Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық



Кіріспе:
Негізгі бөлім
$1Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы, ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

$2Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формалары 6

1. Шығынды өтеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
2. Шығынды толық өтеу принціпі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Міндеттемені нақты орындау принціпі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12

$3Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері ... ... . 15

$4Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарты ... ... ... ... ... ... ... 25
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жүктелуінің жалпы.

Қолданылған әдебиеттер: Азаматтық құқық .
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық, кез-келген азаматтық – құқықтық жауапкершілік сияқты, әрқашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен қорқыту арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті міндеттемелік азаматық құқықты бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндет жүктеу немесе оны, өзіне тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айырулар жүктеу деп анықтауға болады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
$ 1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық

Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық
жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық
жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық
бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі
азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз
етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік
азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану
деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені
бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс
салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар,
міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық
жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау,
қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен,
не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір
қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік
салдарларға алып келеді. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық,
кез-келген азаматтық – құқықтық жауапкершілік сияқты, әрқашанда
мемлекеттік мәжбүрлеумен қорқыту арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондықтан, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті міндеттемелік
азаматық құқықты бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндет жүктеу
немесе оны, өзіне тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде,
мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айырулар
жүктеу деп анықтауға болады.

3 бет
Жауапкершілік қолданудың АК-ның 349-бабында бекімін тапқан
негізі деп міндеттеменің борышкердің міндетіне жататын кез - келген
шартын, атап айтқанда, орындау уақытын, орынын, тәсілін, санын,
сапасын, тауарлардың ассортиментін, жинақтылығын және тағы басқа оның
бұзуын түсіну керек.
Көлемі, маңыздылық дәрежесі және құқықтық салдары бойынша
алғанды міндеттемені бұзу, әдетте, 2 түрге бөлінеді: міндеттемені
орындамау, яғни міндеттемені толықтау бұзу; міндеттемені тиісінше
орындамау, яғни міндеттемені оның мазмұнында анықталған қандай да
бір жеке жағдайларды бұзып орындау.
Міндеттемені борышкердің тікелей өзінің орындауы елеулі
жағдайларға жататын, не ондай орындау заңнама талаптарынан туындайтын
(императивтік талап) жағдайларда орындаушының алмасуы да міндеттемені
бұзғандық болып табылады, ол да жауапкершілік шараларын қолдануы
негіз болады.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік ұғымы туралы
мәселені қарағанда жауапкершілік пен негізгі міндеттемені ара
қатынасы проблемасын да айналып өтуге болмайды. Жауапкершілікті
жүктеу субъективтік азаматтық құқықты бұзумен байланысты екендігіне
қарамастан азаматтық – құқықтық жауапкершілік сырттай бұзылғаныннан
бөлек ерекше міндеттеме болып көрінеді. Әңгіме салыстырмалы
құқықтардың бұзылуы туралы болған жағдайды, оларға міндеттемелік
субъективтік азаматтық құқықтарда жатады, жауапкершілік
борышкерге құқық бұзушылық жасауы нәтижесінде алғашқыдан
туындайтын қайтара міндеттемені жүктейді.

4бет
Өзінің заңдық мәні жағынан мұндай қайтара міндеттеме
қорғаушы құқық қатынастарының өзінше бір түрі болып табылады
және оның реттеуші құқықтық қатынастар жататын алғашқы
міндеттемеден айырмашылығы осында.
Сондықтан міндеттемелік құқықты бұзғандық үшін санкция
қосымша азаматтық – құқықтық міндеттемені білдіреді, оның
ерекшелігі өзінің мүліктік сипатта болуында.
Негізгі міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен туындайтын
қосымша міндеттемені орындау ғана құқық бұзушыны қосымша
мүліктік салдарына әкеледі.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікке белгілі бір
өзіндік ерекшеліктер ескерілген азаматтық – құқықтық жауапкершілік
туралы негізгі ережелер таралады, оларға – жауапкершіліктің болуы
мен негізгі шарттары, сондай - ақ міндеттемелік құқықтарды қорғауда
қолданылатын белгілі бір санкциялар құрамы бойынша ерекшелік жатады.
Міндеттемені бұзған үшін жаупкершілік және міндеттемені
бұзғандық үшін жауапкершілік шараларына жататын санкциялар туралы
мәселені қарағанда міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік
жүктеу міндеттемелік субъективтік азаматтық құқықтарды қорғау
тәсілдерінің бірі ғана екенін ескеру керек. Бұл қорғау, сонымен
қатар, регулятивтік және ескерту тәсілдерімен де жүзеге
асырылуы мүмкін.

5бет
$2 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формалары.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік құқық бұзушыға
қосымша міндеттеме жүктеу түрінде болатындықтан міндетеме бұзғандық
үшін азаматық-құқықтық жауаптылықтың формасы ретінде, құқық бұзушы
үшін белгілі бір қолайсыз шаралардың, міндеттемені бұзғандық үшін
санкцилардың көрініс табуы болып табылады. Міндеттемені
бұзғандық үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық формаларына тән, онсыз
болуы мүмкін емес сипатқа олардың қосымша мүліктік сипаты
жатады.
Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық - жауаптылық мынадай
формада болады:шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу ; кепіл - пұлды
жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасын басқа қосымша сома
төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша
алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке,
сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын
жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б. Міндетемені бұзғандық
үшін жауапкершілік формалатының бұл тізбесі толық емес. Борышкердің немесе
үшінші жақтың құқық бұзуына негіз болған және құқық бұзушыға қосымша мүлік
айыруды жүктейтін кез-келген айрықша қосымша міндеттеме міндеттемені
бұзғандық үшін азаматық-құқықтық жауаптылықтың формаларына жатады. Сонымен
қатар, шығынды өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттемені бұзғандық
үшін жауаптылықтың бірден-бір формасы болмаса да, неғұрлым көп таралған
түрге жататындығын атай кетелік.

6 бет
1 Шығынды өтеу
Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез-келген
субъективтік азаматтық құқықты қорғаудың қолданыла алмайды. Шығындар
ұғымы және азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану
мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген. АК-ның 350-бабына
сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған борышкер несие берушіге міндеттемені
бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге міндетті, яғни құқық берілген адамды
шығынға отырғызған кез-келген азаматық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге
жол берілген. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, міндеттемені бұзғандық үшін
шығындарды өтеуге қатысты шығындарды толық өтеудің АК-ның 9-бабының 4-
тармағында бекімін тапқан бас принциптері қолданылады. Шығындарда толық
көлемде өндіртіп алу мүмкіндігін шектеу заң актілерінің нормаларында немесе
шартта көзделеді.

7 бет

2 Шығындарды толық өтеу принціпі
құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да,
және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.
Нақты залал дегеніміз өз құқығының бұзылуына байланысты жұмсаған
шығындардың жиынтығы (яғни бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін есептелген
шығындар), оған жоғалған не бүлінген мүліктерді қалпына келтіру шығындары
да кіреді. Бұл ретте, нақты залалды өтегенде несие берушінің жұмсаған
шығындары да, ол жұмсауы тиіс шығындар деп есептелінеді.
Несие берушінің құқығы бұзылмағанда ол дағдылы айналым жағдайында
алуы мүмкін табыстың кемшілігі қолдан жіберіп алынған пайда деп түсініледі.
Қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің оны
алу үшін жүргізген шаралары да, сол табысты алу мақсатында жасалған
дайындық жұмыстары да ескеріледі. АК-ның несие берушінің кінәсі туралы (364-
бап) және несие берушінің мерзімді өткізіп алуы туралы (366-бап) нормалары
ескеріліп, қолдан жіберіліп алған пайданың мөлшерін анықтағанда несие
берушінің шығынның ұлғаюына әсер еткен кінәсінің де, несие берушінің
мерзімді өткізіп алуының да мән-жайы ескеріледі, олардың қолайсыз
салдарлары, оның ішінде, шығындар да, несие берушіге жүктеледі. Бұл ретте
қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшері объективтік критийлер негізінде
және нақты құқық бұзушылықтың барлық мән-жайлары ескеріліп анықталуға тиіс.
Несие берушінің абстрактылы ұсынған, барлық мән-жайлар ескерілген,
борышкердің жауапкершілігінң азаюына септігі тиетін нақты деректерге
негізделген есептері назарға алынбайды.

8 бет
Субъективтік міндеттемелік құқық бұзылғанда барлық уақытта бірдей шығын
бола бермейді, не шығын өзіне тек нақты залалдарды немесе, қолдан жіберіліп
алынған пайданы ғана қамтуы мүмкін. Сондықтан шығындарды көрсету үшін
нағыз шығындар терминді де қолданылады, ол нақты құқық бұзудағы шығынды
көрсетеді. Тиісінше нағыз шығындар ұғымына белгілі бір нақты мән-жайларда
не тек нақты залал, не тек қолдан жіберіліп алынған пайда, не нақты
залалмен жіберіліп алынған пайданың жиынтығы кіруі мүмкін. Бұл ретте кейбір
жағдайларда, мысалы, заң актілерінде немесе шартты шектеулі жауапкершілік
көзделген болса, нақты шығындардың сомасы борышкерден өндіріп алуға болатын
шығындардың мөлшерінен асып түсуі мүмкін.
АК-ның 358-бабына сәйкес, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік
жүктелгенде толық өндіру принципін ұсынбау, әдетте, заң актілерінің
міндеттемелердің кейбір түрлерін реттейтін не қызметің белгілі бір саласын
реттумен байланысты нормаларында көзделген. Міндеттемені бұзғандық үшін
жауапкершілікті шартпен шектеу мүмкіндігіне АК-да және заң актілерінде
көзделген белгілі бір ережелер сақталғанда қол жеткізуге болады. Мысалы,
мұндай ережелер, қолдан жіберіліп алынған пайданы өндіруді шектейтін және
тек нақты залалды өндіру мүмкіндігін қарастыратын келісімдерден басқа,
тараптардың борышкерді міндеттеме бұзылғанға дейінгі шығындарды өтеуден
босату жөнінде келісуіне жол бермейтін 350-баптың 2-тармағында тұтынушы
ретінде саналатын азамат несие берушіге айналған міндеттеме бойынша
жауапкершілік туралы өзге келісімге жол бермейтін 358-баптың 2-тармағында
көзделген, егер бұл түр үшін немесе осы бұзушылық үшін жауакершіліктің
мөлшерін заңнама анықтаған болса.

9 бет
АК-ның 350-бабының 3-тармағына сәйкес, шығындардың мөлшерін
анықтағанда, егер заңнамада немесе шартта өзгедей көзделмеген болса,
шығынды есептеудің абстрактылық әдісін қолдануға болады. Шығындарды
есептеудің абстрактылық тәсілімін шығындарды есептегенде шарттық баға емес,
міндеттеме орындалуға тиісті жердегі нарықтық баға алынуы мүмкін. Бұл ретте
мынадай бағалар негізге алынады: не, жалпы ереже бойынша, шарттқа сәйкес
міндеттемені орындау кезінде тауар рыногында баға; не, бұзылған
міндеттемені еркімен орындағанда (мысалы, мерзімін өткізіп алғанда),
борышкер несие берушінің талаптарын орындаған кездегі баға; не, міндеттеме
сот арқылы мәжбүрлеп орындалғанда, талап қойылған, шешім шығарылған немесе
іс жүзінде төлем жасалған күнгі баға.
Жауапкершілік шекарасының таралған тағы бір түрі-тұрақсыздық айыбы,
оны құқықтық реттеу АК-ның 293-298-баптарында көзделген .
Шығындар мен тұрақсыздық айыбын өндірудегі өзара қатынасты анықтай
тәртібі 351-бапта көзделген. Жалпы ереже бойынша, егер міндеттемені
орындамағандық үшін тұрақсыздық айыбы көзделсе, онда шығынның тұрақсыздық
айыбы жаппаған бөлігі өтеледі.Сонымен қатар заңнамада немесе шартта мынадай
жағдайлар көзделуі мүмкін: тек тұрақсыздық айыбы ғана өндіріледі (ерекше
тұрақсыздық айыбының конструкциясы); шығын толық мөлшерде тұрақсыздық
айыбына үстеме өндірілуі мүмкін ( айып-пұлдық тұрақсыздық айыбының
конструкциясы); несие иесінің қалауы бойынша не тұрақсыздық айыбы, не
шығындар өндірілуі мүмкін (баламалы тұрақсыздық айыбының конструкциясы). АК-
ның 9-бабының 4-тармағына және 358-бабына,заң актілеріне немесе шартқа
сәйкес шектеулі жауапкершілік белгіленген (мысалы, өндірілетін шығын
мөлшерінің ең жоғарға шегі белгіленген, 10 бет
нақты шығындарды ғана өндіру тәртібі белгіленген, нақты шығындарды ғана
өндіру тәртібі белгіленген және т.б) жағдайда, шығынның тұрақсыздық
айыбымен жабылмаған бөлігі, не үстеме, не оның орнына өндіруге жататын
шығындар шектеумен белгіленген шектерге дейін өндірілуі мүмкін. Тиісінші,
егер жауапкершілікті шектеу ерекше тұрақсыздық айыбын өндіру түрінде
белгіленген болса, шығындар өндіруге жатпайды.
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктің шығындарды өтеу және
тұрақсыздық айыбын төлеу сияқты шараларын қарағанда бұл шаралардың
борышкері міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлеу жөніндегі шаралармен ара
қатынасы, яғни жауапкершіліктің міндеттемені заттай орындаумен ара
қатынасы туралы мәселені айналып өтуі мүмкін емес.

11 бет
3 Міндеттемені нақты орындау принціпі Міндеттемелік құқық
қатынастарының негізге алынатын жалпы азаматтық-құқықтық принципі болып
табылады. Бұл принцип заңнаманың міндеттеме мен міндеттемелік құқық
қатынастарын реттейтін нормаларынан, атап айтқанда, АК-ның міндеттемені
тиісінші орындау туралы, міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол
берілмейтіндігі туралы (АК-ның 273-бабы), орындаумен міндеттемені
тоқтату.
Сонымен қатар, шаруашылық жүргізудің нарықтық негізі, нарықтық
қатынастар ақшаға оның негізгі функциясын – құн өлшемінің функциясын беруді
көздейді. Құн өлшемі бола тұрып ақша, нарықтық шаруашылық жүргізу және
кәсіпкерлер арсындағы бәсекелестік жаңдайында, сонымен қатар, нарықтық
сауда жағдйында қалыптасқан бағаны бейнелейтін айналым құралы болып отыр.
Нарықтық негіздерге сүйенген мүліктік айналымның кейбір субъектісінің
пікірінше, ақша өтемін алу (орындау суррогатын), көбіне, орындауды заттай
алумен барабар. Ол, негізінен, тауарды заттай алуды қамтамасыз етеді,
себебі, ақша алғанннан кейін несие беруші борышкердің заттай бере алмағанын
рыноктан ала алады. Сондықтан, несие берушінің орындауды заттай алуға
құқығын қорғай отырып, азаматтық құқық несие берушіге міндеттемені нақты
орындау туралы талап пен орындаудан келген шығынды белгілі бір ақша сомасын
төлеу арқылы өтеу туралы талаптың біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Бұған
қол жеткізуге болады, себебі, біріншіден – нақты орындаудың шығындарды
өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу туралы талаппен ара қатынасы туралы
номалар (АК-ның 351-бабының 1,2 – тармақтары) диспозитивті құрастырылған.

12 бет

Ол шартта АК-да көзделген өзге тәртіп белгілеуге жол береді, екіншіден,
міндеттеменің тоқтауының бір негізі ретінде ақша немесе өзге мүлік түрінде
бас тарту төлемі міндеттемені тоқтатудың негіздерінің бірі ретінде
белгіленген.
АК-ның 354-бабының 1-тармағында, жалпы ереже бойынша, міндеттемені
тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу
міндеттемені зат түрінде орындаудан борышкерді босатпайды. Заң актісімен
немесе шартпен өзгедей белгіленуі мүмкін. Атап айтқанда, тараптардың
келісімімен міндеттемелерге жаңалау жүргізілуі немесі бас тарту төлемі
жасалып міндеттеме тоқтауы мүмкін.
Керісінше, міндеттеме орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу
және шығындарды өтеу, жалпы ереже бойынша, АК-ның 354-бабының 3-тармағына
сәйкес борышкерді міндеттемені зат түрінде орындаудан босатады. Шығындар
құрамына бұл жағдайда несие берушінің міндеттемені борышкердің есебінен
үшінші жақтың орындауына байланысты жасаған шығындары да кіруі мүмкін.(АК-
ның 356-бабы). Тиісінше орындалмаған жағдайда, жалпы ереже бойынша, заң
актісімен немесе шарттпен өзгедей тәртіп анықталуы мүмкін. Мысалы, бірқатар
жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеуді және шығындарды өтеуді несие беруші
қанағаттындыруы мүмкін. Мысалы, егер рынокта сондай тауар болмаса немесе
ондай қызмет көрсетілмесе, не міндеттемеде теңдесі жоқ немесе ондайды
иелену өте қиын дара – белгілі бір затты жасау көзделсе, атап айтқанда ,
міндеттеме нысаны жылжымайтын мүлік объектісі болып табылса.

13 бет

Дәл осы жағдайлар үшін АК-ның 355-бабының номалары көзделген, оларға
сәйкес берушінің меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға немесе
дара-белгілі бір затты пайдалануға беру жөніндегі міндеттемені
борышкердің мәжбүрлі түрде орындауын талап етуіне құқық берілген. Затты
беруден басқа борышкер затты беруге байланысты міндеттеменің мерзімі
өткендіктенде де, борышкерді міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлеумен
байланысты шығындар болғандықтан да несие беруші тартқан залалды өтеуге
міндетті.

14 бет

3 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың түрлері
Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жаупкерлікке топтастыру
әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады.
Шарттың бұзылған міндеттеменің және құқық бұзушының жауапкершілігінің
негізгі болатын-болмайтындығына қарай да топтастыру жүргізуге болады. Бұл
ретте шарттық және шарттан тыс жауапкершілік болып бөлінеді, оларда
құқықтық реттеуде, құқық бұзушының жауапкершілігінің шегін тараптардың
келісімімен өзгерту мүмкіндігінде елеулі айырмашылық бар. Шарттық
жауапкершілікке шарт бойынша контрагенттің жауапкершілігі жатады, мысалы,
сатушының, жалдаушының, сақтаушының жауапкершілігі. Егер, азаматтық
заңнаманың міндеттеменің кейбір түрлерін реттейтін нормалары императивтік
міндеттеу көздемеген болса, шарттық міндеттемеде тараптардың келісімімен
жауапкершіліктің шектерін өзгерту, жауапкершілікті шектеу және т.б мүмкін
болады. Шарттан тыс жауапкершілік, әдетте, азаматтық құқықтың қандай да бір
шартсыз міндеттеме туындау жағдайын және мән-жайын, борышкердің мұндай
пміндеттеме бойынша жауапкершілігін, жауапкершілік шектерін, құқық
бұзушылықтың құрамын және т.б. қарастыратын императивтік нормалардың
арқасында туындайды. Шарттан тыс жауапкершілікке, мысалы, борышкердің
сыйақыға көпшілік алдында уәде беруден, тапсырмасыз қызметтен, зиян
келтіруден, негізсізбаюдан және т.б. туындайтын міндеттемелер бойынша
жауапкершілігі жатады.Борышкерге міндеттемені бұзғаны үшін қолданылатын
санкциялар бойынша жауапкершілік түрлерін топтастыруға болады.

15 бет

Бұл ретте жауапкершілік борышкердің шығындарды өтеу, тұрақсыздық айыбын
төлеу, кепілпұл сомасын төлеу, моралдық зиянның орнын толтыру және т.б.
жөніндегі жауапкершілігі сияқты түрлерге бөлінеді. Бұл жерде тұрақсыздық
айыбын төлеу және шығындарды өтеу, жауаптылықтың кең таралған түрі ретінде,
бұрын жан-жақты қаралған.
Борышкердің тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу жөніндегі
міндеттемелерді бұзғандығы үшін жаупкершілігінің айрықша бір түрі ретінде
борышкердің бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жаупкершілігін атау
керек. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін АК-ның 353-бабына сәйкес
заңды тұрақсыздық айыбын төлеу көзделген. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдалану
дегеніміз ақша міндеттемесін орындау (ақша төлеу жөнінде міндеттемелер) не
оны төлеудің мерзімін өткізіп алу, басқа адамның есебінен ақшаны негізсіз
алу және сақтау және т.б.
353-баптың 2-тармағында бекітілген жалпы ереже бойынша, бөтеннің
ақшасын пайдаланғандық үшін тұрақсыздық тұрақсыздық айыбы осы ақша сомасын
несие берушіге төлеген күн бойынша алынады. Бөтеннің ақшасын заңсыз
пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы алынатын мерзімді анықтаудың өзге
тәртібі заңнамамен немесе шартпен анықталуы мүмкін. Яғни, міндеттемелердің
кейбір түрлері үшін заңнама ережелерімен не шарт талаптарымен бөтеннің
ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы есептелетін аз мерзім
белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, ауқымында тұрақсыздық айыбын есептеуге
болатын ең шекті мерзім белгіленуі, не ең шекті мөлшер белгіленуі мүмкін.

16 бет
АК-ның 353-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрақсыздық айыбының мөлшері ақша
міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы
бойынша есептеледі. Сонымен қатар, заңды тұрақсыздық айыбын сот арқылы
өндіргенде сот несие берушінің талабын талап арыз берілген күнгі, шешім
шығарылған күнгі немесе нақты төлем жасалған күнгі қайта қаржыландырудың
ресми ставкасына сүйеніп қанағаттандырады. АК-ның 353-бабының 1-тармағында
бекімін тапқан, заңды тұрақсыздық айыбының мөлшерін анықтау тәртібі туралы
ереже, бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін заң актілерінде немесе
шартта тұрақсыздық айыбының өзге мөлшері белгіленбеген жағдайда,
толықтырушы болып қалады. Яғни, міндеттеменің кейбір түрлері үшін заң
актілерінің ережелерінде немесе шарт талаптарымен тұрақсыздық айыбының өзге
мөлшері белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, Ұлттық Банктың қайта қаржыландыру
ставкасымен салыстырғанда одан асатын на төмендеу мөлшер, не тұрақсыздық
айыбының ең шекті мөлшері белгіленуі мүмкін.
Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы,АК-ның
353-бабының 3-тармағына және ережелерге сәйкес,есептік деп анықталады, және
өндірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері осындай пайдаланудан келген
шығындардың сомасына есептеледі
Сондықтан, ақшасын борышкер заңсыз пайдаланған адам,сол ақшаны заңсыз
пайдаланудан келген, шығындарды тұрақсыздық айыбының мөлшерінен аспайтын
бөлікте борышкердің өтеуін талап етуге құқылы.

17 бет
Моральдық зиянның орнын толтыру жеке мүліктік емес құқықтарға арналған
тарауда, сондай-ақ келген зиянан туындайтын мән жайларға арналған таруда
жан-жақты қаралған.
Моральдық зиян дегеніміз - жәбірлеушінің құқықтың бұзылуы, оның
ішіндегі міндеттемелік құқықтың бұзылуы нәтижесінде басынан өткізген дене
және көңіл күйзелісі (қорлануы, ашулануы, ұялуы, таба болуы, көңілінің
қынжылуы, құлазуы және т.б.) Моральдық зиян ақша түрінде өтеледі.Моральдық
зиянның орнын толтырғанда өзіне келген моральдық залалдың ауырлығын
жәбірленушінің субъективтік бағалауы да, жәбірленушінің дене көңіл
күйзелісінің дәрежесін көрмететін объективтік деректер де ескеріледі (қол
сұғу нысанына айналған игіліктің өмірдегі маңыздылығы,құқық бұзушылық
салдарының ауыртпашылығы, жалған мәліметтердің сипаты және таралған өрісі,
жәбірленушінің өмір сүру жағдайы және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-
жайлар). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттеме ұғымы және түрлері
Азаматтық – құқықтық міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме
Құқық. Міндеттемелер
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Міндеттемелік құқық туралы ақпарат
Шығындарды өтеу
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Пәндер