Қазақ және түрік тілдерінде қолданылатын ортақ кірме сөздердің мән-мағынасы, атқаратын қызметі және түп-төркіні



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1 Қазақ және түрік тілдеріндегі араб, парсы элементтері және олардың зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кірме элементтердің қазақ және түрік тілдеріне ену себептері ... ... ... ... ... 10

1.2.1 Араб сөздерінің ену себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2.2 Иран сөздерінің ену себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2 АРАБ, ПАРСЫ СӨЗДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНЕ АУЫСУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.1 Қолдану аясы тарылған араб, парсы сөздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Сөздің пайдалану өрісінің кеңеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3 Жаңа мазмұнға ие болған кірме сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.4 Парсы тілі аффикстері арқылы жасалған сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.5 Араб, парсы сөздерінің қолданылатын салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

3 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНЕ БАСҚА ТІЛДЕРДЕН АУЫСҚАН ОРТАҚ СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Тақырыптың өзектілігі. Сөз тарихы қызық. Сөз тарихының арқауы, негізі – оның мағынасы. Демек, мағынадан, түсініктен тысқары сөздің өмір сүруі мүмкін емес. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың І жартысында өмір сүрген неміс ғалымы В.Гумбольдттың дәл осы жөнінде «адам өз бетінің пішінін сыпырып тастай алмайтыны сияқты, ұғымның да сөзден арылуы мүмкін емес» дегені бар. Сөз мағынасының тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Дәлірек айтсақ, қоғамның әр дәуірде дамуына қарай сөз мағынасы да соған сәйкестене отырып, ілгері дами түседі. Сөз, бұл – ертеден қалыптасқан қағида бойынша тілдің негізгі өлшемі. Ал тіл болса, қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Ал осы тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық мәдени тұрмысы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады. Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден алу арқылы да тіл өзінің тілдік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз. Ал ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-біріне молынан ауысып отырған. Әсіресе, бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген. Осымен байланысты тіліміздегі қыруар кірме сөздер қоғам тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланысты.
Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынас жасағандығы мәлім. Ертеде тәжік, өзбек, татар халықтары арқылы VIII-XI ғасырларда араб-парсы елдерімен, XII-XIII ғасырларда монғол халқымен күшті байланыста болса, XVIII ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезеңінен (1731ж.) бастап күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осындай ұзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған.
Кірме сөздер дегеніміз – тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда, мәдениеті гүлдеп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Сол үшін де бір халықтың көршілес басқа халықтармен араласпай, өз бетімен жеке өмір сүре алмайтыны қоғам өміріндегі табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі. Халықтың әр тараптан, яғни тарихи, экономикалық және мәдени қарым-қатынасы, өзара тығыз байланысы олардың тілдерінде де белгілі із қалдырады. Әдетте бір тілден екінші тілге ондаған, жүздеген сөздер ауысып, тіл байлығын жетілдіре түсуі жиі кездеседі. Қазақ және түрік тілдерінің сөздік құрамын, оның даму жолын қарастырсақ, тіпті басқаны қойып сонау араб, парсы тілдерінен енген қайсыбір сөздердің қазақ және түрік тілдеріне мүлдем сіңісіп, байырғы сөздік құрамына айналып кеткенін көреміз. Міне бұл жерде өзекті мәселе болып отырған да осы, яғни қазақ және түрік тілдеріне басқа тілдерден енген сөздердің байланыстары.
1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы. Санат, 1997. -256 б.
2. Нұрмаханова Ә.Н. «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» Алматы, 1971. 13-б.
3. Қарағұлова Б.С. Тарихи жылдар лексикасы. Филолог.ғыл.кан.дисс. Автореф. Алматы, 2000.
4. Фасмер М. Османская этимология. Живая старина. 1909.
5. Таджикско-узбекское двуязычие и вопрос взаимовлияния таджикского и узбекского языков. т. IV.-С.181.
6. Дмитриев Н.К. Арабские элементы в башкирском языке. Строй тюркских языков. Москва: Изд.Вост.Лит. 1962.
7. Владимирцев Б.Я. Арабские слова в монгольском. Ленинград. 1930.
8. Майзель С.С. Арабские и персидские элементы в турецком языке. Москва, 1945.
9. Иванов С.Н. Арабизмы в турецком языке. Изд.ЛГУ., 1973.
10. Ғуламов Я. Өзбек тіліндегі араб-тәжік сөздері. Ташкент, 1965.
11. Кумисбаев У. Проблемы таджикско-персидского, арабского и казахского литературных связей XIX-XX вв. Дисс.док.филолог.наук. Алма-Ата, 1989.-С.400.
12. Мугинов А.М. Иранские лексические элементы в узбекской художественной прозе. Ташкент, 1948.
13. Назарова Х. Таджикско-персидские заимствования в уйгурском языке. Дисс.канд.филолог.наук. Ташкент, 1972.
14. Меметов А. Персидские заимствования в современном крымско-татарском языке. Дисс.канд.филолог.наук. Ташкент, 1974.-С.178.
15. Рахмонов Т.И. Хозирги узбек тилидаги арабча узлашма сузлар семантик тузилишидаги узгаришлар. Наманган, 1994.-С.120.
16. Жәркешова Г. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1959. №11. Қазан.
17. Талжанов С. Араб тілінің әсері. Қазақстан мұғалімі. 26 июнь. № 26. 1969., 3 июль. № 27.1969., 10 июль. №28. 1969.
18. Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. Алматы: Ғылым, 1982.-160 б.
19. Есеналиева Ж. Абай шығармаларындағы араб, парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі. Филолог.ғыл.канд.дисс. Алматы, 1993.-139 б.
20. Есімов Ғ.К. Парсы-араб өркениетінің ұлттық мәдени менталитетіне әсері. Философ.ғыл.канд.дисс. Автореф. Алматы, 2001.-25 б.;
21. Сыздықова Г.М. Ислам және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері. Философ.ғыл.кагд.дисс. Алматы, 1998.
22. Жексембаева Ғ. Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі. Филолог.ғыл.канд.дисс. Алматы, 1992.-147 б.
23. Мансуров Н.Б. ХІХ ғ. поэзиясындағы араб, иран кірме сөздері. Филолог.ғыл.канд.дисс. Шымкент, 2006.
24. Бүркітбай Г. Қазақ тілі түсіндірме сөздіктерінде арабизмдердің лексикографиялануы. Филолог.ғыл.канд.дисс. Алматы, 2003.-143 б.
25. Жолдасов С. Ислам тарихы. Алматы: Нұрлы әлем, 1998.-136 б.
26. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1983.
27. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. Изд. АН СССР. М.-Л. 1950. ч. I. 1851.
28. Мухтаров А., Санакулов У. Узбек адабий тили тарихи. Ташкент: Уқитувчи, 1995.-160 б.
29. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. Алматы: Қазақ университеті, 1992.- 248 б.
30. Ата баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? Алматы: Білім, 2000.-504 б.
31. Бамбери Г. История Бохары или Трансоксани с древнеиших времен до настоящего. т.I. С-Петербург.1873.
32. Қашқари М. Түрік сөздігі. ІІІ томдық. Алматы: Хан, 1997.
33. Бабыр З.М. Бабырнама. Алматы: Ататек, 1993.-448 б.

Сөздіктер:

34. Будагов Р.А. Введение в науку о языке. М., 1958.
35. Уз. – рус. Сл.,1959.
36. Краткий словарь иностранных слов», М., 1971.
37. Пер. – рус. сл., І , 1983,108
38. Коч К., Байниязов А., Башкапан В. «Қазақша-түрікше сөздік» – Түркістан, «Тұран», 2003
39. Байниязов А., Байниязова Ж. «Түрікше-қазақша сөздік» – Алматы, 2007
40. Dr. Ayten Kazımova, Sükrü Meriç, Marina Eskina «Rusça-türkçe, türkçe-rusça sözlüğü» – İstanbul, 2005
41. Богочанская Н.Н., Зубкова А.С. «Большой турецко-русский словарь» – Москва, 2008

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 6

1. Қазақ және түрік тілдеріндегі араб, парсы элементтері және олардың
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Кірме элементтердің қазақ және түрік тілдеріне ену
себептері ... ... ... ... ... 10

1. Араб сөздерінің ену
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..11
2. Иран сөздерінің ену
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..13

2 АРАБ, ПАРСЫ СӨЗДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНЕ АУЫСУ ЖОЛДАРЫ МЕН
ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2.1 Қолдану аясы тарылған араб, парсы
сөздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Сөздің пайдалану өрісінің
кеңеюі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
2.3 Жаңа мазмұнға ие болған кірме сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.4 Парсы тілі аффикстері арқылы жасалған
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .44
2.5 Араб, парсы сөздерінің қолданылатын
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

3 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНЕ БАСҚА ТІЛДЕРДЕН АУЫСҚАН ОРТАҚ
СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Сөз тарихы қызық. Сөз тарихының арқауы, негізі
– оның мағынасы. Демек, мағынадан, түсініктен тысқары сөздің өмір сүруі
мүмкін емес. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың І жартысында өмір сүрген
неміс ғалымы В.Гумбольдттың дәл осы жөнінде адам өз бетінің пішінін
сыпырып тастай алмайтыны сияқты, ұғымның да сөзден арылуы мүмкін емес
дегені бар. Сөз мағынасының тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты.
Дәлірек айтсақ, қоғамның әр дәуірде дамуына қарай сөз мағынасы да соған
сәйкестене отырып, ілгері дами түседі. Сөз, бұл – ертеден қалыптасқан
қағида бойынша тілдің негізгі өлшемі. Ал тіл болса, қоғамның ең қажетті
қатынас құралы. Ал осы тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе
лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын,
күнкөріс тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың
қоғамдық, шаруашылық мәдени тұрмысы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сол
тілдің сөздік құрамы да бай болады. Тілдің сөздік құрамының толығып
кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана болып қоймайды.
Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден алу арқылы да тіл өзінің
тілдік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму
тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланыста болғандығын
көреміз. Ал ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың
болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір
халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты
жалаң заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-
біріне молынан ауысып отырған. Әсіресе, бір тілден екінші тілге көптеген
сөздер кірген. Осымен байланысты тіліміздегі қыруар кірме сөздер қоғам
тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланысты.
Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен
араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынас жасағандығы мәлім. Ертеде тәжік,
өзбек, татар халықтары арқылы VIII-XI ғасырларда араб-парсы елдерімен, XII-
XIII ғасырларда монғол халқымен күшті байланыста болса, XVIII ғасырдан,
яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезеңінен (1731ж.) бастап
күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап
келеді. Осындай ұзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік
құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған.
Кірме сөздер дегеніміз – тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес,
басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің
дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер
делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-
қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп
кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда,
мәдениеті гүлдеп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума
сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Сол үшін де бір халықтың көршілес
басқа халықтармен араласпай, өз бетімен жеке өмір сүре алмайтыны қоғам
өміріндегі табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі. Халықтың әр тараптан,
яғни тарихи, экономикалық және мәдени қарым-қатынасы, өзара тығыз байланысы
олардың тілдерінде де белгілі із қалдырады. Әдетте бір тілден екінші тілге
ондаған, жүздеген сөздер ауысып, тіл байлығын жетілдіре түсуі жиі
кездеседі. Қазақ және түрік тілдерінің сөздік құрамын, оның даму жолын
қарастырсақ, тіпті басқаны қойып сонау араб, парсы тілдерінен енген
қайсыбір сөздердің қазақ және түрік тілдеріне мүлдем сіңісіп, байырғы
сөздік құрамына айналып кеткенін көреміз. Міне бұл жерде өзекті мәселе
болып отырған да осы, яғни қазақ және түрік тілдеріне басқа тілдерден енген
сөздердің байланыстары.
Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтың
тілінен келіп енген: 1) араб тілі; 2) парсы тілі; 3) моңғол тілі; 4) орыс
тілі. Ал түрік тілінің сөздік құрамын көбінесе араб және парсы сөздері
құрайды. Түрік тіліне енген монғол сөздері жоқтың қасы деуге болады. Ал
орыс тілінен түрік тіліне ауысқан сөздер небәрі отыз шақты ғана.
Зерттеу нысаны – қазақ және түрік тілдеріне басқа тілдерден, әсіресе
араб және парсы тілдерінен енген кірме сөздердің этимологиясы мен
функциясы.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Тақырыптың негізгі мақсаты - қазақ
және түрік тілдерінде қолданылатын ортақ кірме сөздердің мән-мағынасын ашу,
атқаратын қызметін анықтау және түп-төркінін талдау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- қазақ және түрік тілдеріндегі кірме сөздердің зерттелу тарихы мен
тілімізге ену себептерін тарихи тұрғыдан сипаттау;
- араб, иран кірме сөздерінің тілімізде қалыптасуына қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-мәдени құбылыстардың әсерін айқындау;
- кірме сөздердің қазақ және түрік тілдеріне әсеріне анықтама беру ;
- кірме сөздер мағынасының ауысуын, тарылуы немесе кеңеюін талдау;
- кірме сөздердің тұлғалық өзгерісіне (кіріге бірігуі) сипаттама беру
және т.б.;
Тақырыптың дерек көздері. Кірме сөздерге түсінік беруде
Л.З.Рүстемовтың Қазіргі қазақ тіліндегі араб, парсы кірме сөздері атты
монографиясы, Н.Б.Мансуровтың ХІХ ғ. поэзиясындағы араб, иран кірме
сөздері атты диссертациясы мен Г.С.Құлназарованың ХІ-ХІІ ғғ. Әдеби
ескерткіштеріндегі араб элементтері атты еңбегі, сонымен қатар тіл
біліміндегі лексикографиялық еңбектер мен тақырыпқа қатысты зерттеу
еңбектер пайдаланылды.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Қазақ және түрік тілдеріндегі кірме
сөздердің ортақ сипаты анықталды, олардың мағыналық сәйкестігі мен
ауытқулары тіркелді, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, кірме сөздердің
этимологиясы талданды. Аталған мәселелер қазақ және түрік тілдеріне ортақ
сөздердің сол тілге қабылдану ерекшеліктерін, сол арқылы ұлттық
менталитетті түсінуге мүмкіндік береді
Тақырыптың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында компоненттік талдау
тәсілі, салыстыру мен сипаттау әдісі, қажетті нақты мәліметтерді кесте
бойынша теріп жинау, кірме сөздердің, соның ішінде араб, иран сөздерінің
ара салмағын анықтауда статистикалық салыстырмалы әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан және
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

1. Қазақ және түрік тілдеріндегі араб, парсы элементтері және олардың
зерттелуі

Қай тілдің болсын сөздік қоры негізінен өзінің байырғы төл сөздері мен
өзге тілдерден енген кірме сөздерден тұратыны белгілі. Өйткені кез-келген
тілдің сөздік қорына қоғамдағы түрлі тарихи оқиғалар өз әсерін тигізбей
қоймайтындығы түсінікті. Дәл осы заңдылық қазақ және түрік тілдеріне де
тән. Өйткені қазақ тілінің сөздік қоры да өзінің сан қилы өмір тарихында
талай тарихи кезеңдерді басынан өткізгенін ескерсек, осының негізінде
тіліміздің сөздік қорына өзге тілдерден көптеп сөздер ауысқанын көреміз.
Орталық Азия мен сонау Византия, Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі
аралықты алып жатқан территорияда мекен еткен түркі тілдес халықтар қашан
да көршілес жатқан халықтармен сауда, мәдени, саяси және экономикалық
қатынасқа түсіп отырғаны тарих беттерінен белгілі.
Көршілес халықтардың өзара саяси, мәдени, экономикалық қатынастары да,
қоғамның дамуындағы ғылыми-техникалық жетістіктерге қатысты жаңа сөздер мен
сөз тіркестері де сөздік қорды толықтырып, үнемі дамытып отырады. Тілдің
сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері
арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып
алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады
[1,138]. Мұны қазақ халқының даму тарихына саралап көз жүгіртсек, олардың
көптеген көрші елдермен үнемі тығыз қарым-қатынаста болғандығын көреміз.
Түркі халықтары ежелден орыс халқымен көршілес отырып, тілдерінің
арасында өзара тығыз байланыста болғанын тарихшылар, көне ескерткіштер
арқылы дәлелдеп отыр. Біздің дәуіріміздің VI-VII ғасырларында Славян халқы
алғаш түркілермен, кейінірек хазарлармен, Еділ бойындағы бұлғарлармен, яғни
түркі тілдес тайпалармен сауда қатынасын жасап отырды. Сондықтан орыс
тілінің қазақ тілімен аралас-құралас болуы ертеден бастау алады.
Тілдің тарихында тілдердің өзара сөз ауысуына жаугершілік-басқыншылық
саясаттың да тиісті деңгейде әсері болады. Түркі халықтарының тарихында
XIII-XV ғасырлар аралығындағы Орта Азия мен Қазақстан жеріне Шыңғысхан
бастаған монғол шапқыншылығы үлкен өзгерістер әкелді. Олардың түркі
халықтарының экономикасына, мәдениетіне және саяси-әлеуметтік жағдайларына
жасаған зорлық-зомбылығы сол кездегі жергілікті халықтың, ру, тайпалардың
сөздік қорына өз әсерін тигізбей қоймады. Атап айтқанда, тіліміздегі талқы,
қанжыға, байсал, аймақ, дөнежін, атан, жасақ т.б. сөздерді келтіруге
болады.
Жалпы алғанда, қазақ, монғол тілдеріндегі сөздердің айтылуы
фонетикалық тұрғыдан бір-біріне жақын. Олардың морфологиялық құрылысында да
ортақ белгілер бар. Осыған орай бұл жөнінде мынадай пікірлер бар: Осы
сөздер монғол тілінен түркі тілдеріне келіп кірді ме, болмаса монғолдар
түркі тілдерінен қабылдап алды ма, бұл жөнінде белгілі бас жіп таққан
пікірді таба алмаймыз. Біздің пікірімізше, бұл сөздер монғолдарда да, түркі
тайпаларында да бірдей қатар қолданылған. Ал түркі монғолдармен араласу
арқылы бір-бірінен қабылдады деген пікірге қосылуға болмайды - дейді
Ә.Нұрмаханова [2,13]. Дейтұрғанмен бірқатар сөздердің монғол тілдерінен
енгендігін бірден аңғаруға болады деген пікірлер де бар: Түркі-монғол
тілдеріне ортақ көбеген, барымта, буыршын, алау т.с.с. сөздерді жатқызуға
болады. Түсінікті барымтадан оған пайда (Абылай). Барымта – Кектеніп
жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тарып алуы. (ҚТТС, ІІ
т., 109-бет). Қазақ тілінде барымта сөзімен құрылымдас тағы да үш сөз
кездеседі. Олар: сырымта, қоламта, қарымта. Төртеуі де монғол текті сөздер
- дейді Б.С.Қарағұлова [3,15].
Осы секілді қазақ тілінің сөздік қорынан соңғы кезде қытай тілінен де
сөз ауысуын сөз етіп, бірнеше мысалдар келтіріп жүрген жағдайды
кездестіреміз. Шындығында, қазақ тілінің лексикасынан қытай тілінен енген
сөздер де ұшырасып қалады, бірақ мұндай элементтер көп емес. Қытай сөздері
қазақ тіліне тегінде ұйғыр тілі арқылы ауысқан болса керек деген пікір
айтады зерттеушілер: заң-қытайша: ян, (модель, үлгі, түр); лағман-ұйғырдың
ұлттық тағамы, қытайша-латяормянь, мяньун деген сөз; мәнти-қытай тілінде
мянтау деп айтылады; жамба-құйма күміс қытайдың юанбау деген сөзінен
шыққандығын алға тартады.
Әрине, қытай тілінде сөз ауысу көне дәуірден бастау алады. Онда
тарихтан түркі халықтарының көршілес қытай халқымен етене араласып, тығыз
қатынаста болғанының куәсі боламыз. Осындай қалыппен грек, латын тілдерінен
де қазақ тіліне сөз ауысқанын тарихи деректерден мысалдар келтіріп, теріп
жазуға болады. Ал шығыс халықтарының, соның ішінде араб, иран тілдерінен
сөз ауысу процесін ғалымдарымыз түрліше түсіндіріп жүр. Кей ғалымдар араб,
иран тілдерінен сөз ауысуын ислам дінінің келуімен байланыстырса, енді
біреулер ертедегі IV ғасырдан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады.
Тіпті оның күшейе бастағанын XIX ғасырдағы қоғамдық-саяси құбылыспен
байланыстырады.
Қайткенде де араб, парсы кірме сөздерінің тілімізден едәуір орын
алғаны белгілі. Бірақ кірме сөздердің қалыптасуы мен даму жолдарын
қарастырып талдау жасау, олардың ақын, жыршы, жырау шығармаларында, сондай-
ақ қазақ тіліндегі орны мен қолданылуын сараптау қазіргі таңда өте маңызды.
Сондықтан тілдің тарихын зерттеуде қашан да кірме сөздердің орны ерекше
екені жасырын емес.
Қазіргі таңда араб, парсы элементтерінің лексикалық ерекшеліктерін
зерттеулер жайлы бірқатар келелі еңбектер бар екені анық. Бұл мәселеде
шетелдік шығыстанушы ғалымдар мен түркітанушы ғалымдар және өзіміздің
отандық (жергілікті) ғалымдарымыз еңбектерін атап өтуге болады. Араб, парсы
элементтерін түркі тілдеріне ықпалы жайлы жазылған М.Фасмер, А.К.Боровков,
Н.К.Дмитриев, Б.Я.Владимирцев, С.С.Майзель, С.Н.Иванов, Я.Ғуламовтардың,
зерттеулері мен Ө.Күмісбаев, А.М.Мугинов, Х.Назарова, А.Меметов,
Т.Рахмоновтардың диссертациялық жұмыстары бар
[4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15].
Осы аталған еңбектердің, яғни түркі тілдеріндегі араб, парсы сөздері
жайлы құнды ғылыми жұмыстардың бірі С.С.Майзель мен С.Н.Ивановтың
зерттеулері. С.С.Майзельдің Түрік тіліндегі араб және парсы элементтері
деген еңбегінде түрік тіліндегі көп ретте көне осман тіліндегі кірме сөздер
қамтылған. Оған қоса фонетикалық және морфологиялық құрылымы мен көмекші
сөздер жайы да толыққанды сөз етілген. Жұмыста араб сөздері мен парсы
сөздері бірге қарастырылған. Ал одан кейін жарық көрген С.Н.Ивановтың
Түрік тіліндегі арабизмдер атты еңбегі біршама өзгеше бағыт ұстанады. Ол
біріншіден, түрік тіліндегі тек қана араб сөздерін кең көлемде қарастырып
өтсе, екіншіден, осман дәуіріндегі үлгілермен салыстыра қарағанда, араб
сөздерінің мөлшері аз қолданылғанын көрсетеді. Сондай-ақ араб тіліндегі
бұрыс көпше түрдің үлгілерін, олардың басқа сөз таптарымен байланысын
сипаттап өтеді. Ең маңыздысы С.Н.Ивановтың еңбегінде қазіргі түрік
тіліндегі арабизмдер жайлы сөз етілген. Соның салдарынан С.С.Майзельдің
еңбегіндегі кейбір араб сөздері толық қамтылмай қалғаны байқалады. Өйткені
оның еңбегі С.С.Майзельдің еңбегінен отыз жыл кейін жарық көрген.
Араб, парсы тілдері екі басқа тіл екені белгілі. Сондықтан екі тілдің
байланысы мен айырмашылығы жайлы қарастыру маңызды. Соның бірі ретінде осы
сөз етіп отырған түркі тілдеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарында айтуға
болады. Өйткені кей жұмыстарда араб элементтері жеке, иран элементтері жеке
тіл ретінде бөлек қарастылып, олардың түркі тілдеріне әсері жайлы және
ондағы алатын орны өз алдына сөз болады.
Ал қазақ тіл білімінде араб, иран сөздерін ғылыми тұрғыдан
қарастырып, алғаш зерттеулер жүргізген Гүлсім Жәркешова мен Сәйділ
Талжановтың мақалалары мен Л.З.Рүстемовтың Қазіргі қазақ тіліндегі араб-
иран сөздері атты монографиясы [16,17,18].
Араб, парсы тілдерінен енген кейбір сөздер туралы мақаласында
Г.Жәркешова тіліміздегі кірме сөздер қысқарып барып, жігін білдірмей
бірігіп кету процесін сөз ете келе шаһзада, самұрық, әбдесте, мұрап т.б.
сөздеріне талдау жасайды. Онда ол тіліміздегі біріккен сөздерге лексикалық
сараптама жасап, бірігетін сөздердің сыңарлары бастапқы тұлғаларын
өзгертіп, олардың арасынан не соңынан жекелеген дыбыстар мен буындар түсіп
қалып, компоненттер өзара кірігіп, жігін білдірмей кететіндігін атап
көрсетеді. Бұл тек қана түркі тілдеріне ғана емес араб және парсы тілдеріне
де тән құбылыс екенін айтып өтеді. [16,94 б.].
С.Талжанов Араб тілінің әсері деген мақаласында араб мәдениетінің
тарихына шолу жасап, араб тілінің түркі тілдеріне әсері жайлы сөз етеді.
Оны алғаш ислам дінінің әсерінен іздейді. Соның негізінде мұсылман дінінің
елімізге таралуы жайлы тың мағлұматтар келтіреді. Аталған мақалада ислам
дінінің таралу тарихы мен жолдарын қазақ сахарасына діннің келуіндегі
тарихи жағдайлармен байланыстыра отырып, мұсылман діні Сарыарқаға тек XIX
ғасырдың екінші жартысында ғана келіп кіре бастаған тәрізді. Қазақ
сахарасына бұл дін екі жолмен келіп тарады деп оның да бірін ел арасына
келіп дәріс берген татар, башқұрт молдаларымен байланыстырады [17].
Ал Л.З.Рүстемов өзінің Қазіргі қазақ тіліндегі араб, парсы кірме
сөздері атты монографиялық еңбегінде араб және парсы сөздерінің қазіргі
қазақ әдебиеті мен ауызекі тілінде қолданылып жүрген араб, иран
элементтерін әр түрлі аспектілер арқылы талдау жасайды. Зерттеу барысында
ғалым нақты материалдарға сүйене отырып, тіліміздегі қолданыс тауып жүрген
араб, парсы сөздерінің алатын орнын, қолданылатын салаларын, семантикасын,
этимологиясын, фонетикалық және грамматикалық өзгерістерін ғылыми тұрғыдан
дәлелдейді.
Соңғы кездері араб, иран тілдерінен енген сөздерді зерттеу мәселесі
қазіргі қазақ тіл білімінде кеңінен қарастырылып келеді. Алайда олардың
ғылыми нысаны әртүрлі. Сол себепті зерттеулер әр кезеңдердегі жазба
нұсқаларды немесе олардың қолдану аясына байланысты қарастырылады.
Араб, иран кірме сөздеріне зерттеу жүргізген Ж.Есеналиева Абай
шығармаларындағы сөздерге лексикалық талдау жасайды. Ол ақын
шығармаларындағы араб, парсы кірме сөздерінің саны 1000-ға жететінін айтып
өтіп, өз ойын жалғастыра келе зерттеуші былай тұжырымдайды: Олар, ең
алдымен қазіргі қазақ тілінде бар араб, парсы сөздері. Ол сөздер қазақ
тіліне ерте кезде сіңісіп, жиі қолданылатын сөздер. Бұл топтағы сөздердің
бәрі дерлік қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне бай үлкен өзгерістерге
ұшыраған - деп адал, абырой, айна, парыз, уайым, хабар, хал, шілде, ыза
т.б. мысалдарды келтіре отырып, бұл тәрізді араб, парсы сөздерін Абай жалпы
халықтық тілден алғаны анық деген ой түйеді [19,28 б.].
Зерттеуші негізінен Абай шығармаларындағы араб, парсы сөздерінің
қолданылуына лексикалық талдауды Абай тілі сөздігі бойынша жүргізген.
Онда зерттеуші сөздікте жіберілген кемішіліктер мен олқылықтардың орнын
толықтыруды қарастырады. Зерттеу нәтижесі бойынша сөздікте небәрі 341 сөзге
араб, парсы сөздері деген белгі барын атап көрсетеді.
Араб, иран сөздерінің зерттелу объектісі түрлі бағытта және әр
кезеңдегі жазба нұсқалар мен шығармаларды қамтиды. Кешегі кеңес үкіметі
тұсында тіліміздегі араб және иран тілінен енген кірме сөздер жайлы жеке
қарастырылмады. Қарастырылғандардың өзі араб пен иран тілдерінен енген
немесе араб, парсы кірме сөздері деп әр түрлі тілдік топтарға жататын
тілдер бірге қарастырылып келеді. Ал еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық
дәстүрімізбен бірге келе жатқан өз дінімізбен қайта қауышқан заманда оны
зерттеудің түрлі жолдары ашылып, жан-жақты зерттеле бастады. Осы тұрғыда
тек қана тіл ғылымында ғана емес ғылымның түрлі саласы бойынша зерттеле
бастады, яғни араб, иран мәдениетінің де ұлттық мәдениетімізге әсері жайлы
қарастырылған Қ.Есімовтың Парсы, араб өркениетінің ұлттық мәдени
менталитетіне әсері, Г.Сыздықованың Ислам және оның Қазақстандағы даму
ерекшеліктері атты философия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін
тағайындалған диссертациялық жұмыстарын атап өтуге болады [20,21].
Араб және иран тілдерінің тілімізге әсері жайлы түрлі деңгейдегі
еңбектер мен ғылыми мақалалар жеткілікті. Алайда, олардың көтерген
мәселелері түрлі бағыттарды қамтиды. Осы тұста кірме сөздердің сөзжасам
қызметіне байланысты Ғ.Е.Жексембаеваның еңбегін атап өтуге болады. Ол
өзінің Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі деген еңбегінің І
тарау, 4-бөлімінде араб, парсы сөздерінің қазақ тіліндегі сөзжасам сипатына
тоқталып өтеді. Онда кірме сөздерден семантикалық, аналитикалық, лексика-
семантикалық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздер, күрделі сөздердің
құрылымдық, мағыналық типтері мен өнімді, өнімсіз түрлерін талдап
көрсетеді. Араб, парсы сөздері сөзжасам тәсілдерінің бәріне де қатысып
отырған, бірқатары үстеме мағыналарға ие болған, араб, парсы сөздерінің
үлгісімен жаңа сөздер туған, - деп атап өтеді [22, 54 б.].
Біз қарастырып отырған мәселенің бұл зерттеулерден өз ерекшелігі бар.
Біріншіден, қазақ және түрік тілдеріне ортақ кірме сөздерді арнайы
қарастырсақ, екіншіден, бұл жұмыста екі тілге енген ортақ кірме сөздердің
этимологиясы мен функциясы туралы арнайы сөз болады.

2. Кірме элементтердің қазақ және түрік тілдеріне ену себептері

Қазақ және түрік тілдеріндегі шығыс элементтері соның ішінде араб
және иран тілдері туралы сөз болғанда, біздің ғалымдарымыз осы күнге дейін
араб-парсы деп қосарлап айтып келеді. Бұл негізінде дұрыс емес деп
ойлаймыз. Өйткені араб тілі мен парсы ешқандай туыс тілдерге жатпайды. Араб
тілі семит, ал парсы тілі болса үндіевропа тіліне кіреді. Сондықтан оларды
туыс тілдер сияқты дефиспен қосарлау орынды емес. Әрине, кейбір араб
сөздері парсы тілі арқылы немесе парсы сөздері араб тілі арқылы қазақ және
түрік тілдерінің сөздік қорына енгені рас. Бірақ араб тілінің өз тарихы,
иран тілінің өзіндік жасалу тарихы бар екені жасырын емес.
Қазақ тіл білімінде бұған дейінгі зерттеулерде араб, иран сөздері
араб-парсы ретінде қарастырылды да, тілімізге термин ретінде қалыптасты.
Бұл парсы тілінде өзгеріске ұшырап барып, қазақ тіліне енген араб сөздері
деген ұғым беретін. Өйткені араб сөздері тікелей емес, негізінен парсы тілі
арқылы келгендігі белгілі. Атап айтқанда, иран тілінің 60 пайызға жуығы
араб сөздері. Осы негізде бұл мәселеге ғылыми тұрғыда терминдік нақтылық
қажет деп таптық. Себебі, дүние жүзі тілдерінің классификациясында парсы
тілдері деген атау жоқ. Иран тілдері деп аталады. Бұл тілдік атау Иранның
оңтүстік провинциясының дәуірлеп, дамыған кезеңінде парсы атауын алып, тек
қана тіл емес халық атауына де ие болған еді. Содан бері иран, парсы
атаулары қатар қолданылып келеді. Сондықтан біз ресми атауын негізге алдық
[23].
Тарихи тұрғыдан алып қарағанда араб және иран елдері де, өзгелер
тәрізді ғасырлар бойы, көрші қоныстанған мемлекет ретінде танылды. Олар
өзара экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынас жасап келген ел. Тіпті бұл
екі тілдің өздері де бір-бірімен араласып-құраласып кеткен. Мысалы, парсы
тілінің сөздік құрамының жартысынан көбі араб сөздері. Бірақ бұған сүйеніп,
ол екі тілді араб-парсы деп қосарламай, араб және парсы сөздері деп бөліп
айтқан ләзім деген пікірді Ж.Есеналиева да ұсынған [19,26 б.]. Осы
айтылған пікірді Г.Бүркітбай да қолдайды: Тіл білімінде араб-парсы кірме
сөздері түрінде қолданылып жүрген ұғымды араб және иран тілдерінен кірме
сөздер түрінде қалыптастырғанымыз абзал. - дейді де, Кейбір еңбектерде
араб-парсы түрінде дефис арқылы жазылып жүрген араб және парсы кірме
сөздерін, біздің ойымызша, араб-парсы деп қосақтауға болмайды. Бұлардың
ұқсастығы тек жазуында ғана, - деген тұжырымға келеді [24,15 б.].
Осы мәліметтер негізінде иран сөздерін араб-парсы деп емес жеке иран
сөздері негізінде қарастыру өте маңызды. Ал парсы терминімен алсақ онда
парсы сөзі белгілі бір аймақпен ғана шектеліп, тілдік тұрғыдан барлық иран
өлкесін, оның тілін толық қамти алмайтынын негізге алдық. Сондықтан араб-
парсы емес, иран тілі аясында қарастыруды мақсат тұтып, араб, иран
сөздерінің тілімізден орын алуының себептерін жеке-жеке қарастырдық.

1.2.1 Араб сөздерінің ену себептері

Шығыс тілдерінің ішінде араб тілінен сөз ауысу процесін біз қашанда
ислам дінінің келуімен байланыстыратынымыз анық. Алайда оны кей
ғалымдарымыз ілгеріректен бастағанды жөн санайды. Өйткені олар түркі
тайпаларының Орта Азия мен Қазақстанның қазіргі территориясында орналасуы
арабтардың жаулап алуынан көп бұрын аяқталғанын алға тартады.
Күні бүгінге дейін араб шапқыншылығының мақсаты жергілікті бұқараны
ислам діні негізінде бағындыруды көздеген делінген тарихи көзқарастар тарих
беттерінде тайға таңба басқандай болып көрініп тұр. Біздіңше, бұған тарихи
тұрғыдан нақтылап талдау жасау қажет сияқты. Бір ұлттың тарихын екінші бір
ұлттың тарихына тайға таңба басқандай етіп көрсету орынсыз болса керек.
Сондықтан тарихи тұрғыдан оған нақты бағасын берген абзал. Мұнда араб
шапқыншылығының мақсаты емес әр кезде халифалық құрған халифалардың
көздеген жеке көзқарастары мен мақсатын ашу қажеттілігі туады. Оны Орта
Азия мен Қазақстан жеріне ислам дінінің келуін тарихи тұрғыдан шолу жасау
негізінде көруге болады. Бірінші, араб халифаларының әр жылдағы халифалық
құрған кездегі жорықтары мен олардың ислам дініне жасаған саясаттарын
бағалау тұрғысынан сараптау қажет. Атап айтқанда, умеяттар, саманилер мен
аббасилер құрған халифалыққа көз жүгіртіп қараса, көруге болады.
Умеяттар халифалық құрған тұста қатал болды деп жазады біздің
тарихшылар. Олар жаулап алған жерлерде жергілікті халықты күштеп
бағындырды. Соның ішінде Орта Азия жорықтарында түркі тілдес ру-тайпалардың
мәдениетін, әдебиетін, жазу-сызуын жойып, жазба ескерткіштерді қиратты
делінген. Шындығында, бұл солай болуы мүмкін. Тарихи жағдайлар өмірлік
танымда түрлі саясаттарды жеткізеді. Онда тарих беттеріндегі түрлі
амалдардың жүргізілгендігінің куәсі боламыз. Алайда Орта Азия халықтары ең
алғаш Ислам дінімен осы умеяттар тұсында қауышты, оны таныды, діннің қыр-
сырымен танысты, оның көп тұстарынан хабардар болды деген мәліметтерді де
ескеру керек.
Оның кезінде көптеген оқу орындары, медреселер ашылып, мешіттер
салынған деседі. Жалпы осы өңірде Ислам дінінің орнығуына аса үлкен рөл
атқаратын Самарқанд пен Бұқара қалаларын қолға алу негізгі мақсаттың бірі
еді. Өйткені Самарқанд бұтқа құлдықтың орталығы саналатын. Сол үшін
Мауренаһрде үстемдік орнатуда бұл екі қаланың маңызы өте күшті болды.
Нәтижесінде бұл қалалар мұсылман әлемінде танымал діни орталыққа айналды.
Әлемге әйгілі ғалымдар, ғұламалар, дін және мемлекет қайраткерлері дүниеге
келді. Соның салдарынан араб сөздері түркі тілдерінен орын ала бастады.
Оның басты себебі сол араб мәдениеті, әдебиеті, жазуының түркі халықтарының
қатарынан орын алуы.
Кезінде Бұқара Саманилердің ғылыми мәдениет орталығы болып
есептелінген. Соның жемісі болса керек орта ғасырдағы атақты әл-Хорезмидің
астрономиялық таблицасы, ибн Синаның Медициналық каноны, әл-Фарабидің
Өлең өнерінің қағидалары, Фердаусидің Шахнамасы секілді шығармалардың,
ғылыми-концепсиялық прогресшіл ойшылдардың белгілі болуы. Ал мұндай
шығармалар сөз жоқ араб сөздерінің көне жазба нұсқалардан орын алуына
жағдай жасайды.
Ислам тарихында күрделі кезең – аббасилер дәуірі. Аббасилер заманында
ислам дініне құрмет көрсетіп, беделін арттыруды мақсат еткен болатын. Ислам
тарихын жазу, құран сүрелерін түсіндіретін таясирді жазу кеңінен дами
бастады. Әсіресе, аббасилік халифа әл-Мамун тұсында ислам діні үлкен
беделге ие болды. Бұл жайлы белгілі тарихшы С.Жолдасов: Исламды
бұрмаламай, құран ілімдерін сол қалпында білуге, оның араб халифатында
жақсы тарала беруіне әл-Мамун көп еңбек сіңірді. Көптеген жазбагерлер ислам
діні мен халифалардың оған қатынасы туралы мәселеде оны жақсы түсінгені
құранды терең меңгерген және жақсы жақтарын терең білгендігі жөнінде әл-
Мамунге тең келетін халифа кемде-кем деседі. [25,131 б.].
Осы құран сүрелерін түсіндіретін тафсирді жазу қолға алынған кезден
бастап діни мәнді араб сөздері тілімізде кеңірек орын ала бастады. Олар
қолданыста аудармасыз, түпкі мағынасында, өзінің сыртқы формасын сақтап
қалған үлгілер. Ал сөз етіп отырған XIX ғасырдағы діни мәнді араб сөздері
соның жалғасы деп ұғыну керек. Оны ақындар қолданысындағы діни мәнді араб
сөздерінің жұмсалуынан көруге болады.
Кей жазбалардың айтуына қарағанда, Орта Азия халықтарының барлығы
бірдей ислам дінін бірден қабылдай салмаған. Сірә, бұл Қазақстан жеріне
қатысты болған болса керек. Себебі сол кезеңдерде араб әскерлері қазақ
жеріне тікелей келіп қоныстана алған жоқ, ал келгендерінің өзі тұрақтанған
жоқ. Нәтижесінде Ислам діні қазақ даласына толық орныға алмады. Қазақ халқы
толық мұсылманшылыққа бет бұра қоймаған деген пікірлер айтылып жүргені
осындай шындыққа жанасады. Өйткені Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан халқының
арасында алуан түрлі нанымдар мен сенімдер орын алып келген. Бұрынғысынша
әруағына сыйыну, өлген адамға жасалатын ескі жоралғы әдеттер мен ғұрыптар
сақталып қалған. Көшпелі халықтың едәуір бөлігі әлі де шаманизмді ұстанып,
табиғаттың дүлей күшіне рухқа табынған. Ал ислам діні болса халық арасынан
біртіндеп орын ала бастаған. Бірақ қарапайым халық жаңа дінді бірден тани
қоймады, оның біршама кеңінен таралуы үшін ұзақ уақыт керек болды.
Сондықтан тарих беттерінде: Орта Азияның халықтарын исламдандыру негізінен
VIII ғасырдың аяғына қарай аяқталады, ал Қазақстанда бұл процесс ұзаққа
созылды, соның өзінде солтүстік аудандарда ол оңтүстіктегіге қарағанда әлде
қайда баяу тарады. - деп келеді [26,114 б.].
Шындығында, бірқатар аудандарға исламның таралуы осы өңірлердегі діни
ғұламалардың еңбектері мен өсиеттері және амал әрекеттері деп түсінген жөн.
Себебі, ол аудандарға араб халифаты тұрмақ араб әскерлерінің ат ізін
салғандығы жөнінде тарих беттерінде нақтылы дерек жоқ. Бірақ Ислам діні
Оңтүстік өңірде мықтап дамыды. Ал Шығыс, Батыс пен Орталық Қазақстанда
мұсылман діні әлі сіңе қоймады.
Қазақ топырағында исламның таралуы діни сауаты бар молдалар арқылы
келгендігі қашанда айтылып келеді.
Жалпы айтқанда, араб сөздерінің қазақ тілінен орын алуы бірінші,
тарихи жағдайларға байланысты болса, екінші, ислам дінінің әсері, үшінші,
діни оқу орындарының ашылуы мен діни оқулықтардың септігі деп білу керек.
Сондай-ақ қазақ топырағына орнығуына діни білімі мол ғұламалардың да өз
кезегінде тигізген септігін ерекше атап өткен жөн.

1.2.2 Иран сөздерінің ену себептері

Түркі тілдеріне иран тілінен енген сөздердің орын алуының өзіндік
маңызы бар. Өйткені түркі халықтары иран халқымен исламнан бұрын да тығыз
қарым-қатынаста болған. Кей ғалымдар Тоһарстанда түркі тайпаларының
өкілдері эрамыздың бас кезінде өмір сүргендігі туралы мәліметтің барлығын
мойындайды. Иранның солтүстігінде өмір сүрген түркі тайпаларының сол
жерлерде мекендеген парсы-тәжік тілдес халықтармен араласып өмір сүргендігі
жайлы мәліметтерді ұсынады. Шығыс зерттеушісі, тарихшы, белгілі ғалым
Н.Я.Бичурин өз еңбектерінде осыған байланысты мынадай деректерді келтіреді:
значительную ценность представляет арабо-персоязычная литература, от части
также саксие, тохарские и тибетские источники в которых сведение касающиеся
Средней Азии в древнем периоде \до VI-VIII вв еденичный и зачастую
содержатся в текстах на много позже того времени, которые ими описываются.
Это прежде всего относится к арабам и персоязычной литературе [27]. Оған
қоса көне түркі тайпаларының Орта Азияда ынтымақтасуы, түркі және иран
тілінде сөйлеушілердің бір-біріне жақындасуы мен араласуы кезеңі эрамыздың
бірінші ғасырында басталған - деген мәлімет те бар. [28,45 б.].
Ерте дәуірлерде түркі және иран халықтары үлкен бір орталыққа
бағынған деген мәліметтерді түркітанушы ғалымдарымыз да айтып өтеді.
Біздің эрамыздың IV ғасырларында Дон өлкесінде гундер иран тілдес
алаңдарды қосып алады да үлкен күшке айналады. Олардың шарықтап күшейген
дәуірі V ғасырдың орта шені – Атилла басқарған дәуірі [29,7 б.].
Бірақ оны әлі күнге дейін нақты келтіріп, ерекше атап өткен ешкім
жоқ. Олай дейтініміз араб тілінің кірме сөздерін сөз етсек болғаны оған
парсы-иран тілі дегенді қоса алатынымыз барлығы белгілі. Алайда парсы тілі
иранның барлық тілін қамти алмайды. Парсы - Иранның оңтүстігіндегі үлкен
бір аймақ (провинция). Бұл - сол жерде бұрыннан тұрып келетін халық атауы.
Парсы сөзі - сол халықпен бірге бір кездері иранның оңтүстігінен Иран
шығанағымен, шығысынан Кирман, солтүстігінен Исфаһан, батысынан Хузистанмен
шектелетін географиялық аймаққа берілетін атау. Белгілі өлке болып
қалыптасқан парсы атауы (тайпа атауы) өзінің қолданыстағы мағынасын кеңейте
келе үлкен бір мемлекет атауына ұласқан. Парсы сөзінің арабшаланған формасы
- фарис. Негізінде ол барис деп танылған. Барис сөзін ирандықтар, яғни
сол кездегі жергілікті жұртшылық иранның оңтүстігінде тұратын халық деп
ұғынған.
Араб тілінде фарас – ат (парасат) деген ұғым, фарис – атты адам
(парасатты адам) деген мағынаны білдіреді. Фарис сөзі фарас сөзінің араб
тілінде исм фаилі, яғни істеушісі, жасаушысы болып саналады. Бұл атау
парсылардың, яғни Иранның оңтүстігіндегі үлкен бір қауымның атпен жүруімен
байланысты болғандығы негізінде дүниеге келген болса керек. Өйткені Иранның
осы өңіріндегі халық-қауым атты атты пайдаланған. Ал ол кезеңде өзге
халықтарда атпен жүру, оны пайдалану оншалықты қолға алынбаған болатын.
Араб және парсы деп сөз ететін ислам дінінің таралуы дәуірінде де
ирандықтардың рөлі де ерекше болған. Араб тілінің беделі көтерілген дәуірде
парсы тілінің бір мезгілде үлкен орын алғанын көруге болады. Аббасидтер
әскери қолбасшылардың құрамына ортаазиялық облыстардағы әскер басшыларын
парсы халықтары арасында белгілі, беделді, дінді жақсы білетін, шариғат
үкіміне амал жасайтын азаматтарды сайлайды.
Кезінде Орта Азияны дүр сілкіндірген даңқты қолбасшы Кутайба да ислам
дінін дұрыс түсінуі үшін парсы тілін пайдалануға мүмкіндік жасаған деген
мәліметтер бар. Ол Бұхара мен Самарқандты алғанда Исламның жергілікті
тұрғындар тарапынан дұрыс түсінілуі үшін Құранның парсы тіліне аударылуын
және намазда, ғибадатта парсыша тәржімесінің қолданылуына рұқсат еткен
[30,363 б.].
Осы намазда, ғибадатта парсыша ниет ету XIX ғасырға дейін жалғасып
келді. Оның басты себебі заманында құранның иран тілінде оқылуына рұқсат
берілгендігі: обыкновенно по команде имама, а чтобь каждому были понятны
свяшенная слова молитвь, корань быль читань не по-арабски, а по персидски
[31,с.33].
Сондықтан қазіргі қазақ тілінің өзінде бес уақыт намаздың атаулары
түгел дерліктей парсы тілінде айтылады: бамдат-памдат, бесін-пешин,
намаздыгер-дигар, шам-шом, құптан-хуфтан. Парсы тілінен енген: дос, дұрыс,
рас, мас, нан, ас, әр, еш, Құдай (Хұда), наурыз, жаз, жады, жәдігер, шара
т.б. сөздердің қазақ тілінің дыбыстық заңдылығын толық қабылдап, тілімізге
сіңісіп кеткендігі осының бір мысалы. Ал парсы тілінен енген кер, паз,
хана, не тұлғалары араб, парсы, түркі және монғолша сөздерге алдынан және
соңынан жалғанып, түрлі сөздер жасауға өз септігін тигізіп келеді.
Көріп тұрғанымыздай ислам дінінің Орта Азия өлкесіне таралуына бір
ғана арабтардың әсері емес, парсы-иран мемлекетінің де өз кезегінде белгілі
дәрежеде үлес қосып, түркі тілдерінде парсы-иран сөздерінің орын алуына
жағдай жасағаны байқалады. Қазіргі қазақ тіліндегі ислами әдебиеттерде жиі
кездесетін Құдай, періште, пайғамбар, ұжмақ, тозақ, бейіш, тамұқ, намаз,
пір, ораза, күнә, молла, ишан т.б. сөздердің барлығы араб сөздері емес
парсы-иран сөздері.
Тарихи жалғасын тапқан иран сөздерінің тарихы осылай қым-қиғаш тарихи
аспектілерге толы болса, олардың тілімізге сіңісіп қалыптасуы бірнеше
ғасырлық байланыстың әсері деп ұғыну керек. Осындай жалғасын тауып келетін
иран сөздері XIX ғасырда сәл өзгере бастайды. Өйткені бұл ғасырда қазақ-
иран қарым-қатынасының қалыптасуы мен даму тарихы бар.
XIX ғасырдың өн бойындағы тілдік қолданыстағы иран тілінен енген кірме
сөздер жайлы сөз еткенде, алғаш иран мен түркі халықтарының арақатынасына
көз жүгірту мәселесі қарастырылады. Бұл кезеңде екі халықтың бір-бірімен
қарым-қатынасқа түскені не болмаса бір-біріне жаугершілік саясаттың
болмағанын көруге болады. Өйткені бұлар өз алдына жеке-жеке халық болып
қалыптасқан болатын. Онда иран тілі мен түркі тілінің соның ішінде қазақ
тілінің бір-біріне сөздердің алмасуын көре алмаймыз. Сондықтан XIX
ғасырдағы иран сөздерінің қазақ тіліне енуін екі түрлі жолмен қарастыруға
болады. Бірі – ауызша сөйлеу тілі болса, екіншісі – жазба тіл.
Ауызша сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңін иран мен түркі тілдерінің
аралас болған кезеңінен бастауға болады. Бұл мезгіл қос тілділік деп
аталған болатын. М.Қашқари да кезінде түркі тілдері туралы айта келе
түркілердің парсылармен араласқан өлкеде қос тілде сөйлейтін тайпаларды
атап өткен еді. Оның айтуынша: Ең ашық-айқын әрі тура түзу тіл – тек сол
бір ғана тілді біліп, парсылармен араласпайтын және шет өлкелермен барыс-
келіс жасамайтын кісілердің тілдері. Екі тіл білетін және шахарлармен
араласып қалған кісілердің тілінде бұзықтық бар. Соғдақ, кенжек, арғу
тайпалары сондай екі тіл білетіндерге кіреді. Шетелдіктермен араласатын
және қалалықтармен араласатын хотан, түбіт халықтары мен таңғұттардың
бағзылары сондай. [32,55 б.].
Демек, бір кездері Орта Азияның бірқатар өлкелері Самарқанд, Бұқара,
Хорасан және Әндіжан өлкесіндегілер екі тілде сөйлестін қос тілді халық
өмір сүрген өлке болып саналған. Осы өлкеде тұрған түркі халықтары - түрік
тіліне қоса парсы-иран тілінде де сөйлеу қабілетіне ие болғандар. Осы
өлкенің дарынды өкілі Мір Әлішер Науаи өз шығармаларын түрік және парсы
тілдерінде жазып қалдыруы, оның Гератта туып өскенімен түрік тілінің парсы
тілінен кем еместігін көрсетуге тырысуы сондықтан болса керек.
Заманында Сұлтан Әбу Саид мырзаның тұсында Әлішер Науаи Гераттан
алыстатылып Самарқандқа келеді. Сол тұста ол өз өлеңдерін түрікше жаза
бастаған. Бұл жөнінде Бабыр Әлішер бек теңдесі жоқ дарынды адам еді. Ол
түрік тілінде өлең жаза бастағаннан бері, ешкімде соншалық жақсы, әрі көп
өлең жазған емес. Ол алты мәснауи кітап құрастырды - дейді. [33,199 б.].
Бірақ Әлішер Науаи - өз шығармаларын парсыша да жазған адам. Ол парсы
тіліндегі өлеңдерінде Фани лақаб есімін пайдаланыпты деп келтіретін
жолдарын да Бабырдың Әлішер бек туралы жазбасында кездестіреміз.
Олай болса, Ә.Науаи тілінде де оны сөз етіп отырған Бабыр тілінде де
иран тілінің қолданылуы заңды құбылыс.

2. АРАБ-ПАРСЫ СӨЗДЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНЕ АУЫСУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қолдану аясы тарылған араб, парсы сөздері

Кірме сөздер қай халықтың лексикасынан да белгілі бір деңгейде орын
алады. Қазіргі қазақ, түрік тілдеріндегі араб және парсы төркіндес сөздерді
екі топқа бөліп қарауға болады. Бірі – жоғарыда аталған екі тілге ерте
кезден-ақ әбден сіңісіп, қалыптасып кеткен, әрі мейлінше жиі қолданылатын
сөздер. Бұл топтағы сөздер өзінің фонетикалық тұлғасын мүлдем өзгерткен. Ең
бастысы – мұндай сөздер қазақтың төл сөзіндей қабылданады. Бұлардың шет
тілдерден ауысып келгендігі негізінен ұмытылып та кеткен деуге болады.
Бұған адам, ажал, әлем, дәулет, құдірет, сабын, уақыт, халық секілді
сөздерді мысал етіп келтірсек те жеткілікті.
Араб және парсы сөздерінің екінші тобы – халық тіліне терең сіңісіп
кетпеген, көбінесе дерлік кітаби лексикада қолданылатын, діни түсініктер
мен абстракт ұғымдарды білдіретін сөздер. Рас, сирек қолданылатын мұндай
сөздер өздерінің алғашқы фонетикалық тұлғасын едәуір өзгертіп жіберген.
Әйтсе де бұлар қазақ әдеби тіліне де, тіпті ауызекі сөйлеу тіліне де
сіңісіп кете алмады. Мұндай араб, парсы элементтері оқшауланып тұрады.
Мәселен, амал (amal), апта (hafta), бақ (baht), есеп (hesap), өмір (ömür)
сияқты толып жатқан сөздер қазақ және түрік тілдеріне әлдеқашан әбден
сіңісіп, қалыптасып, түп-төркіні ұмытылып кеткені мәлім. Ана тіліміздегі
ғибрат, ғайбат, махрум, еждиһат тәрізді көптеген сөздер халық тіліне етене
сіңісе қойған жоқ. Бұл секілді элементтер қалың көпшілік үшін біршама жат
сөздер болып табылады. Мұндай сөздерді фонетикалық белгілері мен сыртқы
тұлғасына қарап-ақ қазақ және түрік тілдеріне ертеден еніп қалыптасып
кеткен сөздерден айырып білуге болады.
Демек, шеттен ауысқан сөздердің игерілу, халық тіліне сіңісу дәрежесі
біркелкі емес, әрі бұл тілдік құбылыс мынаны дәлелдейді: араб және парсы
сөздерінің қазақ және түрік тілдеріне ауысуы жүздеген жылдарға созылған
ұзақ процесс болды. Сондай-ақ сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуы болса,
бұл тілдердің бір-бірінен ауысқан лексикалық элементтері де соғұрлым көбейе
түседі.
Кірме сөздер көбінесе дерлік шеттен ауысқан заттар мен ұғымдардың
атауларымен бірге енеді. Мұндай заттар мен ұғымдар сол тілдің өзінде жоқ
болса, яки оларды өз тіліне аударма жасау сөздің түпкі мағынасын бұрмаласа,
сонда ғана белгілі бір тіл басқа бір тілден ауысқан лексикалық элементтерді
өзінің сөздік құрамына қабылдайды. Бұл секілді кірме сөздер негізінен
ғылыми-техникалық терминологияға қатысты болып келеді.
Бұл топтағы кірме сөздер өздері ауысып отырған тілдің сөздік құрамын
заттар мен ұғымдардың жаңа аттарымен байыта түседі. Дегенмен шеттен енген
сөздер кейде заттар мен ұғымдардың жаңа аттарын өздерімен бірге ала келмеуі
де ықтимал. Мәселен, арабтың хал, хал (hal); әтраф атрап (etraf);
тәрәф, тарап (taraf); хәджәт қажет (hacet); әввәл - әуелі (evvel);
парсының гол, гүл (gül); кәллә, келле, келде, бас (kel); нәрәсидә,
нәресте деген сияқты сөздері қазақ және түрік тілдерінде қолданылады.
Осы сияқты бірқатар араб, парсы сөздері қазақ тіліне заттардың жаңа
атын да, ұғымдардың жаңаша аталуын да әкелген жоқ. Өйткені мұндай сөздер
қазақтарға ертеден мәлім, әрі оларды өздерінің байырғы, төл сөздерімен-ақ
айта береді: жағдай, төңірек, жақ, керек, қалжың, күш, алғашқы, шешек, тау,
қонақ, бөбек, жарайды. Ал, жоғарыда аталған араб және парсы лексикалық
элементтерінің бұл тобы тілді стилистикалық тұрғыдан байыта түседі,
сөйлемдегі сөздерді саралау қызметін атқарады.
Сонымен араб, парсы сөздерінің қазақ және түрік тілдеріне енуі
көптеген ғасырларға созылған ұзақ та, күрделі процесс болды. Сөздік қорды
толықтырудың заңды әдісі болып табылатын бұл тілдік құбылыс тарихтың түрлі
кезеңдерінде әр түрлі жолмен жүзеге асып келді. Сондай-ақ араб және парсы
лексикасының қазақ және түрік тілдеріне сіңісу, игерілу дәрежесі де
біркелкі болған жоқ.
Ең бастысы араб, парсы сөздерінің қазақ және түрік тілдеріне ауысуына
ықпал жасаған тарихи, әлеуметтік, саяси және экономиалық факторлар болды.
Өйткені тілдің дамуы қоғамның даму тарихына тікелей байланысты болып
келеді.
Әдеби тілімізге ертеден еніп, әбден сіңісіп кеткен араб, парсы сөздері
қазіргі қазақ және түрік тілдерінің ішкі заңдылықтарына толық бағынып,
соған сәйкес фонетикалық және грамматикалық өзгерістерге ұшырап отыратыны
белгілі. Сонымен бірге мұндай араб, парсы сөздері семантикалық, яғни
мағыналық жағынан да өзгере береді. Семантикалық өзгерістер үш түрлі болуы
ықтимал. Біріншіден, араб, парсы тілдеріне көп мағына беретін сөздердің
алғашқы мағынасы қазақ және түрік тілдеріне ауысқан соң тарылып, енді
бұрынғысынан гөрі аз ұғымды білдіретін болып қалады. Екіншіден, араб, парсы
тілдерінде тар, азғана ұғымды білдіретін сөздердің қазіргі қазақ және түрік
тілдерінде кең мағына беретін элементке айналып кетуі де байқалады.
Үшіншіден, араб және парсы тілдерінен ауысқан сөздер кейде өзінің алғашқы
мағынасын жойып, мүлдем жаңа мағынаға ие болады. Енді осы үш түрлі
өзгерістің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.
Кейбір араб яки парсы сөздері өзінің туған топырағында бірнеше ұғымды
білдіретін, көп мағыналы яғни полисемиялық сөздер болып келеді де, қазақ
тіліне ауысқан соң қолдану өрісі тарылып, бұрынғысынан гөрі әлдеқайда тар
көлемдегі ұғымды білдіретін болып қалады. Мысалы:
айәт (қазақша: аят) деген сөз араб тілінде үш мағына береді. 1.
Ғажап, керемет, фантастикалық нәрсе, сиқыр. 2. Белгі. 3. Құран сүрелерінің
бір шумағы. Аят сөзі қазақ және түрік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің сөздік құрамы
Наурыз сөзінің этимологиялық негіздері
Кірме сөз - термин сөз
Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері
Түркі тілдерінен енген сөздер
Батырлар жырындағы көнерген сөздер
«Китаб муқаддима» ерекшеліктері
Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінен мысалдар жинақтау
Ноғайлы дәуіріндегі жырлардың тілдік ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы
Пәндер