БҰҰ-ның даму он жылдықтары жайлы


БҰҰ-ның даму он жылдықтары. Дамыған және дамушы елдер арасындағы орасан зор алшақтықтардың сақталуы жағдайында БҰҰ олар бүкіл дүниежүзінде тұрмыс деңгейін арттыру үшін ынтымақтасуға тиіс деген айқындаманы ұстанып отыр. Осы мақсатын дәлелдеу үшін 1961 жылы Бас Ассамблея 1960-шы жылдарды БҰҰ-ның дамыту он жылдығы деп жариялады және барлық мемлекеттерді жер жүзі халқын көп бөлігі ауыртпалық қамытынан шыға алмай отырған кедейліктің, надандықтың, аштық пен аурулардың ауыр зардаптарынан арылу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды. Осы он жылдықтың барысында дамушы елдер бірқатар кейбір экономикалық жағынан өсуге қол жеткізді, бірақ бұл жетістіктер еңбектің ауыр жағдайлары мен сыртқы борыштардың ауыртпалығымен құмға сіңген тамшыдай болды.
1966 жылы Бас Ассамблея он жылдыққа алға қойған мақсатқа жетудегі баяу ілгерілеу себептерінің бірі дамытудың стратегиялық жоспарының болмауы деген қорытындыға келді.
БҰҰ дамытудың екінші он жылдығын жариялай отырып, Ассамблея 1970 жылғы қазан айында келесі он жылдықтың бәріне арналған Халықаралық дамыту стратегиясын қабылдады. Мүше мемлекеттер бай және кедей ұлттар арасындағы терең алшақтыққы азайтуға және бүкіл дүние жүзінде экононмикалық және элеуметтік тәртіп жасауға тиіс саясатты жүгізуге және шараларды жүзеге асыруға салтанатты түрде уәде берді. Дамытудың барлық төрт он жылдықтары бойында БҰҰ-ның басты мақсаты кедейліктен құтылу және дамыту бағдарламаларының көмегімен жасандық көлемде ауқаттылыққа қол жеткізу болды. Бұл үшін «үшінші дүние» елдерінің экономикалық проблемаларын - индустрияландырудан және сауданы жолға қоюдан бастап, ІЖӨ (ішкі жалпы өнімді) теңгерімді бөлуге дейінгі проблемаларын шешу қажет болды. Бұл басқа қосымша проблемаларға тиісінше көңіл бөлінбейді дегенді білдірмейді. Олардың ең маңыздысы - халық санының өсімі. 1970-ші жылдарға дейін БҰҰ дамушы елдердегі демографиялық үрдістерге көңіл бөле тұрса да, ол негізінен проблеманың ғылыми жағына ынта қойды және халық санағын жүргізу, бала тууы мен өлім-жітімнің сенімді статистикасын беру, халық өсімінің егжей-тегжейлі болжамын жасау қажеттігін көрсетумен шектелді. Осының бәрі БҰҰ-на мүше мемлекеттер туралы ақпараттың қажетті негізін жасады. 1960-шы жылдың аяғында дүниежүзі халқының жедел өсуі халықаралық дамыту стратегиясы мен экономикалық өсу саясатының аса маңызды проблемасына айналды.
Халықтың шапшаң қарқынмен өсуімен байланысты проблеманы ұғыну 1970 жылы ЭӘК-тың БҰҰ-ның Халықтың өсуі саласындағы қызметі үшін қорының (ЮНФПА-ІЮТРА) заңдық құқығымен ерікті бағдарламасын құруға әкеп соқтырды. Бұл мекеме отбасын жоспарлау бағдарламасы арқылы демографиялық үрдістерге бақылауды қамтамасыз етуге арналған.
Дамытудың төртінші он жылдығы уақытынан бері (1991-2000 жж. ) бірінші кезекке қоршаған ортаның проблемалары шықты. Оның міндеті, бірінші кезекте дүниежүзіндегі ең кедей елдердегі тұрмыс деңгейін тұрақты дамыту, жақсарту. Жерді халық өсімін бақылаудан тыс халық өсімінің күйреу салдарынан қорғау болды.
Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп. 1974-1975 жж. Бас Ассамблеяның екі арнаулы және тұрақты сессияларында Жаңа халықаралық экономкалық тәртіптің тұжырымдамасы анықталып, іске асырыла бастады. Бұл бастамалар халықаралық экономикалық қатынастардың тұрақтылығына төнген қатер болып табылатын дағдарыс жағдайларында қабылданды. 1944 жылы құрылған, Бреттон-Вудстің жүйесі ретінде белгілі монитаристік жүйе 1970-ші жылдары жаңа проблемаларға тап болды. 1973 жылғы қазан айында, Таяу Шығыстағы соғыс басталысымен іле-шала мұнай бағасы күрт өсіп кетгі. Осымен қоса жүрген қызмет көрсетулер мен өнеркәсіп өнімі бағаларының өсуі мен азық-түлік тапшылығы және қосалқы қорлардың сарқылуы, сауда тепе-теңсіздігі мен борыш ауырпалығының артуы тұрақсыздандырушылық әсерін тигізді. 1973 жылғы қыркүйек айында Алжирде өткен блоктарға қосылмайтын елдер өкілдерінің кездесуінде Дамытудың Екінші онжылдығының күйреумен аяқталғанын анықтады, ал 1974 жылы Блоктарға қосылмайтын елдер тобының төрағасы, Алжир президенті Хуари Бумедьен шикізат ресурстары мен дамыту проблемаларын талқылау үшін Ассамблеяның арнаулы съезіне шақырды .
1975 жылы БҰҰ «Париж келіссөздері» немесе «Солтүстік-Оңтүстік сұхбаты» деп аталған Халықаралық экономикалық кооперация жөніндегі Конференциямен байланыс орнатты. Францияның президенті Валери Жискар д'Эстеннің бастамшылығымен болған Париж келіссөздері үзілістер жасай отырып, 1975 жылғы желтоқсан айы мен 1977 жылғы маусым айы аралығына дейін созылды, оған 27 дамушы елдер мен нарықтық экономикасы бар дамыған мемлекеттер қатысты, олар энергетика, табиғи ресурстар, қаржы, сауда мен дамыту проблемаларын талқылады.
1977 жылы қыркүйек айында Ассамблея конференцияның нәтижелерін талқылады, бірақ келісілген шешімге келе алмады. Көптеген дамушы елдер келісссөздер ясаңа халықаралық экономикалық тәртіп орнатқай мақсаттарға жетуге жәрдемдесе алмады деген көзқарасты ұстанды. Дамыған елдердің көпшілігі келіссөздері оларға негізінен бай мемлекеттердің құқықтарын шектеудің сәті түспегендіктен белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізумен аяқталды деп ойлады.
БҰҰ-ның дамыту бағдарламасының 150 елде жұмыс істейтін өкілдіктері бар, штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан; 1965 жылы, Бас Ассамблея БҰҰ-ның екі ұйымын: 1949 жылы ұйымдасқан Техникалық көмектің ұлғайтылған бағдарламасына (РПТП), сондай-ақ дамытудың ірі жобаларына қатысты дайындық жөніндегі инвестициялық консультацияларды жүргізу үшін 1958 жылы құрылған Арнаулы қорды біріктіру туралы шешім қабылдаған кезде ұйымдастырылды.
ПРООН-ның - дүние жүзіндегі аса ірі жан-жақты техникалық көмек бағдарламасының қызметі, БҰҰ-ның бұдан бұрынғы ұйымдарында болғанындай, БҰҰ-на мүше мемлекеттер үкіметтерінің немесе тиісті мекемелерінің ерікті жыл сайынғы жарналары есебінен қаржыландырылады. Оны дамыту процестерін қамтамасыз ету жөніндегі БҰҰ-ның орталық үйлестіруші ұйымы деп есептеуге болады.
1991 жылы тұтастай алғанда 6189 жоба іске асырыла бастады, мұның өзі 1980 жылға қарағанда кем болды, бұл кезде 8450 жоба жүзеге асқан еді. Олардың жиынтық құны ПРООН мен алушы елдер үшін 14 млрд. доллар болды. Бұл бағдарламалар экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық салаларын - ауыл шаруашылығынан, өнеркәсіптен, энергетикадан, көліктен, коммуникациялардан, саудадан бастап денсаулық сақтауға, тұрғьш үй құрылысына, білім беруге, кәсіби даярлауға, коммуналдық қызметтер жұмысына және қоғамдық басқаруға дейінгі салаларды қамтыды. Бөлінген сомалардың 80 %-ы жылдық табысы халықтың жан басына есетегенде 750 немесе одан да аз елдерге жұмсалады.
БҰҰ-ның сауда және дамыту жөніндегі конференциясы. 1964 жылғы 23 наурыз - 1 маусым аралығында Женевада өткен кездесуде ЮНКТАД дамыту пробемаларына сэйкес сауда саясатындағы міндеттерді талдап шешу үшін БҰҰ-ның тұрақты органының қажеттігін атап көрсетті. Сол жылдың 30 желтоқсанында Бас Ассамблея өзінің тұрақты органдарының бірі ретінде ЮНКТАД-ты ұйымдастыруға шешім етті. Ассамблея өзінің қарарында халықаралық сауда экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын атап көрсетіп, дамушы елдердің тиісінше сауда ұйымын құруға ортақ ұмтылысын атап көрсетті. ЮНКТАД-тың басты міндеті - әсіресе дамушы елдерді экономикалық жағынан дамуын шапшаңдату мақсатында халықаралық саудаға жәрдемдесудің принциптері мен саяси бағытын жасау, көп жақты сауда келісімдерін жасауды көздеген шараларды қолдау, жекелеген мемлекеттер мен аймақгық экономикалық топтар үшін сауда мен дамыту саясатының үйлестіруші орталық ретіндегі қызмет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz