Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік



Жоспар:

1. Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік
2. Ральф Дарендорф конфликтологиясы
Егес әлеуметтік құбылыс ретінде алғаш рет А. Смиттің «Табиғат туралы және халықтардың байюы себептері» еңбегінде қарастырылған болатын. Саяси экономика классигі пікірінше, егес негізін қоғамды таптарға бөлу (капиталистер, жер иеленушілері және жалдамалы жұмысшылар) және олардың арасындағы экономикалық бәсекелестік құрайды дейді.
Ал әлеуметтік теорияда егес негізін түсінуге арналған екі негізгі бағыт ажыратылады: функционалызм және конфликтология.
Функционализмнің негізін салған Г. Спенсер еді. Оның идеялары органистикалық мектептің қуатты стимулы болды. Органицизмде әлеуметтік жүйенің функционалды бірлігі мен оның құрылымды бөліктерінің бүтінге тәуелділігі туралы идеяларымен қатар, егес теориясы да кең етек жаяды. Бұл бағыттың өкілдері ең алдымен қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтарына, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің қиылысуына және күресіне назар аударады.
Э. Дюркгейм, әлеуметтану ғылымына биоорганикалық бағыттың тұрақты әсеріне қарамастан, «ұжымдылық» идеясын насихаттады: «Жеке егестер қоғамның реттеуші іс-әрекеттері арқылы қалай тежелсе, нитерәлеуметтік егестер де бір ғана қоғамның реттеуші іс-әрекеттері арқылы тежеледі» Жеке эгоизмді шекті қалпында ұстап тұра алатын жалғыз күш – бұл топ күші; ал топтың эгоизмін бір қалыпта ұстап тұратын жалғыз күш – бұл оларды өзінің құрамына кіргізетін басқа бір топ күші болып табылады.
Қазіргі замандағы функционалитер - Т. Парсон, Р. Мертон және т.б. Спенсер мен Дюркгейм ойын жалғастырушылар ретінде көрінеді. Парсон «Әлеуметтік тәртіпті қалай орнатуға болады?» деген сұраққа жауап беруге тырысады. Оның концепциясының негізін жүйенің тепе-теңдікті сақтауға тырысуы құрайды. Парсонс үшін егес құрылымсыз, функционалсыз және жоюшы болып көрінеді. Ол егесті әлеуметтік ағзаның ауруының «эндемикалық» формасы деп қарастырады.
Осы бағыттағы социологтар тәртіпті, «тепе-теңдікті», «ынтымақтастықты» қалыптастыруға ниеттенген болатын. Егесті анализдеу кейіннен психикалық бейімсізділікпен тиімсіз іс-әрекетті зерттеумен алмаса бастайды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік
2. Ральф Дарендорф конфликтологиясы

1.Әлеуметтанудағы егес теориясы туралы түснік
Егес әлеуметтік құбылыс ретінде алғаш рет А. Смиттің Табиғат туралы
және халықтардың байюы себептері еңбегінде қарастырылған болатын. Саяси
экономика классигі пікірінше, егес негізін қоғамды таптарға бөлу
(капиталистер, жер иеленушілері және жалдамалы жұмысшылар) және олардың
арасындағы экономикалық бәсекелестік құрайды дейді.
Ал әлеуметтік теорияда егес негізін түсінуге арналған екі негізгі бағыт
ажыратылады: функционалызм және конфликтология.
Функционализмнің негізін салған Г. Спенсер еді. Оның идеялары
органистикалық мектептің қуатты стимулы болды. Органицизмде әлеуметтік
жүйенің функционалды бірлігі мен оның құрылымды бөліктерінің бүтінге
тәуелділігі туралы идеяларымен қатар, егес теориясы да кең етек жаяды. Бұл
бағыттың өкілдері ең алдымен қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтарына, түрлі
әлеуметтік топтардың мүдделерінің қиылысуына және күресіне назар аударады.

Э. Дюркгейм, әлеуметтану ғылымына биоорганикалық бағыттың тұрақты
әсеріне қарамастан, ұжымдылық идеясын насихаттады: Жеке егестер қоғамның
реттеуші іс-әрекеттері арқылы қалай тежелсе, нитерәлеуметтік егестер де бір
ғана қоғамның реттеуші іс-әрекеттері арқылы тежеледі Жеке эгоизмді шекті
қалпында ұстап тұра алатын жалғыз күш – бұл топ күші; ал топтың эгоизмін
бір қалыпта ұстап тұратын жалғыз күш – бұл оларды өзінің құрамына
кіргізетін басқа бір топ күші болып табылады.
Қазіргі замандағы функционалитер - Т. Парсон, Р. Мертон және т.б.
Спенсер мен Дюркгейм ойын жалғастырушылар ретінде көрінеді. Парсон
Әлеуметтік тәртіпті қалай орнатуға болады? деген сұраққа жауап беруге
тырысады. Оның концепциясының негізін жүйенің тепе-теңдікті сақтауға
тырысуы құрайды. Парсонс үшін егес құрылымсыз, функционалсыз және жоюшы
болып көрінеді. Ол егесті әлеуметтік ағзаның ауруының эндемикалық формасы
деп қарастырады.
Осы бағыттағы социологтар тәртіпті, тепе-теңдікті, ынтымақтастықты
қалыптастыруға ниеттенген болатын. Егесті анализдеу кейіннен психикалық
бейімсізділікпен тиімсіз іс-әрекетті зерттеумен алмаса бастайды.
Әлеуметтану ғылымында егес моделін жан-жақты суреттеген К. Маркс еді.
К. Маркс әлеуметтік егестердің негізгі себептерін қоғамның
антагоникалық таптарға бөлінуінде көреді. Егесті маркстік анализдеу
түбегейлі қарама-қайшылықтармен байланысты макроәлеуметтік деңгейде
жүргізіледі. Бұл концепция шеңберінде егесті шешу – қарама-қайшы жақтардың
біреуін жоққа шығару, сол жүйені өзгертуге тырысу. К. Маркс саяси
үрдістің негізі ретінде егестің рөлін арттыра отырып, егес пен консенсусті
бір-біріне балама деп есептейді. Ол әлеуметтік революцияны коммунизм
құрылымының пайда болуының аса қажетті шарты деп қарастырылды. Ол таптар
және таптық айырмашылықтардың жоқтығымен ерекшеленеді. К. Маркс ешқашан
таптық күрестің алғашқы өкілі рөліне тырыспаса да, оның зерттеулерінің
толықтығы мен тереңдігі оны осы мәселе бойынша әлемдік беделді тұлға
қатарына қосқан екен. Н. Смелзер айтқандай, егес теориясы Карл Маркс
еңбектері негізінде қалыптасқан.
К. Маркстің егестік парадигмасының негізгі тұжырымдарын Дж. Тернер
былай береді:
- Жүйеде шектеулі ресурстардың орналысуының біртексіздігі артқан
сайын, жүйенің билеуші және қызмет етуші (подчиненный) сегменттері
арасындағы егес тереңдей түседі.
- Қызмет етуші сегменттер өзінің түпкі ұжымдық мүдделерін тереңдеп
түсіне бастаған сайын, олар шектеулі ресурстардың таратылуы туралы
реформаның заңдылығына күмандана бастайды.
- Билік етуші сегменттердің жүргізетін әлеуметтік өзгерістері артқан
сайын, қызмет етушілер арасындағы қарым-қатынасы бұзылады, сонымен
қатар, сол қызметшілер өзінің түпкі мүдделерін түсіне бастауы
мүмкін.
- Қызмет етуші сегменттердің мүшелері бір-біріне арыздануы артқан
сайын, олар өздерінің түпкі ұжымдық мүдделерін түсіне бастайды.
- Қызмет етуші топтардың мүшелерінің білім алу мүмкіндігі артқан
сайын, олар коммуникацияның барлық түрлерін пайдалана отырып бір-
бірінің арыздарымен алмаса алады.
- Қызмет етуші сегменттер унификацияланған идеологияны дамытқан
сайын, олар өздерінің түпкі ұжымдық мүдделерін түсіне бастайды.
- Идеологтарды өзіне қарату немесе қалыптастыру мүмкіндігі артқан
сайын, идеологиялық унификация болу мүмкіндігі артады.
- Билеуші топтардың әлеуметтену үрдісін және байланыс құралдары
желісін реттеу мүмкіндігі кеміген сайын, идеологиялық
унификацияның болу мүмкіндігі артады.
- Қызмет етуші сегменттер өзінің ұжымдық мүдделерін түсінген сайын,
шекетулі ресурстардың таратылуының заңдылығына күмәнданған сайын,
олар жүйенің билеуші сегменттерімен ашық егеске шығуы мүмкіндігі
артады.
- Билеуші топтардың өзінің ұжымдық мүдделерін көрсету мүмкіндігі
кеміген сайын, қызмет етуші топтардың егеске өзара хабарласып,
келісіп кірісуі мүмкіндігі артады.
- Қызмет етуші сегменттердің мүшелерінің идеологиялық унификациясы
жоғарылаған сайын, олардың саяси басшылығының құрылымы дамыған
болады, жүйенің билеуші және қызмет етуші сегменттерінің
поляризациясы да артады.
- Билеуші және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ральф Дарендорф конфликтологиясы
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Әлеуметтанудағы құрылымдылық функционализм. Әлеуметтік әрекет теориясы
Жеке тұлғаның құрылымы күрделі
Конфликт теориясы
Юрген хабермастың коммуникативтік әрекет теориясы
Әлеуметтану пәні мен ғылымы
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Пәндер