Азияның туристік орталықтары: Индонезия


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

География факултеті

Туризм кафедрасы

СӨЖ

Азияның туристік орталықтары:Индонезия

Орындаған: Қабылдаған:

Алматы, 2008 ж.

Индонезия - Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан аралды ел, Малай архипелагының үлкен бөлігін алады. Мемлекет 13700 аралдан тұрады, оның жартысы адаммен тұрақталған. Борнео аралында Индонезия Кіші Азия мен Брунеймен, Жаңа Гвинея аралында Папуа-Жаңа Гвинеямен шектеседі. Солтүстігінде Индонезия 5100 км созылып, Оңтүстік Қытай теңізімен, Тынық мұхиты және Сулавеси теңізімен, оңтүстігінде және батысында Үнді мұхитымен, Тимор және Арафур теңіздерімен шомылады. Сондай-ақ Ява және Борнео аралдарының арасында Яван теңізі, ал Сулавеси мен Тимор аралдарының арасында Банда теңізі орналасқан. Индонезия территориясының ауданы 1919443 шаршы шақырым. Индонезия бас аралдары екі жүйеге бөлінген: оңтүстігіндегі ұзын және тар аралдары - Суматра, Ява, Тимор, т. б., және солтүстігіндегі Борнео (Калимантан), Сулавеси, Молукк аралдары және Жаңа Гвинея. Оңтүстік аралдары, Суматрадар Тиморға дейін, биіктігі 3600 м жететін таулы вулкандар тізбегі созылған. Бұл тізбектің ең биік тауы - Суматрада орналасқан Керенчи - 3800 м. Ява аралында Семеру тауы (3676 м. ) орналасқан. Солтүстік аймақтағы ірі аралдарының бәрінде тау массивтері бар. Олар жағалау жазықтарымен қоршалған. Мемлекеттің ең биік тауы Пунчак-Джая (5030м. ) Батыс Ирианда (Жаңа Гвиеня аралы) орналасқан. Жазықтар негізінен Суматра, Ява, Борнео және Жаңа Гвинея аралдарында орналасқан. Құрлық шекаралары осы республикаға толығымен кірмейтін аралдарында орналасқан. Бұл Калимантан, солтүстік бөлігі Кіші Азияға кіреді, Жаңа Гвинея аралында, шығыс жағы Папуа Жаңа Гвинея алады, және Тимор аралында, шығысында Шығыс Тимор мемлекеті орналасқан. Малак бұғазы Индонезияны Тайландатан, Кіші Азияның және Сингапурдың құрлық бөлігінен бөледі.

Әлеуметтік жағдайы. Индонезия көп ұлтты ел. Мұнда 765 этникалық топ орналасқан. Халықтың жартысы мұсылман болып табылады явандықтар - 42%, сундандықтар - 14%, мадурилер - 7, 5%, жағалаулы малайцтер - 7, 5%, меланезийтер - 4% тұрады. Мемлекеттік тілі - индонезия - малай тілінің негізінде қалыптасқан. Байырғы халық ерекше диалектте сөйлейді. Оны «бахаса индонесиа» деп атайды. Халықтың 90% суннит бағытындағы Ислам дінін уағыздайды.

Индонезия - бұл нағыз шығыс экзотикасы: джунгли, ақ құмды жағажайлар, тропикалық ормандармен жамылған таулар. Индонезия тұрғындары, әсіресе балийлықтар, өте қонақжай адамдар, Бали аралында қылмыс жоқ деп айтуға болады. Егер Фен-Шуйды практика негізінде тамашалағыңыз келсе, Бали аралына барған дұрыс. Мұндағы барлық отельдер мен жергілікті тұрғындар Фен-Шуй ежелгі қағидаларын ұстанады. Бұл философия бойынша отельдер салынып, қоршаған ортамен үйлестірілген. Сондай-ақ су спорт түрлері жақсы дамыған. Бұл аралда су спортының барлық түрлері дамыған. Индонезия өнер таңдармандары үшін де құтты мекен.

Индонезия туристік орталықтары.

Архипелаг табиғаты алуан түрлі. Мұнда ылғалды ормандар, таң қаларлық флора мен фауна, Вулкандар, көгілдір жағалаулар үйлескен. Индонезия саяхатшылардың сүйікті мекені. Елдің өзіндік мәдениеті, ұлттық саябақтар мен қорықтар, жоғары сапалы курорттар толық дем алуға мүмкіндік береді.

Индонезия ең танымал жері Флорес аралында орналасқан бір - бірінен бірнеше шақырымда бір вулкан кратерінде орналасқан үш тынық көл. Олардың екеуі жасылдың алуан түстеріне боялса, үшіншісі қара-қызыл түсті. Қалқан тәрізді вулкан сұйық лава төгіліп, үлкен территория бойымен жайылғанда пайда болды. Барлық үш көл атауы қызық. Тивое Ата Поло «Сиқырланған адамдар көлі» мағынасын береді, бұл көл қара-қызыл түсті, қазіргі таңда қара болып бара жатыр. Екіншісі, Тивое Ноэа Моери Коо Фай -«қыздар мен жігіттер көлі», бұл көл көк-жасыл түсті, асыл тастарға тартқан. Ал, үшіншісі, «Тивое Ата Мбоепое»- суы таза, мөлдір. Бұлар Кели Мутуда орналасқан үш көл бір-бірінен жақын орналасып, бір-біріне мүлдем ұқсамайды деген сұрақ туындайды. Бұл үш көлдің жыныстарының түрлеріне байланысты. Бір вулкан атқылаған магманың химиялық құрамы әр түрлі болуы мүмкін. Кели Муту вулканы Тынық мұхитын қоршаған «Отты шеңберге» кіреді. Геологтардың айтуынша, соңғы 1 жыл ішінде кем дегенде 132 вулкан атқылаған.

Индонезия мәдени орталықтары.

Бангли қаласы. Жоталар арасында биік жерде орналасқан. Сол себепті жергілікті климат салқын. БҰл тыныш базарлы қала. Бас көрнекті жері - өте биік храм Pura Keneh.

Гьяньяр endek маталарын шығарумен танымал. Бұлар қаланың батыс бөлігіндегі өндіруші зауыттардан тікелей сатыла береді. Cap Cili және Cap Togog мата фабрикалары туристерге қызмет етуге толығымен негізделген. Мұнда туристер маталарды дайындау процессін тамашалап, дайын мата немесе киімді сатып ала алады.

Денпасар - Балидің оңтүстік орталығы. Бұл қаладан арал құпияларына жолдар басталады. Қала атының өзі «базар маңында орналасқан» деген атауды білдіреді. Ал бас базары «Пасар Будунг» деп аталады. Бұл аралдағы ең ірі және шулы аймақ.

Джакарта - Индонезия астана қаласы, 9 млн индонезиялықтар тұратын жері. Джакарта мемлекет өмірінде маңызды орын алады. Бұл қала Ява аралының солтүстік-батыс жағалауында Чи-ливунг өзінінің ағысында орналасқан. XVI ғасырда мұнда сауда орталығы, маңызды гүлденген порт орналасқан еді.

Джокьякарта (Джокья) Мерапи тауының екі жағына да созылған. Бұл аймақта көптеген мәдениет ескерткіштері сақталған. Джокьярта қаласында Матарам орталық альнояван империясы өмір сүрген.

Клунгкунг - сауда орталығы. Мұнда патша руиналары сақталған. Олар тарихта Taman Gili «Бақты арал» белгілі. Бұл Kerta Gosa сот залы жақсы сақталған. Зал қабырғалары алтын жазулармен қапталған. Бали аралында ең жақсы сақталған осы фрескалар болып табылады.

Пеженг - бүкіл Индонезияға өзінің көрнекті жерлерімен танымал. Бұл қала мемлекеттің басты мәдениет қазынасы. Мемлекттік археолгия мұражайы Museum Purbakala төрт павильоннан құралған. Бұл жерде Пеженгте табылған эклетика бұйымдар орналасқан.

Сингараджа - Бали аралындағы Денпасардан кейінгі ірі қала. Ең әйгілі жері - Gedong Kirtya - дүние жүзіндегі монускриптердің жалғыз кітапханасы lontar. Бұл арнайы өңделген лонтар пальмасының жапырақтарына түсірілген ежелгі тексттер.

Аралдары.

Бали - Индонезия архипелагының ең ғажайып орны. Бали - табиғаттың көгілдір өнері болып табылады. Аралдың оңтүстігінде үш курорт және халықаралық Денпасар әуежайы орналасқан.

Бинтан - Сингапурдан катермен шығатын болсақ бірнеше минут алғандағы қашықтықта орналасқан. Бұл тропикалық жабайы өсімдіктер мен әсем гүлдер мекені. Уникалды фаунасы да бар. Ал суы өте таза және жыл бойы жылы. Шомылу үшін барлық жағдай жасалған. Суы тек қана жаңбырмен суытылады.

Ириан -Джая - Жаңа Гвинея аралының батыс бөлігі. 1963 жылы Сукарно президенті ұйымдастырған соғысы нәтижесінде Индонезияға қосылды. Бүгінгі таңда бұл әлемнен ең айырылған аймақ. Аймақта жолдар аз. Ормандар жауып, бұл аймақтың ішіне енуіне кедергі жасайды. Сондай-ақ аралда әуе және теңіз байланысы төменгі деңгейде дамыған.

Калимантан аралы - мұнай, газ, алмаздарға бай. Арал атын қазақ тіліне аударатын болсақ, «Алмаздар өзені» мағынасын аламыз. Арал әлем басқа елдеріне шикізат тасымалдаушы болып табылады. Калимантан аралы Малай архипеланының ежелгі аралдарына жатады. Аралда вулкандар жоқ.

Комодо - Ява аралының шығысында орналасқан. Қазіргі таңда әлемнің барлық географтар мен зоографтарына белгілі. Аралда 160 млн жыл бұрын өмір сүрген ежелге динозаврлар ұрпағы гигант Варан мекен етеді. Варан тез қимылдайды, жыртқыш жануар болып табылады. Негізгі қорегі жылқылар, қабан, бұғылар және буйволдар.

Кракатау - Зонд бұғазында, Ява және Суматра аралдарының арасында орналасқан. Мұнда әйгілі Кракатау вулканы орналасқан. Джакарта халықаралық әуежайынан шығып ұшақтан вулканды тамашалауға болады. Кракатау екі тектоникалық плитасы: Үнді мұхитының түбін құрайтын плитасы Азиялық плитаға жылжиды кездесетін орын.

Ломбок аралы - шағын арал, Индонезияның ең жақсы дамыған курортты аралдарының бірі. Аралдың шығысында орналасқан «Кешегі Бали» деген атпен белгілі курорт бар. Аймақ Балиден тар бұғазбен бөлінген. Солтүстік жағы жартасты, биік талдармен жамылған. Провинция әкімшілік орталығы Матарам қаласы. Басты қалалары - Ампенан, Матарам және Чакранегара - бір-біріне жақын орналасқан.

Молук аралдары - «татымдылықтар аралы» - гвоздика, мускат жаңғағы, корица шығарушы аймақ. Бұл татымдылықтар арал тарихына тікелей әсер етіп, сауданың дамуын тездетті. Молук аралдары аты «патшалар мекен» деген мағынаны береді. Алғашқыда Тернате, Тидоре, Моти, Маре және Макиан аралдар тізбегіне кірген еді.

Сулавеси - ұлттар отаны. Мұнда алуан түрлі ұлт өкілдері жиналған. Аралдың оңтүстігі туристер арасынан кең танымал. Оның әкімшілік орталығы Уджунгпанданг қаласы шулы Сулавесидің солтүстік аймағына қарағанда төмен дамыған. Солтүстік ауданы - аралдың мәдени және табиғи орталығы.

Суматра - Индонезия үшін экономикалық, саяси және стратегиялық маңызы жоғары. Халқы бойынша мемлекетте бірінші орында (30 млн адам) . экспорт көлемі бойынша да бірінші орында, ал туристер үшін тартымдылығы жағынан Бали мен Ява аралдарынан кейін үшінші орында. Лампунг провинциясының ормандарында мемлекет табысының 40% құрайтын мұнай мен каучук өндіріледі. Сондай-ақ аралда ірі жыртқыш жолбарыстар мекен етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Малайзияның туристік орталықтары
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Қазақстан мен таиландтағы туризм дамуының қазіргі жағдайы.
ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Қазақстандағы діни туризм объектілері
Зерттеу пәнін қонақүй секторындағы кәсіпорындарда қызметтердің сапасын басқару процесінде орнайтын ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz