Болат және болаттан жасалған бұйымдар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.бөлім. Болаттар және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2.бөлім.Болаттан жасалған бұйымдардың беріктігі және оларды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1 Болаттан жасалған бұйымдардың беріктігін арттырудың
негізгі тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
2.2 Болаттар мен қорытпаларды химия.термиялық өңдеу ... ... ... ... ... .. 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Көміртегінің мөлшері 2,14 % -ке дейін болатын көміртекті темір қорытпаларын көміртекті болаттар деп атайды.
Болатты өндіру тәсілі, химиялық құрамы, атқаратын қызметі, сапасы, тотықсызландыру дәрежесі және құралымы бойынша жіктейді.
Машиналар мен приборлар жасауда беріктігі мықты болаттар қолданылады.Беріктік деп – пластикалық деформацияға қарсылық жасайтын материалдың кедергісі – беріктік шегі (уақытша кедергі) немесе аққыштық шегі ұғынылады.
Болат қажу беріктігі, тозуға қарсылық жасайтын кедергісі және контактылық төзімділігі көбінесе материалдың беттік қабатының қасиеттеріне байланысты болады. Таңбасы айнымалы күш түскен кезіндегі жұмысқа қабілеттілігі арттырудың тиімді тәсілі химия-термиялық өңдеу немесе материал бетін пластикалық деформациялау арқылы оның бетін бекемдеу болып табылыды.
Болат үшін мынандай химия-термиялық өңдеу процестері – цементтендіру, азоттандыру цинадандыру – практика жүзінде кең түрде қолданылады.
1.Жұмашева Ж.Т “Материалтану ” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені. Алматы:ҚазҰТУ баспасы,2004.42 бет.

2.Сидорин.И.И ауданғандар: Жүсіпов Б.,Жанбосынов Е., Бәйімбетов Н. “Материалтану негіздері”.Алматы:Мектеп, 1984, 449 бет.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Көміртегінің мөлшері 2,14 % -ке дейін болатын көміртекті темір
қорытпаларын көміртекті болаттар деп атайды.
Болатты өндіру тәсілі, химиялық құрамы, атқаратын қызметі, сапасы,
тотықсызландыру дәрежесі және құралымы бойынша жіктейді.
Машиналар мен приборлар жасауда беріктігі мықты болаттар
қолданылады.Беріктік деп – пластикалық деформацияға қарсылық жасайтын
материалдың кедергісі – беріктік шегі (уақытша кедергі) немесе аққыштық
шегі ұғынылады.
Болат қажу беріктігі, тозуға қарсылық жасайтын кедергісі және
контактылық төзімділігі көбінесе материалдың беттік қабатының қасиеттеріне
байланысты болады. Таңбасы айнымалы күш түскен кезіндегі жұмысқа
қабілеттілігі арттырудың тиімді тәсілі химия-термиялық өңдеу немесе
материал бетін пластикалық деформациялау арқылы оның бетін бекемдеу болып
табылыды.
Болат үшін мынандай химия-термиялық өңдеу процестері – цементтендіру,
азоттандыру цинадандыру – практика жүзінде кең түрде қолданылады.

1 Болаттар және олардың жіктелуі

Болат – машина жасауда, құралдар мен аспаптарды жасауда кеңінен
қолданылатын материал.
Көміртегінің мөлшері 2,14% -ке дейін болатын көміртекті темір
қорытпаларын көміртекті болаттар деп атайды.
Болатты өндіру тәсілі, химиялық құрамы, атқаратын қасиеті, сапасы,
тотықсыздандыру дәрежесі және құрылымы бойынша жіктейді.
1) Өндіру тәсілі химиялық болаттың мартен, бессер немесе томас,
элекрболат, тигельдік болат түрлерін ажыратады.
2) Химиялық құрамы бойынша болатты көміртекті және легирленген болатқа
жіктейді. Көміртектің концентрациясы бойынша бұл екеуі де аз
көміртекті (0,3 %)6 орташа көміртекті (0,3-0,7 %С) және жоғары
көміртекті (0,7 %С) болатқа бөлінеді.
Құрамына енгізілген элементтеріне қарай легірленген болат хромды,
марганецті, хром-никельді, хром-кремний-марганейті және т.б болаттарға
бөлінеді.
Құрамына енгізілген элементтердің мөлшері бойынша оларды аз (5%),
орташа (5-10%) және (10%) легірленген болаттарға ажыратылады.
3) Атқаратын қызметі бойынша құрылмалық, аспаптық және ерекше қасиеті
бар арнайы болаттарға жіктелінеді.Құрылмалық болат құрылыстық
ғимараттарда, машиналарт мен аспаптардың бөлшектерін жасауға
арналған болаттың ең көп таралған тобы болып есептелінеді.Олардың
ішінен цементтендірілетін, жақсаратын, аса берік және рессрлы-
серіппелі болаттарды атап көрсетуге болады.Аспаптық болат кескіш
және өлшеуіш аспатарға, суықтай және ыстықтай деформациялау
штамптарына арналған болаттарға бөлінеді. Арнайы жұмсалатын
болаттарға коррозияға төзімді, қызуға төзімді, қызуға берік,
электротехникалық және басқа да болаттар жатады.
4) Саласы бойынша болатты кәдімгідей сапалы, жоғары сапалы және ерекше
жоғары сапалы болаттарға жіктейді. Газдар мөлшері қиындықпен
анықталатын жасырын қоспалар болып келеді, сондықтан зиянды қоспалар
мөлшерінің шамасы болаттарды сапасы бойынша ажыратуға арналған
негізгі көрсеткіштер болады. Сапасы кәдімгідей болатта 0,06 % S және
0,07 % P, сапалы болатты көп дегенде 0,04 % S және 0,035 % P болды.
5) Тотықсыздандыру дәрежесі бойынша болат тынық, жартылай тынық және
қайнаған болаттарға ажыратылады.
Тынық металл марганецпен, кремнииймен және алюминиймен
тотықсыздандырылады. Оның құрамында оттегі аз болады, әрі ол газ болып
шығармай жайымен қатаяды. Қайнаған болатты тек марганецпен ғана
тотықсыздандырады.
6) Құрылымы бойынша болт жасытылған және нормальданған күйінде
жіктелінеді.
Жасытылған күйіндегі болатты құрамына байланысты алты класқа бөлінеді.
- эвтектоидтыққа дейінгі,
- эвтектоидтық;
- эвтектоидтықтан кейінгі;
- ледебуриттік;
- аустенитті;
- ферриттік.
Нормальданғаннан кейін болаттар құрылымы бойынша мынандай негізгі
кластарға бөлінеді.
- перлиттік;
- мартенситтік;
- аустениттік;
- Фериттік.

2 Болаттан жасалған бұйымдардың беріктігі
және оларды бағалау әдістері

Машиналар мен приборлар детальдады формаларының, өлшемдерінің,
түрлерінің және жүктеме өзгешелігінің әр түрлілігімен, пайдалану жағдайымен
бір-біріне ажыратылады.Статикалық жүктеме кезіндегі беріктік деп,
пластикалық деформацияға қарсылық жасайтын материалдың кедергісі – беріктік
шегі (уақытша кедергі) немесе аққыштық шегі ұғынылады.Көптеген жағдайларда
детальдардың жұмыс үстіндегі плвстикалық деформациясына жол берілмейтін
болғандықтан, беріктік запасын есептеп шығаруға және оны таңдауға аққыштық
шегі алынады.Оның шамасы неғұрлым көп болса, детальға соғұрлым көп кернеу
түсіруге, соның арқасында детальдың өлшемі мен салмағын кемітуге
болады.Детальдың салмағын кемітуге ұмтылу – беріктігі көбірек, бірақ
пластикалылығы азырақ материалды қолдануға жағдай жасайды.Алайда ас берік
материалды пайдалану тәжірибесі олардың жұмсалу жағдайларында айтарықтай
сенімді болмайтындығын көрсетеді, өйткені есептелгендегіден төмен кернеу
кезінде материал көьінесе морт сынып бұзылады.Сонымен қатар аққыштық шегі
неғұрлым жоғары болса, кернеу аз екзінде де материал соғұрлым жиірек
бүлінеді.Мұның себебі, лабораториялық жағдайында шағын үлгімен анықталған
материалдың механикалық қасиеттерінің (0,2,(0 стандарттық сипаттамасы, (,
(, ан сипаттамасымен бірге (бұлар сенімділік көрсеткішінің рөлін орындауға
тиіс) болаттан жасалған бұйымдардың беріктігін, яғни нақты бұйымдардағы
беріктігін толық сипаттамайды, өйткені онда материалдың морт сынып бұзылу
мүмкіндігі ескерілмейді.Осындай факторлардың белгілі бір үйлесімінде,
лабораториялық жағдайында саналған пластикалы болатын болаттың үлгісі
жұмсалу кезінде иорт сынып бұзылуы мүмкін.Материалдың мезгілінен бұрын
сынып кетуін болдырмау үшін жоғары кернеулі бұйымдарда, стандарттық
қасиеттерден басқа, материалдың атқаратын жұмысының сенімділігін
сипаттайтын конструкциялық беріктіктің мынандай параметрлерін ескерген жөн
:1)суыққа сынғыштықтың температуралық табалдырығы; 2)жарықшақты дамытатын
жұмыс; 3) К1е Ирвин параметрі – жазық деформациякезіндегі интенсивтілік
коэффициенті.
Суыққа сынғыштық табалдырығы материалдың қызмет атқаратын
жағдайындағы бет алысын болжайтын сапалы сипаттама міндетін атқарады. Оны
төмендей беретін температура кезінде сызаты бар үлгіні соққымен сынау
нәтижесінде анықтайды. Осындай сынау кезінде соққы жүктемесін, сызатты және
төмен иемператураны үйлестіру – оырылғыштыққа мүмкіндік туғызатын негізгі
факторлар, олар материалдың бет алысын пайдалануға мүмкін болатын жағдайға
жақындатуға себепші болады.Болаттың жарымдылығы жайында, жұмыстық
температурамен салыстырғанда, морт сынғыштық күйге ауысатын температураның
қалпы бойынша пікір айтуға болады. Жұмыстық температурамен салыстырғанда
морт сынғыштық күйге ауысатын температура неғұрлым төмен болса, болат
тұтқырлығының температуралық қоры және морт сынғыштықтан бұзылу гарантиясы
соғұрлым көп болады.
200С температура кезінде екі болаттың соққы тұтқырлығы бірдей
болатын жағдайдың кездесуі де мүмкін ( 1-сурет).Алайда морт сынғыштық күйге
ауысу М ( ұсақ түйіршікті ) болаттан – 400С кезінде, ал К ( ірі түйіршікті
) болатта 00С кезінде аяқталады. Бөлме теипературасымен салыстырғанда
тұтқырлық қоры М болатта 600С, К болатта 200С болады.М болат жұмыста
сенімдірек келеді, өйткенікездейсоқ қолайсыз жағдай ( температураның
төмендеуі, жарықшақтың пайда болуы, соққы күш ) осы болаттың морт сынып
бұзылуына қозғау сала алмайды.
Технологиялық операциялар немесе қызмет атқару кезінде пайда
болатын жарықшақтар болуы мүмкін детальдардың сенімділігін бағалау үшін аg
жарықшақты дамыту жұмысына және К1е Ирвин параметрін пайдаланады.
Жарықшақты дамыту жұмысы соққы тұтқырлығының құраушысы болады:

а в= аз + а р

мұндағы аз – сызықтағы жарықшақтың пайда болуына дейінгі үлгі
деформациясына жұмсалатын жұмыс; а р – осы жарықшақты дамыту жұмысы .
а р шамасы – тұрақтылықтан бұзылу кезіндегі нөлден өзгеше шама,
сондықтан оны тұтқыр жарықшақтан дпму жұмысы дейді.
Материалда жарықшақ болған кезде аз = 0. Бұл жағдайда материал
жұмысының сенімдірігі а р шамасы сипаттайды, ал а шамасы мүмкіндігінше
көп болуға тиіс. Егер сынау температурасында а р = 0 болса, онда юұзылу
процесі жұмыс шығындалмай-ақ өтеді де, материал морт сынғыш, конструктивті
жөнінен сенімсіз болады.
Соққы тұтқырлығының құраушыларға бөлудің бірнеше әдісі бар. Мұның
ішіндегі ең көп тараған – Фридман –Дроздовский әдісі, бұл әдісі бойынша
үлгідегі сызаттың орнына қажу жарықшақғын тудырады. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мойынтіректердің стационарлық корпустары
Табақты материялдарды өңдеу
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен жүйелер қауіпсіздігі
Цилиндірлі резервуарлардын жабдықтары және жұмыс жасау прициптері
МЕТАЛДАРДЫ ҚЫСЫММЕН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Резеңкеленген химиялық сорғылар
Тұрқы бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Болат өндірісі
Жабдықтарды есептеу және конструкциялау
Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты
Пәндер