Ақша айналысы және оның дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . . . . 3

I АҚША ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ . . . 5

  1. Ақша айналысы және даму эвалюциясы . . . 5

1. 2 Ақша түрлері және олардың айналысын реттеу . . . 10

II АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МІНЕЗДЕМЕСІ . . 15

  1. Ақша айналысы және оның заңы . . . 15
  2. Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi және ақша агрегаттары . . . 20

III Қазақстан РеспубликасынЫҢ ақша АЙНАЛЫСЫ . . . 25

3. 1 Еліміздегі ақша айналысының бүгінгі таңдағы даму жағдайы мен мәселелері . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . ………. ……. . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . …. 32

КIРIСПЕ

Ақша нарықтық экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.

Ақша - қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.

Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым болып табылады.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Ақша айналысы және оның дамуы” деп алдық.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Елiмiздегi рыноктық қатынастардың дамуы экономиканың еркiн түрде өздiгiнен дамуын талап етедi. Бiрақ әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей барлық рыноктың механизмдерiнiң мемлекеттiк реттеусiз толық қанды қызмет етуi мүмкiн емес. Ал мемлекеттiң экономикаға әсер етуi үшiн белгiлi бiр саясаттар жүргiзу арқылы ғана араласа алады. Ал осы саясаттардың ең негiзгiлерiнiң бiрi мемлекеттiң салық-бюджет және ақша-несие саясаты болып табылады.

Ал бұл екi саясат та ақша нарығының саясаттары болып табылады. Сондықтан ақша нарығы экономикадағы ең негiзгi нарық деп аталады. Бұл нарықтың негiзгi элементi әрине ақша болып табылады.

Ақша - қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.

Ақша көлемiн монетарлық және ақша саясаттары арқылы мемлекет белгiлейдi, яғни бұл қызметтi монополиялы түрде Ұлттық банк атқарады. Ақшаның сандық теориясында айналыстағы жүрген ақша массасы экономикадағы өндiрiлген өндiрiс көлемiне тең болуын сипаттайды. Егерде бұл теңдiктен ауытқыса экономикада тұрақсыздық туындайды.

Осылайша курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттер келесiдей:

  • Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
  • Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау;
  • Ақша айналысының iске асу механизмiн және оны реттеу шараларын қаарстыру;
  • Ақша айналысының негiзгi көрсеткiштерi болып табылатын ақша базасы және ақша агрегаттарын қарастыру және олардың елiмiздегi дамуын және оларды реттеудiң маңыздылығын аатп өту;
  • Қазақстан Республикасының Кеңес Одағы кезiнде жүргiзген ақша реформаларының жүргiзiлу барысын, ерекшелiктерiн және кезеңдерiн қарастыру;
  • Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi 1993 жылғы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге байланысты жүргiзiлген ақша реформасын қарастыру;
  • Жоғарыдағы реформаларды қарастыра келе ұлттық валютамыздың бүгiнгi таңдағы экономиканың қаржы секторындағы орны мен оны дамытудағы iс-шараларын қарастыру.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы ақша айналысының теориялық жағын, екінші бөлімде Қазақстандағы ақша айналысының дамуы мен бүгінгі таңдағы ақша айналысының көрсеткіштеріне тоқталдым, ал үшінші бөлімде ақша айналысының қазіргі бағыттары мен даму болашағының маңыздылығы қарастырылды.

Курстық жұмысымды орындау барысында келесі авторлардың ғылыми еңбектері қолданылды: О. И Лаврушина, С. Б. Мақыш, Баян Көшенова, Ғ. С. Сейiтқасымов және т. б. авторлар еңбектері. Сондай-ақ еліміздің соңғы жылдардағы экономикалық журналдары: «Банки Казахстана» мен «РЦБК» журналдарын пайдаланылды.

I АҚША ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

  1. Ақша айналысы және даму эвалюциясы

Ақшаның тарихи қалыптасуының осы кезге дейiнгi дамуында қоғамдық өндiрiстердiң және экономикалық құрылымдардың өзгеруiмен бiрге ақша айналымының теориясы да ылғи да даму үрдiсiнде болды. Жалпы экономикалық дамуда ақша айналымының үш теориясын атап көрсеттуге болады. Әрине олар қоғам дамуымен бiрге өздерiнің формаларын да өзгертiп келедi.

1. Ақшаның металдық теориясы . Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер (Томас Мэн, т. б. ) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.

Немiс экономистерi ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң банкноталары да аталады деген. Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негiзделiп қолданылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон - Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ -тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.

Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк қызметкер М. М. Сперанский (1771-1839 ж. ж. ) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi - ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.

Қағаз - несиелiк ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп соқтырып, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы т. б. пайда болды.

Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.

Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен барып, одан бiрте - бiрте монеталар пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.

Монета - ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi. Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсiнiктемелер бар:

Биметализм - жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.

Монометализм - жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т. б. ) қолданылатын ақша жүйесi.

Осылай, б. э. дейiн III - II ғ. римде мыс монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж. ж. аралығында - күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай патша тұсында енгiзiлдi.

Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның түсiне қарап шыққан.

2. Ақша айналысының номиалистiк теориясы . Меркантелистердiң металлизмге қарсы iс әрекетiнен ақшаның номиналистiк теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың металдық құрамын белгiледi. /2 /.

Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:

  • Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен тауарлардың айырбас құны анықталады;
  • Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;

Сонымен номиналаистер аұшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады. Адам Смиттiң айтуынша, ақша - бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие дп санайды:

  • Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
  • Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,

XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне қағаз ақшалар жатады.

Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi. “Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк шарттылық”

Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория денег”, 1905 ж. ) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi төменгiдей құрылған:

  • Ақша - құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
  • Ақша мемлекеттiк хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
  • Ақшаның негiзгi қызметi - төлем құралы.

1929 - 1933 жж. экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрi қарай дами түстi. Сөйтiп, Дж. М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективтi заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.

Бiрақ қағаз ақшаның шығу тарихы б. ғ. д. I ғ. тән, яғни ол кездегi терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император меншiгiнде болған.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы Шынғысханның немересi Хубила ханмен байланыстырылады.

Сырттай қарағанда, қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған - толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады. Шыында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан көбеюi есесiнен пайда болды.

Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:

  1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
  2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
  3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы;
  4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.

Осыған байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы делдалы ретiнде алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр жапырақ қағазға дейiн жұқарды.

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiң ақырғы формасы.

Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi.

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады.

Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi. Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк емес шығындарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзiлiк ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi және тауар массасының қысқаруы, т. б. / 1, 33 б. /

Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн емес, сондықтан да олармен қатар несиелiк ақшалар жүредi.

Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылмаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.

Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы атқарады.

Несиелiк ақшалар - бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.

Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

3. Ақшаның сандық теориясы. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi. Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:

1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн ақшаның сандық теориясы өзiнiң күшiн жоғалта бастады, себебi кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңiл бөлдi.

Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды, себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау үшiн қажеттi мерзiмдер арасында пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.

Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң көп бөлiгi қарыз талаптары мен мiндеттемелерiн өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:

А с = Т б. с. - Н т. б. с. + Т с - О т. м. с. / А + АР

Теңдiкте көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн себептердiң бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының едәуiр аз төленбеген төлемi болып табылады.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк бермейдi, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн, өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады.

1. 2 Ақша түрлері және олардың айналысын реттеу

Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды.

Металл ақшалардың қағаз ақшаларға ауысу негізгі себептеріне келесiлер жатады:

  • Металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз. Яғни металдарды алып жүру, оларды тасымалдау қиынға түсті. Сонымен қатар егер белгілі бір тұлға көп ақшалармен саудаласу үшін міндетті түрде үлкен ақша салатын ыдыстармен жүрген. Ал ол өз кезегінде сол адамның дереу көзге түсуін, соның салдарынан оның өміріне қауіп тудыруы мүмкін еді.
  • Металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету сипатының орын алуы, жасанды металдардың шыға бастау барысында бiлiнуi; Яғни, бұл жерде белгілі бір мемлекет өз қызметтерін және өзінің жағдайларын жақсарту үшін ақша айналысы заңына сәйкес келмейтін металл ақшаларды көптеп шығарумен байланысты және ол өз кезегінде саудаласуда әділетсіздікті туғызады;
  • Бағалы металдарды өндiрудiң қағаз ақшаларды өндiруден қарағанда қымбатқа түсуi, яғни қоғамдық қатынастардың күннен күнге дами түсуіне байланысты айналысқа көптеген ақша қаражаттары қажет болды. Ал металл ақшалар шығарудың мөлшері шектеулі және оны шығаруға көп қаржы қажет болды. Егер қағаз ақшалар пайда болмағанда бүгінде металл ақшалар өндіру үшін металлдарға деген сұраныс өсіп, жалпы ақша құнының өз бетімен өсіп кетуі орын алар еді;
  • Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Бұл әсіресе елдің қиыншылық жағдайларға тап болуын, соғыс уақыттарында және бюджеттік шығындардың әр түрлі себептермен пайда болған тапшылығын жабу мақсатымен көрініс табады. Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін қағаз ақшаалрды шығарудың негізгі себебі халыққа уақытында қағаз ақшалар эмиссиялап ақша төлеу әлеуметтік мәселелерді уақытша шешеді.

Алғашқы қағаз ақшалар б. э. XII ғ. Қытайда 1690 ж. Ұлыбритания отарыболған Солтүстiк америкада, 1762 ж. Авсрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.

Сонымен қ ағаз ақшалар - бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысы мен заңы
Дүниежүзілік ақша қызметі
Ақша теориясының дамуы және ақша жүйесi
АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
Ақша айналысы мен заң
Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақшаның мәні және қызметтері
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz