Жерге орналастыру жұмыстары
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жерге орналастырудың мазмұны, мақсаты және міндеттері
1.2 Жерге орналастыру ұғымы
1.3 Жерге орналастырудың құрылымы
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АВТОКӨЛІК ЖОЛЫНЫҢ ФИЗИКО.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жалпы сипаттама
2.2 Климаты
2.3 Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Өсімдіктер дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6 Жер беті және жер асты сулары
3 ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖОБАСЫНДА ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Тірек тораптар туралы жалпы түсінік және оның түрлері
3.2 Мемлекеттік геодезиялық тораптар
3.3 Геодезиялық жиілендіру және түсіру тораптары
3.4 Теодолиттік түсіріс
3.5 Тахеометрлік түсіріс
3.6 Нивелирлеу
4 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ РЫСҚҰЛОВ ДАҢҒЫЛЫН ҰЗАРТУ ЖОБАСЫНА АВТОКӨЛІК ЖОЛЫНА ЖЕР БӨЛІП БЕРУ
4.1 Шаруашылық аралық жерге орналастыру
4.2 Автомобиль жолын жобалаудың теориялық негізі
4.3 Рысқұлов даңғылын ұзарту жобасында қызыл сызық шекарасына кіретін объектілерді мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару
4.4 Жол төсемдерінің түрі және конструктивтік элементтері
5. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін – ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырғыларды, көпжылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы ролі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлылығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Ауыл шаруашылығы саласында жерге орналастыру ауыл шаруашылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жерге орналастырудың мазмұны, мақсаты және міндеттері
1.2 Жерге орналастыру ұғымы
1.3 Жерге орналастырудың құрылымы
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АВТОКӨЛІК ЖОЛЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУ
СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жалпы сипаттама
2.2 Климаты
2.3 Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
2.4 Топырақ
жамылғысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
2.5 Өсімдіктер
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
2.6 Жер беті және жер асты сулары
3 ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖОБАСЫНДА ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Тірек тораптар туралы жалпы түсінік және оның түрлері
3.2 Мемлекеттік геодезиялық тораптар
3.3 Геодезиялық жиілендіру және түсіру тораптары
3.4 Теодолиттік түсіріс
3.5 Тахеометрлік түсіріс
3.6 Нивелирлеу
4 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ РЫСҚҰЛОВ ДАҢҒЫЛЫН ҰЗАРТУ ЖОБАСЫНА АВТОКӨЛІК ЖОЛЫНА ЖЕР
БӨЛІП БЕРУ
4.1 Шаруашылық аралық жерге орналастыру
4.2 Автомобиль жолын жобалаудың теориялық негізі
4.3 Рысқұлов даңғылын ұзарту жобасында қызыл сызық шекарасына кіретін
объектілерді мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару
4.4 Жол төсемдерінің түрі және конструктивтік элементтері
5. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Анықтамалар
ШАЖО шаруашылықаралық жерге орналастыру
ІШЖО ішкі шаруашылық жерге орналастыру
автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының
белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз
жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер қозғалысына арналған инженерлік
құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер
учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем
шегіндегі әуе кеңістігі;
жолдың техникалық санаты - жолдың негізгі геометриялық элементтерінің
параметрлерін анықтайтын көлік құралдары қозғалысының перспективалық
орташа жылдық орташа тәуліктік қарқындылығының өлшемі бойынша автомобиль
жолының халық шаруашылық маңызының сипаттамасы, оның көліктік-пайдалану
көрсеткіштері мен тұтыну қасиеті;
есептік жылдамдық - жердің жобалауға неғұрлым қолайсыз учаскелерінде
автомобиль жолдарының геометриялық элементтерін есептеу үшін
пайдаланылатын, ауа-райының қалыпты жағдайы және жүру бөлігінің жоғарғы
қабатымен автомобиль шиналарының ілінісуі кезінде қозғалыстың қауіпсіздік,
ыңғайлылық пен жайлылығының шарттары бойынша жалғыз автомобильдің мүмкін
болатын ең үлкен жылдамдығы;
жолдың трассасы - оның көлденең (жоспармен) және тік (бойлық бейінмен) екі
проекциясымен анықталатын автомобиль жолының геометриялық осінің
кеңістіктегі қалпы;
Нормативтік сілтемелер
1
Қазақстан республикасының Конституциясы
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды
2
Қазақстан Республикасының Жер кодексі
(2003 ж. 20 маусым № 442-ІІ ) (2010.19.03. берілген өзгерістер мен
толықтырулармен)
Қысқартулар
ШАЖО шаруашылықаралық жерге орналастыру;
ІШЖО ішкі шаруашылық жерге орналастыру;
ЖІӨ жалпы ішкі өнім;
ШФҚ шаруа ферма қожалығы;
ӨК өндірістік кооператив;
Кіріспе
1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң
актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері
белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауыл шаруашылық
мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына
бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың
басты міндетін – ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық
және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін,
соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында жерге орналастыру жер
қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын
ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның
нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар
жақсаруға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер
қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге
орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге
асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың
экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын
ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалық
кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын
(ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық
қондырғыларды, көпжылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы ролі мен
маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін
қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін
арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру,
әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар
мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере
отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер
басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауыл шаруашылық өндірістің
тиімділігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда жер тек қана операциялық
базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте
құнарлылығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сондықтан жерге
орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды
үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Ауыл шаруашылығы саласында жерге орналастыру ауыл шаруашылық алаптарының
құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің,
сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен
шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің
ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндеттері
ағындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мынадайларына саяды:
Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;
топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны сақтау және жақсарту,
тұрақты агроландшафттарды жасау;
жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру және дамыту.
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат-міндеттеріне қарай оның
мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру
іс-қимылдарын қамтиды:
республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын
(жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі
бағдарламаларды әзірлеу;
жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру
жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді
жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе
пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;
елді-мекендердің шекараларын (шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету,
олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
әкімшілік-территориялық құрылымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи
территориялардың және басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің
шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді
игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына
немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген
мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
топографиялық – геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және
басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;
жер кадастры мен мониторингін жүргізу;
жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық
карталар мен атластарды жасау;
жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.
Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономикалық және
ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының
жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Соңғысы нарықтық жағдайлардағы жер
иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың мүлде жаңа құрамын қамтамасыз
етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауыл
шаруашылық және ауыл шаруашылық емес мақсатындағы жаңа және бұрыннан бар
жер иелеушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру
жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады. Сонымен бірге оған жергілікті
әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК
құруға, кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелген. Жерді бөліп беру,
тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын
реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін
құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс-қимылдар да жерге
орналастыру міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын
жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану,
жақсарту және қорғау жөніндегі республикалық, облыстық және аймақтық
схема-болжаулар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл
болжау және жобалау құжаттарында республиканың, облыстардың, аудандардың
өндірістік күштерінің 15-20 жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі
бағыттары қамтылуға тиісті.
Соңғы уақытта ауылды елді-мекендердің, поселкелердің және қалалардың жер
шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың саны едәуір артуда. Бұндай
жобалар урбанизацияланған территориялардың пайдалану тиімділігін
жоғарлатуға, қалалар мен басқа елді-мекендерде, оларды ары қарай дамытуға
қажетті жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған
жобалардың елді-мекендерге қатыстыларында, аса маңызды, оларға соңғы
жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауыл шаруашылық, әсіресе мал
азығы алаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.
Осымен қатар, жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау, рекреациялық
және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территорияларды реттестіру
және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени
зоналарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің
орынды пайдалануын ұйымдастыру.
Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік-территориялық
құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру
жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын
делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруға
болады.
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкішаруашылық жерге
орналастыру және ауыл шаруашылық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс
жобаларды дайындау табылады.
Жердің ауыл шаруашылық өндірістегі басты құралы ретінде ұйымдастырылуының
нәтижесінде агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігі және сонымен бірге
нарықтық жағдайдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс
қамтамасыз етіледі.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барысында жеке іс-қимыл
ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе
нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен
инвентаризация (жерді түгендеу) жүргізіледі. Бұның нәтижесінде арнайы жер
қорын қалыптастыруға қажетті жер учаскелері де анықталып отырады.
Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әр түрлі жұмыс жобаларымен
қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа антропогендік ықпалдардың
салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау (қалпына келтіру) жобалары
жасалады.
Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық –
геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да
зерттеу-іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу,
кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау
жұмыстарын орындау жатады.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті – ғылыми-техникалық прогрестің
деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын
ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі
өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.
Жерге орналастыру ұғымы
Соңғы онжылдықтың ішінде ҚР жер қатынастары құрылымы, сондай-ақ жерге
орналастырудың өндірістік және құқықтық процесі түбегейлі өзгерді. Жаңадан
пайда болған шаруашылық құрылымдарының аудандары мен межелері көбінесе
жобасыз, қарапайым техникалық тәсілдер арқылы белгіленуде. 90-шы жылдары
орын алған дағдарысқа себепті ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары
мүлде сұраныссыз қалды, ауыл шаруашылық айналымынан орасан зор көлемді
жерлер шығарылып, босалқы жерлер қатарына ауыстырылды, ауыспалы егістер
сақталмай, жалпы жер пайдалану реттілігі бұзылды. Бүгінгі күннің
тәртібінде осы кемшіліктерді жою, жер қатынастары мен жерге орналастыруды
жаңа деңгейге көтеру - шешімін күттіртпейтін мәселеге айналып отыр.
Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат-міндеттері мен қазіргі және жақын
болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми
сипаттама (дефиниция) беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру – бұл еңбектің жоғары әлеуметтік-экономикалық
тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз
ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге,
жерде әр түрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы
жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы
ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Бұндай күрделі сипаттама жерге орналастыруды аса маңызды
инженерлік-экономикалық, техникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық
шаралар кешені ретінде бейнелейді. Ол жерге орналастырудың бүкіл
аспектілері мен жерді және онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын
реттестіруге қатысты басқа да инженерлік-экономикалық кешендерімен өзара
байланыстарын ашып көрсетеді. Сондықтан бұл түсініктің сипаттамасын жеке
бөліктерге жіктей отырып ұққан дұрыс:
жерге орналастыру – жеке дара іс-қимыл емес, ол шаралар жүйесі;
жерге орналастыру – мемлекеттік шаралар жүйесі, өйткені оның нәтижесінде
Заң негізінде пайда болатын территориялық реттіліктердің формалары
міндетті түрде орындалуға тиісті;
жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде, жерге
орналастыру, біріншіден, жер қатынастарын реттеуге, жер пайдаланушылықтар
және жер иеленушіліктер жүйесін қалыптастыруға және үнемі жетілдіріп
отыруға, екіншіден, жердің ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға және ысырапты
жұмсаудан, ұқыпсыздықтан, табиғи теріс құбылыстар мен антропогендік
ықпалдардан қорғауға бағытталады;
жерге орналастырудың түпкі мақсаты - әрбір жер учаскесінің жалпы өндіріс
құралы және аса маңызды табиғи ресурс ретіндегі пайдалану тиімділігін
арттыру.
Өткен ғасырдың 40-70 ж.ж. жерге орналастыру ғылыми мектебінің жетекшісі
академик С.А. Удачин жерге орналастыруды техника мен құқықтың экономика
арқылы сынып көрінетін үш қырлы призмамен салыстыра бейнелеген болатын.
Шынында да, жерге орналастыру экономикалық тиімділікті арттыруға
бағытталған, бірақ, ол геодезиялық және басқа техникалық тәсілдерді
қолдана отырып, әр түрлі инженерлік жобаларды жасау, болжауларды әзірлеу
арқылы жүзеге асырылады және де осыларды орындау барысында әрқашанда
құқыққа – заңдар мен нормативтік актілерге, негізделеді.
Соңғы уақытта экологиялық жағдайлардың асқынуына байланысты осы жағынан
қауіпсіз технологияларды қолдану және алаптардың құрамын қалыптастыру
қажеттілігі тууда. Бұнда ландшафттың қасиеттерін ескерген аса маңызды.
С.А. Удачиннің жерге орналастыруға жоғарыда берген сипаттамасына, енді
экология ұғымын қоса айтқан әбден орынды болар еді.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың,
аудандардың, қалалардың және басқа да елді-мекендердің территориялары,
бірінші кезекте ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың
жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алаптары мен
учаскелері болып табылады.
Жерге орналастырудың тақырыбы және оның нақты нәтижелері – экономикалық
тұрғыдан тиімді, экология жағынан қолайлы жер категорияларының, жер
иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, өндірістік бөлімшелер мен
әкімшілік территориялардың, жер алаптары мен әр түрлі шаруашылық
алқаптарының (ауыспалы егістіктер мен танаптардың, ауыспалы шабындықтар
мен жайылымдардың жеміс-жидек көшеттері кварталдарының), сондай-ақ
сызықтық контурлардың (жолдардың, каналдардың және т.с.с.) межелері мен
аудандары.
1.2 Жерге орналастырудың құрылымы
Реформаға дейінгі уақыттағы біршама тұрақты жер пайдаланушылықтарды құруға
немесе реттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмыстарының мазмұны ШАЖО
және ІШЖО түрлеріне бөлінетін болатын.
Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың
біреуі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға,
қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр түрлі
мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашышылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік,
азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды
жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер
бөліп беруге байланысты. Демек ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың жер
пайдаланушылықтарын құру.
Бұрын ІШЖО-дың екі формасы бөлінетін: жаппай ұжымдау мен совхоздарды
ұйымдастырудан кейінгі алғашқы жылдары (30-60 ж.ж.) ішкіколхоздық және
ішкісовхоздық формалары болатын. Жерге орналастырудың бұл түрінде түр
тармақтары белгіленбеді. Кейінірек, колхоздарда еңбек ақысын ақшалай төлеу
жүйесі енгізілгенде, техника колхоздардың қарамағына ауыстырылғанда,
ішкіколхоздық және ішкісовхоздық жерге орналастыру формаларының ешбір
айырмашылығы болмады. Дегенмен, колхоздарда да, совхоздарда да олардың
мамандандырылғанына, ұйымдастыру-шаруашылық құрылымдарына, жерлерінің
реттестірілуіне байланысты өндірістерінің көлемінде, міндеттерінің мазмұны
мен атқару әдістерінде, сондай-ақ ІШЖО формаларында да айтарлықтай
айырмашылық сақталды. Негізінен ІШЖО тек сол шаруашылықтың ғана мүдделерін
қозғайды.
Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер
категориялары мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық
қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен
әкімшілік-территориялық бірлестіктерге, ал кейбіреулері тек жеке
кәсіпорындарға қатысты.
Жерге орналастырудың екінші түрі - шаруашылықаралық жерге орналастыру
(ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың
территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл
шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі
мемлекеттік және мемлекеттік емес заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың
мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру
немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауыл
шаруашылық және ауыл шаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай
ажыратылады
ІШЖО тек ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің,
кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі
мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақты әр түрлі
техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды
жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы
территориялық реттілік жасау.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы
егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы
орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау
жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін,
жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды
ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да
(аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.
Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны
реттестіру суару және коллекторлық – дренаждық жүйенің, оның жеке
элементерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз
байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алап түрінің шеңберінде
жүргізіледі. Уческелiк жерге орналастыру ұғымы ауыл шаруашылық
жайылымдарын жақсартуға бағытталған эрозияға қарсы шаралардың кешеннiн
өткiзуiмен және оларды өзгертумен, бүлінген жерлерді қайта қалпына
келтірумен, мал жайылымдарын құрумен, ылғалданған жерлерді мелиорациялау
және суландыру, шаруашылықаралық жолдарды салу және т.б. іс-шаралармен
байланысты.
Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай
мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:
1) ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
2) бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);
3) жаңа жерлерді игеру;
4) культуртехникалық шараларды жүргізу;
5) эрозияға қарсы шараларды жобалау;
6) мелиоративтік шараларды жоспарлау.
2 Алматы қаласы Рысқұлов автокөлік жолының физико-географиялық орналасу
сипаттамасы
2.1 Жалпы сипаттама
Алматы — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының
солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында орналасқан. Қаланың аумағы — 170км². Алматыда 1 434 755
адам тұрады (2011жыл мәліметтеріне сәйкес). Ал бейресми деректер бойынша
халық саны 2 миллионды құрайды. Оның 54%-ы әйелдер, 46 %-ы – ерлер. Соңғы
бес жыл бедерінде төрт жасқа дейінгі балалар саны 50%-дан астам
көрсеткішке дейін өсті. Алматы байырғыдай Қазақстан қалалары ішіндегі
көпұлтты қала мәртебесіне ие. Этникалық жағын ескерсек, бұл қалада 100-
ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қазіргі кезде Алматыда 51,1% қазақтар, 33%
орыстар, 5,7%-ы ұйғырлар, 2%-ға жуық корейлер және дәл осы мөлшерде
татарлар мен 0,5%-ға дейін өзбектер, сондай-ақ 0,4%-ға дейін түріктер
тұрады. Қалада сонымен қатар, 0,5% немістер де тұрып жатыр.
Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына
шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ 51 бөлігін өндіреді.
Алматы қаласының экономикасын өнеркәсіп, қызмет көрсету аясы мен ауыл
шаруашылық салалары құрайды. Өнеркәсіптегі негізгі салалары өндіріс
орындары, электр қуатын тарату, су, көгілдір отын және өңдеуші кәсіпорындар
болып табылады. Бұларға қоса, химиялық, азық-түлік, металлургиялық және
халық шарушылығының басқа да түрлері даму үстінде. Өңдеу өнеркәсібінің
еншісіне қаладағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 85%-дан астамы тиюде. Соңғы
жылдары ағаш өнімдері мен қортқы көмір (кокс) біршама азайды. Есесіне тігін
және тоқыма өнімдері, химиялық өнеркәсіп, сондай-ақ транспорттық құралдар
мен оларға жабдықтар шығару артты.
Байланыс саласы бойынша айтсақ, оларға көп кіріс әкелген жергілікті
телефон байланысы (1,5%), халықаралық телефон байланысы (4,4%), интернет
желісі (6,6%) және ұялы телефон байланысы (70%-дан астам) болып отыр.
Өсімдік шарушылығының басты көзі – дәнді дақыл, картофель, көкөніс, жеміс-
жидек пен жүзім. Ал малшаруашылығында өсіріліп жатқан малдардан негізінен
ет, сүт, жұмыртқа және жүн алынуда.
Мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 15 бөлігі немесе 2 триллион 273
миллиард теңгесі Алматының еншісіне тиюде, яғни Алматы қаласының әрбір
тұрғынына 15 мың доллардан келеді. Бұл республика бойынша айтсақ, 2,7 есеге
көп. Елдегі салықтың 30%-ы осы қаладан жиналса, мемлекеттің сыртқы тауар
айналымының ішкі 50%-ы және 16 бөлігі Алматыда жүзеге асуда. Барлық банк
жүйесі операцияларының 70%-ы да осы мегаполисте атқарылып жатады. Сонымен
қатар, барлық инвестициялардың 18%-ы, пайдалануға беріліп жатқан
баспаналардың 12%-ы және тауарлардың жеке және көтерме саудасы
операцияларының барлығының 50%-ы Алматының үлесінде.
Алматы экономикасы негізінен қалада жұмыс істеп жатқан банктер мен
шағын және орта бизнестің есебінен дамуда. Мәселен, барлық салықтың 60%-ын
қаладағы саны 78 мыңға жетіп отырған бизнес орындары түсіруде. Сонымен
қатар, қалада 33 екінші деңгейлі банк тіркелген. Бұл жалпы санның 95%-ы.
Транспорт саласы бойынша жұмыс істеп жатқан мекемелер саны 517. Соңғы
жылдары жолаушы тасымалы да, жүк тасымалы да едәуір өсті. Әуедегі
транспортты жылына 20 мың жолаушы пайдалануда. Ал олардың көмегімен
тасымалданатын жүк салмағы жылына 7 мың тоннаны құрап отыр. Автомобиль
транспортымен негізінен түрлі-түсті меттал, құрылыс заттары, басқа да
жүктер тасымалданып жатады.
Алматының тауар мен туризм саласын дамытуға мүмкіндігі мол. Қазір
қаладағы туристік ұйымдар саны 500-ге жуық. Туризм саласының жақсаруының
арқасында соңғы жылдары туристер легі айтарлықтай өсті. Туристік фирмалар
саны да өсіп келеді.
Алматы қаласында аймақтық қаржы орталығын құру туралы 2006 жылы ресми
түрде жарияланған болатын. АӨҚО (Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы
акционерлік қоғамы) қазіргі кезде тұрғындардың қаржы және инвестиция
төңірегіндегі сауатын көтеруге мүдделі және Қазақстанның қаржы аясына
шетелдік инвестиция тартудың тиімді жолдарын қарастырып, еліміздің құнды
қағаздарын халықарылық нарыққа кіріктірумен айналысуда.
Қазіргі кезде Алматыда сауда-саттық саласы бойынша 3100 нысан жұмыс
істеуде. Олар - бірнеше топқа бөлініп отыр: азық-түлік, өнеркәсіп салалары,
базар, сауда кешендері және баспана.
2.2 Климаты
Алматы климаты - континентік. Ен ыстық ай — шілде- тамыз. Ен суық ай —
қаңтар. Орташа жылдық температурасы 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа
температурасы шамамен -4.7 °С, ал шілдеде +23.8 С°. Үсіктер қараша айында
бастап, сәуірде аяқталады. Қатты аяздар 67 күн болады — желтоқсаның 19
бастап, ақпанның 23-інде аяқталады. Ыстық күндер 30С°-қа дейін — 36 күн
болады. 15 күнде Алматыда жиі-жиі жел соғады (15 мс). 50-70 күндер туман
болады. Ауаның орташа жылдық температурасы 2,8 – 3,6ºС, жазда орташа
айлық температура 23-24ºС. Ауаның абсолюттік максимум температурасы +42ºС,
ауаның абсолюттік минимум температурасы - 38ºС. Температурасы 10ºС-тан
жоғары кезеңге қолайлы температуралардың сомасы 2400-2800ºС жетеді.
Температурасы 10ºС-тан жоғары вегетациялық кезең – 135-150 күн.
Алматы ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Н
а
у
Нобайлық графикалық материалдар
Ахуалдық жоспар (трассаның сұлбасы)
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер (сәйкестендірілген өлшем
бірлігіндегі)
Құрылыс ұзындығы (ұзақтылығы) 2001 жылғы базалық бағалар деңгейіндегі
Жол санаты құрылыстың сметалық жалпы сметалық құны,
Қозғалыс жолағының саны оның ішінде:
Жер төсемінің ені -ҚҚЖ
Өтетін бөліктің ені –––––––жылғы ағымдағы бағасындағы
Жол киімінің түрі құрылыстың жалпы сметалық құны, соның
Жабындының түрі ішінде:
-ҚҚЖ
-Құрылыстың ұзақтығы
Қосымша мәліметтер, соның ішінде:
жобаның (жұмыс жобасының) құрамы;
ауданның климаттық, инженерлік-геологиялық шарттары туралы мәліметтер;
автомобиль жолдарының негізгі құрылымдық шешімдері
Лауазымы және жетекшінің тегі, аты-жөні –––––––––––––––қолы, мөр орны
Лауазымы және төлқұжатты құрастырушы жауаптының тегі, аты-жөні–––––қолы
––––––––––––––– құрастырылған күні

Соңғы жылдардың бедерінде мегаполис қаланың басты мәселесінің бірі
көлік кептелістері екендігі белгілі. Осы түйткілді тарқату мақсатында
Алматыда кешенді шаралар атқарылып келеді. Мегаполисте жол қозғалысы
қауіпсіздігі мен көшелердегі жүктемелерді азайту бұрынғысынша көкейкесті
қалпында тұр. Алматы қаласының жол-көлік магистральдарын дамыту
бағдарламасыда қазіргі таңда басты бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарламада
жолайрықтар салу, Райымбек, Рысқұлов, Саин, Төле би даңғылдарын кеңейту
және біраз көшелердің жалғасын шығыс айналма жолына қосу көзделген. Жалпы
Алматы сияқты үлкен қалада атмосфераның негізгі ластаушы көздер көлік
(зиянды заттардың барлығының 80%-ға жуығы) болып табылады. Сондықтан, бас
жоспарда жол-көше желілерін жақсарту, метрополитенді енгізу, электр
көліктер үлесін арттыру, қозғалмалы құрамды жетілдіру, жанармай құю
бекеттері мен техникалық қызмет көрсету желілерін оңтайлы дамыту ұсынылады.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер
учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
жайында мүлік туралы заңда 6-тарауда қарастырылған.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін
немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы
мен жалпы шарттарына тоқталатын болсақ:
1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер
учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару тек
қана жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.
Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығын құқықтық кадастрдағы
мәліметтердің және (немесе) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде растау
мүмкін болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы
учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де
объектілерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына),
тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге
асырылады.
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер

мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерінің жариялылығы сақталған кезде
жүргізілуі мүмкін. Алып қойылатын мүліктің меншік иесі тарапынан талаптар
болған кезде жариялылықтың болмауы мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып
қоюдан бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер
учаскесін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы
меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен
бастап, мемлекеттің оны сатып алуға басым құқығы болады.
4. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесінің
құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
5. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесі Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қаулыны
қабылдағаннан кейін кез келген сәтте және атқарушы орган жер учаскесін
мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа
жүгінгенге дейін сәйкес келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер

туралы қағидалар ескеріле отырып, жер учаскесі жеке тұлғаның немесе
мемлекеттік емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да
қолданылады.

немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру
принциптерін атап кететін болсақ:

учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жеке
тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті
иеліктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал
жағдайларын пайдалану мүмкін болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсілі болған кезде
жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін
немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол
берілмейді.
3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және
мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін мүлікті
кез келген алып қою не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсатынан
туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтін мүлікті өзге де
алып қою мүлікті мемлекет мұқтажы үшін алып қою болып танылмайды. Бұл
жағдайларда мүлікті иеліктен шығаруға мүліктің меншік иесі мен коммерциялық
мақсаттарды көздейтін тұлға арасындағы келісім бойынша олардың арасында
жасалған мүлікті сатып алу-сату шарты негізінде жол беріледі.
4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер
учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға
мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай
көлемде ғана жол беріледі.
5. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін
алып қоюға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz