Желілік технологиялар. Интернет


5 МОДУЛЬ

ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ

21-26 лекциялар

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛІЕР

1. Жергілікті және ауқымды желілер. Негізгі түсініктер

2. Желідегі қызмет түрлері

3. Интернет

4. Интернеттен информация алу

5. Internet Explorer 5. 0 программасымен жұмыс істеу

6. Outlook Express программасымен жұмыс істеу

1. Жергілікті және ауқымды желілер. Негізгі түсініктер

Желі дегеніміз ресурстарды - дискілерді, принтерлерді ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан бірнеше компьютерлер тобы.

Бірнеше (екіден артық) компьютерлерді бір-бірімен физикалық түрде байланыстырғанда компьютерлік желі құрылады. Жалпы компьютерлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік жабдықтар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік программалық құралдар) қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде шешілетін негізгі мәселе - аппараттық жабдықтардың электрлік және механиалық сипаттамалары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәліметтердің) форматтары мен кодталу жүйелерінің бір-біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections - ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модель Халықаралық стандарттар жасау ұйымының - ISO (International Standards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді.

Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитектурасының әртүрлі деңгейлерін (деңгейлер саны - жетіге шейін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы - қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі - физикалық деңгей болып саналады.

Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәліметтердің бір-біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол (хаттама) деп аталатын арнайы стандарттар жасалған.

Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер жергілікті ( LAN - Local Area Network ) және ауқымды ( WAN - Wide Area Network ) деп екіге бөлінеді.

Жергілікті желі - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі. Олардың бірі көбінесе орталық сервер (басты компьютер) рөлін атқарады. Жергілікті компьютерлік желіге қосылған әртүрлі ЭЕМ-дердің дискілеріндегі бумалар мен файлдарда орналасқан мәліметті пайдалану өз компьютеріңде орналасқан мәліметті пайдалануға өте ұқсас болып келеді. Желі ресурстарын ортақ пайдалану үшін керекті мәлімет орналасқан, осы желіге қосылған басқа бір компьютердің мәліметтер бумасын ашу қажет.

Ауқымды (ғаламдық) желілер бүкіл дүние жүзіндегі компьютерлерді немесе олардың тораптарын байланыстыруға арналған желілер түрі, олар көбінесе ғарыштық (спутниктік) байланыс арналарын пайдаланады.

Компьютерлік желілердің барлық түрлерінің атқаратын қызметі екі функциядан тұрады, олар:

- аппараттық және программалық желі ресурстарының бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- мәліметтік ресурстарға бірігіп ортақтаса қатынас құруды қамтамасыз ету.

Егер желіде барлық компьютерлер ортақ пайдалануға арналған арнайы бөлінген компьютер - сервер болмаса және барлық компьютерлер бірі-бірімен “тең құқықты” мүмкіндікпен мәлімет алмасатын болса, ондай желілер біррангылы (әдетте олар шағын желілер) деп аталады.

Бір мәселені шешу мақсатында жергілікті желі арқылы байланысып жұмыс істеп жатқан қызметкерлер тобын жұмысшы топтар деп атайды.

Желіге қосылған компьютерлердің құқықтарын бөлу және шектеу тәсілдері жиынын желі саясаты деп атау қалыптасқан. Желі саясатын реттеп отыру істерін желіні басқару деп атайды. Ал жергілікті желідегі компьютерлер жұмысын басқаруды ұйымдастырушы тұлға желі басқарушысы (әкімі) болып табылады.

Әртүрлі хаттамалар бойынша жұмыс атқаратын бірнеше жергілікті желілерді бір-бірімен байланыстыру үшін арнайы құралдар - шлюздар (тоғандар) қолданылады.

Мекеменің жергілікті желісін ауқымды (ғаламдық) желіге қосар кезде желі қауіпсіздігі деген ұғым туындайды. Жергілікті желі мен ауқымды желі арасында мәліметтер алмасуы кезіндегі олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету брандмауэрлар арқылы жүзеге асырылады. Желілер арасында мәлімет тасымалдауда оларды қорғау, пайдалануды шектеу істерінде брандмауэр рөлін арнайы компьютер немесе программа атқаруы мүмкін.

2. Желідегі қызмет түрлері. Негізгі түсініктер

Виртуальды байланыс туралы түсінік. Кәдімгі пошта арқылы екі адамның қарапайым мәлімет алмасуын қарастырайық. Егер олар бір-біріне тұрақты түрде хат жіберіп, хат алып тұратын болса, олардың арасында тұтынушы ( қолданбалы ) деңгейінде байланыс болғаны. Бірақ олар бір-біріне хаттарын өздері алып бармайды, пошта жәшігіне сала салады, яғни тікелей байланыста емес. Олардың басқалар көмегімен мәлімет алмасу түрін виртуальды (нақты болмағанымен елестетуге болатын) байланыс деуге болады. Өйткені біздің хатымыздың басқа жердегі танысымызға жетуі үшін өзіміз бармай-ақ, қаламыздағы пошта қызметінің басқа қаладағы поштамен байланысы болса болғаны. Біздің байланысымыз пошта қатынасы арқылы жүзеге асып, бізге өзіміз тікелей байланыста сияқты болып көрінетін, елестетуге болатын виртуальды байланыс түрін осылай деп қарастыруға болады.

Мемлекеттік пошта қызметі де өз жұмысында осындай төменгі деңгейдегі байланыс арқылы жүзеге асырылады, мысалы, хат алмасу теміржолдың пошта-багаж қызметін ұйымдастыру жолымен атқарылады. Тек осы қызмет бабының жұмысына қарап, біз екі қаланы физикалық түрде байланыстырып тұрған темір жол екенін байқаймыз.

Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі. ISO/OSI моделінде компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгей арқылы орындалатыны айтылған болатын. Енді әртүрлі құрылықтарда орналасқан компьютерлер арасында қалай мәлімет тасымалданатынын қарастырайық.

  1. Тұтынушы алғашқықолданбалы деңгейдеөз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.
  2. Ұсынылу деңгейіндетұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.
  3. Келесісеанстық деңгейдетұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.
  4. Тасымалдау (транспорт) құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.
  5. Желілік деңгейдемәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, ол адреспен толықтырылады.
  6. Байланысу деңгейіндежелілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.
  7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғыфизикалық деңгейдеорындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.

Байланыс моделінің деңгейлері

Деңгей
Салстырмалы аналогиясы
Деңгей: 1
Салстырмалы аналогиясы: 2
Деңгей: Қолданбалы деңгей
Салстырмалы аналогиясы: Хат қағазда жазылып дайындалды. Оның мазмұны анықталды
Деңгей: Ұсынылу деңгейі
Салстырмалы аналогиясы: Хат конвертке салынды. Конверт сырты толтырылды. Марка жапсырылды. Мәлімет жөнелтуші клиент жеткізу хаттамасының барлық талаптарын орындады.
Деңгей: Сеанстық деңгей
Салстырмалы аналогиясы: Хат пошта жәшігіне салынды. Оны жеткізетін қызмет түрі таңдап алынды (хатты бөтелкеге салып, өзен арқылы да жіберуге болар еді, бірақ басқа қызмет түрі таңдап алынды)
Деңгей: Тасымалдау деңгейі
Салстырмалы аналогиясы: Хат поштамтқа жетті. Ол жергілікті жерге баратын хаттардан бөлініп алынды
Деңгей: Желілік деңгей
Салстырмалы аналогиясы: Сұрыпталған соң, хат қапшыққа салынды. Енді қапшық тасымалданады
Деңгей: Байланысу деңгейі
Салстырмалы аналогиясы: Хаттар салынған қапшықтар вагонға салынды. Енді вагон тасымалданады
Деңгей: Физикалық деңгей
Салстырмалы аналогиясы: Вагон тепловозға тіркелді. Енді поезд тасымалданады. Тасымалдау бұдан былай басқа хаттама арқылы жұмыс атқаратын мекемеге жүктелді

Виртуальды байланыс ерекшеліктері. Мәлімет жөнелткен сервер мен оны қабылдап алған клиент кмпьютері хаттамаларының әртүрлі деңгейлері бір-бірімен тікелей әрекеттеспей, олар тек физикалық деңгей арқылы байланысады. Мәліметтер бірте-бірте жоғары деңгейден төменгі деңгейге үздіксіз түрлене отырып, қосымша деректермен толықтырылады да, олар деңгейге сәйкес хаттамалар арқылы қадағаланып тексеріліп отырылады. Осындай тәсілмен екі компьютердің бір-бірімен виртуальды байланысы жүзеге асырылады. Байланыс виртуальды болғанмен, мәлімет осындай сатылар арқылы бір нүктеден екінші нүктеге түрлендіріле отырып жеткізіледі.

Желідегі қызмет түрлері. Қазіргі Интернетті пайдалану қызметтерінің барлығы да осы виртуальды байланысқа негізделген. Мәліметтерді тасымалдау қызметі желілік деңгейдің виртуальды байланысына негізделіп, соның хаттамаларына сәйкес құрылады.

3. Интернет

Интернет - біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген ұғымды білдіреді. Соңғы кездері оны Дүниежүзілік компьютерлік желі деп атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда Интернет бір-бірімен байланыс арналарымен біріктірілген бірнеше миллион компьютерлердің жиыны деп қарастыруға болады. Бірақ мұнан гөрі Интернетті белгілі бір информациялық кеңістік деп айтқан дұрысырақ болады.

Интернеттің теориялық негіздері

Компьютер арқылы мәлімет тасымалдау тәжірибелері 1950 жылдары басталып, ол әуелгі кезде лабораториялық эксперимент түрінде қарастырылған еді. Содан оншақты жылдар өткен соң, АҚШ қорғаныс министрлігінің Перспективалық Жұмыстар Агенттігі (DARPA - Defense Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANET деп аталды. ARPANET желісі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының (түйіндерінің) қосылуына қарай кеңітіліп, 80 жылдарда ірілендірілген тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланылып келе жатқан TCP/IP байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау алған күні болып табылады.

TCP хаттамасы . TCP(transfer control protocol) хаттамасына сәйкес жөнелтілетін мәліметтер шағын пакеттерге (дестелерге) бөлінеді де, олардың әрқайсысы белгілі бір тәртіппен таңбаланады. Бұлай таңбалау тәсілі мәліметтерді керекті компьютерге жеткізгеннен кейін қайтадан біріктіруге мүмкіндік береді.

IP хаттамасы . IP (Internet Protocol) адрестік хаттама болып табылады. Оған сәйкес Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компьютердің өзіндік ерекше адресі ( IP-адрес ) болуы тиіс. Осы адреске қарай TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет “жақын” немесе “алыс” орналасқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің “жақын” немесе “алыс” екендігін арнайы құралдар - маршрутизаторлар анықтайды.

Интернеттегі қызмет түрлері

Интернетте қызмет түрлері (баптары) өте көп, олардың әрқайсысының өз хаттамасы болады. Олар қолданбалы хаттамалар деп аталады. Қолданбалы хаттамаларға сәйкес мәлімет алмасу арнайы клиенттік программалар (немесе жай клиент ) арқылы орындалады.

Терминальдық режим. Интернетті алдыңғы кезде алыстағы компьютерді басқару үшін қолданған болатын, мұны Telnet қызмет бабы деп атаған еді. Алыстағы компьютерге осы жұмысқа сәйкес хаттама арқылы қосылып, оның жұмысын басқаруға болады. Мұндай басқару түрін консольды немесе терминальды басқару деп те атайды. Көбінесе Telnet қызмет бабы техникалық объектілерді алыстан басқару мақсатында қолданылады.

Электрондық пошта (E-Mail) . Бұл жұмыспен Интернетте арнайы пошта серверлері айналысады . Сервер рөлін компьютер немесе арнайы программалық жабдықтама атқарады. Пошта серверлері әр тұтынушыдан (клиенттерден) мәлімет алып, оларды адрестеріне сәйкес алушыларға жақын орналасқан пошта серверлеріне жөнелтеді. Сондай серверлерде хаттар жиналып тұрады да, адресат пен сервер байланысқан кезде хаттар оны алушыға жіберіледі.

Пошта қызметі SMTP және POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәліметті компьютерден жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал екіншісі - алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Тарату тізімдері (Mail List) . Әдетте электрондық пошта екі компьютер арасында мәлімет тасымалдайды. Ал көптеген мәліметтер бір адамға емес, көпшілікке арналады, олар алдын ала жазылған тізім бойынша таратылады. Мұндай тізімдер серверлерде жиналып тұрады, сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді таратылады.

Телеконференция қызметі (Usenet) . Телеконференция қызметі келіп түскен мәліметті осы тақырыптағы конференцияға қатысушылардың бәріне, яғни белгілі бір топқа жөнелтеді. Мұндай топтар жаңалықтар тобы деп те аталады.

Көптеген мамандар өз мамандықтарына қатысты тақырыптар аймағында өтіп жатқан телеконференциялар мәліметтерін тұрақты түрде қарап отырады. Мәліметтерді осындай тәсілмен шолып өту информация мониторингі деп те аталады. .

Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді алдын ала қарап шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес келмейтіндері (көбінесе жарнамалар) алып тасталынады. Мұндай конференциялар модельденетін топтарға жатады. Модельдеуді жүргізуші модератор рөлін адам немесе алдын ала белгіленген өзекті сөздерге байланысты мәліметті сұрыптаудан өткізетін программа да атқара алады. Егер программа қолданылса, онда автоматты модерация жүргізілді деп айтылады.

World Wide Web - бұл Web-серверлерде сақталатын, өзара байланыстағы миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас информациялық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттардың бір беті Web-парақ деп аталады. Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген Web-парақтар жиыны Web-тораптарды немесе Web-сайттарды құрайды.

Web-парақтарды көруге арналған программалар броузерлар болып аталады. Кейде броузер сөзін браузер , көрсеткі деп те айта береді. Броузер құжатты оны жасаған автордың мәтін ішіне енгізілген арнайы командаларына сәйкес экранда бейнелеп көрсетеді. Сондай командалар тәгтер деп аталады. Тәгтер құжатты броузер арқылы қарағанда, мәтінді безендіріп форматтап береді, бірақ өздері көрінбейді. Құжат авторы тәгтерді алғаш жазған кезде оларды латын әріптерімен теріп бұрыштық жақшаларға (<body>) алып отырады. Күрделі тәгтердің бұрыштық жақшаларға алынған түйінді сөздерге қосымша атрибуттары (анықтауыш, сипаттама) немесе параметрлері болады. Осындай тәртіппен құжаттың алғашқы нұсқасы тәгтермен біріктіріліп HTML тілінің ережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат экранға шыққанда тәгтерсіз тек мәтін ғана көрініп тұрады. Құжат HTML (HyperText Markup Language) - гипермәтінді белгілеу тілінде жазылатындықтан, Web - құжат HTML-құжат немесе HTML форматындағы құжат деп айтылады.

Сонымен HTML тәгтері арқылы жазылатын Web - парақтардың ең маңызды ерекшелігі - олардың гипермәтіндік сілтемелері болуында. Мәтіннің бір сөзімен немесе суретімен басқа Web -құжатты гиперсілтеме арқылы байланыстырып қоюға болады. Осылай бір құжаттан екінші құжатқа гиперсілтеме көмегімен ауысып отыру мүмкіндігін Web-серфинг Web-навигация деп атайды.

Дүниежүзілік Web кеңістігіндегі кез келген файл адресі ресурстың ықшамдалған көрсеткіші - URL арқылы анықталады. Сонымен, Интернеттегі әрбір мәліметтің IP-адресі және URL көрсеткіші арқылы берілген домендік адресі болады. Соңғы адрес белгілі бір мағынасы бар сөз тіркесімен - символдармен беріледі.

Домен аттары қызметі (DNS) . Адамдарға санмен берілген IP-адрестермен жұмыс істеген ыңғайсыздау болады, бірақ көбінесе белгілі бір мағынасы бар домендік ат жеңіл есте қалады. Сондықтан домендік аттарды соларға сәйкес IP-адрестерге түрлендіру керек болады. Міне, осы жұмыспен домен аттары қызметінің сервері DNS (Domen Name System) айналысады.

Файлдарды тасымалдау қызметі (FTР) . Файлдарды тасымалдау жұмысы желі арқылы программалық файлдарды алу кезінде, көлемді құжаттарды немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде өз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан.

IRC қызметі. IRC ( Internet Relay Chat ) қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісі тікелей әңгімелесіп қарым-қатынас жасауы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесінде қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және бұл жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады.

ICQ қызметі. Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмір UIN алу қажет.

Интернетке әрбір қосылған сайын сіздің компьютеріңізде тұрған ICQ программасы сіздің ағымдағы IP-адресіңізді анықтап, оны қызмет орталығына жібереді де және ол адресті сіздің әріптестеріңізге жібереді. Байланыс орнатылғаннан кейін ары қарай қатынасу IRC қызметі сияқты жалғаса береді.

Интернетке қосылу. Негізгі түсініктер

Интернетте жұмыс істеу үшін:

  • компьютерді Дүнижүзілік желінің бір торабына физикалық түрде қосу керек;
  • тұрақты немесе уақытша негіздеIP-адрес алу керек;
  • өзіңіз жұмыс істейтін Интернет қызмет түрлерінің клиенттік программаларын орнатып, олардың параметрлерін де тағайындап қою қажет.

Модемді орнату

Компьютерге қосылу тәсіліне байланысты сыртқы және ішкі модемдер болады. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың сыртқы қабырғасындағы тізбекті портқа жалғанады. Ішкі модемдер компьютердегі аналық тақшаның бір тарақшасына қосылып тұрады.

Провайдер компьютеріне қосылу

Кез келген адамға Интернетте қызмет көрсету істерін жүзеге асыратын, яғни онымен тікелей қатынас құру жұмыстарын атқаратын заңды тұлғаны (мекеме немесе жеке тұлға) провайдер - provider деп атайды. Интернетте жұмыс істеу үшін алдымен провайдер компьютеріне қосылу керек. Ол үшін Желімен алыстан қатынасу (Удаленный доступ к сети) программасының параметрлерін алдын ала Менің компьютерім - Желімен алыстан қатынасу - Жаңадан байланысу (Мой компьютер>Удаленный доступ к сети>Новое соединение) командалары арқылы тағайындап алу қажет.

4. Интернеттен информация алу

World Wide Web жүйесінің негізгі түсініктері

Интернет серверлеріндегі қол жеткізуге болатын құжаттардың көпшілігі гипермәтіндік форматта жазылған. Осындай құжаттарды желі бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын Интернеттегі қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) деп атайды. WWW құжаттары бір орталықтан басқарылмайды, олар келіп түсіп жатқан мәліметтермен күнбе-күн толықтырылып отырылады. Мұндағы барлық құжаттар Интернетке тұрақты қосылып тұрған қуатты компьютерлерде - Web-серверлерде сақталады.

Web-арналар. Web-тораптар берілген уақытта жаңартылған информацияны тіркелген клиенттерге автоматты түрде жеткізіп отырады. Осындай өздігінен информация беріп тұратын Web-тораптар арналар деп аталады.

Web-парақтар . World Wide Web жүйесіндегі жеке бір бетке орналасқан құжат Web-парақ деп аталады. Әдетте ол мәтіннен, графикалық иллюстрациядан, мультимедиялық және де басқа объектілерден тұратын күрделі құжат. Web-парақтар жасау үшін HTML тілі пайдаланылады. Web-парақтар жиыны Web-торапты құрайды.

Интерактивті Web-тораптар тұтынушыдан форма түрінде информация алғаннан кейін сұратылған Web-парақтарды арнайы программалар ( CGT сценарийлері), динамикалық HTML және де басқа құралдар көмегімен желі бойынша жібереді.

Гиперсілтемелер. Құжаттар арасындағы байланыс гипермәтіндік сілтемелер (немесе жай гиперсілтеме) арқылы орнатылады. Гиперсілтеме - басқа бір Web-құжат адресімен байланысып, ерекшеленіп белгіленіп тұрған құжат фрагменті (мәтін немесе иллюстрация) .

Құжаттар адресі . Интернет (Web-парақтар) құжаттары адресін жазу үшін URL адресі деген форма пайдаланылады. URL адресін цифрлар түріндегі IP-адреске түрлендіруді домендер аты қызметі ( Domain Name Service, DNS ) жүргізеді.

Web-парақтарды көру құралдары. HTML тілі құжаттарды тек форматтап қана қоймайды, олардың логикалық құрылымын сипаттауды да жүзеге асырады. Алдын ала дайындалған құжатты нақты бір компьютерде форматтап көрсетуді арнайы программа - броузер (ағылшыншасы browser ) орындайды. Қазіргі кездегі ең кең таралған броузерге Internet Explorer программасы жатады.

5. Internet Explorer 5. 0 программасымен жұмыс істеу

Бұл программа Интернеттегі пайдалануға болатын құжаттармен, Intranet корпорациялық желі ресурстарымен және компьютердегі жеке файлдармен де бірдей тәсілмен қатынас құруды қамтамасыз етеді. Егер компьютер Интернетке жалғанбай тұрса, программа іске қосылысымен экранға байланыс орнатуды басқаратын диалог терезесі шығады.

1 сурет. Internet Explorer программасының меню жолы мен аспаптар тақтасы

Web-парақтарды ашу және көру . Мәліметтерді көру мен оны басқару ісі басқа программалардағыдай меню жолы, аспаптар тақтасы (1 сурет) және де ашылған құжаттағы екпінді элементтер, мысалы, гиперсілтемелердің көмегімен атқарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Біріккен желілер
Локальды желі
Желінің шиналық топологиясы
Ақпараттық технологияның ұғымы
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы
Желілердің мәні мен түрлері
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (Глоссарий)
Желі топологиясының түрлері
Желілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz