Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология факультеті


Адам мен жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасы

Бітіру жұмысы

Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері

Орындаған:4 курс студентіШырынбекова. М. М

«__»2010ж. (қолы)

Ғылыми жетекшісі,

б. ғ. д, . профессор:Торманов Н. Т.

«__»2010ж. (қолы)

Норма бақылаушы:Гумарова Л. Ж.

«__»2010ж. (қолы)

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға

жіберілді:б. ғ. д., профессор:Төлеуханов С. Т.

«__»2010ж. (қолы)

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ

ГЛОССАРИЙ

КІРІСПЕ . . . 5

Негізгі бөлім . . . 6

1. Әдебиетке шолу . . . 6

1. 1 Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру . . . 6

1. 2Биология пәнінен сыныптан тыс жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар . . . 9

1. 3 Биологиялық ойындар өткізу . . . 12

1. 4 Танымжорықтың маңызы . . . 18

1. 4. 1Танымжорық-тұлғаның шығармашылық қабілетігін қалыптастырудың бірден-бір формасы . . . 20

1. 4. 2 Биологтялық танымжорық қалыптастыру негізінде, табиғат кешенінің бағытыг зерттеу . . . 21

2 . Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістері . . . 22

2. 1 Биологиялық ойындар өткізу әдістері . . . 22

2. 2 Танымжорықты өткізу әдістемесі . . . 24

3. Сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің нәтижесі және талдау . . . 30

3. 1 Тәрбие сағаты «СПИД -XXI ғасыр дерті» . . . 30

3. 2 Тәрбие сағаты «Салауаттылық-денсаулық негізі . . . 34

3. 3 Ашық тәрбие сағаты «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз . . . 38

4. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43

5 . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 47

Р Е Ф Е Р А Т

Бітіру жұмысы 47-беттен, 7-кестеден, 3-суреттен, 29-әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмыстың актуалдығы келесі мәселелермен байланысты.

  • Табиғат пен қоғам арасындағы байланысқа деген диалектика-материалистік көзқарастары қалаптасады.
  • Теориялық білімдерін өмір көріністерімен ұштастыруға себебші бола алады.
  • Оқушылардың мамандаққа байланысты қызығушылықтарын арттырады.
  • Пәнге байланысты тұрақты қызығушылықтармен шығармашылық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін пәннен алған теориялық білімін іс жүзінде қолдану, білімін, біліктілігін, іскерлігін, дағды-сын жан- жақты қалыптастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Пәннің басты міндеті- сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, оны жаңа мазмұнмен байытып, тиімді өткізу.
  2. Сабақ үстінде қолданылатын жаңа-әдіс тәсілдердің тиімділігін зерттеу.

Жұмыстың нәтижесі:

  1. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстардың көптеген әдістерімен маңызын аша білдік.
  2. Әртүрлі биологиялық ойындар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары басым екені анықталды.

Ғылыми және практикалық маңыздылығы:

Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізуде жаңа әдіс тәсілдердің деңгейін көтеру және оқушылардың сол методикалық әдістерді қолдануларына мүмкіндік жасау.

ГЛОССАРИЙ

Биология-ұғымы грек тілінен аударғанда «биос» - тіршілік, ал «логос»-ғылым деген мағананы білдіреді, яғни тіршілікті зерттейтін білім саласы. Сыныптан тыс жұмыстар-дегеніміз оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарын айтымыз. Экскурсия - латын тілінен аударғанда (excursio) -серуендеу, саяхаттау деген мағананы білдіреді.

Дидактика - грек тілінен аударғанда (didaktikos) - үйретуші, түсіндіруші деген мағананы білдіреді. Инициатив - латын тілінен (initiative) - істің басы, қандай іс болмасын соған алғашқы қадам жасау деген мағананы білдіреді.

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі: Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстар әдетте ұйымдастыру мәселелерін шешуден басталады. Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды қызықты және оқушылардың қызығушылықтарын дамыту арқылы, ойлау, танымдық қабілеттіліктерін одан әрі толықтырып жетілдіруге мүмкіндік береді. Ал онда өткізілетін сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды қалай қызықты да мазмұнды етуге, биологияға арналған шараларға дайындауға және оны өткізеуге оқушыларды қалай көбірек тартуға болады? Міне, бұл жерде мұғалім ынта көрсете білуі керек. Тәрбие ұғымы кең мағанада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды:жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие-балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. [1]

Биология пәнінің мұғалімі сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты ұйымдастырғанда оқушылардың тек көркем әдебиеттерді, шытырман оқиғалы әдебиеттерді ғана емес, содай ақ биологияға арналған ғылыми көпшілік әдебиеттерді де оқуына мүмкіндік жасай білуі керек.

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін пәннен алған теориялық білімін іс жүзінде қолдану, білімін, іскерлігін, дағдысын жан-жақты қалыптастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • Пәннің басты міндеті-сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, оны жаңа мазмұнмен байытып, тиімді өткізу.
  • Сабақ үстінде қолданылатын жаңа-әдіс тәсілдердің тиімділігін зерттеу.

Жұмыстың жаңалығы: Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыста ғылыми көпшілікке арналған әдебиеттерді оқу табиғат туралы білімді кеңейтіп, ғылымның дамуы, ұлы ғылыми жаратылыс зерттелушілердің өмірі туралы таныса аламыз. Биологиядан сыныптан тыс сабақтарды жүргізгенде танымдық құштарлықты дамытуда биологилық ойындардың маңызы өте зор. Олар назар салуға, көргенін есте сақтауға, есту, иіс сезімін дамытуға және қоршаған табиғатты бар ықыласымен толық қабылдауға мүмкіндік береді. Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс ретінде ұсынылатын көптеген тәжірбиелер мен бақылауларды ботаника және зоология сабақтарында кеңінен пайдалануға болады. [1]

Қорғауға қойылатын басты қағидалар:1) Э. Б Эльконинің айтуы бойынша «Ойын арқылы іс әркет пайда болады және адамгершілік артады» демекші, ойын арқылы оқушылардың психикасын, тұлғасын дамыту барысында көмегі зор. 2) Мектеп оқушыларына крассвордтар, ребустар мен әр түрлі бас қатыратын шытырман ойындар да қызықты болып есептеледі. Оны жасау методикасы ойынның ерекшелігіне байланысты. [1]

5

1. Әдебиеттке шолу.

1. 1Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық пәннің маңызы зор. Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, адам пайда болуға тіреген тіршілік дамуының жоғары формалары, табиғи құбылыстардың үзіліссіз байланыстар дүниетанымын қалыптастыратын түсініктерге жатады.

Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі қазіргі қоғаманың жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады;

  1. ғылыми дүниетанымды қалыптастыру;
  2. патриоттық тәрбие;
  3. еңбек және экологиялық тәрбие;
  4. гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
  5. эстетикалық және әдептілік тәрбие;

Биологияны оқытуда мұғалім жан-жақты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге, мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді.

Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар:сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепшілік және мектепаралық жұмыстар, танымжорықтар, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялық лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т. б. [25]

Оқыту мен тәрбиелеу - бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондықтан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз-оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көзқарасқа қалыптасады.

Сыныптан тыс сабақтарды дұрыс ұйымдастырған кезде оқушылардың биологиялық мәселелерді оқып үйренуге деген танымдық құштарлығы көптеген сұрақтарға жауап іздестіруге қозғаушы күш ретінде жұмсалады. Мұғалім сыныптан тыс сабақтарды өткізудің методикасы мен мазмұнын оқушылардың танымдық әрекетін барынша дамыта алатындай етіп ойластыруы қажет. Жоспар жасағанда мұғалімнің басшылығымен өткізілетін жас натуралистер үйірмесіне алуан түрлі: жеке жұмыстар (бақылау), тәжірибелер, баяандамалар, рефераттар, коллекция жасау, коллективтік жұмыстар (өсімдіктерді күтіп баптау), жаппай орындалатын жұмыстар (биологиялық науқандар: Орман апталығы, биологиялық олимпиадалар), басқа да натуралистік жұмыстар жүргізіледі. [1]

6

Биология мұғалімі үйірмеге жалпы басшылық жасай отырып, жас натуралистердің творчестволық және ұйымдастырушылық қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Үйірме жұмысын жоспарлағанда топта істелетін және жеке істелетін жұмыстардың тақырыптарын аса мұхият іріктеп алуы керек. Жұмыс жоспарын жасаған кезде жетекші оның бүкіл оқу жылына немесе жарты жылға арналған мақсатын айқын көрсетеді және жұмыстың тақырыптарын іріктейді. Осы негізде мынадай тақырыптарды жоспарлауға болады:

1 ) Туған өлкенің табиғатын қорғау :

  • қорғауға жататын объектілерді айқындау ( ұзақ жасайтын емен, сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар, бақ архитектурасының ескерткіштері, т. б) ;
  • құстарды, балықтарды, аңдарды және басқа пайдалы жануарларды қорғауды ұйымдастыру, үлкендерге көмек беру т. б туралы бастауыш класс оқушыларымен әңгіме өткізу.

2) Туған өлкенің табиғатын зерттеу:

  • туған өлкеге экскурсия ұйымдастырып өткізу ( жылдың әр маусымында - күзде, қыста, жазда және көктемде) ;
  • мектептің өлкетану музейін құру ( ботаника және зоологияға арналған препараттар, гербарийлер даяарлау, т. б) .

Бұл үшін тақырыптың да жалпы идеясы бір, бір мақсатты көздейді, сондықтан жергілікті жердің жағдайын ескере отырып, кез келген мектеп, оны сабақтан тыс үйірме жұмысының жоспарына арқау етіп пайдалана алады. Табиғатқа экскурсия жасаған кезде патриоттық сезім, сондай-ақ туған өлкеге деген сүйіспеншілік көбейе түседі. Жас натуралистер сабақтан тыс жұмыстарда жинаған экспонаттарын мектептің өлкетану музейіне қоюға ыңғайлап реттейді немесе биология кабинетіне көрнекі құралдар әзірлейді.

Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады. Тәрбие элементтерінің бір-бірімен байланысты:әлемдік көзқарасты тәрбиелеу оқушының дербес ойлау қабілетінің дамуы мен қоршаған әлемге дұрыс көзқарасымен тығыз байланысты болуы; ойлауды тәрбиелеу - практикада қолдану және эстетикамен байланысты; эстетикалық тәрбие- табиғаттақа, еңбекке және тұрмысқа әрекеті қатынаста болатын, таным мен этикаға байланысты; этикалық тәрбие- әлемдік көзқарас, ұжымдағы танымдылық қызметі мен еңбек, табиғаттағы және отбасындағы іс-әрекетімен байланысты. Әрбір тәрбие элементтері түсініктердің жүйелілігімен, әдістер және әдістемелік жүзеге асырылады. [1]

7

8

Оқушыларға білім және тәрбие беруде басты рөлін атқаратын оқу процесінің формаларының бірі сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар болып саналады. Жоспар жасағанда мұғалім мына мәселелерге ерекше көңіл бөліп:үйірме жұмыстарында және жас натуралистермен жеке жұмыс үстінде қандай істер атқара алады; бақылау үшін қандай объектілер таңдаған дұрыс; қарапайым тәжірибелер қою үшін қайсысын алған жөн; биологиялық кештер немесе басқа да көпшілік жұмыс шараларын қалай жақсы ұйымдастырып, өткізу қажеттігін ойластыру тиіс.

Биология сабақтарында және сыныптан тыс тәрбиелік жұмыс жүргізгізуде биологиялық ойындардың маңызы зор. Олар тез ойлануға, білгенін еске түсіруге, көргенін есте сақтауға, сезім мүшелерінің жұмысын дамытуға мүмкіндік туғызады. Мұндай ойындарды биология сабақғында, кештерде, биологиялық апталықтарда қолданудың маңызы зор. Осы ойындар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы арта түседі.

Сонымен қатар, ойын түрінде жұмбақтарды, жаңылтпаш, мақыл-мәтелдерді пайдалану оқушылардың, алғыр-лығын, бақылағыштығын, тапқырлығын, дүниетаным шеңберінің өсуіне көмектеседі. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет-білімді де білікті жас ұрпақтар тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың логикалық ойлау қабілеті жоғары болуы керек. Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқаруы қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін:

  • оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру кажет;
  • өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстарып отыру қажет;
  • оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек;
  • сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.

Оқытудың нәтижесі көбінесе оқушылардың сол пәнге деген қызығуынан туындайды. Биология пәніне қызығуды тек сабақ үстінде түрлі кестелерді, сурет-терді, нақпішіндерді, ылғалды препараттарды, т. б көрсету ғана емес, сондай -ақ оқушылардың тірі табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы да оятуға болады.

Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушылардың білімге, оқып-үйренуге деген құштарлығын арттыратыны анық. Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі- сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу. Егер сыныптан тыс сабақтарды рөлдік ойын ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қортында шығаруға, іскерлікке дағдыланады. [10]

9

1. 2 Биология пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстар .

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылармен еркін түрде, өз қалаулары бойынша жүргізілетін сабақтың формасының бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға үлкен әсерін тигізеді. Сабақтан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, табиғат аясында оқу-тәжірибе участогінде орындалады. Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлердің бақылау арқылы жүргізіледі. Биология пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жүргізілетін жұмыстар. Топтасып өткізілетін жұмыстарға мыналар жатады:жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде «ассистенттік» жұмыс атқарып, оны жабдықтауға, безендіруге қатысады. Оның ішіндегі жас натуралистер үйірмесінің алдына қойылатын мақсаты - биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және іскерлігін арттыра отырып, табиғаттың даму заңдылығына деген материалистік көзқарастарын қалыптастыру. [1]

Үйірме жұмысы бір жүйелі түрде өзінің жоспарланған бағдарламасы бойынша өзеркімен қызығып қатысушы оқушылардың белгілі бір тобымен жүргізіледі. Әрбір сыныпта биология пәнінің салаларынан арнаулы мынандай үйірмелерді ұйыдастыруға болады. VI-кластарға жас ботаниктер үйірмесі, VII класта - жас зоологтер үйірмесі, VIIІ-IX кластарда жас физиологтар, X-XI кластарда бас биологтар үйірмесін ұйымдастыруға болады. Үйірмелердің былай бөлінуі біріншіден оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден олардың білім деңгейінеде байланысты. Әрбір оқушы өзінің қызығуына қарай қалаған үйірмелеріне қатысуына болады. Мысалы, жоғарғы класс оқушылары ботаника немесе зоология үйірмесіне қатысуына болады.

Жалпы биологиялық сынаптан тыс жұмысқа юнаттар үйірмесіне аз ғана оқушыларды тарта отырып, оқытушы оқушылар ұжымы мен жалпы жұмыс өткізеді. Мысал, кинофильмдер көрсету арқылы лекция және демонстрациялық сабақтар өткізу, табиғатта немесе басқа өндіріс орындарында, көрмеге саяхаттар жасау, ғылыми кештер және конференциялар өткізу. Оқушылардың өнер-шеберлік көрмесін ұйымдастыру, әртүрлі тематикалық кештер ұйымдастыру «Алтын күз», «Бақ аптасы», «Құсытар күні» газеттер мен альбомдардың көрмесін ұйымдастыру, т. б. Жекелеп жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жататындар:тірі табиғат бұрышында істелетін жұмыс, оқу тәжірибе участогінде істелетін жұмыс, табиғатта істелетін жұмыс және сыныптан тыс әдебиеттерді оқу. Барлық уақытта әрбір сыныпта биологияға деген ынтасын, қызығушылығы бар жеке тұлғалар болады. Оқушы-лардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуға мүмкіндік жасау. [1]

10

Оқушылар «Біздің қаланың табиғаты» деген тақырыпта көпшіліке арналған шаралар өткізу арқылы табиғатты зерттеуге шамаға шақ көмек көрсете алады. Бұл жұмысты зерттеу сипатындағы іс деп есептеу керек. Сөйтіп, бір отряд парктегі өсімдіктер мен жануарлар әлемін бақыласа, екіншісі - қала гүлзарларындағы сәндік өсімдіктерді, үшіншісі - жеміс- жидек өсімдіктерді, төртіншісі- қаланың сортаң өсімдікті аудандарын зерттейді. Жер жерлердің бәрінде де өсімдіктер бар, олар ашық алаңдарды жасыл кілеммен бүркейді, кейде жасыл желек өскіндері асфальтты да жарып кетеді. Мұндай жұмыстың нәтижесін жас натуралистер мерекесінде қортындылап отырған пайдалы, әдетте бұл істі бір ғана мектеп мұғалімі ұйымдастыра алады. Тақырыпты түрлендіріп отыру Жас натуралистер мерекесін өткізіп. оған даяарлану кезіндегі бар сарындылықтан арылуға мүмкіндік береді. Бір атап көрсететін нәрсе, тақырыптың аты оқушыларды әр кезде қызықтыра бермейді, Мұның барлығы нақтылы тапсырманы орындау барысында және ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты.

Мектеп практикансында кеңінен пайдаланып жүрген сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі -биологиялық кеш. Осы арқылы оқушылар алдында биология ғылымының жетістіктерін және ауыл шаруашылығы практикасын кеңінен ашуға болады. Мұндай кештерге даярлануда мектеп оқушыларын хабарлама немесе баяндама үшін қажетті материалды табуға үйрету, баяндама немесе хабарламаны қалай даярлайтынын және оған таблица немесе табиғи үлгіні отырып, тыңдаушыға қалай жеткізу жолдарын көрсетіп беру өте қажет сай саналы, ұлтжанды жастарды.

Қазіргі заманғы қоғамның талабына тәрбиелеу ісінде жалпы білім беретін мектептердегі ғылым негіздерін үйрететін жеке пәндердің маңызы зор. Өйткені, әр ғылым саласынан жеке пәндер ғана толық, терең білім бере алады. Жас ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырамыз. Ұйымдастырған сабақтан тыс жұмыстар мен сабақтар бірін-бір толықтырып, дамытып отыруы қажет. Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты әлдеқайда кеңірек, олар оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталып сабақтағы материалды саналы, тез ұғып қабылдауына жетелейді. Белгіленген жоспар бойынша жүргізілген сабақ әр уақытта оқушыларды қызықтырып, ойландыратын сұрақтардың барлық жағын ажыратып көрсете алмайды. Сондықтан сабақта өтілген материалды кеңір ек оқып үйрену үшін сабақтан тыс жұмыстарды өткізудің маңызы зор. [1]

Биология пәні -оқушыларды табиғат ерекшеліктерін дұрыс түсінетін, жан дүниесі таза адам болуға тәрбиелейді. Сабақтан тыс жұмыстар оқушылардың биология пәндерінен алған білімдерін дамытуға және тереңдетуге, оқу іс-әрекеттерінде белсенділіктерін арттыруға, материалды тез меңгеруге мүмкіндік береді. [7]

11

Сабақтан тыс жұмыстар оқушылардың жан-жақты ойлау мен іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетін педагогикабілім, экологиялық тәрбие беруде басты орын алатын жұмыстардың басты салаларының бірі.

Сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды танымжорыққа шығаруға болады. Танымжорық - әлеуметтік, этикалық, эстетикалық, еңбекке баулу, сабақта өтілетін материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл ат-қарып, экологиялық және өлкетанулық тәрбие береді. Оқушылар табиғи орта жағдайында мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Танымжорықтар кезінде сабақтан тыс уақытта мектеп бағдарламасына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру өз алдына жеке қаралуы тиісті және табиғи ортада байқау жұмыстары, табиғат объектілеріне бақылау ұйымдастырылуы тиімді, әр жақсы нәтиже береді. Жорықтарға, танымжорықтарға шыққанда оқушылар денсау-лығына өте абай болуы керек. Жаз айларында улы жәндіктердің улары күшейе түседі. Улы жәндіктерге жылан, шаян, қарақұрт, бүйі, т. б. жатады. Улы жәндіктерді орынсыз қырып-жоя беруге болмайды. Себебі олардың табиғатқа, адамға тигізетін пайдасы мол. Жыландар ауылшаруашылық зиянкестерін, тышқандарды т. б жануарларды құртып, пайда келтіреді. [16]

Жеке оқушыны жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдас-тырғанда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар бірін -бір толықтырып, дамытып отыруы қажет. Сыныптан тыс уақытта сабақта өтілген тақырыптарға байланысты жергілікті жерге, табиғат аясына осындай танымжорықтарға апаруға, табиғат нысандарына бақылау ұйымдастырып, күнделікті оның нәтижелері жөнінде пікірталасумен бірге оқушыларды туған жерін сүюге, оны қорғауға, аялауға баулиды.

Сыныптан тыс жұмыстың түрінің бірі мұғалімнің үлкен ұйымдастырушылық шеберлікті талап ететін биологиялық науқандар болып табылады. Мысалы, көктемде, топырақ қызысымен, яғни, ағаштар мен бұталарды отырғызу басталысымен, көктемде Бақ апталығы, Орман апталығы немесе Орман айлығы жарияланады.

Мектеп оқушылары алғашқы күннен бастап жеміс бақтарын және жеміс- жидек отырғызады, егер олар бұрын отырғызылған болса, бақты күтіп-баптауға кіріседі. Бақ апталығы күндерінде мектеп оқушылары тек мектеп айналасына ғана емес, жол бойына, қала мен ауылдарда ағаштар мен бұталар отырғызылып жаңадан жасыл бақ жасайды.

Оқушылар Бақ апталағына белсенді қатысуы үшін мектеп директоры мен биология пәнінің мұғалімі учаскамен дер кезінде танысып, ағаштар мен бұталы өсімдіктер қай жерге отырғызылатынын біледі, құрал-жабдықтар мен отырғызылатын қажетті материалдар әзірлеп, нақтылы жұмыс жоспарын жасайды. [15]

12

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

1) Сабақтан тыс жұмыстар түрлері балалардың және педагогтардың негізгі кеңістігіне қарай бөлінуі:

  • табиғат аясында («Сәлем, жылға!») ;
  • қала көшелерінде («көше беті») ;
  • мұражайда, көшелерде ( сурет көрмелерінде) ;
  • денешынықтыру алаңында (достардың футболдық кеші) ;
  • бала бақшада ( балалармен қалай өмір сүруге болады) ;

2) Егер сыныптан тыс жұмыстарды тәрбиешінің нәтижелік жоспарымен қарайтын болсақ, пәндік нәтижесіне байланысты топтық жұмыстар:

  • әлем туралы ойларын дамыту ( қандай алуан түрлі әдемі әлем) ;
  • әуенді тыңдап және естуді үйрену ( «басқасы- қасымда»)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz