Жарқын заманға жалғыз аяқ жол тартқан ақын



Жоспар:

Кіріспе


Негізгі бөлім:1. Жарқын заманға жалғыз аяқ жол тартқан ақын

2. Абай шығыс әдебиеті қорына, қол артқан кезі

3. Абай өнері және ән өнері, қара сөздерімен
нақылдары шығармалары


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жүрегімнің түбінде терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңды, сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді. Шөл ғасырлардың қу медиен, құла дүзінен болар заманға, жарқын заманға қарай жалғыз аяқ жол тарқан ақын болатын.
Сахараны басқан қара түн-түнекті қақ жарып, жалғыз қолда жалынды жалғыз шырақ ұстап, халқына бет нұсқап: «Таңның белден атады, күнің сонау жақтан шығады»,-деп кеткен ақын еді.
Рас, қытымыр заманы мен надан қауымға ол ақын жұмбақ болды. Жұмбақ па біз үшін сол ардақты ақын бұл күнде? Жоқ, жұмбақ емес. Ол уақытта заман бұлты бетін бүркеп тұрғанмен, айдың аты-ай еді. Біз қазақ әдебиетінің жұмбағы емес, айқын жүзді, айдай игі бір нұры дейміз Абайды. Соқтықпалы, соқпақсыз дүлей мыңның қарсылығына жалғыз алысқан Абай да емес бүгінгі күш.

Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым тап шыным…
деп күңіреніп өтсе, бүгін халқы алып Отан тапқанда, ақын асыл халқын тапты.
«Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!». Кінә емес, қадір тұтады біздің дәурен, біздің ұрпақ. Мыңдар, миллиондар жүрегі қадір тұтады. Айғағы оның-дәл осы күндер. Қазақ әдебиетінің ұлы бір мереке, мейрамы болып отырған- осы күн…
Абайдың бар өмірін баян ету бір сөзге сыймайды. Ұзақ өмірінде Абайдың азамат арманынан туған, талас-тартысынан туған, ақындық, даналық қалып-қасиетінен туған бірнеше өрен-өрен белдер бар. Бар өмірін айту орнына, біз сол өзгеше кезеңдерін бөліп атап көрмекпіз.
Бұл ерекше қалпында Абайдың ақындығы да, бас тірлігі де, өмірдегі жол тартысы да, тарихтың елеулі үлгілі жемісі де түгел танылады. Абайдың Абайлық бітім кескінін, тарихтың тұлғасын танытқан ерекшеліктері бар. Осындай қасиеттері Абайдың жас жігіт шағынан өлер кезіне шейін әр луан болып айқындалып шығып отырады. жекелеп санасақ, жас кезіндегі өмірілік, азаматтық ең бірінші ерекшелігі: «Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын» деген тартысында, «әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адам-баласы-бауырың» деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын…
1. Әдебиеттану, Сөз өнерінің сырлары, Ә. Дайырова, Қ.Бітібаева, С.Мақпырұлы, Г.Құрманбаева. Алматы, «Мектеп» 2003 ж.
2. Абай және Шығыс, М.Мырзахметов. Алматы, «Қазақстан» 1994 ж.
3. А. Құнанбаев, Аудармалар және қара сөздер.
4. Ө. Күмісбаев, Абай және Шығыс.
5. Х. Сүйіншәлиев, Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы «Санат» 2006 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:1. Жарқын заманға жалғыз аяқ жол тартқан ақын

2. Абай шығыс әдебиеті қорына, қол артқан кезі

3. Абай өнері және ән өнері, қара сөздерімен
нақылдары шығармалары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жүрегімнің түбінде терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңды,
сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді. Шөл ғасырлардың қу медиен, құла дүзінен
болар заманға, жарқын заманға қарай жалғыз аяқ жол тарқан ақын болатын.
Сахараны басқан қара түн-түнекті қақ жарып, жалғыз қолда жалынды
жалғыз шырақ ұстап, халқына бет нұсқап: Таңның белден атады, күнің сонау
жақтан шығады,-деп кеткен ақын еді.
Рас, қытымыр заманы мен надан қауымға ол ақын жұмбақ болды. Жұмбақ па
біз үшін сол ардақты ақын бұл күнде? Жоқ, жұмбақ емес. Ол уақытта заман
бұлты бетін бүркеп тұрғанмен, айдың аты-ай еді. Біз қазақ әдебиетінің
жұмбағы емес, айқын жүзді, айдай игі бір нұры дейміз Абайды. Соқтықпалы,
соқпақсыз дүлей мыңның қарсылығына жалғыз алысқан Абай да емес бүгінгі күш.

Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым тап шыным...
деп күңіреніп өтсе, бүгін халқы алып Отан тапқанда, ақын асыл халқын тапты.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!. Кінә емес, қадір тұтады біздің
дәурен, біздің ұрпақ. Мыңдар, миллиондар жүрегі қадір тұтады. Айғағы оның-
дәл осы күндер. Қазақ әдебиетінің ұлы бір мереке, мейрамы болып отырған-
осы күн...
Абайдың бар өмірін баян ету бір сөзге сыймайды. Ұзақ өмірінде Абайдың
азамат арманынан туған, талас-тартысынан туған, ақындық, даналық қалып-
қасиетінен туған бірнеше өрен-өрен белдер бар. Бар өмірін айту орнына, біз
сол өзгеше кезеңдерін бөліп атап көрмекпіз.
Бұл ерекше қалпында Абайдың ақындығы да, бас тірлігі де, өмірдегі жол
тартысы да, тарихтың елеулі үлгілі жемісі де түгел танылады. Абайдың
Абайлық бітім кескінін, тарихтың тұлғасын танытқан ерекшеліктері бар.
Осындай қасиеттері Абайдың жас жігіт шағынан өлер кезіне шейін әр луан
болып айқындалып шығып отырады. жекелеп санасақ, жас кезіндегі өмірілік,
азаматтық ең бірінші ерекшелігі: Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын
деген тартысында, әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адам-баласы-бауырың
деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын...
Екінші ерекшелігі: жуан бел надан, содыр ру басылардын бөліне кеткен
бетінде бірден халықты, халықтың мұңын тапты. Сол халықтың жоғын берер
жаңалықты іздеді. жеке қазақ тарихы мен топырағынан іздеген жоқ, үлгілі
көрші елдер- өнерлі орыс халқынан іздеді. Ұлы орыс халқының ғасырлық
қазынасына өз халқының қолын, жолын жеткізуді мұрат етті. Орыс халқының
өткен тарихынан, өзі тұстас тірісінен өзінде де, жұртынан да дос, көмек
тапты. Сонымен бірінші ерекшелігіне, екінші қасиет қосты. Абайды танудың,
толықтырудың айнымас айқын жолы осы еді.
Үшінші ерекшелігі: қос қанаттан биікті меңзеген ақындығын, бұрынғы
қазақ ақындарының ешқайсысы шығармаған әлеуметтік ұлы тартыс, тарихтық
тартыс құралына айналдырды.
Төртінші ерекшелігі: өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және
бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Ақын болып өсер ақынды
тәрбиеледі. Қазақтың жаңа әдебиетін, классикалық әдебиетінің іргесін өзі
қалап тұрғызып, сол әдебиетке басшы, халыққа қамқор, қайраткер болды.
Санай берсек, Абай басынан, өмір, еңбек соқпағынан тағы талай
ерекшеліктер аталар еді. Бірақ өмірбаяны тұрғы-тұрғы биігінен қарап, жинап
түйемін дегенде, дәл осы аталған төрт күнгей анық Абайдың төрт тірек
діңгегі сияқты.
Өмірінің, еңбегінің дәл ізімен болжасақ, осы ерекшеліктері айқын-айқын
танылады.
... Абай ең алдымен, орыс тілі, орыс мәдениетіне ұмтылыд. Абай Россиядан
айдалып келген орыс революционеріне кездеседі. Олар орыс халқын
революциашыл интеллигенциясын ішінен шыққан қадірлі, асыл жандар еді.
Абайдың айдалып келегн революциашыл достары айдау жылдарының өзін үлкен
үгітшілік-ағартушылық жолына арнады.
Осы арада Абайға қатты көмектесіп жүріп, Абайдан шығыс тарихына, халық
қазынасына, жол-жорасына, әдет-салт кәсібіне қанықты, білгір адамнан өздері
де көп білім, дерек нәр алды.
Абай болса, осы кезеңнен соң ақындықтың кең өрісіне шыққан кезінде :

Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел,
Келейін сендерге де енді аяңдап,-
деп , тың жол бастады. Ескіге сын, надандық түнегіне үкім айтам деді. Орыс
халқының ұлы шыншыл даналары Пушкиндер, Салтыков-Щедриндер қалай айтса,
соларша қамыңды жеп, алдыңды меңзеп айтамын деді.
Сонда дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой
байлығынан алғаш үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз.
Мұның біріншісі- қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп
келген өз даналығы- халықтың ауызша әдебиет қоры, ақын Абай осы қордан көп
нәр алып, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтті.
Екінші бір қол артқан қазынасы-араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың
көркем классикалық поэзиясы.
Үшінші үлкен өнер, мол азық лаған зор саласы-орыс халқының мәдениеті
және сол арқылы Еуропа мәдениеті. Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз
заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек еді.
Абайдың ақындық бітіміндегі ең бір ірі жағы- осы айтқан үш қазынаның
қайсысына барса да, құр ғана үйренуші, еліктеуші боп барған жоқ. Қайдан
алсын, нені алсын- баршасын да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы ірі
ақындық ерекшелігі арқылы үнемі ой елегінен өткізіп, өз өнерімен мықтап
қорытып, өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым-табысы етіп ала білді.
Енді осы айтылған үш салаға жеке-жеке тоқтап, оның кейбір
өзгешеліктерін айталық.
Абайдың 80-90 жылдар арасындағы өлеңдерінің көпшілігі сол кездегі
ауылдың, ауылдағы қоғамның өзгеше қалып-құрылысына арналған өзінің
тұсындағы қуымының тағдырын талдауға арналған. Осымен қатар өз халқының ой
қазынасының барлығын да санап, салалап шығарды. Қоғам бірлігі, халқының
тарихына жаңалық тілеген ақынның жаңа мұрат жолы, ақындық программасы да
көрінеді. Міне, осы алуандас шығармаларының барлығында Абайдың мол
араласқаны қазақ халқының өз қазынасы болады.
Бірақ дәл осы кездің өзінде де ақын халық шығармасында айтылмаған тың
сөзді айтады. Дүниені өзінің жаңаша тануына орай жаңаша сезім, жаңа ой
айтқанда, Абайдың тіл сөздігі, өлең көріктеу өрнегі де басқаша, өзінше
шығады. Қазақтың елдігімен, тарихымен, бұрынғы қазынасы мен жалғаса отырып,
соны өсіріп, өрістетіп Абай айтқан жаңалық әлденешеу. Бірақ бар тарауындағы
бір ерекшелік: соның бәрін жаңа дәуірге бастайтын деген ағартушы ақын
өзінен бұрынғы ақынның бәрінен басқаша айтуында.
Сондайлық басқаша, тың жаңалықты Абай шығыс әдебиетінің қорына қол
артқан кезде де мол тауып отырады. Абай өзінің жас шағынан жақсы білген
классик ақындарды: Фирдауси, Низами, Шейх Сағди, Хожа Хафиз, Фзули,
Бабырларды өмір бойы зор қадірлеп өткен. Ерте кезде оларға еліктеп жазған
шығармалары да болған. Кейін Низами, Науаи жырлаған Ескендір жайын,
Аристотель жайын батыс әңгімелерінен алып қосқан жаңа сарындармен
көркейтіп, жыр дастан етеді.
Абайдың айтуынан кең сахараға Мың бір түн, Шахнама, Ләйлі-
Мәжнүн, Көрұғлы сияқты үлкен асыл мұралардың халықтық аңыздары да мол
тараған.
Араб, Иран мәдениетінің тарихын тереңдеп зерттеген Абай- Рашид ад-Дин,
Мұхаммед Хайдар, Бабыр, Абылғазы Баһадүр хан сияқты арғы-бергі
тарихшылардың еңбегін жақсы білген.
Абай шығыстың қорынан өзіне үлгі алғанда, Масғұд, Ескендір, Әзім
әңгімесі сияқты терең мағыналы дастандарды жазғанда, Көзімнің қарасы,
Қор болды жаным сияқты сыршылдық жырларды жазғанда, Өлең-сөздің патшасы
сияқты ақындық әсем сөздің қадірін айтқанда, шығыс классикалық поэзиясының
тіл көріктілігін, жалпы ұзын ырғақ сөз-сарынды ала отырады. Бірақ олардың
тұсында да ұлы ақын өзінің өзіндік өзгкшк бітім-бейнесін еліктеуге салынып,
жеңілге сайып өзгерткен жоқ . дүниені, өмір мақсұтты, тартыс бағытты
атағанда бар ойы, бар ақындық шабыты өте терең, шындықпен қабысып отырады.
Сол себепті зат әлемін, адам құбылысын, қарым-қатынасын жырлағанда-аспан,
тағдыр әмірі деп толғамай, үнемі жер басқан адамның күндклік, тарихтың
шындық болмысы етіп, толғап, тебіренеді. Бұл Абайдың Ұлы реалистік, өзіндік
Абайлық тұлғасынан туған ерекше қалып қабілеті еді.
Ақын Абайдың орыс халқының ұлы мәдениетіне бой ұрып, өнеге, нәр алуы
да әлдеқалай жалаң қабат жағдай емес, мірлік, тұрақты негіз, нанымында
шығыстан батысты артық көріп, таңдап алумен қатар, ақын өз бетімен оқып,
ізденіп, тереңдей отырып, орыс пен батыс әдебиетіне ұзақ жылдар бойы көп
үңіледі.Пушкиннен бастап, алпысыншы жылдар, сексенінші жылдардың
жаңалығында да әбден қанады. Тек Ұлы ақындар емес, Лев Толстой, салтыков-
Щедриндер тәрізді көркем қарасөз аталарын да жақсы біледі. Орысша
аудармалар арқылы Байрон, Гетені де таниды. Ескі антикалық әдебиетпен де
мол танысады. Айдалып келген достарының куәлігіне қарағанда, Абай батыс
философиясы мен Спенсер, Спиноза мен Дарвин еңбектерін де үнемі оқып, көп
шұғылданған еді.
Орыс классиктерінің мұраларына Абайдың баруы- әр сатыда әр алуандас.
Мысалы, Крыловты Абай ақын ашық түрде таза аударушы болып ұғынады да, тек
әрбір мысалдардың ақырындағы үгітін өзінше, қазақ ұғымына, ойына жанастыра
түйіп беріп отырады.
Лермонтовты Абай ерекше бір қызу жалынмен, өзі қоса қозып, үнемі
қызығып сүйіп, сүсініп отырып аударады. Ал Пушкинге келсек, Абайдың бұған
беттеген ақындық қарым-қатынасы мүлде басқа. Евгений Онегиннен Абай
жасаған үзінді аудармалар анығында аударма ғана емес. Ол Пушкиннің әсем
романын шабытты ақын жырымен қайталап, жарыса әңгімелеп беру болып шығады.
...Орыс мәдениетіне сол саңылаусыз қазақ сахарасынан шығып, жалғыз өзі
жол тартып барып табысқан Абайдың қадір-қасиеті бұрынғыдан да артып,
биіктей түседі.
Абайдан қалған асыл мұраның идеялық, көркемдік сапасын шолып өткен
қысқа сөз, жалпы тексеруде, біз көбінесе ақындыығн-поэзиясын айтамыз. Бірақ
Абай мұрасы жалғыз ақындықта емес, көркем қара сөзде де, ән-күй өнерінде де
бар.
Абайдың Ғақлия атанған қарасөзі барлық құрылыс қалпымен, шебер,
шешен тілімен және өлеңдеріндегі ой толғауының көпшілігін тереңдеп, еселеп,
өсіріп жеткізуімен біздің әдебиеттегі тағы бір соны, қызықты жаңалықты ң
бірі болған. Мұнда ад сыншыл, ойшыл Абай көрінеді. Орыс әдебиетіндегі Лев
Торлстойдың кейбір толғау үлгілеріндей, бірақ қазақ халқының өз
тіршілігіндегі күнделік болмысынан туған аса бір алғыр, жүйрік, кейде
шешен орамды мол бір әсер көрініп отырады.
Барынша тұтас ой ықыласымен ілгері, жарқын заманға ұмтылғандықтан, Абай
өз халқының ой-санасы өсу тарихында анық прогресс жолын бастаушы болды. Өз
заманының тарихтық, кертартпалық бөгетінің бәрінен атап өтіп, елі-жұртын
дүниелік мәдениетке жеткізем деушінің ең алдыңғы бірі болды. Сол талап
тартысы арқылы, еңбек егісі арқылы, заман мешеулігін жеңіп, қазақтың еңбек
елі мен орыс халқының ой құралдарын бір араға қосып, алдағы күндер үшін
біріккен күрес қайраткері болды...
Сондайлық өлмес, өшпес қасиеттерінің өзі-ақ ұлы Абайға қазақтың
классикалық әдебиетінің атасы дегн, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар
биігі деген атақты бергізе алады дейміз.
Батыс пен Шығыс ғұламаларын ақтар-ақтар келіп, тапқан түйіні: Құдайдың
өзі де рас, сөзі де рас, ол ешкімге арам бол, қанішер бол, масыл бол деген
емес. Ендеше, құдайға құлақ аспай, құлық түзелмейді, құлық түзелмей тұрып,
құлқын адам ішкенін қоймайды, адалға жүрмей адам түзелмейді, адам түзелмей,
қоғам түзелмейді, халық түзелу үшін-әркім жеке өзін-өзі түзеуі керек. Ол
үшін қуанбасқа қуанып, ұялмасқа ұялатынын қоюы керек. Одан арылатын
жалғыз дауа-еңбек.
Абайдың ұғымында : еңбек танымды арттырады. Еңбек естіген нәрсені
бекіте түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді, керектіні керексізден
сұрыптап, ақылды болады. Сондықтан ол еңбекті барша игіліктің негізі, оған
деген сүйіспеншілікті адамдық өмірдің басты мәні менмақсаты деп санайды. Ал
жалқаулықты барша қырсықтың, одан туындайтын жарамастықты барша қиянаттың,
мақтаншақтықты түзетуден үмітін үзген бейшаралықтың түп атасы деп
түсіндіред. Халықты түзелмейтін қайыршыға айналдырмайтын амал: егін,
сауда, кәсіп, ғылым деп біледі. Ол тек ыждаһат пен ынта бар жерде ғана
жүзеге асады. Абайдың: Құдай саған еңбек етуге жеткілікті күш берді, бірақ
сен еңбек етпейсің. Құдай саған ғылым берді, сен оны жоғалттың. Сен ерінбей
еңбек етсең, шыдамдылықпен іздеп, апйдалы жұмыс жасасаң-бай болар едің,-
деп жазғыратыны да сондықтан.
Абайдың шығармашылық жаңа жолына түрткі болаған орыстың классик
жазушылары- Пшкин, Лермонтов, Крылов, т.б. еді.
Бұлар Абайды өзі шыққан оратдан мүлде бөліп, басқа ортаға- қалың ел
ішіне, өркенді өнерпаздар қауымына әкеліп қосты. Классиктердің озық идеялы,
реалистік еңбектері Абайға жаңа күш берді. Оның шығармашылығының жаңа
қарқынмен дамуына жәрдемдесті.
Абай өз елінің өнер қазынасын меңгеріп, оны жаңа табыстарына қосып,
біріне-бірін ұштастырып өсті. Халық өміріне жақындап, ел ішіндегі мұңды,
момын, нашарлар тұрмысын таныды. Көптің тілегін жер қылып жүрген зорлықшыл
жуандар әрекетін көріп, Абай олардан түңіледі. Өзі панасыздарға іш тартып,
әділет жолына, имандылыққа үндеп отырады. Абай бұл жолға белін бекем
буғанша біраз уақыт ой кезді, көп ізденді, ақыры өзіне демеу тауып, арын
таза ұстап, адамшылық қарызын өтеу жолына анық бекінді. Мал құмар
бақталастық жолындағы өнімсіз өзек жыртысқан жеке жандардан түгел безініп,
ел тағдырын толғайды. Сол кездегі қазақ қоғамының қазіргісін біліп қоймай,
өткендегі тарихына да көз жіберіп, оның болашағын да болжайды. Олардың алға
басар бағытын көре алмай,, бір қалыпты болымсыз ескі ізбен, ата жолынан
табжылмай жылжып келе жатқанын, өнерсіз, білімсіз жағдайда, бас көтергісіз
ауыр халде екенін, заманынан көп кейін жатқанын түсінеді. Сол халықұтың
еңсесін басқан азабынан арылтарлық жол қарастырады. Абай ондай жолды
өнерден, адал еңбектен күтіп, үлкен ойға келеді. Сол келген ойларын тұрмыс
қайғысын арқалаған жеткізу әрекетін қарастырады. Езілген еліне түсіндіру,
олардың көзін ашып, көңілін ояту оңай жұмыс емес еді. Абай алдындағы мұндай
қиындықтарды білді. Сол қиындықтың кілтін таппақ болды. оның ұшқыр қиялы,
жүйрік ойы сол кілттің тұрған жері-халық санасы, жылы жүрегі деп білді.
Сондықтан Абай халық санасын өзгертерлік, жылы сезім берерлік озық ой рухын
егіп, жүрегін оятарлық таза қан құюға бекінеді.
Осылайша, азамат ақын Абай халық санасын өзгертерлік жаңа әдіс тапты.
Сол арқылы тапқан ойларын жар салып, жарғақ құлағын жастыққа тигізбестен,
тынымсыздықпен үгіттеп отырды. Абай енді өзгеше өмірге көшіп бойындағы
қуатын түгелдей іске кірістірді. Сол жолода Абай өзгеше бір тың ойды өзге
кестеге орап шебер істелген көрікті мәнері бар сөздермен беріп отырды. Бұл
Абай салаған жаңа өрнек өзінің бойына халқымыздың ғасырлар бойы жасап
жетілдірген сөз кестесін де, көрші елдер халқы жасаған алуан құбылысты
мәдени мұраларын да молынан сақтап отырды.
Естір құлақ тоысрқай тыңдр тосын жауап. Тым пайда қуған, бақ қуған
утилитарлық көзқарас емес пе? Мұндай ақылдың патша ұлықтары таратып жүрген
пікірден несі өзге, ұлық жалба тымақты тұз адамын кемсіте беруді көздейді.
Абай тезірек тең етуге асығады. Оның ұғымында сол астам ортаның Залынан
қашық, пайдасына ортақ болу үшін де, оқуың, ғылымың білмек керек... Сен
оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, тілін өнерін
білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді де, аса арсыздана
жалынбайды. Сонда бұған шығатын қорытынды- кемсінгеннен мәдениетін
меңгеріп, қомсынғаннан біліміңді асырып қана есе қайтара аласың. Әйтпесе аз
бен көптің, күшті мен әлсіздің арасында басқаша теңдік болуы еш мүмкін емес
екен.
Әншейін қиқарлықтай көрінетін бұл қағидасын Абай өз өмірімен дәлелдеп
шыға алады. Айдаладағы киіз туырлықты ауылда жатып, орыс классиктерін
түгелге жуық оқып қана қоймай, шетінен қазақшаға адарып, ел арасына
насихаттаумен шұғылданады, ол аз болғандай, орыс тілі арқылы Байрон, Гете,
Шиллер, Лесаж, Дюма, Мицкеевичтерді зерделеп, қазақша сөйлетуге тырысты.
Тіпті көне грек ежелгі Рим дәуірлеріне тереңдеп, аристотель мен Сократтан
бастап, Спиноза мен Спенсерге дейінгі аса көрнекті ойшылдарды шұқшия
зерттеді. Дарвинді ақтарып, жаратылыстану жетістіктерімен танысса, Нью-Йорк
университитетінің профессоры Джон Уильям Дрепердің еңбектеріне ден қойып,
Еуропаның ақыл-ой дамуының тарихына, католицизм мен ғылымның арасындағы
қарым-қатынас тарихына қанықты. Менің қағбам енді батысқа ауысты,-деуі де
сондықтан еді.
Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғұлама дала тіршілігін өзге дүние
тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келеді. Бала кезінен таныс
араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, Шығыс поэзиясына, тарихына,
пәлсапасына соны көзқараспен қарап, жаңаша баға берді. Әсіресе Табари,
Рабғузи, Рашид-әд-Дин, бабыр, Әбілғазы еңбектеріне ерекше зейін қойды.
Шығыстың логика мен мұсылман првосын үңіле зерделеді. Өз тұсындағы Кіндік
Азия мен Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мейлінше хабардар болып
отырады.
Абай зердесі тек сыртқы дүниеге ғана назар аударып қоймай, ұлттық
болмысты пайымдайтын төл мұраларға да көңіл бөлді. Қорқыт, Асан қайғы,
Аталық, Сыпыра жыраулар, Қодантайшы, Қазтуған, Доспамбет,Шалкиіз, Марғасқа,
Жиембет ақындар жырларындағы уайым мен жігер, Бұқар, Төле, Қазыбек, Әйтеке
өсиеттеріндегі өміршілдік- Абай дүниетанымының ең терең және етене
қабаттары еді.
Оқыған тұрандық ғұламалар Қожа Ахмет Йассауи, әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұд Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри,
Мұхаммед ибн Қайс,Хусан Аддин Баршынлегіннің еңбектерін қоссақ- қазақ
ақынның көп қабатты, көп атырапты дүниетанымына еріксіз қайран қалар
едіңіз.
Екі алып құрлықты алтын кісідей айқара құшақтатып жатқан ежелгі
сахарада қалыптасатын ғұламалық ой-сананың қаншалықты терең, қаншалықты кең
қарымды , белгілі бір мәдениет, мектеп, ағым ауқымына тұтқындалмайтындай
қаншалықты бостан әрі азат болатынына көзіңіз жете түсер еді...
Азияның шетқақпай түкпірінде туып өскен түз ақынына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаев - өмірі, шығармашылығы
Ақын Несіпбек Айтұлының қазіргі қазақ әдебиеті қоржынына салған поэмаларының орны
Ұлы ағартушы Абай Құнанбаев
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Ықылас Дүкенұлы өмірі
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Пәндер