Арнайы экономикалық зона – «Морпорт Ақтау»


СОДЕРЖАНИЕ
СОДЕРЖАНИЕ1
Ақтау порты. 1
Арнайы экономикалық зона - «Морпорт Ақтау». 2
Пармодар - мемлекеттік маңызды нысандар. 2
Біз шегара мәселесін шешкенімізбен, шегара аралық су тасымалы мәселесін неге әлі бір жолға қоя алмай келеміз?3
Ақтау порты.
Ақтау порты - европалық және азиаттық маршруттар қиылысындағы ең ірі Қазақстанның транспорттық түйіндерінің бірі. Ақтау теңіз сауда порты 1963 жылы Каспийдің щығыс жағалауында құрылды. Алғашында Маңғышлак ауданындағы уран өндірісі мен мұнай өндірісін дамыту мақсатында құрылды. 80 жылдардың басында су тасымалының көпшілігі мұнай тасымалына тиді, ол жылына 7 млн тоннаға дейін жетті. Ал құрғақ жерлер үлесіне жылына 300 мың тонна тиді. 1999 жылы порттың транспорттық-техникалық жағын жаңарту, халқаралық стандарттарға сай қылу мақсатында 74 млн доллар қаржы бөлінген. 2001 жылы Ақтау портын дамытуға байланысты ірі инвестициялық жобалар іске асырылды: Жеке отандық инвестор - «Ақ бидай» компаниясының тікелей инвестициялауы нәтижесінде бидай терминалының құрылысы аяқталды. Жылына 300 мың тонна тасымалдауға мүмкіндік берді. Сол сияқты 2 млн евро қаржыға тең грант бөлінуі нәтижесінде паром жүйесі қалпына келтірілді. «Ақтау халқаралың теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтау және Баутинода орналасқан екі портты өз қызметінде қолданады. Порттың негізгі қызметтеріне - жүк тиеу және жеткізу, жолаушыларға пароммен қызмет көрсету және т. б.
Ақтау портының сыйымдылығы жылына 1, 5 млн тонна құрғақ және 8 млн тонна сұйық жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Ал Баутино порты арқылы жылына 150 мың тонна ғана құрғақ жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде екі порт та тәулік бойы қызмет етеді. Порттарда 13 причал қызмет етеді. Сол сияқты жоғары қарқынмен металл тасымалы да дамуда. Капиталдың негізгі көзі - Ақтау-Бау паром жолы арқылы жүк тасымалдаудан түседі. 2002 жылмен салыстырғанда жүк тасымалы 33, 3%-ға, яғни 159 мың тоннаға көтерілді. Оның ішінде мұнай тасымалыныкі 56, 3%-ға, ал металл тасымалы 2, 3 есе өсті. Капитал кірісі де 2002 жылмен салыстырғанда 74%-ға көтерілді.
2005 жылға арналған Ақтау портын дамыту бағдарламасына: Европадан жаңа жүк тасымалы перспективаларына жол ашатын контейнер терминалын құру; бидай экспортын ұлғайту үшін қосымша бидай терминалын құру; т. б. Сол сияқты тасымал кезінде тәуекелді азайту үшін дамбы және волнолом сапасын жақсарту. Қазіргі кезде Баутино порты Каспийдегі мұнай өндіру компанияларына қолғабыс ретінде қызмет етеді.
«Солтүстік - Оңтүстік» жобасы бұл - европалық солтүстік - батыс пен Скандинавия елдерін Орталық Азия және Парсы шығанағымен байланыстыратын перспективалы транзиттік көлік торабы болып табылады. Осы маршрут бойынша алдағы 10 жылда жүк тасымалын 10-15 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл жоба Қазақстанның Каспийдегі транспорт жүйесінің қызметін жетілдіруге, Халқаралық мұхитқа шығуына, ақтау порты арқылы транзитті жүктерді тартуға мүмкіндік береді. Сол сияқты Ақтау - Оля, Ақтау - Амирабад су жолын дамыту, түрлі маршруттар бойынша ортақ нормативтік құқықтық құжаттар мен шарттарға қол жеткізу; Парсы шығанағы елдері - Қазақстан - Ресей Федерациясының Орал аймағы; Батыс Европа елдері - Санкт-Петербург - Астрахань(Оля) - Қазақстан - Орталық Азия жолдарын ары қарай дамыту, Батыс Қазақстандағы жолдарды, әсіресе Ақтау - Бейнеу - Опорная - Атырау жолы сапасын жақсарту.
Арнайы экономикалық зона - «Морпорт Ақтау».
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 1 қаңтарға арнайы «Морпорт Ақтау» экономикалық аймағын құру» туралы жарлығына сәйкес Ақтау порты территориясында арнайы экономикалық зона «Морпорт Ақтау» қызмет етеді. Бұл экономикалық зона келесі мақсаттарды көздейді:
- Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестициялар тарту;
- Жаңа жұмыс орындарын ашу;
- Кәсіпкерлік қызметті дамыту және бағдарлау;
Қазіргі халқаралық стандарттарға сай экономикалық аймақтың негізгі сомалық бағыттары жоғары технологиялық өндірістік нысандар құрылысы болып табылады. «Морпорт Ақтау» экономикалық аймағының құрылуына негіз болған жағымды географиялық жағдайы:
- Батыс-шығыс және солтүстік-оңтүстік транспорттық маршруттар қиылысында орналасуы;
- Дамыған көлік инфрақұрылымы;
- Порттың өткізу және жеткізу мүмкіндігі;
- Жүк тасымалы жағдайының сыйымдылығы.
«Морпорт Ақтау» АЭЗ - еркін таможналық зона ретінде қызмет ететін болады.
Пармодар - мемлекеттік маңызды нысандар.
Күршім ауданы тұғындарының тіршілік- тынысы Бұқтырма су қоймасы өткеліндегі паромдардың жүруімен байланысты. Бүгінде өткелде қызмет етіп тұрған «Ертіс», «Енисей» паромдары 1963-64 жылдары Кеңес Одағы көлемінде жасалған. Осы тектес 7 кеме паромдарының 2-і, олар көршілес мемлекеттерге ортақ ірі су айдындары арқылы 3 жыл бойы ағызылып әкелінген. Қазір мұндай су көлігі ешбір жерде жасалмайды және де жасалынған күннің өзінде оларды әкелетін су жолдарының таязданып кетуінен мүмкін емес.
2004 жылдан «Ертіс», «Енисей» пародарының меншік иесі Жанарбек Нағымбекұлы Білімбаев болды.
Паромдар соңғы рет 1986 жылы судан толық көтеріліп жөнделген екен. Кеме командасында 42 адам жұмыс істейді. Мүмкіндігінше бекітілген кестеден жаңылмай неше жыл қатарынан екі паром халық игілігіне қызмет етіп келеді. Кемелердің пайдаланылғанына биыл 40 жыл толды. Елімізде паромдарға қажетті қосалқы бөлшектер мүлдем шығарылмайды, барлығы шетелдерден әкелінеді. Аракідік қатты соғатын желдерде олар қызмет көросете алмайды және де үлкен паромдар сияқты 9 айға емес 6 ай ғана қызмет етеді. Күніне 1000 теңгемен есептегенде одан 200 -ге таяу автокөлік өткізіледі. Бұл тұрғындарға тиімсіз, сондықтан үлкен паромдарды қалыпты жағдайда ұстап, қажетті қосалқы бөлшектерді уақытылы тауып әкеліп, қызмет кесте бойынша жалғастыра беруін қамтамасыз етіп отыр. Паромдар мемлекеттік маңызды нысандар, сондықтан олардың тұрақты қызмет етіп тұруы аудандық маслихат көлемінде шешілетін мәселе.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев қай саланың болмасын кластерлі жүйеде дамуы сол өңірге де, айналысатын кәсіпкерлерге де қаншалықты пайдалы екендігін түрлі мысалдармен дәлелді жеткізіп отыр. Осы орайда, Құйған мен Күршім арасындағы Бұқтырма су қоймасының жағасында су туризмі кластерін дамытудың жоспары әзір. Биылдан 10 га аумаққа демалыс катедждерін салу жоспары жасалып қойды, 2-3 жыл ішінде 20-30 заман талабына сай ақшаңқан зәулім үйлер бой көтереді.
Біз шегара мәселесін шешкенімізбен, шегара аралық су тасымалы мәселесін неге әлі бір жолға қоя алмай келеміз?
- Жақында Шанхайдағы әріптестікке арналған конференцияға қатысып, баяндама жасадым. Сонда әріптестеріме «әрине, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы бізге қажет. Ондағы әріптестік мәселелері де біз үшін маңызды. Дегенмен қазір Қазақстанды, сол секілді Ресейді қобалжытып отырған мәселенің бірі - осы шегара аралық өзендер мәселесі» деп айттым. Қазақстан мен Ресей үшін Қара Ертіс, Ертіс пен Іле өзендерінің арналарын пайдалануда күрделіліктер туындап отыр. Ал Қазақстанды өз алдына жоғарғы Ілені қамтудағы мәселе қатты толғандырып отыр. Жалпы, бұл арада суды дұрыс пайдаланбағандықтан, баршамызға табиғи баланстың ауытқушылығынан, кейбір аймақтарда қуаңшылықтың, ал кейбір жерлерде су тасқындарына жол берілу қаупі туындап тұр. Осы себепті конференцияға қатысушыларды үстіміздегі жылдың қазан айында өткен саммитте премьер-министріміздің айтқандарын еске түсіріп, мәселенің өзектілігін дұрыс түсінуді сұрадым. Онда Даниал Ахметов мырза «Орталық Азиядағы су мәселесі өзекті болып табылады. Сондықтан бәріміз су конвенциясына қосылуымыз керек» деген ұсыныс жасаған болатын. Сол секілді бұл елдер алдымен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше екендіктерін, сондықтан мұны әріптестік қарым-қатынастарда шешуге болатындығын айтқан. Бұдан кейін қытайлық тарап «егер осы ұйымның мүшелері Ресей мен Қазақстан үшін бұл мәселе маңызды болып табылатын болса, оны ел басшылығының назарына ұсынып, өз шешімдері жөнінде мәлім ететіндіктерін» айтты.
Бізде Қазақстан - Қытай тараптарының су мәселелері жөніндегі арнайы комитет бар. Қазір шегара аралық су мәселесі Қазақстан және Қытай форматында, енді ол ШЫҰ шеңберінде шешілетін болды. Бұл арада екі аспекті бар. Бірінші аспект - Қазақстан мен Ресей және Қытай - Ертіс ағыны мәселесін, Қазақстан мен Қытай - Ертіс пен Іле ағыны мәселесін қарастырады. Екіншісі, Орталық Азиялық аспект - Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан - су энергетикалық консорциумын құруды қарастырады. Сондықтан болашақта шегара аралық мәселе осы аталған аспектілер негізінде өз шешімін табады деп сенемін.
Үстіміздегі жылдың ақпанында біз Мемлекет басшысына талдамалық ұсыныстарымызды жолдадық, онда Қазақстанды сумен қамтамасыз ету проблемаларын мұқият зерттеу қажеттігіне назар аудартылды. Біздің жер қойнауымыз бай болып табылатын минералдық-шикізаттық ресурстарға қарағанда, су тапшылығы елеулі проблемаға айналуы мүмкін екендігі және қазірдің өзінде айналып отырғаны құпия емес. КСРО-ның кезінде Сібір өзендері арналарының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға бұру туралы мәселе қаралған болатын, бірақ-та, біржақты әзірленген қоғамдық пікірдің қыспағынан бұл жоба ұмыт қалдырылды. Алайда, бұдан кейінгі уақытта Қазақстанда сумен жабдықтауға байланысты ахуал тек қиындай түсті.
Сондықтан да біз сол проблемаға оралу ұсынысын енгіздік, әлбетте, барлық мүмкін болатын техникалық-экономикалық нұсқаларды мұқият есептеп, экологиялық қана емес, сонымен бірге саяси тәуекелдерді салмақтай отырып, осындай ұсыныс жасадық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz