Банк операциялары



КІРІСПЕ
Банк операциялары
Банк шоттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бiздiң түсiнiгiмiзде банк ағымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Ол тек қана айырбас орны емес, сонымен қатар банкте неше түрлi банк операциялары орындалады. Атап өтетiн болсақ, ең бiрiншiден несие алуды айтушы едiк. Себебi несие беру арқылы банк мекемесi өзiне көптеген табыс әкеледi. Сол сияқты:
- салымдар;
- төменгi делдалдық қызмет;
-ақшалай табыстар мен жинақтарды жұмылдыра отырып, оларды капиталға айналдыру қызметi;
-айналыстың несиелiк құралдарын жасау қызметi.
Несиеге делдал болу қызметiнде банк әр түрлi мөлшерде және әр мерзiмде салымдар тарта отырып, оларды қаржы ресурстарына мұқтаж клиенттерге бередi. Несиелiк операциялар жүргiзумен қатар, банктiң өз қарыз алушыларының несиелiк қабiлеттерiн бағалау мүмкiндiгi де болады. Банктiң несие беруде делдал болуымен тығыз байланысты келесi бiр қызметi – төменде делдал бола отырып, банк өз клиенттерi үшiн есеп айырысу операцияларын орындау барысында өздерiне белгiлi бiр жауапкершiлiк алады. Банктiң айрықша бiр қызметi – ақшалай табыстар мен жинақтарды жұмылдыра отырып, оларды капиталға айналдыру. Қоғамның әр түрлi топтары ақшалай табыстардың тұтынудан қалған бөлiгiн алдағы уақыттағы шығыстары үшiн жинақтайды. Бұл ақшалай табыстар мен жинақтар өздiгiнен капиталға айналмайды, егер банктер немесе басқа да несиелiк мекемелер болмаса, олардың жансыз капиталға айналары да сөзсiз. Банктердiң немесе басқа да несиелiк мекемелердiң осы ақшалай табыстарды салым түрiнде жұмылдыруы нәтижесiнде ғана олар ссудалық капиталға айналады. Содан соң ссудалық капиталды банктер сауда және өнеркәсiптiк фирмаларға берiп, осының нәтижесiнде ақшалай табыстар мен жинақтар банктер көмегiмен капиталға айналады. Банк қызметiнiң бiрiне айналыста металл ақшалардың орнын алмастыратын несиелiк құралдарды (банкнот ,чек ,вексель және несиелiк карточка) жасау жатады. Кәсiпорындарға кiмнiң қаражатын және қанша көлемде заемға алу туралы өздерi анықтауға құқық берiлген, ал оларды пайдалану шарты келiмсiм-шартта айтылады. Шаруашылық айналысындағы меншiктi қаражаттар шамасы бүгiнгi күнi берiлуге жататын несие шамасына, сондай-ақ несиелiк қабiлетiн анықтау барысындағы клиенттiң класстық дәрежесiн сипаттайтын көрсеткiштерге әсер етедi. Осы таңда несие беру үшiн залогты қазiргi кездегi нарық эканомикасымен бағалайды. Қазiргi несиелеу жүйесi банктiң ресурстарына негiзделедi. Бүгiнгi жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелiк мекемелер өздерiне жоғарыдан берiлген несиелiк ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Қазiргi несиелеу жүйесi басқа негiзде құрылған, яғни берiлетiн ақша қаражатының көлемi толығымен банктердiң тартылған қаражаттарына байланысты.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Бiздiң түсiнiгiмiзде банк ағымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Ол тек қана айырбас орны емес,
сонымен қатар банкте неше түрлi банк операциялары орындалады. Атап өтетiн
болсақ, ең бiрiншiден несие алуды айтушы едiк. Себебi несие беру арқылы
банк мекемесi өзiне көптеген табыс әкеледi. Сол сияқты:

- салымдар;
- төменгi делдалдық қызмет;
-ақшалай табыстар мен жинақтарды жұмылдыра отырып, оларды капиталға
айналдыру қызметi;
-айналыстың несиелiк құралдарын жасау қызметi.
Несиеге делдал болу қызметiнде банк әр түрлi мөлшерде және әр
мерзiмде салымдар тарта отырып, оларды қаржы ресурстарына мұқтаж
клиенттерге бередi. Несиелiк операциялар жүргiзумен қатар, банктiң өз
қарыз алушыларының несиелiк қабiлеттерiн бағалау мүмкiндiгi де болады.
Банктiң несие беруде делдал болуымен тығыз байланысты келесi бiр қызметi –
төменде делдал бола отырып, банк өз клиенттерi үшiн есеп айырысу
операцияларын орындау барысында өздерiне белгiлi бiр жауапкершiлiк алады.
Банктiң айрықша бiр қызметi – ақшалай табыстар мен жинақтарды жұмылдыра
отырып, оларды капиталға айналдыру. Қоғамның әр түрлi топтары ақшалай
табыстардың тұтынудан қалған бөлiгiн алдағы уақыттағы шығыстары үшiн
жинақтайды. Бұл ақшалай табыстар мен жинақтар өздiгiнен капиталға
айналмайды, егер банктер немесе басқа да несиелiк мекемелер болмаса,
олардың жансыз капиталға айналары да сөзсiз. Банктердiң немесе басқа да
несиелiк мекемелердiң осы ақшалай табыстарды салым түрiнде жұмылдыруы
нәтижесiнде ғана олар ссудалық капиталға айналады. Содан соң ссудалық
капиталды банктер сауда және өнеркәсiптiк фирмаларға берiп, осының
нәтижесiнде ақшалай табыстар мен жинақтар банктер көмегiмен капиталға
айналады. Банк қызметiнiң бiрiне айналыста металл ақшалардың орнын
алмастыратын несиелiк құралдарды (банкнот ,чек ,вексель және несиелiк
карточка) жасау жатады. Кәсiпорындарға кiмнiң қаражатын және қанша көлемде
заемға алу туралы өздерi анықтауға құқық берiлген, ал оларды пайдалану
шарты келiмсiм-шартта айтылады. Шаруашылық айналысындағы меншiктi
қаражаттар шамасы бүгiнгi күнi берiлуге жататын несие шамасына, сондай-ақ
несиелiк қабiлетiн анықтау барысындағы клиенттiң класстық дәрежесiн
сипаттайтын көрсеткiштерге әсер етедi. Осы таңда несие беру үшiн залогты
қазiргi кездегi нарық эканомикасымен бағалайды. Қазiргi несиелеу жүйесi
банктiң ресурстарына негiзделедi. Бүгiнгi жағдайдың бұрынғы әрекет еткен
жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелiк мекемелер өздерiне жоғарыдан
берiлген несиелiк ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Қазiргi несиелеу
жүйесi басқа негiзде құрылған, яғни берiлетiн ақша қаражатының көлемi
толығымен банктердiң тартылған қаражаттарына байланысты.
Банк операциялары

Коммерциялық банктердiң активтi операцияларының нәтижелi болуының бiрiншi
шарты банктерде жинақталған депозиттердiң құрамы мен құрылымына тiкелей
байланысты болуы. Банктердiң өте жиi кездесетiн активтi операцияларына
мыналар жатады:
1. Несиелiк операциялар. Банктiң активтерiнiң өте көп бөлiгiн құрайды
және тәуекелдiлiгi өте жоғары операциялар болып табылады (100%).
Бiрақ ақша қаражаттары дұрыс орналастырылған жағдайда банкке өте
көп мөлшерде табыс әкеледi.
2. Басқа заңды тұлғалардың және мемлекеттiң айналысқа шығарған құнды
қағаздарын сатып алу операциялары. Мемлекеттiк құнды қағаздардың
өтiмдiлiгi жоғары және тәуекелдiлiгi жоқ, ал коорпаративтiк құнды
ұағаздардың тәуекелдiлiгi жоғары болады.
3. Банк өз айналысында ақша – қаражаттарының белгiлi-бiр бөлiгiн
қолма–қол ақша түрiнде өз кассасында және ұлттық банктегi
кореспонденттiк шотында ұстауы қажет.
4. Негiзгi құрал-жабдықтар және материалды емес активтер. Сонымен
Казкоммерцбанк активтi операцияларын баланста өтiмдiлiк деңгейi
бойынша орналастырады және оларды былай көрсетуге болады:
1. Қолма-қол ақша-қаражаттары (ұлттық және шетел валютасында) ;
2. Қазақстан Республикасы ұлттық Банк iсiндегi коореспонденттiк
шоттағы ақша-қаражаттары ;
3. Басқа банктерде сақталған депозиттер ;
4. Құнды қағаздар ;
5. Бағалы металдар ;
6. Несиелер мен лизингтер ;
7. Басқа заңды тұлғалардың капиталына салынған ақша-қаражаттары ;
8. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтары (Ғимарат) ;
9. Банктiң материалды емес активтерi (патент, бағдарламамен қамтамасыз
ету) ;
10. Тағы басқа активтер.

Темірбанктің жүргiзетiн негiзгi операцияларының бiрi несиелiк операция
болып табылады. Несиелiк операция дегенiмiз банктiң қарыз алушыларға
белгiлi-бiр ақша-қаражаттар соммасының мерзiмдiлiк, төлемдiлiк
қайтарымдылық және қамтамасыз етiлу шарттарымен берiлетiн банктiк
операция.Банк тарапынан алып қарағанда несиелiк қатынастардың субъектiлерi
болып, қарыз берушi ретiнде банк, ал қарыз алушылар ретiнде әр түрлi жеке
және заңды тұлғалар көрiнедi. Темірбанк өз клиенттерiне әр түрлi шоттармен
несиелiк операциялар ұсынады. Соған байланысты банктiк несиелердi неше
түрлi белгiлерi бойынша жiктеуге болады:
1. Қарыз алушының түрiне байланысты (жеке және заңды тұлғалар) ;
2. Банктiк несиелердiң мерзiмiне байланысты (қысқа, орта, ұзақ) ;
3. Банктiк несиелердiң бағытталу мақсатына байланысты (ауылшаруашылық,
өнеркәсiптiк, саудалық , тұтыну және т.б.) ;
4. Қамтамасыз етiлуiне байланысты (қамтамасыз етiлген және қамтамасыз
етiлмеген несиелер).
Банк жеке және заңды тұлғаларды несиелеудi белгiлi-бiр қағидаларды
сақтап жүзеге асырады.
- несиенi қайтарудың мерзiмдiлiгi ;
- қамтамасыз етiлуi ;
- Төлемдiлiк қағидасы (диференциялдық) ;

1. Несиенiң басқа экономикалық категориялардан негiзгi ерекшелiгiн
көрсететiн элемент оның қайтарымдылығы болып табылады, ал несиенiң
мерзiмдiлiгi дегенiмiз – берiлген ақша қаражаттарын қайтарудың
қажеттi формасы, яғни мерзiмдiлiк қағидасы несиенiң алдын-ала
аныңталған белгiлi-бiр уақытта қайтарылуын көрсетедi.
2. Бiздiң елiмiздiң банктiк тәжiрибесiнде несиенi қамтамасыз ету
мәселесi негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылады. Сондықтан
Темірбанк беретiн несиелер мiндеттi түрде қамтамасыз етудiң белгiлi-
бiр формасымен қамтамасыз етiлуi қажет. Олар кепiл (залог),
гарантия, поручительство.
3. Казкоммерцбанкта берiлетiн несиелер үшiн белгiлi-бiр % ставкалар
болады. % ставкаларды анықтау кезiнде банк мынадай факторларды
ескеруқажет:
a) Банктегi депозиттiк шоттар бойынша төленетiн орташа % ставка.
b) Несиенiң мерзiмi, соммасы және валютасына байланысты.
c) Экономикадағы ақша айналысының тұрақтылығына байланысты, яғни
елдегi инфляция қарқыны жоғары болған сайын несие бойынша %
ставка жоғары болады.
d) Несиеге деген сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
e) ұлттық банк белгiлейтiн қайта қаржыландыру ставкасына және
мiндеттi резервтiк талап нормасына байланысты.
Дифференциялдық қағидасы банктегi жинақталған ақша қаражаттарының бiр
тұлғаның қолында жинақталуын болдырмау үшiн пайдаланылатын қағиданы –
дифференциялдық қағида деп атайды. Осы қағида банк тәуекелдiлiгiн азайтады.
Осы мақсат үшiн ұлттық Банк тарапынан бiр қарыз алушыға келетiн
тәуекелдiлiктiң ең жоғарғы мөлшерi белгiленген (банкпен ерекше қатынастары
бар тұлғалар үшiн өзiндiк капиталдың 10% мөлшерiнен, ал кез-келген басқа
тұлғалар үшiн өзiндiк капиталдың 25% мөлшерiнен берiлетiн несие соммасы
аспауы керек).
Банктiк несиелеу жүйесi дегенiмiз – жалпы несиелiк процестi
ұйымдастыру және оны несиелеу қағидаларына сәйкес реттеудi анықтайтын
белгiлi-бiр элементтер жиынтықы. Осы несиелеу жүйесiнiң негiзгi
элементтерiнiң бiрi несиелеу әдiсi болып табылады. Несиелеу әдiсi дегенiмiз
– банктiк несиелеу қағидаларына сәйкес несиенi беру және оны өтеу
тәсiлдерiн айтамыз .Банктiк несиелеудiң 2 түрi бар:
1. Банктiк несие ақша қаражаттарына деген алдын-ала анықталған мақсаттық
қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн берiледi. Бұл әдiс несиенi беру және
оны өтеудiң нақты мерзiмi алдын-ала анықталған кезде пайдаланылады.
2. Банктiк несие қарыз алушаға алдын-ала белгiленiп қойылған лимит
көлемiнде берiледi. Бұл әдiс клиенттердiң есеп айырысу құжаттарының төлеу
кезiнде пайдаланады. Несиелердiң бұл әдiсi – несиелiк линия деп аталады.
Егер клиентке несиелiк линия ашылса, онда банк пен клиент арасында
толтырылған келiсiм шартта көрсетiлген сомма да клиенттiң кез-келген есеп
айырысу құжаттары банктiк несиенiң көмегiмен төленедi. Несиелiк линия 1
жылға және одан да аз мерзiмге ашылады. Несиелiк линия ашылған мерзiм
аралығында клиент пен банктiң арасында қосымша келiссөз жүргiзiлмей-ақ кез-
келген уақытта несие алуға болады. Несиелiк линия қаржылық жағдайы тұрақты,
банкпен ұзақ уақыттар бойы iскерлiк қатынастары бар клиенттерге ғана
ашылады. Егер несиелiк линия ашылған мерзiм аралығында клиенттiң қаржылық
жағдайы төмендейтiн болса, онда банк клиентке несие беруден бас тартады.
Яғни несиелiк линия жабылады.
Банктiк несиенi заңды және жеке тұлғаларға беру ,оны өтеп алу үшiн
әрбiр клиентке арналып ссудалық шот ашылады. Осы ссудалық счетта клиенттiң
банктен алған несиесi бойынша барлық қарыздары көрсетiледi. Банктiк
тәжiрибеде ссудалық шоттың мынадай түрлерi пайдаланылады :
1. Арнайы ;
2. Карапайым ;
3. Контокоренттiк ссудалық шот.
Арнайы ссудалық шот – банктiк несиеге деген қажеттiлiктер үнемi туып
отратын қарыз алушыларға арналып ашылады. Мұндай шот көбiнесе саудалық
ұйымдарға ашылад
ы. Яғни арнайы ссудалық шот ашылған жағдайда қарыз алушы тұлға өз
тауарларын сатудан түскен ақшаны осы шотқа аударып отырады. Мұндай жағдай
банктiк несиенiң өз уақытында қайтарылып отыруына көмегiн тигiзедi.

Банк шоттары

Қарапайым ссудалық шот – заңды және жеке тұлғалардың пайда болған
белгiлi-бiр шығымдарын несиелеу үшiн пайдаланылады. Ссудалық шоттың бұл
түрi көбiнесе бiр рет несие беру үшiн ашылады. Бұл шот бойынша несиенiң
төлеу мерзiмi қарыз алушының келiсiмi бойынша банк пен клиенттiң арасында
толтырылатын несиелiк келiсiм-шартта көрсетiлетiн уақытта жүзеге асады.

Контокоренттiк ссудалық шот – төлем және несие қабiлеттiлiгi өте
жоғары клиенттердi несиелеу үшiн ашылады. Бґл шот банктiң өз клиенттерiне
деген сенiмдiлiгiнiң ең жоғарғы формасы болып табылады. Контокорренттiк
ссудалық шот ашылған жағдайда клиенттiң есеп айырысу шоты жабылады және ол
ссудалыј шотпен бiрiктiрiледi. Ѕорыта келгенде, ссудалың шоттың осындай 3
түрi бойынша банктiк тәжiрибеде мынадай қағида бар:
1. Клиентке несиенi беру ссудалыј шоттың дебетi бойынша, ал несиенi
өтеу ссудалық шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
2. Клиенттiң банкке қарыз соммасы әрқашанда ссудалық шоттың дебетi
жағында көрсетiледi.

Бiздiң елiмiздiң банктiк тәжiрибесiнде заңды тұлғалардың қаржылық
жағдайына талдау жүргiзу үшiн төмендегiдей коэфиценттерi жиi пайдаланылады:
1. Таза пайда нормасы = баланстың пайдабарлық өндiрiлген шығын:
осы көрсеткiш неғұрлым жоғары болған сайын қарыз алушының қаржылық
жағдайы жоғары және сенiмдi клиент деп есептеледi.
2. Өзiндiк капиталдың рентабельдiлiгi = баланстың пайдаөзiндiк
қаражаттар соммасы.
3. Кәсiпорынның негiзгi қызметiнiң ренабельдiлiгi = сатудан түскен
табыс – қосылған құнға салынған салықбарлық өндiрiстiк шығындар.

Қарыз алушы заңды түлғалардың айналысындағы барлық активтерiн
өтiмдiлiк деңгейi бойынша екi топқа бөлiнедi :
1. Өте аз уақыт аралығында тез сатылатын активтер ;
2. Өтiмдi активтер.

Тез сатылатын активтерге мыналар жатады: кәсiпорын кассасындағы
қолма-қол ақша –қаражаттары, банктегi есеп айырысу шотындағы ақша-
қаражаттары және дебиторлық қарыздары жатады.

Өтiмдi активтерге мыналар жатады: өндiрiстiк запастар,
аяқталмаған өндiрiс, дайын өнiмдер мен тауарлар және т.б. жатады.
Сонымен қарыз алушы заңды түлғалардың несиелiк қабiлеттiлiгiн
анықтаған кезде банктiк тәжiрибеде мынадай 3 негiзгi коэфицент
есептелiнедi:
1. Өтiмдiлiк коэфицентi ;
2. Жабу коэфицентi ;
3. Өзiндiк капиталмен қамтамасыз етiлу коэфицентi .
Осы көрсеткiштер мәнi жоғары болған сайын клиент сенiмдi деп
есептелiнедi. Қарыз алушы айналысындағы Өтiмдi қаражаттардың жеткiлiксiз
болуының негiзгi себептерi мыналар болып табылады:
1. Өткен жылдағы немесе кездейсоқ пайда болған шығындар ;
2. Өтiмдi қаражаттардың нарықтық бағасының төмендеуi ;
3. Кәсiпорынның ақша-қаражаттарының өте көп бөлiгi ұзақ мерзiмдi
инвестициялауға жұмсалған болса.
Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Банктің вексельді операциялары
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Активті және пассивті операциялардың ерекшеліктерін анықтау
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Мемлекетің бағалы қағаздары
Пәндер