Арал теңізінің жағалық сызығының өзгеруін картографиялау
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Арал теңізінің географиялық орны
1.2. Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.3. Теңіз табанының геологиялық құрылымы мен геоморфологиясы
1.4. Арал теңізінің климаты
1.5. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі топырақтары.
1.6. Жер беті және жер асты сулары
1.7. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
1.8. Теңіздің тартылуы және оның себептері
1.9. Карта құрастыру принциптері мен әдістері (АrcGIS бағдарламасында).
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын осы өлкеде орын алған экологиялық тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан табиғат азғындап, шаруашылық кешеннің өнімділігі кеміді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеді. Әйтсе де Арал өңірінде қауырт өршіген экологиялық тоқыраудың пәті өткен ғасырдың соңғы он жылдығында бәсеңсіген соң ахуал біршама тұрақтанды. Осы жағымды процесті баянды ету мақсатында өңірде экологиялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Ендігі мәселе Арал өңірінде экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан шығармай басқару арқылы өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол жеткізу болмақ. Мәселені түбегейлі шешу үшін өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық салаларының даму жолын және қазіргі күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай өрбіту бағытын айқындау мен басқарудың негізінде табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізін жасау қажет болып отыр.
Тақырыптың мақсаты. Арал теңізінің физико-географиялық сипаттамасын беру. Арал теңізінің зерттелу тарихымен таныстыру. Карта құрастыру әдістерімен таныстыру.
Тақырыптың жаңалығы. Арал тнңізінің жағалық сызығының өзгеру картасын ArcGIS бағдарламасының көмегімен құрастыру.

1. Акрамов З.М, Рафиков А.А. Прошлое настоящее и будущее Аральского моря. Ташкент., «Мехнат» 1990 г. 13 – 46 стр.
2. Мамбетқазиев Е.Ә., Сыбанбеков Қ.Ж. Табиғат қорғау. А., Қайнар. 1990 ж. 202 – 206 бет.
3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. А., «Экономика» 2002 ж. 297 – 299 бет.
4. «Аралым арым, Балқашым бағым». А., «Атамұра». 1996 ж. 142 – 166 бет.
5. Сыр елі - «Қазақ Энциклопедиясы» ЖШС, - 2005ж. – б.173 -176.
6. К.М. Акпамбетова. «География аридных территорий Казакстана» Учеб. пособие 4.2 – Караганда: Изд – во КарГУ, 2002. – с. 85 – 89.
7.В.Г. Сальников. Эколого – климатический потенциал Казахстана. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006. – с. 14 – 23.
8. Г.З. Сауытбаева, О.Т.Айдаров, А.Қ.Дүйсенбаева «Қызылорда облысының физикалық және әлеуметтік – экономикалық географиясы».Оқу құралы. – Қызылорда, - 2004, 124 бет.

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:
Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
география факультеті
геоморфология жӘне картография кафедрасы
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЖАҒАЛЫҚ СЫЗЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН КАРТОГРАФИЯЛАУ
Қорғауға жіберген : ___________________________________ Керімбай Н.Н.
Кафедра меңгерушісі
г.ғ.к., доцент.
Ғылыми жетекшісі:_________________________ ____________Тұрапова Р.
Аға оқытушы
Орындаған:_________________________ ___________________Теликбаев М.
Геодезия және картография
мамандығының 3 курс студенті
Алматы- 2009
Мазмұны
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Арал теңізінің географиялық орны
2. Арал теңізінің зерттелу тарихы
3. Теңіз табанының геологиялық құрылымы мен геоморфологиясы
4. Арал теңізінің климаты
5. Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі топырақтары.
6. Жер беті және жер асты сулары
7. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
8. Теңіздің тартылуы және оның себептері
9. Карта құрастыру принциптері мен әдістері (АrcGIS
бағдарламасында).
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне
дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын осы өлкеде орын алған
экологиялық тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан табиғат азғындап,
шаруашылық кешеннің өнімділігі кеміді, елдің әлеуметтік-экономикалық
жағдайы төмендеді. Әйтсе де Арал өңірінде қауырт өршіген экологиялық
тоқыраудың пәті өткен ғасырдың соңғы он жылдығында бәсеңсіген соң ахуал
біршама тұрақтанды. Осы жағымды процесті баянды ету мақсатында өңірде
экологиялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Ендігі мәселе Арал өңірінде
экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан шығармай басқару арқылы өлкенің
табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол
жеткізу болмақ. Мәселені түбегейлі шешу үшін өңірде бұрыннан қалыптасқан
табиғи процестер мен шаруашылық салаларының даму жолын және қазіргі күйін
жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай өрбіту бағытын айқындау
мен басқарудың негізінде табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізін жасау
қажет болып отыр.
Тақырыптың мақсаты. Арал теңізінің физико-географиялық сипаттамасын
беру. Арал теңізінің зерттелу тарихымен таныстыру. Карта құрастыру
әдістерімен таныстыру.
Тақырыптың жаңалығы. Арал тнңізінің жағалық сызығының өзгеру
картасын ArcGIS бағдарламасының көмегімен құрастыру.
1. Арал теңізінің географиялық орны
Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстан (Қызылорда және Ақтөбе
облыстары) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс
бөлігінде орналасқан тұйық көл. Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде
орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде
төртінші орында болған 1.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақүм және Қызылқұм шөлдері
Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі —
шамамен 1000 км3. Тереңдігі 20—25 м., ең үлкен тереңдігі — 67 м. Жаздағы
орташа температура 24-26°С, қыста — 7—13,5°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері
шамамен 100 мм.
1.2. Арал теңізінің зерттелу тарихы
Арал теңізі көне заманнан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер
теңізді Каспийдің сақ шығанағы деп есептесе, А Македонский кезінде Окс (Окс
Сырдарияның грекше аты) теңізі деп атаған. Кейін Птоломей оның
географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм теңізі, Жент теңізі,
Кердері сияқты аттары бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед Густе (10ғ), әл-
Истархи (10ғ),әл – Идриси (12ғ), Әбу – Фида (14ғ), сондай- ақ Әбілғазы
жазбаларында Арал теңізі туралы деректер кездеседі.Теңіз табиғатын жан-
жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде
іске асырыла бастады. 1848-1849 жылы әскери теңізші әрізерттеуші А.И.
Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдының алғаш рет толық зерттеті,
нәтижесінде 1850 жылы Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңізінің
морфометриялық сипаттамасын тұңғыш рет (1874,1889) И.А. Стрельбицкий
анықтады. 1874 жылы геодезист А.А.Пишио теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік-
батыс жағасына қада орнатты.
Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870-1873
жылдары жарық көрді. 1900-1903 жылдары теңіздегі және оның маңайындағы
кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л.С.Бергтің басшылығымен
жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми –
зерттеу және жобалау институттары шұғылданды. Қазақстанның, сонымен бірге
бірқатар шетелдік ғылыми – зерттеу мекемелері Арал теңізін зерттеу
мәселесімен айналысты.
Таблица 1. Арал теңізінің әр жылдардағы өлшемдері
Жылдар Теңіз деңгейі Жаға сызығы, Ауданы* Су көлеміТұздылығы
км км2 Км3 ‰
1957 53,16 2575 66085 1075 9,25
1977 47,63 1215 54792 749,2 15,44
1985 41,95 1525 44382 475,0 25,50
1989** 39,07 980 37410 350,0 30,38
1989*** 40,60 410 2984 20,0 -
1997 41,0 - 2600 20,0 -
* – Аралды қоспағанда
** – Үлкен Арал
*** –Кіші Арал
1.3.Теңіз табанының геологиялық құрылымы мен геоморфологиясы
Берілген жердің жыныстарының геологиясы мен геоморфологиясы жер
бедерінің белгілерін, жер асты және грунт суларының қалыптасу
ерекшеліктерін анықтайды, топырақ құрушы факторларды анықтаушы болып
табылады. Ландшафттарың литогенді негізіне антропогендік факторлардың әсер
етуі ең алдымен техногенез процестеріндегі жер бедері мен геологиялық
фундамент тұтастығының бұзылуына байланысты. Бұл дегеніміз литогендік
ортаның өзгеруі қоршаған ортаның экологиялық дистибилизациясының нақты
қаупін көрсетеді, ол ең алдымен жер бедерінің жағдайынан, жер асты сулары,
топырақ, биота, экзо-динамикалық процестер қалыптасуларында көрінеді.
Жыныстардың литалогиясы жер бедерінің белгілерін, жер асты және жер
беті суларының қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды, топырақ және аймақтың
экологиялық жағдайына да өз ықпалын тигізеді.
Ұзақ геологиялық даму барысында Тұран ойпаты терригенді материалы
бар аккумуляциялық облысты құраған. Ежелгі полеозой фундаменті теңіздің
шөгінді жыныстары, әрі Сырдария өзенінің атыраулы-аллювиалды
шөгінділерімен де көмкерілген 7. Бұл қабатта: шаңды саздар,саздақ,
құмдақ және ұсақ түірлі мезазой-кайнозой және төрттік кезеңдердің құмдары
кездеседі.
Мезазой кезеңінің шөгінділерінен кең тарағаны бор жүйесінің
шөгінділері, олар котиненталды шұбар ала ұсақ түйірлі құмы бар саздармен
көмкерілген. Олардың қалыңдығы 140-450м-ге жетеді. Оларда негізгі жер асты
суларының су жүретін қабаттары орналасқан. Ал жоғары жатқан континенталды
неоген жүйесінің шөгінділері плиоцен жасының құмды-сазды жыныстарының
қалыңдықтарымен 60м-ге дейінгі қалыңдықта берілген. Дәл осы неогенде нақты
жазықтың беті қалыптасқан. Осы жазықтың бетіндегі жыныстар төрттік
кезеңнің шөгінділері болып табылады, олар 70-80м қалыңдықтағы құм, құмдақ
және саздармен берілген.
Ауыл шаруашылығын игеру үшін жарамды территорианы бағалауда
территорианың литология-геоморфологиялық ерекшеліктерінің маңызы зор.
Арал теңізі құрғаған табанының литология-стратеграфиялық кешені
жоғарғы бор, палеоген, неоген және голоцен шөгінділерімен көрінеді.
Бұл әртүрлі (теңіздік және континенттік) литологиялық құрам мен
қуаты жоғары құрылым. Арал теңізінің түбіннің шөгінділерінің литологиясы,
оның генезисі, жер асты суларының минерализациясы мен экзогенді
процестерінің қалыптасу ерекшелігінен ландшафттардың литогенді негізінің 7
типін бөліп көрсетеді.
Табиғи территориялық кешеннің литогенді негізінің ежелгі типі
жоғарғы бор шөгінділерінен құралған. Мұнда қызыл-құба сазды және
гидрослюдалды құмды сазды алеваритті құмдар дамыған. Эоцен, олигоцен,
плиоцен шөгінділермен көрінетін полеогенді-неогенді шөгінділер ландшафтының
литологиялық негізінің бірлік типін қалыптастырады. Олар атыраудың
солтүстік бөлігінде кеңінен таралған және теңіздік жасыл-сұр саздар мен саз
және әктасты қабатты мергелдермен көрінеді. Эоцен шөгінділерінің орта
бөлігі құмдақты, алеваритті, құмдармен және саздармен олигаценді
шөгінділермен жамылған. Оны А. А. Яншин, Н. Н. Коспешко теңіздің кері кету
кезеңімен байланыстырады.
Ежелгі плиоцен уақытында Арал теңізінің шығыс бөлігі үшін теңіздің
тартылғаны алевариттер, құмдар мен құба сазды –жағалаулық шөгінділерден
байқалады. Палеогенді-неогенді шөгінділер негізінен эолды процестердің
қарқынды жүруіне байланысты құмды-сазды шөгінділермен берілген.
Көрсетілген ерекшелік Сырдария атырауында қалыптасқан эоценді-
плиоценді шөгінділерді табиғи территориялық кешеннің литогенді негізін
бірлік тип ретінде қарастыруға негіз береді. Оған шөлдік ландшафттардың
бірлік құрамы сәйкес келеді.
Ежелгі плиоценнен кейін теңіздің қайтуы болып, атыраудың шығыс
бөлігі эрозионды-аккумулятивті процестердің даму алаңы болды. Нәтижесінде
аллювиалды-атыраулық, делювиальды-пролювиальды, көлдік-делювиальды, эолды,
хемогенді және теңіздік сияқты ландшафттардың литогендік негізінің
континенттік типі қалыптасты.
Аллювиальдық-атыраулық тип кезеңі Арал теңізі құрғаған табанының
эрозионды-аккумулятивті үрдісімен байланысты. Бұл әртүрлі түйіртпекті жасыл-
сұр кварцты дала шпатты құмдармен карбонатты саздар, алевриттермен
қалыптасқан. Бұл тип егін шаруашылығына әлде қайда қолайлы.
Атыраулық тип карбонатты саздармен, саздақтармен, қуаттылығы аз
құмайттармен көрінеді. Оны Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің
жайылымдарынан көруге болады.Атыраудың солтүстігінде қазіргі уатытта да
өзінің қалыптасуын тоқтатпаған делювиальды-пролювиальды тип байқалады.
Көлдік-делювиальды шөгінділер саздақ және құмдақтармен көрініп,
тақырлардың қалыптасуына алып келеді.
Эолды тип өзінің аты айтып тұрғандай аридті климаттық жағдайда
төрттік және төрттік кезеңге дейінгі даму нәтижесінде қалыптасқан.
Құмды және аллювиалды-атыраулық шөгінділерде эолды процестердің
өңделуі қазіргі уақытта да жүруде. Оның ауданының өсуі, Арал теңізінің
деңгейінің төмендеуі мен адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижиесі.
Аллювиалды жазық атыраудың барлық территориясында кең етек алған.
Бұл аллювиалды жазықтар эолды төбелі құмдар мен құрғақ арналар, сорлар,
эрозионды шірінділер көрінеді. Аллювиалды жазық ұзақ уақыт бойы эолды
процестердің ықпалында болды. Нәтижесінде тегіс үлескелер төбелі-атызды
құмды массивтерге айналды. Төбелі атыздардың арасындағы өткелдер
тақырлармен көмкерілген. Осы жазықтар ең бір қатты игерілген жазықтардың
бірі.
Жоғарыда көрсетілген типтердің көбі егін шаруашылығында кеңінен
пайдалану есебінен қазіргі кезде қатты өзгеріске ұшыраған 2.
1.4. Арал теңізінің климаты
Л.С.Бергтің (1937 ж) ландшафтық жіктеуінде бұл аймақ шөл зонасында
орналасқан, ал А.А.Григоревич (1944 ж) мұны қоңыржай белдеудің солтүстік
шөл типіне жатқызады. И.П.Герасимов (1933 ж) Сырдарияның байырғы атырауын
Тұран топырақты-климаттық фракциясына кіргізеді. Бұған тым континенталдық
тән. Сонымен Арал өңірінің қазақстандық бөлігі шөл зонасының континенталдық
солтүстік Тұран климаттық облысына кіреді.
Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз.
Оның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей
емес: 60 % қыс-көктем айларында жауады. Жазда жауған нөсер жауын қайта
буланып кетеді.
Атмосфералық жауын-шашынның, әсіресе қарлы-жаңбырдың, минералдығы
осы өңірдің солтүстігінде 20-50 мгл дейін көтеріледі. Жаз айларында шаңды
дауылдардан соң оның мөлшері 300-500 мгл дейін шарықтайды. Тұздар құрамы
бойынша гидрокарбонатты (негізінде қыс айларында) және гидрокарбонатты-
сульфатты (жазда) жиірек сульфатты-кальцийлі-натрилік 3. Ауаның
аңызақтығы мен оның салыстырмалы ылғалдығының төмендеуі топырақтың булануын
арттырады.
Теңіз айдынының булану қабілеті жылына 950-1050 мм құрайды 45. Бұл
жылдық жауын-шашын мөлшерінен 6-11 есе жоғары. Арал теңізі ауданына жыл
бойы орташа жылдамдығы 3,1-6,0 мсек солтүстік-шығыс бағыттағы жел
басымдырақ есіп тұрады.
Арал өңірінің табиғи кешенінің антропогендік шөлейттенуінен,
климаттық және микроклиматтық жағдайлары өзгереді 4. Көпшілік жұмыстарға
қарағанда Арал теңізінің ықпалы жағаның 100-150 шақырым ендік зонасында
ғана тарайды. Сөйтіп, теңіз жағасындағы климаттың аридтігі бәсеңдейді.
Бриздік эффект нәтижесінде жауын-шашын мөлшері 15-20 % дейін артады
5. Арал акваториясында жылына жауын-шашын дәл осындай мөлшерде қысқарады.
Зерттеу жұмыстарының барысына қарағанда Арал теңізінің тартылуынан құрғаған
ауа Солтүстік Арал өңірінде 30-40 шақырым, ал шығысында 60-80 шақырым
аумақта таралды. Ауаның ылғалдығы 20-25 % дейін төмендеп кетті 4.
Арал теңізі айдынының тарылуынан суының орташа жылдық температурасы
1,50С төмендеді. Бұл оның жылулық қасиеттерінің өзгеруіне алып келді.
Нәтижесінде қаңтар айының температурасы 1,0-2,00С төмендесе, ал шілде
айынікі 2,0-2,50С жоғарлады. Аязсыз кезең 170-180 күнге дейін қысқарды.
Құрғаған теңіз табанынан жылына 25-75 тонна құм мен шаң желмен теңізден
көтеріліп 500 шақырым жерге дейін таралады 52,53. Теңіздің түбінде жел
эрозиясының жаңа ошақтары пайда болуда. Дефляция процесінің әсерінен 30 жыл
ішінде теңіз тұнбасының 6-9 см қабаты желмен ұшып кетті. Теңіз
акваториясының одан әрі қарай қысқаруынан теңіздің жағалық зонасының
климаты тәрізді болады 49. Сонымен температураның жоғарлауы мен ауаның
салыстырмалы ылғалдығының төмендеуі Арал өңірінің қуаңдануын арттырып,
шөлейттенуін күшейте түседі.
1.5.Арал теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі топырақтары.
Биогендік компоненттердің құбылымдық ерекшеліктері әсіресе
гидрологиялық факторға тығыз байланысты. Олардың топырақ түзілу процесіне
тигізер әсері соншалық, тіпті зоналық фактордың ролін бүркемелеп,
жергілікті жағдайға сай топырақ жамылғысын түзеді. Арал аймағына тән
климат, өсімдіктер дүниесі, гидрологиясы мен гидрогеология жағдайында
қалыптасқан әртүрлі топырақтар екі үлкен топқа жатады:
- суармалы егіншілік дамыған атыраулық аймақтың ылғалды
(гидроморфты) топырақтары;
- шөлейт бөлігінде ескі заманнан қалған суармалы егіншіліктің
ізі бар және мал жайылымына пайдаланылатын құрғақ
(субаэральды) топырақтар.
Зоналық топырақ жамылғысымен қатар атыраулық аймақтарда гидроморфты
топырақ түзілу кездеседі. Дегенмен интрозоналық топырақ түрі климаттық
зоналықты жоққа шығармайды. Сондықтан зоналық топырақ жамылғысының негізін
құрайтын сұр және сұрғылт топырақпен қатар тақырлар, сорлар, шалғынды-
батпақты және аллювиальді-шалғынды т.б. топырақ түрлері кездеседі.
Топырақ құрушы жыныстар негізінде Сырдария өзенінің механикалық құрамы
әртүрлі аллювиальды жыныстары механикалық құрамының вертикальдық және
горизонтальдық бағытта тез өзгеріп отыруы оның кеңістікте әртүрлі
таралуымен байланысты.
Шөл зонасының зоналық сұр және сұрғылт топырақтары. Бұл топырақ
жамылғысының пайда болуы мен таралуы рельеф пен гидрогеологиялық жағдайға
тығыз байланысты. Олар рельефі тілімденген Солтүстік Арал үстіртінде басым.
Жалпы алғанда жазықты рельеф фонында төрткүлді қалдықтар, көлді-сор
депрессиялар, төбешікті-қырқалы құмдар да алмасып отырады. Сұр топырақ
жамылғысының сортаңды түрі де жиі тараған. Аналық тау жыныстары жер бетіне
жақын орналасқан және жартасты беткейлерде аз дамыған топырақ тараған. Осы
топырақ жамылғысының топырақ түзуші жыныстары бор және төрттік кезеңнің тау
жыныстары. Сонымен қатар рельефтің ойысты жерлерінде тақырлар, сорлар мен
сортаң топырақтар да бар. Өсімдік жамылғысында жусан, жас бұйырғын, қара
жусан, ал рельефтің төмен жерлерінде сарсазан, қарабарақ кездеседі.
Сұрғылт топырақ. Сырдария өзенінің көне және қазіргі атырауының оң жақ
жағалауында сұрғылт топырақ тараған. Олар көтеріңкі рельеф формаларында
дамыған. Топырақ типінде құмайтты, саздақты, гипсті қиыршықтасты, тағы да
басқа түрлері кеңінен кездеседі де, әртүрлі рельеф формасына қарай
таралады. Гипс пен қиыршықтас жер бетіне шығып жатқандықтан олар эрозиялық
процестердің ықпалында болады. Сұр топырақ жамылғысында да арал тәрізді
тақырлар мен сорлар, сортаңдар кездесіп отырады.
Тақырлар. Кең территорияны алып жатқан топырақ жамылғысының келесі
тобы тақырлар. Олар Сырдария аңғарының оң және сол жақ жағалауында,
Дариялық-тақырда, Жаңадарияда, Бикесары мен Жусанда кеңінен тараған.
Солардың ішінде басым кездесетіні көне қолаттардағы тұзсыз тақырлар, көне
егістіктегі суармалы жерлер, сортаңды тақырлар мен бетінде құмды болып
келетін тақырлы жерлер. Ескі аллювиальды жазықтарда бұйырғын, қара
сексеуіл, кеуреуік пен боялыш өседі.
Территоияның көп бөлігін топырақ жамылғысы нашар дамыған құмдар алып
жатыр. Олар Арал Қарақұмында, Үлкен және Кіші Борсықта, Қызылқұмда кең өріс
алған. Сонымен қатар кіші құмды төбешіктер де кездеседі. Кіші және Үлкен
Борсық құмдарында бұталы-бетеге, қаражусан, бұйырғын мен қатар сексеуіл,
құм қарағаны өседі. Шығыс Аралдың төбешікті-қырқалы құмды массивтері ұсақ
ойыстармен тілімденген, теріскен, бұта, жусан және эфемерлер кездеседі5.
Арал теңізі түбінен босаған топырақ жамылғысының дамуы әртүрлі
ландшафт құрушы факторларға байланысты. Бұл процестердің бағыты аридті
климатпен айқындалады. Зоналық факторлармен қатар олардың дамуына
литологиялық және геоморфологиялық процестердің тигізер әсері едәуір.
Сонымен территорияның ландшафтарының дамуына, топырақ түзілу процестеріне
әсер етуші негізгі фактор – климат. Теңіз түбінен босаған топырақ
жамылғысында алдымен тұздану басым, кейіннен литологиялық құрамының
ерекшелігіне байланысты не дефляциялық, не эолдық прцесс дамиды. Жалпы
алғанда теңіз түбінен босаған жерлерде көп жылдық тұрақты өсімдік
жамылғысының дамуы нашар, сондықтан да территория жақын орналасқан жерлерге
тұзды тарату орталығы болып табылады 6.
1.6.Жер беті және жер асты сулары
1960 жылға дейін Арал теңізіне жылына 13 км3 Сырдария өзенінің суы
келіп құйылатын. Бірақ соңғы қырық жылда оның ағысы 0,3-0,5 км3жылға дейін
кеміді. Бұл суару алқаптары көлемінің артуына, суару жүйесі мен суармалы
егіс технологиясының төмен дәрежеде тұруына байланысты. Соның ішінде
бұрынғы суармалы топырақтарда судың ПӘК-і 0,5-0,6-дан аспайды. Экологиялық
зардаптарын ескерместен Сырдария бассейнінен суды кең көлемде пайдалану,
Сыр өзенінің ластануына алып келді. Себебі өнеркәсіп пен коллекторлы-
кәріздердің минералданған және ластанған сулары, мол фераларының сарқынды
сулары мен минералдық тыңайтқыштар және әртүрлі улы химикаттардың бәрі
дерлік Сырдария өзеніне құйылып жатты. Қызылорда қаласының тұсында Сыр суы
ластанған класқа жатқызылды. Себебі бұл су төмендегі деректермен
сипатталады: нитрит азоты-1,8 РШК, мыс-3 РШК, фенол-3 РШК 7.
Бұл өз кезегінде бассейндегі су жүйесінің жағдайына әсер етіп Арал
теңізінің құрғауына және өңірдің шөлейттенуіне алып келді.
Арал теңізі деңгейінің төмендеуі осы өңірдің табиғаты мен санитарлы-
эпидемиологиялық жағдайларын күрт нашарлатты. Соның салдарынан 4 млн халқы
бар кең байтақ 900 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Арал өңірі
экологиялық апат аймағы деп жарияланды 8.
Арал теңізінің апаттық шегінуі оның гидрохимиялық режимдерінің
бұзылуына алып келді. 1960 жылдан бастап 20 жыл ішінде жер асты ыза
суларының теңіз айдынына құйылуы 6,2 есе кеміп, 0,7 м3сек (немесе 22 млн
м3жыл) айналды. Болжауларға қарағанда 2010 жылы ол толығымен тоқталуы
мүмкін. Сонымен бірге жер асты ыза суларымен келетін тұздардың да мөлшері
0,45-тен 0,08-0,05 млн тоннаға дейін төмендеді. Сонымен қатар 2020 жылы жер
асты суларының да Арал теңізіне құйылуы 4% дейін кемиді. Құрғаған теңіз
табанының ауданы 9-16 есе артады. Жер асты ағысымен келетін тұздар 1960
жылмен салыстырғанда 2,2 есе артқан 68. Теңіз с уы құрғаған теңіз
табанындағы топырақтардың тұз қорларының артуына байланысты жер асты
суларын теңіз табанына құйылуын тежеу шараларын жүзеге асыру қажет. Ол үшін
артезиан суларын тұрмыстық және шаруашылықты сумен қамтамасыз ету
мақсатында жайылымдарды суландыру мен кішігірім суармалы оазистер құру үшін
пайдалану тиімді.
Арал өңірінің барлық жерлерінде минералдануы төмен жер асты сулары
таралған. Бұлар жоғарғы плиоцен-төрттік шөгінділерінде орналасқан. Арал
өңірінің көпшілік бөлігінде аллювиалды шөгінділердің жер асты ыза сулары 1-
5 тен 20-30 м тереңдікте орналасады. Суармалы үлескілер мен каналдардың
бойында олар жер бетіне шығып, топырақты батпақтандырады. Сырдың төменгі
ағысындағы судың орташа минералдылығы 2-3 глитрден асады. Химизм типі
бойынша хлор мөлшері көтеріңкі сульфатты-натрилік. Өзен суының ирригациялық
сапасының қанағаттандырарлық болмауынан, топырақтың хлоридтік тұздануы мен
магнийлік кебірлену қаупі арта түседі 4.
1.7. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер
етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300—400 км ара қашықтықта байқалды.
Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мумкіндік
берді. Қазір ауа райының континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа
айльқ температурасы 1,5—20С-ға төмендесе, маусымда 2°С-ға артқан. Ауа
райының қатаңдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана
береді. Аязсыз кезеңнің 170—180 күнге қысқаруы мақта өсіруді қиындатады
(мактаның өсуіне 200—220 күн оң температура қажет). Бүрын өзен суының
минералдығы 0,3-0,5 гл болса, қазір ол 2,5 гл жеткен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына
ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар
жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.
Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеи кеткен.

сипатталады: нитрит азоты-1,8 РШК, мыс-3 РШК, фенол-3 РШК .

экологиялық апат аймағы деп жарияланды .

жылмен салыстырғанда 2,2 есе артқан. Теңіз суы құрғаған теңіз табанындағы
топырақтардың тұз қорларының артуына байланысты жер асты суларын теңіз
табанына құйылуын тежеу шараларын жүзеге асыру қажет. Ол үшін артезиан
суларын тұрмыстық және шаруашылықты сумен қамтамасыз ету мақсатында
жайылымдарды суландыру мен кішігірім суармалы оазистер құру үшін пайдалану
тиімді.

таралған. Бұлар жоғарғы плиоцен-төрттік шөгінділерінде орналасқан 6,9.
Арал өңірінің көпшілік бөлігінде аллювиалды шөгінділердің жер асты ыза
сулары 1-5 тен 20-30 м тереңдікте орналасады. Суармалы үлескілер мен
каналдардың бойында олар жер бетіне шығып, топырақты батпақтандырады.
Сырдың төменгі ағысындағы судың орташа минералдылығы 2-3 глитрден асады.
Химизм типі бойынша хлор мөлшері көтеріңкі сульфатты-натрилік. Өзен суының
ирригациялық сапасының қанағаттандырарлық болмауынан, топырақтың хлоридтік
тұздануы мен магнийлік кебірлену қаупі арта түседі. [7]
Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының бірі. Жалпы көлемі 1060 км3,
үзындығы 428, көлденеңі 284 км. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық
байлығымен атағы шыкқан. Қазақстан мен Өзбекстан арасында халық
шаруашылығының бағалы жүктерін тасуда да Арал көрнекті роль атқарып келген.
Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр
терісін алып тұрған.
Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар аударып
отыр, көптеген ғылыми мақалалар мен еңбектерде де жарияланды. Аралға
бұлайша көңіл аударып, ғалымдарды алаңдатуы бекер емес. Соңғы 10—15 жылдың
ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс енді, су деңгейі
төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері кеуіп
қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен Амудариядан су көп мелшерде
кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай түрғанда Амудария мен Сырдария
Аралға орташа есеппен жылына 62 текше километр су беріп тұратын болса,
1960—1965 жылдары — 44, 1974—1978 жылдары бар болғаны 13 текше километр су
береді. 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға құймайды, түгелдей жол-жөнекей
шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария құятын судың 75 проценті
кеміді, 1975—1978 жылдары Аралға бар болғаны 12 текше километр су берді.
Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы
егістік бар, бұл мөлшерді 8—9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір
зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион
гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа
жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында
пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп,
қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі Арнасай және Сарықамыс
ойпаттарына жылына 7—8 текше километр су құйылып кайтпастан жоғалады.
Осынын, бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп coқты. 1960 жылдан бері жылма-
жыл таяздаудан теңіз деңгейі 7 метр төмен түсті, теніздің көлемі 14 мың
шаршы километрге кеміді. Теніздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан
бөлігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты. Амудария
мен Сырдариянын, аңғарларындағы көлдердің көбі кеуіп қалса, кейбіреулері
кебуге жақын. Теңіз бен өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар
балықтардың көбеюіне де кесірін тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт
төмендеді. Мысалы, 1963 жылы -180 мың центнер балық ауланган болса,
1978—1979 жылдары бар болғаны 40—50 мың центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде
тоқталды.
Теніздің таяздауы мен көлемінің кемуі бүгінге дейін жалғасып келеді.
Жоспардағы су шаруашылығының болашақтағы қажеттілігін есептегенде теңіз
деңгейі жақын жылдары 15 метрге таяздап, көлемінің тең жартысы кемімек.
Бұдан арғы жылдары таяздауы одан да артып, көлемі бір кездегі 66 мың шаршы
километрден 26 шаршы километрге дейін азаяды.
Арал теңізінің қазіргі жағдайы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz