ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттері



Кіріспе
ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының өндірістік және маркетингтік іс.әрекеттерін талдау
Компанияның жалпы сипаты, құрылымы және мақсаты
Компанияның өндірістік және қаржылық нәтижесін талдау, бағалау
Компанияның өндірістік және маркетингтік іс.әрекеттерін дамыту жөнінде ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетердің тізімі
Қазіргі нарық қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды, терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б.с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетингтік орта жетекші рөл атқарады.
Маркетинг фирманың дұрыс бағытын анықтайды. Ол тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеумен қатар сату көлемін ұлғайту мақсатында сұранысты қалыптастыру және ынталандыру, фирма қызметінің эффективтілігін жоғарлату және фирманың жалпы пайдасын көбейту және т.б. мәселелерін шешеді.
Маркетинг өзін қолданатын ортаны зерттеуден басталады. Оған қатысты жұмыс атаулы нарықтық, жалпы шаруашылық және экономикалық конъюнктураларды зерттеуге сүйене отырып жүргізіледі. Ең алдымен өндіріс және тауар өткізу тұрғысынан фирманың мүмкіндіктерін анықтау негізінде осы тұңіректе шоғырландырылған барлық процестер қарастырылады. Сондай-ақ әрбір тауар өндіруші жалпы нарықтық қарым- қатынастың шеңберінде бүтіннің бөлігі ретінде таңдап алынатын болады және олар өз әріптестерімен бәсекеде жеңіп алған сегменттерінде потенциалдық тұтынушыларымен үнемі байланыс жасап отыруы тиіс.
Маркетинг ортасының құрамдас бөліктері: микроорта, макроорта және медиаорта.
Микроорта және оның негізгі субъектілеріне: фирма, жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, клиенттер, бәсекелестер, контактілік аудиториялар жатады. Ал, фирма іс-әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, саяси, ғылыми-техникалық, мәдени.
Жалпы жұмыста күрделі электр тұрмыстық тауарлардың Қазақстан нарығындағы «LG Elektronics» Оңтүстік Корея компаниясының іс-әрекеті зерттелінеді.
Сонымен қатар жұмыстың зерттеу объектісі «LG Elektronics» корпорациясының Қазақстандағы туынды кәсіпорны - «ашық акционерлік қоғам LG Elektronics Almaty Kazakstan» болып табылады.
1. «Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдарға арналған Индустриялық – инновациялық стратегиясы»;
2. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2030» Елбасының Қазақстан халқына жолдауы.
3. “Бәсеке және монопольдік қызметті шектеу туралы” Заң// Егемен Қазақстан, жыл,  қаңтар.
4. «Қазахстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Қазақстанның әлемдегі бәсекене барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы. Астана, 2006 жыл.
5. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа кезең – жаңа экономика», 2003 ж

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
ААҚ LG Elektronics Almaty Kazakstan компаниясының өндірістік және
маркетингтік іс-әрекеттерін талдау
Компанияның жалпы сипаты, құрылымы және мақсаты
Компанияның өндірістік және қаржылық нәтижесін талдау, бағалау
Компанияның өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін дамыту жөнінде
ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетердің тізімі

Кіріспе

Қазіргі нарық қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан
субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды, терең
және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды
тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде,
неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң
бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде
фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері
іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық
коммерциялық ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар, олардың
өнімдерінің өзгерісі туралы т.б.с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы
аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес.
Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде
қазіргі кезде маркетингтік орта жетекші рөл атқарады.
Маркетинг фирманың дұрыс бағытын анықтайды. Ол тұтынушылардың
қажеттіліктерін зерттеумен қатар сату көлемін ұлғайту мақсатында сұранысты
қалыптастыру және ынталандыру, фирма қызметінің эффективтілігін жоғарлату
және фирманың жалпы пайдасын көбейту және т.б. мәселелерін шешеді.
Маркетинг өзін қолданатын ортаны зерттеуден басталады. Оған қатысты
жұмыс атаулы нарықтық, жалпы шаруашылық және экономикалық конъюнктураларды
зерттеуге сүйене отырып жүргізіледі. Ең алдымен өндіріс және тауар өткізу
тұрғысынан фирманың мүмкіндіктерін анықтау негізінде осы тұңіректе
шоғырландырылған барлық процестер қарастырылады. Сондай-ақ әрбір тауар
өндіруші жалпы нарықтық қарым- қатынастың шеңберінде бүтіннің бөлігі
ретінде таңдап алынатын болады және олар өз әріптестерімен бәсекеде жеңіп
алған сегменттерінде потенциалдық тұтынушыларымен үнемі байланыс жасап
отыруы тиіс.
Маркетинг ортасының құрамдас бөліктері: микроорта, макроорта және
медиаорта.
Микроорта және оның негізгі субъектілеріне: фирма, жабдықтаушылар,
маркетинг делдалдары, клиенттер, бәсекелестер, контактілік аудиториялар
жатады. Ал, фирма іс-әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары:
демографиялық, экономикалық, табиғи, саяси, ғылыми-техникалық, мәдени.
Жалпы жұмыста күрделі электр тұрмыстық тауарлардың Қазақстан
нарығындағы LG Elektronics Оңтүстік Корея компаниясының іс-әрекеті
зерттелінеді.
Сонымен қатар жұмыстың зерттеу объектісі LG Elektronics
корпорациясының Қазақстандағы туынды кәсіпорны - ашық акционерлік қоғам LG
Elektronics Almaty Kazakstan болып табылады.
ААҚ LG Elektronics Almaty Kazakstan компаниясының өндірістік және
маркетингтік іс-әрекеттерін талдау

Компанияның жалпы сипаты, құрылымы және мақсаты

ААҚ LG Elektronics Almaty Kazakstan 28 мамыр 1998 жылы құрылды.
Содан бері LG Қазақстан, ТМД елдері (Ресей, Украина, Қырғызстан,
Тәджікстан, Өзбекстан) және шет елдер (Финляндия, Иран) нарығын жаулап
алуда. Қазір республикада сатып алынатын телевизорлардың 57%-тін LG
компаниясының өндірген телевизорлары құрайды. Компанияның негізгі өндіретін
өнімдеріне цифрлық телевизорлар өндірісі, CD-ROM және DVD-ROM, мониторлар,
компьютерлер, плазмалық дисплейлер, мониторға арналған кинескоптар және
телевизорға арналған кинескоптар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, ұялы
телефондар, СВЧ- пештер, кондиционерлер жатады.
LG компаниясы дүние жүзінде ең ірі транс- ұлттық компаниялардың бірі
болып саналады. Дүниежүзі бойынша бұл компанияның 80 зерттеу орталықтары
қызмет етеді; жалпы қызметкерлердің саны 126000 адамнан тұрады.
Компания LG Electronics – электроника және телекоммуникация
облыстарында лидер болып саналады.
Ең алғаш 1958 жылы 1 қазанда құрылғаннан бастап және бүгінгі күнге
дейін LG Electronics компаниясы жаңа технологиялардың дамуын тоқтатпай,
үнемі менеджмент жүйесін жақсартуда.
Сонымен қатар LG өнімдері, яғни цифрлық телевизорлар өндірісі,
телекоммуникация жүйесі және тұрмыстық техникалар жетекші орын алады және
мұндағы өнімдер интернет көмегімен басқарылады. Болашақта медиа
технологияларды және телекоммуникацияларды қолданумен үй цифрлық торлар
(digital home network) өндірісін кеңейтуіне көп көңіл бөлу жоспарланып
отыр.
Дүниежүзі бойынша компанияның 77 фирмалары, лабораториялары және
заводтары бар. Компанияның сату көлемі тұрақты өсуде, соңғы 5 жылда орташа
жылдық өсу 20% құрайды. Ал, соңғы үш жыл ішінде LG Electronics
кондиционерлер сату бойынша дүниежүзінде бірінші орында және 5 жыл CD-ROM
өндірісінде лидерлер қатарына кіреді.
Компанияның мақсаты - дүниежүзінде бірінші номердегі сауда белгісі
болу. Ал, компанияның негізгі философиясы адамдарды сыйлау және
тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруына негізделеді. LG жеткен
жетістіктерімен шектеліп қана қоймай, ол біздің өмірімізді цифрлы өнімдер
арқылы одан әрі жақсартуға тырысады.
Қазіргі кезде LG Electronics компаниясы 3 ірі бөлімдерге бөлінеді:
• DA- Digital Appliance- Тұрмыстық техникалар бөлімі;
• DOM- Digital Display and Media- Дисплейлер және мультимедиялық
технологиялар бөлімі;
• Tele communication- коммуникациялар бөлімі.
Қазіргі кезде LG Electronics компаниясының дүниежүзі бойынша 90
туынды компаниялары жұмыс істейді. Олардың іс-әрекеті LGE корпорациясына
80% жалпы пайда түсіреді. Бұл туынды компаниялар негізінен өндіріс,
маркетинг, логистика және сервиспен айналысады. LGE корпарациясының ең ірі
туынды компаниялары және филиалдары мыналар: Еуропада –11, ТМД елдерінде –
4, Африка және Орталық Шығыс елдерінде - 7, Қытайда - 12, Азияда - 13,
Индияда - 4, Жапонияда - 1, Солтүстік Америкада - 8, Латын Америкасында -
6.
Олардың іс-әрекеті 7- қосымшада толық қарастырылған.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген филиалдар қатарына кірмейтін
мынадай филиалдар бар. Олар: Португалия, Абиджан, Алжир, Тунис, Оман,
Джедде, Афина, Тегеран, Карачи, Ташкент, Санкт- Петербург, Ченьду, Вухан,
Сингапур, Тайпей, Владивосток, Бостон, Даллас, Хьюстон, Майамия, Лос-
Анджелес, Сан- Джоус, Сантьяго, Чикаго және басқа да қалаларда.
LG Elektronics Almaty Kazakstan құрылтайшысы - Акционерлік Қоғам
LG Elektronics Inc болып табылады, Корея Республикасы, Сеул қаласы, Эл
Джи Твен Тауэрс 20, 150-606, Йодо-Донг, Йодундогпо-Гу.
LG Elektronics Almaty Kazakstan компаниясының жалпы акционерлер
жиналысы жоғарғы басқару органы болып табылады. Олардың құрамына
акционерлер немесе өздері тағайындаған өкілдер кіреді.жалпы акционерлер
жиналысы мынандай мәселелерді шешеді: компанияның жарғысын бекіту және
өзгерту, компания іс-әрекетінің негізгі түрлерін анықтау; компанияның
есебін және жоспарларын бекіту; компания басшыларын тағайындау; LGEAK
басқару іс-әрекетінің формасын анықтау, компания іс-әрекетінің жылдық
нәтижесін бекіту және т.б.
Сонымен қатар әрбір компания өзінің құрылымдық әрекеттерін тиімді
басқаруға мүдделі. Атап айтқанда, компанияның ұйымдық басқару құрылымын
ұйымдастырғанда, әр компанияның функциясын орындауға жауап беретін
лауазымды қызметкерлер болуы қажет. Қосымша айта кететін болсақ, ұйымдық
жоспар бірнеше міндеттерді атқарады. Компанияның ішкі құрылымын
төмендегілер тағайындайды:
• Бөлімдер;
• Лауазымды басшылардың құқығын, міндетін, қызметін, жауапкершілігін
көрсетеді;
• Лауазымды басшылар, олардың бағыныштық тәртібін белгілейді;
• Компанияның ішкі күнтәртібін тағайындайды;
• Компанияның кооперативтік мәдениетін, этикасы мен этикетін
қалыптастырады.
ААҚ LGEAK ұйымдық басқару құрылымы нақты, рет-ретімен, кімнің-
кімге бағынатындығы туралы 2–суретте көрсетілген. Онда әр лауазым иелерінің
қызметі, міндеті, жауапкершілігі көрсетілді.

лпы жмыстар

2-Сурет

Жалпы акционерлер жиналысының арасындағы басқару органы директорлар
кеңесі болып табылады. Ол акционерлер кеңесінің міндетіндегі басқа
сұрақтардың барлығын қарастырады. Директорлар кеңесі компанияның
президентін бекітеді. Компанияның атқарушы органы басқарма болып табылады,
олардың құрамына атқарушы директорлар және компанияның негізгі бөлімінің
басшылары кіреді
LGEAK президенті - л компанияның атынан шетелдік, ұлттық
ұйымдармен, кәсіпорындармен, әртүрлі мекемелермен қарым- қатынас,
байланыстар жүргізеді. Компанияның тікелей жауапкершілігі президентке
жүктеледі және президенттің бұйрық, нұсқау шығаруына, қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап босатуға құқылы. Сонымен қатар, ішкі еңбек тәртібінің
ережесін орындауын қамтамасыз етеді.
Компанияның бақылау органы - ревизиялық комиссия, онда LGEAK
компаниясының ішкі аудиты жүзеге асырады (мысалы, жылдық қаржы іс-әрекетін
тексеру және растау).
LGEAK компаниясында мынандай департаменттер қызмет атқарады: қаржы,
жоспарлау, өндірістік; маркетинг және сату бөлімі бөлек қызмет етеді. 1-
қосымшада көрсетілгендей әр департаменттің өз кезегінде бөлімдері болады.
Жалпы тұрмыстар (General Affairs) бөліміне байланысты, мұнда мынандай
мамандар кіреді: кадрларды жұмысқа алу менеджерлері, юристер және контракт
және келісім-шарт бойынша мамандар, прогромистер, қоғамдық байланыстар
бойынша мамандар мен басқалар.
Бухгартерлік бөлімі – компанияның қаржы-несие жоспарын құрады, әр
бөлімнің есеп құжаттарын тексереді. Жұмысшылардың жалақысын, премиясын
есептейді.
Жоспар құру бөлімі - негізгі мақсаты, міндеті компанияның
стратегиялық жоспарын құру және компанияның даму жұмысының жоспарын құру.
Бұл бөлім тікелей вице президентке бағынып, есеп береді.
Маркетинг және сату бөлімі - тікелей вице президентке бағынады және
есеп береді. Барлық шығарылған өнімдерге қатысты мәселелерді зерттеп
тексереді. Сонымен қатар, өткізу бөлімінің негізгі міндеті қаланың йр
аудандарында өткізу каналдарын іздестіріп шығарылған өнімді ұсынуы.
Өнімнің сапасын қадағалау бөлімі - бұл да тікелей маркетингке
бағынады, есеп береді. Негізгі міндеті шығарылған өнімнің сапасын тексеріп,
сапасын жақсарту.
Нарықтық экономиканың түпкі мақсаты өндірістік тауарларды сату, сатып
алуды реттеу, тұтынушыға қажетті тауарды жеткізу, сондықтан кез-келген
фирманың мақсаты сұранысқа сәйкес тауар ассортименттерін жоспарлау, жаңа
тауар өндіру, пайда табу болып табылады.
Орта Азияда №1 сауда белгісі болу үшін, компания өндірістік іс-
әрекетіне байланысты арнайы әдістер енгізген. Мұнда: Қазақстан
тұтынушыларын қызықтыратын, ең жақсы тауарлар өндірістен өндірістік линия
қызметкерлері марапатталады, қызметкердің квалификацияларын жоғарлатуға,
тәжірибесімен алмасу үшін Кореяға жіберіледі, өнімнің сапасына байланысты
және тағы да басқаларға кездесулер ұйымдастырылады.
Компанияда Super A &Six SIGMA деп аталатын жеке бағдарламалар бар.
Super A бағдарламасы барлық жасалған иновациялық стратегияларды өзіне
енгізеді. Сонымен қатар, сәтті басқару менеджментін енгізеді, жасалған
ғылыми- зерттеулер, маркетинг және сервис қызметтері кіреді. Ай сайын 600-
ге жуық жоғарғы класс профессионалдар тобы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Олар көптеген ақпарат ресурстарын қолдану арқылы және алынған мәліметтерді
терең өңдеу жүргізеді. Super A бағдарламасы фирманың имиджына тиімді әсер
етті. Ал, 6 Sigma крнцепциясы шыққан өнімнің сапасын үнемі дамытып және
ғылыми зерттеулер жүргізіп отырады, сонымен қатар өндірістік кемшіліктердің
қысқаруын үнемі қадағалап отырады. Берілген бағдарламалар LGEAK
компаниясының офис қызметкерлеріне және өндірістік линия қызметкерлеріне де
байланысты. Super A &Six SIGMA бағдарламасымен жақсы табыс болу үшін
арнайы семинарлар жүргізеді.
Бұл бағдарламалар болашаққа негізделген және LGEAK компаниясының
2005 жылы дүние жүзінде лидер олу ұмтылысымен көрсетеді.
Бұл мақсаттарды жүзден асыру жолында әрбір фирма материалдық
техникалық ресурстарымен қамтамасыз етілуі қажет, тауардың сапасымен
бәсекелестік қабілетін жақсарту, жаңа тауар шығару, әртүрлі өндірістік
жоспар әзірлеуі тиіс.

Компанияның өндірістік және қаржылық нәтижесін талдау, бағалау

Кесте1
Жылдық тауар сату көлемінің есебі 2012ж.



Тауар Бар-лық Өткі-зуТүсім Баланст
ассорти- 1жыл- Өзін-дікшығындар баға-сыбарлы-ғыық
менті 1айда да мың құн млнтг (тг.) пайда
1. Телевизор 100 1,200 23,987 28,785 28220 33,864 5,079
2. Шаңсор-ғыш
Кондиционер150 1,800 10,500 18,900 12352 22,233 3,3336
3. Кір жуғыш
машина 100 1,200 37,850 45,420 44450 53,340 7,920
4. Тоңазыт-қыш
Монитор
Микротолқын110 1,320 32,210 42,5172 36720 48,4704 5,0532
5. ды пеш
Музыка-лық 150 1,800 40730 73,314 45730 82,314 9,000
6. центр 160 1,920 19,975 38,352 23500 45,120 6,768
7. Караоке
Видеомагнит
офон 180 2,160 18,050 38,988 21230 45,8568 6,8688
8. Ұялы
телефон 140 1,680 39,6404666,5952 42250 70,980 4,38484
Үй кино 100 1,200 ,500 55,800 50000 60,000 ,200
9. театры
10. DVD-проигры120 1,440 15,685 22,5864 18450 26,568 3,9816
-ватель
11. DVD-плейер 130 1,560 34,685 54,1086 38450 59,982 5,8734

12. 170 2,040 50,790 103,6116 56390 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ААҚ LG Elektronics Almaty Kazakstan компаниясының өндірістік және маркетингтік ісәрекеттерін талдау
ААҚ LG Elektronics Almaty Kazakstan компаниясының өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін талдау
Фирманың ішкі ортасы
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері
“Алси” фирмасын басқарудың қалыптасуы мен дамуы
“Аlser Computers” маркетингтік жоспар
Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттері
Алси фирмасының сипаттамасы
Еліміздегі бүгінгі күні қалыптасқан маркетинг теориясы мен практикасын талдай отырып, оның экономикамыздың алға басуында ерекше орын алуы жайлы сөз қозғап, отандық кәсіпорындардың, соның ішінде АЛСИ ЖАҚ-ның маркетингті қолдану процесін зерттеу
Қызмет көрсетудегі маркетингті жетілдіру
Пәндер