HTML тілі көмегімен Web-парақтарды жасау технологиялары


Мазмұны

Кіріспе2

1. HTML тілі көмегімен Web-парақтарды жасау3

1. 1 HTML тілі3

1. 2 HTML құжаттының құрылымы4

1. 3 Текстті форматтау6

2. Тізімдер тегтері9

2. 1 Номерленген тізімдер9

2. 2 Номерленбеген тізімдер11

2. 3 Ішкі тізімдер12

2. 4 Бейнелеу тізімі14

Қорытынды15

Қолданылған әдебиеттер16

Қосымша 1. HTML-құжаттының HTML коды17

Қосымша 2. Web-парақ көрінісі21

Кіріспе

World Wide Web - қазіргі уақытта әртүрлі информацияларды қамтитын миллиондаған сайттардан тұратын глобальды компьютерлік тор. Адамдар Internet технологияларын пайдаланып сол информацияны ашып, оқи алады. WWW-ды беделді пайдалану үшін арнайы программалар- Internet торының барлық шеттерін шарлауға көмектесетін Web-браузерлерді қолданады. Web-браузердегі барлық информация Web-парақ ретінде бейнелейді. Бұл парақтар WWW байттарының негізгі элементі болып есептеледі.

Web-парақтар мультимедиа технологиясын қолдайды, мультимедиа өзіне әртүрлі информация түрлерін: текст, графика, дыбыс, анимация мен баспа бейнелерді қамтиды. Web-парақтар қаншалықты сапалы және сәнді жасалуынан оның тордағы беделі тікелей тәуелді болады.

Қолданушыға сәнді әрі тиімді ұйымдастырылған, графика мен анимациясы көп емес, тез ашылатын және Web-браузер арқылы дұрыс көрінетін Web-парақтарды ашу ұнайды.

Барлық жағынан сапалы Web-парақтарды жасау оңай емес, бұл үшін тек әдемі ұйымдастыру дизайнердің өнері ғана емес, сонымен қатар программалау тәжірибесі керек. Кез-келген сайт жасау кезіндегі қиындықтар мен программалар көлемі құрылым, мақсат, қажетті функциялануы, тиімділік кепілі және т. с. с. көптеген факторларға тәуелді болады.

Мен өзімнің тәжірибелік есеп беруімде осы Web-парақтарды жасауды білу үшін қандай программалық қамтамасыздандырулар негізгі құралдары болып табылады және оларды тиімді қолдану шараларын білу сияқты сұрақтарға жауап іздеп көрдім.

1. HTML тілі көмегімен Web-парақтарды жасау

1. 1 HTML тілі

Web-парақтар кез-келген форматта бола алады, бірақ стандартты түрде Hyper Text Markup Language- гипертекстті жасау, суреттер, дыбыстар, анимациялар, видеоклиптар және Web-аумақтың кез-келген жерінде немесе сол Web-проекттің бөлігі болатын немесе сол сервердегі басқа құжаттарға сілтемелері бар форматталған текстті жасау тілі.

Web-те HTML тілін білмей-ақ жұмыс жасауға болады, өйткені тексттерді арнайы редакторлар мен конвертерлар арқылы жасауға болады. Бірақ HTML-де де жасау қиын емес. Кейбір амалдарда HTML-редакторлар мен конвертерлар өздерінің мүмкіндіктерінде жиі шектеу қояды, қателер туғызады немесе әртүрлі платформаларда жұмыс істемейтін жаман HTML код жасайды.

HTML тілінің бірнеше түрлері бар, тіл даму жағдайында және болашақта оны қолдануы күмән келтірмейді. HTML-ді біле отырып, HTML арқылы құжат жасау арқылы сіз көптеген браузерлер арқылы ашылатын Web-парақтар жасай аласыз. Сонымен қатар басқа тәсілдердің мүмкіндіктерін қолдануға болады, мысалы Netscape Navigator, Internet Explorer сияқты программалардың мүмкіндіктерін пайдалануға болады.

HTML-де жұмыс істеу - бұл стандартты тілде құжат жасаудың тәсілін қолдану, ұлғайтуды тек қажет жағдайда қолдану.

HTML World Wide Web Consortium-мен құпталған. Ол бірнеше көп қолданылатын браузерлерде жұмыс істейді және мүмкін болашақта Web-ке қатысты программалық негізі болатынына сенім бар.

  1. HTML құжаттының құрылымы

HTML-құжаттар ASCII-форматында жазылатын болғандықтан, оны жасау үшін кез-келген тексттік редакторды қолдануға болады.

HTML-құжаттар әдетте - . html немесе . htm белгіленуі бар файл, мұндай құжаттарда текст HTML-тегтермен (ағылшынша tag - арнайы келісілген белгілер) белгіленіп отырады. HTML құралдарымен браузерде көрінетін Веб-құжаттың құрамының орналасуын синтаксис және тегтердің орналасуы белгілейді. Веб-браузер тегтердің тексттің бейнелемейді.

Барлық тегтер '<' символымен басталып, '>' символымен аяқталады. Әдетте қос тегтер болады - стартты (ашушы) және ақырғы (жабушы) тегтер (математикадағы жақша секілді), олардың арасында қажет информация орналасады:

<p>Информация</p>

Мұнда старты тег <P>, ал </P> жабушы тег болып табылады. Жабушы тег ашушыдан тек жақша <> ішіндегі текст алдында ' / ' (слэш) символының бар болуымен айырылады.

HTML-құжатын оқитын браузер оны HTML-тегтерінің құрылымын қолданып терезеде бейнелейді. Әрбір HTML-құжатта үш негізгі бөлім болу керек:

A) HTML-ді жариялау;
B) тақырыптық бөлім;
C) құжат денесі.

HTML-ді жариялау

<HTML> және </HTML>. Бұл қос тегтер арасында қараушы программаға (браузерге) HTML форматындағы құжат орналасқанын жариялайды және құжаттың басында <HTML> тегі (құжаттың ең басында), ал </HTML> соңында (құжаттың ең соңында) болу қажет.

<HTML>
.
.
.
</HTML>

Тақырыптық бөлім

<HEAD> және </HEAD>. Бұл қос тегтер арасында құжат туралы информация орналасады (құжаттың аты, іздеуге арналған негізгі сөздер, бейнелеу және т. с. с. ) . Негізгі информация браузер терезесінің үстіңгі жолында және "Избранное (BookMark) " тізімінде көрінетін құжаттың аты болып табылады. Арнайы іздеу жүйелерінің спайдер программалары құжаттың атын өздерінің деректер базаларын құруға қолданады. HTML-құжатына ат беру үшін оны <TITLE> және </TITLE> тегтер арасына жазады.

<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Менің бірінші парағым</TITLE>
</HEAD>
</HTML>

Құжат денесі

Құжаттың маңызды үшінші бөлігі оның денесі болып табылады. Ол тақырыптан кейін жазылып, <BODY> және </BODY> тегтері арасында орналасады. Ашушы дене тегі </HEAD> тегінене кейін, ал жабушы дене тегі </HTML> тегінің алдыңда болу қажет. HTML-құжатының дене бөлігі - HTML құралдарымен форматталған автордың орналастыратын информацияның орны.

<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Менің бірінші парағым</TITLE>
</HEAD>
<BODY>
. . .
</BODY>
</HTML>

Енді парақтың HTML-кодын жазу қиын емес:

<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Менің бірінші парағым</TITLE>
</HEAD>

<BODY>
Бұл жерде менің парағым болады

</BODY>

</HTML>

  1. Текстті форматтау

BODY бөлімінде табуляция белгілері мен жолдың аяғы браузерде көрінбейді және парақ көрінісіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан HTML-құжатында жаңа жолдан текстті бастау арнайы тегсіз браузермен қабылданбайды. Бұл ережені есте сақтау керек, өйіткені жолды айыратын тегтерсіз текст жаңа жолдан басталмай оны оқу қиынға соғады. Жаңа жолды бастау үшін <BR> тегі (ағылшын тілінен қысқартылған break - үзу) қолданады. Бұл тег браузерді келесі тексттің жаңа жолдан басталуын көрсететеді. Егер жаңа жолдан бастау абзацсыз керек болса, <BR> тегі өте қолайлы, мысалы өлең жолдарын жазу кезінде. Оны бірнеше рет қолдану текст фрагментін парақ бетінде едәуір алшақтатуға әкеледі.

Арасында бос орын жоқ текстті оқу немесе қабылдау қиынға соғады. Абзацтарға бөлінген текстті қабылдау жеңілірек. Жаңа абзацтан бастау үшін <P> тегі (ағылшын тілінен paragraph - абзац) қолдавнылады. Бұл тег жаңа жолдан бастаумен қатар, бос бір жол қалдырады. Бірақ <P> тегін бірнеше рет қайталау <BR> қарағанда бірнеше бос жолдың пайда болуына әкеп соқпайды.

Жақшалар арсында тегтің атынан басқа атрибуттар (ағылшын тілінен atributes - атрибуттар) орналасуы мүмкін. Олар тег атынан бос орынмен бөлінеді, ал жазылу ережесінің көрінісі атрибут_аты ="мәні". Егер мәнде бос орын болмаса тырнақшаның қажеті жоқ, бірақ олай жасау құпталмайды. <P> тегінде ALIGN атрибуты бар, ол жаңа жолды түзетеді. Үндемес шартты бойынша жаңа жол солға қарай түзеледі ALIGN="left". Бірақ оңға қарай да ALIGN="right" және дәл жол ортасына да ALIGN="center" түзету мүмкіндігі бар. Атрибуттарды қолданған соң, форматталған тексттен кейін жабушы тег </P> қолданған дұрыс. Егер ол жоқ болса, жаңа <P> тегі алдыңғы тегті жабу деп есептеліп, оның мағынасы жойылады. Текстті жол ортасы бойынша түзету <CENTER> тегі арқылы да жасауға болады.

Енді Web-парақтағы тексттің көрінісін форматтау қиын емес:

<HTML>

<HEAD>
<TITLE> Менің бірінші парағым</TITLE>
</HEAD>

<BODY>

<P align=center>Бұл жерде менің жеке парағым.

<P align=left>Сіз көре аласыз:<BR>- өзім туралы мағлұматтар; <BR>- менің фото суреттерім.
<P align=right>Менің бір парағым арқылы сіз<BR>маған электронды хат жібере аласыз.

</BODY>
</HTML>

Бұл жолдарды бөлу тегтерден басқа жол аяқталу символдар мен табуляцияны HTML-құжаттының басында қолдануға болады. Ол үшін <PRE> тегі қолданылады. <PRE> және </PRE> тегтері арасындағы текст өзгеріссіз барлық жол аяқталулар мен табуляциямен көрінеді.

Мысалы:

<PRE>Бұл текст
екі жолда жазылған. </PRE>

HTML-құжаттында тексттен басқа горизонтальды бөлу сызықтарын қолдануға болады. Олар текст секілді сыртқы ешқандай файлдарды қажет етпейді. <HR> тегі бірлік қалыңдықты горизонтальды сызықты бүкіл парақ ені бойынша сызады. Горизонтальды бөлу сызықтар жолды бөлуге әкеледі, бірақ бос жолдар пайда болмайды. <HR> тегінің бірнеше атрибуттары бар. <HR SHADE> және <HR> үштік батыру эффектті бар контурлы сызықты береді. <HR NOSHADE> қара сызықты береді. Сызық парақтың бүкіл енімен емес, тек оның белгілі бір бөлігін ала алады. WIDTH атрибуты сызықтың енін парақ еніне проценті түрде немесе пикселдермен бере алады. Мысалы, 50% -парақ енінің жартысы, 400 - 400 пикселді ен. ALIGN атрибуты <P> тегіндегідей қызмет атқарады, бірақ үндемес шартты бойынша жол ортасына түзетеді. SIZE атрибуты сызық қалыңдығын 1-ден 175-ке дейін пикселдермен береді, шартты түрде 1-ге тең, егер <HR SHADE> контурлы сызық болса, үштік батыру эффекттісіне қажет қалыңдылық енгізіледі.

Сызықтар жаңа жол секілді тексттің логикалық фрагментін бөлуге көмектеседі, бірақ оны әр жолдан кейін қою, Web қолданушыға дөрекі көрінеді, сондықтан бұл сызықтарды бір бөлімдерге қолданған дұрыстау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі WEB технологиялар
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР
Интернеттің іздеу технологиялары
Сайт жасау
HTML тілінің негізгі тегтерінің кестесі
Компьютерлік желілер
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
«Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын жобалау
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері
WEB - сайт және дизайн
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz