Акционерлік қоғам түсінігі



I Кіріспе
II .
Акционерлік қоғамның түсінігі мен нысаны
Акционерлік қоғамның түсінігі
Акционерлік қоғамның нысаны
Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі мен ережелері
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
Акционерлік қоғамның акциялары
Акционерлік қоғамды басқару
Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері
Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру және қайта құру

III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты.
Ол акционерлік қоғамның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді. Оны күні бүгінге дейін басқа нормаларымен үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді. Бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорациялық сәл түзетілген ағылшын американдық моделін дәстүрлі континентік кодификациялау жүйесіне түсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз қарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бір қатар нормалардың молтығуына әкеп соқтырды. Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практикамен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды.
1.Азаматтық құқық. 1 том / Жауапты ред. М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин (орысшадан аударылған) Алматы 2003ж.
2. "Акционерное право" В.В.Лаптев. Москва: ИНФРА*М 1999г.
3."Акционерное право" Учебник / Отв. ред. А.Ю. Кабалкий Москва: Юрид. литература 1997г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I Кіріспе

II .
Акционерлік қоғамның түсінігі мен нысаны
Акционерлік қоғамның түсінігі
Акционерлік қоғамның нысаны
Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі мен ережелері
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
Акционерлік қоғамның акциялары
Акционерлік қоғамды басқару
Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері
Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру және қайта құру

III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының
акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік
заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа
енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан
тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін
қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы
1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты.
Ол акционерлік қоғамның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы
келіп, ашық түрде Ұлтық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу
мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы
заңының қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер
оның мазмұнын нашарлатқан еді. Оны күні бүгінге дейін басқа нормаларымен
үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж 10 шілдедегі
Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын
асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді. Бірқатар елеулі
қайшылықтары болды және корпорациялық сәл түзетілген ағылшын американдық
моделін дәстүрлі континентік кодификациялау жүйесіне түсті енгізу әрекеті
болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз қарас жарамсыз болып,
акционерлік қоғамдар туралы бір қатар нормалардың молтығуына әкеп соқтырды.
Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практикамен құқықтық ой-
пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды.

Акционерлік қоғамның түсінігі мен нысаны
Акіционерлік қоғамның түсінігі
Акционерлік қоғам болып өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат
тарту мақсатында акциялар шығарытын заңды тұлғалар акционерлік қоғам болып
табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша
жауап бермейді және өзіне тиесілі акциалар құнының шегінде қоғамның
қызметтеріне байланысты шығындар тәуекелдік көтееді. Акционерлік қоғамдар
коммерциялық ұйымның бір түрі. Себебі олардың қызметтерінің басты бағыты
пайда табу.
Акционерлік қоғамдар Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың ішіндегі
ең негізгі түрі болып табылады. Өйткені республикадағы ең ірі кәсіпорындар
акционерлік қоғам нысанында құрылады. Бұл ең алдымен мемлекетіміздегі болып
жатқан нарықтық эканомикалық өзгерістерге байланысты. Сонымен қатар
мемлекттік кәсіпорындарға жекешелендірудің де әсері бар.
Акционерлік қоғамдарды басқа коммерциялық ұйымдар мен
кәсіпорындардан ажырата білу қажет.
Мемлекеттік кәсіпорыннан акционерлік қоғамнан айырмашылығы
-акционерлік қоғамның өз оқшау мүлкі болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынның
мүлкі тек шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару нысанында ғана
беріледі. Мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің иесі болып мемлекет табылады.
Шаруашылық серіктестіктердің акционерлік қоғамнан айырмашылығы -шаруашылық
серіктестіктің қатысушылары серіктестік мүлкіне ортақ жауапкершілікте
болады. Ал акционерлік қоғамда мұндай ортақ жауапкершілік жоқ. Сонымен
қатар шаруашылық серіктестік тұлғалардың бірігуі, ал акционерлік қоғам
капиталдардың жұмылдыруы болып табылады.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бір-бірімен
ұқсас болып келеді.Олардың құқықтық жағдайлары алғашында бірге реттелді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңның кейбір ережелері,
Акционерлік қоғам туралы заңнан алынған. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің де, акционерлік қоғамның да қатысушылары
кәсіпорынның міндеттеріне жауап береді. Ал екеуінің айырмашылығы мынада:
акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акцияларға бөлінеді, ал
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктікі - қатысушыларының үлестеріне
бөлінеді.
Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік
қоғамдардың басқару құрлымы бойынша да айырмашылығы бар. Акционерлік
қоғамның жоғарғы органы болып - акционерлердің жиналысы, басқару органы -
ұжым немесе басқарма, қадағалау органы ревизиялық комиссия немесе ревизор.
Ал жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқару құрлымы екі құрлымдық
жүйеден тұрады. Яғни қатысушылардың жалпы жиналысы және атқарушы орган.
Бірақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңға сәйкес жалпы
жиналыстың шешімімен директорлар кеңесі (қадагалау кеңесі) құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғам акционерлері акцияның барлық түрлері бойынша тең
құқықтарға ие болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
қатысушыларының шешімімен қосымша құқықтар мен міндеттер белгіленуі мүмкін.
Акционерлік қоғамның өндірістік кооперативтерден айырмашылығына
тоқталатын болсақ, акционерлік қоғам бұл - кәсіпорын қызметтеріне қатысуы
міндеті емес капиталдардың бірлестігі болып табылады. Ал өндірістік
кооперативтің қатысушылары кооперативтің еңбек қызметіне міндетті түрде
тікелей қатысуы тиіс.
Өндірістік кооператив жарғы капиталы мен заңдарда көзделген реттерде
субсидарлы жауапкершілікте болады. Акционерлік қоғам құқық субьектісі
болып, заңды тұлға құқықтарын қолдана отырып, арнайы құқық қабілегтілігі
болады. Ол кез-келген құқықтар мен міндеттерге ие болуга, сондай-ақ кез-
келген қызмет түрімен айналысуға мүмкіндік береді.
Акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысаны және түрін көрсететін
фирмалық атауы болады. Сонымен қатар қоғамның толық атауымен бірге,
қысқартылған түрде қолданылуы мүмкін. Акционерлік қоғамның фирмалық атауы
мен орналасқан жері оның мөрінде көрсетілуі тиіс.
Фирмалық атау қоғамның меншігінде болады Яғни қоғамның өз фирмалық
атауына ерекше құқықтарға ие болады. Бұдан басқа қоғамның интеллектуалдық
меншік сияқты құқықтары да бар. Мысалы патент құқығы, тауар белгісі және
т.б. Аталмыш екі құқықтың айырмашылыгы мынада: қоғамның интеллектуалдық
меншік сияқты құқықтары болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Ал фирмалық
атау қоғамның міндетті белгісі болып табылады. Фирмалық атау лицензиялық
шарт (франчайзнг) арқылы берілуі мүмкін. Мұндай құқықтық қатынас Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодесімен реттеледі.1 Бұл құбылыс фирмалық атау
атынанан шығатын тауарлардың сапалығын жоғарлатуға бағытталған.
Акционерлік қоғамның тұрақты жұмыс істейтін оргонының тұрған жері оның
тұрған жері болып табылады. Қоғамның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында
почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі.
Кез-келген кәсіпорын секілді, акционерлік қоғамның да құрлымдық бөлімшелері
болады. Олар екіге бөлінеді:
ішкі кұрлым (цехтар, өндіріс, шаруашылық) - ол тек акционерлік қоғамның
шеңберіндегі, ішкі шаруашылық қатынастарға ғана қатыса алады;
сыртқы кұрылым (филиалдар мен өкілдіктер) - ол қоғамның тек ішкі
шаруашылығына араласып қана қоймай, сондай-ақ қоғамнан тыс қатынастарга,
соның ішінде басқа кәсіпорындармен қатынасқа қатыса алады.

Акционерлік қоғамның нысаны
Акциоенрлік қоғам - коммерциялық ұйымның уақыт және нарықтық
қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны, Алайда заңдарда қоғамның
ұйымдық - құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін
пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін.
Мысалы: дүние жүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам
түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары
жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.
Акционерлік қоғам туралы 2003 жылы заң қабылданғанға дейін Қазақстан
заңдары ашық акционерлік қоғаммен қатар жабық үлгідегі акционерлік
қоғамдардың өмір сүруі көзделді. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды
басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акциоенрлік қоғам ашық
акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары құрылтайшыларымен алдынала
белгіленген адамдар бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы заңдар бойынша
акционерлік қоғам болып есептеледі. Жабық акционерлік қоғамдар мемлекеттік
монополияладан сақтану үшін немесе үшінші тұлғалардың енуін шектеу үшін
кұрылатын еді. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамның
негізгі мақсаты болудан қалды да, тұлғаның жағдайы алдынғы қатарға шықты.
Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінің жаратылысы жөнінен жауапкершілігі
шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен айта аламыз.
Онда тұлғаның элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп ретте басым
түсіп отырды.
2003 жылы 16 мамырдағы заң бойынша Азаматтық Кодекстен жабық
акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар
туралы 2003 жылғы заңда да жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүруі
мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заң шығарушылар заңды тұлғаның мұндай
ұйымдық құқықтық нысанынан тартуға бел байлаған деген қорытынды шығарды.
Сондықтан 2003 жылы 16 мамырдан кейін құрылған құрылған жабық акционерлік
қоғамдар жармсыз деп танылды, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген
тәртіппен басқа ұйымдық - құқықтық нысанға өзгертілуі немесе 2005 жылдың
мамыр айынын 16 жұлдызына дейін таратылуы тиіс. Бұл мәселе Акционерлік
қоғам туралы заңның 90 бап 2 тармағында көрсетілген.
Ашық акционерлік қоғамдар - акционерлік қоғамның барынша табиғи және
кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері дерлік
акционерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады.
Ашық акционерлік қоғам акционерлерінің санына шектеу қойылмаған. Егер заң
құжаттарында өзгеше көзделмесе қоғамның барлық акцияларын бір акционер
сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамның құрылуы немесе бір
адамнан тұруы мүмкін. Жалпы ереже бойынша мемлекеттік мекемелер қоғамның
акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өзінің кұзіреті шегінде
акционерлер бола алатын Үкімет, жергілікті атқарушы орган, Ұлттық Банк
бұларға жатпайды.
Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен
мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын
мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және
акцияларын сатып алуға құқылы.
Акционерлік қоғам туралы заңдарда 1998 жылдан бастап қоғамның жаңа
нысаны - халықтық акционер қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері
айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын
және акционерлерінің саны бес жүз және оданда көп қоғам халықтық
акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде немесе қоғамның өз
капиталының мөлшері және акционерлерінің саны туралы уәкілетті органдар бар
ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді. Уәкілетті орган болып Ұлттық
Банк табылады. ұлттық Банк сондай-ақ халықтық акционерлік қоғамның
мәртебесінен айрылу тәртібін белгілейді:
1, ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылғанда (қоғамға
басқа қосылған және одан бір немесе бір неше жаңа қоғамдар
бөлініп шығарылған жағдайларды қоспағанда ) өз капиталының мөлшері он екі
айдан астам мерзімде айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген
мөлшерінен төмен соммаға дейін азайғанда; акционерлердің саны 6 ай ішінде
500-ден төмен азайып кеткен жағдайда халықтық акционерлік қоғам
мәртебесінен айрылады.
Акционерлік заңдар көлемінде ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық
компаниялардың барлық акция пакеттері мемлекеттің қолында болады. Ұлттық
компаниялардың құқықтық режимінің бір қатар ерекшеліктері бар. Олардың
көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, өздерінің
контрагенттерімен қатынастарында мемлекеттік органның кызметін үйлестіреді
және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар Үкіметтің бір қатар
қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады.
Акционерлік қауызға оранған ұлттық компания шын мәнісінде заңды тұлғаның
жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю.Г. Басин. Мүмкін уақыт өте келе
заң шығарушылар заңды тұлғаның жаңа нысаны - ұлттық компанияны мойындайтын
болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамның таратылуына байланысты
мемлекеттік ұлттық компаниялардың қандай ұйымдық-кұкықтық нысанға
өзгертілуі керектігін шешуі тиіс.

Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі мен ережелері
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып, құрылтай шарты мен
жаргы табылады.
Акционерлік қоғамның құрылтай шартында:
1. қоғамның құрылтайшылары (құрылтайшысы) туралы мәліметтер
болады, оған қоса:
заңды тұлғага қатысты оның атауы, мекен-жайы, мемлекеттік тіркелгені
туралы деректер;
жеке тұлғаға қатысты, аты, азаматтыгы, тұратын жері және жеке басын
куәландыратын құжаттағы деректер:
қоғамның құрылғаны туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған
атауы, сондай-ақ оны құру тәртібі;
құрылтайшылар (құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ
оны төлеу мерзімі мен тәртібі;
акциялар шыгаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның
кұрылтайшылары арасында орналастырылатын (кұрылтайшы сатып алатын)
жарияланған акцияларының саны, түрлері және орналастыру бағасы;
оның кұралтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамды құруға
байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшыларының қоғамды құру
жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзгеде талаптары;
қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процессінде оның мүддесін білдіру
тапсырылған тұлғаладың өкілеттілктерін айқындау;
қоғам құрылтайшыларының екінші жөне одан кейінгі жиналыстарын шақыру
және өткізу тәртібі, сондай-ақ әр бір қоғам құрылтайшыларының екінші және
одан кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;
қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
басқ заңнамалық келісімдерге сәйкес қоғамның құрылтай шартына
енгізілуге тиісті өзге де талаптар және т.б. енгізілуі мүмкін.
Сонымен қатар құрылтай шартының қолданылу кезеңінде Қазақстан
Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңның 6 бап 3 тармағыиа сәйкес
өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Құрылтай шартында көзделген
мәліметтер егер шарттың өзінеде өзгеше көзделмесе коммерциялық құпия болып
табылады. Қоғамның құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, содай-ак үшінші
тұлғаға қоғамның шешеімі бойынша немесе Қазақстан Республикасы заң
актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуі тиіс. Қоғамның құрылтай
шартын жасау тәртібіне тоқталатын болсақ, қоғамның құрылтай шарты әр бір
құрылтайшы немесе оның уәкілетті өкілі шартқа қол қою жолымен жазбаша
нысанда жасалады. Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша рәсімделіп құрылтайшы
немесе оның уәкілетті өкіл қол қояды. Құрылтай шартын нотариат
куәландырады. Соымен қатар жеке түлга құрылтайшының қойған қолының
тұпнұсқасын да нотариат куәландырады.
Заңды тұлға құрылтайшы өкілінің қолы заңды тұлғаның мөрімен расталады.
Құрылтайшылардың өкілдерінің заңға сәйкес ресімделген, құрылтайшылардың
жиналысына қатысу және құрылтай шартына қол кою құқығын қоса алғанда, қоғам
құру құқығын беретін тиісті өкілеттіліктері болуы керек.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарының бірі қоғамның жарғысы
табылады. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық
мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады және қоғамды мемлекеттік
тіркеген кезде құрылтай құжаты ретінде қарастырылады.
Жарғыға құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол
қоюға тиіс және нотариат куәландырады.
Акционерлік қоғамның жарғысында мынадай ережелер болуға тиіс:
қоғамның толық және қысқартылған аты;
қоғамның мекен - жайы;
қоғамның жарияланған акцияларының саны, түрлері және акционерлердің
құқықтары туралы мәліметтер, оған қоса қоғамның артықшылық берілген
акциялары мен куәландырылған құқықтарының көлемі және олар бойынша
дивидендтердің кепілдік берген мөлшері;
құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ акциялар
шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін қоғамның құрылтайшылары арасында
орналастырылатын жарияланған акцияларының саны, түрлері және орналстыру
бағасы;
қоғамның органдарын құру тәртібі және құзіреті;
қоғамның органдарының қызметін ұйымдастыруды қоса алғанда:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының
мәжілісін шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі,оның ішінде шешімдері
білікті көпшілік дауыспен қабылдануга тиісті мәселелердің тізбегі;
қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
егер қоғам коммерциялық ұйым болып саналса:
- қоғамның коммерциялық ұйым емес екенін көрсету, дауыс беру
рәсімі, дивиденттер төлемеу туралы ережелер мен осы заңда және
коммерциялық емес ұйым туралы заңнамалық келісімдерде белгіленген
басқа да талаптар;
Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам
акционердің талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оның
кейінгі өзгерістерімен толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге
міндетті. Қоғам 3 жұмыс күннің ішінде жарғының көшірмесін беру туралы
акционердің талабын орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғыньп
көшірмесін бергені үшін көшірме даярлауға, ал жеткізу құжат болғанды
жеткізуге жұмсалған шығыстардан аспайтын ақы алуға құқылы.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы

Акционерлік қоғам туралы 2003жылғы заң "жарияланған жарғылы капитал",
"шығарылған (төленген) жарғылық капитал" ұғымдарынан бас тартты "Жарғылық
капитал", " өз капиталы" терминдері ғана пайдаланылады Халықтық қоғамдағы
секілді, мұнда да заң әдеттегі акционерлік қоғам үшін жарғылық капиталының
ең төменгі мөлшері белгіленген. Қоғамның жарғылы кпиталының ең төменгі
мөлшері - айлық есептІк көрсеткіштің 50000 еселенгеі мөлшерінде болады. Бұл
Акционерлік қоғамдар туралы 1998 жылғы заңдағы мөлшерден он есе артық.
Қоғамның жарғылық капиталының ең төмен мөлшері жөнінде жоғарыда аталған
тараптар өзінің қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге
асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғы: құрылтайшысының)
акцияларды олардың нақтылы құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторлаға
(инвесторға) заңның талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы
бойынша сату арқылы қалыптастырылады Құрылтайшылар төлейтін жарғылық
капиталдың ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, отыз күн ішінде
толық төлеуге тиіс. Қоғамнын жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің
жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен жол беріледі.
Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз - бұл қоғамның активтері
мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік.
Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивиденттер төлеу мүмкіншіліктерін
анықтауда және өзге де кейбір жағдайларда маңызы бар.
Акция үшін төлеу түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Қоғамның орналастырылатын
акциялары үшін төлеуге ақша, мүліктік кұқықтар (оның ішінде интелектуалдық
меншік объектілеріне кұқықтар) талап ету құқығы және өзге де енгізілуі
мүмкін. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу лицензиясының негізінде әрекет
ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырады. Егер қоғамның
орналастырылатын акцияларының төлеміне мүлікті пайдалану құқығы енгізілетін
болса, мұндай құқықты бағалау қоғамның оның бүкіл пайдалану мерзімі үшін
төлейтін мөлшеріне негізделеді. Аталған мерзімі аяқталғанға дейін қоғам
акционерлерінің жалпы жиналысының келісімінің мұндай мүлікті алып қоюға
тыйым салынады.
Бұдан келіп қосымша акциялар шығарғанда несие берушілер оларды сатып
алуы мүмкін деген қорытынды шығады. Акциялар үшін борышты есепке алу
мемлекеттік акциялар пакетіне әсер етпеуі тиіс, өйткен өзгеше істеу
мемлекеттік меншікті сатып алу кезінде жекешелендіру рәсімі орағытып өтуді
білдіретін болды.

Акционерлік қоғамның акциялары
Акционерлердің құқығы акциялармен дәлелденеді. Акция - бұл бағалы
қағаз. Өз ұстаушысының (акционерлердің) акционерлік қоғам таза табысының
бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін
басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне
құқығын куәландыратын бағалы қагаз акция деп аталады.
Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар. Атаулы бағалы
қағаз дегеніміз - бұл өзі куәландырылған құықтардың онда аталған тұлғаға
тиесілігін растайтын бағалы қағаз. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысанында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың артықшылық берілген
акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі
болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі
арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Акцияның бір түрі оған не болатын әрбір акционерге осындай акция түрлерінің
басқа иелерімен бірдей көлемде береді. Заңда көзделген жағдайларда:
қоғамның акциялармен мәмілелер жасауға;
қоғамның жарғада көзделуге тиісті акцияларының бір акционерге тиесілі
ең аз санына және қоғамның бір акционеріне берілетін акциялар бойынша ең аз
дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Акционерлік қоғам - жай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен Қазақстан Республикасында акционерлік заңнаманың дамуының жалпы сипаттамасы
Акционерлік қоғам туралы
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Қазақстандағы акция нарығының жағдайы
Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Акционерлік қоғам түсінігі және экономикада алатын рөлі
Акционерлік құқықтары мен міндеттері
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
Акционерлік қоғам қызметі
Пәндер