Ғылым тілі



Ғылыми стильдің қолданылу өрісі өте ауқымды. Бұл әдеби тілге жан-жақты және мықтап әсер ететін стиль түрлерінің бірінен саналады. Қағаида күн санап қуалап өсіп жатқан ғылыми-техникалық прогресс тіл-тілдің сөздік құрамына жаңа сөздер мен жаңа тіркестерді енгізеді. Ипотека, инвестор, тендер, фермер, транш, аукцион, электрондық пошта, факс, мемлекеттік пакет, акция т.б. толып жатқан жаңа терминдер бұқаралық ақпарат құралдарынан күнделікті тілдік қолданыстарға дейін жетті.
Лексикографтардың бақылауы бойынша бұрын түсіндірмелі сөздіктердің материалдары көбінесе көркем әдебиеттен, біразы публицистикадан алынса, кейінгі кезде әлем тілдерінің тілдің сапалық және сандық жақтан дамуын ғылым тілі мен оның қоғамдық өмірдегі қызметіне байланыссыз айту мүмкін емес. Тіпті 6 жүз мыңдық ағалшын тілінің Вебстер сөздігінің өзінде 5 жүз мыңы арнаулы лексиканы құрайды.
Ғылыми-техникалық стильдің түрлі салада және оның жылдам дамуы осы стильдің өзінде көптеген жаңа түрін әкелді. Мысалы, монография, оқулық, оқу құралы, мақала, реферат, каталог, диссертация, анықтамалық, құжат т.б. Аталған жанрларға өзіндік стильдік ерекшеліктер тән, алайда оларды біртұтас ғылыми-техникалық стиль белгілері бойынша топтастырады.
Зерттеуге қатысты дәл әдістер мен оның ұжымдық сипаты, ғылыми ойлау ерекшеліктері, ғылыми емес зерттеу әдістерінен өз нысанын қорғау - міне, осының бәрі ғылым тілінің қалыптасуына ықпал етеді. Ондағы ой қорытындысы, дәлдік пен қисындылық, және ақиқаттық себепші болады.
Ғылым ұғымдар туралы түсінік береді, абстрактылы ойларды көрсетеді, сондықтан да ғылым тілі кейбір қарапайым дәлдіктерден алыс жатады. Бұл ретте ғылым тілін көркем әдебиет тіліне мүлде қарама қарсы қойып салыстыруға болады.
Ғылыми танымның интеллектуалдық сипаты ғылыми мазмұнның тұжырымы мен белгілі бір тәртіппен баяндалуы ғылым тілінің ең алдымен қатаң қисындылығын тудырады. Бұл арада ғылыми стиль басқа да кітабы стильдер сияқты сөйлеу стиліне мүлде қарама-қарсы.
1. Шерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. Москва, 1957. с.97-98.
2. Шанский Н.М. Лингвистический анализ художественного текста
3. Смагұлова Г. Мәтін лингвистикасы. Алматы, 2002 ж.
4. Р.Сыздық, Б.Шалабай, А.Әділова «Көркем мәтінді лингвисткалық талдау», Алматы, 202 ж.
5. Ленинград. 1984 с.18
6. Құрманова Н. «Текст теориясы мен тексті талдау әдістемесі». Алматы 2000 ж. 40-50 б.
7. Р.Сыздықова «Қазақ әдеби тарихы». Алматы, «Ана тілі», 1993 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМ ТІЛІ

Ғылыми стильдің қолданылу өрісі өте ауқымды. Бұл әдеби тілге жан-жақты
және мықтап әсер ететін стиль түрлерінің бірінен саналады. Қағаида күн
санап қуалап өсіп жатқан ғылыми-техникалық прогресс тіл-тілдің сөздік
құрамына жаңа сөздер мен жаңа тіркестерді енгізеді. Ипотека, инвестор,
тендер, фермер, транш, аукцион, электрондық пошта, факс, мемлекеттік пакет,
акция т.б. толып жатқан жаңа терминдер бұқаралық ақпарат құралдарынан
күнделікті тілдік қолданыстарға дейін жетті.
Лексикографтардың бақылауы бойынша бұрын түсіндірмелі сөздіктердің
материалдары көбінесе көркем әдебиеттен, біразы публицистикадан алынса,
кейінгі кезде әлем тілдерінің тілдің сапалық және сандық жақтан дамуын
ғылым тілі мен оның қоғамдық өмірдегі қызметіне байланыссыз айту мүмкін
емес. Тіпті 6 жүз мыңдық ағалшын тілінің Вебстер сөздігінің өзінде 5 жүз
мыңы арнаулы лексиканы құрайды.
Ғылыми-техникалық стильдің түрлі салада және оның жылдам дамуы осы
стильдің өзінде көптеген жаңа түрін әкелді. Мысалы, монография, оқулық, оқу
құралы, мақала, реферат, каталог, диссертация, анықтамалық, құжат т.б.
Аталған жанрларға өзіндік стильдік ерекшеліктер тән, алайда оларды біртұтас
ғылыми-техникалық стиль белгілері бойынша топтастырады.
Зерттеуге қатысты дәл әдістер мен оның ұжымдық сипаты, ғылыми ойлау
ерекшеліктері, ғылыми емес зерттеу әдістерінен өз нысанын қорғау - міне,
осының бәрі ғылым тілінің қалыптасуына ықпал етеді. Ондағы ой қорытындысы,
дәлдік пен қисындылық, және ақиқаттық себепші болады.
Ғылым ұғымдар туралы түсінік береді, абстрактылы ойларды көрсетеді,
сондықтан да ғылым тілі кейбір қарапайым дәлдіктерден алыс жатады. Бұл
ретте ғылым тілін көркем әдебиет тіліне мүлде қарама қарсы қойып
салыстыруға болады.
Ғылыми танымның интеллектуалдық сипаты ғылыми мазмұнның тұжырымы мен
белгілі бір тәртіппен баяндалуы ғылым тілінің ең алдымен қатаң қисындылығын
тудырады. Бұл арада ғылыми стиль басқа да кітабы стильдер сияқты сөйлеу
стиліне мүлде қарама-қарсы.
Ғылыми зерттеулердің басты қасиеті оның ұжымдық сипатында. Өйткені
ғылыми ізденіс өзіне дейінгі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, өз мақсаты
мен міндеттерін айқындайды. Мұнда да ғылым тілі болмасыз ақиқаттықты
көрсетеді. Ғылымды зерттеп отырған ізденуші автор басқа стильдерге
қарағанда, мәселен, көркем әдебиет, публицистика, сөйлеу стильдеріндегідей
емес өзінің "менің" алдыңғы орынға шығармайды. Ізденуші немесе автор үшін
ең бастысы - өзінің ғылыми нысаны туралы, жасаған тәжірибесі мен ой
қорытындысын ортаға салу, баяндау тәрізді ғылыми хабарлама жасау. Ғылым
тілінде автор өз ізденісіне қатысты кездескен түрлі қиындықтар мен сезімдік
жайттарды тіпті жақша ішінде де көрсете алмайды. Қазіргі зерттеу
жұмыстарында өткен ғасырлардағыдай "осы ғылыми нәтижеге қинала жеттім"
немесе "пәлен уақытым оқумен кетті" деу мүмкін емес жағдай.
Ғылым тіліндегі дәлдік ұғымды жеткізу үшін көл мағыналы емес бір
мағыналы, сондай-ақ ғылыми ұғымның түсінігін ерекше сипаттай алатын тілдік
құралдарды аса білгірлікпен сұрыптауды қажет етеді. Бұл аталған талаптар
ғылыми стидьдің тілдік бейнесін анықтайды.
Ғылым тілі лексикасын:
• жалпы қолданыстағы сөздер;
• жалпы ғылыми сөздер;
• терминдік қабаттар құрайды.
Жалпы қолданыстағы сөздерге ғылыми мәтіндерде жиі кездесетін жалпы
сөздер жатады.
Мысалы:
Мұнайды "жер майы ", "асыл май ", "тау майы " деп бағаласа жылу,
отындық қасиетін де байқап, "қимай" деп те атаған.
Адамның белгілі бір мәселе жөнінде сұрақ қоя алуы — ойланудың алғашқы
баспалдағы болып саналады.
Сөйлемдерде арнаулы лексика жоқ, қазақ тіліндегі жаллы қолданыстағы
сөздер. Кез келген ғылыми мәтіндер негізін осындай жалпы ұғымды білдіретін
сөздер тізбегі құрайды.
Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің
қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғаннан қарай өзгеріп,
түрленіп отырады. Мысалы:
• Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады.
• Коммерциялық ұйым - өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда
келтіруді көздейді.
• Аң аулау үстем тап өкілдеріне көңіл көтеретін, ойын-сауық, тамаша
болса, кедейлер үшін өмір сүрудің бір көзі болған.
• Медицинаның атасы Гиппократ: табиғат - организмге дәрі, ал дері-
дәрмек табиғатқа жәрдемші, табиғат аурудан емдейді, дәрігер оны жолға
қояды, - деп үйреткен.
• Келтірілген мысалдардан философия, экономика, тарих, медицина
ғылым салаларының мәселелері екені оқушы мәтіндегі сөздердің мазмұндық
қолданысына қарап түсінеді. Сөз ғылым тіліне әдетте дерексіз ұғымдарды
топтастырып, жалпы ғылыми ұғымдарды баяндайды.
Мысалы:
Химия тек біртектес денелермен шұғылданады.
Дыбыстық өзгеріс пен дыбыстықтың сәйкестікті бөлек қарау керек.
Мұндй сөйлемдердегі әрбір сөз жалпы ұғымды ғана білдіруімен ерекшеленіп
тұр.
Жалпы ғылыми лексика — ғылым тілін құрайтын екінші қабат. Егер ғылым
тілінің бүкіл лексиконын бір бірімен қабатталған шеңберлер деп қарастырсақ,
сыртында жалпы қолданыстағы лексика, одан кейінгісін жалпы ғылыми лексика
құрайды. Бұл ғылым тілінің тікелей бөлігі немесе ғылыми нысан мен онын
құбылыстарын сипаттайтын ғылымның мегатілі деуге болады.
Жалпы ғылыми лексиканың көмегі арқылы ғылым мен техниканың әр түрлі
саласындағы ғылыми процесстер мен құбылыстары сөз етіледі. Бұл сөздердің
әрқайсысына тән ұғымдар бар. Бірақ олар терминге жатпайды. Мысалы:
құбылыс, операция, сақтандыру, несие, қаржы, кеден, жинақ, нарық, күн,
мәселе т.б.
Мысалы, мәселе сөзі қазақ тілінде өз шешімін керек ететін іс, міндет
деп түсіндіріледі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
Келелі мәселе - алда тұған күрделі міндет;
Көкейтесті мәселе - істі, міндетті қалайда орындау;
Мәселе қойды - істі көпшілік тапқысына салу;
Өзекті мәселе — ең негізігі, келелі іс деп талданған (7т.166 б).
Алайда мәселе сөзінің ғылым тіліндегі қолданыс өрісі өте кең және
ауқымды: ортақ мәселе, жалпы мәселе, ғылыми мәселе, зерттеу мәселесі т.б.
тіркестер жалғасып кете береді.
Терминология - ғылыми стиль лексикасының тағы бір қабаты. Бұл ғылыми
стильдің ядросы және соңғы шеңбері іспеттес, Ғылыми тілдің ерекшеліктері
терминдер арқылы танылады. Арнайы ғылым саласы құрылымындағы
терминологиялық жүйе мен атаулардан салалық терминдер жасалады. Терминге
жатпайтын сөздердің мағынасын ашу ғылыми дефиницияны керек етпейді. Термин
тек ғылыми ұғымды білдіретіндіктен, сол өзі қатысты ғылым саласының
түсінігін ғана қамтиды. Терминдердің жасалуында өзіндік белгілер бар;
сыртқы пішін ұқсастығы, қызмет бірдейлігі, мағыналық жақындығы.
Мысалы: Насос — сорап: мұнайды айдайтын құрал. Сораппен тартылып
алынған мұнай құбыр арқылы тасымалданады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: Сорап - 1. Одағай. Түйені
суарғанда "сорап-сорап" одағайы қолданылады. 2. Ауыс. Ыстық нәрсені
сорпылдатып ішкенде шығатын дыбыс, (8 т.521 б.).
Демек, сорап терминінің этимологиясы сору етістігі. Сорап терминіне
мағыналық жағынан да, қызмет бірдейлігінен де негізгі "сору" етістігі арқау
болған.
Термин жасамдағы өнімді тәсілдердің бірі мофологиялық немесе
синтетикалық әдіс. Әртүрлі сөз таптарына жалғанып, термин жасауда өнімді
қолданылатын жұрнақтарға:
- лық; -яік; -дік; -дық; -тік; -тық;
- шы; -ші;
- ым; -ім;
- ғыш; -гіш; -қыш; -гіш;
- ыс; -іс; -с;
- ма; -ме; ба; -бе; -па; -пе;
- уық; -уіш;
Ғылым тілінің ерекшеліктерінің бірі - синтаксистік құрылымы. Кейде
аралас құрмалас сөйлемдер ой қорытындысы мен алынған ғылыми нәтижелерді
баяндауда аса өнімді пайдаланылады. Мысалы:
• Концептуалдық метафораның алуан түрлі ғылым тіліндегі қолданысын
зерттеу - тілге байланысты адам санасының қоғамдық құбылыс ретінде
қалыптасқандығын, сана әрдайым белгілі бір тілдік негізде өмір сүріп,
дамитындығын тағы бір қырынан дәлелдей түседі.
Алайда аударма мәтіндерінде сөйлем құрылысы түгіл мазмұнын әзер
аңғаруға болатын жәйттер кездеседі.
Мысалы;
Лимиттелмеген чек кітапшалары - есеп айырысу чектері бланкілерінің
жиынтығы, банк бірнеше жеткізушілермен, транспорт ұйымдарымен, белгілі бір
есеп айырысу үшін банк төлем кредитін, арнаулы несие шотесептерінен кредит
беру арқылы чектерді төлеуге кепілдік берген жағдайда тауарлардың белгілі
бір түрі үшін жолда келе жатқан құжаттарды кепілге ала отырып береді.
Орыс тіліндегі мәтін нұсқасы бойынша:
Нелимитированные чековые книжки - комплект бланков расчетных чеков,
выдаваемый банком для счета с несколькими поставщиками, транспортными
организациями, с определенным поставщиком или за определенный вид товара 8
случае, когда оплата чеков гарантируется банком посредством представления
платежных кредитов, кредитов со спец-ссудных счетов, под расчетные
документы в пути. (Аяпова Ж.М., Арынова Е.М, "Іскер адамның орысша-қазақша
экономикалық түсіндірме сөздігі. А.,1993. 179 б).
Үлгі үшін алынған мәтін аудармасында біраз олқылықтар бар. Бұл
олқылықтарды, яғни синтаксистік қателер филологиялық талдаулар арқылы
жөнделіп, түзетілмесе ғылыми тілі мүлде бұрмаланған, түсініксіз қалыпта әр
басылым сайын қала береді.
Сондай-ақ, ғылыми баяндауларда авторлық "мен" қолданылмауға тиіс, оның
орнына "біз" есімдігі алмастырылғаны ғылыми этикаға жатады.
Өзіндік салалық сипаты мен мағыналық түрлілігімен ерекшеленетін ғылыми
стиль лексикасы - қазіргі қазақ әдеби тілін байытудың бір қайнар көзі деуге
болады. Арнаулы лексика мен салалық терминдер арқылы сөздік құрам толыға
түседі.
Мәселен, байырғы сөздерден жасалған терминдер және кірме сөздерден,
калька арқылы жасалған терминдер осының айғағы. Мысалы: өтемақы, айыппұл,
зейнетақы, дәнекерлеу, көтергіш, автотұрақ т.б.
Ғылым тілінде метафораның жаңа номинация, термин жасаудағы рөлі ерекше.
Бұл міндет концептуалдық метафораның үлесіне тиеді. Әдетте метафора ойлау,
таным процесінің нәтижесінен пайда болады. Бұрыннан тілдік қолданыста бар
сөздің мағынасы, заттың белгісі, қасиеттері қайта ойлаудан өтіп, жаңа ұғым
атауына негіз болуы метафораның жаңа мағына жасауымен түсіндіріледі. Сөйтіп
ғылым тілінде метафора өзінің көркемдік бейнелілігінен толық немесе
жартылай ажырап, жаңа ұғымдардың атауына негіз болады. Жаңа ұғымды жасап
тілдік белгімен танытқаны үшін метафораның бұл түрін концептуалдьгқ
метафора деп атайды. Сөйтіп, концептуалдық метафораның көмегімен тілде өлі
атауы жоқ деректі және дерексіз ұғымдарға бұрыннан тілдін сөздік қорында
бар сөздер арқылы атау беріледі. Сонымен метафора да ғалым тілінде
терминдерді қалыптастыруға қатысатын тілдік құбылыс. Мысалы:
Математикалық өрнек, электрон бұлты, философияның түп-тамыры, таным
процесінің баспалдақтары, ұғымның бет пердесі, ми қатпары, электромагниттік
толқын, меселенің тетігі, жеңіс тізгіні, ой-түсінік қоймасы, діни сағым,
тарихтың терең түпкірі, рухты сауықтыру, өркениеттің бесігі, ой ордасы, сөз
қабығы, ғылым жетістіктерімен қарулану, интеллект жолы, оймен біте қайнау,
дыбыс толқындары, танымның сатысы, -сұрыпталу елегі, мемлекеттің кұрығы
т.б.

РЕСМИ ТІЛ

Ресми тіл — ресми іс қағаздар тілі. Қазақ іс қағаздар тарихы
зерттеушілердің сілтеуі бойынша XVIII ғасырдың үлесіне тиеді. (қараңыз;
Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А., 2000). Бұл ғасырдан
қазақ хандары мен сұлтандарының орыс патшасы мен оның әкімшілік орындарына
жазған хаттар мәтіндері сақталған. XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тілі
қолданған лексика-грамматикалық ерекшеліктер сол дәуірдің ресми тілінің
қалыптасуы мен даму дәрежесін көрсетеді.
Қазіргі ресми стиль кітаби стильдің қатарынан орын алады және жазба тіл
түрінде көрінеді. Ал ресми тілдің ауызш түріне түрлі мәжілістерде,
салтанатты жиындарда, ресми қабылдауларда сөйленген сөздер мен қоғамдық
және мемлекеттік қызметкерлердің ресми баяндамалары жатады.
Ресми тіл тек ресми жағдайларда ғана және қарым-қатынас үлгісінің ең
маңызды жақтарына қызмет етеді. Мемлекет-аралық байланыстар мен еларалық
қарым-қатынас және мекемелер, ұйымдар, жеке тұлғалардың қоғамдық,
әлеуметтік сұраныстары мен тапсырыстарына мүдделілік танытып, іс-қағаздарын
ресми түрде жүргізеді.
Ресми тілдің тақырыптық, мағыналық ауқымының әр түрлілігіне қарамастан,
оның мазмұны өте маңызды болғандықтан, мысалы, бір мемлекеттің
меморандумынан бастап, кеңсеге келіп түсетін бұйрық мәтіндері ерекше
сауаттылықты қажет етеді. Мәтінде екіұшты ойдың болуы немесе жазудағы
стильдік қателік болмау керек.
Ресми тіл өзіне тән тілдік құралдардың қолданысымен ерекшеленеді.
1. жоғары тәртіппен (регламентпен) сөйлеуге белгілеген тілдік
қолданыстар;
2. мазмұнды баяндаудағы ресмилік;
3. сөздер тек өзінің тура мағынасында баяндалуы тиіс. Өте сирек,
әлдебір жағдайларда ғана троптың түрлері қолданылуы мүмкін.
4. ресми тілде сөйлеушінің жеке көзқарасы мен пікірінсіз тек дәлдік пен
нақтылық сақталады.
Ресми тіл екі үлкен бөлімнен тұрады: ресми-құжатты және күнделікті
іскер. Ресми-құжатты - дипломатия тілі (дипломатиялық актілер) және заңдар
тілі деп бөлінеді. Ал күнделікті іскер тіліне – қызметтік халық және іс
қағаздары жатады. Схема түрінде былай көрсетуге болады:

Дипломатия тілі - ресми стильдің ішіндегі өзгеше тіл Бұл тілдегі
терминдер жүйесі басқа да салалық терминдермен ұштасып жатса да, құрамы
жағынан ерекшеленетін тустары бар. Дипломатия тілі халықаралық терминдердің
жиі кездесуімен ерекшеленеді. Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдеріңде
дипломатия тілі алғашқыда латын тілі, содан кейін ХVIII-ХІХ ғасыр басында
француз тілі болды. Сол себепті дипломатия тілінде көбінесе француз тілінен
қалған терминдер көбірек орын алады.
Мысалы: атташе — дипломатия қызметкері немесе оның дәрежесі; коммюнике
— үкіметтің ішкі саясат бойынша ресми хабарламасы; дуайен - дипломатиялық
корпусты басқаратын, сенім грамотасын тапсыратын адам;
Қазақ дипломатиясында қазақ тілінде қалыптасқан терминдер баршылық.
Тіпті бұл ресми қызмет түрін қазақтар ежелден-ақ "Жауластырмақ - жаушыдан,
елдестірмек — елшіден" деп мақалдаған. Мысалы, бәтуа, келісім — консенсус,
басқыншылық - агрессия, мәлімдеме, мәлімдеу - декларация, сенім грамоталары
- доверительная грамота т.б. сияқты сөздер бүгінгі қазақ дипломатиясына
әбден сіңісті болып кеткен терминдер. Жалпы екі тілді дипломатиялық
сөздіктерде жеке термин сөздерден гөрі тіркесті терминдер көл жасалған. Бұл
да болса дипломатия тілінің өзіндік даму, қалыптасу үрдісі барын байқатады.
Әдетте тек дипломатиялық тілде ғана этикет сөздер кездеседі. Басқа
мемлекет өкілдеріне қарым-қатынас олардың титулдық дәреже түрлеріне қарап,
этикет сөздер қолданылатынынан белгілі. Мысалы: Дат королі, ағылшын
королевасы, принц, ханшайым, аса мәртебелі ... мырза, ханым және т.б.
Дипломатия тілінің синтаксисіне мағына жағынан кезең, дәуір, жағдай,
белгілі бір уақыт үзігін көрсететін ұзақ сөйлемдер тізбегі тән. Айтылатын
ой түйіні сөйлем ішінде көптеген сөздердің тіркесуі арқылы бірнеше жай
сөйлемдермен және аралас құрмалас сөйлемдердің берілуімен ерекшеленеді. Бұл
арада сөз тіркесі мен оған ұқсас синтагмалық тізбектерді ажырата білу
керек. Синтаксистік тізбек пен синтагмалық тізбектер өзара ұқсас келеді.
Әдетте мәтінді құрайтын сөздер мен сөз тіркесі және синтагмлық бөліктер.
Дипломатиялық мәтіндер де жекелеген тіркесті терминдер мен сөз тіркесі
және синтагмалық тізбектерден тұрады. Кейде синтагмаға тұтас фразалық
тіркестер, күрделі сөздер, үйірлі мүшелерді енгізеді. Негізінде синтагма
"сөйлеу әрекеті үстіндегі ритмикалық-интонамиялық бірлік" дегенге көңіл
қойған дұрыс. (Щерба Л.В. Понятие синтагм в синтаксисе русского языка.
—Вопросы синтаксиса современого рус.языка. М., 1950. 410). Синтагма ең аз
дегенде екі сөзден құралуы тиіс. Одан әрі семантикалық, синтаксистік,
интонациялық жағы қосылып сөйлеу бірлігін құрайды. Бір ұғымды беретін, бір
мағына тұтастығын көрсететін және үзіліссіз бір екпіннен айтылатын сөздер
тіркесі синтагмалық тізбек құрайды. Міне, дипломатия тілі алдымен осындай
синтагмалық бірліктер арқылы ерекшеленеді.
Мысалы, мына сөйлемде бірнеше синтагмалық достық шырайда өткен
келіссөздер негізінде өзара мүдделілікті білдіретін екі жақты
ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары аймақтық проблемалар жөнінде
пайдалы пікір алмасылды сияқты бірліктер бар.
Қазақ дипломатиясының тілі қалыптасу кезеңін бастан кешіруде.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дипломатиялық келісімдердің мәтіндері
орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне аударылып жүрді. Төменде қазақ тілінде
жазылған алғашқы мәтін түрлері талдауға беріледі.

Талдауға ұсынылатын мәтін түрлері
Қазақстан Республикасының үкіметі мен көші-қон жөніндегі халықаралық
ұйым арасындағы ынтымақтастық келісім туралы
• Тараптар - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бұдан әрі ұйым деп
аталатын. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым КҚХҰ, Қазақстан
Республикасы Ұйымның бақлаушысы стаусына ие екендігін назарға ала отырып,
әрі қарай бірігу және Қазақстан мен Ұйым арасындағы достық қарым-қатынастар
мен ынтымақтастықты дамыту тілегін білдіре отырып, Ұйымның мақсаты мен
қызметі, соңдай-ақ Ұйым мен оның қызметкерлері жүзеге асырып жатқан іс-
әрекет Ұйымға және оның қызметкерлеріне Қазақстанда іс жүзінде БҰҰ-ның
мамандандырылған мекемелеріне және оның қызметкерлеріне берілгендермен
бірдей артықшылықтар мен иммунитеттерді алуға кепілдік береді деп санай
отырып, төмендегілер жөнінде келісті:
5- бап
• Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұйым арасындағы осы Келісімді
түсіндіру немесе қолдануға байланысты келіссөздер жолымен шешілмеген кез
келген талас соңғы шешім шығару үшін үш төрешіден тұратын соттың қарауына
берілуі керек: оның біреуін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрі, екіншісін КҚХҰ бас директоры тағайындайды және үшіншісін - сот
төрағасын алдыңғы екі төреші тағайындайды.
Заңдар тілі - бұл негізінде тұрғылықты халықпен "сөйлесетін" сол елдің
мемлекеттік өкіметінің ресми тілі. Кезінде француз ойшылы Ш.Монтескье былай
депті: "Слово законов должны пробуждать у всех людей одни и те же идеи,
никогда ме следует в законе употреблять неопределенные понятия, стиль
законов должен отличатъся точностью и краткостью".
Заң тілі ең алдымен дәлдігімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҚАЙТСЕ ҒЫЛЫМ ТІЛІ БОЛАДЫ
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Кәсіби терминдерді қазақшалау
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
Пәндер