XVIIІ-XX ғғ. бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Атырау Мұнай және Газ Институты

². È. Ѹòáàåâ àòûíäà¹û ²àçຠµëòòûº Òåõíèêàëûº Óíèâåðñèòåòi

кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «XVIIІ-XXғғ. бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті»

Тексерген :

Орындаған : ЭКБ 04-1к студенті

Искандиров С. Б.

Алматы -2005 ж.

Жоспар:

Кіріспе

1. Жалпы Сарайшық туралы

2. Монғол үстемдігіне дейінгі Сарайшық мәдениеті

3. Алтын Орда кезеңіндегі Сарайшық мәдениеті

4. Ноғай Ордасы кезеңіндегі Сарайшық мәдениеті

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

«Сарайдан шығып, он күннен кейін біз Сарайджук деген қалаға жеттік, Әжук-«кіші» деген мағынаны береді. Ол ұлысу деп аталатын үлкен, әрі ағынды өзеннің жағасына орналасқан. Онда Бағдаттың көпіріндей қайықтардан жасалған көпір бар… Осы қалада біздің аттылы-арбалы сапарымыз аяқталды. Біз онсыз да арып-жағадан ат көлігімізді қаладағы арзаншылыққа байланысты, әр жылқыны төрт күміс динарға бағалап, төмен бағамен саттық. Арбаға жегу үшін біз түйелер жалдадық. Бұл қалада түркіден шыққан құрметті тақуа діндер кісінің тұраржайы (Завия) бар, оның аты -Ата. Ол бізді қонақ қылды, әрі батасын берді. Бізді тағыда осы қаланың аты жөні менің есімде қалмаған бір қазысы қонаққа шақырды. Біз осы арадан Хорезмге дейін отыз күн суыт жүрдік, жол бойы тек екі-ақ сағат, бірде тұс жетінде енді бірде ақшамда ғана аялдадық. »

Ибн Батута. «Жихан кезу» Кіріспе

Қазақ халқы қашаннан өзінің ұшы қиырсыз кең даласының табиғи жағрафиялық жағдайына байланысты орналасып, көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы ғұмыр кешті. Экономикалық жәйі, салт-дәстүрлері, әдебиеті мен мәдениетін дамытты. Оны осы ықылым заманнан бері табан тіреген қасиетті жерінен табылған және сақталған археологиялық және архитектуралық, фольклорлық, кейбір жазба деректері мен жәдігерлері айқын дәлелдейді. Археологиялық жазу-сызуы аз, жылнамасы жоқ халқымыздың сыр сипатын бүкпесіз ашып беретін бірегей құжат. Ондай ескерткіштер ұзыны Атыраудан Алтайға, көлденеңі Арқадан Алатауға дейін созылып жатқан кең байтақ өлкемізде жетерлік. Олар әрдайым өзге ел ғалымдарымен қатар өз қарындастарымызды да әркез қызықтырып отырған. Ал әділіне бақсақ бұл үрдіс әлемдік ілім ғылыммен терең қаруланған қазіргі кезеңде тіптен өсті. Осы күнгiсi тағы жетерлiк солардың азды-көпті зерттеулерін түйіндеу арқылы қазіргі туған халқымыз мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін айқындауға, тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Халқымыздың өткен кезеңінде Қазақстанда отырықшы мәдениеттің орталығына айналған ірілі-ұсақты қалалар аз емес. Бір сәт тарихи құжаттарға үңілсек, оныншы ғасырдағы арабтың белгілі жағрафтарының бірі Әл Макдиси «Ахсан ат- такасим фи-Марифат ал -акалим» деген еңбегінде Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс жағында 200-ден астам қала болғандығын жаза келе, олардың ішінде дүние жүзіне әйгілі мемлекет астаналары да кездесетіндігіни айтады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Астана қаласының қоныс толында сөйлеген сөзіндегі «Біздің далалық мемлекетіміздің бірнеше мыңжылдықтарды қамтитын тарихы бар. Оның әрқилы кезеңінде, әрқилы өлкемізге орда қонып, ту тігілген біреулердің саяси дәурендеуі әлденеше ғасырға созылса, біреулеріңікі бірнеше айлармен шектелген. Соған қарамастан, оның қай-қайсысы да біздің ұлттық тағдырымыздың ең түйінді мәселерін шешіп, рухани тағдырымыздың ең талма кезеңдерін иеленді. Сондықтан да батыс бетіміздегі Срайшық, Астана, Байтақ күнгейіміздегі Суяб, Баласұғын, Тараз, Сайрам, Жаңакент, Қозыбасы, Ақмешіт, Сарыарқадағы Ұлытау мен Ордатау, Көкшетау мен Алаштың аттары аталғанда ет жүрегіміз еріксіз елжіреп қоя береді. » деген жолдарды оралады.

1. Жалпы Сарайшық туралы

Атырау қаласының 48 шақырым солтүстікке қарай Жайық өзеннің оң жағалауында қазіргі кезде шағын «Сарайшық», -деген ауыл бар. Екі мың жыл бойы бұл жол жұртқа Ұлы Жібек жолы ретінде белгілі болды. Бұл елді мекеннің «Сарайшық»- деп аталуы тегіннен -тегін емес, осы елді мекеннің жанында бұдан тоғыздай ғасыр бұрын іргесі қаланып, аты шар тарапқа кең жайылған Сарайшық атты Алтын Орданың, немесе Көк Орданың кезінде ірі қалалары болған.

Бұл қала неліктен «Сарайшық» аталды? Бұл туралы мәселе қозғасақ, ХIV ғасырдың алғашқы жартысында, Қыпшақ даласы арқылы Хорезмге сапар шеккен, араб саяхатшысы Ибн Бәттутәнің, төмендегі сөздерін тарихи дәлел ретінде алуға болады. «Сарайдан шыққан соң 10 күннен кейін Сарайджук қаласына келдік, ол Ұлы судың жағасына орналасқан. «Джук», - деген сөз бұл жерде «кіші» не «кішкентай», - деген мағынада, сонымен бұл қала-кіші-Сарай ».

Сарай- деп ханның ордасы аталған. Олай болса, Сарайшық-бұл ханның екінші ордасы, яғни жазғы мекені болуы мүмкін. Немесе басқа себептерден Алтын Орданың астанасы дәрежесіне жақындаған қала.

Сарайшық қаласының өмір сүрген дәуірін «Археологическая карта Казахстана» деген жинақта былай етіп үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең - XI-XII ғасырлар, яғни монғол үстемдігіне дейінгі мезгіл, екіші кезең XIII-XIV ғасырлар, яғни Алтын Орданың немесе Көк Орданың кезені, ал, үшінші кезең XV-XVI ғасырлар, бұл кезеңді- ноғайлық, дәуір, - деп атаған.

Сарайшықтың өмір сүрген мезгілі, жоғарыдағы дерек бойынша, орта ғасырға дәл келеді, олай болса орта ғасыр, яғни феодализмнің тууын, өркендеу заманында Қазақстан территориясында қалалардың пайда болуы туралы А. Х. Марғұлан былай дейді. «Феодализмнің туып, көркею заманында осыған байланысты халықаралық сауда мен айырбастың жандануына байланысты, сауда жолдарының бойынан елді мекендер пайда болып отырған. Бұлар тіпті географиялық қолайлы орналасу жағдайларына байланысты экономикалық жағынан маңызды артып ірленіп, көрікті қалаға да айналып отырған. Сондай жолмен Қазақстан территориясында пайда болған Орта ғасырлық қалалардың бірі- Сарайшық».

Сарай қаласының салынуы туралы парсы тарихшысы Джувәйнінің мынандай мәлімдемесі бар. «Бату өз ордасын аралай жүріп, Итил-Еділ өзеннің өз жағалауында қала салуды ұйғарып, оны салдырып Сарай», -деп атады. Джувәйнінің бұл мәлімдемесін көптеген тарихшылар растайды.

Алтын Орда ның басқа қалалары сияқты Сарайшық қаласында да хандар өз ақшаларын шығарып тұрған және де ақша соғу шаруашылығыда болған. Бұл туралы зерттеушілердің қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған қола, күміс аұшаларын алуға болады.

Көптеген тарихшылар Сарайшық қаласын Алтын Орданың және одан кейінгі, яғниXVI ғасырда пайда болған қазақ хандарының жерлеу орны болды деп көрсетеді. Мысалы: ал-Биразалидің жазуы бойынша, Өзбек ханның балалары 1340 жылдары Сарайшықта өз ағасы-Тәнібекті өлтіреді және оны сонда жерлейді.

Сарайшық қаласы күйреуінің негізгі себептері туралы мәселені қозғасақ, Алтын Орданың саяси-экономикалық назар аударуымыз керек. Сарайшықтың ыдырауына себеп болған Шыңғыс хан тұқымдарының өзара таққа таласуы, жыл сайын өте көп мөлшерде салық төлеуі және 1394-1395 жылдардағы Ақсақ Темірмен арадағы ұрыста жеңілу еді.

Сөйтіп, Сарайшық қаласы бес ғасырдай өмір сүріп, осылай жанды тарих сахнасынан кеткен.

2. Монғол үстемдігіне дейінгі Сарайшық мәдениеті

Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының авторлар басқарған Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының 1996-2000 жж. жүргізген тыңғылықты зерттеулері барысында қаланың әр бөлігінен оның өмір сүруінің бірінші кезеңіне жататын ауқымды жерлер ашылып, алғашқы тұрғындардығ үй құрылыстары айқындалды. Қала құрылысы белгілі бір жобамен, көшпелілерге тән дәстүрмен салынған. Табылған үйлер шикі кірпіштен қаланған, көлемі 4х5 метр екі- төрт бөлмелерден тұрады. Бөлмелердің төр жағында етегінен ені 1, 5-2 метр келетін көлденең орналасқан түтін шығатын қос каналмен жылынатын суфа орналасқан. Олар тандырлы ошақтан шығып, бөлмеден қабырғаның арасына жасалған тік жол арқылы төбеге шыққан. Барлық қабырғалар мен суфалар бірнеше рет саз балшықпен сыланып, әктелген. Суфаның біреуінен біреуінен киіз кілемнің қалдығы табылды. Едені лаймен тығыздалған кейбір бөлмелерде шиден жасалған төсеніш сақталған. Суфаның үстіндегі қабырғада кезінде шырағдан, қымбат ыдыстар және басқа да тұрмысқа қажетті заттар қоятын текшелей қуыс бар. Үйде тұрғын бөлмелерден басқа тары мен арпа сақтайтын баздар, сондай-ақ, табылған дән-сүйектеріне қарағанда, өрік, алма, жүзім, жуа және алыс елдерде әкелінген миндал жаңғағын сақтайтын қойма бөлмелер де болған. Ол жерден қурап қалған пияздың бастары табылды. Қоймалары жылынатын жатын бөлмелерден тағаш қаңқалы қабырғамен қаланған. Осындай конструкция бір жағынан декоративті болса, екінші жағынан қойма бөлмеде ауа алмасуды жақсартады.

Бір үйден көлемі 4х4 м. болып келген аршылып тазаланды. Онда тандырлы кішкентай суфадан басқа үй иесінің кәсіби қызметін көрсететін ерекше құрылыс табылды. Бір қабырғаның етегінде от жағатын тандырдан көлденең орналасқан түтін шығатын жол көлемі 1х1 м., ені 80 см. жуық саз кірпіштен жәшік түрінде қаланған конструкциямен жалғасқан. Одан қабырғаға жабыстырылып салынған түтін шығатын мұржа көтерілген. Еденде от жағатын орынның маңында ошақтан шыққан күл мен балықтың, үй малдарының сүйектерімен толтырылған үлкен шоңқыр орналасқан. Оның жанынан табылған тиындар Өзбек ханның билік құрған кезіне, яғни 1310 ж. Жатады. Бұндай құрылыс Алтын Орда қалаларын қазу барысында табылған алғашқы құрылыс және ол Сарайшықтағы еңбек бөлісінің жоғарғы деңгейін көрсетеді.

Бөлмелерде табылған ыдыстар формасы жағынан сан алуан. Атап айтсақ, олар-жергілікті көзешілер жасаған қыш құмыралар, құтылар, құмғандар және қазандар. Оны кашин балшығынан жасалып жылтыр бирюза құймамен жабылған құмыра толтырады. Осы ыдыстар жиынтығын Хорезмнен әкелінген тас қазандар, төменгі Волга қалаларынан әкелінген кашинді түрлі-түсті жылтыр кеселер, сондай-ақ жергілікті бай адамдар тым жоғары бағалайтын өте қымбатта жасыл түсті қытай фарфоры- селоданнан жасалған табақтың, кесенің, тостағанның сынықтары толтырады.

Мұндағы мәдени қабаттардан жылқы ментүйенің сүйектері көптеп кездеседі. Бұл тұрғындардың қала өмірінің алғашқы кезеңінде қала құрылысы мен сауда жолында қызмет еткендігін көрсетеді. Қаланың тек орталық бөлігі ғана дамып қоймай оның сыртқы жақтарында да құрылыстар салынған. Сарайшықтың бес шақырым жерде, өзен жағасын бойлай орналасқан усадьбалар кездеседі.

Сарайшықтың тұрғындары жаз айларын бау-бақшасы, егістігі бар маңындағы үйлерде өткізген. Олар сондай-ақ Жайық өзеннің бойындағы жайлымдарда керуен үшін қызмет істеуге керекті жылқылар мен түйелерді ұстаған. Қаланың және усадбалардың мәдени қабаттарынан кетпендер, орақтар, шалғылар және шығырға арналған құмыра түріндегі қыш ыдыстар байланған үлкен дөңгелек. Малдың күшімен айналған дөңгелек ыдыстардағы суды жоғары көтеріп арықтарға құйған.

Осында бау-бақша өнімдерімен қатар арпа мен тары өсірілген. Оны шаруашылық шұңқырларынан табылған астық өнімдерінің қалдықтары дәлелдейді. XVI ғ кейінірек Сарайшық билеушілері Орыстың астық өндіретін орталықтарынан осындағы егістіктеріне қажетті тұқымдық астықтың көптеп жіберілуін сұраған. Оған ноғайлының әйгілі бектербегі Смайылдың 1557 ж. Орыс патшасы Иван IV-ге: «…Сарайшық егістіктерін су басып қаңырап бос қалды… сен бізге бір кеме тұқымдық астық жіберсеңіз екен», -деп сұрап жазған хаты дәлел бола алады. Сарайшықтағы осындай егістіктердің көп болғандығы тастан жасалған қол диірмендерінің көптеп табылуымен айқындалады.

3. Алтын Орда кезеңіндегі Сарайшық мәдениеті

Қала өмірінің екінші кезеңі XIV ғ. екінші жартысынан басталады. 1330-шы жылдары Жайықтың тасумен ерекшеленеді. Осыған орай тұрғындар қалаға тығыз орналасып, қайта жобалау жұмыстарын жүргізді. Сарайшықтың шетін су басқанымен, қайта жобалау қаланы көріктендіріп қана қоймай, негізгі көшелер мен кварталдарды сақтап қалды. Бұрыңғы құрылыстар қиратылып, бөлмелердің іші топырақпен толтырылды. Қала тұрғындары бұрыңғы үйлердің үстіне соған ұқсас, алай да өзіндік еркшеліктері бар жаңа үйлерді тұрғызды. Жинақылы жобамен салынған көп бөлмелі үйлермен қатар желілі ықшамды болып жобаланып, шаруашылық құрылыстармен бір шатырдың астына салынған көп бөлмелі үйлер пайда бола бастады. Бөлмелердің көп бөлігін бұрынғыша бір бөлігінде от жағатын орны мен "кәні" бар П немесе Г түріндегі суфа алып жатыр. Кейбір бөлмелердің ішкі қабырғалары қалқанды немесе қаңқалы болып жасалған. Қабырғалар мен суфалар сыланып, әктелген және киізбен, кілемдермен безендірілген. Кейбір үйлердің еденіне ақ түсті алебастр қосылып жасалған күйдірілген қызыл кірпіш немесе тақталар төселінген.

Қала тұрғындарының шаруашылық қызметі XIV ғ. ортасында алуан түрлі болған. Ол қала мен қырдағы халық үшін өндірілген. Бұған осы уақыттың мәдени қабатынан табылған әр түрлі ыдыстардың көптеген сынықтары дәлел. Қаланың бір бөлігін қазу барысында күйдірілмеген құтылардың көптеген сынықтары табылды. Соған қарағанда осы маңда қыш күйдіретін үлкен пештің бірі болса керек. Сарайшықта жасалған қыш ыдыстар үш трлі саздан жасалған. Соның ішінде қызыл түсті саз балшықтан жасалған бұйымдар өзінің формасымен, қолданылуы жағынан әр түрлі. Атап айтсақ, олар құмыралар, шығыр ыдыстар, әр түрлі азық-түліктерді сақтайтын үлкен хумдар, табақтар, шырағдан майшамдар және тағы басқалар. Ас ішуге арналған ыдыстардың бір бөлігі әр түрлі өрнектермен безендірілген түрлі-түсті жылтыр ыдыстар.

Ыдыстың екінші түрі кашин балшығынан көркемделіп жасалған пиала, тостаған, құмыра және вазалар. Олардың арасынан өсімдік тектес және зооморвтық өрнектермен аса көркем түрде безендірілген қыш өнерінің теңдесі жоқ туындыларын кездестіруге болады. Сырлы қыш ыдыстарды безендірудің жиі кездесетін және негізгі мотиві- суда жүзетін құстар. Осы образ қазіргі уақытқа дейін келіп жеткен Сарайшық туралы көптеген аңыздардың негізі.

Ыдыстың үшінші түрі-сұр түсті ерекше саз құрамынан жасалған құмыралар мен торсықтар. Олардың сырты рельефті өрнектермен көмкеріліп, құстың, балықтың, жұлдыздың, өсімдіктің символдық бейнелерімен, философиялық және жақсылық тілейтін мағынасы бар текстермен безендірілген.

Қалада, сондай-ақ, сүйектен әр түрлі бұйымдар жасайтын шеберханалар болған. Онда әртүрлі тоғалар, садақтың қаптамалары, қорамсаның әшекей бөліктері, пышақтың саптары, садақ атуға арналған сақиналар, тері өңдеуге, тоқыма өндірісіне арналған және т. б. бұйымдар жасалды.

Қола құюшылар көркем тоғаларды, табақтарды, жылқы бейнелі құлыптарды, шынжырларды, жүзіктерді және әртүрлі суреттер мен сюжеті бар қол және күміс айналары жасалды. Солардың ішінде, әсіресе, шырағдандар өте қатты бағалады. Өйткені, олар - жарық беріп, тұрғындардың түнгі уақыттағы өмірін ұзартты. Қазба кезінде шырағданның бірнеше түрі табылды. Соның біреуі- XIV ғ. соңына жататын қола шырақ Түркістанда кеңінен тараған нұсқаларды дәл қайталайды. Бұдай заттар кезінде Ақсақ Темір сарайының төрінен орын алған. Осы шырағданның жанынан өрнектелген араб әрпімен қапталған қалып (штамп) табылды. Бұл қалып былғарыдан кітап мұқабасын жасау үшін пайдаланылса керек. Ал әскерилер үшін көп қырлы қола күрзілер дайындалған. Қаланың орнын қазу барысында кірпіш күйдіретін пештер кездесті. Қолөнершілер оны көптеп жасады. Бұл пештердің көлемінің үлкендігі сондай, олардың кейбіреулерінің ұзындығы 6 метрге, ені 4 метрге жуық.

Осында құрылыспен тікелей байланысы бар алебастр өндірісі де жолға қойылған. Оған дәлел-топырақ күйдіргіш пештің қалдықтары. Жергілікті зергерлер көп түсті қондырмасы бар жүзіктер, оймалы бай өрнектермен безендірілген білезіктер, әдемі сырғалар мен өте нәзік алтын жапсырмалар үшін көп еңбек еткен тәрізді. Кілем тоқитын станоктар бөліктері мен ұршық бастарының көптеп табылуы қалада шебер тоқымашылардың өмір сүргендігін көрсетеді.

Сарайшық тұрғындары өздерінің жоғары деңгейдегі сауаттылығымен ерекшеленеді. Оған қазба кезінде табылған ыдыстардағы, қола бұйымдардағы және қағаздағы әртүрлі мағынадағы жазулар дәлел бола алады. Әсіресе, қыш ыдыстардағы жазулар жақсы сақталған.

Сондай бір үлкен қыш ыдыс-хумның сыртына Шу аңғарында туып, Қашқарда өмір кешкен Жүсіп Баласағұни поэмасынан (ХІ ғасыр) :

"Адам көркі-жүз, бұл жүз көркі-көз,

Ауыз көркі-тіл, бұл тіл көркі-сөз.

Тағы көркі кісіге-білім мен өнер,

Жанын құрбан етер білім үшін ер,

-деген үзінді жазылған".

Керуен жолының тоғыз торабында орналасқан қала, сөз жоқ, кең ауқымдағы халықаралық саудаға қатысқан.

Жанданған сауда Қытаймен, Кавказбен, Иранмен, Үндістанмен, Орта Азиямен және Русь мемлекеттерімен жүргізілді. Қытай фарфоры ауқатты қалалықтардың дастарханын көріктендіріп тұрды. Жылтыратылған ашық жасыл түсті селадон деп аталатын бұд ыдыстар нәзік өрнектермен қоса бұлттар, құстар бейнелерімен, иероглифтермен де безендірлген.

Иран және Сириялық оюлармен өрнектелген, шыңылтырмен (эмаль) және алтынмен апталған әйнекейлі құмыралар, құтылар, шамдалдар көздің жауын алады. Сарайшық тұрғындары ішіндегі тамақ аса дәмді болады деп еркше жұмсақ тастан ойылып жасалған Хорезмнің қазандарын ерекше ұнатқан. Қара қыштан құйылып, күн түскенде ою-өрнектері жарқырап тұратын құмғандар, кеселер мен табақтар молынан саудаға түскен.

Қалада кездескен нумизматикалық деректер бірегей керемет, олар ХІІІ ғ. аяғы мен XIV ғ. аралығын қамтиды. Тиын соғатын сарайлардың орналасу географиясы да өте кең. Олар-Қырым, Солтүстік Иран, Еділ бойы, Хорезм, Сарайшық және Самарқанд. Осы ақшаларды шығарған ортағасырлық мемлекеттер -Алтын Орда, Хулагуйлық Иран, Шағатай ұлысы, Қырым хандығы. Сарайшықтағы табылған ең көп және көне теңгелер-Өзбек ханның билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласынан шыққан теңгелер.

XIV ғ. ортасында шығарылған теңгелердің көбінде әрленген екі басты бүркіт бейнеленген. Ақшаның келесі бір тобында ашылған алты жапырақты гул бейнесі түсірілген. Бұл теңгелер ақша айналымында көп жүрген. Олардың көптеп шығарылуы жеке сауданың дамығанын, Алтын Орда қалалары тұрғындарының ауқатты өмір сүргенін көрсетеді.

4. Ноғай Ордасы кезеңіндегі Сарайшық мәдениеті

Қала өмірінің үшінші кезеңі XV- XVІ ғғ. сәйкес келеді. Сарайшықта бұл кезде топографиялық өзгеріс орын алды. Жайық бойында орналасқан тұрғын жерлер қаңырап бос қалды және қаланың батысынан орамдана келіп Жайықтың солтүстік-батыс маңынан ағып шығатын, қазір Сорочинка деп аталатын сағасының бүгіндегі құрғап қалған арнасы бойында, қаланың оңтүстік аумағына тұрғындар топтанан бастайды.

Жайықтың арнасында осы екі кезеңде табиғи өзгерістер болған тәрізді. Австрияның Московиядағы елшісі Сигизмунд Герберштейннің 1549 жылы айтуынша, Сарайшықты бұл кездері ноғайлының бекзадасы Шидак басқарған. Ол картада Сарацшықты Жайық өзенінің сол жағалауына орналастырды. 1558 жылы осы жерлерде болып қайтқан ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон осы пікірді растайды. Ол күндері Сарайшық Ноғай Ордасының астанасы болды. Ордадағы басым билік маңғыт тайпасының өкілдерінде болды. "Ноғай" этнонимі XV ғ. аяғында ғана пайда болды. Ноғай Ордасының негізгі территориясы Еділ мен Жайық арасындағы далада жатты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі (XVIII–XIX ғғ. деректері бойынша)
Музыка өнері
Қасым хан, Хақназар хан
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайының ақпараттар жүйесін құру
ТМД елдерінің қола дәуірі
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz