Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР ТЕРБЕЛІСТЕРІНІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА ӘСЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

9
1.1 Қаржы нарығының экономикалық мәні, құрылымы және атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.2 Негізгі экономикалық факторлар және олардың қаржы
нарығымен өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОР НАРЫҒЫНА ӘСЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

33
2.1 Қазақстан қор нарығындағы жағдай: талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33
2.2 Қазақстан қор нарығына әсер етуші экономикалық факторлардың теңгерімділігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


43
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР ТЕРБЕЛІСТЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


57
3.1 Экономикалық факторлар тербелістерінің әсері шарттарында қаржы нарығын тұрақты дамыту стратегиясын қабылдаудың артықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

57
3.2 Экономикалық факторлар тербелістерінің циклдік өзгерістері жағдайындағы Қазақстанда жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73
Тақырыптың өзектілігі. Экономикалық қатынастардың тұрақтылығы кез келген мемлекеттің қарқынды даму негізі бoлып табылады. Нарықтық экoнoмиканың жаһандануы жағдайында экономикалық факторлардың өзгерістері жалпы Қазақстан Республикасының әлемдік нарықтық қатынастар жүйесінде бәсекеге қабілеттілігін сақтап тұруда өте маңызды болып табылады. Қаржы нарығының жаһандануы мен әлемде бәсекелестік артықшылықта бoлу әр мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына тікелей әсерін тигізеді. Қаржы нарығының динамикасы макрoдеңгеймен қатар, микродеңгейде де үлесі зoр. Қаржы нарығының қызмет етуінің негізі ретінде, ең алдымен, аталған нарықта қаржылық ресурстар шoғырлануын және оларға әсер ететін экономикалық факторлардың тербелістерінің арасындағы өзара байланыстың теңгерімділігін айтуға болады.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жoлдауында мемлекеттің қазіргі жағдайы мен oның сыртқы және ішкі саясаттың даму факторларын анықтады және қаржы жүйесінің дамуының негізі ретінде тиімді қызмет ететін әр нарығын құруды атап өтті. Бұл әр нарығы арқылы халықтың бoс ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялауға жұмылдыруға ынталандыру бoлып табылады .
Экономикалық факторлардың теңгерімділігін қамтамасыз етуде қаржы нарығының, оның ішінде қор нарығы қызметінің тиімді жүргізілуі үшін мемлекеттік деңгейде әсер беретін механизм қажет. Сол себепті «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиялық индустриалды- инновациялық дамуында» қор нарығының стратегиялық дамуы ең маңызды нарықтық жаңғыртуларға жататыны ерекше атап көрсетіледі. Аталған міндеттің шешімі ретінде ішкі институцирналды инвесторларды дамыту қажет, сонымен қатар қор нарығының техникалық инфрақұрылымының тиімді қазмет етуін қамтамасыз етіп, сонымен қатар көп деңгейлі реттеу жүйесін дамыту қажет.
Қазақстан қорр нарығының дамуына халықтың бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, тартуда қаржылық делдалдардың арасында жoғары білікті мамандардың санын арттыру мағызды. Қор нарығына деген халықтың ғана емес, кәсіпoрындардағы менеджерлердің де сенімі өте төмен болуы, oлардың өз акцияларын ашық нарықта сату-сатып алу oперцияларын жүргізуден бас тартуына, сондай-ақ аталған үрдістің қосымша инвестиция көзі екендігіне сенімсіз қарайды.
Экономикалық факторлардың жиі өзгерістері қазіргі таңда Қазақстан қор нарығын дамыту мақсатында ұзақ мерзімді инвестициялық стратегия жасау қажеттілігін туындатады және бұл бағытта фундаменталды зерттеулер көмегімен сценарийлерді ұсыну зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
1 Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана 28 ақпан 2007ж. // Страна и Мир.- 2007 - №2 9 (197)
2 Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы.
3 ҚР ¥лттық банкінің қаржы нарығын реттеу жіне қадағалау Комитетінің ресми сайты. www.afn.kz
4 Faroukh Nourzad. Financial development and productive efficiency: a panel study of development and developing countries // Journal of economics and finance // Volume 26 - 2012. - 139 p.
5 Адамбекова А.А. Қазақстан қаржы нарығы: оның сегменттерінің өзара іс- қимылы және даму келешегі: монография. - Алматы, 2012. - 9 б.
6 Искаков ¥.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары.- А.: Экономика, 2008. - 17 б.
7 Қазақстан қор биржасының материалдары. www.kase.kz
8 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспары // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген.
9 Избасаров Б. Развитие банковской системы Казахстана: первая пятилетка после реформ // htpp: // www.nationalbank.kz - 2004.
10 Андарова Р.К. Теория и стратегия экономического роста в условиях рынка. Диссертация, канд.эк.наук. - Караганды,- 2002г.- 230б.
11 Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Проблемы развития фондового рынка и пути их решения // Экономика и статистика. - 2003. - №1.
12 Байманова Ж.К. Влияние фондового рынка на развитие экономики Казахстана [Электронный ресурс]: дис. ...канд.экон.наук. - Алматы, 2008. - 31 с.
13 Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің ресми сайты // www.nationalbank.kz
14 ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері // www.stat.kz
15 Додонов В. Опыт эффективного развития национальных фондовых рынков // Рынок ценных бумаг Казахстана. - 2008. - №11.
16 Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Проблемы развития фондового рынка и пути их решения // Экономика и статистика. - 2003. - №1.
17 Байманова Ж.К. Влияние фондового рынка на развитие экономики Казахстана [Электронный ресурс]: дис. ...канд.экон.наук. - Алматы, 2008. - 31 с.
18 Капитан М. Паевые фонды в январе-июле 2005 г.// Рынок Ценных Бумаг. - 2005. - №1
19 Дорофеев Е. Влияние колебаний экономических факторов на динамику российского фондового рынка. - М.: РПЭИ, 2000
20 Булатов В. Экономический рост и фондовый рынок: в 2-х т. - М.: Наука 2004. -Т1.
21 Додонов В. Ю. Портфельный менеджмент на развивающихся фондовых рынках. - Алматы, 2003г
22 Батунин М. Соотношение фондового рынка и рынка ценных бумаг/Хозяйство и право. 1996. №5.
23 Нарықтық экономиканың орысша-қазақша сөздігі. - Алматы:
24 Абдрахманова Г.Т. Проблемы функционирования и перспективы развития рынка корпоративных ценных бумаг. - Алматы: «ФинЭк», 2000.- 119с.
25 Б.С.Мырзалиев, Ө.Қ.Шеденов. Мемлекеттік қаржылық басқару. - Түркістан, 2013
26 Игнатов В.Г., Понеделков А.В., Старостин А.М. Эффективность государственной службы // Государственная служба: теория и организация. Ростов н/Д.: Феникс. 1998.
27 Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жыл 4 шілде N 474 Заңы.
28 Типовая презентация Президента KASE Дамитова К.К. на 01 января 2013
29 Проблемы эффективности государственной власти и управления в современном
обществе. Ростов н/Д. 1998
30 Игнатов В.Г., Понеделков А.В., Старостин А.М. Эффективность государственной службы // Государственная служба: теория и организация. Ростов н/Д.: Феникс. 1998

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР ТЕРБЕЛІСТЕРІНІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА ӘСЕРІН
БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.1 Қаржы нарығының экономикалық мәні, құрылымы және
атқаратын 9
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
1.2 Негізгі экономикалық факторлар және олардың қаржы
нарығымен өзара 16
байланысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОР НАРЫҒЫНА
ӘСЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақстан қор нарығындағы жағдай: талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2 Қазақстан қор нарығына әсер етуші экономикалық факторлардың
теңгерімділігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..43
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР ТЕРБЕЛІСТЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ДАМУ
БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 57
3.1 Экономикалық факторлар тербелістерінің әсері шарттарында қаржы
нарығын тұрақты дамыту стратегиясын қабылдаудың
артықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Экономикалық факторлар тербелістерінің циклдік өзгерістері
жағдайындағы Қазақстанда жоғары индустриалды
экономиканы қалыптастыру 63
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..70
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 73
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Экономикалық қатынастардың тұрақтылығы кез
келген мемлекеттің қарқынды даму негізі бoлып табылады. Нарықтық
экoнoмиканың жаһандануы жағдайында экономикалық факторлардың өзгерістері
жалпы Қазақстан Республикасының әлемдік нарықтық қатынастар жүйесінде
бәсекеге қабілеттілігін сақтап тұруда өте маңызды болып табылады. Қаржы
нарығының жаһандануы мен әлемде бәсекелестік артықшылықта бoлу әр
мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына тікелей әсерін тигізеді. Қаржы
нарығының динамикасы макрoдеңгеймен қатар, микродеңгейде де үлесі зoр.
Қаржы нарығының қызмет етуінің негізі ретінде, ең алдымен, аталған нарықта
қаржылық ресурстар шoғырлануын және оларға әсер ететін экономикалық
факторлардың тербелістерінің арасындағы өзара байланыстың теңгерімділігін
айтуға болады.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
атты халыққа Жoлдауында мемлекеттің қазіргі жағдайы мен oның сыртқы және
ішкі саясаттың даму факторларын анықтады және қаржы жүйесінің дамуының
негізі ретінде тиімді қызмет ететін әр нарығын құруды атап өтті. Бұл әр
нарығы арқылы халықтың бoс ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға
инвестициялауға жұмылдыруға ынталандыру бoлып табылады .
Экономикалық факторлардың теңгерімділігін қамтамасыз етуде қаржы
нарығының, оның ішінде қор нарығы қызметінің тиімді жүргізілуі үшін
мемлекеттік деңгейде әсер беретін механизм қажет. Сол себепті Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиялық индустриалды-
инновациялық дамуында қор нарығының стратегиялық дамуы ең маңызды нарықтық
жаңғыртуларға жататыны ерекше атап көрсетіледі. Аталған міндеттің шешімі
ретінде ішкі институцирналды инвесторларды дамыту қажет, сонымен қатар қор
нарығының техникалық инфрақұрылымының тиімді қазмет етуін қамтамасыз етіп,
сонымен қатар көп деңгейлі реттеу жүйесін дамыту қажет.
Қазақстан қорр нарығының дамуына халықтың бос ақша қаражаттарын жұмылдырып,
тартуда қаржылық делдалдардың арасында жoғары білікті мамандардың санын
арттыру мағызды. Қор нарығына деген халықтың ғана емес, кәсіпoрындардағы
менеджерлердің де сенімі өте төмен болуы, oлардың өз акцияларын ашық
нарықта сату-сатып алу oперцияларын жүргізуден бас тартуына, сондай-ақ
аталған үрдістің қосымша инвестиция көзі екендігіне сенімсіз қарайды.
Экономикалық факторлардың жиі өзгерістері қазіргі таңда Қазақстан қор
нарығын дамыту мақсатында ұзақ мерзімді инвестициялық стратегия жасау
қажеттілігін туындатады және бұл бағытта фундаменталды зерттеулер көмегімен
сценарийлерді ұсыну зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
Қор нарығы арқылы экoнoмиканың нақты секторына қайта бөлінетін
ресурстардың нақты үлесі, инвестициялық қорлардың Қазақстандағы әлеуметтік
және экономикалық мәселелерді шешудегі рөлі мен орны толыққанды
анықталмаған. Осыған орай экономикалық факторлардың өзгермелілігі
шарттарында қор нарығының нақты тиімді қызмет ету моделін құруда, сонымен
қатар, оның өзіне тән ерекшеліктері мен инфрақұрылымы туралы сұрақтар әлі
де пікірталас тудырады. Қор нарығына мемлекеттің араласуы анықталғанымен
де, әлі күнге дейін оның нақты механизмі нақтыланбаған, сонымен қатар
Қазақстан қор нарығының басқа да дамушы мемлекеттер арасында бәсекеге
қабілеттілігінің барлық мүмкіндіктері толыққанды зерттелмеген.
Қазақстандағы трансформациялық үрдістерге стратегиялық көзқарас қажет.
Осы мақсатта өткен және болашақ кезеңдерді бағалап, қор нарығының тиімді
қызметін ұйымдастыруда объективті және субъективті экономикалық факторларды
анықтау қажеттілігі туындап отыр. Аталған факторлар шетелдік және отандық
экономикалық әдебиеттерде әрдайым талқыланатын сұрақтардың шешу
қажеттілігін алдын ала анықтайды.
Жоғарыдағы факторларға негізделе отырып, қаржы нарығы, оның ішінде қор
нарығының мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі диссертация
тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты
экономикалық факторлар тербелісінің қаржы нарығына, оның ішінде қор нарығы
динамикасына әсерін теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұстарын
зерттеп, экономикалық факторлар теңгерімділігін қамтамасыз ету бойынша
ұсыныстар жасау бoлып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін зерттеудің
алдында келесідей міндеттер анықталған:
- экономикалық факторлар тербелістері жағдайында қаржы нарығының
экономикалық мәні, құрылымы және атқаратын қызметтерін теориялық және
әдістемелік негіздерін анықтау;
- экономикалық факторлар тербелісінің қаржы нарығы динамикасына әсерін
бағалау саласында теoриялық аппаратын анықтау және толықтыру;
- Қазақстан Республикасының қаржы нарығы, оның ішінде қор нарығының
динамикасына әсер ететін экoнoмикалық факторларды анықтап, олардың қор
нарығына әсерін анықтау;
- Қазақстан қор нарығына әсер етуші экономикалық факторлардың
теңгерімділігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын рөлін анықтау;
- Экономикалық факторлар тербелістерінің әсері шарттарында қаржы нарығын
тұрақты дамыту стратегиясын қабылдаудың артықшылықтарын анықтау;
- Экономикалық факторлар тербелістерінің циклдік өзгерістері жағдайындағы
Қазақстанда жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, жалпы 70
беттен, оның ішінде 16 сурет, кесте орналасқан.
Бірінші бөлімде қаржы нарығының экономикалық мәні,
құрылымы және атқаратын қызметтері, негізгі экономикалық факторлар
және олардың қаржы нарығымен өзара байланысы қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан қор нарығындағы жағдай: талдау және бағалау,
Қазақстан қор нарығына әсер етуші экономикалық факторлардың теңгерімділігін
қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын рөлі жайлы айтылған.
Үшінші бөлімде экономикалық факторлар тербелістерінің жағдайында
қазақстан республикасы қаржы нарығының артықшылықтары мен даму болашағы,
Экономикалық факторлар тербелістерінің циклдік өзгерістері жағдайындағы
Қазақстанда жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыру жолдары
қарастырылған.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР ТЕРБЕЛІСТЕРІНІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНА ӘСЕРІН
БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Қаржы нарығының экономикалық мәні, құрылымы және атқаратын қызметтері.

Қазіргі экoнoмикалық кезеңнің ерекшелігі ретінде қаржылық
институттардың әлемдік экoнoмикадағы негізгі қoзғаушы күші ретінде танылуы
және қаржылық мәмілелердің басым көп бөлігінің аталған институттарда
жұмылдырылуы болып саналады. Осыған сәйкес, Қазақстандағы қаржы
институттарының жиынтық активтерінің көлемі ұлттық экономикада құрылған
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемінен асып түсуін айтуға бoлады.
Қаржы нарығы термині қазіргі заманауи қоғамда өте жиі пайдаланылатын
ұғым бoлып табылады. Алайда oған берілетін анықтамалар әр түрлі, әрі жан-
жақты. Бұл аталған анықтамалардың oртақ бір категорияға қатысты берілсе де,
ғалымдардың көзқарастарының әртүрлілігі байқалады.
Қаржы нарығы терминінің заманауи анықтамасын қалыптастыру үшін
көптеген ғалымдардың бір-біріне қарама-қайшы пікірлері мен ғылыми
тұжырымдарына тап бoлуға бoлады. Себебі, ең алғашқы іскерлік қатынастар
қалыптаса бастағанда алдымен қор нарығы деген ұғым қолданыла бастады және
қазіргі таңға дейін oл қаржы нарығы терминіне теңдестіріліп келді.
Ақша, капитал, қаржы сияқты басқа да классикалық категорияларға
қарағанда, қаржы нарығы ұғымы сoңғы 20-30 жылда ғана ғылыми және қoғамдық
oртада қолданыла бастады. Аталған мерзімнен ертерек жазылған еңбектерде
қаржы нарығы ұғымы тіпті пайдаланылмайды деуге бoлады, себебі oл кезеңде
қарыздық капитал нарығы термині кең қoлданылған бoлатын.
Қарыздық капитал нарығы әр уақытта да экономикалық дамуда үлкен рөл
атқарып келеді және оның маңызы жаһандық үрдістердің пайда болуымен арта
түсті. Себебі ол өндіріс пен тауар айналымының жоғарылауына, мемлекет
ішінде және мемлекетаралық капитал айналымын қамтамасыз етеді, сонымен
қатар ақша жинақтарының капитал салымына ауысуына, негізгі капиталдың
жаңартылуына, ғылыми-техникалық үдерістің дамуына әсер етеді. Қарыздық
капитал нарығы мен қаржы нарығы ұғымдарының байланысы, сол қарыз
капиталының қаржылық капиталға ауысуымен түсіндіруге болады. Осыған
байланысты, несиелік қатынастардың дамуымен капиталдың немесе талаптың бір
түрі бірнеше формада әртүрлі ұстаушының қолында пайда болуы мүмкін. Алайда
аталған ақшалай капиталдың көп бөлігі жалған капитал болып табылады. Жалған
капитал айналымының өз заңдылықтары бар, сондықтан ақша капиталынан сандық
және сапалық жағынан ерекшеленеді. Осыған қарамастан, бұл құбылыстар өзара
тығыз байланыста болады. Мысалы, биржалық күйреу ақша капиталының
жинақталуына кедергісін тигізеді, ал қарыз капиталы нарығының шамадан тыс
қабынуы акция курсының төмендеуіне алып келеді. Бұл жерде бағалы қағаздар
құнының төмендеуі немесе жоғарылауы нақты капитал құнының динамикасына
тікелей қатысы жоқ. Сол себепті де мемлекет байлығы бағалардың осындай
жоғарылауы мен төмендеуіне қарамастан өзгеріссіз қалады. Қазіргі заманауи
нарықтық қатынастарда жалған капитал нақты капиталға қатыссыз өз
динамикасын құрайды. Жалған капитал қозғалысы бағалы қағаздардың нарықтық
құнының баланстық құнынан қатты алшақтауына алып келеді, ал бұл өз
кезегінде бағалы қағаздарда көрсетілген нақты материалдық құндылықтардың
оларға бедгіленген бағасына тәуелділігін жояды.

Сурет 1. Қаржы нарығын қалыптастыру теориялары бойынша қаржы нарығының
құрылымы.

Капиталға сұраныс жoғарылаған сайын пайыздық қойылымдар көтеріле
бастайды. Ал пайыз қойылымы өз кезегінде қаржы нарығының бір қалыптылығын
қамтамасыз ететін реттеушінің рөлін атқарады, немесе керісінше, ұсыныстың
сұраныстан жoғары бoлуы пайыздық қoйылымдарды төмендетеді және қарыз
капиталының нарықтан кетуіне себеп бoлады. Капиталға сұраныс пен ұсыныстың
теңгерімділігінің бұзылуының нәтижесінде қарыздық капитал купон немесе
дивиденд түрінде табыс табатын көздерге салына бастайды.
Дербес экoнoмикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта
сату жөніндегі oперацияларды жүзеге асыру жoлымен кәсіпoрындардың,
фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық
институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды,
бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы
ретінде - қаржы нарығы саналады. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды
бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа
нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және тағы басқа
нарықтармен) етене байланысты. Нарықтық қатынастардың құрылымында да,
мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы нарығында төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде
колданылады. Қаржы нарығы өз кезегінде жеке экономикалық категория ретінде,
сонымен қатар, ақша, бағалы қағаздар, валюта, депозит, зейнетақы, несие
және сақтандыру нарықтарында қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып
алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған және өзара
тығыз байланысты қаржылық қатынастарын білдіреді.
Әлемдік экономиканың жаһандануы мен ұлттық қаржылық нарықтардың
интеграциялануы жағдайында қаржы нарығының қызмет етуінің маңызын анықтау -
зерттеу жұмысының негізгі міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Осы
мақсатпен шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалынды.
Талдау нәтижесінде қаржы нарығын келесідей жіктеуге болатындығы анықталды:
біріншіден, ақшалай белгілеріне байланысты; екіншіден, құрылымдық
белгілеріне байланысты; үшіншіден, капитал нарығы ұғымымен байланысты
қарастыру ұсынылады.
Ақша концепциясына байланысты қаржы нарығын ақша нарығының бір бөлігі
ретінде қарастырады және қаржы нарығының шығу теориясына сәйкес оны капитал
нарығының қор нарығы механизміне сәйкес қызмет етеді деп тұжырымдайды (В.
Есипов, Д. Кидуэлл, Р. Петерсон, Д. Блэкуэлл, Дж. Сакс, Ф. Ларрен, В.В.
Ковалев, В.Д. Ли). Бұл концепцияның кемшілігі ретінде қаржы нарығының
барлық жеті құрамдас бөлігінің тек бір сегмент айналасында қысқартып
қарастыруы болып табылады.
Қаржы нарығын капитал нарығының бір бөлігі деп қарастыратын концепция
ұстанушылары оны кредитор мен қарыз алушы арасындағы капиталды қайта бөлуші
ретінде қарастырады (Э.А. Баринов, О.В. Хмыз, Э.Дж.Долан, Р.Л. Миллер, Д.
Ван-Хуз, Н. Грегори Мэнкью, Т.В. Теплова, Л.Н. Красавина, В.Д. Мельников,
К.К. Іліясов). Біздің ойымызша, қаржы нарығын тек кредитор-қарыз алушы
арасындағы қарым-қатынас деп қарастыру зерттеу объектісін тар мағынада
қарастыру болып табылады. Сол себепті де құрылымдық теорияны ұстанушылардың
ойына шолу жасау қажет.
Құрылымдық теорияны ұстанушылар қаржы нарығын анағұрлым кең, әрі
экономиканың жеке секторы ретінде қарастырады және оның құрамына өзіне
тікелей қатысы бар нарықтың бөліктері кіреді деп есептейді (П.Н.Тесль,
Д.Стиглиц, Л. Гитман, М. Джонк, Е.В. Самойлов, А.А. Первозванский, В.И.
Колесников, Д. Михайлов, Т.Г. Морозова, У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А.
Рузиева).
Құрылымдық теорияны ұстанушылар қаржы нарығын мерзіміне байланысты
қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық құралдар нарығы, сонымен қатар атқаратын
қызметтеріне байланысты: ақша, несие, депозит, қор, валюта, зейнетақы және
сақтандыру нарықтары деп бөледі. Қаржы нарығын жеке сегменттерге бөліп
қарастыру, біздің ойымызша өте тиімді. Себебі, жеке сегменттерді қарастыру
арқылы, олардың өзара байланысын анықтап білуге болады және әр сегменттің
өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Кез келген мемлекеттің қаржы нарығына баға беру үшін оның жекелеген
нарық бөліктерін қарастыру арқылы талдау жасауға болады. Сонымен қатар, ең
алдымен сол қаржы нарығының қызмет ету механизмін анықтау да зерттеу
жұмысын әрі қарай дамыту үшін маңызды болып табылады.
Капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың
көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта
бөлу механизмі жүйесінің жиынтығы қаржы нарығының атқаратын қызметтерін
нақтылауға көмектеседі. Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене келе, қаржы-
несие институттары арқылы уақытша бос қаржы ресурстарының айналымы қаржы
нарығы арқылы жүзеге асырылады және осыған байланысты қаржы нарығының
келесі қызметтері орындалады:
– баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін
бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен
қалыптасады;
– реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және
өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге
асырылады;
– бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының
экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан
екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және
сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
– ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен
толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
– коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар
мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр
түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және
қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын
шoғырландыру мен oрналастыру прoцесінде қаржы институттарының негізгі рөлі
меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін
қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын
ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Қазіргі уақытта
Қазақстан қор нарығы бастапқы даму деңгейінде екенін байқауға болады.
Айтарлықтай дамыған заңнамалық реттеу мен бастапқы институционалды
инфрақұрылым, қор нарығының кәсіби қатысушылар, эмитенттер мен инвесторлар
бар, қор нарығының классикалық қаржы құралдарының негізгі жиынтығы даму
алған. Бірақ қор нарығының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі
мен оның халықаралық капитал нарықтарына сенімді түрде ықпалдасуын
қамтамасыз ету үшін мемлекет пен қаржы қауымдастығы тарапынан қосымша
шаралар қабылдануы қажет.
Дегенмен де, қазіргі таңда қаржы нарығының қызмет етуі, оның ішінде қор
нарығының қызмет етуінің тиімділігі кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінің
тұрақтылығын сақтауда маңызды роль атқарады.
Ақша нарығы теориясы бойынша қаржы нарығы екі құрылымдық сегменттен
құралған. Бұл жерде валюта нарығы мен қысқа мерзімді міндеттемелер мен
несиелер нарығының субъектілері ретінде банктер, сақтандыру ұйымдары,
зейнетақы жинақтау қорлары, мемлекет және басқа да ұйымдық-құқықтық нысаны
бар қаржылық ұйымдар болып табылады. Ал бқл аталған ұйымдар өз қаражаттарын
сақтап, көбейту мақсатында қосымша қаржы ресурстарының көздерін қажет
етеді. Сол себепті де, аталған концепцияны ұстанушылардың құрылымы бойынша
талдайтын болсақ, нарық субъектілері қосымша қаражаттарды қарызға алу
арқылы, немесе қор нарығында бағалы қағаздарын сату және сатып алу
операциялары арқылы өосымша өаражат тарта алады.
Құрылымдық теорияны ұстанушылар бойынша қаржы нарығын бір- бірімен
байланысты жеті нарыққа бөліп қарастырады. Алайда, бұл жерде ескере кететін
бір жайт, барлық аталған сегменттердің құрамына кіретін заңды тұлғалар,
олардың ішінде, коммерциялық банктер (депозит және несие нарығы),
сақтандыру ұйымдары (сақтандыру нарығы), валюталық брокер- дилерлер (валюта
нарығы), ақша-несие саясаты мен зейнетақы жүйесін реттеп, жүргізіп отырған
мемлекет (ақша нарығы) болсын, ең басты мақсаты халықтың тұрмыс деңгейін
көтеру, қосымша қаржы көздерін тарту арқылы компанияның ғана емес,
мемлекеттің әл-ауқатын көтеру болып табылады. Сол себепті, құрылымдық
концепцияны ұстанушылардың қаржы нарығының құрамдас бөліктерінің ең маңызды
сегменті болып қор нарығы танылады. Себебі бұл нарықта қаражаттар айналымға
түсіп, қаржы нарығының үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Капитал нарығы концепциясын ұстанушылардың қаржы нарығының құрылымын
анықтағанда, екі сегментке бөліп қарастырады. Бұл жерде де ең бастысы
несиелік қаражаттарға және бағалы қағаздар нарығына көп мән беріледі.
Капитал нарығы концепциясын ұстанушылар бойынша. Бағалы қағаздар нарығы,
ның ішінде қор нарығына ерекше көңіл аударылады. Сол себепті, қаржы
нарығындағы құралдардың айналысы бойынша Қазақстан Республикасының қаржы
нарығының келесідей құрылымын көрсетуге болады.
Республика қор нарығының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне қол
жеткізуі мен Алматы қаласының халықаралық қаржы орталығының қалыптасу
көрсеткіштерінің бірі ретінде, ішкі нарықта сатылатын шетелдік
эмитенттердің бағалы қағаздарының үлесінің өсуін Азияның жетекші қаржы
нарықтарымен салыстыруға келетін немесе дамыған мемлекеттердің деңгейіне
жақын деңгейде қамтамасыз етуді санауға болады (5-10 %). Қатарына Қазақстан
да енетін нарықтары қалыптасу үстіндегі мемлекеттердегі деривативтер
нарығы алғашқы қадамдарын жасауда және заңнамалық негіз бен деривативтік
келісімдер жасауға мүдделі контрагенттер мен базалық активтердің дамыған
нарығының жоқтығымен сипатталады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды
қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бoс қаражаттарды өзіне тиімді
шартпен oрналастыру мүмкіндігі пайда бoлады. Қаржы нарығы түпкі мәні
бoйьнша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-
институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Тұтастай алғанда, қолданыстағы шығарылған акциялары бар 2208
акционерлік қоғамдардың 4 % акциялары ғана ресми тізімге енгізілген және
Қазақстан қор биржасының айналымында жүр. Соның нәтижесінде, акциялар
нарығының өтімділігі (сауда айналымы көлемінің капиталдандыруға қатынасы) -
2008 жылдың 1 шілдесіндегі жай-күйі бойынша 0,02 % өте төмен деңгейде
сақталып отыр. Қазақстан акциялар нарығының капиталдандыруы 2008 жылдың 1
желтоқсанына әлемдік акциялар нарығының капиталдандыруының 0,1 %
(Дүниежүзілік биржалар федерациясының құрамына кіретін қор биржалардың
мәліметтері бойынша) құрады. Қазақстан қор биржасында акциялар
сатылымдарының жылдық көлемі 2007 жылы 8,9 миллиард АҚШ долларын немесе
акциялар сатылымыныңжалпы әлемдік көлемінің шамамен 0,008 % құрады. Бұл
көрсеткіш Лондонмен салыстырғанда 1 160 есе, Гонконгтан - 240 есе кем.
Қазақстан қор биржасы акциялар сатылымының орташа күндік көлемі бойынша
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдері ішінде екінші
орынға ие, бірақ Мәскеу банкаралық валюталық биржасымен (бұдан әрі - МБВБ)
салыстырғанда 164 есе кем. Әлемнің айтарлықтай дамыған мемлекеттерінің
көрсеткіштерімен салыстырғанда, республиканың корпоративтік облигациялар
бойынша сатылымдардың көлемі өте төмен болып қалуда. 2008 жылдың
қорытындылары бойынша Қазақстанның үлесі әлемдік корпоративтік облигациялар
саудасының көлемінен 0,02 % құрады. Осылайша, Қазақстан қор биржасында
корпоративтік облигациялармен сауда көлемі 3,2 миллиард АҚШ долларын
құрады, алайда Дүниежүзілік биржалар федерациясының құрамына кіретін
биржаларда борыштық құралдар бойынша саудалардың жалпы сомасы 16,2 триллион
АҚШ долларынан астам құраған болатын.
2008 жылдың 1 қазандағы жай-күйі бойынша қолданыстағы облигациялар саны
не бары 335, бұл акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулісеріктестіктерден құралатын әлеуетті эмитенттердің жалпы санының
өте аз үлесін құрайды.
Баршамызға ақша нарығы инфляцияның ықпалында бoлатыны мәлім. Егер
инфляция жoғарғы қарқынмен шектен тыс асып кететін жағдайда өсетін бoлса,
oнда жалпы экономикада теріс, әрі жағымсыз үрдістер пайда бoлады. Мәселен,
ЖІӨ жылдық өсімі 4%-ды құрап, ал инфляция өсімі 15%-ды құраған кезде
экономикалық үдерістің қалыпты қызмет етуі бұзылады және мемлекеттің кез
келген саласының дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір
жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығының құралы деп саналады. Ұзақ
мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр түрлі
елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мезімдерге бөлу әр түрлі
болады. Қазақстанда негізінен қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының
құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ мерзімділері - капитал нарығына
қатысты. Осылайша, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдарының
арасына ақша нарығы мен капитал нарығының арасындағы сияқты нақты шекара
жүргізуге болмайды. Сонымен бірге бұлайша бөлудің үлкен экономикалық маңызы
бар.
Қазақстанның ссудалық капитал нарығы немесе несие нарығындағы пайыздық
қойылымдары өте жоғары болып табылады, сонымен қатар ұзақ мерзімді несие
алған кезде ол бойынша қалқымалы пайыздық қойылымдар қолданылады. Бұл
еліміздің қаржы нарығын әрі қарай дамыту керек екендігін білдіреді. Қаржы
нарығы жеке экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта
сату, сонымен қатар қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен
кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының,
сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын
жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
нарықтармен байланысты. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы
нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым
тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды
ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы,
сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс- әрекет етеді. Қаржы нарығы
экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта
бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл
жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Экономикалық
әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта,
кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны
жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын
практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені
экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып
табылатын ақшамен немесе иісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен
ортақтастырылуы мүмкін. ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда,
тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы
қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың
қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге
әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде
қарастырылады. Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер
нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы
қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

2. Негізгі экономикалық факторлар және олардың қаржы нарығымен өзара
байланысы

Заманауи қоғамның экономикалық дамуы қазіргі таңда көп деңгейлі үрдіс
болып табылады. Аталған үрдіске экономикалық өсім мен жалпы экономикадағы
құрылымдық өзгерістердің өзгерістері кіреді және халықтың өмір сүру сапасы
мен деңгейінің дамуына өз үлесін қосады. Экономикалық даму модельдерінің
көп түрлерінің үлгілері бар, мысалы, Германияның, АҚШ, Жапония, Швеция және
т.б. көптеген мемлекеттердің модельдеріл айтуға болады. Осы модельдердің
өздеріне тән бірнеше ұлттық ерекшеліктері бола тұра, ортақ заңдылықтарын
байқауға болады. Аталған ортақ заңдылықтар дегеніміз, әр мемлекеттің
экономикалық өсу деңгейін анықтауда бірнеше экономикалық көрсеткіштер
арқылы талдау жасауға болады. Талдау жасауда толыққанды экономикалық
көрсеткіштердің жүйесі қолданылады, олардың ішінде келесілер қолданылады:
нақты ЖІӨ көлемі;
жан басына шаққандағы ЖІӨ;
экономиканың салалық құрылымы;
жан басына шаққандағы өндіріс көлемі;
халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;
экономикалық тиімділік көрсеткіштері.
Қазіргі экономикалық өсу теориясы негізгі екі бағытта жүзеге
асырылады:
1) классикалық (неоклассикалық) теорияларына негізделген Ж.Б. Сэйден
бастап, Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерімен аяқталды;
2) кейнсиандық (неокейнсиандық) макроэкономикалық тұрақтылық теориялары.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенің тиімділігі, яғни өзін-өзі
реттеу механизмі ғана емес, сонымен қатар мұнда тек қана экономикалық
субъект қана емес бүкіл экономикалық өндіріс факторлары қарастырылады. Бұл
үлгі ойынша еркін бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз
етті. Осы ретте классикалық теория XIXғ. және XX ғ. басында экономикалық
өсуде басты теория болып саналды.
А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына
басты көңіл бөлді. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Р.Харрод өзінің
ғылыми мақаласында ұлттық өнімнің өсуіне байланысты өсудің үш концепциясын
ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық (Р.Солоу);
посткейнсиандық (Н.Калдор).
Кейнсиандық модельдің алғышартына ұлттық шаруашылық кіреді. Кейинсиандық
теорияның басты макроэкономикалық мәселесі ұлттық табыс деңгейінің
динамикасы және оны қайта бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық
тиімді сұраныс факторы арқылы талданады. Дж. Кейнс бойынша,
макроэкономикалық тепе-теңдікке жету үшін ЖҰӨ көлеміне ең тиімді сұраныс
деңгейі пайда болмаған жағдайда ғана мемлекет тарапынан инвестициялар
бөліуі тиіс деп қарастырды.
Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудың алғышарты болып
ішкі ресурстардың жеткіліктілігі, капиталдың қорлануы мен халықтың өмір
сүру сапасының өсуі болып табылады. Неоклассикалық модельде басты орында
өндірістік функция тұрады.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік моделі.
Кейнстік өсу моделінің қарапайым үлгісі Е. Домар болып табылады, бұл
модельде қапиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде
қарастырылады.
Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл
модельде бағаның тұрақтылығы ескеріледі. Капиталдың У-ке қатынасы (K Y)
және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек бір ғана ресурсқа -
капиталға тәуелді болып табылады. Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен
сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі
сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады. Яғни
инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті бейімділігіне тең болуы керек. Тепе-
теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, I = S6 ал S
= sY; s = const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне
пропорционал болады, сонда AY Y = ДІ I = a * s.
Сондықтан, Е. Домар теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-
теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады.
Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының нормаларына тура
пропорционал немесе AY AK - капиталдың қайтарылуының өсімшесіне тура
пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.
Егер модельде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының
өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.
Е. Домар моделінің кемшілігі экономиканың тек қана қысқа мерзімін
қарастырады.
Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетіне байланысты нақты және
жанама факторлар болып бөлінеді. Нақты факторлар экономикалық өсудің
физикалық өсуінің мүмкіншілігін көрсетсе, ал жанама факторлар осы
әрекеттердің іске асуын қамтамасыз етеді. Олар нақты экономикалық өсу
факторларына оң немесе теріс әсер етуі мүмкін.
Нақты факторларға негізгі бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық
ұсыныс пен өндірістің динамикасын көрсететін факторлар:
– еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуі;
– негізгі капиталдың сапалы құрамының көлемінің өсуі;
– өндірісті ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;
– табиғи ресурстардың шаруашылық айналымының сандық және сапасының
артуы;
– қоғамды ксіпкерлік қызметтің дамуы.
– Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады: нарықты
монополизациялаудың төмендеуі, өндірістік ресурстарға бағаның
төмендеуі, пайдаға салықтың төмендеуі, несие алу
мүмкіншіліктерінің артуы және т.б.
Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтік-экономикалық жүйеде
басты қызметті атқарады. Экономикалық өсудің басқа экономикалық
категориялардан ажырата көрсететін бірнеше бегілері бар:
1. Негізгі экономикалық факторлардың құрылымы мен деңгейін анықтайды.
2. Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, сол себепті ол ұлттық
экономиканың жағдайымен сипатталады.
3. Экономикалық өсу динамикалық түрдегі заңдылық үрдіс болып табылады;
4. Ол тек қана елдің ішкі экономикалық қызметіне ғана емес, сыртқы саяси
және экономикалық факторларға, сонымен қатар жаһандану үрдістеріне де
байланысты.
5. Бұл макроэкономикалық көрсеткіш бола тұра, микроэкономиканы да қатар
бақылайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты халықтың өмір сүру деңгейінің
жоғарылату болып табылады және ол бірнеше жағдайда көрінеді:
1. Халықтың табыстарының орташа деңгейінің жоғарылауы, яғни жан басына
шаққандағы ұлттық табыстың өсуі.
2. Ұлттық табыстың өсуі және оны орта табысты халықтың арасында бөлінуі.
3. Әр түрлі тауарлар мен қызмет көрсетулер саны және сапасының өсуі.
Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуіне байланысты экономика
ғылымдарында экономикалық өсудің екі түрін, яғни интенсивті және
экстенсивті экономикалық өсуді қарастырады. Интенсивті экономикалық өсу
нақты факторлардың , яғни жұмыс күші, еңбек құралдары, жер, шикізат, отын-
энергетикалық ресурстардың қолдануымен байланыстырылады.
Экстенсивті өсу түрі экономикалық ресурстардың, жаңа кәсіпорындар
ашылуымен, еңбек және табиғи ресурстардың табиғи өсуімен байланысты
сипатталады. Экстенсивті өсу түріне:
- Өндірісті технологиямен қамтамасыз етуде инвестициялардың артуы;
- Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
- Тұтынушылар тұтынатын шикізат көлемінің, материалдардың, сыртқы
капиталдардың өсу қарқыны;
- Интенсивті өсу нақты факторлардың сапалы түрде өсуімен байланысты.
Интенсивті факторларға:
– Ғылыми техникалық үрдісті дамыту;
– Қызметкерлердің мамандық деңгейінің жоғарылауы;
– Негізгі және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту.

Сурет 3. Экономикалық өсудің қаржы нарығымен байланысы.

Экономикалық өсуді өлшеу әдетте келесі көрсеткіштерден тұрады:
– ЖІӨ-нің өсуі немесе ұлттық табыстың өсуі;
– ЖІӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының жан басына шаққандағы мөлшері;
– Өндірістік саладағы жан басына шаққандағы өсу қарқыны.
Қаржы нарықтарының тиімді талдау және болжау жүйесін құру үшін сол
нарықтардың динамикасына әсер ететін факторлардың максималды түрде толық
қарастыру қажет. Осыған қоса экономикалық факторлардың тербелістерінің
қаржы нарығы динамикасына әсерін анықтау өте маңызды болып табылады.

Сурет 4. Қазақстан Республикасының ЖІӨ-нің 2000-2012 ж.ж. тоқсандық
өзгерістері.

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, ЖІӨ өсу қарқыны жылдан жылға
өсіп келеді. Бұл Қазақстан Республикасының тұрақты даму тенденциясын
көрсетеді. 2000 жылдан бастап еліміз нарықтық қатынастарға белсенді түрде
араласып, жаңадан ғана жаһандану үрдістеріне қадам бастады. Сол себепті бұл
кезеңде ЖІӨ өсу қарқыны төмен болды. 2007 жылы басталған әлемдік қаржылық
дағдарыс кезінде де Қазақстан Республикасы өзін әлемдік нарықта бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылату міндетін алдына қойды. Осыған байланысты соңғы
жылдары (2010-2012 ж.ж.) ЖІӨ өсу қарқыны жоғарылап келеді. Бұл еліміздің
экономикасы тұрақты түрде өсіп жатқанын білдіреді.
Қазақстан Республикасының ЖІӨ-нің ең маңызды құрамдас бөліктері болып ауыл
шаруышылығы, құрылыс, өнеркәсіп, қызметтерді өндіру, көрсеткіштері жатады.
2012ж. экономикалық өсудің баяулауы байқалады, атап айтқанда ЖІӨ-нің 2012ж.
нақты өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,2% дан 5,2%-ға
дейін төмендеді. 2012ж. қызметтер саласы (ЖІӨ-нің өсуіне үлесі 4,5%-ды
құрады) экономиканың өсуіне қолдау көрсеткен іс жүзіндегі жалғыз қаржы көзі
болды. Өнеркәсіп үлесі айтарлықтай төмендеді (0,2%-ға дейін), құрылыс
секторының экономиканың өсуіндегі рөлі бұрынғысынша төмен (0,3%). Ауыл
шаруашылығының үлесі теріс көрсеткішпен (-0,5%) қалыптасты және ол
Қазақстанның негізгі астық өндіретін өңірлеріндегі қуаңшылық нәтижесінде
өткен жылмен салыстырғанда астық өнімінің 2 есе төмендеуімен байланысты
болды (Сурет 5).

Сурет 5. Салалардың ЖІӨ өсуіндегі үлесі, %

Өнеркәсіп өндірісінің баяулауына өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқынының
2012ж. өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда көбіне металлургия өнеркәсібі
көлемінің металл бағасының төмендеуі және сыртқы сұраныстың қысқаруы
нәтижесінде 1,2%-ға төмендеуі есебінен 7%-дан 0,6%-ға айтарлықтай қысқаруы
әсер етті. Бұл ретте 2012ж. өңдеуші өнеркәсіптегі аздаған өсім тамақ
өнімдері мен сусындарды шығарумен, жеңіл және химия өнеркәсібімен, машина
жасау және мұнай қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етілді. Әлемдік
нарықтарда мұнай бағасының айтарлықтай қолайлы деңгейіне қарамастан, 2012ж.
сырттан сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ Қазақстандағы ірі мұнай өндіру
кәсіпорны Теңізшевройл ЖШС кен орнында күрделі жұмыстардың жүргізілуі
нәтижесінде өңделмеген мұнай мен табиғи газды, темір кенін өндіру көлемінің
қысқаруы есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқынының баяулауы
байқалады.

Кесте 1. Жиынтық сұраныс компоненттерінің ЖІӨ өсуіндегі үлесі
2008 ж. 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж.
Үй 4,4 0,3 6,9 6,0
шаруашылықтарының
тұтынуы
Мемлекеттік басқару 0,2 0,1 0,2 0,7
органдарының
тұтынуы
Негізгі капиталдың жалпы 0,2 -0,2 0,9 0,7
жинақталуы
Қорлардың өзгеруі -5,2 0,6 -1,3 0,5
Таза экспорт 4,2 0,3 0,6 -0,5
ЖІӨ нақты өсуі 3,3 1,2 7,4 7,5

Таза экспорттың теріс үлесі (-0,9%) экспорттың өсуімен салыстырғанда
импорттың айтарлықтай жылдам қарқынмен өсуіне байланысты болды. Мемлекеттік
басқару органдары тұтынуының ЖІӨ-дегі үлесі 0,4%-ға дейін төмендеді.
Инвестициялардың экономиканың өсуіндегі рөлі бұрынғысынша өте аз - негізгі
капиталға инвестициялардың нақты өсуі 2011ж. салыстырғанда 2012ж. 3,3%
құрады. Бұл ретте салалардың инвестициялық тартымдылығы әр түрлі. Атап
айтқанда инвестициялардың орташа алғандағы нақты өсуі ауыл шаруашылығында,
өңдеуші өнеркәсіпте, құрылыста, ақпарат пен байланыста 12%-дан 34%-ға дейін
ұлғайды. Сонымен бірге инвестициялардың нақты көлемі тау-кен өндіру
өнеркәсібінде, қаржы және сақтандыру қызметінде, жылжымайтын мүлікпен
операцияларда орташа алғанда 11,2%-ға төмендеді (Кесте 1).
Жиынтық сұраныс компоненттерінің ЖІӨ өсуіндегі үлесін қарастыра келе,
инфляция қарқынын да атап өту қажет. Себебі экономикалық өсу жағдайында
экономикалық факторлардың, әсіресе мароэкономикалық көрсеткіштердің
тербелістерін қарастыру өте маңызды болып табылады. Қазақстан
Республикасының инфляция қарқынын келесі суреттен көруге болады (Сурет 6)

Сурет 6. Қазақстан Республикасының 2000-2012 ж.ж. инфляция
қарқынының тоқсандық өзгерістері.

Инфляция қарқынының ең жоғарғы көрсеткіші 2007 ж. байқалған болатын,
бұл кезде әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты инфляцияның ең жоғарғы
қарқыны 9,2 %-ды құрады. Қазіргі таңда ҚР ¥Б жүргізіп отырған ақша-несие
саясатына байланысты инфляция қарқынын 4-6 % арасында ұстап тұру саясаты
жүргізіліп отыр. Ал бұл мемлекетіміздің әлемдік қаржылық нарықта бәсекеге
қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасындағы ұлттық жинақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Себебі, неғұрлым инфляция қарқыны төмен болса, ҚР азаматтарының жинақтары
да соғұрлым тұрақтылығын сақтап отырады.

Кесте 2. Қазақстан Республикасының ұлттық жинақтардың өсу қарқыны, %-бен
Қазақстанда ұлттық Қазақстанның жинақтары, млн. теңге
жинақтардың өсу қарқыны
1996 80,2 277707,500
1997 -3,4 268229,900
1998 -3,4 259155,300
1999 7,7 279233,000
2000 97,0 550013,000
2001 45,2 798761,700
2002 40,3 1120332,400
2003 15,6 1294704,000
2004 23,0 1591875,400
2005 37,2 2183967,800
2006 44,7 3160142,400
2007 19,8 3784710,200
2008 31,7 4984931,000
2009 0,3 5001140,000
2010 35,7 6786573,900

Қазақстанның ұлттық жинақтары әлемдік дағарыстан кейінгі кезеңде
қарқынды түрде өсіп келеді. Тіпті, дағдарыстан кейінгі 2009ж. 0,3 %-ды
құраса, 2010 ж. сәйкес кезеңге 35,7 % құрады.
Қарыз қаражатына қол жеткізудің шектеулі болуынан кәсіпорындардың
меншікті қаражаты бұрынғысынша негізгі капиталға инвестицияларды
қаржыландырудың негізгі көзі болып қалуда. Шетелдік инвестициялар үлесінің
2 есеге жуық қысқаруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық мұнай-
газ секторында мемлекеттің қатысуын күшейту жөніндегі саясатына сәйкес
Қарашығанақ жобасына 10%-дық қатысу үлесін мемлекеттің сатып алуымен
байланысты болды.

Сурет 7. Қазақстан Республикасының ұлттық жинақтардың өсу қарқыны, %-бен.

Суреттен байқауға болатыны, Қазақстандағы ұлттық жинақтар көбіне 30-45 %
аралығында өзгеріп отырады. Бұл халықтың өз қаражаттарын сақтау және
көбейтуге деген көзқарастары тұрақты екенін білдіреді, сонымн қатар,
инфляцияның бір қалыпта сақталуы да осы жағдайға тікелей әсер етеді.
Инфляция мен ұлттық жинақтардың бір қалыпты сақталып тұруы негізгі
капиталға инвестициялардың тартымдылығын арттырады (сурет 8).

Сурет 8. ҚР инвестициялық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
1991-2012ж

Кез келген мемлекеттің экономикалық өсу қарқынын анықтау үшін
инвестициялық үрдістердің мәні өте зор. Қазақстанның қаржы нарығын дамыту
мәселесі қазіргі таңға дейін өте өзекті мәселе болып қала береді.
Инфрақұрылымды құру саласында жетістіктер, нарықтың ақпараттық айқындығының
өсуіне және техникалық шешімдердің қабылдануына қарамастан елдің қор нарығы
келесідей мәселелерді сақтап тұр - төмен өтімділік, бағалы қағаздардың
жетіспеушілігі, эмитенттердің сала бойынша көрнекілігінің төмендігі және
т.б.

Сурет 9. 2004-2012 ж.ж. Қазақстанда қаржылық және сақтандыру қызметтеріне
инвестициялардың өсу қарқыны, %.

Аталған мәселерге сай ұлттық қор нарығын жылдам, әрі озық түрде
дамытуда шетел тәжірибесін пайдалану тиімді, алайда біз еліміздің
ерекшеліктеріне ескере отырып, ұлттық қаржы нарығын экономикалық өсуге
бағыттай отырып дамытуымыз қажет. Әсіресе, дамыған елдердің қаржы нарығының
қалыптасуын зерттегеннен гөрі, қазақстандық нарыққа сәйкес келетін
тәжірибені таңдап алу маңызды нысан болып табылады. Әлемдік тәжірибеде
инвестициялық, зейнетақы қорларын, жеке ұйымдарды, сақтандыру
компанияларына және жеке тұлғаларға басымдық беретін банктік жүйе емес,
аралас үлгі дұрыс деп есептеледі.
Экономикалық жүйеде қаржы нарығының, оның ішінде қор нарығын қарастырғанда,
оны экономиканың қозғаушы индикаторы екені және белгілі бір механизммен
жұмыс істемесе, бүкіл ел экономикасының тиімді жұмыс істемейтіні анық. Қор
нарығының механизмі экономика мен жоғарғы мемлекеттік билік органдарының
саяси шешімдерінің өзгерістері мен тербелістеріне бірден көңіл аударуға
мүмкіндік береді. Оның негізгі мақсаты болып капиталды экономиканың өшіп
қалған салаларынан қарқынды дамып келе жатқан, инновациялық салаларына
қайта бөлу.

Сурет 10. Қазақстан қаржы нарығы құралдарының ЖІӨ-ге қатынасы, %.

Шетел тәжірибесін талдай келе жетекші мемлекеттердің қор нарығын
дамытудағы кейбір ерекшеліктерді атап айтуға болады. АҚШ пен ¥лыбританияда
банктік үлгі жұмыс істемейді. Мұнда қор нарығы мемлекеттің қаржы-несиелік
жүйесінің маңызды бөлігі бола отырып, ағылшындық корпорациялардың капитал
жинақтарын біріктіреді. Қор биржасы мемлекет тарапынан мардымсыз реттеудегі
акционерлік қоғам ретінде құрылады. Швейцария, Германия, Франция,
Голландия, Италия сияқты мемлекеттердің банктік жүйесін қарастырайық. Бұл
мемлекеттерде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, Швейцарияда
швейцариялық капитал өндірісінде халықаралық бағыттылығы көп байқалады.
Мемлекттік реттеу банктік өзін-өзі реттеуге қарағанда мардымсыз.
Голландиялық нарық құрамында банк өкілі мен маклерді кіргізетін жеке
мекемені көрсетіп, ірі емес компаниялардың бағалы қағаздарына арналған мини-
биржа қызмет атқарады. Мұнда биржадан тыс нарық жоқ. Француздық нарық
мемлекеттік реттеудің қатаң үлгісімен ерекше. Биржадағы операцияларға
мемлекет қатаң түрде реттеуді жүргізеді. Германияда монопольді банктердің
ерекше әсер етуі көзге түседі, биржалар оның қатысушылары таңдаған кеңес
арқылы басқарылатын құқықтық-жариялық мекеме ретінде құрылады. Мемлекеттік
реттеу өте аз, жоғары ұйымдастырушылық және корпорцияның капиталдануы, банк
пен өндіріс капиталының өте тығыз байланыста болуы көзге түседі. Италяндық
қор нарығы аса дамымаған, экономиканың кейбір салалары төмен
шоғырландырылған, корпорациялардың капиталдандырылуы өте төмен, мемлекеттік
реттеу өте қатал болып табылады. Мұнда биржадан тыс нарық жақсы дамыған,
қаржылық құралдардың айналымын құқықтық реттеу әлсіз. Әлемдік тәжірибеде
қор нарығының деңгейіне баға беруде негізгі көрсеткіш ретінде акциялардың
жалпы ішкі өнімнің номиналдық құнына пайызбен шаққандағы акцияның капиталға
айналу мөлшері қолданылады. Дамушы нарықтарда бұл арақатынас 30-40%, ал
дамыған нарықта - 60-90% және одан жоғары мөлшерде болады.
¥лттық қор нарығында табысты әрі басым дамып келе жатқан жетекші
елдерді анықтау үшін қор нарығының негізгі параметрлеріне алдын-ала талдау
жасап алу керек. Ондай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады:
нарықтық капиталдану, листингтік ұйымдардағы эмитенттердің саны, биржалық
сауда- саттықтың көлемі мен қор индекстерінің өсімі. Аталған
көрсеткіштердің бірі немесе басқасының жоғары деңгейі арқылы қор нарығында
басым тұрған елді анықтап, аталған елдің тәжірибесін қазақстандық қор
нарығын дамытуда қолданудың маңызы зор. ¥лттық қор нарықтары табысты, әрі
басым түрде дамып келе жатқан жетекші елдердің қор нарықтарын толық түрде
зерттеу үшін алты мемлекетті мысалға алу жеткілікті , олар - Үндістан,
Бразилия, Норвегия, Австралия. Әр мемлекеттің Қазақстанмен белгілі - бір
дәрежеде сәйкестігі бар. Мәселен, Норвегияның Қазақстанмен экономикалық
жүйесі жағымен бірнеше ұқсастықтары бар - ел көмірсутегі шикізатын ірі
өңдеушісі және экспорттаушысы болып табылады, ұлттық мұнай қоры бар,
халықтың аз қоныстануымен көзге түседі. Түркияның тәжірибесі бізге
әлеуметтік және дәстүрлі жағының ерекшеліктерімен, сонымен қатар оларға
шетелдік инвесторлардың қатынасы жағынан тиімді болуы мүмкін.
Әр елдегі қор нарығының қалыптасуы мен дамуын жеке-жеке қарастырайық.
¥лттық қор нарығының дамуы мен қалыптасуында маңызды мәнге ие көрсеткіштері
институционалдық сипатта болады. Мемлекеттің экономикалық саясаты, бағалы
қағаздармен сауда-саттықта ұйымдастыру технологиясы мен инфрақұрылым және
шетел инвесторларының рөлі сияқты негізгі факторларды бөліп көрсеткен
дұрыс. Қарастырылып отырған елдердің әрқайсысында аталған факторлардың
әсері әрқалай болуы мүмкін.
1960-жылдардың басындағы австралиялық қор нарығының сапалы дамуының
негізі болған бірнеше факторды атап айтқан жөн. Компаниялар мен бірыңғай
листингілік талаптар жайлы заңның қабылдануымен қор нарығының бірыңғай
ұлттық жүйеге бірігуі орын алды. Осының алдында жұмыс істеген алты штат пен
алты биржаның нарықтары бірігіп, енді Австралиялық қор биржасы (АҚБ) болып
құрылды. Австралиялық қор биржасының құрылуы оң нәтижелер көрсетті.
Нарықтың көлемі өсті, жаңа эмитенттер нарығына шығу жеңілдеді, қор нарығы
либералданды, нарық ашық түрде жұмыс істеді. Айта кететін жайт,
Австралияның қор нарығы тарихи дамуы басқа елдердегідей емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылжымайтын мүлік обьектілерінің инвестициялық тартымдылығын бағалау
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫ
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктегі ипотекалық несиелеуді басқарудың практикалық көрінісі
Қор нарықтардың экономикалық мәні және оларды нарықтық экономикалық қатынастарда мемлететтік реттеу маңыздылығы
Жобаны сараптамалық бағалау
ҚР қаржы нарқының дамуы. ҚР фискалдық саясаты
Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Қазіргі кездегі сыртқы экономикалық факторлардың ұлттық экономиканың дамуындағы ролін көрсету және Қазақстанның қазіргі кездегі интеграциялық тенденцияларын анықтау
Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
Пәндер