Ақан Қорамсаұлы (1843-1913)



ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы.
Ақан 1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысының, Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты – Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп, Ақан атандырып жіберген.
13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Одан кейін Қызылжар (қазіргі Петропавловск) қаласында Уәли дегеннің медресесінде екі-үш жылдай дәріс алған.
Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын ешуақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт он алты-он жетіге келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан – неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс (оны «Қара торғай» деп атаған), жүйрік тазы («Базар ала») ұстаған. Кейін атақты Құлагер деген жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірі мен дарқан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «сері» атандырған.

«Етегін ақ көйлектің алтындаған»

Жастық, бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы – достық, махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, нәзік жанды ақын өмірдегі небір сұлу, әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты да, алғыр қыран мен жүйрік атты да қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың қайсысын болса да, ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал-дағы.
Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақиықша Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шық бұрал-дағы...
Қапаста қиын-қыстау бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрам-дағы.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ақан
Қорамсаұлы
(1843-1913)

ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген
қазақтың әнші-ақындарының көрнекті өкілдерінің бірі –
Ақан Қорамсаұлы.
Ақан 1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысының,
Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты –
Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп, Ақан атандырып
жіберген.
13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал,
сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап
кеткен. Одан кейін Қызылжар (қазіргі Петропавловск) қаласында Уәли дегеннің
медресесінде екі-үш жылдай дәріс алған.
Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін
шарттарын ешуақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт он алты-он
жетіге келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып
айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан – неше түрлі өнерлі жастарды
жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық
құрған. Алғыр қыран құс (оны Қара торғай деп атаған), жүйрік тазы (Базар
ала) ұстаған. Кейін атақты Құлагер деген жүйрік атқа ие болған. Ақанның
осындай өзгеше өмірі мен дарқан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген
халық оны сері атандырған.

Етегін ақ көйлектің алтындаған

Жастық, бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы –
достық, махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты,
махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан.
Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, нәзік жанды ақын өмірдегі небір сұлу,
әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты да, алғыр қыран мен жүйрік атты да
қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың қайсысын болса
да, ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның Жайықтың ақ түлкісі, Ақ
көйлек, т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне
жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу
болуын тілейді.

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал-дағы.
Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақиықша Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шық бұрал-дағы...
Қапаста қиын-қыстау бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрам-дағы.

Ақан өлеңдерінің лирикалық қаһарманы – әсем бейнелі, жаны сұлу адам.
Ақынның оны суреттеу үшін алған баламалары да, теңеулері де ел ұғымындағы
ең әдемі, нәзік суреттер, қазақ оқушыларының эстетикалық сезімін қозғайтын
метафора, теңеу, эпитет, әдемі шендестірулер.
Оның метафора, теңеу үшін алып отырған ақ түлкі, ақ маралдары – өмірде
сирек кездесетін, сүйкімді хайуанаттар. Ендеше ақынның да арман еткен сұлуы
– оңайлықпен қолға түспейтін жан. Соны ойлап Ақан қияға қол созып, қиыннан
тоят іздейді. Және оны кез келгенде бұрыла кететін көрсе қызар емес, сексен
қыздың ең таңдаулысы етіп алады.

Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы,
Ішінде сен – қоңыр қаз қаңқылдаған...
Қаумалап қанша дұшпан тұрсадағы,
Қалқажан айтар сөзден тартынбаған.
Болғанда сен аққу құс көлде жүзген,
Лашын құс не болады талпынбаған.

Бұл өлеңнің кеіпкерінде сыртқы көркемдік те, жайдары мінез, жан
сұлулығы да, айтар сөзден тартынбайтын батылдық та бар. Осындай мінезіне
көркі сай, ақын армандаған сұлу жандары малға сатып, теңіне қоспауды Ақан
қолдамайды. Оның Сырымбет, Үш тоты, Балқадиша, т.б. ән-өлеңдері
әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған. Сұлу әйелді мұрат тұтқан Ақанның
бұл шығармалары өз дәуірі үшін әлеуметтік сыры терең туындылар болып
саналады.
Ақан суреттеген бейнелер Шығыстың халықтық халықтың жырларында
кездесетін қыздардың романтикалық сипатын еске салады. Ол Шығыс әдебиетін
жақсы білген, оны қазақ өміріне жақындата жырлаған.

Мылтық пен мергеншілік

Серілік құрып, аң атып жүрген Ақан жас кезінде мылтық пен
менгершіліктің жайын да өлең қылған. Осы аттас өлеңінде ол аңшылыққа
құмартқан, мылтық атуды өнер тұтқан адамның психологиялық суретін жасайды.
Өлең, негізінен, үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ақын жақсы
мылтықтың қандай болуы керектігін айтса, екінші бөлімінде аң атқан
мергеннің көңіл-күйін суреттейді. Ал, үшінші бөлімде аң ату үстіндегі
мергеннің ішкі сезімін, психологиясындағы әр түрлі өзгеріс, құбылыстарын
көрсетеді.

Ол кезде жатқан аңнан қатты қорқар,
Өлтіретін жуындай, басын алып.
Аяғын байқап басқан суда жүріп,
Тым ұялшақ болады сонда тұрып.
Маңдайынан қарайды жылмырайып,
Қай жерден атамын деп ой ойланып.
Асығыс алабұртып қарағанда,
Жатқан аң екі болар сағымданып.
Сіңбіретін дәрмен жоқ, ол бір тар жер,
Мұрны бітіп тұрса да қабаттанып.

Бұл үзіндіде ақын аңшылардың аң атар кезіндегі басында болатын
жайларды шыншылдықпен дәл бейнелеп бере алған. Аңшының аяқ басуы да, өзінен-
өзі ұрланып, денесін жасыруы да, дем алысы да, тәтті үміт, қауіпті қорқыныш
та – бәрі де көзге елестейді. Өлеңнің барлық көркемдік күші сол сәттегі
аңшының басында болған қуаныш пен күлдікті, қорқынышты шынайы бере
білудінде. Сонымен қатар Ақан аңшылықты тек құмарлық емес, өнер деп ұғады.
Қай өнер болса да адам мен оның тіршілігі, күн көрісі үшін қажет. Сондықтан
да ол:

Оқудан соңғы өнер – мылтық деген,
Халайық, құлақ қойсаң тілге нанып, –

дейді.
Қазақ әдебиетіндегі саятшылық тақырыпқа жазылған шығармалардың ең
шоқтығы биігі – Абайдың Қан сонарда бүркітші шығады аңға өлеңі десек,
Ақанның Мылтық пен Мергеншілік өлеңі де ақынның суреткерлігімен, аңшының
қимыл-қозғалысын, психологиясын бере білуінің шындығымен соған жақын келіп
қалады.
Абай өз өлеңін:

Мұны оқыса жігіттер, аңшы оқысын,
Біле алмассың құс салып, дәм татпасаң, –

деп аяқтаса, Ақан да:

Атпағандар түсінбес құр қайтқанға,
Көңілінде мергендердің бәрі де анық, –

деп қорытады.

Құлагер

Осындай жастықтың көңіл-күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан
отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық ескі салтпен
тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы
Қараторғай бір түнде өліп қалады. Оның артынан қасқырға салған күшаланы
жеп, құмай тазысы Базарала өледі. Сөйтіп, жүргенде ол 1876 жылы атақты
жүйрік аты Құлагерден айырылады. Осы жылы Керей паң Нұрмағамбет деген үлкен
бай, беделді кісі Ереймен бойында әкесі Сағынайға ас береді, сол асқа Ақан
Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, алып барады. Бәйгеге үш жүзден аса ат
қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп
жүрген Батыраш, Қотыраш деген байлар соққыға жығып өлтіреді.
Ақан сері үшін Құлагер тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі
туған жері Қоскөлде, қамысты қопаны мекендеп, оңаша өмір сүреді. Елсіз
даланы, тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерін жоқтап,
бірнеше өлең мен әндер шығарады.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – Құлагер әні. Мұны Ақан өлген
Құлагердің басында отырып айтқан.
Лирикалық ән – Құлагер, екінші жағынан психологиялық сыры мол өлең.
Онда болған оқиғаға ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, оның жан-
дүниесіндегі тебіреністі, күйзелісті суреттеу басым көрінеді. Атын жанындай
жақсы көретін ол зорлықшыл қиянатқа қарсы іштей назаланады. Өлеңнің әрбір
сөзі Құлагердің жоқтауындай естіледі.

Құлпырған күлте жібек құрығың-ай,
Суырылып топтан озған жүйрігім-ай,

немесе

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырар сапты аяқтай төменгі ернің, –

деген жолдар осыны көрсетеді. Немесе:

Алдыңғы ат баран емес, қылаң деді,
Сол жерде тұра алмадым денем шошып, –

Деген жолдар Ақанның сол сәттегі көңіл-күйін айқын байқатса керек.
Әрине, бұлар – әлі қайғы емес, қауіп, қорқыныштың белгілері. Ал
Құлагердің мерт болғанын, анық білу Ақанға төбеден жай түскендей қатты әсер
етті. Ақын сол мезеттегі күйінішін ең шарықтау шегіне жеткізіп:

Құлагер мерт болды деп естігенде,
Жұлдым да сақалымды, ойбайладым, –

деп суреттейді.
Енді ол атын іздеп табады. Көріседі, жылайды. Әуелде күйіп-піссе,
кейін сезімді ақылға жеңгізіп, амалсыз төзеді, болашаққа үмітпен қарайды.

Құлагер әкең – тұлпар, шешең – сұңқар,
Соғып ең дөнеңінде сегіз арқар.
Сен өлсең, орнын басар Кербесті бар,
Болады, құдай қосса, о да тұлпар, –

деп, өзін-өзі жұбатады.
Сөйтіп, Құлагер өлеңінің бір құнды ерекшелігі ақынның өзі басында
болған психологиялық өзгерістерді көркемдікпен шынайы суреттеуінде, онда ат
портретін де, жүйріктік қасиетін де бейнелер жарқын сөздер көп.

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің...
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім...
Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай...
Ор болып қалушы еді шапқан жерің...

Осындай суреттеулер арқылы Құлагердің шын жүйрікке тән мүсінін де,
шапқандағы қимылын да ақын толық көзге елестетеді.
Талай жарыста ер намысын, ел абыройын көтеріп жүрген атының өлімін
Ақан Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысындай қабылдайды.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің,
Атығай, Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім...

Құлагер өлеңін оқығанда, не әнін тыңдағанда оқыған, тыңдаған елдің
Ақанмен бірге күйінетіні, ақынды, жүйрік атты аяп, оны өлтірген зұлымдыққа
лағынет айтатыны даусыз. Ақынның азалы үні, қасірет-қайғысы баршаға ортақ
сезіледі. Сөйтіп, Құлагер – жалғыз ат қайғысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан Сері Қорамсаұлы лирикалық ақын
Ақан сері Қорамсаұлы. (1843 – 1913 ж)
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Ақан Қорамсаұлы ( 1843-1913) туралы ақпарат
XVIII ғ орта тұсымен басындағы қазақ мәдениеті
Ақан Сері шығармалары
Ақан серінің шығармаларына тоқталу
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Шығайұлы Дәулеткерейдің күйлері
Пәндер