Етістік категориялары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ЕТІСТІК КАТЕГОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
1. 1 Етістік және оның категориялары . . . 6
1. 2 Етістіктің морфологиялық, лексика-грамматикалық сипаттары . . . 8
ІІ ТУЫНДЫ ЕТІСТІКТЕР
2. 1 Туынды етістіктердің зерттелу тарихы . . . 19
2. 2 Туынды етістіктердің жасалу жолдары . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі - морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде етіктің ерекшеліктерін, оның ішіндегі туынды етістікті талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу нысаны. Етістік сөз табының ерекшеліктері, категориялары, құрылымына қарай бөлінуі, туынды етістіктер, олардың жасалу жолдары.
Жұмыстың мақсаты. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала - морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі - етістік, оның құрылымы, туынды етістіктердің жасалу жолдарын айқындау, етістік тудыратын жұрнақтарды бөліп қарастыру.
Жұмыстың міндеті. Етістік категорияларының ерекшеліктерін ажырату, морфология, лексика-семантика тұрғысынан қарастыру, туынды етістіктердің пайда болуын зерттеу, етістік тудыратын жұрнақтарды жіктеу, топтастыру.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі - туынды етістіктер. Туынды етістіктердің пайда болуы, етістік тудырушы жұрнақтардың түрлері.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Етістікті морфологиялық тұрғыдан қарастыра отырып, туынды етістік жасайтын жұрнақтарды зерттеу, топтастыру, туынды түбірлердің қай мәнде жұмсалатынын айқындау, туынды етістіктердің жұрнақтар арқылы қай сөз табынан пайда болғанын дәлелдеу.
Зерттеу әдісін. Курстық жұмысты жазу барысында сипаттама әдіс, талдау әдісі, салыстырмалы әдіс, топтау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының маңызы. Грамматикалық категориялардың ішіндегі етістік категорияларының ерекшеліктерін, олардың негізгі қағидаларын анықтау, мағыналық ерекшеліктерін ашу, туынды етістіктердің пайда болуы мен туынды етістік жасаушы жұрнақтарды бөліп қарастыру, зерделеу - қазақ тіл біліміндегі морфология саласының өзекті мәселесінің дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа үш бөлімнен және әр бөлім бірнеше тараулардан және әдебиеттер тізімі мен сілтемелерден тұрады.
Етістік - қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер - етістік.
Етістіктердің лексика - граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.
Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф-хас-Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі».
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан ғалым Махмуд Қашқари «Диуани - лұғат ит - түркі сөздігі».
Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М. Қашқари қалдырған мұралар әр жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай - қайсысының болса да тарихымен байланыстырып, одан әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін абыройлы да аса - жауапты міндеттерден саналады.
Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы ғұлама М. Қашқари «Сөздігі» әрқашан да тюркологтардың тіліне тиек, объект болып келгені мәлім.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том - түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.
Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т. б. негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.
Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі емес. сонымен бірге, түбір салдары - ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.
Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады. Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.
М. Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П. Мелиоранский «Араб - филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.
Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н. А. Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте» кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.
Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр - ад - Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде «Китаб - ал - идрак ли - лисан ал - атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал - Аддин Мухаммед ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 - 1954 бастырып шығартқан поляк түркологы - Ананиаш Зайоновский.
Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім - есім; екінші бөлімінде - етістік сөздер.
Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында басталған. Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін көрген тіл - мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында жазылып, Петербургта «Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың «Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая граматика турецкого - татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің «Краткая граматика казак - киргизского языка» деп аталатын еңбектер т. б. жарық көрді.
І ЕТІСТІК КАТЕГОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
1. 1 Етістік және оның категориялары
Етістік түбірі білдіретін жалпы гамматикалық мағынаға ешбір өзгеріс енгізбей, оған қосымша грамматикалық мағына үстейтін және жіктелуге негіз болатын белгілі бір грамматикалық тұлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады [15:60] .
Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен, сөйлемде көбінесе қимыл иесі - субъектінің пікірі, іс-әрекетті шындыққа қаншалықты қатысты екенің көрсетіп, модальділік мәнге ие болып отырады. Етістіктің жалпы грамматикалық мағынасының үстіне үстелетін осындай модальділік мәндер рай категориясының жеке түрлері негізінде іске асады.
Ашық рай қимылдың, іс-әрекеттін белгілі бір негізде болу-болмауымен, яғни шақтық ұғыммен байланысты. Басқаша айтқанда, үш шақтың бірінде қолданылған етістік ашық рай тұлғасында тұрған болып есептеледі.
Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттін болу-болмау шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -се, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Осы мен, тегі, ақын болсам керек. (Ә) 1. Мен бар+са+м. 2. Сен барсаң. Сіз барсаңыз. 3. Ол барса.
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттін орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйыру мәні ІІ-жақта айқын болады да, ІІІ-жақта бұйыру, өтіну мәні басым болады, ал І-жақта бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді [16:12] .
Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына -ғы/гі, -қы/кі қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел» көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге -са (-се) игі еді, -ғай (-гей), -са екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы:
1. Менің барғым келеді.
2. Сенің барғың келеді.
Сіздің барғыыңыз келеді.
3. Оның барғысы келеді.
Шақ іс-қимылдың, жай күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория.
Шақ категориясы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, грамматикалық жолдарымен беріледі. Шақтың үш түрі бар [17:83] .
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқаның білдіреді. Осы шақ мағыналық мағыналық ерекшелігіне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып бөлінеді.
Нақ осы шақ - қалып етістіктің тікелей жіктелуі арқылы не көсемшенің -ып, -іп, -п, -а, е, й, тұлғасындағы негізгі етістікке осы қалып етістіктің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақ - а, е, й тұлғалы етістіктің жіктеліп келуі арқылы жасалады: барады, айтады т. с. с. Оны бір грамматика ауыспалы осы шақ деп берсе, енді бірі, жалпы осы шақ. Мысалы: құс ұшады, әнші ән салады [8:34] .
Өткен шақ - қимылдың, іс-әрекеттін сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенің (немесе болмай қалғаның) білдіреді.
1. Жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттың алдында ғана болып өткенін білдіреді.
2. Бұрынғы өткен шақ - қимылдың, іс-әрекеттін сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді. Оның айғақты түрі есімшенің -ған/ген қосымшасы арқылы, айғақсыз түрі -ып, іп, п арқылы жасалады.
3. Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, етін, итін, (баратын, баратын кім?) -ар, -ер, - р және еді көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады.
Келер шақ - қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын білдіреді.
1. Болжалды келер шақ - ар, ер, р, с.
2. Мақсатты келер шақ - мақ, мек.
3. Ауыспалы келер шақ - а, е, й .
4. Сенімді келер шақ - ғалы, гелі (отыр, жүр, жатыр) .
Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, қимылдың қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін - етістіктің жіктелуі дейді. Жіктік жалғаудың үш жағы болады:
І - сөйлеуші жақ.
ІІ - тыңдаушы жақ.
ІІІ - бөгде жақ.
Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір жағынан, бір тектес грамматикалық (жіктік) мағына білдіріп, екінші жағынан, әр жақты (жекеше, көпше) әр түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық категория болып танылады.
Сонымен бірге жіктік жалғаудың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше. Ол сөйлемді тиянақтап, бір жағы қимылдың иесі - бастауышпен (субъектімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады.
Жақ деген ұғым мен жіктелу бір-бірімен толық балама емес. Өйткені, жіктік жалғау тек жақтың мағынамен ғана шектеліп қоймайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас еді. Өйткені жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар.
Жақ ұғымы қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы іске асатынын білдіреді де, субъекті мен предикат арасындағы семантикалық және грамматикалық қатынасты көрсетеді. ІІ жағынан жіктік жалғау, ІІІ жақта (жекеше, көпше) әрқайсысына тән арнайы грамматикалық тұлғалары бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады.
Жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік емес. Әдетте жіктік жалғау етістік түбіріне тікелей жалғанбайды, ал есім сөздерге тікелей жалғанады. Сондай-ақ етістіктің жіктелуі біркелкі емес.
Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
1. Етістіктің түбір тұлғасы тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер тікелей жіктеледі.
2. Етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғау жалғанады.
1. Етістіктің есімше (-ған, -ген, -атын, -ар, -р, -с), қалып етістіктері, есім сөздер біркелкі жіктеледі. -уда, уде тұлғалы тұйық етістіктер есімдерше жіктеледі.
2. Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, - й, -п, -ып, -іп) І-ІІ жақтарда есімдерше жіктеледі де, ІІІ жақта арнайы -ды/ді жалғауы болады.
3. Шартты рай (-са, -се), жедел өткен шақ (-ды, -ді) тұлғасының түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі.
4. Етістік бұйрық рай тұлғасында ерекше жіктеледі.
5. Етістіктің ерекше жіктелетін түрі - қалау рай [8:132-б]
1. 2 Етістіктің морфологиялық, лексика-грамматикалық сипаттары
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы кең грамматикалық категория. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді. Жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі [1:44] . Жалаң етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б. Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады [2:57] . Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б. Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен. Туынды етістіктер: Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей. Есім негізді етістіктер: Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады [3:61] . Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар: -лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы; -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы; -лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы; -а (-е) жұрнағы; -ай (-ей, -й) жұрнағы; -қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы; -ар (-ер, -р) жұрнағы; -ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы; -ық (ік) жұрнағы; -сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары; -сын (-сін) жұрнағы; -сыра (-сіре) жұрнағы; -ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы; -ырай (-ірей) жұрнағы; тек белгілібіресімдерден, кейбіреулері тек санаулығанаесімдер мен , әрімаңдымсызжұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады: -ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б. ) -шы, -ші -ан, -ен, -ын, -ін, -н -ырқа, -ірке -ырқан, -іркен -ына, -іне -қа, -ке, -ға, -ге -ди, -тый, -ти. Етістік негізді етістіктер: Бұл салаға етістік негіздерінен арнаулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады . Бірінші тобына өзі жалғанатын етістік негіздерінің мағыналарына амалдың жиілену, еселену, қайталану, үстемелену, солғындау сипаттарын білдіретіндей рең жамайтын жұрнақтар жатады, олар, шартты түрде, амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады. -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) -қыла (-кіле, -ғыла, -гіле) -мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле) -ғышта (-қышта, -кіште, гіште) -ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре) -ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре) -ыстрыр (-істір, -стыр, -стір) Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар етіс жұрнақтары деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz