Тіл біліміндегі морфология саласындағы грамматикалық мағына және сөзжасамның тәсілдері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: І ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Грамматикалық мағына және оның түрлері . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары . . .
3: 12
КІРІСПЕ . . .: ІІ СӨЗЖАСАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
3:
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Сөзжасам туралы жалпы түсінік . . .
3: 18
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Сөзжасамның сентетикалық тәсілі . . .
3: 20
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Сентетикалық тәсілдегі түбір морфемалар, олардың мағыналық және құрылымдық сипаты . . .
3: 23
КІРІСПЕ . . .: 2. 4 Сөзжасамның аналитикалық тәсілі . . .
3: 25
КІРІСПЕ . . .: 2. 5 Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі . . .
3: 31
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 33
КІРІСПЕ . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 35

КІРІСПЕ

Тіл - қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды қатынас құралы. Осы себептен де, ол бір жағынан, ойлаумен, екінші жағынан, сол арқылы санамен тікелей байланысты және қоғамдық өмірде белгілі бір қызметтер (коммуникативтік, эстетикалық-экспрессивтік т. б. ) атқарады. Тіл, ең алдымен, ойды жарыққа шығарып, жетілдірудің құралы болу арқылы ойлаумен тікелей байланысты. Соңдықтан тілдің негізгі единицалары ойлаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады. Мысалы, сөз ұғымды білдіріп, соның тілдік көрсеткіші болса, ойды білдірудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем болып табылады. Сондай-ақ, тілдік единицалардың бұдан басқа да өзіндік мәндері, атқаратын қызметтері бар. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы дүние, объективтік шындық туралы адамның санасын қалыптастырады, оларды есте сақтауға негіз болады. Осы жағынан келгенде де тіл бірдеңені үйренудің, білудің, шындықты бейнелеудің, тіпті абстракты түрде ойлаудың қүралы да болып табылады. К. Маркстің «Тіл де сана сияқты өте көне құбылыс» - деуі осыдан болса керек.

Тіл білімінің қай саласын алсақ та, оның зерттеу объектісі я тікелей, я жанама түрде сөзге келіп тіреледі. Өйткені сөзде фонетикалық қасиет (дыбыстық кешен) те, лексика-семантикалық қасиет (ішкі мағына) те, сөзжасам қасиеті (жаңа сөз я жаңа мағына) де, грамматикалық қасиет (морфологиялық құрамы мен құрылысы, сөздердің түрленуі, сол арқылы бір-бірімен байланысқа түсіп, алуан түрлі грамматикалық мағыналар білдіріп, сөйлем құрауы) те бір-бірімен қабысып, қабаттасып келіп отырады.

Грамматика (гректің grammatike- оқи алу, әріп жаза білу деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарды, сөйтіп, сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Грамматиканың бір саласы морфологияның (гректің mогрһе - форма, тұлға және lоgоs - сөз, ілім деген сөздерінен құралған) да зерттейтін басты обьектісі - сөз.

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т. б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тіл біліміндегі морфология саласындағы грамматикалық мағына және сөзжасамның тәсілдерін анықтап, оларға түсіндірме беру.

Зерттеу нысаны. Морфология саласындағы грамматикалық мағына, түрлері, тәсілдері және сөзжасам саласындағы сөзжасамның аналитикалық, синтетикалық және лексика-семантикалық тәсілдері.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ тілінің дамуы барысында қалыптасқан сөзжасам жүйесінің негізгі жаңалықтары мен тәсілдерін айқындау, олардың теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымын талдау және тәсілдерін түсіндіру. Морфология саласындағы грамматикалық мағына туралы толыққанды түсінік бере отырып, оның ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеті. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдарын айқындау; сөзжасам жүйесі мен атау теориясының байланысын саралау; сөзжасам жүйесі және уәждеме; сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарын анықтау; сөзжасам жүйесіндегі негізгі тәсілдерді саралау; туынды сөз табиғатын талдау; сөз таптарының сөзжасамын айқындау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Сөзжасам бойынша сөзжасам тәсілдерінің бір-бірінен ара жігін ашу, олардың ерекшеліктерін айқындай отырып олардың қазіргі қазақ тілі тіл біліміндегі орнын ашу. Грамматикалық категорияларын да зерделей отырып, олардың ерекшелікерін сипаттай түсіндіру.

Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Ысқақов А., Оралбаева Н., Исаев С., Гуревич И., Пашковский А., Мешков О., Степанова М., Шанский Н., Айдаров Г., Севортян Э., Байтұрсынов А., Жұбанов Қ., Сәдуақасов Ж., Оралбаева Н. т. б ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Зерттеу әдістері. Курстық жұмысты жазу барысында сипаттама әдіс, талдау әдістері, салыстырмалы әдіс және т. б әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмысты мектеп қабырғасын қазақ тілі пәні сабағында, университет, коллледж студенттеріне білім беруде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни грамматикалық мағына және сөзжасам тәсілдері тіл білімінің осыларды қамтитын саласының теориялық негізіне аз да болса үлес болып қосылады.

Қаза тіл біліміндегі морфология мен сөзжасамның болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Осы курстық жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтыған екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі дыбыстар, олардың жүйелілігі мен қолданылу ерекшеліктері, заңдылықтары болса, дыбыстардың қыр-сыры, жасалу, артикуляциялық ерекшеліктері мен қолданылу заңдылықтары сөзге тікелей байланысты, сөз арқылы, сөздер құрамында ғана олар толық көріне алады. Жеке дыбысты айтқаннан оның барлық сипаты толық айқындала бермейді. Сөздің бар сипаты оның қолданысында, сөйлем ішінде айқындалатыны сияқты, дыбыстардың да бар қасиеті сөз құрамында қолданылуы арқылы айқындалады. Сондықтан да сөз фонетикаға да қатысты. Міне, осы қасиеттері негізінде сөзді өте күрделі тілдік единица деп түсінеміз. Сөз - сөйлемнен кейінгі ерекше тілдік единица, өйткені ол - тілдің мәнді, мағыналы бөлшегі және сөйлем құрауға негіз болатын тілдік единица.

Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып толықтырып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Бұл - құбылыс қай тілге де жат емес және ертеден келе жатқан, белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы - тілдің сөзжасам жуйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Ал ол тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі құрылымлық мәселесі, сондыктан сөзжасам взект) мәселе болған жерде - оның сөзжасамдық тәсілдері сөз болмауы мумкін емес. Басқа тілден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мумкіндігі арқылы создік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жаткан жаңа сөздердің бәрі де белілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жактарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды.

І ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА

1. 1 Грамматикалық мағына және оның түрлері

Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда (сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ) оған (тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, қазақ тілінде ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.

Тілдегі әрбір сөздің (белгілі ұғымды білдіре алатын мәңді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық мағынасы - нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады. [2, 60-66 б. ]

Грамматикалық мағына, айналып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойныңа кірер денең (Абай) деген сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бір лексикалық мағынаны және бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: 1. туғанда, лексикалық мағынасы - нақты туу қимылы; грамматикалық мағыналары 1) жалпы қимылды білдіру; 2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән; 4) бір қимылдың (ашудың) мезгілін білдіру; 2. дүние, лексикалық мағынасы - әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мән; 3. есігін, лексикалық мағынасы - үйдің бір бөлігі болып табылатын (есік) нақты заттың ауыспалы мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) екінші бір затқа дүние тәуелді, соның бөлшегі болуы; 3) ол тәуелділік 3-жаққа қатысты, 4) тура обьектіні білдіру; 4. ашады, лексикалық мағынасы - ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіру, 2) ол қимылдың сабақты болуы, 3) ауыспалы осы шақ мәнін білдіру, 4) 3-жақтағы субьектінің қимылы; 5. өлең, лексикалық мағынасы - нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) ашу қимылының грамматикалық субьектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық мағынасы - нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы; 2) кіру қимылын білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы - нақты жер деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) қатыстық-меншіктік мән; 8. қойныңа, лексикалық мағынасы - нақты қойын деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) екінші бір затқа жер тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта болуы, 4) қимылдың (кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы - нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер шақ мәні, 4) 3-жақ субъект арқылы ол қимылдың іске асуы; 10. денең, лексикалық мағынасы - дене деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру қимылының грамматикалық субьектісі. Бұлар осы сөйлемдегі сөздердің білдіретін бөлек-бөлек мағыналары. [4, 40-42 б. ]

Осы шағын талдаудан көрінетіңдей, сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі.

Осымен байланысты мынадай сұрақ туады: Нақты заттың аты немесе нақты қимыл болса, ол лексикалық мағына да, жалпы заттың аты немесе жалпы қимыл болса, ол грамматикалық мағына бола ма?

Бұл сұраққа нақты да толық жауап беру үшін жоғарыдағы сөйлемдегі сөздерді талдап көрейік.

Берілген сөйлемдегі дүние, есік, жер сөздерінің әрқайсысы жеке-жеке ұғымды біддіретін заттың аты, туғанда, ашады, кірер нақты қимыл ұғымын білдіретін сөздер, соңдай-ақ төрт, жеті нақты санды білідіретін сөздер, ақ, көк, сары - заттың нақты түсін білдіретін сөздер, т. б. Атап айтқанда, дүние - өмір, тіршілік [1, III, 204 б. ], есік - ауыс., өмірге, іс пен еңбекке алғаш аттап, қадам басып кіру, араласу [1, III, 453 б. ], жер - жер планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы, құрлық [1, 14, 90 б. ] дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешбір ортақтық, жақындық жоқ, әрқайсысы - бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда : - ана құрсағынан шығу, дүниеге келу [1, IX, 254 б. ], ашады - ауыс., жабық тұрған нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту [1, I, 507 б. ], кірер - ену, келу [1, V, 411 б. ] дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ортақтық, ұқсастық жоқ, бір-бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт- үштен кейінгі есептік сан [1, IX, 243 б. ], жеті - алтыдан кейінгі сан [1, IV, 113 б. ] дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек; ақ - қардың, сүттің, бордың түсіңдей қараға қарама-қарсы [1, I, 126 б. ], көк - ашық аспан тәрізді түс [1, V, 118 б. ], сары, - піскен егіннің немесе апельсиннің түріңдей түс [1, І, 187 б. ] дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, өйткені бұлар әр түрлі түстерді білдіреді.

Сонымен бірге бұл нақты (лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін. Атап айтқанда, дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді, туғанда, ашады, кірер жалпы қимылды, іс-әрекетті білдіреді, төрт, жеті - жалпы бір санды білдіреді, ақ, көк, сары - жалпы түсті білдіреді, яғни сапалық сынның белгілері. Міне, бұл соңғы көрсетілгендер нақты лексикалық мағыналардың жалпылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар, яғни бұлар белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипаты емес, белгілі бір топтағы (айталық, заттың атын білдіру немесе қимыл, іс-әрекетті білдіру т. б. ) сөздердің ортақ жалпы мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ құрайды: дүние, есік, жер - заттың атын білдіретін сөздер - зат есім, туғанда, ашады, кірер - қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер - етістік, төрт, жеті - заттың саныы біддіретін сөздер - сан есім, ақ, көк, жақсы, үлкен, биік заттың сынын білдіретін сөздер - сын есім т. б. Сөйтіп, сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөздерден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық топ құрауға бейімделеді. Соңда сөзде жалпы заттың атын, немесе жалпы қимылды, немесе жалпы санды, т. б. білдіретін бір ғана жалпы грамматикалық мағына бола ма немесе жоғарыда сөзде бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дегеніміздей олардың қарым-қатынасы, ара қатынасы, сипаты қандай болмақ?

Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың аты, жалпы қимыл т, б. ) басқа да жалпы грамматикалық мағыналарды біддіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы заттың атауы болуы мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы есім) ; деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға байланысты (кімдікі) немесе адамнан басқа затқа байланысты атау болуы мүмкін т. б. Сондай-ақ заттың сынын біддіретін сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық немесе сабақтылық сипатпен қатысты болуы мүмкін немесе қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін (қалып, қозғалыс, амал-әрекет, ойлау қабілетіне, көңіл күйіне байланысты, т. б. ) Бұлардың барлығы да сөздің жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін. [4, 40-45 б. ]

Жалпы грамматикалық мағынаның осы сияқты сипатына ерекше назар аударуға негіз болып отырған бұл мәселелердің бұрын біржақты, қате түсіндіріліп келуінде.

Оқулықтарда грамматикалық мағына деп лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін немесе грамматикалық тұлғалар арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу арқылы пайда болатын (туатын) жалпы мағына деп көрсетіледі. Бұл дұрыс ереже ме және оны қалай түсінеміз?

Ең алдымен, грамматикалық мағына - лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туатын жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағаңда грамматикалық мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесіңде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен әрқилы қарым-қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесіңде екінші қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ақ лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөздерге (формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болатындықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дұрыс көрсетіліп жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа сөздермен әрқилы қарым-қатынасынан да пайда болады. Бұлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанымен, олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық категория ұғымына қатысы, сөздің белгілі топтарға бөлініп, олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы рөлі бірдей емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөлуге болады. [3, 39-45 б. ]

Жалпы тіл білімінде, сондай-ақ түркологияда грамматикалық мағынаны бұндай бөлу тәжірибесі бар ма? Грамматикалық мағынаны осындай үш түрге бөлудің қандай теориялық және практикалық негізі бар?

Жалпы тіл білімінде грамматикалық мағынаны дәл осыңдай үш түрге бөлу тәжірибесі жоқ. Қазіргі қырғыз тілінде грамматикалық мағынаның типтері ретіңде оны екіге бөліп қарау тәжірибесі бар; бірі - жалпы категориялық мағына және екіншісі - жеке грамматикалық мағына. Жалпы категориялық мағынаға, мысалы, зат есімнің заттық, сын есімнің сыңдық, етістіктің қимыл-әрекеттік мағыналары яғни сөздің әр түрлі формада түрленіп өзгеруінен емес, түбір білдіретін және сөздің барлық грамматикалық формаларында бола беретін мағыналары жатады да, жеке грамматикалық мағынаға сөздің түрленіп тұлғалануы арқылы пайда болатын мағыналары жатады, соңдықтан бір сөзде бір жалпы грамматикалық мағына және бірнеше жеке грамматикалық мағына болады. [2, 61-63 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізінен сөзжасам саласында біріккен сөздер - туынды сөздер
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамының өзекті мәселелері
ЗАТ ЕСІМДІ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы - сөзжасам мен морфология саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz