Ежелгі Қосөзен қала мемлекеттерінің тарихы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ЕЖЕЛГІ ҚОСӨЗЕН ҚАЛА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ.
1. 1. Оңтүстік Месопотамия қоғамы.
1. 2. Шумерлік қала мемлекеттердің жалпы тарихы.
2. АККАД МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН КҮШЕЮІНІҢ НЕГІЗІ.
2. 1. Аккадтың Қосөзен аралығындағы саяси - экономикалық үстемдігі.
2. 2. ІІІ Ур династия тұсындағы Қосөзеннің саяси және әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан өрлеуі
3. ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ.
3. 1. Ежелгі Вавилонның экономикасының тұрақтылық сипатқа ие болуы.
3. 2. Ежелгі Вавилоны қоғамы және оның әлеуметтік құрылымы
3. 3. Шумер мен Аккадтың қала мемлекеттері тақырыбын тарих сабағында оқыту.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі дүние тарихын оқығанда осы құл иеленуші қоғамның, таптық қоғамның қалай пайда болғанын, қандай түрде болғанын, әр елдер үшін өзіндік қандай ерекшеліктерінің, өзгешеліктерінің, әлеуметтік - экономикалық және саяси дамудағы айырмашылықтардың немен байланысты болғанын түсіну жалпы заңдылықтарды аңғару - негізгі мақсат. Онсыз адам қоғамының даму процесіндегі көптеген күрделі мәселелерді экономикасының дамуындағы, саяси биліктің түрлеріндегі айырмашылықтарды, тарихи даму заңдылықтарын түсіну қиын болар еді.
Ежелгі дүние тарихы - ең бірінші таптық қоғамның пайда болу, өсу, даму және құлауының тарихы. Бірінші тапқа бөліну, таптық езу, қанаушылық, құл иеленуші қоғамда: меншік иесі, құл иесі - толық құқықты еріктілер мен еріксіз, өзі біреудің меншігі болған құлдар арасында болды, ежелгі дүние тарихы осы құл иеленуші қоғамның, құл иеленуші елдердің (Шығыстық, Батыстық), мемлекеттердің тарихы.
Құл иеленуші қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму дәрежесіне қарай: төмеңгі, жоғарғы екі сатысы болды. Бірінші төмеңгі сатысы - шығыстық патриархалдық құлдық деп аталды. Онда құл негізгі өндіргіш күш емес, негізгі өндіруші күш ерікті қауым мүшелері - шаруалар, жаулап алған елдердің бағынышты тұрғындары /түрліше салықтар төлеп, көптеген міндеткерліктер атқаратын/ қаналушы тап, мұнда құлдардың еңбегі шаруашылықта қосымша орында ғана болды. Құл еңбегінің шаруашылықтың барлық саласында да кеңінен, -көптеп пайдаланылып, құлдардың негізгі өндіргіш күшке айналғаны антикалық /Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим/ көне заманда болды.
Соңғы уақытта біраз Шығысты зерттеуші тарихшылар Шумерлік қала-мемлекеттерде және Ежелгі Вавилонда классикалық құл иелену болды дегенді айтып жүр. Сонымен құл иеленуші қоғамның жоғарғы классикалық, төмеңгі - патриархалдық сатылары болды. Осы жағдайға лайық мемлекеттің - саяси биліктің де түрліше формалары болды. Бұл арада егіншіліктің бірінші шарты - жерді қолдан суландыру, яғни ирригациялық жүйелер, ал оның өзі не қауымның, не провинциялардың, не орталық үкіметтің ісі болып табылады. Шығыстық биліктің әрқашанда да үш мекемесі болды; олар қаржы мәселесі /ел ішіндегі қанау/, соғыс /ел ішіндегі және бөтен елдерді қанау/ және қоғамдық жұмыстар /ұдайы өндіріс қамы/.
Ертедегі көне заманнан сақталған жазба деректерді табу, оқып түсіну, өз жұмысына қажетті мәліметті танып ала білу тарихшы үшін оңай жұмыс емес, ол үшін алдымен өз тақырыбына байланысты классиктердің пікірін, әсіресе ертедегі шығыс қоғамы - антикалық қоғам, бұл қоғамдардағы өндіріс тәсілі, өндіргіш күштер, меншік, жерге меншіктің шығыстық бірінші түрі, антикалық, екінші түрі туралы деректерді; таптық қоғам, таптар мен топтар, олардың ара қатынастары соғыс, оның түрлері, сипаттары туралы саяси құрылыс, оның негізгі түрлері туралы әр түрлі ғылыми еңбектерді оқып, пайдалану тарихи - қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсініп, өз мамандығында, зерттеу жұмысында пайдалана отырып Ежелгі Шумерлік қала-мемлекеттердің және Ежелгі Вавилонның әлеуметтік - экономикалық және саяси сипатын анықтау біздің зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтайды. Яғни, Ежелгі Шығыстағы шаруашылық жүйесінің даму барысын Ежелгі Шумер - Аккад және Ежелгі Вавилон тарихы арнасында қарастыру басты мақсат - міндет болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Ежелгі Шумер-Аккад қала-мемлекеттерінің және Ежелгі Вавилон тарихынан көп, кеңінен мағлұмат беретін деректер көзі негізінен материалдық мәдениеттер ескерткіштері болып табылады. Сонымен қатар, әр түрлі шаруашылық құжаттары, хаттар, әдеби шығармалар мен антикалық авторлардың еңбектері де ежелгі Шумер-Аккад қала-мемлекеттері туралы құнды да қайталанбас мәліметтер береді.
Европалық ғалымдар Ж. Опперт пен Э. Хинкс және тағы басқа ғалымдар бірлесе отырып, ХІХ ғасырдың 40 - жылдары Месопотамия жерінен табылған қыш тақтайшалардағы аккадтық сына жазудың кілтін тапты. Аталған жәйт, Ежелгі Шумерлік қала-мемлекеттердің және Ежелгі Вавилонның тарихын оқып - зерттеуде үлкен бет - бұрыс жасап, Месопотамия тарихының зерттелуін біршама жоғары деңгейге көтерді.
ХІХ ғасырдың 90 - жылдарындағы тағы бір үлкен ғылыми жаңалық ол неміс оқымыстысы Ф. Деличтің аккад тілінің сөздігі мен грамматикасын құрастыруы болды. Негізінен Ежелгі Шығыс дүниесінің негізгі дерек көзі, басты белгісі болып табылатын сына жазу тақтайшаларын Европаға алғаш әкелген, ХҮІІІ ғасырда Месопотамияға алғаш ғылыми саяхат жасаған дат оқымыстысы К. Нибур болды.
ХІХ ғасырдың аяғынан бастап Месопотамияның тарихы туралы жалпы еңбектер шыға бастады. Олардың ішінен неміс тарихшылары К. Бецольд пен Б. Майснердің және де американдық зерттеушілер А. Олмстэд, А. Л. Оппенхеймнің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Ежелгі Қосөзен мемлекеттерінің саяси құрылысы туралы 40-50 жылдары құнды еңбек жазған американдық шумеролог Т. Якобсен болды. Сонымен қатар ежелгі шығыс тарихын зерттеуде қалыптасқан «панвавилонизм» ағымын кеңінен қолдап, Ежелгі Вавилонның мәдениеті, оның даму дәрежесі туралы құнды еңбектер жазған тарихшылар қатарына Ф. Деличті, Г. Винклерді, А. Иеремиасаны және Эд. Мейерді жатқызуға болады.
Ежелгі Шумер-Аккад қала-мемлекттерінде жер қатынастары туралы әлемдік деңгейде баға жетпес құнды еңбек жазғандардың бірі А. И. Тюменев болды. Шумердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар туралы жемісті еңбекті авторы ретінде В. В. Струвені атап өтуге болады. 50-90 жылдары ашылған көптеген ғылыми жаңалықтардың авторы ретінде орыс ассириологиясының көрнекті өкілдерінің бірі М. А. Дандамаеваның еңбектері Ежелгі Қосөзен қала-мемлекеттерінің тарихын оқуда баға жетпес көмекші құрал болып табылады.
Біздің заманымызға дейіңгі ІІІ-ІІ мыңжылдықта Шумер мен Аккад бүкіл Қосөзен аралығының экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналған кезі, бұл кезден сақталған жазба деректер көбірек те, әр түрлі. Солардың ішіндегі Шумер-Аккад қоғамы туралы ең бағалы, жан - жақты қоғам өмірінің әр саласынан да мәлімет беретіні - «Гильгамеш туралы эпос» және «Гильгамеш және Ага» атты шумерлік поэмалар. Аталған шығармаларда Уруктың Киш гегемониясынан азаттық алуға бағытталған күресі және де ежелгі Уруктың саяси құрлысы туралы шынайы мәліметтер сақталған. Сонымен қатар, Ежелгі Аккад патшалығының негізін салушы Саргон патша туралы аккадтық аңыздар сақталған.
«Гильгамеш туралы эпос» тексі Ниневиядағы патша кітапханасынан табылды және біздің заманымызға дейіңгі ІІ мыңжылдықтың басына жатқызылады.
Сонымен қатар, ежелгі Шумер-Аккад патшалығынан кеңінен мәлімет беретін ежелгі дипломатиялық құжаттардың да орны бөлек. Соның ішіндегі ең маңызды дегендері біздің заманымызға дейіңгі ХХІІІ ғасырға жататын аккадтық патша Нарам-Суэн мен эламдық патша арасындағы көп жылдық соғыстардан кейіңгі келісім-шарт құжаты болып табылады.
Ежелгі Шумер, Вавилон мен Ассирияның әдеби ескерткіштерінен біздің заманымызға дейіңгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтағы Қосөзеннің, Алдыңғы Азияның тіпті бүкіл Ежелгі Шығыстың әлеуметтік дамуы, таптар мен топтарға жіктелуі, олардың арасындағы қарым - қатынастар, шаруашылығы, саяси дамуы, мемлекет жайлы толық және жан - жақты мағлұматтар береді.
Ежелгі Месопотамиядағы жер қатынастары туралы әледік деңгейде баға жетпес құнды еңбек жазғандардың бірі А. И. Тюменев болды. Вавилондағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар туралы жемісті еңбекті авторы ретінде В. В. Струвені атап өтуге болады. 50-90 жылдары ашылған көптеген ғылыми жаңалықтардың авторы ретінде орыс ассириологиясының көрнекті өкілдерінің бірі М. А. Дандамаеваның еңбектері Ежелгі Вавилон тарихын оқуда баға жетпес көмекші құрал болып табылады.
Хаммурапи патша бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы болып табылады. Оның өмір сүрген жылдары (б. з. д. 1792 - 1750 жж) . Бұл кез Вавилонның бүкіл Қосөзен аралығының экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналған кезі, бұл кезден сақталған жазба деректер көбірек те, әр түрлі. Солардың ішіндегі Вавилон қоғамы туралы ең бағалы, жан - жақты қоғам өмірінің әр саласынан да мәлімет беретіні - осы Хаммурапи патшаның заңдар жинағы.
Заң жазылған биік базальт бағананы 1901 - 1902 жж француздың археологиялық экспедициясы Эламның орталығы болған Сузы қаласын қазғанда тапты. Бағананың жоғарғы жағында таққа отырған күн тәңірісі Шамаш және оның алдында ілтипатпен тұрған Хаммурапи патша бейнесі салған.
Қалған жерлерінде (екі жағынан) сына жазумен ойылып жазылған Хаммурапи патша заңы. Негізінен заң үш бөлімнен тұрады: кіріспе, заң статьялары және қорытынды. Заңның кіріспесінде заң шығарушы өзінің құдіретті, «әділ» патша болғанын, еліне еткен еңбегін баяндайды. Заң статьялары Хаммурапи патшаның үстем тап - құл иеленушілердің, жер иелерінің, меншік иелерінің мақсатын қорғаған басшы болғанынан мәлімет береді.
Хаммурапи патша заңы б. з. д. 2000 жылдықтағы Қосөзеннің, Алдыңғы Азияның тіпті бүкіл Ежелгі Шығыстың әлеуметтік дамуы, таптар мен топтарға жіктелуі, олардың арасындағы қарым - қатынастар, шаруашылығы, саяси дамуы, мемлекет жайлы толық және жан - жақты мағлұматтар береді. Заң жазылған бағана Лувр музейінде (Парижде), көшірмесі Москвада (гипске түсірілген) сақталуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міңдеттері. Ежелгі Шығыс тарихында маңызды орын алатын Ежелгі Шумер-Аккад қала-мемлекеттерінің тарихына, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси құрлыстарына обьективті тарихи шындық бағыты негізінде талдау жасау.
Ежелгі Шумерлік қала-мемлекеттердің сипатын олардың өркендеуі, дамуы және нығаюы жылдарындағы Қосөзендегі саяси - аймақтық ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.
Ежелгі Шумер-Аккад қала-мемлекттерінің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани тарихын кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:
- Ежелгі Қосөзен аңғарында ертетаптық қоғамның құрылу тарихын әр түрлі тарихи мәліметтер (ескерткіштер) негізінде жаңа тарихи тұрғыда обьективті түрде ашып көрсету;
- Ежелгі Шумерлік қала-мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне кеңінен талдау жасау;
- Ежелгі Аккад патшалығының құрылу тарихына обьективті түрде зерттеу жүргізу және оның өлкедегі ықпалын анықтау;
- Ежелгі Қосөзендегі патшалардың реформаларының, өзгертулерінің нәтижесін көрсету;
- Ежелгі Қосөзен аймағының өмірі мен тыныс-тіршілігінен жан-жақты, толық мағлұмат беру.
Ежелгі Шығыс тарихында маңызды орын алатын Ежелгі Вавилон тарихына, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрлысына Хаммурапи патша Заңнамасы тұрғысынан обьективті тарихи шындық бағыты негізінде талдау жасау.
Хаммурапи патшаның нақтылы қоғамдық-саяси қызметтеріне тоқталу, Вавилон билігі нығаюы жылдарындағы Қосөзендегі саяси - аймақтық ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады.
Ежелгі Вавилонның қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани тарихын Хаммурапи патшаның іс-әрекет аясы бойынша кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:
- Ежелгі Вавилонның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне кеңінен талдау жасау;
- Ежелгі Вавилонның құрылу тарихына обьективті түрде зерттеу жүргізу және оның өлкедегі ықпалын анықтау;
- Хаммурапи патшаның реформаларының, өзгертулерінің нәтижесін көрсету;
- Ежелгі Вавилонның Хаммурапи патша тұсындағы тарихын Заңнама негізінде жаңа тұрғыда ашып көрсету;
- Ежелгі Қосөзен аймағының өмірі мен тыныс-тіршілігінен жан-жақты, толық мағлұмат беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ежелгі Шығыс тарихында маңызды орын алатын Ежелгі Шумер-Аккад және Ежелгі Вавилон патшалығы тарихы туралы, оның тарихының ерекшеліктері, негізгі тарихи мәселелері туралы әр түрлі деректер мен құжаттар негізінде көптеген күрделі де тартысты тарихи мәселелерге жаңа сыңдарлы зерттеулер жүргізу, негізгі дерек көзі ретінде әр түрлі тарихи ескерткіш әдебиеттердің алынуы тақырыптың ғылыми жаңалығын құрайды.
Зерттеу жүмысының хронологиялық шегі. Біздің заманымызға дейіңгі ІІІ-ІІ мыңжылдықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Ежелгі Шумер-Аккад қала-мемлекеттерінің және Ежелгі Вавилон тарихына қатысты нақты деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы историзм, объективтілік принциптерін негізге алдық. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша пайдаланылған тарихи әдеби ескерткіштерді құжаттық деректер негізінде кейбір теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын, Ежелгі Шумер-Аккад және Ежелгі Вавилон тарихы мәселелері бойынша жұмыстың нәтижесін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ЕЖЕЛГІ ҚОСӨЗЕН ҚАЛА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ.
1. 1. Оңтүстік Месопотамия қоғамы.
Солтүстігінде Армения тауларынан бастап, оңтүстігінде Парсы шығанағына дейін, ал шығысында Иранның таулы аймақтарынан батысында Сирия-Месопотамиялық далаға дейін созылған кең алқапты алып жатқан территорияны ежелгі грек географтары Месопотамия деп атаған. Көне грек тілінен аударғанда Месопотамия атауы «Қосөзен» деген мағына береді. Орыс тілді әдебиеттерде көбінесе «Қосөзен» (екі өзен атауы - Евфрат және Тигр) атауы кеңінен қолданылады.
Ежелгі Месопотамияның байырғы тұрғындары Евфрат пен Тигр өзендерін «Ащы өзен» деп атаған. Евфрат өзенінің екі ірі салалары - Балих және Хабур, ал Тигр өзенінің ірі салалары - Жоғарғы және Төмеңгі Заб, Диялы өзендері болып табылады.
Ежелгі Месопотамия жерін адамдар ежелден, жаңа тас ғасырынан (неолит) мекен еткен. Алғаш мекен еткен шумерлік субарей тайпалары болып табылады. Олардан хассун және халаф сияқты археологиялық мәдениет ескерткіштері қалған. Олардың тілдері шығыссемиттік аккад тілдер тобына жатады. Олардың тілдері бірнеше диалектіде болған. Оңтүстік Месопотамияда вавилондық диалекті болса, керісінше Солтүстік Месопотамияда ассириялық диалекті болған. (1; 47) .
Екі мыңжыл бойы Шығыстағы ежелгі өркениеттердің ірі орталығы болып келген Вавилонның пайда болуы мен өрлеуіне Месопотамиядағы өте шиеленіскен бірқатар саяси оқиғалар легі өз әсерін тигізбей қойған жоқ. ІІІ Ур династиясы құрған бір орталықтанған мемлекеттер - Шумер және Аккад патшалықтары б. з. д ІІІ мыңжылдықтың аяғы мен б. з. д. ІІ мыңжылдықтың басында батыстан, Сирия даласынан келген мал шаруашылығымен айналысатын батыссемиттік сути тайпаларының күшті соққысынан құлады. Аккадтықтар оларды аморей тайпалары деп атады. Аккад тілінен аударғанда «Амурру» атауы, «Сирия» немесе «батыс» деген ұғымдарды береді.
Сонымен қатар жеңіл олжадан оңтүстік Месопотамияға басып кірген эламиттер де бас тартқан жоқ. Ур династиясының соңы элам басып алуымен аяқталды, Ибби-Суэн патша тұтқынға түседі. Ур династиясының құлауымен Вавилонияның бірлігі, ынтымағы уақытша тоқырауға тап болады. Гегемондыққа бір уақытта екі қала, орталық Вавилониядағы Исин қаласы және оңтүстіктегі Ларс қаласы таласты. Екі қаланың династияларының атауларына баса назар аударатын болсақ, олар семиттік атаулар. Бұдан біздің байқайтынымыз Шумердің интенсивті түрде семиттену құбылысы.
Исин патшалары әлсіз билеушілер болды, олар шығыста эламиттермен күрес жүргізсе, батысында аморейлермен, өз ішінде сеператистік ағымдармен күрес жүргізулеріне тура келді. Дәл осындай қауіптер Ларс патшаларына да төнген болатын. (2; 87) .
Кейін келе патшалар Урукта пайда болды, солтүстікте Сумуабума негізін салған династия көтерілді. Сол кездегі патша аттарына мұқият көңіл бөліп қарайтын болсақ, олардың шыққан тектері аморей тайпасынан болатындығын байқаймыз.
Аталған осы Сумуабума династиясының өкілдері Вавилонды Азияның астанасы ретінде атағын шығарғандар болды. Сумуабума патшаның ұлы Сумалаилу Вавилонды Азияның басты қаласы, негізгі орталығы етуге тырысып, осы мақсат жолында бірқатар шараларды іске асырды.
Атап айтсақ, ол ұсақ аморей патшалықтарының түгелдей басын біріктірді, және өзінің патшалығына Киш және Сиппар патшалықтарын қосып алды. Сумалаилу құрған патшалықта өзге жерлік династия өкілдері болған жоқ, ол таза аморей династиясынан құралды.
Сумалаилудың ұлы оның мұрагері Забум жергілікті Мардук құдай құрметіне «Эсагила» храмын тұрғызған болатын.
Осы патшалықтың солтүстігінде жаулап алушылық, басқыншылық пиғылдағы басқа да семиттік патшалықтар орналасқан болатын. Диалы (Гинда) өзенінің басқы ағысында Хольвандағы Серипул-Зохаба таулы аймағында, Тигр алқабынан Элам жеріне өтер жерде Анубанини патша өз барельефін салған болатын.
Бұл патша Загра таулы жоталарын мекен ететін семиттік луллубей тайпаларының патшасы болатын. Барельефте орналасқан бейне суреттерді сипаттайтын болсақ, өз жауларын тықсырып жеңіске жеткен патшаның жауынгер Иштар құдайдың қолынан жеңісті алу кезін бейнелеген.
Негізінен көптеген тарихшылардың пайымдауынша осы таулы аймақта шумерлік ықпалы бар семиттік тайпалардың осындай сипаттағы, яғни көп жағдайда соғысты бейнелеген рельефтердің көптеп табылуы осы кезеңнің басты сипаты саяси бытыраңқылықты меңзейді деп ой қорытады.
Осы Тигр алқабынан Элам жеріне өтер жердегі рельефтерден бүтіндей семиттік таулы патшалықтар құрылып Сеннаара мәдениетінің негізін салады.
Дәл осындай сипат негізінен эламиттерге де тән болып келеді. Аталған осы кезеңде эламиттер өздерінің басты мақсаттарын жүзеге асыруға тырысқан болатын. Сеннаараның құлдырауы, оның орнындағы үлкен империяның орнына өзара жауласқан ұсақ патшалықтардың пайда болуы эламиттер үшін өте оңтайлы сәт болғаны белгілі. (3; 102) .
Сол кезеңде семиттік тайпаларда саяси бытыраңқылық, жалпы құлдырау байқалатын болса эламдықтарда керісінше саяси өрлеу, өзара ынтымақ, бір орталыққа жиналу байқалды. Сеннаараның әлсіреуіне байланысты эламиттер қолайлы сәт туғанын сезіп Лугальзагисси мен Саргонның ізінше батысқа бет алды. Сонымен қатар эламиттерге Башашушинак және Идадуушинак қалаларын тастап кеткен исактар (патесилер) қосылған болатын,
Алайда көп жағдайда эламиттердің өзара бірлесуі бейбіт түрде жүріп отырды, мәселен Суз қаласының әміршілеріне (эламиттер) Қосөзен Туплиашамен шектесіп жатқан исак (патесилер) өз еріктерімен қосылды.
Сеннаар билеушісінің асқан қатігездігі мен қаталдығынан ығыр болған патесилер өз тағдырларын осылайша шешті. Дегенмен де эламиттердің саяси бір орталыққа бірігуі соғыстар нәтижесінде болғаны белгілі.
Элам билеушісі Кудурнахунди көптеген ірі басқыншылық соғыстар жүргізіп, бұрыңғы семиттік билеушілерді өз артықшылықтарынан айырып төмендетіп жіберді. Осыдан бастап эламиттердің батысқа жылжуы еш кедергісіз, өте қолайлы сәттерде өтті.
Ежелгі қасиетті қалалар Урук пен Ниппур толықтай тоналды, Ниппур қаласында орналасқан храм кітапхана жермен жексен етілді. Кейін төрт мың жыл өткеннен кейін американдық археологтар осы храм кітапхананы тауып сол кезеңнің өте бір үлкен мәдениетін ашты.
Ларс патшасы Арадсин Эмутбала далалық аймағындағы билік етуші Кудурмабук патшаны өз әкесіне балайды. Кудурмабук патша өзін «адда» деп, яғни бүкіл аморейлік батыстың әкесімін деп санайды. Негізінен ежелгі Қосөзен, сонымен қатар бүкіл алдыңғы Азия ежелгі Эламға вассалды қатынаста, яғни тәуелді болды. Эламиттер тіпті ежелгі қалаларға өз патшаларын қойып отырған. (3; 47) .
Кудурмабук патша Ур қаласында Сину храмын тұрғызған болатын. 1912 жылы Лувр мұражайынан Кудурмабук патшаның ежелгі соғыс құдайы Нергалуге арнаған арнауының жазбасы жарыққа шықты. Ол жазбада Кудурмабук патшаның Казаллу қаласының билеушісі Мутибалды жеңгені туралы және де Ларс қаласын басып алып жергілікті династия билігін құлатқаны туралы аса мақтанышпен айтып жазылған.
Аталған жазбада эламдық билеуші өз әрекетін Ларса тағы үшін кек қайтарғанын жазған. Кейіннен ол Ларса тағына, қаланы қалпына келтіргеннен кейін өзінің ұлы Арадсинді отырғызған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz