Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры


Жоспар
- Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры
- Қазақ фольклорында қолданылатын сөз магиясы.
- Абайдың қара сөздерінен алынған үзінді
- «Ана тілің арың бұл»
Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз - жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дә-режеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды: жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сез қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, тіпті жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде әр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды, я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінін, жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс.
Адамзат ақыл-ойы мен даналығы ойлап тапқан ғылым атты дүнне сол адамдар бірлестігі - халықтың барша болмысымен тікелей байланысты, сол халықтарға қызмет етеді. Әсіресе тіл, әдебиет, тарих, өнер сияқты құндылықтарды зерттейтін ғылым салалары халықтың рухани дүниесінің, ұлттық мәдениетінің жалпы да, жекелеген де қырларына назар аударады.
Қазақ тілінің ертеректегі де, қазіргі де даму тарихын зерттеу - ғылыми ізденістерімнің бірі болғандықтан, орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің, олардың қазақ тіліне қатысы барларын: Ясауи «Хикметтері» мен Қадырғали би Қосымұлының «Жами-ат тауарих» сияқты шығармаларының, ХV-ХVШ ғасырлардағы қазақтың ақын-жыраулары мен шешендерінің мұраларын тілдік, стильдік, көркемдік сипаты жағынан зерделеу барысында тек монографиялар (жеке кітаптар) жазып қана қоймай, олармен көпшілік оқырманды ішінара таныстырып отыру да ғалымның бір міндеті деп білеміз. Ғылыми жұмыстың көпшілікке арналған бұл танымдық түрі баспасоз беттерінде, әр түрлі жинақтарда мақала ретінде жарияланды.
Көп жылдар бойы халқымыздың мәдени, оқу-ағарту майданында теңдесі жоқ еңбек еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанов сияқты тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы кезінде (алғашқылардың бірі болып) мақалалар жазылып, кітапшалар
шығарылған. Бұлардың білім-ғылым саласындағы, оның ішінде тілтанымға тікелей қатысты еңбектері жайында кейінгі кезеңдерде де үнемі сөз етіп келеміз. Бұл мақалалар да көпшілік оқырманға арналған, бірсыпырасы -баяндама мәтіндері. Енді бірқатары әр түрлі газет-журнал тапсырыстарымен жазылған материалдар еді.
Ұлы Абайдың, оның алдындағы Махамбет, Дулат сияқты алыптардың, сондай-ақ Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сынды бүгінгі классиктердің қазақ әдеби тілінің даму барысындағы орындарын, атқарған қызметтерін көрсетіп, поэтикалық сөз кестелерін де кеңінен сөз ету көп жылдан бергі ғылыми жұмыстардың арнаулы монографиялардың өзекті тақырыптары болып келді. Сонымен қатар бұл тақырыптарға көпшіліке арналған жеке мақалалар да, баяндамалар да арналып келді.
Әдебиет («литература») деген сөздің түп төркіні де литера (әріп), демек, «жазу» ұғымы болғанымен, бұл сөздің терминдік мәні европа мен орыс мәдениетінің өзінде сан рет құбылып қолданылып келгенін білеміз, сондықтан қазір бұл сөз о бастағы мағынасын айткенде де сақтап қолданылуы шарт болмаса керек. Егер біз «әдебиет» сөзіне тек жазба түрде емес, өзгеше жолмен де өмір сүріп келген, біздің заманымызға дейін жоғал-май, түбегейлі өзгермей жеткен көркем сөз деген ұғым беретін болсақ, оның тілін де фольклор тілінен бөлек сапада деп тануға тиіспіз. Бұлайша бөліп тануға негіз болатын мына белгілерді атаймыз.
Халық ауыз әдебиеті авторсыз дүние екені мәлім.
Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты кесек шығармаларына көптеген дәстүрлі образдар, дайын клишелер, кейбір сөздер мен сөз тіркестері ортақ болып келеді, олар біріне-бірі ауысып та жүреді. Ал ақын-жыраулар тілінде мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ олар мұнда да бар. Бар болу себебі, біздіңше, мынада: біріншіден, ақын-жыраулар тілінің негізгі арсеналы - ауыз әдебиеті тілі. Екіншіден, авторлы әдебиеттің ауызша таралып, ауызша сақталуының нәтижесінде әр алуан қоспалардың болуы әбден ықтимал. Бірақ айырмашылығы да бар: фольклор тілінде стереотип формулалар - әр түрлі-образдар, ортақ тұстар, негізгі поэтикалық модельдер, композициялық тәсілдер тұрақты болып келеді, ал қазақтың ақын-жыраулары тілінде бұлардың болуы шартты (міндетті) емес. Дегенмен қайткеи күнде де ақын-жыраулардың, әрқайсысына тән өзіндік сөз қолданыстары бар екендігі де хақ. Мысалы, Махамбет пен Дулатты, Марғасқа мен Бұхарды, Шернияз бен Шортанбайды тақырыптары, мотивтері, стильдері жағынан бір-бірімен шатастырмаймыз. Ал ертеректегі Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуғандар тілі мен стильдері бір-біріне ұқсас келіп жатса, мұны олардың өлең-толғауларының идеялық-мазмұндық жақындықтарынан және, ең бастысы, ауызша таралып, араласып кеткендіктен көру керек.
Ақын мен жырау поэзиясында уақыт пен мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеушілік, лиризм сарыны фольклорға қарағанда, күшейе түседі. Бұлар ауыз әдебиетіндегі тілдік дәстүрден бірте-бірте қол үздіре бастайтын, суреттеудің жаңа амалдарын тудыратын сәттер. Демек, бұл - авторлы поэзия тілінің лексика мен грамматика саласында да жалпы поэтикалық мүмкіншіліктері байи түсті деген сөз. Ақын-жырау тілінің осы белгісі халық ауыз әдебиеті тіліндегі біршама -консервативтікті, дәстүрлік-тілдік шектелушілікті бұзып, оны құрсауынан босаттырады.
Әрбір ақын немесе жыраудық қабілетіне орай өлең-жыр шығарушылық ерекшелігі өлең техникасына шым-шымдап жаңалықтар, даралықтар қосады, яғни авторлы поэзия ұйқас таңдау, синтаксистік және ритмикалык топтарды пайдалану сияқты салаларда ауыз әдебиеті тілі шеңберінен шығып кетеді.
Осы көрсетілгендер бұл екі саланың бір-бірінен ажыратылуға тиіс айырым белгілері болса, сонымен қатар олардың бір-біріне ұқсас ортақ тұстары да айтарлықтай. Олар, біздіңше, мыналар:
1. Ең басты ортақ белгі - екеуінің де ауызша таралып, ауызша сақталуында. Осының салдарынан заман озған сайын олардың текстері біртіндеп «редакцияланып», там-тұмдап жаңғыртылып отыру фактісі бар. Сондықтан бұларда көне тұлға-тәсілдермен қатар, жаңа сөздердің, тіркестердін, біздің заманымызға тән тәсілдердің орын алуы заңды. Бірақ бұлардағы модернизация, біздің, байқауымызша, түп-түбегейлі емес. «Ауыз-ша баспаның» қолайсыздығынан жеке шумақ-тармақтардың, кейде тіпті тұтас текстердің иесінен айрылып, «көшіп» жүруі де мүмкін құбылыс. Осындай көшпелі тармақтар мен текстер кейбір өлең-толғаулардың авторлы-на күмән келтіріп, оларды ауыз әдебиеті нұсқаларына ұқсастырып, кейде тіпті көшіртіп жібереді.
2. Қазақ ақын-жыраулары тілінің қайнар көзі мен сөз мүсінін жасайтын қалыбы - ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті тілі болғандықтан, кейбір суреттеу құралдары жағынан бұлар ұқсас түседі. Оның үстіне ауыз әдебиетінің эпос сияқты қомақты түрлерін тудырушылар немесе сақтап, таратушылар, бір жағынан, жыраулар болғандықтан, халықтың сөз өнерінің барша көркемдік арсеналы әрдайым олардың жадында сақталып, ауыздарына оралып тұратындығы да ақын-жыраулар творчествосы мен фольклор тілдерін жақындастыратын себептердің бірінен табылады.
3. Айтыстар мен кейбір тұрмыс-салт жырларында және толғауларда орын алатын импровизация тәсілі ақын-жыраулар тілін халық поэзиясы дәстүрімен берік байланыстырады, өйткені импровизация табиғаты табан аузында табыла қоятын дайын штамптарды қол көреді. Бұл да, сөз жоқ, кейбір авторлы айтыстарды, толғауларды, бата-тілектерді фольклор дүниесіне ұқсаттырып жібереді.
Сөйтіп, қазақтың жазба әдеби тілі тұтқиылдан, айталық, Абайдың 29-қара сөзінде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сөз құдіреті мақалды ерекшелеп көрсеткен.
Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі, "Жарлы болсаң, арлы болма", - дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы: "Жалға жүргеніңде жаныңды қинап, еңбекпенен мал тап", - деген сөз болса, ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.
"Қалауын тапса, қар жанады", "Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ" деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. "Сұрауын табамын, қалауын табамын", - деп, қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.
"Атың шықпаса, жер өрте", - дейді. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат? "Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол", - дейді. Тәңіріге жазып, мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп, диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
"Алтын көрсе, періште жолдан таяды", - дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
"Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті", - дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ - ең арсыздың қылығы емес пе? Ата-ана, шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да: "Артымда балаларыма қалсын", - дейді. Ол ата-анасын сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.
Алғашқы адамдар түрліше кіші-гірім аталық топқа бөлініп, әрқайсысы өз алдына бөлек тіршілік жасады. Бұлардың әрқайсысының өз тілі болды. Кейін бұл аталық топтар ру, тайпа, ел тобына бірікті. Біріккен топтардың кейбірінің тілі мүлде жоғалып, кейбірі араласып, жаңа тілдің негізін жасайды. Кейбір ру тілі бірнеше руға ортақ тіл болып, үстемдік алды.
Біздің қазақ тілі де осындай жолмен туып, дамып, өсіп келеді. Әуелдегі көптеген өз алдына бөлек-бөлек ру, тайпа тілдерінен құрала келе, түрлі диалектілер (арғын, найман, қоңырат, қыпшақ, үйсін, т. б. ) жасалды. Кейін ол тайпалар азайып, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз болып бірікті. Ал осы үш жүздің тілінен осы күнгі қазақ тілі пайда болды.
Қазақ тілі дегеніміз - кең мағыналы сөз. Егер "қазақтың халық тілі" десек, оны жоғарыда айтқан (әрқайсысының өз алдына әлі де ерекшелігі бар) үш ел одағының тілі деп түсіну керек. Бұдан басқа бізде "қазақтың әдеби тілі" деген тіл бар. "Әдеби тіл" дегеніміз -бүкіл қазақ халқына ортақ ұлт тілі. Бұл ұғымға тек көркем әдебиетгің тілі ғана кіріп қоймайды, оған бүкіл баспа сөздердің тілі, барлық ғылыми, саяси, тарихи және техникаға байланысты кітаптардың, газет-журналдардың тілі де кіреді.
Қазіргі қазақтың әдеби тілінің негізі қазақ халқының ұлы ақыны, көркем сөздің ұстазы Абай Құнанбаев пен қазақтың тұңғыш педагогы, атақты ағартушы-ақын Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында.
Тілдің асыл қазынан іріктей, сұрыптай, екшей отырып, олар жаңа және жоғары сапалы тіл үлгісін жасады.
Бірақ нақты қазақтың әдеби тілі Ыбырай мен Абайдың заманында толық жасалып болған жоқ. Ол Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін, қазақ халқы өз алдына тұтас бір мемлекет дәрежесіне жеткеннен соң ғана жасалып болды.
Қазақтың әдеби тілі Совет өкіметі тұсында ғана белгілі нормасы, тиянақты терминдік принципі, грамматикасы, алфавит, орфографиясы бар тіл болды. Қазақ тілі өткен 30 жылдың ішінде адам айтқысыз қарқынмен өсті. Мұндағы қазақ сөзінің жаңа байлығын бір сөзбен советтік сөздер дейміз. Советтік сөздер халықтың техникасына, шаруашылығына ғана байланысты емес, салт-санасына да байланысты. Советтік сөздерге: колхоз, трактор, электр, радио, академия, студент, т. б. сөздер жатады. Бұлардың барлығы да қазақ тіліне Совет өкіметі орнаған соң ғана енген сөздер. Мұнымен бірге қазақтың бірталай байырғы сөздері жаңа мағынаға ие болды. Мысалы: отан, одақ, еңбек, екпінді, жазушы, тілші, тағы басқа сөздер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz