Оңтүстік торғай мұнайлы-газды атырабы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

6. Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды атырабы

Торгай МГА-ы Орталық және оңтүстік Қазақстанда орналасқан, Орталық Евразия платформасының Тұран ойпатымен тектоникалық байланысты. Мұнайлы-газдық алаң мен өрісті болашак жерлердің ауданы 60 мың. км 2 . Оның іргетасы гетерогенді, калеодан және герцин консолидацияларының белдемдерін қосып алады. Ойпаңның шөгінді жыныстарының құрамында жоғарғы триас-төрттік жүйесінің түзілімдерінен құралған 5 км дейінгі платформалық тыс және девон-карбон жыныстарынан түзілген квази платформалық тыс бөлініп шығады.

Оңтүстік Торғай алабы

Тұран платформаларының денесінде басты түрде солтүстік-батыс бағдарлардағы ежелгі жарылымдарды киммерлік тектоникалық белсендіру нәтижесінде қалыптасқан жекелеген қызықты грабендер түзілуі басты ерекшелік болып табылады. Грабендер ернеудің бұзылған өнімдерімен, соңдай-ақ жиектердің бұзылған өнімдерімен, сондай-ақ жиектердің қатпарлы құрылымының (Ұлытау, Қаратау және т. б) ұнтақталған материалдарымен толтырьшған. Алаптың платформалық тысы 4 жікқабатқа бөлінеді: жогарғы палезойлық, триас - юралық, бор - миоценді және плоицен - төрттік. Бор - кайнозой кешенінің табаны бойынша Мыңбұлақ ойпатымен бөлінген Жыланшық және Арысқұм ойыстары бөлініп шығады. Триас - юра жікқабатының түзілімдері толық көлемде ойттанның мезозойға дейінгі тұғырға кесілген, сызықты грабен-синклиналында ғана таралған деп есептеледі. Оларға түзілістердің рифтогенді табиғаты тән деп есептелген.

Мұнда, алаптың юра және бор түзілімдерінде 15 аса мұнай және газмұнай кенорындары ашылып - барланған, солардың ішінде ең ірісі Құмкөл кенорыны.

Мұнай алаңдары салыстырмалы түрде қарапайым геологиялық құрылысымен және өнімді (горизонттардың жатыс тереңдігінің аздығымен (1000-1300 м) сипатталады. Жинауыштары - жақсы сүзгілік-сыйымдылық қасиетті құмтастар, яғни ол ұңғымалардың жоғарғы шығымын (тәулігіне 100-200 м 3 ) анықтайды.

Оңтүстік Торғай ойысының геологиялық құрылымы тұтқыштардың дәстүрлі антиклиналь типтерімен қатар, юра өнімді қатқабаттарының грабенаралық (Ащысай көтерілімі, Мыңбұлақ ойпаты және т. б. ) және ішкі грабендік (Ақшабұлақтың грабен-синклиналі және т. б. ) көтерілімдеріне сыналанумен байланысты литологиялық және стратиграфиялық шектелген. Тұтастай алғанда Оңтүстік Торғай алабы шөгінді жинау көлемдік жылдамдығы бойынша ІІІ-типке жатады.

Оңтүстік Торғай алабы мен бірқатар қенорындарының ашылуы ондағы республиканың мұнай өндіруші өнеркәсібінің дамуындағы көптеген геология-экономикалық мәселелерді шешеді.

Солтүстік Торғай алабы Орал және Сарыарқа қатпарлы құрылыстарының аралығындағы Торғай ойысының солтүстік бөлігін алып жатыр. Ол Батыс Сібір тақталарынан Қостанай ойпатымен бөлінген. Алаптың ауданы 75 мың км 2 . Жекелеген ұңғымалар мен геофизикалық материалдардың мәліметтері бойынша алалтың іргетасы 3-4-8 км дейінгі тереңдікте жатады. Кристалдық фундамент үстінде 4 км қалыңдықтағы жоғарғы палеозойдың квази платформалық түзілімдері жатады. Субмеридианды жарылымдармен іргетас сызықтық грабендер қатарына мүшеленген. Грабендерді құрушы жыныстар бор және палеоген түзілімдерімен, кейбір жерлерде триас-юра көмірлі түзілімдерімен бұрыштық және стратиграфиялық сәйкессіздіктен қайта жабылған. Бұл грабендер триас жастағы трапты интрузиялар типті негізгі магматикалық жыныстардың бөлінуімен бірге рифті белдемдер (мәселен, Құшмұрын ойысы) ретінде қарастырылады.

Шөгінлі жинақтау көлемдік жылдамдығы бойынша алап II типке жатады. Алаптың мұнай-газды болашағы мезозойдың шөгінділерімен және трапты интрузиялармен қайта жабылған жоғарғы палеозой түзілімдеріне байланыстырылады. Қостанай ойпатында бұрғыланған екі параметрлік ұңғымаларда көмірсутектердің нағыз белгілері мен мұнайдың болмашы ағындары

33-сурет.

Торғай МГА-ң тектоникалық және мұнай газ геологиялық аудандаудың сұлбасы.

1 - жарылымдар. Ірі және орташа тектоникалық элементтер: 1 - Торғай синеклизі (1а - Жыланшық ойысы, 16 - Мыңбұлақ ойпаты, 1в - Арысқұм ойысы) ; 2 - Орал маңы моноклиналы; 3 - Қазақ қалқаны, 4 - Сырдария дөңесі. Мұнайлы-газды аудандар: а 1 - Жыланшық; а 2 - Арысқұм.

34-сурет.

Онтүстік Торғай ойпаңының геологиялық кескіні. (Ф. Е. Синицин, Б. С. Цирельсон бойынша, 1987 ж) : 1 - іргетас, 2 - жарылымдар.

Стратиграфия

Төрттік жүйе. Бұл жүйенің түзілімдерін эолдық, элювилал, делювил, пролювиль, аллювиль және көлдік шөгінділер - брекчиялар, тасмалталар, құмдар, саздақтардың түұас дерлік тысы түзіледі. Қалыңдығы 90 м жетеді.

Неоген жүйесі. Түзілімдері свиталарға бөлінген бірыңғай континентті түзілістерден тұрады.

Жөншілік свитасы (жоғарғы плиоцен - төменгі плейстоцен) су бөліктері кеңістігінде таралған, құрамы бойынша тұрақты емес көлдік саздақтардан, құмдақтардан, саздардан, құмайттастардан және сары-сұр, қоңыр, қоңырқай түсті құмдардың қатқабатынан құралған. Қалыңдығы 70 м дейін.

Қостанай (битектей) свитасын (орта - жоғарғы плиоцен) ерте заманғы эрозиялық қабатгар толтырған, аллювиалдық жене көлдік саздардан, құмайттардан, құмдардан, қиыршық тастардан түзілген. Қалындығы 30 м дейін.

Павлодар свитасы (жоғарғы миоцен - төменгі плиоцен) құм линзалары және қабатшықтарымен бірге қызғылт-қоңыр, қоңыр өзендік және аллювиалдық саздардан түзілген, қалыңдығы 40 м дейін.

Турм свитасы (төменгі - ортаңғы миоцен) әксаз қабатшықтарымен бірге ашық-жасыл саздардан, төменгі бөлігі (кушук қабаты) марганецтің тотығының ірі бұршағымен бірге саздар мен құмайттастардан түзілген. Түзілімдер омыртқалы жануарлардың сүйектері, жапырақ фтюралары, шаң-тозаңды кешендермен сипатталады, қалындығы 50 м дейін.

Палеоген жүйесі

Бұл жүйенің түзілімдері континенттік олигоценді және теңіздік налсоцен эоценді жынытармен көрінеді.

Олигоцен. Терсек, қайдағұл, шалқарнұр және үркімбай свиталарын қосып алады.

Терсек свитасы (жоғарғы олигоцен) ақ жөне шұбар түсті каолинді, каолин - гидрослюдалы саздардан түзілген, оның төменгі бөліктерінде кварцты құмдар дамыған.

Қайдағұл свитасы (жоғарғы олигоцен) жоғарғы жағы сұр және қоңыр саздардан, төменгі жағы қоңыр көмір мен лигаит горизонттарымен бірге құмдардан, құмайттардан, қүмайттастардан, саздардан түзілген, қалыңдығы 100 м дейін.

Шалқарнұр (сары індік) свита (төменгі + ортаңғы олигоцен) құм және құмайттас қабатшықтарымен қатар шұбар түсті саздардан құралған, қалыңдығы 60 м дейін.

Үркімбай свитасы (төменгі + ортаңғы олигоцен) шайылумеи эоцендік теңіздік түзілімдерге жата отырьш, Оңтүстік Торгай ойпаңының орталық және батыс бөліктерінде кездейсоқ таралған, қалыңдығы 30 м. дейін.

Эоцен. Жоғарғы эоцен (бодрак және альма жікқабаттары) қуаттылығы 250 м дейінгі құмдар мен әксаз тасберіштерімен бірге жасыл-сұр жапырақты саз қатқабаттарынан құралған.

Ортаңғы эоцен (симферополь жікқабаты) әксазды және кремнилі саздар қатқабатынан түзілген, қалындығы 80 м.

Төменгі эоцен - жоғарғы палеоцен (бақшасарай жікқабаты - кача) саз, құмайттас және глауконитті құмдардан түзілген. Саздар көбінесе шым тәрізді, қалыңдығы 50 м дейін.

Палеоцен. Ойпаңның орталық бөліктерінде таралған, карбонатты құмайттастар, құмтастар, карбонатты саздар мен әксаз қатқабаттарынан түзілген, қалыңдығы 40 м.

Бор жүйесі

Маастрихт жікқабаты әксаз, сазды әктас, карбоншты құмайтгар және саздар қатқабатынан құралған, қалыңдығы 100 м.

Кампан және сантон жікқабаттары глауконит және жүтаңданған өсімдік қалдықтары қосылған сұр саз, құмайттастар және құмтастардың қатқабаттарынан тұрады, қалыңдығы 150 м

Турон - коньяк жікқабаттары қызыл және шұбар түсті құмтастар, құмайттастар және континенітік генезисті саздар қатқабатынан түзілген. Қуаттылығы 130 м дейін.

Сеноман түзілімдерінде қызылқия свитасы бөлінеді, ол саздардан, құмайттастардан, континенттік генезисіік құмтасттардан құралған, қалыңдығы 160 м.

Апт - альб жастағы қарашатау свитасы сұр құмтастар, құмдар, құмайттастармен бірге саз қабатшықтарынан тұрады, қалыңдығы 370 м.

Неокомда дауыл свитасы бөлінін шығады, оның жоғарғы жағы (200-220 м) қоңыр құмтастардың қабатшығымен бірге қызыл түсті саздардан, төменгі жағы (80-110 м) саз қабатшығымен бірге қоңыр-сұр жәие қызыл-қоңыр құмтастардан құралған. Қиманың осы бөліктерінде құмкөл кенорынын 23-25% ашык кеуектілікпен екі мұнай қанығу қатпары бар. Майда бұл буда барлық жерде байқалмайды.

Юра жүйесі

Жоғарғы юра түзілімдері үш будадан (жоғарыдан төменге) тұрады: шұбар түсті саздар (40-100) ; әксаздар мен құмды әктастардың қабатшықтарымен бірге карбонатгы саздардан (25-40), саздар мен құмайттастар қабатшықтарымен бірге сұр құмтастардан (50-60 м) . Жалпы қалыңдығы 200-300 м. Құмкөл алаңында олар өнеркәсіпті мұнайлы. Кеуектлігі. 26-30%, өтімділігі 1, 8 мкм 2 (газ бойынша) .

Төменгі - орта юра түзілімдерін грабен-синклинальдарды түзуші, қалыңдығы (2500 м) аса біріңғай, литологиялық нашар мүшеленген қатқабаттар құрайды. Оның табаны бұрғылаумен ашылған жоқ) . Қатқабат басым түрде құмайттастардан және қара-сұр және сұр құмайттардан, сұр құмтастар қабатшықтарынан құралған, сұр құмтастар қабатшықтарынан құралған. Оның жоғарғы бөліктерінде көмірлі құмайттар мен көмірлер қабаттары кездеседі.

Триас жүйесі

Триас түзілімдері Торғай МГА-ң шегінде табылады. Екі қатқабаттан тұрады: юра түбімен тығыз байланысты (қарашілік свитасы, қуаттылығы 400 м дейін) жоғарғы триасты сұр түсті көмірлі терригенді қатқабат және төменгі - ортаңғы триасты шұбар түсті жанартау - терригенді (турин сериясы, 800 м дейін) қатқабат.

Палеозой

Екі қатқабаттан тұрады: ортаңғы - жоғарғы девондық -қуаттылығы көптеген жүздеген метрге дейінгі, қызылтүсті терригенді қатқабат және фамен-төменгі карбон - қалындығы 1000 м аса сұр түсті терригенді - карбонатгы қатқабат.

Оңтүстік Торғай ойпаңының құрылымдық планын зерттеуде жүзеге асырылатын негізгі беттер: юра түзілімдерінің беті - III шағылысушы горизонт және палеозой беті - V шағылысушы горизонт болыл табылады.

Құмкөл кенорыны

Құмкөл газмұнай кенорыны арысқұм ойысының шегінде Торғай шөгінді алабында, Қызылорда қалпсыпап Солтүстік шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Әкімшілік жағынан Қарағанды облысының Жезді ауданына қарайды. Кенорыны 1984 жылы ашылды, мұнда 1-ұңғыманы бұрғылау кезінде төменгі бордың Никольск түзілімдерінен мұнайдың апатты шапшымасы алынған. 1990 жылдан бері игерілу үстінде.

Құмкөл құрылымы неоком түзілімдерінде 50 м және юра түзілімдерінде 150 м амплитудамен күрделі пішінді брахиантиклиналь қатпарды білдіреді. Кенорыны көп қаттық және алты шоғырдан тұрады. Олардың екеуі төменгі неоком түзілімдеріне, қалғандары бор және юра екі бөлекті өнімді этаж түзе отырып, юра түзілімдеріне байланысқан. Бор түзіліміндегі шоғырлар мұнайлы, юра түзілімдеріндегі газ мұнайлы және мұнайлы болып табылады. Қойма типі бойынша олар қаттық, дөңестенген, тектоникалық және литологиялық шектелген. Өнімді горизонттардың жатыс тереңдігі 1063 м - 1270 м дейін өзгереді. Бор шоғырларындағы су-мұнай жапсары 983 м және 999 м белгілерде анықталғал. Юра шоғырларының екі горизонтылдағы мұнай бөліктерінің биіктігі ең жоғарғысы, 89, 5-91, 5 м жетеді, үшінші горизонтта 18, 5 м артпайды. Екі бор шоғырларымда мұнай бөліктерінің биіктігі 51, 7 м және 17, 4 м құрайды. Газ телпектердің биіктігі 9, 1-31, 9 м дейін өзгереді (юра шоғырлары) . Өнімді қима құмтастар мен құмайттастардан түзілген, горизонт бойынша тиімді қатқабаты 0, 6-12, 4 м дейін. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 19, 3-23, 7%, өтімділігі 0, 172-1, 133 мкм 2 , мұнайқанығу коэффициенті 0, 58-0, 71, газқанығу 0, 57-0, 72. Бастапқы қат қысымы 11, 5-13, 76 тра, қат температурасы 49-56°С шегінде болады. Мұнай шығындары 7 мм штуцерде тәулігіне 125, 8 м 3 , газдікі - тәулігіне 93, 8 мың м 3 жетті. Бор және юра шоғырларының мұнайлары құрамы бойынша ұқсас. Олардың тығыздығы 812-819 кг/м 3 , күкірттің мөлшері - 0, 11-0, 52%. парафин - 10, 8-11, 5%, асфальтен - 0, 11-0, 92%, шайыр - 4, 8-8, 42%. 20°С жағдайындағы мұнайдың тұтқырлығы 8, 89-22, 4 мм г/с. Юра және бор шоғырларының ерітілген газының құрамы күрт айырмашылықта: Юра шоғырларында ауыр көмірсутектердің 34, 26-50, 6% жағдайында метанды құраушылар 50, 6%-61, 2% дейін өзгереді, бор шоғырларында - ауыр көмірсутектер басым болады (63, 7-67, 9%), ал метанның мөлшері - 17, 8-22, 2%. Газдың құрамы: күкіртсутегі - 0, 002-0, 07%, азот - 3, 1 - 10%, көмірқышқыл газы - 0, 5-0, 9% және гелий 0, 01-0, 1%. Бос газдар метаннан (56, 75-77, 92%), этаннан (9, 01-14, 05%), пропаннан (4, 24-10, 17%), бутаннан (1, 24-4, 75%), пентан + жоғарғы (0, 77-1, 01%) күкіртсутегі іздері, азот (4, 1-10, 7%), көмірқышқыл газ (0, 29-0, 69%) және гелийден (0, 15-0, 21%) тұрады. Газда тығыздығы 712-732 кг/м 3 болмашы мөлшерде конденсат болады. Ілкі бор және бір юра горизонттарының шоғырларынікі - газ телпектерінің энергиясымен су тегеуірінді.

Құмкөл кенорыны (Т. И. Бадаев бойынша, 1987 жыл) .

34-сурет.

Құмкөл кенорыны (Т. И. Бадаев бойынша, 1987 жыл) .

Арыс кенорыны

Арыс - Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы газконденсатты кенорыны. Қызылорда облысының Сырдария ауданында Жусалы теміржол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан. Газдың алғашқы өнеркәсіптік ағыны 1992 ж. алынды.

Кенорыны 3x3, 5 км өлшеммен 20 м амплитудамен брахиантиклиналь қатпарға тураланған. 1131м тереңдікте ашылған қимада төменгі бордың неоком түзілімдерінің төменгі бөліктерінің горизонтына байланысқан газ конденсатты шоғыр анықталған. Өнімді горизонт құмтастар, құмайттастар, гравелиттер және саздардың қабаттасуымен түзілген. Шоғыр қапық, дөңестенген, биіктігі 20 м. Газ-су жапсары 1059, 5 м белгіде қабылданған. Шоғырлардың жапқыштары - қалыңдығы 10-40 м дейінгі саздар. Тиімді газқанығу қалыңдығы 9, 6 м, газқанығу коэффициенті 0, 66. Жинауышы 23, 8% ашық кеуектілігінен саңылаулы, терригенді. Бос газдың шығымы 10, 5 мм штуцерде тәулігіне 134, 5 мың. м 3 құрайды. Қаттық қысым мен температура 11, 32mһа және 49°С. Ауадағы газдың тығыздығы 0, 864, Газдың құрамында метан 85, 13% басым. Ауыр көмірсутектердің үлесі 9, 9%. Газда азот (2, 32%) және болмашы мөлшерде көмірқышқылдары бар. Конденсаттық шығымы тәулігіне 1, 94 м 3 , тығыздығы 706 кг/м 3 . Тұрақты конденсаттың мөлшері 26, 2 г/м 3 . Кенорыны аяқталмаған барлау стадиясында.

Бектас кенорыны

Бектас - Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы газмұнай кенорыны. Қызылорда облысыңда Жусалы бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 110 км жерде орналасқан. Құрылым 1983 ж. әзірленген, кенорыны 1987 ж. ашылды. Құрылым брахиантиклинді қатпарды білдіреді. Ол 1000 м изогипспен контурланады, көлемі 7x4 км және амплитудасы 50 м асады.

Шоғырлары қаттық, дөңестенген, төменгі бордың неокомды терригенді түзілімдеріне байланысқан. Өнімді горизонтіың жатыс терендігі 732 м. Шоғырлардың мұнай бөліктерінің жалпы биіктігі 36 м, газдікі - 38 м. Газ-мұнай және су-мұнай жапсары сәйкес түрде 776 м және 806 м белгілерде қабылданған. Өнімді қима 32, 4 м тиімді қалыңдықпен, 8, 4 м мұнайқанығу және 15, 6 м газқанығу қалыңдықпен құмтастар мен құмайттастардан түзілген. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 23, 7%. Мұнайқанығу коэффициенті 0, 45, газқанығу 0, 70. Жапқыштары - қалыңығы 10-30 м дейінгі саздар. Бастапқы қат қысымы 9, 66 тра, температурасы 35°С. Мұнайдың шығымы 7 мм штуцерде - 25, 1 м 2 /тәул. Мұнайдың тығыздығы 865 кг/м 3 , азкүкіртгі (0, 42%), жоғары парафинді (15, 9%), шайырлы (10, 78%) асфальтеннің мөлшері 0, 38%, мұнайдың тұтқырлығы 3, 27mра. Газтелпекnерінің газы құрамы бойынша метанды азоттың мөлшері шамалы (0, 03%) . Кенорыны өнеркәсіптік игеруге әзірленген.

Арысқұм кенорыны

Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы мұнайгаз конденсаты кенорыны. Қызылорда облысында Жусалы темір жол бекетімен солтүстікке қарай 120 км жерде орналасқан. Кенорыны 1985 жылы ашылды.

Мұнай жиекті газ шоғыры екі өнімді горизонт бөлініп шыққан төменгі неоком терригенді түзілімдеріне байланысты. Өнеркөсіптік мұнайгаздылық солардың біреуіне байланысты. Бірлі-жарым газ шығарындылары жоғарғы юра терригенді жыныстардан анықталды. Олар шамамен линза түріндегі құрылыстық құмтастарының жекелеген зерттелмеген қатпарына байланысқан. Өнімді горизонттың жатыс терендігі - 928 м. Шоғыр қаттық, дөңестенген, тектоникалық шектелген. Су-мұнай жапсарының 913 м белгісі жағдайындағы шоғырлардың жалпы биіктігі - 108 м тең, соның ішінде мұнайлы бөліктердікі - 27 м. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы 20 м, тиімді қалыңдығы - 12-15 м, мұнай қанығу 3, 2-12, 6 м. Жинауыштары саңылаулы типті. Мұнай қанығу коэффициенті 0, 66, газ қанығу - 0, 697. Бастапқы қат қысымы мен температурасы 10, 49 тра және 44°С. Бастапқы газдық фактор 39, 7 м 3 3 . 7, 7 диаметр штуцердегі бастапқы шығындар: мұнайды - 60, 9 м 3 /тәул, газдікі - 69, 62 мың м 3 /тәул. Жиек мұнайдың тығыздығы - 854 кг/м 3 , күкірттің мөлшері - 0, 46% дейін, парафин - 9, 7-27, 2%, асфальтен және силикагелді шайырлар - 16, 65% дейін Бос газдың құрамы: 93, 86% метан, 2, 87% этан, 1, 36% прспан, 0, 65% бутан, 0, 37 пентан + жоғары, 0, 01% гелий, 0, 52% азот + сирек кезде. Күкіртсутегі іздері.

Газдағы конденсаттың тұрақты мөлшері - 9, 4-15, 2 г/м 2 , тығыздығы 738-788 кг/м 3 . Конденсаттағы парафиннің мөлшері - 0, 01-1, 3%, күкірт - 0, 01-0, 06%. Конденсат шығару коэффициенті 0, 88.

Кенорыны өнеркәсіптік игеруге әзірленген.

Ащысай мұнай кенорыны Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында, Жусалы теміржол бекенен Солтүстік-шығысқа қарай 135 км жерде орналасқан. Кенорыны 1990 жылы ашылды.

Тектоникалық планда полезой көтерілімінің моноклиналь беткейімен байланысқан, оның шөгінде жоғарғы юра түзілімдері сыналанып, литологиялық орнын басады. Төменгі бордың неоком қатқабатына турланған II шағылысушы горизонт бойынша, құрылым 3, 5x7 көлеммен 60 м амплитудамен брахиантиклиналъ қатпарды білдіреді. Өнімді мұнай горизонттары жоғары юра түзілімдері (Ю-0 горизонты) мен төменгі бордың неоком қатқабатында (М-1 горизонты) сөәкес түрде 1747 және 1140 м тереңдікте анықталған.

Горизонттар литологиялық құмтастар мен құмайттастардан түзілген.

Ю-0 горизонтының шоғыры табиғи қойма типі бойынша қаттық, литологиялық шектелген, М-1 горизонты - қаттық дөңестенген. Су-мұнай жапсары сәйкес түрде 1835 және 11/5 м белгілерде қабылданған.

Юра горизонтының тиімді мұнай қанығу қалыңдығы 2, 4 м, неокомдікі -3м. Мұнай қанығу коэффициентгері сәйкес түрде 0, 61 және 0, 56, шоғырлардың биіктігі 25 (Ю-0) және 8 м (М-І) .

Жинауыштары саңылаулы, терригенді Ю-0 горизонтының ашық қеуектідігі 30% құрайды, М-І-20%.

Юра шоғырларындағы мұнайдың шығымы 7 мм штуцерде тәулігіне 31, 25 м 3 құрайды. Неоком шоғырларындағы мұнайдың шығымы 5 мм штуцерде тәулігіне 12, 5 м 3 тең. Горизонттан қаттық қысым мен температура 18, 4-12, 6 тра және 83-55°С шегінде. 300°С дейін ашық түсті фракциядардың өнімі 55% құрайды.

Мұнай жеңіл, тығыздығы 811 (Ю-0) және 833 кг/м 3 (М-1) азкүкіртті (0, 21-0, 24%), жоғары парафинді (16, 09-26, 6%), шайырлы және жоғары-шайырлы (9, 3-17, 54%), асфальтендердің мөлшері болмашы ғана (0, 15-0, 8) .

Юра мұнайында ерітілген газ ауыр, этан-пропанды (сәйкес түрде 17, 29 және 14, 81%), ауыр көмірсутектердің үлесі 36% асады, метанның үлесі 62, 55%. Газдағы күкіртсутектегінің мөлшері 0, 09% және азот пен көмірқышқылдар болмашы ғана. Кенорыны барлануда.

Ақшабұлақ кенорыны

Ақшабұлақ - Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы мұнай газ конденсатты кенорыны. Қызылорда облысында, жусалы теміржол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан. Құрылым 1987 жылы айқындалып, іздеу бұрғылауға әзірленген. Іздеу жұмыстары 1988жылы басталды, ал 1989 жылы мұнайдың өнеркәсіптік ағыны алынды.

Кенорыны үш дөңестен күрделенген көтеріліммен байланысқан. 1605-1915 м терендікте ашылған қимада төрт өнімді горизонт: үшеуі юра түзілімдерінде және біреуі неокомда анықталған. Горизонттар құмтастар, құмайттастар, саздардың қабаттасуымен, сирек түрде гравиелиттер қабатшығынан түзілген. Шоғырлары қаттық, дөңестенген және қаттық тектоникалық шектелгеп. Су-мұнай жапсарының абсолютгі белгілері: - 1760 м, - 1640 м - 1638 м және 1530 м. Өнімді горизонттардың жалпы қалыңдығы 14-66 м дейін, тиімді мұнай қанығу - 2, 2-19, 2 м өзгереді. Жинауыштардың ашық кекеугілігі 11, 2-20%, өтімділігі 0, 0028 - 0, 03 мкм 2 . Мұнай қанығу коэффициенттері 0, 51; 0, 61; 0, 75. Қаттық қысым 17, 50-19, 25 mра, температура 68-74°С. Мұнайдың бастапқы шығымдары ұңғымалар бойынша тәулігіне 58-197 м 3 . Газдық фактор 63, 7-128, 8 м з / м з құрайды. Мұнайдың тығыздығы 835 кг/м 3 . 3-юра горизонтының мұнайында ерітілген газдар ауыр, ауыр көмірсугектердің мөлшері 10% артады, метанның үлесіне 87, 66% келеді, күкіртсутегінің мөлшері 0, 08%, азот 0, 88%, көмірқышқыл газ - 0, 02%. 1-горизонтгың газы метанды (99, 13%), көмір қышқылдарының іздері мен азоттың аздаған мөлшері бар. Шоғырлар режимі сутегеурінді.

Кенорыны аяқталмаған барлау стадиясында.

Қызылқия кенорыны

Қызылқия - Оңтүстік Торғай шөгінді алабының Арысқұм ойысындағы газмұнай кенорыны. Қарағанды облысында, Құмкөл кенорынынан батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Жақын жердегі Жусалы бекеті оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде асқан. Мұнайдың алғашқы өнеркәсіптік ағыны 1986 жылы алынған.

Кенорыны брахиантиклиналь қатпарға байланысқан. Бұрғыланған ұңғымалармен ашылған түзілімдердің қатқабаты дислоцияланған протерозойдан қазіргі заманға дейінгі төменгі неокомның арысқұм горизонтының түзілімдерінде 1467-1600 м аралықта газмұнайлы шоғыр анықталған, сондай-ақ ең ұңғымада іргетас жыныстарынан мұнайдың болмашы ағыны алынған. Өнімді горизонт құмтастар, құмайттастар, гравелит және саздардың қабаттасуынан түзілген. Жинауышы саңылаулы, терригенді, ашық қеуектшігі 16, 7%, өтімділігі 0, 0013 мкм 2 .

Жапқыштары - қалыңдығы 10-50 м дейінгі саздар. Шоғырлы қаттық, литологиялық және стратиграфиялық шектелген. Су-мұнай жапсары 1404 м белгіде, газ-мұнай жапсары - 1364 м анықталған. Өнімді горизонттардың шоғырларының биіктігі 12 58 м дейін, тиімді мұнай қанығу қоэффициенті - 0, 59, газ қанығу - 0, 57. Мұнайдың ең жоғарғы шығымы бір ұңғымада 6 мм штуцерде тәулігіне 158, 4 м 3 белгіленді. Газдың ең жоғарғы шығымы 6 мм штуцерде 42 мың. м 3 /тәул. Қаттық қысым мен температура 15, 1-15, 8 mра және 61-70°С ш-гінде өзгереді. Мұнай жеңіл тығыздығы 797-805 кг/м 3 , азкүкіртті (0, 017-0, 33%), аз парафинді және жоғары парафинді (0, 6-36, 0%), 0, 1-8%. Шайыр мен асфальтен бар. Мұнайдың динамикалық тұтқырлығы 0, 76-14, 3 mра. Газ телпектерінің газының тығыздығы 0, 678, құрамы: 26% дейін ауыр көмірсутектер және 8% дейін азот. Метанның үлесі 65%. Табан сулары хлоркальций типті.

Кенорыны аяқталмаған барлау стадиясында.

Нұралы кенорыны

Мұнайгаз кенорыны Нұралы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында, Жусалы теміржол бекетінен солтүстік-шығысқа қарай 150 км, Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан батысқа қарай 200 км жерде орналасқан.

Іздеу бұрғылауы 1987 жылы басталып, сол жылы кенорыны ашылды. Барлау жұмыстары 1989 ж. бері жүргізілуде.

Текгониқалық планда Нұралы алаңы Ақсай қөтерілімінің шегіндегі қүрделі құрылымды көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды атырабы туралы
Геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнай-газды аймақтарды игерудің негізгі кезеңдері
Мұнай газ кен орындарын игеру
ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Оңтүстік Торғай ойпаты, Арысқұм иінді ойысында орналасқан Приозерный құрлымының мұнайгаздылы қорын есептеу
Оңтүстік Маңғышлақ бөлігінің геологиясы мен мұнайгаздылығы және шығыс Аққар кенорнында іздеу жұмыстары жобасын жасау
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Қазақстанның құрлықтағы көлік жолдарының даму инфрақұрылымы. Қазақстан көлік жолдарының халықаралық байланыстарға тигізетін ықпалы
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz