Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
1. Нарықтық экономикадағы индустриялық.инновациялық қызметтің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Индустриялды.инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы ... ... ... ...4
1.2 Индустриялды.инновациялық технологиялардың негізгі принциптері мен даму әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Қазақстан Республикасында индустриялды.инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Инновациялық технологиялардың нарықтық тұрғыда сұрыпталуы ... ... ... ..11
2.2 Қазақстандағы инновациялық технологиялардың аймақтық даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3. Қазақстан Республикасында индустриялық.инновациялық басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.1 Индустриялық.инновациялық дамудың кейбір басымдылықтары мен мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2 Индустриялық.инновациялық кәсіпкерлікті дамыту механизмдерін жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Елбасы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге, қабілетті ел болуын қалаймыз” – деп атап көрсетуі, жаңа экономика-инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Осы заманғы білім әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің басты факторына айналғанын баршаның мойындап отырғаны белгілі. Жабдықтардың, технологиялардың моральдық тозуы ауқымының, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы жағдайында өндірушілер өндірісті жедел қайта құрып, басқаруды және бизнес қызметінің тетіктерін жаңартуы тиіс. Бүгінде әлемнің дамыған елдердің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып отырғанда, бұл тұрғыда жақсы бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады. Қазақстан экономикасының “жаңа индустриялды елдердің” әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсеретуші проблемаларды, яғни, экономиканың шикізат бағыттылығы; әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі; ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі; ішкі рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы сияқты бірқатар мәселелерді жойып, экономиканы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Ол үшін алдымен ғылым, білім беру саласын, ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру мәселесін шешу керек.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасын әртараптандыру және модернизациялау барысында өнім шығаруды жедел игеріп, жолға қою, рыноктың басқа сегменттеріне дер кезінде бет бұрыс жасау қабілеттеріне ие білікті менеджерлерге, инженерлерге, технологтарға деген сұраныс өте тұсуде. Экономиканы жаңарту үшін мықты кадрлар керек, сол жаңартуға негіз болатын жаңа технологиялар мен инновациялар керек. Ал бұлар өз кезегінде ғылым мен білдімді дамытуды талап етеді. Экономиканы жаңартуға, оған инновациялар енгізуге қатысты барлық буындардың айқын да үйлесімді жұмысы қажет. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды, яғни, бағдарламада көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажет. Тұрақты даму жағдайындағы экономикалық өсу – бұл энергияны және ресурсты үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, экономика құрылымының, табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады.
1. Инновациялық қызметті ұйымдастырудағы басымдықты бағыт ретінде инновациялық ортаны жетілдіру // «Орталық Азия одағынының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары, Түркістан қ, 27-29 сәуір 2005, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
2. Индустрия өндірісін қайта құрудың инновациялық құрылымдық негіздері // «Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғарту» атты Орта Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы. 29—30 сәуір 2006. Түркістан қ. ХҚТУ, 207-209б.
3. Е.Т. Садықов “Қазақстан кәсіпорынында инновациялық жағдайды көтеру жолдары” Алматы, 2008 ж.
4. Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары // Хабаршы. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6(70) – Алматы, 2008. 8-11 б.
5. Индустрия өндірісін интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері // «Ізденіс –Поиск» №4-Алматы, 2008ж. 5-9 б.
6. Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы // «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008ж, №4 185-189 б.
7. Ғылымның даму нәтижелері және стратегиялық басымдықтары // «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008ж, №4 189-194 б.
8. Ұлттық инновациялық жүйені дамытудың ерекшеліктері // Хабаршы Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3 -Түркістан, 2009ж- шілде тамыз
9. Концессиялық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарты // Хабаршы Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3 (63)-Түркістан, 2008ж.
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министірліг Статистика комитетінің ресми сайты www.statgov.kz 11. www.national.kz4.
12. https://kk.wikipedia.org/wiki/

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1. Нарықтық экономикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Индустриялды-инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы ... ... ... ...4
1.2 Индустриялды-инновациялық технологиялардың негізгі принциптері мен даму әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Инновациялық технологиялардың нарықтық тұрғыда сұрыпталуы ... ... ... ..11
2.2 Қазақстандағы инновациялық технологиялардың аймақтық даму тенденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3. Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.1 Индустриялық-инновациялық дамудың кейбір басымдылықтары мен мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.2 Индустриялық-инновациялық кәсіпкерлікті дамыту механизмдерін жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ

Елбасы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты жолдауында "Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге, қабілетті ел болуын қалаймыз" - деп атап көрсетуі, жаңа экономика-инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Осы заманғы білім әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің басты факторына айналғанын баршаның мойындап отырғаны белгілі. Жабдықтардың, технологиялардың моральдық тозуы ауқымының, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы жағдайында өндірушілер өндірісті жедел қайта құрып, басқаруды және бизнес қызметінің тетіктерін жаңартуы тиіс. Бүгінде әлемнің дамыған елдердің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып отырғанда, бұл тұрғыда жақсы бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады. Қазақстан экономикасының "жаңа индустриялды елдердің" әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсеретуші проблемаларды, яғни, экономиканың шикізат бағыттылығы; әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі; ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі; ішкі рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы сияқты бірқатар мәселелерді жойып, экономиканы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Ол үшін алдымен ғылым, білім беру саласын, ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру мәселесін шешу керек.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасын әртараптандыру және модернизациялау барысында өнім шығаруды жедел игеріп, жолға қою, рыноктың басқа сегменттеріне дер кезінде бет бұрыс жасау қабілеттеріне ие білікті менеджерлерге, инженерлерге, технологтарға деген сұраныс өте тұсуде. Экономиканы жаңарту үшін мықты кадрлар керек, сол жаңартуға негіз болатын жаңа технологиялар мен инновациялар керек. Ал бұлар өз кезегінде ғылым мен білдімді дамытуды талап етеді. Экономиканы жаңартуға, оған инновациялар енгізуге қатысты барлық буындардың айқын да үйлесімді жұмысы қажет. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды, яғни, бағдарламада көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажет. Тұрақты даму жағдайындағы экономикалық өсу - бұл энергияны және ресурсты үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, экономика құрылымының, табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады.
Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері. Егер индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды.

1. Нарықтық экономикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық аспектілері
1.1 Индустриялды-инновациялық технологиялардың рөлі мен маңызы

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте инновация формасында көрінеді. Инновация ұғымы XIX ғасыр ойшылдарының ғылыми зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің жекелеген элементтерін еншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық салт-дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастырудың әдістерін дәстүрлі азиялық, африкалық қоғамға енгізу болды. Инновация түсінігі ағылшынның іnnovation сөзінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңаша бастау деген ұғымдарды білдіреді екен. Сөздің кең мағынасында алғанда ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып табылады. Ал инновациялық қызмет сөзіне елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал-жабдықтарды моммерцияландыру, яғни пайда табу бағытына шоғырландыру деген анықтама берілген.
Инновациялар тек техникаларға, технологияларға ғана емес, сонымен бірге басқаруды және өндірісті ұйымдастырудың формаларына да қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және өндірістің тиімділігін арттыруда, өндіргіш күштерді дамытуда сапалы саты болып табылады. Инновация үшін жақсы идеяның ғана болуы жеткіліксіз. Инновациялық процесс кезінде идеяның пайда болуынан оны жүзеге асыруға көбірек назар ауады. Ғылыми - зерттеу жұмыстарға жаңа білімді игеру болса, конструкторлық өндеулер осы білімді бірінші қолданатын болады. Басқалардың жетістіктерінің негізінде жаңалықтар енгізу еліктеу (имитация) деп аталады.
Сонымен инновация терминіне тоқталар болсақ, оны ең алғаш рет жаңа экономикалық категория ретінде ғылыми айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер енгізген, ол оны өзінің Экономикалық даму теориясы (1912 ж.) және Капитализм, социализм және демократия (1942 ж.) атты еңбектерінде қарастырған. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиаканың нормасы мен экономикалық теорияның негізгі шындығы тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-жаңалық табушының қызметінің нәтижесінде туындайтын динамикалық теңсіздікті қарастырып, дәстүрлі экономикадан бас тартады. Содан бері инновация термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде жалпыға мәлім категория ретінде қарастырылуда.
Жаңа комбинацияларды жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыра алатын, новатор - кәсіпкердің жігерлігі, шығармашылығы қажет. Себебі кәсіпкер - жай ғана ойлап тапқыш емес, ол-жаңалық табушы: екіншісі біріншісіне ілесіп отырады, бірақ оған-өнертапқышты-лыққа жанама түрде түрткі болады.
Экономикалық көзқарас бойынша, инновациялық даму өндірістік әдісті дамытудағы логикалық саты. Әр инновация өз циклына қарама-қарсы, өзін жоққа шығарып, келесі инновация үшін алғышарттар туындатады, яғни жаңа техникаға, технологияға, білімге, ғылымға және басқару әдістеріне жол ашады. Сондықтан инновациялық даму спираль тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.
Ал инновацияны енгізу мен инновация диффузиясы арасында да, яғни жаңа өнімді немесе процесті алғашқы коммерциялық енгізу мен әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы жаңалықты тарату процесі арасында да өзгешелік бар.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, яғни инновацияның шумпетерлік кезеңімен қазіргі кезеңін салыстыратын болсақ, қазір инновация туралы көптеген тұжырымдамалар бар. Бірақ көптеген анықтамалар оның экономикалық мәнін ашпайды және тек сапасы туралы сипаттамалармен ғана шектеледі, яғни кезкелген жаңалықты алдыңғысымен салыстырғанда ешқандай артықшылығы, тиімділігі жоқ болса да оны инновация деп анықтайды.
Инновацияның қазіргі кездегі теориясы үшін ХХ ғасырдың әйгілі экономисі Фредерих фон Хайектің идеялары өте маңызды. Ол экономикалық дамуға тән, яғни инновациялық процестің негізі болып табылатын ерекшеліктерге - ақпараттың анықталмағандығына, шектеулілігі білімнің жетілмегендігіне талдау жасаған ғалым.
Венгерлік маман Б. Санто инновацияны қоғамдық-техникалық-экономикалық процесс деп түсінеді, яғни идеяларды, өнертабыстарды тәжірибеде пайдалану арқылы өте сапалы ерекше заттар, технологиялар жасауға болады және оны рынокқа шығарып, қосымша табыс алуға болады. Сонымен қатар Б. Санто инновацияның зертеулер мен өңдеулерден бастап маркетингтік қызметтерді де қарастыратын барлық қызмет саласын қамтитынын айтады.
А.Н. Богатырев пен П.А. Андреевтің ойлары бойынша: Инновация - бұл экономикалық әсер алу мен коммерциялық пайдалануға дейін жеткізілген идеяларды, жаңалықтарды және техникалық өнертабысты жүзеге асыру кезінде орын алатын процесс немесе қызмет. Инновация ұғымына берілген осындай анықтамаларға Г.Крутиков, Б.А. Райсберг, П.Н. Завлин, А.К. Казанцев, Л.Ш. Лозовский және т.б. еңбектерінен қолдау табуға болады.
Қазіргі экономикалық ғаламдану жағдайында инновация ұғымын 1992ж. Норвегияның астанасы - Ослода қабылданған халықаралық стандарттарға (Ғылым және инновация статистикасындағы халықаралық стандарттар, яғни Осло басқармасы) сәйкес сипаттауға болады. Бұл стандарттар технологиялық инновацияларға қатысты жасалған, яғни олар жаңа өнім мен жаңа процесті және де олардың маңызды технологиялық өзгерістерін сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес инновация тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде және рынокқа шығарылған жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрінетін инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Автордың пікірі бойынша, жоғарыда аталған экономистердің инновация терминіне берген анықтамаларының мазмұны, қысқаша айтқанда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бір, яғни кезкелген жаңа өнім, жаңа тәртіп немесе қызмет, жаңа технология, техника болсын барлығы инновация болып табылуы үшін алдымен оның рыноктық аспектісіне көңіл бөлу қажет, яғни сауда сферасында ұсынылып, тұтынушының қажеттілігін қанағаттандырып, кәсіпкердің инновациялық қызметін ынталандыруға ықпал ету, яғни пайда әкелуі тиіс.

1.2 Индустриялды - инновациялық технологиялардың негізгі принциптері мен даму әдісі

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс органы болып табылады. 2012 жылы Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асырудағы салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Министрлік мемлекеттік органдардың салалық бағдарламаларын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың стратегиялары мен даму жоспарларын технологияларды және инновацияларды дамыту бөлігінде келіседі.
Аталған заңға сәйкес инновацияларды мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру мақсатында 2012 жылы Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік құрылды. Мыналар инновациялық қызметті қолдаудың негізгі құралдары болып табылады: венчурлік және жобалық қаржыландыру; технопарктерді, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын дамыту; технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті жөніндегі қызметтер; инновациялық гранттар беру.
Елдің инновациялық жүйесін дамытудың өтпелі кезеңінде ғылым, технологиялар мен инновациялар мәселелерін басқарудың қазіргі жүйесі жұмыс істеп, ол біртіндеп халықаралық практикаға сәйкес келтірілетін болады.
Атап айтқанда, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ғылым мен технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылады, бұл ғылымды, технологиялар мен инновацияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жалпы үйлестіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасының Азия елдері, яғни қазіргі жаңа индустриалды елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсер етуші проблемаларды жойып, экономианы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Алдымен экономиканың тұрлаулы дамуына кедергі келтіріп отырған қандай проблемалар бар, соларға тоқталып өтелік.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:
- экономиканың шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
- өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;
- iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
- ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
- отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
- экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
- менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi; - рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы;
- технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынока шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы;
- инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
- ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы.
Осы аталған кемшіліктердің барлығы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуын да тежейтін факторлар болып табылады. Ал осы кемшіліктерді жойып, индустриалды-инновациялық саясатты басшылыққа алу ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттырудағы және дамыған мемлекеттердің ізін басып, олардың қатарына қосылудағы бірден-бір тиімді жол және білім мен инновация ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі негізгі экономикалық ресурс болып табылады. Ұлттық экономиканы модернизациялауда және өндірісті диверсификациялауда Қазақстанның кемшіліктерімен қоса бірқатар артықшылықтары да бар. Оған әрине біріншіден табиғи ресурстар қоры, дамыған металлургиялық және отын-энергетикалық кешендерінің бар болуы. Мәліметтерге сүйенетін болсақ, ҚР-да вольфрамның әлемдік қорының 50 %, уранның 25% құрамында хром бар рудалардың 23 % бар. Қазақстан фосфордың әлемдік резервінің 90 %-на ие және де 3 түрлі қара, 29-түсті, 3-бағалы металлдың, 84-өнеркәсіптік минералдардың табиғи қорына иелік етеді. Екіншіден, әлеуметтік-рыноктық бағытталған экономика базасының, сонымен бірге негізгі рыноктық институттар мен инфрақұрылымның қалыптасуы, үшіншіден, сыртқы рыноктың ашық болуы мен сауда либерализациясы өндіріс құрылымын әлемдік экономикаға бейімделуіне жол ашады. Экономикамыздың тағы да бір артықшылығы болып біліктілігі жоғары әрі арзан жұмыс күші табылады. Сонымен қатар ғылыми өнімді жасау мен іске асыру тәжірибесін жинақтаған адамдар, шығармашылық ұжымдар да бір артықшылық болып келеді. Қазіргі кезде 300-дей ұйым зерттеулермен және талдамалар жүргізумен айналысады. Ғылыми қызметкерлер саны 22 мыңнан асып түсті. Зерттеулер мен талдамалар жүргізуге кететін шығын бес жылда 3 есе ұлғайып, 14,5 млрд. теңге болды, ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 18,5 млрд. теңгеге жетті. Соның нәтижесінде 74,7 млрд. теңгеден астам сомаға (ІЖӨ-нің 1,34%-ы) инновациялық өнім жасалды. 32 млрд. теңгеге дейін өскен технологиялық инновациялар шығыны негізінен (90,6%) кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған. Олар:
- нанотехнология,
- биотехнология,
- ядролық технология,
- көміртегі мен тау-кен-металлургия өнеркәсібі үшін жаңа технологиялар жасау,
- ғарыштық технология. Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы елдің ақпараттық ресурсын елеулі түрде күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл саланың серпінділігі, айқын құрылымы алғашқы Жер серігін ұшырғаннан кейінгі жерде ақпараттық қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне шығады деген сенім мол.
Жаңа экономиканың дамуында ядролық кластердің маңызы айрықша. Уранның қоры бойынша 2-ші, оны өндіру жөнінен 3-ші, отандық таблеткалар шығару бойынша 15-ші орын алатын Қазақстанның қосымша өндірістер, жетіспейтін буындар құру мүмкіндіктері баршылық. Еліміздің радиофармпрепараттар шығаруды жолға қойып, жан-жақты талқылаудан кейін атом энергиясын өндіруге кірісу мүмкіндігі бар екені де белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар іске қосылуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама және т.б..
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында бірқатар міндеттер көрсетілген. Олар:
- Өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- Өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- Кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
- Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- Елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
- Сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
- Дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстаның индустрияландырылуын тереңдетуге, машине жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновацияны, жаңа идеяларды, жаңа технологияларды іске қоса отырып, оларды дамудың қозғаушы күшіне айналдыруымыз қажет.

2. Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
2.1 Инновациялық технологиялардың нарықтық тұрғыда сұрыпталуы

Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамынын іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан-2050 стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының Экономиканы әртараптандыруды жеделдету деген түйінді бағытын іске асыру үшін, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Қазіргі уақытта Қазақстан ресурсқа бағдарланған экономикадан инновациялық даму үлгісіндегі экономикаға көшудің бастапқы сатысында ғана тұр, оны шартты түрде 2 кезеңге бөлуге болады.
І кезең 2003 жылы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданғанда басталды. Ұлттық инновациялық жүйенің институционалдық базасы мен негізгі элементтерінің қалыптасуы соның нәтижесі болып табылады.
ІІ кезең 2010 жылы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, инновациялық экономиканы жеделдетіп құрудың экономикалық бағдарымен белгіленген. Бұл кезең инновациялық қызметті заңнамалық және қаржылық ынталандырудың күшеюімен сипатталады.
Соңғы 8 жылда елдегі инновациялық қызметтің басты көрсеткіштері өсуінің оң үрдісін атап өтуге болады. Айталық, 2003 жылмен салыстырғанда 2010 жылы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған абсолютті мәндегі шығындар 2,9 есе өсіп, шамамен 33,5 млрд. теңгені құрады. 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2015 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2,2 есе ұлғайып, 142 млрд. теңгеден асты.
Инновациялық қызметті дамыту үшін арнайы қаржылық қолдау құралдары кеңейтіліп, отандық кәсіпорындар үшін салықтық жаңа жеңілдіктер мен преференциялар енгізілді. Соңғы 2015 жылдың өзінде ғана технологиялар сатып алу гранттарына сұраныс 2 есе ұлғайды. Әлемдік дағдарыстың созылып кеткеніне қарамастан, Қазақстан индустриялық-инновациялық жобалар арқылы экономиканың 7% орнықты өсуін қамтамасыз етіп келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстандық инновациялық жүйе жетілдіріліп, индустриялық-инновациялық қолдаудың жаңа құралдарымен толықтырылуда. Мысалы, 2012 жылы Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда инновациялық гранттардың 5 жаңа түрін қамтитын индустриялық-инновациялық дамуды қолдаудың 14 құралы көзделген. Сондай-ақ елді технологиялық жоспарлау жүйесінің негізі қаланды, индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудың тиімділігін талдау тетіктері ұсынылды, инновацияларды қолдау мен ынталандырудың жаңа тетіктері көзделді және инновацияларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері жетілдірілді. Венчурлік қорлар, салалық конструкторлық бюролар құру жөніндегі жұмыс жалғасуда, коммерцияландыру кеңселері ашылуда, өңірлік технопарктерде бизнес-инкубациялау бағдарламасы жұмыс істейді. 2014 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 10 еркін экономикалық аймақ пен 10 индустриялық аймақ (бұдан әрі - ИА) жұмыс істейді, бұлар химия және мұнай химиясы, металлургия өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тоқыма, логистика, туризм сияқты экономиканың әрқилы салаларында әрекет етеді. Арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі - АЭА) аумағында инвестициялар көлемі 203 млрд. теңге 83 өндіріс жұмыс істейді, инвестициялар көлемі 1,8 трлн. теңге 68 жоба іске асырылу сатысындағы, инвестициялар көлемі 571 млрд. теңге 348 жоба инвестициялық шешім қабылдау сатысында.
2001 - 2013 жылдар кезеңінде АЭА-да 5967 жұмыс орны құрылды, өндіріс көлемі 210,8 млрд. теңгені құрады. АЭА және ИА шеңберінде негізгі инфрақұрылымға қол жеткізу бөлігінде индустрияландыру субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
2009 - 2014 жылдар кезеңінде бірқатар АЭА инфрақұрылымын дайындау аяқталды (1-кесте). Өндірістегі жұмыс істейтіндер саны 2009 жылдан (921,9 мың адам) бері 12,7%-ға өсіп, 2013 жылы 1 млн. адамнан асты (1 039,1 мың адам). 2010 - 2013 жылдар кезеңінде Индустрияландыру карсатының шеңберінде 61 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.
2015 - 2019 жылдар кезеңінде қара металлургияны дамытудағы мемлекеттік саясат болат алу үшін сапасы жоғары шикізат өндіру жөніндегі басым жобаларды іске асыруға (түйіршіктелген шойын және брикеттелген ыстық темір, ферроқорытпалардың көлемін ұлғайту және жаңа түрлерінің өндірісі), болаттың жаңа түрлерінің өндірісіне (құбырлық және тот басуға төзімді, ыстыққа төзімді және ыстыққа берік, құралдық, шар-мойынтірек, рельстік және рессорлық-серіппелі) және жаңа қосындыланған болат ассортиментін кеңейтуге бағытталатын болады.
Бизнес-құрылымдардың өздерінің ұсыныстарына сәйкес жалпы инвестициялар көлемі 400 млрд. теңгеден асатын өндіріс көлемі мен өнімнің қосылған құнын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға келеңсіз әсерді төмендетуге бағытталған ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
Түсті металлургия Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық әлеуетін қалыптастыратын өңдеуші өнеркәсіптің түйінді саласы. Сектор өнімдері машина жасауда, электр техникасында, құрылыста, радиоэлектроникада пайдаланылады.
Басым тауарлар топтары бойынша ішкі нарық пен макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы тиісінше 111 және 6 718 млн. АҚШ долл. құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында түсті сектордың үлесі 2009 жылмен салыстырғанда 19,6%-дан 2013 жылы 22,8%-ға дейін өсті, ал 2014 жылы 19,2 %-ға дейін төмендеді. Жалпы қосылған құн 2009 жылғы 377,9 млрд. теңгеден 2013 жылы 749,9 млрд. теңгеге дейін өсті. 2009 - 2014 жылдар аралығында өндіріс көлемі атаулы мәнде 1,7 есе өсті. 2009 - 2014 жылдар аралығындағы кезеңде салада жұмыспен қамтылғандар саны 22,2 мың адамға қысқарды. 2014 жылы түсті металлургиядағы еңбек өнімділігі 107,8 мың АҚШ долл. құрады. ЭЫДҰ елдерінің осы көрсеткіші осыған ұқсас кезеңде орта есеппен 147,5 мың АҚШ долл. құрады, бұл Қазақстан үшін осындай көрсеткішпен салыстырғанда 18,9%-ға жоғары. 2014 жылы түсті металлургия экспортының көлемі 2008 жылғы деңгейде қалып, 4,2 млрд АҚШ долл. құрады ( Кесте 1).
Президент өзінің Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді өсіру және әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, жаңа жабдықтарды, жаңа технологияларды мен жаңа тәсілдерді ауыл шаруашылығына енгізу есебінен аграрлық-индустриялық әртараптандыруды құру міндетін қойды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының машина жасау өніміне қазіргі сұраныс негізінен (80%-ға) импорт есебінен қанағаттандырылады. Макроөңір елдерінің импорт сыйымдылығы 6 млрд. АҚШ долл. құрайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы тозуының айтарлықтай дәрежесімен сипатталатын ауыл шаруашылығы техникасына жасырын сұраныс жоғары (80%-ға дейін) бар. Агроөнеркәсіптік кешенге (бұдан әрі - АӨК) жаңа технологияларды енгізу ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін дамытуға алып келеді. Агротехникаға арналған сұранысты мемлекеттік қолдау және сатып алушыларды жеңілдікті қаржыландыру іске асырылуда.
Мемлекет күш-жігерінің басым бөлігі инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталғанын статистика көрсетіп отыр, дегенмен, құрылған инфрақұрылым инновациялық қызметті қолдаудың барлық құралдарын қамтымайтынын атап өткен жөн, сондықтан да нақты экономиканың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Бұдан басқа, инновациялық инфрақұрылым элементтері елдің бүкіл өңірлерін әлі де қамтымай отыр.
Инновациялық даму үшін маңызы бар бірқатар келеңсіз үрдістерді өзгерте, қазақстандық инновациялық жүйенің әлемдік жүйеге кірігу процесін айтарлықтай жеделдете алған жоқпыз. Қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің болмауы осындай факторлардың бірі болып табылады, бұдан басқа, Қазақстан шетелдік жоғары технологиялы компаниялар үшін әлі де жабық нарық күйінде қалып отыр, осының барлығы инновацияларды енгізудің негізгі көтермелеушісі ретіндегі бәсекеге келеңсіз әсерін тигізеді. Экономиканы жаңғырту және технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жобаларды саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіз болуы, шетелдік жоғары технологиялы компаниялардың Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарға орналастыруға сұраныстың төмен болуы әлі де байқалып отыр.
Жоғарыда аталған жүйелі кемшіліктермен қатар, Қазақстанда ғылым мен технологияларды шоғырланған түрде мемлекеттік жоспарлау мен үйлестіру жоқ.

2.2 Қазақстандағы инновациялық технологиялардың аймақтық даму тенденциясы

Инновациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, технологияларды коммерцияландыру жүйесінің тиімділігін арттыру, сапа инфрақұрылымын құру, энергиямен жабдықтау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру, ғылымы-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін экономиканың басым салаларына енгізу есебінен стандартты технологиялар трансферті мен отандық өнеркәсіптік инновациялық әзірлемелерді игеруі үшін жүйелі жағдайлар жасалатын болады.
Теңгерімді фискалдық жүктеме есебінен Қазақстанның шикізат емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы өндірістің инвестициялық тартымдылығы артады. Арнайы бюджеттік бағдарламаларды, орталық мемлекеттік органдардың инновацияларды қолдау және дамыту жөніндегі құзыреттерін біртіндеп жергілікті атқарушы органдарға беруді, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін жетілдіруді қамтитын мемлекеттік қолдау құралдары мен шараларының қалыптастырылған бірыңғай жүйесі мемлекет пен бизнестің күш-жігерін үйлестіруге және елдің инновациялық саясатын іске асыруға шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, қабылданған шаралар циклді дағдарыстарға қатысты отандық экономиканың орнықтылығын жоғарылатып, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына ықпал ететін болады.
Тұжырымдаманы іске асырудың 2-ші кезеңінде (2015 - 2019 жылдар) білімге негізделген, Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейінде дамуымен сипатталатын экономиканың қалыптасуы үшін қазақстандық инновациялардың сапасын жақсарту жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.
Қазақстанның инновациялық саясатын іске асыру негізінен алдыңғы кезеңнің реформаларын аяқтауға, инновацияларды шоғырландыру бастамасының бизнеске көшуін қамтамасыз етіп, инновациялық кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді үздіксіз жоюға бағытталатын болады. Өңдеуші өнеркәсіптің өңірлік мамандануы тарихи қалыптасқан құрылым мен ҮИИМДБ-ны іске асыру негізінде айқындалған.
Өңірлердің ұсынылып отырған мамандануы оны одан әрі тереңдетуді ескере отырып нақтылануы мүмкін.
1. Ақмола облысы - тамақ өнімдерінің, құрылыс материалдарының өндірісі, түсті металлургия, теміржол және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау.
2. Ақтөбе облысы - түсті, қара металлургия, мұнай-газ өңдеу, өнеркәсіпке арналған химикаттар, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
3. Алматы облысы - тамақ өнімдерінің, электр жабдықтарының, негізгі фармацевтикалық өнімдердің, құрылыс материалдарының, киім, жиһаз өндірісі.
4. Атырау облысы - мұнай-газ химиясы, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өнімдерінің өндірісі.
5. Батыс Қазақстан облысы - машиналар мен жабдықтардың, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
6. Жамбыл облысы - өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, агрохимия, қара металлургия, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің, былғары және оған жататын өнімдердің өндірісі.
7. Қарағанды облысы - қара, түсті металлургия, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың, электр жабдығының, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
8. Қостанай облысы - қара металлургия, тамақ өнімдерінің, автокөлік құралдарының, ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі.
9. Қызылорда облысы - құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өнімдерінің өндірісі.
10. Маңғыстау облысы - мұнай өңдеу, мұнай-химия, газ өңдеу, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, тамақ өнімдерінің өндірісі.
11. Оңтүстік Қазақстан облысы - тамақ өнімдерінің өндірісі, мұнай өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, негізгі фармацевтикалық өнімдердің, құрылыс материалдарының өндірісі, қара металлургия, электр жабдықтары, агрохимия.
12. Павлодар облысы - қара, түсті металлургия, мұнай өңдеу, теміржол техникасының, өнеркәсіп үшін химикаттардың, тамақ өнімдерінің өндірісі.
13. Солтүстік Қазақстан облысы - машина жасау (мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне, теміржол көлігіне, энергетикаға арналған жабдық), тамақ өнімдерінің өндірісі.
14. Шығыс Қазақстан облысы - түсті металлургия, автокөлік құралдарының, ауыл шаруашылығы техникасының, электр жабдықтарының, бекіткіш арматураның, құрылыс материалдарының, тамақ өнімдерінің өндірісі.
15. Астана қаласы - тамақ өнімдерінің, теміржол техникасының, электр жабдықтарының өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі.
16. Алматы қаласы - тамақ өнімдерінің, электр жабдықтарының, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың, кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың өндірісі, құрылыс материалдарының, негізгі фармацевтикалық өнімдердің, жиһаз өндірісі.
Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шаралар инновациялылық және инновацияларды бизнесте пайдалану біріктірілген факторында Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингіндегі позицияны 50-орынға дейін, оның ішінде инновацияларды бизнесте пайдалану көрсеткіші бойынша 48-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Айталық, технологиялық болжамдау нәтижелерімен айқындалған, Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту жөніндегі бірінші міндет шеңберінде абсолютті қазақстандық инновацияларды әзірлеуге және енгізуге ықпал ететін 35 нысаналы технологиялық бағдарлама бойынша жұмыстарды бастау межеленген нәтижелер ретінде айқындалған.
Өз кезегінде, ғылым мен технологияны дамыту басымдықтарын өзектілендіре отырып, технологиялық болжамдаудың кейінгі кезеңдерін жүргізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мемлекеттік қолдау ресурстарын Қазақстан үшін маңызды өнімдер мен қызметтерді іске асыруға шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Стратегиялық 8 саясатты іске асыру арқылы инновациялық қызметті қолдау жүйесін қалыптастыру жөніндегі екінші міндет шеңберінде мынадай негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады.
Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер кезеңдер бойынша төменде көрсетілген: (Кесте 2)

3. Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Индустриялық-инновациялық дамудың кейбір басымдылықтары мен мәселелері

Толық өмірлік циклының жобасының ең ішіндегі (ТӨЦ) инновациялық, инвестициялық және өндірістік деңгейлерін айрықша бөлуге болады. Базалық параметр технологиясы мен өндірілген өнімнің әрі қарай олар инвестициялық этап арқылы дамиды және өндірістік этаптар бойынша.
Қаржы мінездемесінің тұрақтылығы - бұл шығынмен кірісіне байланысты, сондай-ақ осылардың арасындағы экономика - потенциалды арақатынастарының бөлек этаптарына байланысты. Мысалға, бұл экономикалық жағдайдың үзіктігімен және баға кіруімен шығуының қатысушылардың периодтары мен анықталады.
Басқару кезінде инновациялық жобаның бастапқы периодты шығындарын анықтап, бәсекелестік өндірушілердің, нарыққа ықпал ету периодтарының мүмкіндіктері. Инновациялық жағдайдың жеткіліксіз жобаларында (НИОКР) мақсаттық негізде ғана баға өсуі мүмкін. Бірақ тәжірибеде көрсеткендей жаңадан техника - экономикалық мінездемесін қайтадан дайындап, осы инвестициялық жобаның негізінде келесі ерекшеліктерді қарастырамыз: Белгісіз берілген жағдайлардың қорытындысы мен жоғары қауіп, қолайлы бөлу реализациясы;
- Қосымша барлық шығындардың жоба бойынша өсуі, соның ішінде этап зерттелуінің өнделуі;
- Өткізу ұзақтылығының өсуі жоба және берілген мерзім ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялардың нарықтық тұрғыда сұрыпталуы
Ақпараттық саладағы маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен бүгінгі даму деңгейі
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Мемлекеттік басқару және Қазақстан экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында Еуронормаға өту мәселесі
Инвестиция және экономика
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты
Кәсіпкерлік түсінігі және кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Индустриялық-инновациялық даму. Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Пәндер