Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық- саяси өмірі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қ АЗАҚСТАННЫҢ XX ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ

ҚОҒАМДЫҚ- САЯСИ ӨМІРІ

  1. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай
  2. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы.
  3. Тоталитарлық жүйенің күшеюі және қазақ халқын жаппай жазалау.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кенестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Алайда Қазақстандағы Кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, Бұрынғысынша “әскери коммунизм” әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды. Дегенмен Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған бел сене қатысқан Қазақ АКСР орталық Атқару Комитетінің тұнғыш төрағасы С. Мендшев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандырура елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстарының қорытындылары шығарылды. Сонымен бірге жергілікті жерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.

1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды. Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы Қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.

ҚАКСР Орталық атқару Комитетінің тұнғыш Қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. 126 жиын, ңәқ әңгіме өткізді. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды. Мұның өзі ұлттың-мемлекеттік жуйені нығайтуға ықпал етті.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.

Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. Жүргізілген межелеу республика өміріндегімаңызды оқиға болды. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын блды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы - 1 млн 468 724 адамға өсті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті. Қазақ жері мен халқын біртұтас ұлттық мемлекетке біріктірудің республика ушін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.

1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кенестерінің Бесінші съезі өтті. Ол “Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрындар” деген ұран негізінде жұмыс істеп, жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктерді қолдау мәселерін талқылады. Съезде халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп - қазақ халқы, ал республиканы - Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылданды. Сол жылы Кеңестер сайлауында ауылдық кеңестерге 60 мыңға жуық депутат сайланды. Олардың құрамында жұмысшы және селолық жердегі жылдамалы-жұмысшылар 6, 1 пайыз, кедейлкр - 70, 9, орта шаруа - 18, 8, қызметшілер - 4 пайызын қамтыды.

1925 жылы ақпанда қазақ облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Сол жылдың аяғына таман Қазақстан партия ұйымында 30 мыңнан астам партия мүшесі мен пратия мүшелігіне кандидаттар есепте тұрды. Бұл кезде бұқара арасындадағы саяси ағарту жұмысына көп көніл бөлінді. Осының нәтижесінде өлкеде 76 қалалық клуб, 72 кітапхана мен қызыл шайханалар, ауылдар мен селоларда 584 оқу үйі, 33 қызыл шайхана, 12 қызыл отау, 168 қызыл бұрыш, 9 шаруа мен малшы үйі, 93 болыстық кітапхана жұмыс істеді. Егер роеспублика құрылған кезде небюары ұш-ақ газет шықса, 1925 ижылы «Еңбекші Қазақстан», «Народное хозяйство Казахстана», «Советская степь», «Қызыл Қазақстан» т. б. 13 газет пен 5 журнал шықты.

Кәсіподақтардың қатары өсті. 1925 жылы қаңтардың қыркүйекке дейін кәсіподакқтарға мүше болып 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнан астам қазақ еңбекшісі өтті. Республикадағы кәсіподақ мүшелерінің саны 100 мыңнан асты.

1925 жылы республиканың коммунистік жастар одағының ұялары 51 мың қыздар мен жігіттерді біріктірді. Жастардан көптеген танымал басшылар шықты. Олардың арасында С. Жақыпов, Қ. Әміров, С. Нурпейісов, Ф. Рузаев, С. Сапарбеков, С. Тәтітеков, А. Шымболатов және т. б. бар еді.

1925 жылы Қазақстан жастары өздерінің дарынды басшыларыынң бірі Ғани Мұратпаевтан айырылды. Ол 1902 жылы бұрынғы Сырдария облысы Қазалы уезінде туған . Ғани 15 жасынан бастап өзінің өмірін жастар арасындағы жұмысқа арнады. Зор қабілетті, ғажайып күш жігері мен еңбегі арқасында ол Түркістан республикасының, ал кейіннен бүкіл еліміздің жастар ұйымында басшы қызметте істеді. 1921 жылы қыркұйектен бастап Ғ. Мұратбаев Түркістан комсомолы Орталық Комитетінің хатшысы, ал 1922 жылғы мамырдан бастап РКЖО Орта Азия бюросының хатшысы болып істеді.

Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы қаладағы және ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің 6, 6 мыңы жергілікті кеңестерге мүше болып сайланды. Қазақ әйелдерін басыбайлықтан құтқаруға бағытталған істератқарылды. Республикадағы әйелдер қозғалысыны Алма Оразбаева, Мәдина Бегалиева, Сара Есова жәнге тағы басқалары ұйытқы болды.

1928 жылы Қазақстанда жаңадан әкімшілік-территорияларға бөлу іске асырылды. Осы уақытқа дейін болып келген алты губерния, екі округ, отыз екі уезд және 400 болыстықтардың орнына 13 облыс және 193 аудан құрылды. Жаңа аудандардың құрылуы кеңес аппаратының бұқара халыққа жақындасуына, олардың кеңес құрылысына тартура ықпалын тигізді. 1929 жылы әкімшілік-территориялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан-Сібір темір жолының құрлысының бітуімен байланысты Қазақстан автономиялық Советтік Республикасының орталығы Қызыл-Ордадан Алматы қаласына көшірілді.

20-шы жылдардың екінші жартысының бастап Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жүйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамуындағы қиындықтар және экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты одан әрі тереңдей түсті. Республикада “әскери комунизм” саясаты кезіндегі жұмыс тәсілдері қайтадан жанданды. Халықтың өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы Ф. И. Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясатты күшейіп, бұл ерекше қатал сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж. Желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында “Ауылды кеңестендіру туралы” шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада Кіші Қазан төнкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты.

Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша “қайта құрумен” келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж. әртүрлі сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Атқару Комитетінің төрағасы Ж. Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С. Сәдуақасов, жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж. Қарашада өткен 3-ші өлкелік партия конференциясының шешімдері айқын көрсетіп берді. БК/б/П Орталық Бақылау комиссиясы негізгі топқа бөлінушілердің бірі С. Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И. В. Сталинге, В. М. Молотовқа, Л. М. Кагановичке жазған хатында Қазақстан өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінін меңгерушісі Н. И. Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ деп жеткізді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комисары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай “даярланды”, 1937 жылғы жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді.

20-ші жылдардың соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкийшіл-зиновьевшіл оппозициямен және “оңшыл оппортунистермен” күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 жылдың аяғында буржуазияшыл-ұлтшылдар деп аталғандардың ішінде бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың қатарында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жумабаев, Ж. Аймаутов, Х. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышбаев, Х. Досмұхамбетов, Ж. Ақпаев, К. Кеменгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 жылы қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырықты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1397-1938 жж. атылды:

Жалпы 1929-1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.

1936 жылы желтоқсанда қабылданған Кеңес Одағының жаңа Конституциясы КСРО-ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардың құрылуын заң жүзінде іске асырды. Осы уақытқа дейін Одақтың құрамында жеті республика болып келсе, енді олардың саны он бірге жеткізілді. Завкавказье Федерациясы таратылып, оған қарап келген Әзірбайжан, Армян, Грузин республикалары енді Одаққа тікелей қарайтын болды. Қазақ, Қырғыз Автономиялық республикалары да Одақтас республикаларға айналды.

Қазақстанның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзгерістер оның Одақтас республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдауды қажет етті. Осыған орай Орталық Атқару Комитеті құрған Конституциялық комиссия жасаған Конституциялық заң жобасы 1937 жылы 9 ақпанда Республика еңбекшілерінің талқылауына ұсынылды. Баспасөз бетінде, ұжымдарда кеңінен талқыланған Конституция жобасын 1937 жылы наурыздың 21-26 аралығында болған Қазақстан Кенестернің төтенше оныншы съезі қарап бекітті.

Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының социалистік мемлекеті екенің, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары кеңесі құрайтынын, сол арқылы бүкіл биліктің еңбекшілердің өз қолдарына топтастырылатыны атап көрсетілді. Республиканың экономикалық негізін шаруашылықтың социалистік системасы және мемлекеттік, сондай-ақ, мемлекеттік-кооперативтік меншіктен тұратын социалистік меншік құрайтынын жариялады. Республикадағы ең жоғарғы мемлекеттік орган төрт жылға тікелей сайланатын ҚКСР Жоғарғы Кеңесі деп көрсетілді. Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын және Үкіметті-Халық Комиссарлар Кеңесін құрады делінді.

Конституция барлық азаматтардың демократиялық құқықтарын, бас бостандығымен міндеттерін белгілеп, республиканың ұлттық ерекшеліктерін ескерді. Онда Қазақстанның Одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті кіретіні, жерінің тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, Қазақ КСР азаматтарының КСРО азаматы болып талынатыны туралы айтылды. Констиуйияда тұрғылықты халықтың өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде мектеп, мәдени ошақтар мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетілді.

Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұрмалануы, демократияны бұзушылық пен заңсыздықтың осы жылдарда белең алғаны кәзіргі күндерде белгілі юолып отыр. Жарияшылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты қалпына келтіруге, боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалып жатқан бүгінгі таңда сол жылдардың тарихындағы ақтандақтар қазір жаңа деректермен, мағлұматтармен шыншылдық тұрғысынан көрсетілуде.

30-жылдардың екінші жылдарында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес Қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ет пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағып, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсызетек алды. Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезені 1937 жылы басталды. Бұл жылы “халық жауы” деген айып тағылып, Л. И. Мирзоян, О. Исаев, У. Құлымбетов, С. Меңдшев, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов, С. Есқараев, Т. Жүргенов, ақын-жазушылар С. Сейфуллин, Б. Малин, І. Жансүгіров, Р. Тоқжанов, А. Қоныратбаев т. б ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды.

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП

ҚАЗАҚСТАННЫҢ XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ӨМІРІ

  1. Оқу-ағарту ісінің дамуы
  2. Қазақстанда ғылымның және ғылыми орталықтардың құрылуы.

Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.

20-ші жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресі, бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқына сталинизмнің догмаларын талқылады. Мектептің қызметі де бұрмаланды.

Бұл кезде халыққа бідім беру ісінді, соның ішінде оқу орындарында партиялық өмір күшеиді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың ісінде жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальді жүргізу өрістеді.

Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өтті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазаө болды. 1940 ж. Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институты студенттерінің арсында қазақтардың үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.

Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты професионалдық оқу орындарының жағдайына бәріненде көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғарғы оқу қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педпгоктардың өмірі қиылып кетті.

1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 ж. Кирилицамен (орыс әрпімен) күштеп алмастырды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мұның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегі қазақтар ҚХР, Ауғаныстан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.

1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар “пантуркист”, “панисламист”, тіпті, “халық жауы” деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұнымен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Шіркеулер мен мешіттердің мемлект қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлігі болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.

Қазаң төңкерісінен кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне, оның қайшылықтарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек, оны біз мәдени төңкеріс деп атап келдік. Бұл төнкеріс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.

Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кітабы бар 139 кітапхана болса, 1925 ж. олардың саны 300-ге жетті. 1929 жылы республикада 494 оқу үйі, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді. Бірақ бұл кітапханалар мен оқу үйлері жөнді ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді. Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен еді. Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын. Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта- ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты.

Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келк жатты. “Степная правда” /қазіргі “Казахстанская правда”/ және “Еңбекші қазақ” газеттері, “Қазақстан” журналы шыға бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында газеттер мен журналдар көбінесе мемлекеттік, кәсіподақтық, кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желісіне, кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге ілінді, оларды дауыстап оқып беру ісі ұйымдастырылды. Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.

1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның ішінде қазақ тілінде 13 газет шықты. Кейін олардың қатары өсе берді. 1930 жылы Қазақстаннның 27 ауданында өз газеттері шыға бастады. 1931 жылы республиканың “Еңбекші қазақ” газетінің 900 қоғамдық тілшісі істеді. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бірінші бесжылдық жылдарында 120 газет, оның ішінде қазақ тілінде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екінші бесжылдықта жалпы саны 280-ге жетті.

Республткада кітап бастыру ісі едәуір дамыды. Шығарылатын кітаптардың таралым данасы қсті. 1925 жылы 443 мың дана тапалыммен 96 кітап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кітап шығарылды. Олардың арасында Кеңес өкіметінің саясатын насихаттауға байланысты басылымдар көп болғанын айтқан жөн.

Сауатсыздықпен күресте орасан зор жұмыс жүргізілді. 1919 жылы 26 желтоқсанда В. И. Ленин РКФСР халқы өкімет орындарына мекткп ұстау үшін қаржы жинауға, отын міндеткеолігін белгілеуге рұқсат берілді. Халық шаруашылығын қалпына келірудегі табыстардың нәтижесінде мектептердің жағдайы бірте-бірте жақсара түсті, Мәдениет мекемелеріне халықтың жәрдемі көдейді. Бірқатар жерлерде мұғалімнің жалақысы жергілікті болыстардың қаражаты есебінен, ал жарықты пайдалану, оқулықтар алу, мектепті жөндеу ауыл шаруашылық және тұтыну қоғамдарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды.

1923/24 оқу жылында бастауыш және жеті жылдық мектептер 15 пайызға өсті. 1924/25 оқу жылында Қазақстанда 2351 бірінші басқыш мектеп (бастауыш мектеп), оның ішінде 747 қазақ мектебі, 25 мектеп-коммуна және 68 жеті жылдық мекткп пен екінші басқыш мектеп жұмыс істеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Зайсан ауданында қуғын - сүргін әрекеттерінің көрініс ала бастауы
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz