Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы . . . 6

  1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері. . 11
  2. Есептік - реттік сан есімнің сөзжасамы16
  3. Топтық - жинақтық сан есімнің сөзжасамы. 19
  4. Болжалдық - бөлшектік сан есімнің сөзжасамы. . 22

Қорытынды25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Сөзжасам саласындағы сан есімнің сөзжасамына, мағыналық топтарына, түрлеріне түсіндірме беру.

Курстық жұмыстың мақсаты: есім сөздердің сөзжасамы, олардың зерттелуі мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері: сөздерді топтастырудың белгілі бір жүйеге түсіп қалыптасақан, негізгі үш принципке сай қазақ тіліндегі сан есімнің лексика-семантикалық сипатын айқындау; морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінуін талдау;

Ғылыми жаңалығы: сан есімнің сөзжасамы жан-жақты ғылыми еңбектерге сүйене отырып, жан-жақты қарастырылды. Сол себепті бұл жұмыс курстық жұмыс ретінде алғаш қорғалмақшы.

Курстық жұмыстың дереккөздері . Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Ысқақов А., Оралбаева Н., Исаев С., Гуревич И., Пашковский А., Мешков О., Степанова М., Шанский Н., Айдаров Г., Севортян Э., Байтұрсынов А., Жұбанов Қ., Сәдуақасов Ж., Оралбаева Н. т. б ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы . Аталмыш жұмысты мектеп қабырғасын қазақ тілі пәні сабағында, университет, коллледж студенттеріне білім беруде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни сан есімнің сөзжасамын және сөзжасам тәсілдері тіл білімінің осыларды қамтитын саласының теориялық негізіне аз да болса үлес болып қосылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Осы курстық жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтыған екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Әдіс-тәсілдер: анализ, синтез, салыстырмалы, тарихи-салыстырмалы әдіс-тәсілдер қолданылды.

Сөзжасам тілі білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу объектісі бар. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі - күрделі мәселелер жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.

Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік құбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолдануы түрінде кездеседі. Көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір - іг, біл - гі, ур - уш, иел - ме, өт - унч ), сөздерінің тіркесу арқылы жасалады (күнтүз, Темірқапығ, Қара құм, Ілтеріс, арқыш - тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынады қоланылуы да сөзжасам жүйесіне жатады. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдер болғанын анық көрсетіп тұр. [1, 8 - 9]

Ғ. Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің түрлілігін, оның тілінің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады. [2, 157]

Көне түрік тілі қазіргі түркі тілдерінің күре тамыры деп есептесек, онда көне түркі тілдерінің сөз жасалымы қазақ тіліне де тән деп есептеуге болады. Ғ. Айдаров өзінің еңбектерінде көне жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырудың қазіргі тірі тұлғаларының бірсыпыра барын және өлі тұлғалардың кездесетінін де айтып кеткен болатын.

Тілдің сөзжасам жүйесі ерте заманан бері келе жатыр, қазіргі күнде әбден қалаптасқан. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін болғандықтан, оны тұрақты деп те қарастыруға болады. Сөзжама туралы ашылып отырған жаңалықтар, сандық өзгерістер ретінде жылжымалық оның әр саласының қызметі әр заманын да құбылып тұрған.

Қазақ тілінің сөзжасамы жеке сала болғанмен, сөзжасамдық құбылыс әр сөз табымен байланысты, өйткені сөзжасамдық элементтер барлық сөз табына ортақ болмай, жеке сөз табына қатысты ғана сөз жасайды. Осымен байланысты сөзжасамдық элементтердің белгілі сөз табына қатысты айқындалады да, олар белгілі сөз табының көрсеткіші саналады.

Қазақ тіліндегі барлық сөз табының сөзжасамдық мүмкіндігі бірдей емес. Зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарының сөзжасамдық қабілеті өте күшті. Олар сөзжасамдық элементтерге де өте бай, тілдің сөзжасамдық тәсілдеренің бәрі де бұл сөз таптарына қатысты. Сан есім, үстеу сияқты сөз таптарының жоғарыда аталған сөз таптарынан сөзжасамдық мүмкіндігі сәл төмен. Есімдік, одағай, еліктеуіш сөздер сияқты сөз таптары сөзжасам жағынан тым елеусіз, сөзжасамдық қабілеті жоқтың қасы. Ал шылау сияқты сөз табының сөзжасамдық элементтері де жоқ.

Сонымен бірге әр сөз табының сөзжасамдық өзінше ерекшелігі де болады. Бұл тұрғыдан еліктеуіш сөздер мен сан есімді атауға тура келеді. Мысалға еліктеуіш сөздерде қосымша бірілі - жарым болып, қосақтау тәсілі негізгі орын алады. Сан есімде қосымшалар аз, негізінен аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Бұл ғана емес, сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуында да өзіндік ерекшелігі бар.

Тілімізде сөз таптарының көбі өзінің құрамына сөзжасам процестері арқылы толықтырып, байытып отырады, олар үшін сөзжасам процесі - үздіксіз болып отыратын құбылыс. Бірақ сөзжасамдық процестің үздіксіз болып отыруы барлық сөз табына қатысты емес. Сөз таптарының сөзжасам жүйесіндегі осы ерекшелігіне қарап, үнемі дамудағы сөз таптары және белгілі деңгейдегі сөз таптары деп бөлуге де болады. Бірінші топқа зат есім, сын есім, етістік, үстеу жатады. Екінші топқа есімдік, сан есім, одағай,, еліктеу сөздер, шылаулар жатады [3, 18 - 19] .

Сан есім - есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінің мағынасы мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жақын. Сан есім -заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика - грамматикалық сөз табы. Мысалы: бес, екі, жиырма сөздері сол заттардың тек сандық, мөлшерлік жағын ғана, демек, олардың сан жағынан қанша екендігін ғана анықтайды[4, 191] .

Сан есім жүйесі өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есім сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады. Сан есім сөзжасамына басқа сөз таптарының сөздері қатыспайды яғни басқа сөз табынан сан есім сөздер жасалмайды. Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдері біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалы: сан есімде семантикалық тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есім сөзжасамда негізгі қызмет атқарады.

Сан есімнің жекелеген қосымшалары тек сан есімдерге ғана жалғанады, басқа сөз таптарына жалғанбайды яғни мұнда негіз сөз тек сан есім ғана болуы тиіс. Бұл жағдай сан есім сөзжасамның өз ішінде тұйықталуын туғызған, басқаша айтқанда, сан есім сөзжасамы өз аясында қалады, бұл да - сан есім сөзжасамының бір ерекшелігі.

1 Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы.

Сан атаулары - өте ертеден келе жатқан сөздер тобы, олар барлық көне жазба ескерткіштерде кездеседі. Сан есімдердің көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларының қалай жасалғаны анық көріне бермейді. Ал марксизм - ленинизм қағидасы бойынша жалпы сандық ұғымның қалыптасуы ақиқат өмірмен байланыстырылады.

В. В. Виноградов осы қағидаға негізделе отырып, - орыс тіліндегі сан атаулары зат есім мен сын есімнен бөлініп шыққан, - дейді[5, 25] . Түркологтарда да осы пікір кездеседі, Н. А. Баскаков: «Сан есімдер - есімдерден бөлініп шыққан сөз табы, олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіреді» - деген[6, 225] .

Қазақ тіліндегі сан есімдерді зерттеп жүрген ғалымдардың бірі Ә. Хасенов осы пікірді қолдайды: «Түркі тілдеріндегі негіздік сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі. Екіншіден, белгілі бір құбылыстың өткен тарихын қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі тілдік фактілер, мәселен жоғарыда келтірілгенсандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды» -дейді[7, 20] . Бұл келтірілген пікір - жалпы тілде сан есімнің пайда болуы жөніндегі жорамал. Бірақ ол сан атауларының нақтылы қалай жасалуы жөніндегі мағлұмат емес.

Сан есімдер де - өзінің сөзжасамдық жүйесі бар сөз табына жатады және сан есімнің сөзжасамдық жүйесі көне ертеде қалыптасқан. Сан есімнің сөзжасам жүйесінің өзіндік сөзжасам элеменнтері, моделдері, типтері бар. Сан есім өзіндік сөз жасау тәсілдері бар. Мысалға сан есімде семантикалық тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсілде өнімсіз болып табылады, сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есімнің сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.

Сан есімнің сөзжасамдық элементтері белгілі бір заңдылыққа негізделген. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі бір қосымшалармен ғана байланысты. Сан есім - қосымшағы өте кедей сөз табы. Сан есімнің сөзжасамы қосымшаларының қолданудың өзіндік тілдік заңдылықтары бар. Мысалы: сан есім жұрнақтары басқа сөз табына жалғанбай, тек сан есім сөздерге жалғанады да, одан сан есімнің түрлі семантикалық топтарын жасайды. Өзге сөз таптары қосымша талғамайды, сан есімде оның сөзжасамдық қосымшалары өз аясынан шықпайды. Сан есім қосымшалары жаңа сан жасай алмайды, тек сан атауын түрлендіріп, оған мағына үстейді. Мысалы: Үшінші, төртінші күндері ағаш отырғызушылардың тобы көбейе түсті. Иә, айтты - айтпады, өткен жылы бесінші бөлімше колхоз бойынша мемлекетке астық сату жоспарын бірінші болып орындады. (Қ. Боранбаев) . Осындағы үшінші, төртінші, бесінші, бірінші деген сан есімдердің құрамындағы -нші, -інші жұрнағы реттік сан есімдер жасайды, яғни сан есімнің бір семантикалық тобының жұрнағы.

Мұндай сан есім қосымшалары көп емес, оларға реттік, жинақтық сан есімдердің қосымшалары жатады. Сан есімнің түрлі семантикалық топтары жасалу үшін, басқа сөз таптарының қосымшалары да пайдаланылады. Бұл құбылыс та тіл заңдылығынан негізгі орын алмағанмен, тілде бар жағдай. Тілдік элементтердің өз қызмет атқаруы кездесіп отырады. Сан есімнің семантикалық топтарының жасалуында бұл біраз орын алады. Мысалы: Жасы сол кезде қырықтарды алқымдалған, сақалды, мұртты кісі еді (С. Мұқанов) . Жасы отыздардағы, қыр мұрынның астына шоқталап мұрт қойған сіріңке қара жігіт (Ж. Жұмақанов) . Мұнда қырықтар, отыздар деген болжалдық сандар сен есімге көптік жалғау жалғану арқылы жасалған. Сан есімнің болжалдық семантикалық тобының жасалуына зат есімнің көптік жалғауы қатысып тұр.

Сан есім құрамында кездесетін көне қосымшалардың жағдайы басқашарақ: Олар -ыз/ -із (сегіз, тоғыз), -ты/-ті (алты, жеті) . Бұл морфемалардың этимологиясы белгісіз. Қосымша сөзде жиі кездесетін элемент, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздерінің құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіркеледі. Бұл заңды, өйткені сан есім сөзжасамының негізі - синтетикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан тұратын алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан атауларын келтіруге болады. Н. К. Дмитриев кейбір жеке сөздердің этимологиясына келсек, алтымыш (алпыс), етемеш сөздері алты, ете (жеті) сөздерінен - мыш, - меш жұрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді білдірген болу керек. Мұндай сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ол сексен, тоқсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші компонентті он сөзінің өзгерген түрі деп санайды[8, 90] .

Қ. Мұсаев та осы пікірді қуаттап, кейбір сан атаулары этимологиясы тұрғысынан күрделі сан есімдерден шыққан, мысалы: алты -мыш, йет (и), сексен (секиз он), тохсан (тоғуз - он) -дейді[9, 200] .

Қазақ тілі мамандарынан Ә. Хасенов оыс пікірді қуаттай отырып былай дейді: « мыш - міш формаларын айқындауда еске алынуға тиісті бір жағдай бар. Ол қазіргі чуваш тіліндегі реттік сан аффиксі - меш . Мәселен чуваштарда бірінші, оныншы сияқты формалар перемеш, вунамеш түрінде қолданылады. Бұл форма түрік тілдерінің басқа ешбіреуінде жоқ. - мыш аффиксі өте көне аффикс. Дегенмен - мыш «он» ұғымынан білдірген деген пікірді түркологияда толық дәлелденген пікір деуге тарихи дерек жоқ»[7, 23] .

Алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарының жасалуы туралы пікір өте ертеден келе жатқанымен[10, 274], Ә. Хасеновтың бұл мәселе «толық дәлелденген деуге тарихи дерек жоқ» деген сөзіне қосылуға болады, өйткені осы пікір айтылғанан бері қанша уақыт өткенмен, оған әлі ұтымды, жаңа дерек қосылған жоқ. Бірақ жоғарыдағы пікірлердің бәрі ондық атаулардың жасалуынан бірлік - ондық моделіне апаратыны анық. Көне түркі тілінде ондық атауларының жасалуында осы модельдің қолданылғаны ақиқат шындық. С. Е. Малов орхон жазбаларында ондықтардың бірліктерімен тіркесте жиырма, отыз, елу, алпыс сияқты атаулары қоладанылса, бірліксіз таза ондық түрінде екон, үшон, төртон, бесон, алтон сияқты атайларының қолданылғанын айтқан [10, 274] . Ондық атауларының алғашқысы қазіргі түркі тілдерінің көбінде сақталса, соңғысы аздаған тілдерде ғана сақталған. Олар: сары ұйғыр, тофалар, тува, алтай, якут, хакас тілдері.

Сөзжасам жүйесінің заңдылығы бойынша жаңа сөз тілде бар модельмен жасалады. Олай болса ондықтардың соңғы атаулары да бұрын ондықтар жасалған модель бойынша жасалған бірлік + ондық моделі оның алдындағы алпыс, жетпіс сияқты сан атаулары жасалған модель деп танылуы қажеттігі шығады. Егер бұл дұрыс болса, онда алпыс, жетпіс сияқты сандардың құрамындағы - пыс, - мыс компоненттерін түркологтардың он ұғымын берген сөз деген пікір растала түседі.

Сөйтіп, аталған ондықтардың құрамындаңы морфемдік күрделілік олардың қосымша арқылы емес, бірлік пен ондық ұғымды білдіретін сөздерден ондық атаулары жасалғанын көрсетеді. Қазңр құрамы әбден жымдасқан бұл сөздердің аналитикалық тәсіл арқылы екі санның тіркесінен, олардың біріне - бірі көбейтілуі арқылы ондықтардың атын жасағаны көрінеді. Аталған тәсіл сан есім сөзжасамында өте ерте кең тараған. Негізгі ерте қаланған аналитикалық тәсіл күні бүгінге дейін сан есім сөзжасамында негізгі орын алады. Ешбір сөз табының сөзжасамынан ол сан есімдегедей орын алмайды. Бұл сан есім сөз табының даму тарихының барлық кезеңіне қатысты деуге әбден болады.

Сан есімнің сөзжасам жүйесінен мынадай жағдайлар анық байқалады. Сандық атау жасауды қатысты элементтер - тек қана сан есімдер. Ал сан есімнің семантикалық топтарының жасалуына сан есімнің өз көрсеткіштерімен қатар басқа сөз таптарының кейбір көрсеткіштері де актив қатысады. Әрине, сан есімнің семантикалық топтарын жасауға кез келген қосымша қатыса бермейді. Ондай қызметке араласатын қосымшалардың түрлері де, саны да белгілі, олар әр семантикалықтоптың жасалуында айтылады. Сан есімнің тағы бір ерекшелігі - сан есімнің сөз тудырушы, сандық ұғым жасаушы жұрнақтары жоқ. Сол себептен сан есім басқа сөз таптарынан жұрнақтар арқылы сан есімге айналып, өз құрамын толықтыра алмайды, басқа сөз табынан сан есімге айналдыратын аффикстер сан есімде жоқ. Ешбір сөз табы сан есім сөзжасамына негіз бола алмайды.

Сан есім өзінің құрамын өзге сөз табтарынан толықтыра алмайды. Сан есімнің сөзжасамының бір ерекшелігі деп осы басқа сөз таптарынан жасалмайтындығын айтуға болады. Сан есім сөзжасамына тек сандық атаулар ғана негіз болады, басқа сөз таптары сан атаулысан жасай алмайды. Сан есім сөзжасамы сан есім аясынан шыға алмайды. Сан есімдер өзінің ішкі мүмкіндігі арқылы ған байып, толығып, басқа сөз таптарында кездеспейді. Сондықтан рны сан есмнің сөзжасамына ғана байланысты негізгі ерекшелігі деп санауға әбден болады.

Бірақ бұған қарап, сан есміде қосымша жоқ деуге болмайды, өйткені сан есімнің өзіне ғана тән кейбір қосымшалары бар. Олар жаңа сандық мағына туғызбайды, санға үстеме ұғым қосып, сан есімнің түрлі семантикалық топтарын жасайды. Сан есімнің қосымшалары тек қана сан есімдерге жалғанады, басқа сөз таптарына жалғанбайды. Яғни мұнда негіз сөз тек сан есім ғана болуға тиіс. Бұл жағдай сан есім сөзжасамының өз аясында қалады, бұл да сан есім сөзжасамының тағы бір ерекшелігі.

Сан есім сөзжасамының осы ерекшелігі көне замандардан қалыптасқан. Оған сан есім сөздердің морфемдік құрамы да толық дәлел болады. Сан есім сөздердің морфемдік құрамындағы кей сөзде ғана өосымшаға ұқсас морфема бар, олар: - пыс, - піс (алпыс, жетпіс), - із, -ыз (сегіз, тоғыз) .

Сан есім сөзжасамында тағы бір ерекшелік өзіне назар аударады. Сан есім сөзжасамындағы негізгі модельдер мен тәсілдер қазір өз қызметін тұйықтаған, өте пассивтенген, олар тілді сан атауларымен қазір күнделікті толықтырылып отырған модельдер мен тәсілдер емес. Анығырақ айтсақ, сан есім сөзжасамының модельдері мен тәсілдері бір кездерде өте актив қызмет атқарып, тілдегі сан атауларын жасаған. Тілімізге орыс тілінен миллион, миллиард, триллион сияқты сан атаулары енген кезде де олардың тіркесімен талай сан атауларын жасауды сан есімнің сөзжасамының тәсілдері мен модельдері қызмет атқарады. Бірақ сан есім сөзжасамының тәсілдері мен модельдері қызмет атқарды. Бірақ сан есім сөзжасамының тәсілдер мен модельдері қазір жаңа сан атауларын жасап, тілге жаңа сан қосып, үздіксіз қызмет етіп отырған жоқ. Бұл арада олардың қызметін зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарының сөзжасам модельдері, тәсілдерімен салыстыруға келмейді. Сондықтан да сан есім құрамы басқа сөз таптарымен салыстырғанда, тұрақты деуге болады. Аталған жағдайлар сан есім сөзжасамының өзіндік ерекшелігін танытады[3, 27] .

Тіліміздегі сан есімдердің басқа тілден енген сан атаулары арқылы толығуы өте өнімсіз және тілдің басқа тілден сан атауларын қабылдауы жүйелі түрде болып тұратын құбылыс емес. Бұл жолмен де сан есім толығып, байып отырмайды. Сан есім сөздер сырттай қарағанда, өте аз болып көрінеді, өйткені көпшілік бұл сөз табына бірлік, ондық атаулары мен жүз, мың сияқты сөздер ғана жатады деп ойлап қалады. Шындығында сан есімге жататын сөздер жиырма шақты дара сөздермен ғана шектеліп қоймайды, оның құрамы бұлардан әлдеқайда мол. Сандық ұғымдарды білдіретін сөздер басқа ешбір халықтың тілінен кем емес. Қазақ тіліндегі аналитикалық тәсіл арқылы елу сегіз модель бойынша миллионға дейін 80 күрделі сан атаулары жасалған, сан есімді сөз табы дәрежесіне көтеретіндер де - осы күрделі сан атаулары. Бірақ олар санаттан тыс қалып, сөздіктерде көрінбей жүр. Сан есім атауларынан сөздікте небәрі жиырма шақты дара сандардың атаулары ғана беріледі.

1. 1 Сан есімнің сөзжасам тәсілдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Сын есім сөзжасамы
Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі
Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері
Сөзжасамның жалпы түсініктері. Морфемдік талдау және орфография
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz