінәлінің қасақаналық бағыты барысындағы екі немесе одан да көп адам
өлтіру және басқасына оқталу аяқталған қылмыс ретінде қарастырылмайды - екі
немесе одан да көп адамды өлтіру - бұл қылмыстық пиғылдың нәтижесі
ретіндегі нәтижесі - қылмыстың субъектісінің еркіне байланысты емес мән-
жайлардан туындайды.
Мұндай жағдайларда кінәлінің әрекетін Қылмыстық кодекстің 24 бабы
және Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі аң
тармағымен және Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінің тиісті тармағымен,
басқа да сараланған белгілердің болуына байланысты сараланады. Осы
жерде кінәлінің бір мезетте адамды өлтіру реті және адам өлтіруге оқталуы
қылмысты саралауы үшін маңызы жоқ.
Егер, бірнеше орындаушылар өзара рольдерді бөліскен жағдайда және
бірнеше адамдарды өлтіруге қасақаналық ниеті болса, бұл жерде әр кінәлі
басқа орындаушыға көмектеспей қылмысты орындады, тек бір адамның өмірін
айыруға қатыса отыра, олардың әрқайсының әрекетін Қылмыстық кодекстің 96
бабы 2 бөлігі аң тармағы бойынша саралануы тиіс. Тәжірибеде осы тармаққа
байланысты қатысуды саралау барысында сот қателіктері кездеседі. Шығыс-
Қазақстан облыстық сотының 1994 жылғы 12 тамыздағы үкімімен Нестеренко А.А.
және Харуш-щев А.В. Қылмыстық кодекстің (баптары ескі редакцияда берілген)
17, 88 баптарының 1 бөлігі зң тармағы бойынша сотталған.
Соттың үкімімен Васильевка селосының тұрғындары Нестеренко және
Харущев сотпен кінәлі деп танылған, 1993 жылы 18 қазанда мас күйінде ол
екеуі өзінің ауылдастары Б және Г – мен бас араздығы жағдайында ол екеуін
алдын ала сөз байласты, өздерінң пиғыларын жүзеге асыру мақсатында ол
екеуі Нестеренконың үйіне келді, мас Б-ны Нестеренко балғамен және балтамен
басынан ұрып өлтірді. Осыдан кейін ол Г-ның басы сендең деп Нестеренко
балтаны Харущевке берді және олар Б-ның үйіне келді, онда мас күйінде Г
ұйықтап жатты, үйге кіре отыра өзімен бірге алып шыққан фонармен Г-ны
жарықтандырды, ал Харущев оған балтамен басынан және мойнынан соққылар
беріп өлтірді.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот Алқасының анықтамасымен
1994 жылғы 7 қарашада Харущевті айыптау жөніндегі үкім өзгертілген
Қылмыстық кодекстің 17 және 88 бап 1 бөлігі 3 тармағы алынып тасталынды.
Жоғарғы Соттың Төрағасының бірінші орынбасарымен 1994 жылы 7 қазанда
Жоғарғы Соттың Төралқасына осы іс бойынша шығарылған сот шешімін өзгерту
жөнінде наразылық жарияланды.
Істің материалдарын зерттеу көрсеткеніндей әр кінәлінің ниет нақты бір
жәбірленуші өлтіруге бағытталған. Олар екі адамды өлтіруге байланысты
ролдерді бөлісуге байланысты алдын-ала сөз байласпаған, тек бір-біріне
өзінің ренжітушісінің өмірін айыруға байланысты пиғылын білдірген.
Г-ны өлтірген Харушевтің әрекеті Қылмыстық кодекстің 88 бабы бойынша.
Ал Нестеренконың әрекеті Қылмыстық кодекстің 17, 88 баптарының 1 бөлігі иң
тармағымен саралануға жатады.
Жоғарғы Соттың Төралқасы наразылықты қанағаттандырды:
Нестеренконың әрекетін Қылмыстық кодекстің 17, 88 баптары 1бөлігі зң
тармағынан Қылмыстық кодекстің 17,88 баптары 1 бөлігі иң тармағына, ал
Харущевтің әрекетін Қылмыстық кодекстің 88 бабы 1 бөлігі зң тармағынан ҚК-
ң 88 бабы 2 бөлігіне (баптар ескі редакцияда берілген) қайта сараланған.14
Екі немесе одан да көп адамдарды әртүрлі уақыттарда өлтірілсе
кінәлінің біріңғай қылмыстық ниетімен қамтылмаса, істелінген іс-әрекет
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі нң тармағы бойынша әлденеше рет
жасалған қылмыс деп сараланады.
Бір мезетте бір адам өлтіруді және басқа адамға абайсызда өлім
келтіруді асырған кінәлінің әрекеті қарастырылып жатқан құрамайды және
қылмыстардың жиынтығы: адам өлтіру және абайсызда адамға өлім келтіру
ретінде саралануы тиіс.
Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру, көптеген адамдардың өміріне
қауіпті тәсілмен жасалса, онда істелінген іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 96
бабы 2 бөлігі аң және ең тармақтарымен саралануы тиіс. Бұл жерде екі
немесе одан да көп адамды өлтіру тәсілі көптеген адамдардың өміріне
қауіптілігін білдіреді.
Қылмыс ҚК-ң 96 бабы 2 бөлігі аң және ең тармақтарының жиынтығы
бойынша сараланады.
Егер кінәлі екі немесе одан да көп адамдарды қасақаналық сипатына
байланысты емес көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалануы
тиіс. Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі аң тармағы бойынша қолданыла
алмайды, егер бір адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 97-100 баптарында
көзделген жеңілдететін мән-жайлар барысында жасалса.
Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты
адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан (Қылмыстық кодекстің 96
бабы 2 бөлігі вң тармағы).
Жәбірленуші дәрменсіз жағдайда да екендігін ауырлататын мән-жай деп
тану, өте дұрыс. Өйткені, бұл жағдайда адам өлтіру, көбінесе өзін қорғай
алмайтын дәрмесіз жағдайына байланысты жәбірленушінің қарсылық көрсете
алмауының барысында жасалады
Сондай-ақ адам ұрлаудың және кепілге алудың өсу жағдайлары, дәрменсіз
жағдайдағы адамға қол сұғу фактісін қоғамның бағаламауы, адам өлтірудің
жаңа сараланған белгілеріне қосылу үшін негіз болды.
Осы баптың вң тармағы бойынша үш сараланған мән-жайлар көзделген:
a) жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы;
b) адамды ұрлау
в) кепілге алу
Ең көп тарағаны болып дәрменсіздіктің физиологиялық себептері
танылады.
Дәрменсіздік жағдай дегеніміз, жәбірленуші белгілі бір физиологиялық
немесе басқа да себептерге байланысты (жасының кәмелетке болмауы,
кәрілігі, науқастығы, физиологиялық жетіспеушілігі, зағип, саңырау болуы,
аяғының және басқаларының болмауы) қылмыскерге тиімді қарсылық көрсете
алмау мүмкіндігі. Адам өлтірудің осы түріне талма ауыруы, мас немесе ұйқы
жағдайында, олар кінәлінің әрекетіне қарсыласа алмайтындығын жатқызамыз.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі вң тармағының осы белгісі
бойынша саралануға тиіс қылмыстардың ниеті, кек ғана емес, сондай-ақ
пайдакүнемдік, бұзақылық ниет, қызғаныш және басқалар жатады. Мындай
жағдайларда, егер ниет сараланған мән-жай болып танылға, мысалы
қылмыстардың пайдакүнемдік ниеті болса Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі
вң және зң тармақтарымен сараланады. Бұл жерде әр жағдайда кінәлі адам
өлтіруді жасау барысында жәбірленушінің дәрменсіз екендігін сезінуі тиіс.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі вң тармағында көзделген екі
ауырлататын жағдайдағы адам өлтіруге тоқталсақ: адамды ұрлаумен немесе
кепілге алумен байланысты адам өлтіру. Бұндай сараланған мән-жайлар
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі вң тармағына толықтай дұрыс қосылған,
өйткені ұрланған немесе кепілге алынған адам да дәрменсіз жағдайда болады.
Мұндай адам өлтіруде жәбірленуші болып тек ұрланған немесе кепілге
алынған адам ғана емес, басқа да адамдар, мысалы қылмыскерлер кепілге алған
адамдарды босатуға қатысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері де
болуы мүмкін.
Адамды ұрлаумен немесе кепілге алумен ұштасқан адам өлтірудің барлық
жағдайларында кінәлінің әрекет Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі вң
тармағымен және 125 немесе 234 баптардың жиынтығына сәйкес саралануы тиіс.
Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру
(Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі гң тармағы)

Бұл адам өлтіру ауырлататын мән-жайлар барысында жасалған қылмыстарға
жатады, өйткені кінәлі жүкті әйелге өлім келтіре отыра, нақты алғанда екі
өмірге - жәбірленушінің өміріне және болашақ адамның өміріне қол сұғады.
Осы мән-жайларды ескере отыра, заң жүкті әйелдің өмірін қорғауға алады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінде көзделген адам өлтіру, кез
келген ер жынысты және әйел жынысты адамдармен жасалуы мүмкін. Осындай
адам өлтірудің аса қауіптілігіне байланысты қылмыстың субъектісі неғұрлым
жағымсыз сипатталады.
Жүкті әйелді өлтіруге байланысты жоғары жауаптылықты белгілей отыра,
заң міндеті шарт ретінде кінәлінің әрекетін келтірілген баптың 2 бөлігі гң
тармағы бойынша саралау үшін, оны жәбірленушінің жүктілігі жөнінде көрінеу
білгендігін алдыға тартады.
Көрінеу білгендік кінәлі жүкті әйелдің өміріне қол сұғады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумның 1994 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысында
былай атап көрсеткен: кінәлі жәбірленушіні өлтіру барысында оның
жүктілігін білу фактісін анықтау жеткілікті, бұл жерже оның жүктілік
мерзімі, ұрықтың өмірге қабілеттілігі, әйелдің жүктілігіне байланысты
тиісті емдеу мекемесінде есепте тұруы маңызы шамалы. 15
Егер кінәлі адам өлтіруді жасай отыра, жәбірленуші жүктілік жағдайында
екен деп қате ойласа, ал мәйіті тексергенде жәбірленуші жүкті болмаса
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі гң тармағы бойынша қолданылады.
Мұндай шешіммен келісуге болады, бірақ бұл жерде мынаны ескеру
қажет.16 Адам өлтірудің жағдайына байланысты, бұл жерде фактілі
қателіктерге жол беріледі, ол адам өлтіруді саралайтын мән-жайлардың болуы
барысындағы болжамдардан тұрады. Кінәлі жәбірленушінің тұлғасы оған адам
өлтірудегі жоғары жауаптылықты туындатады деген белгілерді ескермей
қателеседі. А.А. Пионтковскийдің пікірінше қылмыстарды ауырлататын
сараланған белгілердің болуы барысында қателікпен болжап қылмысты жасауды
сараланған қылмыстарды жасауға оқталғандық ретінде қарастыру қажет.
Кінәлінің осы іс-әрекетін ауырлататын жағдайда адам өлтіруге оқталу
деп Қылмыстық кодекстің 24 бабы және 96 баптың 2 бөлігі гң тармағымен
саралануы тиіс. Бірақ мұндай жағдайда осындай ұсынумен келісуге болмайды,
өйткені жәбірленушіге өлім келтіріледі және аяқталған қылмыс деп саналады.
В.Ф. Кириченко, мұндай жағдайларда кінәлінің әрекеті ауырлататын мән-
жайсыз аяқталған қылмыс ретінде немесе осындай қылмыстағы ауырлататын
мән-жайлардағы қылмысқа оқталу деп саралануы тиіс, өйткені осылай
саралау тікелей жауаптылыққа тартылған нақты анықтайды. Өзінің ұсынысын ол
сараланған қылмыс үшін оқталуды жасай отыра, ол жай адам өлтіруде
аяқталған деп саналмайтын сатыға жетпеуі мүмкін. Бірқатар қылмыстар үшін
мұндай мәселе және пікір қолайлы.2
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі гң тармағы бойынша саралануы
тиіс адам өлтіру барысында, көрсетілген ұғым сатысында болмауы мүмкін.
Мұндай адам өлтіруге оқталу әрқашанда ауырлататын жағдайлар барысында адам
өлтіруге оқталу деп танылады, ол ешқандай сатысында Қылмыстық кодекстің 96
бабы 1 бөлігі бойынша сараланбайды. Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 96
бабы 2 бөлігі гң тармағы, 24 бабы және Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1
бөлігі бойынша саралау, кінәлі екі қылмыс жасады деп ойлаға негіз береді;
нақтылығына ол бір қылмыс жасады. Мұндай жағдайда біздіңше көрсетілген
жағдайларда адам өлтіруді аяқталған деп тану және Қылмыстық кодекстің 96
бабы 2 бөлігі гң тармағын қолдану аздаған нақты емес түсіндірулерге
әкеледі.17
Фактілі қателік барысында, кінәлі адам өлтіретін осы жағдайдың
болмауын болжайды, ол Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі гң тармағы
бойынша жауаптылыққа тартылмауы тиіс, өйткені жәбірленушінің жүктілігі
жөнінде көрінеу білгендігі жоқ.
Адам өлтіру тек тікелей қасақаналықпен жасалынады, қылмыстың ниеттері
әртүрлі болуы мүмкін: пайдакүнемдік, қызғаныш, ұрыс-керіс, бұзақылық
ниеттер. Егер осы ниеттер өзіне өзі адам өлтіруді ауырлататын мән-жай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Адам өлтірудің объективті белгілері
Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру
Өмірге қарсы қылмыстарды саралау
«Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру»
Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс
Аффект жағдайында кісі өлтірудің объективтік белгілері
Адам өлтірудің объективтік белгілері
Пәндер