Ақын Несіпбек Айтұлының қазіргі қазақ әдебиеті қоржынына салған поэмаларының орны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I Н.Айтұлының ақындық шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II Н.Айтұлының "Арқатірек" поэмалар шоғыры ... ... ... ... ... ... ... ...
III «Көк ала үйректің зары» поэмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тәуелсiздiк жылдары қазақ ақындары өлең өлкесiнiң өрелi жанры - поэмаға құлаш ұруын үдете түстi. Ел көгiнде желбiреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты. Поэма жанрының әр дәуiрдегiдей, ең басты көркемдiк ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының бәрi де өз туындысында өзi өмiр сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесiн жырлауды басты нысана етiп ұстайтыны аян. Тәуелсiздiк жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзектi, көкейтестi мәселелердiң көркем суретке айналғанын байқалады. Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи ақиқат. Тәуелсiздiкке ғасырлар бойғы ерлiк күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. Мiне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi.
Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың “Желтоқсан”, Зәбира Сүлейменқызының “Желтоқсан ызғары”, Несiпбек Айтұлының “Мұқағали–Желтоқсан” атты дастандары. Бұл поэмалар сюжеттi шығармалар емес. Олар жанрдың лирико-публицистикалық саласына жатады. Аталған поэмаларында ақындар сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды айқын бейнелеп бердi. Азуы алты қарыс қарулы әскердiң қазақ жастарын аяусыз басып-жаншығанын шынайы шындыққа сәйкес дұрыс суреттедi. Қолында ешбiр қаруы жоқ жас жiгiт, жас қыздардың әдiлетсiздiкке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлiк күресiн биiк шабытпен толғады.
Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасы осы поэмалардан айқын көрiнедi. Сондықтан да, Асқар Егеубаев, Зәбира Сүлейменқызы, Несiпбек Айтұлының аталған туындыларын тәуелсiздiк жылдарындағы эпикалық жанрдың елеулi жетiстiгi деп таныған жөн.

1. Айтұлы Н. Шығармалар жинағы, 1 том, 2 том, - Алматы, 2008 ж.
2. Айтұлы. Н Арқатірек : поэмалар / - Астана : "Сарыарка"БҮ, 2010. - 128 б.
3. Айтұлы. Н. Шығармалары жеті томдық.1. Өлеңдер мен поэмалар /Астана : Фолиант, 2014. - 328 б
4. Вестник ПГУ №4, 2010
5. Қабдолов 3. Сөз өнepi. - Алматы: «Санат», 2002.
6. Мәшһүр–Жүсіп Қ. «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» - Павлодар, 2007 ж.-185 б.
7. http://alashainasy.kz/akyn/nespbek-aytulyi-koz-jasyim-52092/
8. http://archive-kz.com/kz/o/ortalyk-kaz.kz/2013-03-25_1726215_61
9. http://egemen.kz/2011/?p=303220
10. http://inform.kz/kaz/article/2479682
11. http://ortalyk-kaz.kz/publ/rukhanijat/arashy_bostandy_ty_azhapty_yn/3-1-0-656
12. http://thenews.kz/2012/07/15/1152526.html
13. http://www.otuken.kz/index.php/criticstalas/94-2010-07-16-11-30-18

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
I Н.Айтұлының ақындық шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
5
II Н.Айтұлының "Арқатірек" поэмалар шоғыры ... ... ... ... ... ... ... ...
14
III Көк ала үйректің зары поэмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Тәуелсiздiк жылдары қазақ ақындары өлең өлкесiнiң өрелi жанры - поэмаға құлаш ұруын үдете түстi. Ел көгiнде желбiреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты. Поэма жанрының әр дәуiрдегiдей, ең басты көркемдiк ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының бәрi де өз туындысында өзi өмiр сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесiн жырлауды басты нысана етiп ұстайтыны аян. Тәуелсiздiк жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзектi, көкейтестi мәселелердiң көркем суретке айналғанын байқалады. Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи ақиқат. Тәуелсiздiкке ғасырлар бойғы ерлiк күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. Мiне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi.
Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың "Желтоқсан", Зәбира Сүлейменқызының "Желтоқсан ызғары", Несiпбек Айтұлының "Мұқағали - Желтоқсан" атты дастандары. Бұл поэмалар сюжеттi шығармалар емес. Олар жанрдың лирико-публицистикалық саласына жатады. Аталған поэмаларында ақындар сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды айқын бейнелеп бердi. Азуы алты қарыс қарулы әскердiң қазақ жастарын аяусыз басып-жаншығанын шынайы шындыққа сәйкес дұрыс суреттедi. Қолында ешбiр қаруы жоқ жас жiгiт, жас қыздардың әдiлетсiздiкке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлiк күресiн биiк шабытпен толғады.
Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасы осы поэмалардан айқын көрiнедi. Сондықтан да, Асқар Егеубаев, Зәбира Сүлейменқызы, Несiпбек Айтұлының аталған туындыларын тәуелсiздiк жылдарындағы эпикалық жанрдың елеулi жетiстiгi деп таныған жөн.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ақын Несіпбек Айтұлының қазіргі қазақ әдебиеті қоржынына салған поэмаларының орнын анықтау, қазіргі әдебиетке енгізген жаңашылдықтарын табу.
Зерттеу нысаны. Әдебиеттану ғылымындағы қазіргі қазақ поэзиясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі қазақ поэзиясындағы поэма жанрының жаңашыл әдіс-тәсілдерін анықтап, ғылыми айналымға енгізу.
Зерттеу жұмысының міндеті. Ақын Несіпбек Айтұлының өзіндік ерекшеліктерін тақырыптық-идеалық, мазмұндық тұрғыдан зерделеу.
Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми теориялық еңбектер мен зерттеулер, интернет желісіндегі парақшалар пайдаланылды. Соның ішінде, Айтұлы. Н. Шығармалары жеті томдығы, Айтұлы.Н "Арқатірек", Айтұлы Н. "Шығармалар жинағы", Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлының, Зейнолла Қабдоловтың еңбектері қаралды.
Зерттеу әдістері. Курстық жұмысты жазу барысында талдау әдістері, салыстырмалы әдіс және т.б әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмысты мектеп қабырғасындағы қазақ әдебиеті пәні сабағында, университет, коллледж студенттеріне білім беруде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Осы курстық жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтыған 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
I Несіпбек Айтұлының ақындық шеберлігі
Біз қашанда поэзияның адам жанының құпиясынан жаратылатынын білеміз, сезінеміз. Аристотель айтқандай, басқа өнердің бәрі адамзат қолынан жасалса, поэзияның құдайдың құдіретінен жаратылатынын мойындаймыз. Жыр әлемі деген тылсымға тіл бітірген тумасынан талантты ақынның тұма бұлақтың тұнық суындай туындыларына деген ықылас жылдан-жылға арта түсуде. Тілі шырайлы, ойы құнарлы, сезімі сергек, көркем образға бай, серпінді, еркін тынысты өлеңдері мен толғау дастандары арқылы ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақтың өлең өнерін өрелі биікке көтерген Несіпбек Айтұлының жырларында ұрпақтар сабақтастығын, уақыт байланысын арқау еткен поэтикалық идея, туған дала және оның жыршысының бейнесі арқылы өрнектеледі. Туған жерге, Бақанас - біздің балалық, Біздің ауыл, атты жырларында ақынның туған елі мен жері жырға арқау болған. ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасындағы айрықша байқалған ерекшелік - адамдарға қатысты бейнелеулердің бәрін, табиғат құбылыстарына байланыстырып жырлау. Күн, ай, жұлдыздар, жел, су, толқын, жапырақ, тау, тұман, жыл мезгілдері және т.б. - сансыз суреттер, құбылыстар адам жанына, келбетіне баламаланып жырланады. Мысалы, ақынның табиғат тақырыбына арналған өлеңдерін атар болсақ: Көктем, Ақша бұлттар, Көктем келді тағы да, Жабырқасаң орман жаққа жалғыз бар, Таудағы түнгі сурет т.б. Мысалы; Көктем өлеңін алар болсақ, Ғажайып нұрға бөккен тіршілік бар,
Тұрғандай төсегінен сілкініп қыр.
Жауқазын қара тасқа көрік беріп,
Дүние күн көзіне ынтығып тұр.
Арудың келбетіндей айнадағы,
Көл бетін аққу келіп айналады.
Әдемі аппақ төсті қос қарлығаш,
Төбемде сағыныш боп айналады.
Лүп етіп әлі күнге жел тимеген,
Жанымның жазирасын желпиді өлең.
Қойдың-ау, о табиғат, құлшындырып,
Тағы бір көктем қызға мен сүймеген [6, 56].
Ақынның осы өлеңінде, табиғат құбылысы мен адам көңіл-күйі үндестіріліп, сыршыл өлең боп өріледі. Табиғатты суреттеуде ақын кейіптеу, ауыстыру, теңеу сияқты көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдаланады.
Ұят шарпып бетімді,
Арым қалай көз ілмек?
Ауа райы секілді,
Ала-құла кезім көп.
Кейде менен безінді ой,
Бұлт бүркеніп қабағым.
Кейде қайың безіндей,
Безерем де қаламын.
Ашам ашу майданын,
Кейде ақылды ұғынбай.
Кейде тіпті майдамын,
Ақ бидайдың ұнындай [6, 60].
Осы өлеңдерінде сыршыл ақын адамға тән қасиеттерді, табиғат құбылысымен салыстыру арқылы, табиғаттың өзгерісін көңіл көзімен қабылдап, аса шеберлікпен бейнелі суретке айналдырған. Дүниедегі бар құбылысты, адамзат санасындағы сиқырлы сезімді тек қана сөз арқылы жеткізуге болады. Дегенмен де сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін ақын қаламының көркемдік кілті шеберлікте. Задында лирика дегеніміз сезім мен ойдың поэтикалық көрінісі болса, ақын осының нәтижесінде өзінің көркем сөз шебері екенін танытады.
Ақынның ендігі бір ерекше қырын аңғартатын - сырлы, күйлі өлеңдері. Буырқанған, бұрқаған ағыстар емес, енді тереңнен тебіреніп, шымырлап шыққан, көкіректің тереңінен тебіреніп шыққан, көкейдегі көп сырды бейнелеу мен жырлары мен мұндалап ерекшеленеді.
Ойлар, ойлар ортаға ап қамалады,
Ойсыз жандар опық жеп қалады әлі.
Көкірегімді қыздырып, жүрегіме
Күннің қызыл кірпігі қадалады.
Күн жазады құрысқан жер арқасын,
Күн жалғайды үзілген жол ортасын.
Күнің бітсе біткені тынысыңның,
Өзіңді де өзгені жоғалтасың.
Қазір күнім тұрғанда тас төбемде,
Тас боп қатса тағдырым жас төгем бе?..
Көңіліме қаз қонып, үйрек ұшар,
Көктем иісі бұрқырап жас денемде [6, 62].
Ақыннның табиғат жайында жазылған өлеңдері - лирикаға толы, сезімтал, шыншыл өлеңдер. Ол жастық, бозбалалық сезімді, адал достықты, ардақтайды. Ақыннның табиғат туралы өлеңдері, рухани тазалықты көрсетеді. Ақын жырларында табиғаттың тамаша құбылыстары, тамылжыған көктем, жадыраған жаз бәрі де асқан шеберлікпен әрленіп, оқырманды үлкен ойға жетелейді. Өршіл үн, өрекпіген сезім табиғатына тән Несіпбек Айтұлының поэзиясы үнемі биікке ұмтылған рухтың, сол рухқа дем беруші жүректің шеңберінде жүреді. Сол жүректің лүпілі, қайғысы мен қуанышы ұлттық, ұлы тұлғалардың рухымен бірігіп, өз алдына тұтастай бір көркемдік кеңістікті құрайды.
Ақынның Мұхтар Әуезовке, Шәкәрім тошаласында, Ғабиден Мұстафин қазасына, Ақындарға үндеу өлеңдері осыған мысал. Күңіренгендей қаралы қабыр басы,
Қасіреттің тамады ауыр жасы.
Қабырғасы қапастың бүлк етпейді,
Қайысады халықтың қабырғасы.
Алапатқа ара түс, ей, ақындар,
Адам көзін жоймасын оятыңдар!
Көк желкесін қиыңдар қиянаттың,
Зұлымдыққа бір зауал таятыңдар!
Қол босатып думанды жыр кешінен,
Үн қатыңдар жаһанның мінбесінен!
Зобалаңға ұрынған ұландарды
Құтқарыңдар қорлықтың түрмесінен [6, 173], - деп заманға нали тіл қатқан ақынның лирикалық қаһарманы халықтың қайғысын жүрегіне дарытқан. Ақын бейнелеген ұлттық рух, қасиет пен кие, бүгінгі ұрпақтың жүрегінде жүрсе бұл өткенімізді ұмытпай, ата-бабадан мұра болған рухани құндылықтарды, рухани болмысты сақтағанымыз. Ақынның, ақындық мұраты ұлттық рухпен тамырлас екендігінің бір мысалы осы, Ғ. Мұстафин қазасына деген өлеңі:
Қайыспаған қара нар ең ауырға,
Майыспаған қарағай ең дауылға.
Сен құлады деген хабар кенеттен,
Қатты тиді ағаға да бауырға.
Тартушы едің өрге салса алқынбай,
Сексендегі сергектіктің салтындай.
Төрімізде отырушы ең қасқайып,
Тұла бойың тұтас құйған алтындай.
Саған айтпай халқың айтар кімге алғыс
Қайрат едің кеткен кезде мыңнан күш.
Құбылнама өзің едің бұлжымас.
Алып кеме өзің едің мұзжарғыш [6,174].
Өмірге құштарлық, ақынның ұлтына деген терең сүйіспеншілік сезімін, биік оптимизімін туындатады. Өршіл рухты жырларымен кешегі өткен ақындармен үндесетін, солардың бүгінгі рухани жаңғыруындай әсер қалдыратын ақын жырлары қайғы-қасіреттің өзін өр, рух, асқақ пафоспен жырлайды.
1970-80 жылдардағы қазақ поэзиясының көркемдік көкжиегі туралы айтылғанда бұл кезеңнің өзіндік бір ерекшелігімен көрінгені алдымен ауызға алынады. Зерттеуші ғалымдар мен сыншылар бұл кезең лирикасында адамның жан-дүниесі, қуанышы мен намысы алдыңғы орынға шыққанын ерекше атап көрсеткен. Сондай-ақ бұл тұста поэзияда жаңа тенденциялар бой көрсеткені де айтылады. Ол тенденция - романтикалық, символдық белгілердің реализммен ұштасып келіп тың сипатпен поэзияда көрінуі. Сана бар - теңізді де көлдейтұғын, Көздер бар көк тиынды көздейтұғын, Маңдай бар - қап көтермей терлейтұғын, Тілдер бар - шағып алып сөйлейтұғын, Сөздер бар - терісті де жөн дейтұғын, Мұрын бар - бықсықты да сезбейтұғын, Құлақ бар - шындыққа да сенбейтұғын, Құлаш бар - сермеуге де келмейтұғын. Қолдар бар - бар болса да, бермейтұғын, Арқа бар - ауырлыққа төзбейтұғын. Адым бар - секірсе де өнбейтұғын, Аяқ бар - жетектесең жүрмейтұғын. Осылардың бітімін құрап алып, Арамызда біреу жүр ез дейтұғын ... - деп сирек қолданылатын шумақтың басқа буындарының ұйқасы арқылы, бүкпелеу, тұспалдау әдісін қолданып, жыраулар толғау үлгісімен жазылған осындай жырлары жоғарыда айтқанымыздай 20-ға толмаған жас ақынның тегеуірінін көрсетсе керек. Мұндай романтикалық әдіс лирикалық сарынның тереңдеуіне үлкен әсер еткені белгілі.
Романтизмге тән басты ерекшелік жан дүниедегі қозғалысты таныту болса, Мағжан лирикасында дәстүр жалғасу ретінде жан-жақты сипатымен ашылып, қанат жайған романтикалық дәстүр желі тарта келе XX ғасырдың 40-жылдардағы Қ.Аманжолов, 60-жылдардағы Т.Айбергенов поэзиясына тән болса, 70-жылдары поэзия әлеміне қадам басқан Н.Айтұлының лирикасында да молынан көрініс тапқанына сілтеме жасаған өлеңдеріміз дәлел. Нақтылай айтарымыз - Несіпбек романтизіміне жоғарыда айтылғандардың ішінде субьективті - философиялық сипат тән. Біраз тұстарда элегиялық сарын да бой көрсетіп қалады. Ақынның әр жылдары жарыққа шыққан жыр жинақтарына назар салғанда, үздіксіз ізденісті, көтеріңкі пафоспен өрілген шешендік үлгідегі поэтикалық сөз тіркестерін молынан ұшыратамыз. Терең сыршылдық, адамның ішкі болмысына үңіліп, оны бейнелеп, айшықтап көрсету тәсілі Н.Айтұлы лирикасында өз қырымен түрленеді. Асқақ романтика мен сыршыл сезім Н. Айтұлының өлеңдері, поэмалары, толғауларына тән сипат. Оның қаламынан туған О, Секітас!, [1,-7] Көкпар [1,8], Қарлығашым [1,10], Жүрегім менің бұлқынды [1,11], Ей, өмір, Ауылыма, Туған жерге, Ақша бұлттар [1,12-15] жырларында ақындық үн ұлттық бояумен астасып ерекше үн тапқан.
Тастаймын алыстарға көз қиығын,
Менің де қол жетпестей өз биігім.
Көңілдің ақ көбік қып көк дөненін,
Үміттің келем қуып жез киігін.
Мен бәлкім жете алмаспын, жетермін де,
Назым көп айтар әлі өтер күнге.
Жастықтың жедел тартқан керуені,
Жанымның жайлауынан көшер бірде ... [1, 15], деген жолдарымен басталатын өлең әрі қарай асқақ шабытпен өрби келе
Жабықтан жай түсірер жан отымды
Көктемгі көк нөсерден іздеп көр, сен [1, 16] деген ерлікке құштар, биікке құмар өршіл рухпен жырланды. Бұл жерде арғысы Абай атамыздан, бергісі Мағжан, Сұлтанмахмұт, (ақ көбік болған көңілдің көк дөненімен, үміттің жезкиігін қуу, жастық керуені жанының жайлауынан көшуі бірақ көктемгі бір көк нөсерде жанымның оты жабықтан жай түсірер), Қасым Аманжолов лирикасының үлкен әсері байқалады. Жалпы Н.Айтұлының осы типтес өлеңдерінен біртұтатас тұрғыда көркемдік тәсілдері шебер өрілген, мазмұны терең, поэтикалық айшықтары айқын да салмақты жырлары дүниеге келген. Ол жырларға ортақ сипат еркіндік, азаттықты аңсаған көңіл, адамзатқа тән ізгілік сыршыл сезімдерден тұрады. Н.Айтұлының жырларында асқақ пафос, өр екпін, шешендік талғамдармен қатар сыршыл, сезімтал, сергектік үндесіп, тілдік көркемдік сипаты да айқын, мен мұндалап тұрады. Мәселен,
Қыздың сырын анасынан сұраңдар,
Гүлдің сырын даласынан сұраңдар.
Шалдың сырын баласынан сұраңдар.
Балдың сырын арасынан сұраңдар.
Жолдың сырын жолаушыдан сұраңдар,
Тонның сырын бояушыдан сұраңдар,
Аттың сырын арбасынан сұраңдар,
Саптың сырын балғасынан сұраңдар.
Өзен сырын арнасынан сұраңдар,
Өрен сырын жолдасынан сұраңдар.
Жаудың сырын біледі тек жауынгер,
Таудың сырын біледі тек қырандар... [1, 43] толғауы әсерлеу әдісімен біріңғай толымды ұйқаспен жазылғанымен, сөз қайталау, (сұраулар, сырын т.б.) сөз орнын ауыстыру, шендестіру, үдету, бүкпелеу тәрізді риторикалық айшықтарды қолданған. Сонымен қатар, шебер афоризм мен дыбыс үйлесімі де мінсіз қолданылған.
Әдебиеттану ғылымында қолданылатын лирикалық қаһарман термині туралы теориялық еңбектерде берілген анықтамалардың дені ақын мен лирикалық қаһарманның бірлігін қуаттайды. Дегенмен автор мен лирикалық қаһарман бір-ақ адам, лирикалық кейіпкер ақынның тура көшірмесі деуге келмейді. Көркем туынды заңдылығы ауқымында қарастырсақ, өмір шындығы мен көркемдік шындықтың ара қатынасы, өмірдегі адам мен көркем шығармадағы кейіпкер арасындағы айырмашылықтың барлығы белгілі. Біз лирикалық қаһарман мен ақын ара қатынасын осы тұрғыдан сараласақ қателеспейміз.
Әдебиеттегі басты өлшем - көркемдік шындық, әдебиеттегі көркем бейне - кейіпкер екендігін ескерсек, автор мен лирикалық қаһарманның айырмашылық дәрежесін айқын білуге болады. Лирикада ақыннның сезімін білдіру жетекші роль атқаратыны ақиқат. Ақыннның лирикалық кейіпкері - өзге ешкім де емес, тек бұл оның шығармасындағы әр түрлі сипаттағы өзгеше тұрпаты ғана. Сондықтан ол өз туындысы арқылы Мен деп сөйлеуге құқылы деген қалыптасқан тұжырымның астарына өмір шындығы және көркемдік шындық заңдылығы тұрғысынан үңіле отырып, лирикалық қаһарман көркемдік-эстетикалық талаптарға жауап беретін, шындыққа сай сомдалған көркем бейне демекпіз.
Қырқаға шықсам көлденең,
Қиырды көзбен ақтарам.
Көгілдір дала көлбеген,
Көңілім бе екен деп қалам.
Қыранды көрсем аспаннан,
Қонсам деп шыңға оқталам.
Тәкаппар таулар қысқарған,
Сенімім бе екен деп қалам.
...Жағада тұрған жартасты
Төзімім бе екен деп қалам. ...
Гүлдерді көрсем шөлдеген
Сезімім бе екен деп қалам.
...Күркіреп аққан көк өзен
Өмірім бе екен деп қалам.
...Табиғат түбі, Мәңгілік
Серігім бе екен деп қалам. [1, 160]
Мұндай лирикалық туынды адам баласына ғана еншілі сезім сырларын ашуға, әлем болмысын тереңдей тануға талпынған жанның - лирикалық кейіпкердің тұлғасын мүсіндейтінін ескерсек, Несіпбектің кейде мұңға берілсе де асқақ, өр болмысын жоғалтпайтын лирикалық қаһарманына тән мінезін әрбір өлеңінен көруге болады. Ақындарға үндеу 1986 ж. өлеңінде қайсарлық, ұлттық намыс, күрес, рух, жігер, ақиқатқа -шындыққа деген жанталасқан жан айқайы әсерлі түрде ақындық асқақ шабытпен өрілген. Бұлтқа барып кіргендей күн мен айың,
Қия бассаң қашанда түрме дайын.
Тұңғиыққа тұншыққан тастай батып,
Бостандықты іздейік бірге, ағайын! [1, 175] -деп келетін азаматтық әуен, лирикалық толғанысты, уақыт күңгірт тартқанда күйзелме, жүнжіме деген ұран тастаған ақындық асау, өр мінезді танытады. Ақындық мінез, ақындық тұлғаны даралайды, ал ақындық тұлға - лирикалық қаһарман бойына сіңісіп, онымен тұтасып бірігіп кеткен рухани болмыс болмақ. Несіпбек Айтұлның ақын ретінде, тәуелсіздік жылдарында тез өсіп, қатарынан оза шауып, жарқырап, дараланып көріну себебі, оның әсемдік әлеміндегі жаңаша эстетикалық, философиялық көркемдік ойлау жүйесінің озықтығынан тыс, ақынның азаттықты ардақтап, тәуелсіздікті тұмар тұтып, оны шығарма өзегіне, жыр арқауына айналдыруында дер едік [4].
ІІ Н.Айтұлының "Арқатірек" поэмалар шоғыры
Ақындық - тәңірдің берген сыйы. Кез келген ақын ұлт ақыны деңгейіне көтеріле алмайды. Ұлтты жырлау елдік мүддені жырлау ғана емес, ол үшін бүкіл болмысыңнан, шығармашылығыңның өн-бойынан ұлттық рух жусан иісіндей бұрқырап тұруға тиіс. Тәуелсіздікті жырламаған ақын жоқ. Ал сол азаттықты барынша таным-түйсігімен түсіне, жеріне жеткізе, егіле жырлаған ақын сирек. Сол сиректің бірі - Несіпбек. Отаршылдық қиянатын ерте сезінген қазақтың осы қара баласының ел егемендігі хақындағы жырларының әр шумағын тебіренбей, еміренбей оқу мүмкін емес. Екі бірдей өктем елдің тегеруінді тезіне түсіп, ел-жұртының егемендігін сағына, сарғая күткен атаның ұрпағы, арқалы ақын Несіпбектің берісі - Алаш, әрісі - адамзат үмбетіне айтар сөз, ағытар сыры аз емес.
Бодандықтың не бір сұрқиялығын бесіктен белі шықпай, көңіліне түйген шерлі Несіпбектің Тәуелсіздікке тәу еткен жыр-толғаулары біздің өлеңдерімізден гөрі табиғи әрі шынайы екенін мойындауымыз керек! Несіпбектің өмірбаяны, тағдыр-таланы бізден өзгешелеу болды. Сондықтан да тәуелсіздік таңы атқан шақта күрмелген тілі шешілді, шідерден босаған жүйріктей көсілді.
Күштіге тізе бүгіп басым келген,
Айырылдық атақоныс асыл жерден.
Қымбатқа түсті бізге бұл азаттық,
Хан Кене, Махамбеттер басын берген...
Ақын жырларын оқып отырып баяғы Бұқар-екең айтатын
Бағаналы орда, басты орда,
Байсал орда қонған жұрт,
Қара түлкі қармалжық,
Қас сыпайы киген жұрт,
Ақсары атам аспалап,
Ел жаулауға шыққан жұрт,
Хақтың жолын күзетпей,
Жамандықты ұққан жұрт,
Бас, аяғың бай болып,
Бәсеке дәурен сүрген жұрт,
Бай төбетің маңқылдап,
Байсал тауып үрген жұрт[11] дегендей көптен күткен алтын күлдіреуішті тәуелсіздігіне тәу етіп, сырлы да сырбаз сұлу сөзден мол олжа салған екен дейсің! Несіпбек ұлттың уызына, мәйегіне жарыған ақын. Ол бүгінгі болмысқа, ірі бетбұрыстарға бей-жай қарай алмайды. Бүгінгі мен өткенді шабыстыра, шендестіре толғайды. Қазақ сөзінің құдіреті мен қарымын шебер пайдаланады. Сол үшін оны көнеден қалған бір сарқыт дерсің. Сол көненің көзіндей бір тұяқ бүгінгі тәуелсіздік бақытын, қазақтың сол жолда өткені мен кеткенін жырлау үшін арамызда жүргендей.
Иә, Тәуелсіздік біз үшін мың мәрте киелі ұғым! Бүгінде дүниедегі өркениетті жұрттардың көшін бастап, басқа елді өр кеудесімен жасқап отырған АҚШ-тың өзі өз Тәуелсіздігі үшін қаншама жыл қан кешіпті. Ал туасы ел болғаннан бері біреуге бодан болудың не екенін білмей келе жатқан мемлекеттер де бар екен. Жапония, Ұлыбритания, Швеция, Испаниялардың шежіресінде Тәуелсіздік күні атымен жоқ көрінеді! Олар баяғыдан бостан, бізше біреуге жаутаңдап, көсемсінген көрінгеннің қас-қабағына қа - рамаған...Өзінен басқаға, өзгеге қызмет етпеген! Ұлы - құл, қызы -күң болмаған! Оларда бәрі бар - ағыл-тегіл байлық, мамыржай тіршілік, емен-жарқын күлкі, тіпті адамзатқа ортақ ақша бірлігі - доллар, атом бомбасы... Бірақ бүгінде олардың ақындары не жазарын білмей қалды. Еуропа қартайды. Рухани, мораль - ық тұрғыдан артқа шегінді. Керісінше, біздің Шығыс - небір ұлы ақындары бар, тәуелсіздігін, елдігін қадір тұтар көне Шығыс қайта оянды. Өткен мен бүгінді, Шығыс пен Батысты толағай ойлап, өрелі ой айтатын, халқына, еліне жаршы болатын көркем ойдың хас шеберлері туды. Олардың инерциясы, шалғысы суылдаған қырандай отты тебіні қаймана халқын алға қарай жебеуде. Осы бір құбылысты басқа ел емес, біз өзіміз бағалай білсек-ті! [10]
Ғаламдық рухани кеңістікте алдына ел салмай, ешкімге ұқсамай ерек тұрған қазақ жырының айтулы тұлғасы Несіпбек Айтұлының поэзиясы отаршылдық ойраны - на лағынет айтқандардың көш басында тұр. Сондықтан да ол кеңестік кездің өзінде:
Сыртым бір қоңыр бағылан,
Ішім бір кекті қабылан.
Қабылан айбат шегеді,
Қабанға азу жаныған, [7] - деп жасқанбай жырлады. Бұл толғауды асылдың сынығы - Бекболат Қанайұлы қара қобызда күңірентті.
Шөп шыққан жеріне шығады, Алтын шыққан жерді белден қаз деген бар. Алтын демекші, қазаққа Тәңірі мына дүниедегі игіліктің бәрін берген. Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр аймақтың асты да - алтын, үсті де - алтын. Онда ғұмыр кешкен Алтын киімді ханзадалардың атының ер-тұрман, жүгеніне дейін алтынға апталып, күміске күптелген. Бұл - Адам-Ата - Һауа Ана жаралғалы бір-бірімен алтын үшін арбасып, неше түрлі қырғын соғыстар жасаған былайғы адамзат нәсілінің өңі түгілі, түсіне де кірмейтін дүние. Аз сөз - алтын, көп сөз - көмір деп, аузынан шыққан лебізінің өзін саф таза алтынға балайтын да осы жұрт. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай). Содан болар, қазақтың маңдайына Құдай Тағала жазған құт-ырыстың ішіндегі ең кереметі - қара өлең. Оның мына жарық жалғанда қай аттың үсті, қай түйенің қомында, қандай дуалы ауыздан қалай түсе салғаны бір Аллаға ғана аян. Белгілісі - VII-VIII ғ.ғ. тасқа таңбаланған Тоныкөк, Күлтегін, Білге Қағанның қаһармандық жырлары, Жүсіп Баласұғынның Құтадғу білік дастандары. Бұлар біздің елдің жан-жүйесін тебірентіп, ет жүрегін елжіретіп жатқанда бүкіл Еуропада мұндай шаһқар (шедевр) туындылар мен озық үлгілер болмаған. Бұған халық эпосын қосыңыз! Одан - Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағали, Фаризалар шығады ғой.
Осыншама ұлы тұлғалар жайғасқан қазақ жырының төріне шығу түгілі, босағасынан сығалаудың өзі жұмырбасты пендеге қиямет-қайыммен пара-пар дүние. Ананың құрсағынан жарық дүниеге келумен сол анаң, әкең, ата-бабаң жүрген ұлттың рухани айнасы ұлттық поэзияға жету - жер бауырлаған пенде баласының соның тартылыс заңын талқандап бұзып, ғарышқа көтерілгеніне ұқсас құбылыс! Әсіресе, дәстүрі берік, тарихы терең, тұлғалары бірінен-бірі өткен ірі, ұлттық бояуы мың құбылып, көзді арбап, көңілді алаң етіп, көкіректі көл-көсір сезімге бөлейтін қазақ жырының қақпасын айқара ашудың азабы, тіпті бөлек. Менің ақын досым Несіпбек Айтұлы соның бәрін өзегінен өткізіп, басынан кешіп, қазақ өлеңіндегі Кел, кедей, басың қос жалшымен, Байларды қойдай қу қамшымен - дейтін қара дүрсін сарынды қамшылап қуып шыққан қаракөктердің қатарын түзейді. Қайран Қасым жалғыз өзі жағасынан алып, кейін Мұқағали, Қадыр, Тұманбай, Өтежандар біраз сілкілеген бұл сілімтіктің сілікпесін шығарған осы Несіпбектер еді. Сол кездегі буыннан Мұқағали Мақатаевтың көзі осы Несіпбекке түсті. Қазақтың қайнаған қалың ортасынан шығып, орысша сақауланбай, ұлттық ойлау жүйесін жан дүниесіне сіңірген Несіпбектің өлеңдеріне Мұқағалидай Мэтрдің жан тартуы тегіннен-тегін емес еді. Дантенің Тәңірдің тәлкегін тәржімалап жүрген ұлы ақын Мұқағали Несіпбек шығармашы - ығындағы эпикалық сарынды сол кезде-ақ аңғарды. Несіпбек Айтұлы кейіннен қазақ батырларының тұтас бір поэтикалық по - нарамасын жасап, Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Бердіқожа, Шақантай, Кенесары, Тайжандардың қаһармандық образдарын сомдап шықты.
Мынау - Жалаңтөс:
Жалғанның жанған отын өшірмеген,
Тірлікте жұмбақ қанша шешілмеген.
Шешесі тұңғышына жерік болып,
Көкжалдың дейді қақтап төсін жеген.
Тереңге батырса да заман, мейлі,
Атағы аспандаған ер өлмейді.
Жарқырап апай төсі жауды қуып,
Жалаңтөс атанғаны содан дейді.
Мынау - Төлегетай:
Бұлыңғыр өткен өмір бұлдыраған,
Тұмандай түнереді тұнжыраған.
Тұтасқан көк мұнардың арасынан,
Жалт етіп көрінер ме мұңлы бабам?
Толқыннан толқын қуып кетіп жатыр,
Тіршілік аққан судай сылдыраған
Түйінін тоқсан түрлі дүниенің,
Түгелдеп бас-аяғын кім құраған?
Жұрнағын жинай алмай жұртта қалған,
Ел едік Тәңірге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz