Әкімшілік және нарықтық экономика: салыстырмалы талдау



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ .4
1.1 Әкімшілік және нарықтық экономика, олардың өзара айырмашылығы мен құрылымы 4
1.2 Нарықтың мәнi, түрлерi және қызметi 7
1.3 Нарық құрылымындағы жетілген және жетілмеген бәсеке ... ... ... ... .13
II ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУЫ ... ... ... ...17
2.1 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы ... ... ... .17
2.2 Елiмiздегi рыноктық қатынастардың артықшылығы мен
кемшiлiктерi ... ... ..19
2.2 Қазақстан Республикасының рыноктық экономика негізінде даму
болашағы ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ... ... 27
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 15 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы әкімшілік экономикадан рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екенi белгiлi.
Ал Қазақстан нарықтық экономикаға өткенше экономикалық құрылымы әкімшілік экономикадағы мемлекет болып келді. Яғни, әкімшілік экономикадағы елді нарықтық қатынастары дамыған экономиклы елге айналдыру үшін бұл экономикалық құрылымдарды толық зерттеудің қажеттігі туындайды.
Рыноктық экономикада негiзiнен ресурстардың шектелген жағдайында қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға мен бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге жеткiудi көздейтiн болса, ал әкімшілік экономика нарықтық заңдылықтарға қарсы, яғни қоғамда меншік категориясын болдырмауға, өндірушілердің өз еркімен еркін баға белгілемеуіне, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін ескермей қызмет етуді жүргізеді. Онда барлық экономика құрылымдарын реттеуші мемлекет болып табылады. Яғни, әкімшілік экономикада бәсекелі орта қалыптаспағандықтан, жалпы қоғмдық даму болмай, экономика қарыштап дамуға ынталы болмайды. Экономикалық ресурстар көбінесе теңдестікпен бөлінбейді.
Қандай рынок болса да, оның нақты түрiне байланыссыз, рынок экономикасы қызмет етуi, оның негiзгi үш элементтерiне: баға, сұраныс пен ұсыныс және бәсекеге байланысты. Осы элементтердiң жиынтығы рынок жүйесiн құрайды. Жоғарыдағы барлық экономикалық жүйелер басты үш сұрақты қажет етедi. Оларға: Не өндiру керек? Қалай өндiру керек? Кiм үшiн өндiру керек? Рыноктық экономикада бұл сұрақтар рыноктық механизмнiң көмегiмен тиiмдi әрi тұтынушыларды басты орынға қойып, олардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында шешiледi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Әкімшілік және нарықтық экономика: салыстырмалы талдау” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi әкімшілік және нарықтық экономиканы талдай отырып, ондағы шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар мен тұлғалардың іс-әрекет ерекшеліктерін ескеру, нарықтық экономика қызмет етуінің тиімділігінің және нарықтық экономика заңдылықтарының қызмет етуі, ондағы фирмалар мен тұтынушылардың өзіндік әректтеріне тоқталу болып табылады.
1. Әубәкiров Я. Ә. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
3. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
4. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. – 328 с.
5. Вэриан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. / Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ, 1997. – 767 с.
6. Макконелл К., Брю С. Экономикс. ІІ том., Москва, 1996.
7. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
8. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003 – 171 б.
9. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
10. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
11. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
12. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдау, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Егемен Қазақстан, 1 наурыз.
13. Статический ежегодник. Алматы., 2005г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Әкімшілік және нарықтық экономика, олардың өзара айырмашылығы мен
құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...4
2. Нарықтың мәнi, түрлерi және қызметi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Нарық құрылымындағы жетілген және жетілмеген бәсеке
... ... ... ... .13

II ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨТПЕЛІ
КЕЗЕҢ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 17

2.1 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен
дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Елiмiздегi рыноктық қатынастардың артықшылығы мен
кемшiлiктерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Қазақстан Республикасының рыноктық экономика негізінде даму
болашағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

КIРIСПЕ

Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан
15 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы әкімшілік
экономикадан рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы нарықтық
қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты
екенi белгiлi.
Ал Қазақстан нарықтық экономикаға өткенше экономикалық құрылымы
әкімшілік экономикадағы мемлекет болып келді. Яғни, әкімшілік экономикадағы
елді нарықтық қатынастары дамыған экономиклы елге айналдыру үшін бұл
экономикалық құрылымдарды толық зерттеудің қажеттігі туындайды.
Рыноктық экономикада негiзiнен ресурстардың шектелген жағдайында
қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен топтардың
материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға мен
бәсекеге байланысты шктеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау
және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге
жеткiудi көздейтiн болса, ал әкімшілік экономика нарықтық заңдылықтарға
қарсы, яғни қоғамда меншік категориясын болдырмауға, өндірушілердің өз
еркімен еркін баға белгілемеуіне, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін
ескермей қызмет етуді жүргізеді. Онда барлық экономика құрылымдарын
реттеуші мемлекет болып табылады. Яғни, әкімшілік экономикада бәсекелі орта
қалыптаспағандықтан, жалпы қоғмдық даму болмай, экономика қарыштап дамуға
ынталы болмайды. Экономикалық ресурстар көбінесе теңдестікпен бөлінбейді.
Қандай рынок болса да, оның нақты түрiне байланыссыз, рынок
экономикасы қызмет етуi, оның негiзгi үш элементтерiне: баға, сұраныс пен
ұсыныс және бәсекеге байланысты. Осы элементтердiң жиынтығы рынок жүйесiн
құрайды. Жоғарыдағы барлық экономикалық жүйелер басты үш сұрақты қажет
етедi. Оларға: Не өндiру керек? Қалай өндiру керек? Кiм үшiн өндiру керек?
Рыноктық экономикада бұл сұрақтар рыноктық механизмнiң көмегiмен тиiмдi әрi
тұтынушыларды басты орынға қойып, олардың сұранысын қанағаттандыру
мақсатында шешiледi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Әкімшілік және нарықтық
экономика: салыстырмалы талдау” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi
әкімшілік және нарықтық экономиканы талдай отырып, ондағы шаруашылық қызмет
етуші кәсіпорындар мен тұлғалардың іс-әрекет ерекшеліктерін ескеру,
нарықтық экономика қызмет етуінің тиімділігінің және нарықтық экономика
заңдылықтарының қызмет етуі, ондағы фирмалар мен тұтынушылардың өзіндік
әректтеріне тоқталу болып табылады.

I ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

1. Әкімшілік және нарықтық экономика, олардың өзара айырмашылығы
мен құрылымы

Экономикалық іс-әрекеттердің жалпы проблемаларына балама
мүмкіндіктерді талдау мен шектеулі ресурстардарды үнемдеу тұрғысынан
қарайтын болсақ, онда бұлар барлық игіліктерді экономикалық субъектілердің,
өндіріс түрлерінің және белгілі қажеттіліктердің арасында тиімді
орналастыру болып табылады. Игіліктерді орналастырудың ең жақсы тәсілдерін
іздестіру Не өндіреміз? Қалай өндіреміз?, Кім үшін өндіреміз? деген
негізгі проблеаларды шешудің жолдарын анықтайды. Бұл аталған сұраққа нақты
жауап беретін және игіліктердің бөлінуінің экономикалық заңдылықтардың
еркін қолдана отырып іске асыратын құрылым нарықтық экономика болып
табылады. 1,15
Нарықтық экономикада негiзiнен ресурстардың шектелген жағдайында
қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi көздеген, адамдар мен топтардың
материалдық игiлiктер мен қызметтердi сұраныс пен ұсыннысқа, баға мен
бәсекеге байланысты шектеулi ресурстарды тиiмдi өндiру, бөлу, айырбастау
және тұтынушылардың талғамын тәуелсiз, еркiн жағдайда максималды деңгейге
жеткiудi көздейтiн болады.
Ал нарық экономикасына кері сипаттағы экономикалық жүйе әкімшілік
экономика. Оның нарықтан басты айырмашлығы экономиканың өз заңдылықтарына
байланысты еркін қызмет етуін, экономикалық процестердің нарық механизмі
арқылы реттелуін, сұраныс пен ұсыныс негізінде теңдіктің орнауын, еркін
бәсекелік ортанын болуын, қоғамда әрбір тұлғаның өзінің экономикалық
қызметі мен тұтынушылық талғамында еркін шешім қабылдауын құптамайды. Бұл
экономикалық жүйе тек қана экономиканы қатаң түрде мемлекеттік бақылау мен
жоспарлау арқылы іске асырады және идеологиялық қысым басым болады. 2, 17
Әкімшілік экономикада экономикалық тәртіптің ережелері мен
параметрлерін және игіліктерді келістірімді түрде орналастыруды басқару
жүйелері анықтайды. Алайда бұл жүйе жалпы қоғамның немесе экономиканың
дамуы үшін тиімсіз болып табылады. Оның негізгі кемшіліктеріне:
• Экономикалық заңдылықтардың немесе нарық механизмінің жолға қойылмауы;
• Қызметкерлердің және жалпы экономиканың дамуға белсенділігінің
болмауы, яғни бұл жерде өндірушілердің меншік иесві болмауынан, оларға
жаңа өнімдер шығару мен өндірісті оптималдаудың еш пайдасы болмауы
себеп болды;
• Экономикалық және әкімшілік шығындардың өсіп кетуі, ресурстарды үнемді
қолданбау орын алып кетті, яғни бұл жерде өндірушілер өндірістің
шығындарымен есептеспеді, олар тек қана жоспарланған шаманы орындау
үшін ғана еңбек етті, бір сөзбен айтқанда нарықты талдау,
бәсекелестерді ескеру, жаңа өнімдер шығару және шығындарды кеміту
шараларын жүргізбеді.
Осыларға байланысты әкімшілік экономика, яғни басщқару жүйесіне
негізделген шаруашылық тиімсіз болып табылды. Оны кезіндегі әкімшілік
экономикада болып келіп, оның тиімсіз дамуынан ол елдердің артта қалуы және
олардың бәрібір нарықтық экономикаға көшуінен көре аламыз. Оған мысал
ретінде кезіндегі Кеңес Одағы экономикасын алсақ болады.
Нарықтық механизмдi жалпы түрде экономиканың мәселелерiн шешу
мақсатында өндiрушiлер мен тұтынушылардың рынок арқылы тәуелсiз түрде өзара
әрекет ететiн шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. 3,
32
Экономикалық байланыстар өнiмдердiң өндiрушiлерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бiр жақтан, өндiрушiлер, басқа жақтан тұтынушылар
арасында көп түрлi айырбас жүрiп отырады. Осындай айырбас процестерi
қоғамдық еңбек бөлiнiсiмен белгiленедi. Бұл бiр жағынан өндiрушiлердi
ажыратады, еңбек әрекеттерiне сәйкес оларды бiр-бiрiнен оңашаландырады.
Екiншiден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тударады.
Осындағы бiрiншi жағдай әр өндiрушiлердiң шаруашылық жүргiзуде экономикалық
тұрғыдан жекешеленуiне, тәуелсiздiгiне ұласады, сөйтiп рынок қатынастарының
субъектiлерiнiң қалыптасуының экономикалық негiзiн құрайды. Екiншi жағдай
тауарларды сатып алу-сату эквиваленттiк негiзде жүрiп отыратын айырбастар
процестерiнде көрiнiс табады. Осы кезде өндiрушiлер тауар өндiрудi және оны
өткiзудi, шығындарды өтеудi, өндiрiстi кеңейтудi және жетiлдiрудi –
барлығын өз еркiмен дербес шешедi. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас
процестерi рыноктық қатынастар формасында болады.
Экономикада осыған ең қарапайым түрдегi жауап: рынок адамдардың сатушы
және сатып алушы болып бiрiн-бiр тауап кездесетiн жерi. Неоклассикалық
экономикалық әдебиетте жиi қолданылатын рынокқа анықтаманы француз
экономисi А.Курно мен экономист А.Маршал бередi. Олардың айтуынша: “рынок
заттар сатылатын және сатып алынатын белгiлi нақты рынок алаңы емес, ол
сатып алушылар менсатушылардың бiр-бiрiмен өте еркiн жағдайда келiсiмге
келетiн, кез-келген жалпы экономикалық аудан; еркiндiк сонда – бiрдей
тауарлардың көп ұзамай тез арада теңелiп отырады”. Бұл анықтамада
айырбастың еркiндiгiмен бағаның белгiленуi рыноктың басты критериi деп
көрсетiлген. 1, 25
Рыноктың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен
бастау керек. Бiрiншiден, рынок (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада
өткiзу деген түсiнiк, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады.
Екiнщiден, рынок - өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын,
адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан
формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға
негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.
Сондай-ақ рыноктық қатынастардың дамуы ең алғашында жекелеген тауарлар
айырбасы негiзiнде жүзеге асып отырды. Мысалы, бiр қап ұнға бiр балта және
тағы сол сияқты айырбас формалары сипатында болды. Ал бүгiнгi таңда
экономиканың күрделенiп, оның салаларының және салаiшiлiк құрылымының әр
түрлi формаларының дамуына байланысты және жаһандану процестерiнiң одан
сайын күрделене түсуi негiзiнде рыноктық қатынастарда күннен-күнге
күрделене түсуде. Осы рыноктық қатынастардың микроэкономика деңгейiнде
айналысын келесi модельден көруге болады. 3, 42

Шығындар
Компания пайдасы

• Фирмалар сатады
• Үй шар. Сатып алады

• Үй шаруашылығ сатады
• Фирмалар сатып алады

Өндiрiстiк факторлар Үй шаруашылығының
кiрiстерi

Мұндағы:
Тауарлар мен қызметтер ағысы;
Ақша
қаражаттарының ағысы;

Сонымен қатар, айналыстан бөлек рынок қатынастарына келесiлер жатады:
• Екi субъектiнiң өзара байланыстары рынок негiзiнде болғанда,
кәсiпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен
байланысты қатынастар;
• Еңбек рыногы арқылы жұмыс күшiн жалдап пайдалану процесi;
• Белгiлi бiр пайызға несие берудегi несиелiк қатынастар жиынтығы;
• Шетел фирмалары мен бiрлескен кәсiпорындардың айырбас процестерi;
• Тауар, валюта, қор биржалары мен басқа да рыноктардан тұратын
рыноктық инфрақұрылымдардың iс-әрекет процестерi. 4, 31
Осы рыноктық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу
үшiн рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететiн жалпы шаруашылық шарттарға
жол ашумен байланысты:
• Меншiктiң алуан түрлi формаларына (жеке меншiкке кооперативтiк,
акционерлiк, мемлекеттiк меншiкке) жол ашу. Бұл шартқа бiрте-бiрте
қоғамның әлеуметтiк жағдайлары мен құрылымдық сипатын бұзбайтындай
етiп жайлап өту керек;
• Мемлекттiк реттеулердi сақтай отырып, өндiрiстi демократияландыру. Бұл
шартта есте болатын жағдай: рынок экономикасы өзiн-өзi толық тиiмдi
реттей алатын жүйе болып табылмайды. Рыноктық қатынастарда белгiлi
дәрежеде реттеп отыруды қажет етедi.
• Рыноктың үш негiзгi элементiн бiрiктiретiн тауарлар мен қызметтер
рыногын, өндiрiс факторларының рыногын, қаржы рыногын бiрiктiретiн
рыноктық инфрақұрылымды жасау және оның қызметiн жақарту.

1.2 Нарықтың мәнi, түрлерi және қызметi

Нарықтың мәнi оның функциялары арқылы толыңғырақ анықталады. Нарық
мынадай маңызды қызметтер атқарады:
• Тауар өндiрiсiнiң және қызмет көрсетудiң өзiн-өзi реттеу қызметi. Бұл
мына жағдай арқылы көрiнедi: тауарға немесе қызметке сұраныс өскенде
өндiрушiлер өздерiнiң өндiрiс көлемiн немесе қызмет көрсету аясын
кеңейтiп бағаны жоғарлатады; нәтижесiнде өндiрiс немесе қызмет
көрсету қысқара бастайды;
• Ынталандыру қызметi, баға төмендегенде өндiрушiлер өндiрудi азайтады,
осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгiзу, еңбек
ұйымдастыруды жетiлдiру арқылы шығыдарды азайту мүмкiндiгiн
iздестiредi;
• Өндiрiлген өнiм мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау
қызметi. Бiрақ бұл қызмет тек тапшылық оқ өндiрiс жағдайында жүзеге
аса алады. Сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндiрiсте
монополия болмағанда, рынокта көптеген өндiрушi болып олар өзара
бәсекелес болғанда;
• Реттеу қызметi, рынок тепе-теңдiгi арқылы экономикадағы, өндiрiстегi
және айырбастағы негiзгi микро және макропропорциялар белгiленiп,
оларды рынок механизмi реттеп отырады;
• Шаруашылық өмiрдi демократияландыру, өзiн-өзi басқару принциптерiн
жүзеге асыру қызметi. Рыноктық құралдар әсерiмен қоғамдық өндiрiс
экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады, және
осының арқасында тауар өндiрушiлер әркелкi түрге, буындарға бөлiнедi,
яғни дифференцияланады;
• Рыноктық қатынастар негiзiнде экономиканың тиiмдi дамуын қамтамасыз
ететiн бәсекеге қабiлеттi экономика қалыптасады. 5, 17
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде
әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi
артады.
Рынок экономикасы қызмет етуi, оның белгiлi элементтерiнiң болуын
талап етедi. Осы элементтердiң жиынтығы рынок жүйесiн құрайды. 3
Рынок қатынастардың бiрiншi элементi және өте маңызды элементi -
өндiрушiлер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлiнiсi процесiнде
қалыптасады – бiреулерi тауарды өндiредi, екiншiлерi оны тұтынады. Бұл
жағдайда өндiрушiлер мен тұтынушылардың бiр-бiрiмен байланысы, әрқайсысының
әрекеттерiнiң нәтижелерiн айырбастау арқылы жүрiп отырады. Рынок
шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негiзделедi және
рыноктар қатынастар негiзiнде iске асып отырады. Рынокта өндiрушiлердiң
басты мақсаты өздерiнiң өндiрiс көлемiнде пайдасын максималдап, өндiрiс
шығындарын минималдауға ұмтылады. Ал тұтынушылар өздерiнiң бюджеттiк сызығы
мүмкiншiлiгiне байланысты қажеттiлiктерiн толық өтеуге ынталы болады.
Нарық экономикасының екiншi элементi – баға. Бағаны жеке талдап
танысайық. Бұл жерде тек екi мәселенi ескертемiз. Бiрiшi, баға рынокта
сұраныс пен ұсыныс нәтижесiнде қалыптасады, яғни бұл жетiлген немесе еркiн
бәсекелестiк жағдайда орын алады. Екiншi жеке бiр фирманың немесе бiрнеше
фирманың, мемлекеттiң және сыртқы факторлар әсерiнен баға рыноктан бағадан
өзгеше болып қалыптасады. Бұл жағдай көбiнесе рыноктың жетiлмеген
бәсекелестiк жағдайына сәйкес келедi. Мысалы, рыноктық баға ол осы рынокқа
қатысушы көптеген фирмалардың орта тиiмдi бағалары негiзiнде, сұраныс пен
ұсыныстың арақатынасында қалыптасады. Осы рыноктық бағаның қалыптасуын және
нарықтың тепе-теңдiгiн келесi суреттен көре аламыз: 2, 46

Баға
Ұсыныс (S)

P0 Е

Сұраныс (D)
Q0 Өнiм көлемi

Сурет-2 – Нарықтың тепе-теңдiгi және рыноктық бағаның қалыптасуы

2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, рынокта ұсыныс пен сұраныс орын
алады. Олар өздерiнiң заңдылықтарына байланысты рынокта белгiлi бiр орынға
ие болады. Ал осы сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесiнде рыноктық баға
(Р0) және тиiмдi өндiрiс көлемi (Q) қалыптасады. Осылардың барығының
қиылысу нүктесi рыноктық тепе-теңдiк (Е) деп аталады. Бiр шын өмiрде мұндай
тепе-теңдiк қолайлы жағдай орын алуы бола бермейд. Ол белгiлi бiр қысқа
мерзiмде ғана көрiнуi мүмкiн. Көбiнесе рыноктық жағдай осы тепе-теңдiк жан-
жағында орын алып отырады. Мысалы, мемлекет кейбiр тауарларға рынокта
жоғары баға белгiледi деп айталық, онда келесiдей жағдай орын алады:
рынокта баға өсуiне байланысты ұсыынс заңына орай өндiрушiлер өздерiнiң
өндiрiс көлемiн көбейтедi, ал тұтынушылар сұраныс заңына байланысты бағаның
өсуiне негiзделiп сол заттарды сатып алуын азайтады. Нәтижесiнде рынокта
өндiрiстiң өсуi және сұраныстың азаюынан өндiрiс оырндарының шығарған
өнiмдерiне сұраныс болмай, олар дағдарыстық жағдайға душар болады. Осыған
байланысты өндiорiс орындары бағаны қайтадан төмендетуге немесе мемлекет
тұтынушылардың жалақысының өсуiн қамтамасыз етуге ынталы болады. Яғни,
қаншалықты тепе-теңдiк бзылғанымен, ол белгiлi бiр мерзiмнен кейiн өзiнiң
тиiмдi орнына қайтадан оралады. Бiр сөзбен айтқанда рыноктың тиiмдiлiгi де
сол, ол өз өзiн реттеп отырады.
Рынок экономикасының төртiншi, негiзгi элементтерiнiң бiрi – екi
құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға
қажеттiлiк болып көрiнедi. Сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы
болып табылады. Рыноктық қатынастарда сұраныс өндiрудiң ең тиiмдi әдiсiн
қолданудың және ресурстарды тиiмдi пайдаланудың стимулы болып табылады. 5,
21
Кез келген сұранысты қалыптастырушы тұтынушы ұнатымдылығы мен артық
көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы тұтыну жоспарын
жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең
жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен
сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiң басшылыққа алып талдау
жасайды.
Сұраныс заңы - тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс шамасы
соғұрлым төмен болатынын айтады, яғни Q = QD (p) тәуелдiлiгi керi болып
келедi. Бұл сұраныс функциясының кестесiнде керi ылдиы бар деген сөз. Ол
“D” сұраныс қисығы деп аталады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз. 5,
21

Баға

Р2

Р1 Сұраныс “D”

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-3 – Сұраныс қисығы ылдиы

Суреттегi сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi, егер баға Р1 ден Р2-
ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн төмендейтiн түрiн
бiлдiредi.
Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар
қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның
көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын
қысқарта бастайды.
Тауардың пайдалылығы барма немесе жоқпа, белгiлi бiр адам үшiн егер
пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол
игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр
тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес рынокта рыноктық баға
деңгейiн белгiлейдi.
Ұсыныс болса өз кезегiнде өндiрушiлермен тығыз байланыста және олар
рыноктық экономика дамыған қатынастарда сұранысқа бағытталып қызмет етедi.
Жалпы сұраныс пен ұсыныс материалдық игiлiктердi өндiрушiлер мен
тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететiн, рынок
механизмiнiң өте маңызды элементтерi. 7, 38
Рынок механизмiнiң бесiншi элементi – бәсеке. Бәсеке қоғамға
экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық
қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы
Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен
көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн
бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық
табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.
Бұл пайданың жоғары болуын және осының негiзiнде өндiрiс масштабын
кеңейтудi қамтамасыз етедi. Бәсеке рынок субъектiлерiнiң өзара әрекетiнiң
және пропорцияларды реттеу механизмiнiң формасы болып табылады.
Экономиканың белгiлi өкiлi А.Смит бәсекенi рыноктың “көрiнбейтiн қолы”
деген. Оның мәнi адамдар өз мүдделерiне сәйкес, өздерiнiң қара басының
қамын ойластырып әрекет етедi. Осы әрекеттердiң жалпы жиынтығы қоғамның
пайдасына шешiледi, олар осы бәсекелестiкке бара отыра қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенiң басты қызметi экономиканың реттеушiлерiнiң –
бағаның, пайданың нормасының, пайыздың және т.б. құралдардың мөлшерiн
анықтау болып табылады.
Экономикада рыноктың құрылымы өте күрделi болады және ол экономиканың
барлық сферасында әсерiн тигiзедi. Рыноктың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгiленедi: 1, 47
• Меншiк формаларымен (мемлекеттiк, жеке, аралас, ұжымдық);
• Шаруашылық субъектiлерiнiң әр түрлi формаларының экономикадағы үлес
салмағымен белгiленетiн, тауар өндiруiлердiң құрылымымен (мемлекеттiк,
арендалық, кооперативтiк, жеке меншiк кәсiпорындар);
• Тауар айналымы сферасының ерекшелiктерiмен;
• Шаруашылықтың құрылымдық бөлiмдерiнiң мемлекет иелiгiнен алыну және
жекешелендiру дәрежесiмен;
• Осы елде пайдаланылатын сауда түрлерiмен.
Сондай-ақ рынокты құрылымы жөнiнен келесiдей критериилер арқылы бөлуге
болады:
1. Рынок қатынастары объектiлерiнiң атқаратын экономикалық қызметi
бойынша:
• Игiлiктер мен қызметтер рыногы;
• Өндiрiс құралдарының рыногы;
• Ғылыми-техникалық жұмыстар рыногы;
• Құнды қағаздар рыногы;
• Жұмыс күшi рыногы;
• Қаржы рыногы және т.б. рыноктар.
2. Рыноктарды сонымен қатар тауарлық топтар бойынша жiктеуге болады:
• өндiрiстiк қызметке бағытталған тауарлар рыногы;
• халық тұтынатын тауарлар; азық-түлiк тауарлар рыногы;
• шикiзат пен материалдар рыногы.
Сондай-ақ ауылшаруашылық шикiзаттары рыногында азық-түлiкке және ауыл
шаруашылық шиiзаттарына қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн, ауыл шаруашылық
өнiмдер рыногы қалыптасады. Тұтыну тауарларының рыногының қалыптасуы осы
тауарлардың өндiрiлу көлемiнiң елеулi дәрежеде өсуiн тiлейдi, сатып
алушылық сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiктiң кең пайдаланылуын,
фирмалық дүкендердiң көбеюiн қалайды.
3. Бәсекенiң шектеулi дәрежесi бойынша мынадай рыноктар болады:
• Монополиялық рынок;
• Олигополиялық рынок;
• Салааралық рыноктар.
4. Тауарлар мен қызметтер рыногы.
• Тұтыну тауарларының рыноктары – азық-түлiк және азық-түлiк емес
тауарлар рыногы;
• Қызметтер рыногы – тұрмыстық, көлiк, коммуналдық қызметтер рыногы.
• Тұрғын үй немесе өндiрiстiк емес ғимараттардың рыногы.
5. Өндiрiс факторларының рыногы.
• Жылжымайтын мүлiктер рыногы;
• Еңбек құралдарының рыногы;
• Шикiзат пен материалдардың рыногы;
• Қуаттық ресурстрардың рыногы;
• Пайдалы қазбалардың рыноктары.
6. Қаржылар рыногы.
• Капиталдар немесе инвестициялық рынок;
• Несие рыноктары;
• Құнды қағаздар рыноктары;
• Валюта-ақша рыноктары жатады. 1, 35
Ендi осы рыноктың қызмет етуiнiң және оның түрлерiнiң, қызметтерiнiң
және жалпы дамуын Қазақстан Республикасы бойынаша қарастырайық.

1.3 Нарық құрылымындағы жетілген және жетілмеген бәсеке

Нарықтық экономикада нарық құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр
фирманың көлемiне, тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне
ақпараттың қолда болуына тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның
негiзгi белгiсi болып сатушы мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе
ол ықпалдылық баға деңгейiне байланысты 3,278 .
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны
бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет
көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.

Жетiлген бәсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын
нарық:

1. Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi
бiртектi болып келетiн;

2. Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз.
Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы
ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да
әсер ете алмайды;
3. Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi
болады;
4. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар
жоқ. 5, 405
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол
бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi
өндiрiлген өнiмнiң кез-келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың
сұраныс қисығы горизонталь болып қалады.

Р

Р0
D = MR

Q

Сурет- 1- Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы

Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты
бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR
нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке
жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D)
сәйкес келедi 3, 283 .
Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға
көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p * Q
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
Нарықтық экономикада бәсекенiң екiншi негiзгi түрi ол жетiлмеген
бәсекелi рынок болып табылады. Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық
немесе олигополиялық билiгi орнықса, онда ондай рынок жетiлмеген бәсекелi
рынок болып табылады. Бұл жағдайа қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды,
себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары
баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды
шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға
қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар. 5, 448
Бұл шектеулер төмендегiдей:
1) Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
2) Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың
жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн
үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
3) Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Монополиялық және олигополиялық өндiрсте iрi
фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ
өндiрiстiң шығындарынан қарағанда төмен болатыны практика жүзiнде
дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi –
жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн
шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл
жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор
Жетiлмеген бәсеке жағдайындағы монополиялық фирма өзiнiң ерекше
жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары
деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде
ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық
қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие
болады деп атаймыз. 4, 204

Бәсекелес фирманың бiрiншi әрекетi – пайданы мейлiнше арттыру. Баға
орташа жалпы шығындардың ең төменгi деңгейiнен жоғары делiк, яғни:

Р АСmin

Пайданы мейлiнше арттыру үшiн келесi жағдай орындалғанша:
MR ≥ МС немесе жетiлген бәсеке жағдайында Р ≥ МС, өйткенi MR=р. 5,132
бет.
Мейлiнше көп пайда мынадай теңдiк орындалған жағдайда шығарылатын
өнiм көлемiне Q * сәйкес келедi.
Р = МС
(5 )
Бұл шарт жетiлген бәсекелес фирма үшiн пайдасын ең жоғары деңгейге
жеткiзетiн шарт болып табылады. Оны келесi 3- суреттен көре аламыз
3, 300 .

Баға МС
Р,АС

А
В Р= MR
Р
АС

D
С

min

О
Q * Q

Сурет-3 – Жетiлген бәсекелес фирманың пайдасын мейлiнше арттыру

Суреттен көрiп отырғанымыздай фирманың жалпы пайдасы АВСД тiк
төртбұрышының ауданына тең болады.
Ал монополиялық қысқа мерзiмдi жағдайда пайданы барынша көбейту
шарты MR=MC.
МR = Р (1Е +1) = МС (6)
Бұдан пайданы мейлiнше көбейту шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1Е +1) = МС
(7)
Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi Е 0, демек
монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң шектi шығынына қарағанда
жоғары болады, яғни Р МС. Пайданы барынша көбейту шартын 4- сурттен көре
аламыз 2, 308 .

Баға (Р) MC
Р1
Рm В

P2 А

MR AR
Q1 Q max Q2 Q

Сурет-4 – Монополистiң пайдасын барынша көбейту

Суреттен көрiп отырғанымыздай, монополиялық нарық бағасы өндiрiс
көлемi (Qm) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның табыстылығы
Кондитер кәсіпорынында табысты болуды және қалыптасуды талдау
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Аймақтық экономика дамуының приоритет
Қаржы нәтижелерiн талдау
Кәсіпорынның өндірістік шығындары
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тəртібі
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Кәсіпорынның табыстарының есебі
Пәндер