Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1-ТАРАУ. Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай

  1. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал7

1. 2 Әйтеке бидің ғұмырнамасы. . …17

2-ТАРАУ. Әйтеке бидің билік-шешімдері

2. 1. Жесір дауы. . …26

2. 2. Жер дауы35

2. 3. Мал-мүлік дауы . . . …42

2. 4. Әйтеке бидің үлгілі (прецеденттік) билік шешімдері………. …… . . . 52

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64

К І Р І С П Е

Қазақ халқы тарих сахнасына қаншама ұлы тұлғаларды шығарды десеңізші. Елі үшін жан пидаға көз жұма бара білген бұл ерлер бүкіл ел тағдыры таразы басына түскен замандарда мемлекет тұғырының шайқалмауы үшін, оның мызғымастығы жолында жан аянбай күрескен болатын. Елдің жарқын болашағын баянды етудің ауыр жүгі оларды өздерінің ақыл-парасатын ел кәдесіне жаратуға, барлық күш-жігерін осы істе сарп етуге жетеледі. Осындай елінің бақыты үшін саналы ғұмырын қазақтың біртұтас ел болуына, айбынының асқақтауына жұмсаған тұлғаның бірі және бірегейі - Әйтеке би Байбекұлы болатын.

Әйтеке Байбекұлының ғұмырлық қызметінің өзегін, алтын діңгегін елінің бірлігі мен баяндылығы үшін жүргізген билік жолы құрайды. Әйтеке би қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесіне әмбебаптық ажар беріп, оны уақыт талабына сай түрлендіре білген, дәстүрлі құқықтық мазмұнын адами құндылықтармен реңдей түсуде тың серпін қосқан жан.

Әйтеке бидің өткен жолы қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойдың бастауларымен әуендес. XVІІ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі кезең мен XVІІІ ғасырдың басындағы саяси ой-пікірдің дамуымен тұтастықта жатыр. Сонымен қатар Әйтеке әлемдік саяси-құқықтық ойдың дамуына да өзіндік үлес қосқан алып ой иесі. Әйтекенің өткен жолын тану арқылы ғана біз бұл үрдістердің тұңғиығына терең бойлай аламыз. Заман озған сайын бұл ұлы дала перзентінің халқы үшін еткен еңбегі даралана, сомдала түсетіндігі айқын. Сондықтан да Әйтеке бидің тағылымын тану және оны ел кәдесінің қызметіне жараттыру - бүгінгі таңда кезек күттірмей, жүзеге асырылатын шаралардың бірі.

Жоғарыда аталған жайттар ғылыми жұмыстың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік туғызады. Себебі, қазақтың дәстүрлі құқықтық жүйесі және бұл жүйедегі негізгі тұлға билердің кеңестік дәуірде құқықтанудың методологиялық негізі болған “таптық қағиданың” сұрықсыз түсімен түстелгені бізге белгілі. Соның нәтижесінде, би тұлғасын бай-шонжарлардың бейнесімен астастырып, оны елдегі үстем таптың қолшоқпары, оның күйін күйттеуші ретінде көрсету үстемдік алды. Бұл халық санасында биді озбырлықтың, білімсіздіктің, тек күн көрістің қамын ойлаған дөкей кейпіндегі тұлға ретінде елестетуге мүмкіндік туғызды. Кеңестік дәуірде би тұлғасына, жалпы би институтына қатысты мұндай көзқарастың орнығуына, Ресей патшалығы кезінде би ретінде танылудың ежелден келе жатқан дәстүрлі жолының бұзылып, көрпелес, пышағы май үстінде қылпыған билердің санының артуы да өзіндік септігін тигізген болатын. Міне, кеңестік дәуірдегі би тұлғасына қатысты, оның қызметін бағалауға байланысты қоғамда үстемдік құрған жалпы көзқарас осындай еді.

Ендігі біздің алдымыздағы міндет - бұл жолда біржақтылыққа, бұрмалауға жол бермеу, зерттеу барысында бұл құбылыстардың ғылыми объективті бет-бейнесін айқындау болып табылады.

Бұл мақсатқа жетудің бір бағыты - Әйтеке бидің тағылымын бүгінгі таңдағы дәстүрлі құқықтық болмыстың қайта жаңғырту үрдістерімен телімдестіре зерттеуде деп ойлаймыз. Өйткені, осы уақытқа дейінгі тарих кейіпкері болған дәстүрлі құқықтық жүйенің тамырына қан жүгіруге бейім, алғашқы нышандардың дүмпуі бой көрсетуде. Ұлы бидің ұлағаты арқылы біз бұл жаңғырық үнінің себебін түсінуге тырысамыз және оны бүгінгі өміріміздің жанды кейіпкеріне айналдырудың бағыт-бағдарын тануға ұмтыламыз. Сондықтан да бұл жұмыс барысында мәселенің осы қырын көзден таса қылмауға тырыстық. Сол арқылы өткен күннің үнін бүгінгі әуенмен телімдестіре тербелтудің мүмкіндіктерін бағалауға ұмтылдық. Елімізде қылмыстың кең масштабта белең алуы, қылмыспен күрестегі “алдын алу шараларының” /профилактиканың/ төмендеуі, бүгінгі таңдағы қылмыстық әрекеттерді тұсаулауда салмақты тарихи орны бар өткен ата-баба жолын тарихи тұрғыда бағалап, күштеп үзілген сабақтастықты қайта жалғауды қажет ететіндей.

Бұл бүгінгі еліміздің алдына қойып отырған мақсат- міндеттерімен орайласады. Себебі бүгін еліміз егеменді, тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздіктің тұғыры биік болуы үшін тарихтың өткен жолдарындағы белестердің әр қырын, ұлылықтың тауына айналдыруға ұмтылған тұлғалардың өмір жолын, елі үшін еткен еңбегін қазақтың мемлекеттілігін дамытудағы реформаторлық ой-әрекеттерінің астарына бойлап, оны қысаңдықтан ада, жаңа леппен бойымызға сіңіргенде ғана қаншама ғасырлар бойы елдікті, тұтастықты ту еткен бабалар арманы орындалар еді.

Егеменді еліміз болашақта айбыны асқан “барыстардың”1 қатарынан көрінуге ұмтылуда. Бұл тұғыры биік арманды біз әрбір азаматтың бойында ұлтжандық пен патриоттық сезімді ұялата алғанда ғана бағындырамыз. Сондықтан да қазақ елінің тарихында із қалдырған тұлғалардың өмір жолынан сабақ алу, бүгінгі күні тарихи санамызды серпілтіп, оны жаңа деңгейге көтеруге кепілдік береді. Бұл дегеніміз әрбір азаматтың бойында “патриоттық” сезімді оятуға мүмкіндік жасайтын жол.

Республикамызда жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның бірінші кезеңі өз деңгейінде жемісін бермеді, оның бір себебі біздің ойымызша өткен күн оқиғаларынан сабақ алмаудан, елімізде құқықтық мемлекет құру ісінде ұлттық құқықтық болмысымыздың қосар үлесіне немқұрайлықпен қараудан деп ойлаймыз. Сондықтан да еліміздегі құқықтық реформаның екінші кезеңі ел сезінетін жетістіктерге жетуі үшін өткенімізден жиренбей, бұл жолдағы тұлғалардың қазақтың билік жүргізу үрдісіне қосқан үлестерін мұқият зерделеп, салмақтап болашақтың несібесіне жаратуымыз қажет.

1-ТАРАУ. Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай

  1. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал

Қандай да болмасын тарихи тұлғаның белгілі кезең аралығында өмір сүретіндігі мәлім. Сондықтан да ол өзі өмір кешіп жатқан тұста болатын қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістердің әсерінен шет қалуы мүмкін емес. Ол өзгерістер оның ой-өрісінің дамуына, саяси қызметі мен өмірлік ұстамдарының қалыптасуында өзіндік із- таңбасын қалдырмай қоймайтыны айқын. Олай болса тұлғаның өмір жолын, елі үшін еткен еңбегін, саяси-әлеуметтік және құқықтық ой-иірімдерін зерделеуде, ол өмір сүрген уақыттағы саяси-әлеуметтік жағдайларға зер салмай, ой тезінен өткізбей, оның көзқарастарының астарына терең дендеп бойлап бағалау мүмкін емес. Бұл туралы ғұлама ғалым, академик С. Зиманов былай дейді: “Өткен дәуірде өмір сүрген қайраткерлердің саяси көзқарастарын зерттеудің өзіне тән қиыншылықтары бар. Қиындық - қайраткер өмір сүрген және туындылар жасаған сол дәуір мен кезеңнің біртұтастық көрінісін азды-көпті болса да қалпын келтіру, өзіне қоғам дамуының бағытын және қажеттілігін ұғыну, атап айтқанда, әлеуметтік қатынастар саласында, саясатта және идеологияда. Сомдап айтқанда зерттеуші тарихқа кіруі қажет. Бұл оңай міндет емес. Бірақ мұндай түсініксіз өткен құбылысты нақтылы - тарихи ыңғай туралы айту қиын-ақ. Кейде бізден алшақта қалған қоғамдық-саяси қайраткерлерге баға беруде сол кезеңнің тарихын және жағдайларын зерттемей, білмей ынта білдіретін фактілермен де кездесіп қаламыз. Осыдан мәселелерді ашуда субъективизм және догматика туындайды”. Міне, бұл Әйтеке Бәйбекұлындай заңғар кең масштабтағы қоғам қайраткерін зерттеуде де бағана тұтар қағида. Әйтекедей бәйтеректің өмір сүрген және қызмет атқарған уақыты қазақ қоғамындағы бір ұрымтал, ел тағдыры таразы басына түскен және сол безбеннің қай басының басарын болжап білу қиын уақытпен тұспа-тұс келеді.

Осы кезеңде елдің сыртқы жағдайында өте шыңырауға жеткен қауіпте бой көрсеткен еді. Шығыста қазақ еліне өзінің тырнағын батырудың жаңа фазасына көшкен жоңғар қоңтайшылары шабуылын үдете түссе, ал Батыста бір бүкпесі әр уақытта ішінде тұратын орыс патшалығы өзінің жымысқы саясатына тың қарқын қосуға ұмтылған болатын. Ал діні бір Орта Азия хандықтарының достық сыңайы белгілі тұғын. Қытай елі де қазақ жұртымен қатынаста түрлі саяси әдістерге көшуге сыңай таныта бастаған болатын.

Қазақ-жоңғар жанжалының бастауы әріден тамыр тартады. Бұл екі халық бірімен-бірі әр уақытта жаугершілікте болған жоқ. Тағдыр қосқан көрші болғандықтан ара-кідік құдалықтың жолын жасап, ауық-ауық біріне -бірі қонаққа барып мәзіре жай бейбіт өмір кешкен тұстары да болған. Және де екі ел арасындағы теке тіресте біреуінің жеңісімен аяқталып отырмаған. Бірде біреуінің мерейі үстем болса, ал енді бірде екіншісі жеңіс тойын тойлап жататын. Екі елдің қарым-қатынасын сипаттайтын бізге жеткен мағлұматтарды саралап қарайтын болсақ, екі ел арасындағы қатынастар Батыр қонтайшы, Халдан Бошақты және Сыбан Рабтан тұсында өте үлкен теке тіреске, бітпес жаулыққа ұласқанын көреміз. Жалпы “жоңғар” деген сөз монғол тілінде “сол қанат”, “сол қол” деген мағына береді. Бұл батыс Монғолияны мекен еткен тайпалардың атауы. Ойрат тайпалары туралы деректер бізге XІІІ ғасырдан белгілі. Кезінде осы ойрат тайпалары Шыңғыс ханның әскерінің құрамына кіріп, оның сол қанатын құраған. Міне, “жоңғар” сөзі осы уақыттан бастап тарих сахнасына шығады. Әрине оларды барлығы дерлік бұлай атамаған. Ойраттар түрікше “қалмақ” деген атпен белгілі болатын. Ал қытайлықтар оларды “элюттар” деген көрінеді.

XІV ғасырларда бірнеше монғол тайпалары “ойрат одағының” құрамына бірге бастайды. Бұл одақтың негізін батыс монғолдық - торғауыт, шорыс, құшыт, дербіт тайпалары құраған. Ал жоңғар хандығы XVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмірге келеді.

Жоңғар хандығының нақты өмірге келуін ғылымда 1635 жыл деп есептейді. Осы тұста билік басына Қара-Құл тайшының баласы Батыр қонтайшы келеді. Бұл қазақ -жоңғар кикілжіңінің жаңа дәуірінің басталғанын білдіреді. Өйткені ол уақытқа дейінгі қазақ-жоңғар арасындағы талас-тартыс бір жүйелілікке, мақсаттылық сипатқа ие болмаған еді. Батыр қонтайшының қазақ еліне деген көз алартуы мақсатты, соңғы ниеті әбден айқын, тіс батырудың бастауы болатын. Батырдың тұсында жоңғарлар қазақ еліне бірнеше мәрте шапқыншылықтар жасайды. Оның біріншісі 1635 жылы болды. Бұл шайқасты толық қанды сипаттайтын, оның соңы немен аяқталғандығы туралы толық дерек жоқ. Бірақ та оның аяғы жоңғарлардың мерейінің үстем болғандығын аңғартатындай. Осы 1635 жылдары басталған жоңғар шабуылы кейін де жалғасып отырған. 1640 жылғы Батырдың қалың қолына Жалаңтөс Баһадүр 30 мың әскермен күйрете соққы береді. Кезінде Жалаңтөске “Аталық” атағы осы жоңғарлармен ұрыста көзге түскені үшін берілген болатын. Батыр қонтайшы тұсындағы екінші бір жойқын соғыс 1643 жылы болды. Батыр бұл жорыққа 50 мыңдай әскер жиыстырған. Жәңгір мен қонтайшы арасындағы бұл шайқас аңызға сүйенсек жоңғар Алатауындағы, Өрбұлақ деген жерде болғанға ұқсайды. Осы шайқаста қара құрым жоңғар қолына Жәңгірдің арқасында қазақ қолы төтеп беріп, жеңіске жетеді. Неге десеңіз Жәңгір сұлтанда небәрі 600 қарулы атты әскер ғана болған және де олардың арасында Ағынтай, Қарасай сияқты дүлдүлдер жанқиярлықпен соғысқан болатын. Бұл оқиғаны тарихшы Ә. Хасенов Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің алғашқы ерлік беттері ретінде бағалайды. 2 Батыр қазақтардан әбері айрандай төгілген бұл жеңілісінің есесін қайтармақ ниетпен, 1646 жылы қайтадан қазақтарға жорық жасайды. Осы соғыстан кейін қазақ пен жоңғар арасында кіші-гірім уақыт бейбітшілік орнағандай болады. Бірақ бұл көпке созылмайды. 1652 жылы ол қазақ еліне қайта соғыс бастайды. Бұл жолы Батыр қазақтарды жеңгенімен, бұл оның қазақтарды ақырғы рет жеңуі еді. Осы шайқастан кейін артын ала бір жыл өткен соң қайтыс болады. Оның орнын баласы Сеңген басады. Көп ұзамай ол да ел ішіндегі билікке таластың құрбаны болып кетеді. Орнына інісі Қалдан-Бошақты ел тізгінін ұстайды. Халдан Бошақтының тұсында Қазақстанның оңтүстік аумағындағы керуен жолындағы қалалар дүркін-дүркін шабуылдарға ұшырайды. Әйтеке бидің Халдан-Бошақтымен жекпе-жекке шығып сөз сайыстыратын тұсы да осы кез.

Бірде қазақ елі онымен бітімге келуге ниет танытып, елші де жібереді. 3 Сол Тайкелтір бастап баратын қазақ елшілігінің құрамында қазақтың атақты билерінің бірі Қазыбек те болып, елшіліктен еліне ораларда “Қаз дауысты” атанып қайтады. Осы сапарында Қазыбек би қаламақ қонтайшысына былай деген екен: “Біз қазақ …. мал баққан елміз…. ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Екі еліктің лағын, теліткелі келгенбіз. Сен қабылан да, біз арыстан, алысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімбіз, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітім айт, бермесең тұратын жеріңді айт. Міне, Қазыбектің сөзінен сол кездегі қазақ хандығының айбарының қаншалықты асқақ болғандығын көруге болады және жоңғармен арадағы қарым-қатынас та қандай бағыт ұстайтындығын, елдікке елдік, жаулыққа жаулық танытатынын бүкпесіз ашып салып отыр.

Ал жоңғарлар XVІІ ғасырдың соңына таман қазақ елі үшін шынайы қауіптің көзіне айналды. Ол туралы В. А. Моисеев былай дейді: “ Война 1690 г. положила начало новой полосе вооруженных столкновений между ойратскими и казахскими феодалами. Именно с этого времени Джунгария стала представлять главную опасность, угрожающую независимость и самостоятельности феодального Казахстана”. Бұған билік басына Сыбан Раптанның келуі отқа май құйғандай әсер етті. Сыбан Раптанның қазақ даласына бұлай шүйлігуінің бір себебін белгілі тарихшы С. Асфендияров қытайлардың ығыстыруымен түсіндіреді. 4 Ал Сыбан Раптан болса өзінің қазақтарға жасап жатқан шабуылын Қытай императорына жазған хатында былай деп түсіндіреді: “ 1) Что войну имеет он, Раптан, с казахами поневоле; 2) что прежде сего сын хана хазацкого Текея ( т. е. Тауке) был в полону у Галдана, и Галданом отослан к Далай ламе; 3) Что потом Текей просил его, Цеван Раптан о сыне, своем, чтобы от Далай Ламы освободил и к нему доставил. По просьбе сей он, Цеван Раптан, исполнил, и сына его к нему, Текею, отослал с 500 человек; но он в благодарность всех оных 500 человек перерубил, и еще потом убил моего князя, а князеву жену с детьми и с людьми, всего более ста кибиток, увез к себе; 4) что он, Текей, чинил нападение на Цеван Раптана шурина, Аюки ханова сына на дороге, который вез к нему Цевану Раптану, в замужество сестру свою, и 5) что перехватил к себе несколько российских купцов, кон от него, Цеван Раптана, следовали назад в Россию”. Әрине бұл сыныққа сылтау іздеу болатын. Сыбан Раптанның көксеген мақсаты - қазақтың жері еді. Осы мақсатта ол 1710-1725 жылдар аралығында қазақ жеріне бірнеше дүркін шабуылдар жасады. 1710-716 жылдар арасындағы жасаған жорығында ол Қазақ ордасына қарсы ең кемінде 20 мыңнан әскер аттандырды. Мұншама әскердің қанша қырғын жасайтындығын көзімізге елестетсек те жетеді. Жоңғарлар 1717 жылы Аякөз маңында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді. Мұның барлығы алдағы болатын үлкен қырғын: “Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаның” бастамасы еді.

Бұл уақыттарда Батыстағы алып көрші Ресеймен де қатынас бір қалыпты өрбіді деп айтуға болмайды. Ресей қай заманда болмасын Қазақстанды стратегиялық маңызы бар ел деп есептейтін. 1 Петр Қазақстанды Азияға ашылатын қақпа ретінде бағалады. Оның заманындағы Ресейдің Қазақстанға қатысты ұстанған саясаты былай еді: “ Политика России состояла в этот период главным образом в том, чтобы превратить казахские степи в прочный и надежный экономический и торговый мост, соединяющий ее со средней Азией и другими Восточными государствами. И хотя это было лишь продолжением политики России времен Ивана ІІІ и Ивана ІV, достаточно четко она стала проявляться лишь с первой половины XVІІІ в. Ресейдің түп мақсаты қалайда болса Қазақстанды өзіне тәуелді ету болатын. Бұл бағыттағы саяси амалдың басын әр түрлі мақсаттағы экспедицияларды желеу етіп, қазақ даласының географиялық, экономикалық деңгейін көрсететін әртүрлі карталар жасаудан бастаған. Бұл әрине жерінің жағдайын жақсы білген елді оңай ұтуға болады деген құйтырқы саясатының көрінісі. Әрі қарай Ресей бұл бағыттағы жолды бекініністер салу арқылы қазақ жеріне дендеп енумен ұштастырғаны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйтеке би Байбекұлы
Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері
ХҮІІ ғ. – ХҮІІІ ғ. басындағы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақ этнонимі, қазақ жүздері
Қазақ қоғамындағы “билер институтының” құқықтық қызметi, бұл институттың қалыптасу кезеңдерi және құқықтық қатынастардағы орны, сондай-ақ, билердiң билiк шешiмдерiне ғылыми тұрғыда талдау жасау, оның құқықтық табиғатын айқындау және мән-мазмұнын ашып көрсету
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал
Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz