Әлем әдебиетіндегі сыншыл реализм



Жоспар

Кіріспе: Реализм туралы түсінік

Негізгі: Абай және орыс ақын жазушыларының реалистік шығармаларының үндестігі

Қорытынды: Сыншы реализм өмір шындығы
КІРІСПЕ
Реализм (латынша relis – заттылық, шындық) - әдебиет пен өмірдегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық, сипат белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы, сан алуан жайларды мейілінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер Романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға назар аударса Реализм айналадағы нақты өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа сипатқа ме болып әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғасын тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы іс – жағдайларды, адамның іс - әрекеттерін бейнелеуді басты мақсат санайды дегенде, әрине қиялға бой ұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне тұлғалар жасау дейміз. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Реализм әдісін одан әрі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш. Құдайбердиев, М. Дулаттов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Әлем әдебиетіндегі сыншыл реализм

Жоспар

Кіріспе: Реализм туралы түсінік
Негізгі: Абай және орыс ақын жазушыларының реалистік шығармаларының
үндестігі
Қорытынды: Сыншы реализм өмір шындығы
КІРІСПЕ
Реализм (латынша relis – заттылық, шындық) - әдебиет пен өмірдегі
кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық, сипат
белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді
мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын,
маңызды қоғамды мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы, сан алуан жайларды
мейілінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып
көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды
талап етеді. Егер Романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше
жағдайларға назар аударса Реализм айналадағы нақты өмір құбылыстарын толық
көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен
көркем өнерде жаңа сипатқа ме болып әдебиеттің халықтық демократияшылдық
принциптерімен жалғасын тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін
нақтылы іс – жағдайларды, адамның іс - әрекеттерін бейнелеуді басты мақсат
санайды дегенде, әрине қиялға бой ұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес.
Алайда реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды
кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақталған
көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік
дәрежедегі көркем образдар, бейне тұлғалар жасау дейміз. Реалистік әдіс
орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді.
Реализм әдісін одан әрі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға
жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш. Құдайбердиев, М. Дулаттов
т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.

Абай және орыс ақын жазушылардың реалистік шығармаларының үндестігі
Абай творчествосының көркемдік әдіс ретінде реализм жайында М.
Әуезовтың, Қ. Жұмашевтің, М. С. Сильченконың, М. Қаратаевтың, Ә.Тәжібаевтың
т.б. зерттеу еңбектерінде үлкен – кіші көлемде, әр қилы дәрежеде сөз болып
отырады. Олардың бәрі де Абай реализімінің өз тұсындағы және ХХ ғасыр
басындағы қазақ ақындары үшін ең құнарлы ұғым мектеп ұлы мектеп болғандығын
атап көрсетеді. Әдебиетші ғалым М. С. Сильченко: Абайдың халық шырымен
творчестволық қарым – қатынасының тарихи маңызын айта келіп: Халық
лирикасының ілгерімін тенденциялары ағартушы ақынның талант күшімен шыңғыра
түсті. Бұл Абайдың көркемдік әдісі – сыншыл реализмге оның елеулі бір қыры
ретінде кірігіп кетті деген пікіріне көңіл аударған жөн. Сондықтан Абай
шығармаларын салыстырғанда оның әдебиеттегі ескі дәстүрлерге қалай
күрескенін білмейінше, оның реализімін түсіне қою қиын. Шын мәніндегі
релистік әдебиет жасауды мақсат тұтқан Абай ең алдымен мал үшін тілін
безеп, жанын жалдап жүрген ескі дәстүрдің ақындарын қатты сынап, мін,
кемшіліктерін халық алдында масқара етеді.
Абай творчествосын тұтас алсақ, оның өлеңдері сыршылдыққы,
шыншылдыққы толы мол қазына. Бірақ ұлы Абайдың реализмге келу жолы – оқтай
түзу, кең кесілген жол емес. В. Г. Белинский айтқандай, өмірдің мін –
мүлтіксіз идеалдың шағын ғана өз туындыларының тақырыбы етіп алған ақын
қандай жетістіктерге жетсе, жоққа шығару, сынау тәсілін қолданған ақын да
сондай жетістікке жете алады. Абайдың сатирасының түп негізі Гоголь,
Салтыков, Некрасовқа қабысып жатады. Абайдың көп өлеңдері Пушкинмен,
Лермонтовпен үндес. Үндес болғанда алған тақырыбын суреттеді, дүниені
сезінуі үндес, бірақ еліктеу, табыну жоқ. Солай болған соң, бірі жамау,
бірі құрау өлең авторларына сынай қараған Абай реалистік поэзияның жақсы
үлгілерін қазақ әдебиетіне енгізіп отырады. Оны орыс, шығыс
әдебиеттеріндегі қалпында емес, қазақ рухына төл тұмардай қабыса кететін
етіп енгізеді. Абайда еліктеу жоқтың қасы, керісінше үндестік барын
дәлелдейтін өлеңдер жетерлік. Абайдың Жаз, Күз, Қыс өлеңдері Пушкин,
Некрасовта кездесетін осы аттас лирикаға үндес. Бұл жөнінде Некрасовтың
Мороз воеводасы мен Абайдың Қысын теңдестіруге әбден болады. Қыс
мезгілі Абайда ел шаруасына кәрін төккен қатал сыншы бейнесінде алынады.
Әсіресе кедей – кепшіктер үшін ызғары қатты. Ақ киімді денелі ақ сақалды
болған соң – ақ оқушы қыс бейнесін алыстан іздеп әуре болмайды, елес
қумайды, тек өмірде болатын дайын суретті, қыстың адам бейнесіне көшкен
аллегориялық бейнесін елестетеді.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларын қор қылма итке малды. –
дегенде Абай қыстың түсі суық жамылғысын ашып, мол баққан шаруаны
қыс әлегінен сақтандырады. Құр жібер мына антұрған кәрі шалды - дегенде
өмір құбылысын сезіну жағынан, өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан орыс
классиктері мен Абайдың үндестігі барынша айқын танылады. Некрасовтың
бейнелеуінде қыс суреті ел сүйген, жауынгер бейнесінде алынса, Абайдың әлек
салғыш Қысы ашқарақ, араны ашылған Кәрі құда бейнесінде суреттеледі.
Орыс халқының ұғымында халықтың мәні бар. Қатты қыс орыс шаруалары үшін
игілік пен молшылықтың нышанын аңғартады. Ең алдымен қыс қатты болып, қар
қалың болған жылдары егін бітік өседі, түсім де мол шығады. Екіншіден, қыс
айларында орыс шаруаларының қолы босап, бой жазып тынығатын кездері. Ұлы
екі ақынды қыс бейнесінің осындай екі алуан сипат алуы екі елдің тұрмыс
жағдайларының өзгешеліктерінен туған. Шыныда да, мал баққан, көшпелі
қазақтар үшін қыс кәрлі, жұттың жұтын жетектей келеді де, шаруаны
шайқалтып, ауыр күйзеліске соқтырады. Мұны ауызша әдебиетте қылышын
сүйретіп қыс келді деген мақалмен толықтай суреттей аламыз. Демек, басқа
ақын – суреткерлер секілді Абай да табиғат көріністерін әлеуметтік өмірден
бөліп алмайды, қайта оның сырларын ашатын фон ретінде енгізеді. Ол адамды
да, оны қоршаған табиғатты да тұтас байланыстыра отырып, реалистік арнадан
ауытқымайды. Бұл ретте В.Т.Белинскийдің Ақын неғұрлым данышпан болған
сайын табиғатқа тереңірек араласып, оны құшағына тұтас қамтып алады. Сөйтіп
бізге табиғатты өмірмен барынша байланыстыра алып көрсетеді - деген сөзін
келтіре аламыз. Орыс ақындарымен қатар Абайдың сыншыл, реалистік
лирикаларын аса көркем, өзгеше шыншыл еткен сипаттардың бірі осы деуге
толық қақыңыз бар.
Қазақ поэзиясының өзіне дейінгі – халін басқа елдердің әлдеқашан
басып өткен кезеңі деп тапқан ұлы ақынымыз реалистік пейзаждардың жақсы,
озық үлгілерін қазақ әдебиетіне молынан кіргізіп отырады. Оны орыс
әдебиетінің ұлы классиктері Пушкин, Лермонтов, Некрасовта кездесетін
қалпында емес, қазақ әдебиетінің ұлттық ерекшелігіне қабыса кететін етіп,
өз ойын өзінше дәл суреттеу арқылы асқан шеберлікпен кіргізді. Абайдың Күз
бен қыс жайындағы өлеңдерінің идеялығы, олардың реалистік стилі, - деп
жазады ғалым М. С. Сильченко – Абай көзқарасының материалистік қырларының
және оның демократтық идеяларының тереңдігін көрсетеді, - деген. Абайдың
орыс ұлтының шығармашыл өкілдерімен үндестік, ұқсастығының тағы бір қыры
мына жайдан да анық байқалады. Абайдың халықтығы, оның реализімінің ең
басты түйіні өз халқына сын көзбен қараушылық. Иісі қазақ баласының
бойындағы жаман қылықты өлтіре сынаған Абай туған халқын бар жүрегімен
сүйген, оның іргелі ел болуын аңсаған, көптеген өлеңдерінде өз халқының
ауыр тағдыры қапастығына, қараңғылығына күйзеледі, жаны ауырады. Н .Г.
Чернышевский бір жерде өзінің ұлы халқына Жалкая нация, нация рабов
дейді. Бұған В. И. Ленин Чернышевский өзінің халқын жанындай сүйгендіктен
айтып, соны жоюға бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
ХХ ғасыр басындағы әдеби үдеріс
Өлең сөздің теориясы
Проза жанрының қалыптасуы мен дамуы
КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Бақытжан Майтанов. Қазіргі қазақ поэзиясы және постмодернизм
Пәндер