Қазақстанның туристік нарығында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жоладры


КІРІСПЕ
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай - ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі т иіс қызмет.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан турмзмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл - ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.
Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.
Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм енбекшілердің жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуы мен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.
Тақырыптың өзектілігі - Қазақстан нарығында туристік мекемелердің жұмыс жасалуы бойынша маркетингтік зерттеулер көптеген уақыттар бойынша зерттелініп келеді. Маркетингтік зерттеулер нәтижесінде туристік мекемелердің қызмет сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның туристік нарығында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жоладрын қарастыру.
Дипломдық жұмыстағы барлық жинақталынған ақпараттар өз нәтижесінде теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды ұштастыруға ықпал етеді және де мынандай міндеттерді шешуге көмектеседі:
- туризм кәсіпорынын басқару саласындағы тенденцияларды зерттеу;
- нарық жағдайына байланысты ұйымның мақсаттары мен іс-әрекет
бағдарламаларын түзету;
- бәсекеге қабілетті өнімді жасау;
- ұйымды басқарудың қазіргі құрылымын қолдануды;
- туризм кәсіпорынын басқарудың ерекшелігі мен проблемаларын анықтау.
Зерттеу пәні: туризм саласындағы маркетинг.
Зерттеу объектісі: Туристік кәсіпорындардың сапалы жұмыс пен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маркетингтік зерттеулерді қолдануы.
Дипломдық жұмысты орындау барыснда маркетинтік зерттеулер, сондай-ақ мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер мен интернет сайыттарының ақпараттары, зерттеулердің логикалық, экономикалық-статистикалық, математикалық талдау мен моделдеу, жүйелі және жағдайлық талдау әдісі қолданылды.
Дипломдық жұмыcтың ғылыми жаңалығы: Туристік кәсіпорын мекемелерінің қызметіне талдаулы баға бере отырып, маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, мүмкіншіліктерді ескеріп, ұсыныстар келтірілді. «Kamal tour» ЖШС мекемесінің ішкі туризм нарығындағы ірі компаниялардың алатын үлес салмағы және SWOT талдау, тур құрастырылп калькуляциясы есептелінді.
Дипломдық жұмыcтың практикалық маңыздылығы: Теориялық тұрғыдан алынған нәтижелерді тәжірибе жүзінде «Kamal tour» ЖШС мекемесінде қолдану.
Дипломдық жұмыcтың құрылымы: Бұл дипломдық жұмыc көптеген мәліметтерден, нормативтік cілтемелерден, анықтамалардан, кіріcпе, 3 тараудан, қорытынды, 45 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 15 кеcтеден, 8 cуреттен, жалпы көлемі 63 беттен тұрады.
1 МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ ТУРИЗМ КӘСІПОРЫНЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН АНЫҚТАУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
- Маркетингтік зерттеулер мәні, мазмұны және міндеттері
Маркетингтік зерттеулер кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін анықтауға бағытталған мақсатты жүйелі, объективті жүргізілетін үрдіс. Бұл үрдіс маркетингтік зерттеулерге байланысты ақпаратттарды жинау, өңдеу, талдау және қорытынды жасауды қамтиды. Маркетингтік зерттеулердің негізгі міндетіне мыналар жатады:
- кәсіпорындардың нарықтағы позициясын анықтау;
- өнімді өткізу, баға саясаты, тауарды нарықта жылжыту, мәселелерді
бағалау;
- тұтынушының мінездерін зерттеу;
- нарықтың әлеуетті мүмкіндігін анықтау;
- бәсекелестерді талдау;
- макро ауданды зерттеу
Маркетингтік зерттеулердің бағыттары. Маркетингтік зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізіледі:маркетингтік макроорта факторларын зерттеуге бағытталған сыртқы маркетингтік зерттеулер [1] .
- шаруашылық субъектісінің ішкі ортасын талдауға бағытталған ішкі міндеттер зерттеудің міндеттер мен объектілеріне қарай маркетингтік зерттеудің келесідей бағыттары бар: нарықтық зерттеу, тұтынушыларды зерттеу, бәсекелестерді, тауарларды, бағаны, тауар қозғалысын, өткізуді ынталандыру. Маркетингтік зерттеудің түрлері өте көп, оларды әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады. Қолдану облысына қарай олар 2 түрге бөлінеді:
- жасырын немесе болашақта пайда болатын ықтималдығы бар мәселені анықтауға арналған маркетингтік зерттеулер. Мәселені анықтау үшін мынадай маркетингтік зерттеу жүргізіледі: нарық сыйымдылығын, үлесін, конъюктурасын және басқа да көрсеткіштерін зерттеу; шаруашылық субъектісін және имиджін зерттеу; өткізу динамикасын зерттеу; болжамдық зерттеу.
- мәселені шешу үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Бұл зертеудің құрамына мыналар кіреді: нарықты сегменттеу үшін оның сыйымдылығын есептеу әдістерін таңдау, сегменттеу белгілері мен критерилерін анықтау, мақсатты нарықты таңдау, алынған сегменттің профилін анықтау; тауар саясаты облысында жаңа тауарды немесе жаңартылған тауарды тесттілеу, тауар дизайнын анықтау, ораманы бағалау, тауарды нарықта жайғастыру немесе қайта жайғастыру; баға белгілеу стратегиясын таңдау үшін бәсекелестердің баға саясатын зерттеу, сұраныс пен ұсыныстың икемділдігін анықтау. Тұтынушымен бәсекелестердің баға өзгерісіне реакциясын анықтау; өткізу саясатын басқару үшін тауар қозғалысы формаларын таңдау, тарату арналарының нарықты қамтуын бағалау, сатуды ұйымдастыру; Коммуникациялық саясатты басқару бойынша тиімді жылжыту әдістерін анықтау, оның бюджетін есептеу, құралдарын таңдау, жалпы коммуникациялық саясаттыың тиімділігін бағалау.
Маркетингтік зерттеулерде келесідей принциптер сақталу керек:
- Ғылыми негізделгендік. Зерттеліп отырған нарықтық құбылыстар мен үрдістер ғылыми ережелер және объективті мәліметтер негізінде түсіндірілуі керек.
- Жүйелілік. Зерттеліп отырған құбылыстың жекелеген құрылымдық элементтерін бөліп көрсету, олардың арасындағы сатылық байланыс пен өзара бағыныштылықты анықтау
- Құбылыстар мен үрдістерді толық зерттеу.
- Шынайылық. Ақпараттарды жинаудың және өңдеудің ғылыми принциптерін қолдану есебінен шынайы мәліметтер алу.
- Объективтілік. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерде мүмкін болатын қателерді ескеру және оларды алдын ала анықталған жүйеге салуға болмайды.
- Тиімділік. Қойлған мақсатқа қол жеткізу нәтижесін шығындармен салыстыру.
Осы принциптеге сүйене отырып жасалынатын маркетингтік зерттеулерде қолданылатын әдістер келесі 1- кестеде берілген.
Кесте 1
Маркетингтік зерттеулер әдістерінің жүйесі
Әлеуметтану
Психология
Желілік жоспарлау
Іскерлік ойындар әдісі
Экономикалық-математикалық әдістер
Сараптамалық бағалау әдістері
Экология
Эстетика
Бұл кестедегі жүйелік талдау және кешенді көзқарас бір бірімен өте тығыз байланысты, және де олар біреуі біреуінсіз жүзеге аспайды. Алайда, нақты бір жағдайларда ең бірінші, оның өзара байланысын (ішкі және сыртқы), ал екіншіден, оның көрінуінің барлық жақтарын және аспектілерін (құрылымы және көлемі) зерттеу қажет.
Бағдарламалық-мақсаттық жоспарлау маркетингтің стратегисы мен тактикасын жасауда қолданылады. Тиісінше маркетинг - бұл нарықтық іс- әрекеттің бағдараламалық-мақсаттық көзқарасы, және де соның негізінде туристік кәсіпорынның барлық жоспарлық маркетингтік жұмысы құрылады.
Сызықтық бағдарламалау оптималды шешім қабылдаудың математикалық әдісі ретінде (төменгі шығындармен, аз шығын, уақыт немесе күш жұмсап жоғарғы пайда алу) бірқатар міндеттерді шешуде қолданылады. Мысалы, шектеулі ресурстар жағдайында ең табысты турларды жасау, бағыттарды анықтау және т. с. с [2] .
Байланыс теориясы - «кері байланыс» механизмін қарастырады, және де ол белгіленген параметрлердің шегінен шығатын процесстер туралы ақпараттарды алуға көмектеседі. Байланыстар теориясын қолдану туристік кәсіпорындардың клиенттермен және іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынасты жетілдіруге, сондай-ақ алынған мәліметтерді пайдаланудың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Шынайы маркетингтік жағдайларды шешуге «іскерлік ойындар әдісі» көмектеседі, ол оптималды шешімдерді іздеген кезде қысқартылған үлгілерді айналып өтуге көмектеседі (мысалы, туристік қызметтерді тұтынушылардың мінез-құлқы) .
Экономикалық-математикалық әдістер әрекет етуші факторларды ескере отырып оптималды маркетингтік стратегияларды, бәсекелестердің іс-әрекетін анықтауға, сондай-ақ көздеген пайда көлемін алуға кететін оптималды шығындарды бағалауға мүмкіндік береді.
Сараптамалық бағалау әдісін маркетингте кең қолданады. Ол нарықта белгілі бір жағдайларды дамытудың мүмкін болатын процесстері туралы сауалдарға жауаптарды тез алуға көмектесді, және де туристік кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, маркетингтік іс-шаралардың мақсаттылығын және тиімділігін бағалауға ықпал етеді [3] .
Маркетингтік зерттеу кезеңдері:
1 Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау
2 Ақпараттың көздерін іріктеу
3 Ақпаратты жинау
4 Жинақталынған ақпараттарды талдау
5 Зерттеу нәтижелерін көрсету
Ақпарат көзін іріктеу қажетті мәліметтерді іздеу оңай болу үшін жүргізіледі, барлық ақпараттарды алғашқы және екінші мәліметтердің жиынтығы ретінде қарастырамыз.
Ақпараттарды жинау зерттеу объектісінің ерекшелігіне байланысты нарықты, тұтынушыларды, бәсекелестерді зерттеу әдістерін пайдалануға байланысты болады .
Жинақталынған ақпараттарды талдау, оны оқып-үйренуді, әр түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы оларды қайта өңдеуді, және де барлық алынған мәліметтер жиынтығынан қажетті деректерді алуды білдіреді.
Зерттеудің нәтижелерін көрсету деген тиісті қорытындылар мен ұсыныстарды беруді білдіреді. Маркетингтік зерттеудің қорытындысы қысқаша жалпыға түсінікті түрде жазылған мәлімдеме немесе толық түрдегі ғылыми есеп ретінде беріледі [3] .
Есептің құрылымы клесідей түрде болуы мүмкін: кіріспе; зерттеу мақсаты; зерттеу методологиясы; зерттеу нәтижесі; қорытындылар мен ұсыныстар; қосымшалар.
Туристік маркетинг - қызмет көрсету мен қызметті ұсынудың шексіз үйлесімділігінің жүйесі болып табылады. Неміс ғалымдары В. Ригер, П. Рот, А. Шранд туристік маркетингке былай деп анықтама береді: туристердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы бәсекелестерден артық істеу мақсатына жетудегі нарықтық бағдарланған басқару. Жалпы қалай болғанда да бүгінгі нарықтық экономика қатынастары жағдайында маркетингтің ең маңызды сала екені анық, өйткені оның өзінің мәні нарықты зерттеу емес пе.
Ал «туристік нарық» термині туристік өнімнің сұранысы және ұсынысын білдіреді және де оның элементтерінің өзара байланысы төмендегі 1-ші суретте бeрілген.
Сурет 1. Туристік нарық элементтері
Маркетингтік зерттеулер кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін анықтауға бағытталған мақсатты жүйелі, объективті жүргізілетін үрдіс. Бұл үрдіс маркетингтік зерттеулерге байланысты ақпаратттарды жинау, өңдеу, талдау және қорытынды жасауды қамтиды.
Сонымен туристік маркетингі - маңызды сала болып табылады. Соған орай кәсіпорын маркетингінің рөлінің өзгерісін келесі 2-ші суретте берілен маркетинг функцияларынан көре аламыз:
Осы заманғы экономиканың әлемдік тенденциялардың бірі - қызмет көрсету салаларының жедел өсуі. Дамыған елдердің көбі «қызмет көрсетуші экономикаға» айналуда. Өндірісі дамыған елдердегі ЖҰӨ-нің 2/3-ден 3/4- ке дейінгі бөлігін қызмет көрсету саласы құрайды. АҚШ-та қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер саны жалпы жұмысшылардың 77 %-ын құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 58 %-ға жуық. Қазақстанда қызмет көрсету ЖҰӨ-нің 50, 6 %-ын құрайды [4] .
1 Маркетинг тең дәрежедегі функция ретінде
2 Маркетинг маңызды функция ретінде
3 Маркетинг негізгі функция ретінде
4 Бақылау функциясы
5 Бақылау функция ретіндегі тұтынушы және маркетинг интеграциялдау функциясы ретінде
Сурет 2. Туристік нарықтағы маркетинг функцияларының рөлі
Маркетинг қазіргі кезде өте маңызды. Ал маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері қызметтің материалдық өнімімен, айырмашылығымен анықталады [5] .
Қызмет көрсету - тұтынушылар сатып алатын, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік. Туризмдегі коммерциялық қызметтің концепциясын келесі 2-ші кестеде берілген.
Кесте 2
Туризмдегі коммерциялық қызметтің концепциясы [5]
Қызмет көрсету саласының ерекшелігін келесі 3- суретте көруге болады.
Сурет 3. Қызмет көрсету саласының ерекшелігі [5]
Сонымен, туристік қызметтің қызмет көрсету саласындағы мазмұны төмендегілермен анықталады:
- Тауарлармен салыстырғанда қызмет көрсетуді сатып алғанға дейін көзбен көруге, татып көруге және ұстап көруге болмайды.
- Тауарларға қарағанда қызметтерді (туристік өнімді) қайта сату мақсатымен сатуға қоймаға, қоймаға қоюға және тасымалдауға келмейді.
- Қызметтерді (туристік өнімді) өндіру және тұтыну ұсынушыдан бөлінбей, бір жерде өтеді.
- Қызмет көрсетуді бір адам жүзеге асырса да қызмет сапасы әр түрлі болуы мүмкін.
- Тауармен салыстырғанда олар қайта сатылмайды.
Маркетингтік зерттеулер кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін анықтауға бағытталған мақсатты жүйелі, объективті жүргізілетін үрдіс. Бұл үрдіс маркетингтік зерттеулерге байланысты ақпаратттарды жинау, өңдеу, талдау және қорытынды жасауды қамтиды
1. 2 Туризм кәсіпорынында маркетингтік ортаны зерттеу
Туристік сала - бұл қоғам мен туристік тауар арасындағы делдал болып табылатын қоғамдық ұйымдар мен комерциялық секторлардан құралған күрделі кешен.
Туристік сала төмендегілерден тұрады:
- Саяхаттау ұйымының агенттері;
- Туроператорлар;
- Жолаушыларға қызмет көрсету агенттері, келуші туристтермен жұмыс істеуші туроператорлар;
- Жолаушыларды қала аралық тасымалдаумен айналысатын компаниялар;
- Топтық саяхаттауды ұйымдастырушылар;
- Қысқа уатытта жол жүруді бақылайтын операторлар;
- Жеңілдікпен жол жүру ұйымының агенттері;
- Корпорациялық мерекелер мен конференцияларды ұйымдастырушылар.
Туристік қызметтегі маркетингтік ортаны анықтау үшін кәсіпорын басшысы төмендегі жағдайлардан хабардар болуы керек:
- туристік кәсіпорынның ішкі ортасы, оның потенциалы мен даму тенденциялары туралы;
- туристік кәсіпорынның сыртқы ортасы, оның ерекшелігі мен ондағы орны туралы.
Ішкі ортаны талдау. Ішкі орта (микроорта) - бұл кәсіпорын ішіндегі және онымен бақыланатын жалпы маркетингтік ортаның бір бөлігі. Онда фирмаға әрекет етуге мүмкіндік беретін, тиісінше белгілі бір уақыт аралығында өмір сүруіне мүмкіндік беретін потенциал бар.
Ішкі орта келесі бағыттар бойынша талданылады:
- кадрлар (олардың потенциалы, біліктілігі; оларды таңдап алу, оқыту және қызметте көтерілулері; еңбек нәтижелерін бағалау және оларды ынталандыру; жұмысшылар арасындағы қарым-қатынасты орнату және сақтау, және т. с. с. ) ;
- қаржылар (өтімділікті ұстап тұру, пайдалылықты қамтамасыз ету, инвестициялық мүмкіндіктерді жасау) ;
- маркетинг (туристік өнім стратегиясы; бағалық; өткізу және коммуникациялық стратегиялар) .
Ішкі ортаны зерттеу мақсаты - туристік кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын айқындау, білу. Кәсіпорынның күшті жақтарын білу нарықтағы бәсекелестік күресте кәсіпорынның сүйенетін жақтарын көрсетеді, және де ол оны ары қарай кеңейтіп, нығайтуы қажет. Ал басты назарда кәсіпорынның әлсіз жақтары болуы қажет, және де олардың көбінен арылуға тырысу керек.
Ішкі орта туристік кәсіпорынның тиімді әрекет етуінің мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ та ол сондай-ақ маркетингтің тұжырымдамасын кешенді түрде пайдалануды қажетті түрде қамтамасыз етпесе кәсіпорындағы проблемалардың да көзі болуы мүмкін [6] .
Егер де туристік фирманың әр түрлі қызмет түрлері мен персоналдары біртұтас болмаса, онда «аққу, шаян және бекіренің» эффектісі орын алуы мүмкін, яғни жекелеген бөлімшелер мен қызметкерлер маркетингтің жалпы мақсатына жетуге мүдделі болмаулары, әркімнің әр жаққа тартып кетуі.
Егер де, маркетингтік зерттеу процессі кезінде өте маңызды талдауға түсетін кәсіпорынның мәдениетін көтеруге баратын болса ондай жағдайларды болдырмауға болады.
Кәсіпорын мәдениеті, кәсіпорын өзінің іс-әрекеті барысында басшылыққа алып отыратын көптеген нормалардан, ережелер мен құндылықтардан тұрады. Мәдениет, кәсіпорында қалыптасқан адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін, өкіметті, басқару стилін бөлуді, кадрлар мәселесін, кәсіпорынның даму келешегін анықтауды қамтиды. Қол жеткізген мәдениет деңгейі кәсіпорынға дұрыс, сауатты жұмыс істеуге көмектеседі, ал мәдениеттің жоқтығы керісінше, оның іскерлік әрекетінің қалыпты түрде жүзеге асуына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл жерде бәрінің мәні зор - кәсіпорын кеңсесін рәсімдеуден бастап, оның қызметкерлерінде кәсіпорынның таңдап алған маркетингтік стратегияның жолдары қандай әсерді қалдыратынына дейін байланысты болады.
Туристік кәсіпорынның айқын көрінетін мәдениеті қалыптаспағандықтан, оны зерттеу өте күрделі. Алайда мәдениет кәсіпорынға күшті және әлсіз жақтарын ашуға мүмкіндік беретін нақты бір сәттер бар.
Біріншіден, күшті мәдениеті бар туристік кәсіпорындар үшін онда жұмыс істейтін адамдардың қажеттіліктерін басып айту тән. Ондай кәсіпорындар өзінің фирмалық философиясына, өзінің құндылықтарын насихаттауға көп көңіл бөледі.
Екіншіден, туристік кәсіпорынның мәдениеті туралы оның бәсекелестермен қандай өзара қарым-қатынасты ұстайтыны және өзінің клиенттеріне қалай қарайтыны туралы білуге болады.
Үшіншіден, туристік кәсіпорынның мәдениеті туралы көзқарастың қалыптасуы кәсіпорындағы жұмысшылар өздерінің жұмыс орындарында қалай қызмет ететіндері, мансаптық жүйе қалай құрылғаны туралы, және де жұмысшылардың қызметтегі көтерілулері үшін қандай критерийлер қоланылатыны туралы мәлімет алуға, оны байқаудың көрінісін береді.
Төртіншіден, мәдениетті түсіну, кәсіпорында тұрақты әрекеттік ұстанымдардың бар ма, жоқ екенін білуге, жазылған мінез-құлық нормаларының болуы, және де ол туралы кәсіпорында барлық қызметкерлер біле ме, жоқ па, сондай-ақ олар оған қалай қарайтыны туралы оқып-білуге мүмкіндік туғызады. Егер де қызметкерлер фирманың тарихы жөнінде жақсы хабардар болса, және де ондағы ережелер мен рәміздерге құрметпен қарайтын болса, онда кәсіпорында күшті мәдениет қалыптасқан деп жоғары дәрежедегі ықтималдықпен айтуға болады [7] .
Туристік кәсіпорынның мәдениетін талдаудың ерекше маңыздылығы ол фирмаішілік өзара қарым-қатынастарды ғана анықтап қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын сыртқы ортамен өзінің өзара іс-әрекетін құруына маңызды түрде әсер етеді.
Сыртқы ортаны оқып-үйрену. Кәсіпорынның сыртқы ортасы екі салыстырмалы дербес кіші жүйелердің жиынтығы ретінде қарастырылады:
- макроқоршауы;
- тікелей қоршаған ортасы.
Макроқоршау (макроорта) туристік кәсіпорынның ортада болуының жалпы жағдайларын жасайды. Көп жағдайда макроорта жекелеп алынған фирма үшін айрықша сипатта болмайды. Алайда олардың әрбіреуі өздерінде оның әсерін сезінеді және оны басқара алмайды.
Макроорта жалпы жоспардағы факторлармен анықталады, 4- суретте көрсетілген.
Сурет 4. Макроорта факторлары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz