Windows туралы жалпы мағұлматтар


Windows туралы жалпы мағұлматтар

80-шi жылдардың ортасында Microsoft фирмасы IBM тәрiздi компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды, солардың бiрi Windows жүйесi болатын.

80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар iске қосыла бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3. 1 немесе одан кейiнгi Windows 3. 11 версиялы MS-DOS поперациялық жүйесi тағайындала бастады.

Microsoft корпорациясының ОЖ даярлау жолындағы келесi елеулi қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйiнде емес, сол жүйенiң ажырамас бөлiгi болатын ОЖ-нi даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98, Windows NT, Windows 2000, Windows МЕ, Windows ХР ОЖ-лерi пайда болды.

Windows жүйесiнiң негiзгi функциялары

Кез-келген ОЖ сияқты Windows мынадай мәселелердiң орындалуын қамтамыз етуi тиiс:

  • компьютердiң барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
  • файлдық жүйемен жұмыс iстеудi қамтамасыз ету;
  • қолданбалы программаларды iске қосу. Бұған қоса Windows жүйесi:
  • бiр уақытта бiрнеше программалардың жұмыс iстеуiн;
  • әр түрлi программалар арасында мәлiметтер алмасуды;
  • масштабталатын қарiптердi қолдану;
  • мультимедия мүмкiндiктерiн пайдалану;
  • бiрiңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

Жұмыс столы

Жұмыс столы ұғымы қазiргi барлық ОЖ-лер интерфейсiнiң элементi болып саналады. Windows ортасында жұмыс столының рөлiн дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс iстейтiн программалардың терезелерi, құжаттардың жеке файлдары белгiлер (немесе шартбелгiлер) түрiнде орналасқан.

1-сурет. Windows ОЖ-нiң жұмыс столы

Белгiшелер, жарлықтар, бумалар

Белгiше (icon) - бұл экран бетiндегi қысқаша жазуы бар кiшiрейтiлген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезенi, функцияны, файлды, т. б. бейнелеп тұруы мүмкiн. Әр белгiше белгiлi бiр терезеге сәйкес келедi және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгiшелер кездеседi:

  • қосымша (қолданбалы) программалар белгiшесi;
  • белгiлi бiр топтар белгiшесi;
  • функциялар белгiшесi.

Жарлық (shortcut) - бұл белгiлi бiр объектiмен тiкелей қатынас жасауды iске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желiдегi дискiнiң iшiндегiсiн көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды iске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т. б. Жарлықты пайдаланғанда негiзгi объектiлердiң өздерi (файлдар, каталогтар және т. б. ) өз орнында ешбiр өзгерiссiз тұрады. Ал сол объектiлермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған ақпараттың көмегiмен iске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзi орналастырылған болса, онда олардың бiрiн жою командасын қолданған кезде ол дискiден жойылады. Ал егер де жұмыс столынан Shortcut белгiшесiн орналастырып, оны артынан өшiрсеңiз, онда жарлық берiп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбiр өзгерiссiз қалады.

Бума (folder) - экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3. 1) белгiлеу үшiн қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгiлi бiр объектiлердi орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, т. с. с. Әрине мұндай контейнерлер әр объект үшiн әр түрлi болу мүмкiн. Бiрақ олармен атқарылатын амалдар бiртектес бола бередi (мысалға, жою, көшiру және т. б. ) .

Компьютер жұмысын басқару құралдары

Жаңа құралдарды ЭЕМ-ге қосуда, жаңа программаларды компьютерге орналастырғанда, қарiптердi алып тастау не енгiзу кездерiнде, “Жұмыс столын” көркейту iстерiн атқарғанда, сандарды, даталар мен уақытты бейнелеу түрлерiн өзгерту барысында “Басқару тақтасы” деп аталатын жүйелiк бумада орналасқан құралдар пайдаланылады. Бұл буманы iске қосу “Менiң компьютерiм” атты жүйелiк топтағы Басқару тақтасы белгiсiн таңдап, тышқанды екi рет шерту арқылы немесе басты менюдiң Баптау Басқару тақтасы командаларын таңдау жолымен атқарылады.

Басқару тақтасы терезесiнде орналасқан программалық элементтердi пайдалана отырып “Жұмыс столын” (Desktop themes) көркейтуге, тышқан қолтетiгiн, пернелiк тақтаны баптауға (ыңғайлы күйге келтiру) және т. б. жұмыстарды атқаруға болады.

Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою.

Windows 98 жүйесiнде барлық файлдар, құжаттар және программалар бумаларда (папка) сақталады. Егер бума сыртында сурет бар болса, ондай бума арнайы қызмет атқару бумасы болып саналады және оны жоюға, басқа орынға ауыстыруға болмайды.

Қарапайым жай бумалардағы мәлiметтермен кез келген әрекет орындауға болады, мысалы, жою, көшiрме алу, орнын ауыстыру және т. с. с.

Өз құжаттарыңызды сақтау үшiн жеке бума ашу қажет. Ашқан файлдарыңызды сол файлды даярлауға себепшi болған программалармен бiрге бiр орында сақтаудан аулақ болған жөн, өйткенi прогамма жұмысынан ақау табылып, оны қайта орнату керек болса, файлдарыңыз жойылып кетедi.

Бумаларды жұмыс столында немесе терезе iшiнде де ашуға болады. Жұмыс столында (Windows 98) бума ашу үшiн курсорды экрандағы бос аймаққа алып барып, тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Сонда пайда болатын контекстi-тәуелдi менюден Жасау⇒Бума деген опциясын (мүмкiндiгiн) таңдап, экранға шыққан бума бейнесiнен астына бiрден оның атын енгiзе беруге болады. Егер бума аты енгiзiлмесе, онда оның орнында нүктелер жолы орналасады.

Ал терезе iшiнде бума ашу қажет болғанда, Файл⇒Жасау ⇒Бума командаларын орындау керек.

Windows 98 жүйесiнiң жұмыс столы да бума болып есептеледi “Жұмыс столы” бумасы Windows бумасында оналасқан. Оны табу үшiн “Менiң компьютерiм” бумасын қарап шығу керек немесе Iздеу командасын пайдалануға болады.

Бiз жоғарыда айтқандай, жарлық (ярлык) дегенiмiз - бумалар iшiнен iздеу жүргiзбей-ақ кез келген дискiдегi объектiнi пайдалануды қамтамасыз ете алатын командалық файл. Жарлықтар жиi қолданылатын программалар мен құжаттық шаблондар (нұсқалар) үшiн даярланады да, олар жұмыс столында, арнайы қызмет атқармайтын кез келген бума iшiнде жасала бередi.

Жарлық былайша жасалады:

  • жарлық орналасатын орын таңдалып алынады;
  • тышқанның оң жақ батырмасын басамыз да, контекстiк-тәуелдi меню пайда болған соң, Жасау⇒Жарлықкомандаларын орындаймыз;
  • “Жарлық жасау” терезесi шыққаннан кейiн командалық жолға сол жарлық объектiсiне сәйкес оның маршрутын енгiземiз. Ал егер ол белгiсiз болса, дискiлердегi парақтай отырып, (Обзор) түгел қарап шығып, енгiзiлуге тиiс қажеттi мәлiметтердi анықтаймыз. Одан ары қарай “Дайын” (Готово) батырмасын бассақ, жарлық дайын болып шыға келедi.

Жарлықтар мен бумаларды жою Windows жүйесiндегi кез келген объектiнi жою сияқты орындалады. Мұның барысында керектi бiр иформацияны жойып алмас үшiн, оның да бiрнеше жолы жасалған, олар:

-“Қоржын” арқылы жою;

  • толық жойып тастау;
  • жою кезiндегi хабар берiп отыру.

Егер “Қоржынға” салу жолымен жойылса, онда мәлiметтердi қайта бастапқы күйiне келтiуге болады. Информацияны толық жою “Қоржындағы” мәлiметтi жойғанда орндалады.

Объектiлердi “Қоржынға” ауыстыру үшiн олар тышқан арқылы қоржын маңына жеткiзiлуi тиiс, яғни оны қоржынға салғымыз келетiнiн көрсетемiз. Бiрақ қоржын көлемi шектеулi, оның көлемi Windows алғаш орналастырылған кезде немесе оның параметрлерiн өзгертуде берiледi. “Қоржынның” көлемiн үлкейту жалпы пайдалы жад көлемiн азайтатын есте ұстаған жөн.

Қоржынға түскен объектiлердi керi қайтарып, бастапқы қалыпқа келтiру үшiн мынадай әрекеттер орындалады:

  • “Қоржынды курсормен көрсетiп тұрып тышқанды екi рет шерту;
  • қалпына келтiрiлетiн объектiлердi белгiлеу;
  • Файл⇒Қалпына келтiру командаларынорындау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows операциялық жүйесіндегі стандартты программалар
Wіndows 98 операциялық жүйесі туралы ақпарат
Қарапайым, графикалық және белгіленген батырмалар компоненттерін қолдану.
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Деректер базасының сервері
Мәліметтердің динамикалық құрылымы
Word мәтін редакторы
Деректер базасының архитектурасы
Банктік операциялардың мәліметтер қорын құруды теориялық негіздеу
Ақпараттарды бір орталықтан басқаруды жүзеге асыру үшін деректер базасын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz