ААҚ ЕБ «Альфа- Банк»


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1. ААҚ ЕБ «Альфа Банкінің» тарихы.

2. Альфа Банктің атқаратын қызметтері.

2. 1. Корпоративті клиенттерге қызмет көрсету.

3. Альфа - Банктің жүргізетін операциялары.

3. 1. Есептік - кассалық операциялар.

3. 2. Конверсиялық операциялар.

3. 3. Несиелік операциялар.

4. Альфа - Банктің шығаратын карточкалары.

Қорытынды

Кіріспе

Өндірістік практика ұйымдарды басқару мәселелерін, олардың ішкі ортасымен оларға сыртқы факторлардың ықпалын практикалық жағынан түсінуге, басқару функцияларын, стратегиялық жоспарлауды, өндірісті ұйымдастыруды, уәждемемен бақылауды жақсырақ тануға мүмкіндік беретін сұрақтарды оқып білуді ескереді. Сонымен қатар, талдау және өнім өндірісін жоспарлау әдістерін, персоналды басқаруды түсіну қажет, кәсіпорынның немесе банктің жұмысымен танысуға мүмкіндік береді.

Банкте практика өту кезінде:

- банктің орналасуын, мақсаты мен міндеттерін, сонымен бірге оның мәртебесін анықтайтын құжаттарды;

- қазіргі басқару құрылымын, оны жетілдіру бағыттарын, негізгі бөлімдері мен басқармаларының функциялары мен міндеттерін;

- банктің сыртқы ұйымдармен, серіктестермен, қаржы -несиелік мекемелермен және т. б. келісім-шарт жасау тәртібін;

- жоғары, орта және төменгі басқару деңгейінің тікелей басшылығы орындайтын функцияларын, олардың басшылық ету стилін талдауға тырысу;

- басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау тәртібімен шешімдердің орындалуын бар қадағалау жүйесін;

- жұмысшылардың уәждемесін, қолданылатын еңбек ақымен ынталандыру жүйелерін;

- банктің әлеуметтік және экономикалық даму стратегиясын әзірлеу тәртібі және стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қажетті материалдарды;

- банктің ақиқат қызметімен стратегиялық жоспарлау теориясына сүйеніп, банктің миссиясын, оның мақсаты мен міндеттерін тану қажет.

Мен өзімнің практикамды ААҚ ЕБ «Альфа- Банкінде» өттім. Банкте практикамды өту кезінде банктік сферадағы көптеген қызметтер жүйесімен таныстым және осы отчетта банктегі бірнеше бөлімдердің қызмет түрлерінің сипаттамаларын көрсетіп өттім.

1. ААҚ ЕБ “Альфа-Банктің” тарихы

ААҚ ЕБ “Альфа Банк” - Ресейдегі ең ірі банктердің бірі болып саналатын “Альфа Банк” ААҚ-ң еншілес банкі. Басты банк 1990 жылы құрылған және қазіргі кезде ол корпоративті және жеке клиенттерге толық жиынтық қызметтерін көрсететін жоғары технологиялы әмбебап банк болып табылады. Альфа Банк өзіндік капитал мен активтер көлемі бойынша Ресейдегі ең ірі 5 қаржы құрылымына кіреді. Аудиттелген қаржы есеп-қисаптарының 2003 жылғы мәліметтері бойынша құрамына ААҚ “Альфа Банк”, еншілес банктер мен қаржылық компаниялар кіретін “Альфа Банк” тобының активтері 5, 9 млрд. $, таза пайда- 106 млн. $, өзіндік капитал- 547 млн. $, несиелі қоржын- 3, 6 млрд. $ құрады. Альфа Банкте 60 мыңнан астам корпоративті клиенттер мен 900 мыңнан астам жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі. Мәскеуде, Ресей аумағы мен шетелде банктің 120 бөлімшелері мен филиалдары бар, соның ішінде Украинада, Қазақстанда және Нидерландыда, сондай-ақ Башқұрстан мен Татарстанда еншілес банктер бар. Банктің өкілеттілігі АҚШ пен Ұлыбританияда қызмет етеді. Альфа Банк халықаралық пластикалық карталар бойынша ресейлік рынокта ең озық орын алады. 1994 ж. Желтоқсан айынан табысты жұмыс атқарып келе, ААҚ ЕБ “Альфа Банк” Қазақстандағы ең мықты және тез дамушы банктерінің бірі болып табылады. ААҚ ЕБ “Альфа Банк” қызметінің ерекше бағыты Ресей мен Қазақстан арасындағы қаржылық ағымдарын тез және сапалы қызмет көрсету болып табылады. ААҚ ЕБ “Альфа Банктің” Астанада, Қарағандыда, Өскеменде филиалдары және Екібастұзда өкілеті бар.

2. Альфа - Банктің атқаратын қызметтері

Қазіргі таңда ААҚ ЕБ “Альфа Банк” қазіргі уақыттағы қаржылық және электронды технологияларды қолданумен өз қызметін атқарады және халық пен заңды тұлғалар үшін банк қызметінің барлық түрін ұсынады: - валютаның барлық түріндегі есептік операциялары; - несиелер мен кепілдіктер ұсыну; - лизингтік операцияларды жүзеге асыру; - VISA, MASTER CARD пластикалық карточкалары бойынша қызмет көрсетуде қызметтер ұсыну; - “Western Union” халықаралық жүйесі бойынша ақша аудару; - сату мен сатып алудағы максималды тиімді бағамы бойынша экспорттық- импорттық операциялар; - құжаттамалық төлемдері жүзеге асырылады (аккредитив, инкасса) ; - вексельдермен, құнды қағаздармен операциялар; - сейфтік операциялар; - коммерциялық чектер мен American Express жол чектерінің сатылымы; - кеңес берушілік қызмет. Банк қызметтерін әр түрлі өзіндік формасы бар кәсіпорындар мен экономика саласы қолданылады. Банктің мақсаты- сапалы банк қызметтерінде өз клиенттерінің қажеттілігін максималды қанағаттандыру, өндірістік- қаржылық қызметтің оптимизациясында көмек көрсету, табысты серіктестік үшін ыңғайлы шарттарды құру. 2003 ж. Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі “B1/ NP” деңгейіндегі валюталық қысқа және ұзақ мерзімде қарыз алу бойынша Қазақстан банкіне рейтингтер берді, сәйкесінше “E+” қаржылық тұрақтылық рейтингін де берді. Барлық рейтингтер болжамы- тұрақты. ААҚ ЕБ “Альфа Банк” : - Visa International халықаралық төлем жүйесінің; - Жеке тұлғалар салымдарын кепілдендіретін Қазақстандық қордың; - Қазақстандық қаржыгерлерінің Ассоцация мүшесінің; - Қазақстандық қор биржасының; - S. W. I. F. T қаржылық коммуникация халықаралық банкаралық қоғамының қатысушы болып табылады. ААҚ ЕБ “Альфа Банк-ң” аудиторы болып Prise Waterhouse Coopers халықаралық аудиторлық компаниясы табылады.

2. 1. Корпоративті клиенттерге қызмет көрсету

Банк қызметі жылдан жылға даму үстінде. Өте көп жаңа және ерекше қызметтер пайда болуда.

Альфа-Банктің клиенттік базасы тұрақты түрде өсуде. Банктің “несие қоржынының” көлемі 2000 ж. 1 қаңтарынан 2004 ж. 1 қаңтарына дейін 17 есе көбейді. Қазіргі кезде Банк клиенттік саясат облысындағы ірі және орта бизнеспен жұмысты тиімді деп санайды.

Бүгінде Альфа-Банк - клиенттерге жан-жақты және сапалы қызмет көрсету үшін барлық құралдарын қамтитын қаржылық институт болып табылады.

Банк қарапайым төлем операцияларын жүргізуден бастап, несиелеу мен консалтингтік қызмет көрсету және қаржылық схемаларды толық әзірлеумен аяқтап банктің барлық қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ керегінше жоғары сервиспен қамтамасыз ете отырып клиенттердің кең облысы үшін заңды қолдау көрсетуді қосады.

Банк құрылымында “Сатылымдарды басқару” арнайы бөлімі құрылған, оның басты бағыты- корпоративті клиенттерді тарту болып табылады.

Клиенттерді тарту үшін Банктің өзінде атқаратын қызметтері бар, олар клиенттер үшін ерекшелікті, икемділікті және тартымдылықты біріктіреді. Қарапайым есеп-кассалық қызмет көрсету мен несие беруден бастап қазіргі кезде банктік бизнес барлық клиенттердің талғамдарын қанағаттандыратын біршама банк өнімдері мен қаржы схемаларын ескеретін тармақталған жүйесі болып табылады. Альфа-Банктің ақша айналымының барлығы дерлік корпоративті клиенттердің айналымы болып табылады.

3. Альфа - Банктің жүргізетін операциялары

3. 1. Есептік-кассалық операциялар

ААҚ ЕБ “Альфа Банк” және ҚР-ғы аймақтың барлық филиалдарында мынадай кассалық және аударымдық операциялары бойынша банк қызметінің толық пакеті ұсынылады:

- шетел және ұлттық валютада жеке және заңды тұлғаларға шот ашу;

- шетел валютасы мен теңгеде есептерді жүзеге асыру;

- клиенттің қолма-қол ақшасын жеткізу және инкассациялау;

- жол чектерімен операциялар жүргізу;

- басқа банктердің банктік чектерін инкассоға қабылдау;

- Клиент-Банк жүйесі бойынша есептер жүргізу;

- Western Union халықаралық жүйесі бойынша ақшалай аударымдарды жүзеге асыру.

“Банк - Клиент жүйесі”

Бұл жүйе бойынша офисте компьютерлік - модем байланысы арқылы әркім өз шотын басқара алады. Бұл жүйе электронды жазу және шифрлеуді қалыптастырудың ең қажетті құралдарымен қамтылған. Қазақстандағы көптеген клиенттер бұл жүйені “үй ішіндегі” банктік қызмет көрсетудің ыңғайлы және тиімді құралы ретіндегі күнделікті қызметінде қолданады.

Клиенттің персоналды менеджері

ААҚ ЕБ “Альфа-Банктің” персоналды менеджерлері клиенттерге қызмет көрсетумен айналысады. Клиенттің барлық операцияларымен таныс персоналды менеджер банктің барлық операцияларды тиімді және сапалы жүргізуде толығымен жауапты болады. Ол клиенттерді ең толық жиынтық қызметтерді көрсетумен қамтамасыз етеді. Керегінше клиентке қажетті профессионалды кеңестерді және ұсыныстарды береді.

Есептердің құжаттамалық формалары

ААҚ ЕБ “Альфа-Банк“ саудалық қаржыландыру бойынша мүмкіндіктердің кең спектрін ұсынады. Құжаттық аккредитив кең таралған және жалпылама қолданылатын есептердің формасы бола отырып келесі ерекшеліктерді қамтиды:

- сатушы және сатып алушының қызығушылықтарына банк тарапынан толық қорғаныс көрсету, сондай-ақ контракт бойынша барлық міндеттемелердің орындалуын бақылау;

- келісім-шарт жақтарының тәуекелдігін төмендете отырып, аванстық төлемдерден бас тарту;

- ААҚ ЕБ “Альфа-Банк” аккредитивтерін мақұлдау;

- 30 - дан астам 1 - ші ретті дүниежүзілік банктермен ( Германия, АҚШ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және т. б. Банктер) аккредивтерді мақұлдау;

- импорттық операцияларды құрылымдау.

3. 2. Конверсиялық операциялар

ААҚ ЕБ “Альфа-Банк” тиімді мерзімде шетел валютасымен конверсиялық операциялар жүргізеді. Клиенттердің шетел валютасымен, сондай-ақ теңгемен конверсиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндіктері бар. Банк нарық бағамдары бойынша жұмыс істеу барысында олардың өзгерістерін тез қабылдайды, сатып алу және сату бағамдары арасындағы минималды айырмашылықты бекітеді, 0, 1 % шамасында алдын-ала және ағымдағы тапсырыстар бойынша минималды комиссияны алады.

Облигациялар

2002ж. бірінші жартысында Банк қарызды өтеу мерзімі 2008ж. болатын 1, 5 млрд тг. сомасына индексті купондық облигация шығарды, орналастыру көлемі 2003ж. басына 840 млн. астам тг. құрады.

3. 3. Несиелік операциялар

ААҚ ЕБ “Альфа-Банк” қаржылық өндіріс саласында, сондай-ақ саудалық несиелеу және сыртқы экономикалық қызмет саласында кең көлемді несиелік өнімдерді активті кеңейтеді. Өзіндік несиелік құралдар түріндегі инвестицияларды тартуда тез дамып келе жатқан салалар мен кәсіпорындарды банк тарапынан қолдау оған әрекет етеді. Клиенттің қажеттіліктеріне бағытталып, банк несиелеудің жеке схемасын қолданады.

Несиелер ұлттық және қатаң шетел валютасында беріледі.

ААҚ ЕБ “Альфа-Банк” заңды тұлғаларға несиелік өнімдердің келесідей түрлерін ұсынады:

- несиелер және несиелік линиялар;

- аккредитивтер және банктік кепілдіктер;

- лизинг.

4. Төлем карточкалары

Төлем карточкалары бұл қолма қол ақшаларды алу мен төлемдердің ерекше құралы, ол өз иелеріне келесідей ерекшеліктер ұсынады:

- келу еліне байланысты емес карт шоттағы қолма қол ақшаларға тәулік бойы қол жетерлігі;

- шетелге бару кезінде ақшаларды жариялаудың қажетсіздігі;

- қолма қолсыз есеп бойынша тауар мен қызмет көрсету үшін төлем;

- “Альфа-Банк” банкоматтар жүйесінен ақша алу кезіндегі комиссия 0, 8 % құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің валюталық операциялары және олардың дамуы
ҚР банк қызметін ұйымдастыру және реттеу
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
Төлем карточкасы арқылы есеп айырысуды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Екінші деңгейдегі банктер
Төлем карточкасының реквизиттері
Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі
Банктік несие және банк депозиті
РЕСЕЙ СБЕРБАНКІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz