Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . .

  1. Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен

басқарудың теориялық негіздері . . .

  1. Шығындардың экономикалық мәні және

олардың жіктелімі . . .

1. 2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау . . .

1. 3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі . . .

  1. Кәсіпорынның қызметі барысындағы қаржылық

жағдайы мен шығындарын талдау . . .

  1. Кәсіпорынның басқару құрылымы мен шаруашылық

қызметіне сипаттама . . .

2. 2 Кәсіпорынның қызметінің өндірістік нәтижелерін талдау . . .

2. 3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен

шығындарын талдау . . .

3 Кәсіпорынның шығындарды басқару жүйесін жетілдіру . . .

3. 1 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін

анықтау және оңтайландыру . . .

  1. Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату

бойынша шаралар . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Қатаң бәсекелестік жағдайы кәсіпорындардың шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге үлкен қызығушылық тудыруна әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.

Соңғы жылдары шикізат құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Шығындарды басқарудың мақсаты - ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай кезеңдерді өзіне қосады.

Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.

Тақырыптың зерттелу дәрежесi. Диссертациялық жұмыс барысында осы тақырыпты зерттеген шетелдік және отандық ғалым-экономистердің еңбектері қолданылған, соның ішінде Маркс К, Горбашко Е. А., Стуков С. А., Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж., Энтони Р., Друри К., Скоуна Т., Шима Дж. К., Сигела Дж., Карпов Т. П., Кондратов И. Г., Николаев С. А., Палия В., Ткача В. И., Аксененко А. Ф., Чумаченко Н. Г., Батрин Ю. Д., Бурцев В. В., Дронов Р. И., Николаев С. А., Карпова Т. П., Шеремет А. Д- ның еңбектерімен қоса, отандық Дәуренбекова Ә. Н-ның еңбегін атап өтуге болады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

  • басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;
  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
  • кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
  • талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;
  • шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
  • кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Диссертациялық жұмыстың зерттеу пәні кәсіпорындағы шығындарды басқарудың тиімділігі мен мәні

Диссертациялық жұмыстың зерттеу объектісі - ЭҚЖММБ(Энерготехнологиялық құралдарды жөндеу және монтаждауға маманданған басқарма) өндірістік - шаруашылық қызметі.

Теориялық - методолгиялық негізін шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі, шығындарды басқару процестері мен жүйелері және оларды талдау құрады.

Информациялық базасы ЭҚЖММБ - дан алынған есеп беру мәліметтері болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы ЭҚЖММБ бойынша кәсіпорын шығындарын басқарудағы кемшіліктерді және оған әсер ететін факторларды тауып, оларды жоюдағы немесе азайтуға бағытталған шараларды қолдану.

Практикалық маңыздылығы алынған қорытындылар болашақта кәсіпорынның қызметінде қолданылуы мүмкінділігімен сипатталады. Кәсіпорындағы шығындарды басқару жүйесінің кемшіліктерін жоюға көмек болады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспе, үш бөлімнен және қорытындысы бар 85 беттен тұрады. Мұнда 10 кесте, 11суреттен мен формуладан және қолданылған әдебиеттер тізімі бар тұрады.

Бірінші бөлімде жалпы шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі, шығындарды алғаш зерттеген ғалымдар, кәсіпорын шығындарын басқару, талдау және шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.

Екінші бөлімде шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау, шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау толық қарастырылған.

Үшінші бөлімде қазіргі таңда кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары, шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар қарастырылған.

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ҚҰРЫЛЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі

Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,
құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т. б. ) жиынтығынан тұрады.

Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

Өндіріс шығындарын көптеген экономистер зерттеген, соның ішінде К. Маркс. К. Маркстың мақсаты ерекше болды. Ол жалдамалы еңбек эксплуатациясының аспектілерін жан жақты қарастыруды көздеді.
Маркс шығындардың мәнін зерттеудің көмегімен келесі проблеманы
көрсетті - капиталдың орташа пайда нормасын қалыптастыруды талдау қажеттілігі.

Қазіргі таңдағы экономистер өндіріс шығындарын кәсіпкер тұрғысынан қарастырады. Кәсіпорынның оңтайлы стратегиясын негіздейтін міндеттерді шешу барысында өндірістің кез келген факторын сатып алуға жұмсалған әрбір доллардың үстінен таза пайда алу принципіне негізделген мақсатқа қол жеткізіледі. Осылайша, қазіргі таңдағы экономистер дәл Маркстің нәтижесіне қол жеткізді - пайданың орташа нормасын қалыптастырды.

Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.

Осылайша, өндіріс шығындары - аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен шығындары болып табылады.

Маркс бойынша айналым шығындары тауарды ұйымдастырумен байланысты, ол таза және қосымша болып бөлінеді. Айналымның таза шығындары өзіне таза күйінде сатып алу-сатумен байланысты шығындарды қосады, атап айтқанда сауда өткізу персоналының еңбек ақысы, сауда орталықтарын ұстап тұру, тұтынушылық сұранысты зерттеу, кеңес беру
және т. б.

Аталған шығындар тауар құнын жоғарылатпайды, ұйымдастырудан келген пайдадан орнын толтырады. Қосымша шығындарға тауарларды орауға, сақтауға, жеткізуге, сорттауға кеткен шығындар жатады. Бұл шығындар айналым сферасында тауар өндіру процесін жалғастырумен байланысты. Айналымның қосымша шығындары тауар құнына кіреді және ұйымдастырудан түскен пайданын есебінен орнын толтырады.

Экономикалық ғылым және тәжірибе шығындарды зеттеуді өндірістің дамуымен бір мезгілде жүргізеді. Қазіргі таңда шығындарды зерттеудің келесі қадамдарын атап көрсетуге болады. Шығындарды еңбек құны теориясына негіздей отырып анықтау, ұлттық шаруашылық және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің шығындары бұл дегеніміз тек қана еңбек болып табылады.
Тәжірибеде шығындар құрамында кейбір шектеулі ресурстардың қолданылуы ескеріледі:

  • капитал салымлары;
  • негізгі және айналым қорлары;
  • табиғи байлықтар.

Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз бұл энергияны жұмсау, яғни адамның физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы. Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау толық және терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды логистикалық тұрғыдан
философиялық-теориялық анықтау толықтай өңделмеген. Сол себепті біз шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз.

Кәсіпорынның шығындары туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

  • шығындар белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
  • қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
  • шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т. б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның өз меншігіндегі
сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар.

Кәсіпорын табысы екі түрлі көрсеткішке тәуелді болады:

  • өнім бағасы;
  • өнім өндірісіне жұмсалатын шығындар.

Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар - өндіріс шығындарына қарағанда басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін.
Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.

Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:

  • ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
  • табиғи шикізаттарды қолдану;
  • өндірісті дайындау және үйрену;
  • өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар) ;
  • рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т. б;
  • өндірістік процеске қызмет ету;
  • өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқа да еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
  • қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
  • өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару , фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т. б;
  • кадрларды дайындау және қайта дайындау;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.

Кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі.
Осылайша, өзіндік құн - кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді. Өзіндік құн - өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын.
Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т. б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құны саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнның экономикалық міндеті - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші.
Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негізгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы - ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорында басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына
сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді - бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырады. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды
шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.

Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі екі түрлі факторға байланысты болады. Олар бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.

Өнімнің өзіндік құны - синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің сапалы көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның атқаратын қызметтерімен де анықталады:

  • өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі;
  • өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды;
  • өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы есептелінеді.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:

  • шығындардың алғашқы элементтері бойынша;
  • пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.

Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:

  • еңбекке төлем шығындары;
  • әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;
  • мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;
  • амортизация;
  • басқа шығындар.

Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.

Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген:

  • шикізат және материалдар;
  • жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;
  • өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы;
  • технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;
  • әлуметтік сақтандыруларға аударым;
  • цехтық шығындар;
  • жалпы шаруашылық шығындар;
  • коммерциялық шығындар;
  • жалпы өндірістік шығындар.

Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы - оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді.
Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция - өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Қарастырылатын құбылыстар мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі жіктеме болып табылады, яғни объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен олардың арасындағы заңды байланыс негізінде бөлімдерге бөлу.
Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні тану деңгейі де жоғарылайды.

Шығындарды есептеу жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.

Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі процесінің мәні - бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментінің принциптері
Қаржылық менеджердің қызметі
Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджменті
Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару («жайықмұнайгаз» мгөб мысалында)
Кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымын басқаруды жетілдіру
«Казиндустрия» ЖШС персоналының еңбек потенциалының қалыптастыру, бағалау және оны дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүйесін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Еңбек әлеуеті оның дамуы
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорындағы персоналды басқаруды жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz