Үкімет және министрліктер



1. Үкімет ұғымы
2. Министрліктер түрлері
3. Үкімет пен министрліктер қарым . қатынасы
1. Қазақстан Республикасының 64 – баптың 1 – тармағында былай делінген: “Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды”. Яғни, атқарушы билік – заң, биліктік – жедел ұйымдастыру- өкімдік, Президент Жарлықтарының орындалуын шығармашылық көрініс табатын, Конституцияның, заңдардың қамтамасыз етуге, елді дамытудың саяси және әлеуметтік – экономикалық мәселелерін, жалпы және арнайы құзіреті бар мемлкеттік басқару органдарының бірыңғай жүйесінің қызметін шешуге, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық іске асыру мақсатында елдің бүкіл аумағында немесе тиісті әкімшілік – аумақтық бірлігінде жалпыға міндетті мәні бар актілер шығару құқығы берілген, халықтың тіршілігінің лайықты деңгейі үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік биліктің аса маңызды дербес тармағы.
Атқарушы биліктің құрлымы қазіргі уақытта жалпы және арнайы құзіретті мемлекеттік басқару органдарын қамтиды. “Мемлекеттік басқару органы” деген ұғым аталмыш жағдайда “атқарушы билік органы” немесе “атқарушы органдар” деген ұғымдармен тең. Бұл жерде мемлекеттік басқару тар ұғымда, ол кең мағынада мемлекеттің қоғамдық қатынастарға кез келген басқарушы ықпалын қамтиды және оған мемлекеттік тетіктің барлық буыны кіреді.
ТМД елдерінің Конституцияларында берілетін “үкімет” деген ұғымға атқарушы билік жүйесіндегі оның басқарушы рөліне басымдық мән беріледі, оның басқару және өкімдік сипаты атап көрсетіледі.
Украина Конституциясының 113 – бабыны сәйкес Министрлер кабинеті атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Түркімен Республикасы Конституциясының 76 – бабы Министрлер кабинетін атқарушы және өкімші орган ретінде сипаттайды. Молдава Конституциясының 96 – бабында, үкімет мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді және жария басқаруға жалпы басшылықты жүзеге асырады делінген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 64 – бабының 1 – тармағы осы тұжырымдарды негізге алады, ол іс жүзінде үкіметті атқарушы биліктің жоғары органы деп атайды.
1. “ЗАҢ” журналы 2002, № 10, (50 – 52 бет)

2. “Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары.” (110-111 бет)
Алматы, Жеті Жарғы 1999 жыл

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Үкімет және министрліктер

Үкімет ұғымы
Министрліктер түрлері
Үкімет пен министрліктер қарым – қатынасы

1. Қазақстан Республикасының 64 – баптың 1 – тармағында былай делінген:
“Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы
органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды”.
Яғни, атқарушы билік – заң, биліктік – жедел ұйымдастыру- өкімдік,
Президент Жарлықтарының орындалуын шығармашылық көрініс табатын,
Конституцияның, заңдардың қамтамасыз етуге, елді дамытудың саяси және
әлеуметтік – экономикалық мәселелерін, жалпы және арнайы құзіреті бар
мемлкеттік басқару органдарының бірыңғай жүйесінің қызметін шешуге,
азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық іске асыру мақсатында
елдің бүкіл аумағында немесе тиісті әкімшілік – аумақтық бірлігінде жалпыға
міндетті мәні бар актілер шығару құқығы берілген, халықтың тіршілігінің
лайықты деңгейі үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған
мемлекеттік биліктің аса маңызды дербес тармағы.
Атқарушы биліктің құрлымы қазіргі уақытта жалпы және арнайы құзіретті
мемлекеттік басқару органдарын қамтиды. “Мемлекеттік басқару органы” деген
ұғым аталмыш жағдайда “атқарушы билік органы” немесе “атқарушы органдар”
деген ұғымдармен тең. Бұл жерде мемлекеттік басқару тар ұғымда, ол кең
мағынада мемлекеттің қоғамдық қатынастарға кез келген басқарушы ықпалын
қамтиды және оған мемлекеттік тетіктің барлық буыны кіреді.
ТМД елдерінің Конституцияларында берілетін “үкімет” деген ұғымға
атқарушы билік жүйесіндегі оның басқарушы рөліне басымдық мән беріледі,
оның басқару және өкімдік сипаты атап көрсетіледі.
Украина Конституциясының 113 – бабыны сәйкес Министрлер кабинеті
атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Түркімен Республикасы
Конституциясының 76 – бабы Министрлер кабинетін атқарушы және өкімші орган
ретінде сипаттайды. Молдава Конституциясының 96 – бабында, үкімет
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді және жария
басқаруға жалпы басшылықты жүзеге асырады делінген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 64 – бабының 1 – тармағы осы
тұжырымдарды негізге алады, ол іс жүзінде үкіметті атқарушы биліктің жоғары
органы деп атайды.
“Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қызметіне басшылық
жасайтын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Үкіметтің сипаттамасы
оның құқықтық табиғатын ашады, билік бөлінісі жүйесіндегі оның атқарушы
рөлін куәландырады”.
Заң әдебиеттерінде Үкіметтің айқындамасы оның мәнін, мақсатын, құрамын,
оның мемлекет тетігінде орындайтын функцияларын мейлінше толық әрі дәл ашып
көрсетуге тырысады. Мәселен, С.Кашкиннің пікірі бойынша, Үкімет – атқару
және өкімдік, яғни елде әкімшілік қызметін басқаруды жүзеге асыратын жалпы
құзіретті алқалық орган.
З. Гадылшьинаның көзқарасы да осы сияқты, Үкіметтің айқындамасын мемлкеттің
қарауына жатқызылған барлық мәселелер бойынша мемлекеттік басқарудың
орталық органдарының жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын жалпы құзіретті
атқарушы биліктің алқалық органы ретінде қарастырады (Президенттің қарауына
жатқызылғандардан басқа).
Менің ойымша Үкімет мемлекеттік әкімшілікті басқаратын және жалпы ұлттық
басқаруды, яғни бюджеттің, заңдардың орындалуын, ішкі және әскери саясатта
ұйымдастыру мен жүргізуді, салық жүйесі мен кеден режимін қолдауды, несие –
ақша және экономикалық жүйелерді реттеуді, полициялық іс пен қауіпсіздік
жүйесіне басшылықты, сондай – ақ көптеген басқа да қызметтерді жүзеге
асыратын жоғары саяси орган.
Үкіметке мейлінше толық және түпкілікті түсінік беру үшін оның
айырмашылық белгілері мен ерекешеліктерін анықтау қажет. З.Гадылшьина
осындай талаптардың бірін жасайды. Ол мынадай белгілерді атайды.
1. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, ол мемлекеттік биліктің
салыстырмалы дербес тармағын білдіреді.
2. Үкіметті іс жүзінде атқарушы билік органдарының жүйесін басқарады.
3. Үкімет – басқарудың барлық салалары мен аяларына басшылықты жүзеге
асыратын, экономикалық және әлеуметтік – мәдени дамуды қамтамасыз
ететін жалпы құзіретті орган.
4. Үкімет – алқалық орган, ол мемлекеттің бүкіл жалпы аумағында жалпыға
міндетті актілер шығарады.
Б. Елисеев Үкіметте экономика, әлеуметтік – мәдени, құқық қорғау қызметі,
әкімшілік – саяси құрылыс салаларында кең құзіреті, сондай – ақ
министрліктер мен атқарушы биліктің өзге де органдарында үйлестіру және
бағыттаушы рөлі бар екендігін бөлек атап көрсетеді. Үкіметтің
Конституцияның, заңдардың, Президент Жарлықтарының негізінде және оларды
орындау үшін қаулылар мен өкімдер шығаруы дербес белгісі болып табылады.
Алқалықтардың толықтырушы белгісі ретінде, Үкіметтің құрамына арнайы
құзіреттегі мемлекеттік басқарудың барлық немесе мейлінше маңызды органдары
(салалық және сала аралық) басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың
(мысалы, Премьер – министрдің орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы
және т.б.) кіретіндігін атауға болады.
Үкімет сондай – ақ өзінің жауапкершілігі мен есеп беруінің тәртібін де
сипаттайды.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі – орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Үкіметтің қызметінің ұйымдастыру
VIII Тақырып. Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері
ҮКІМЕТ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ
Мемлекеттік органдар
ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
Атқарушы билік органдары туралы
Мемлекет механизмінің түсінігі
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
Пәндер