Моноұлттық мемлекет құру



Кіріспе
Моноұлттық мемлекет құру. Ол мүмкін бе?
Еуразиялық бағыт және азаматтық қоғам құру
Жалпыадамдық қоғам және жаһандану
Ұлттық идеология деген не және біз оны қалай түсінеміз?
Қорытынды
Жалпы қай елде болсын жастар қашанда өмірдің әр ісінде, әр саласында ерекше белсенділік танытады. Олар қоғамның белді мүшелеріболып табылады. Қоғам жастарға не берді, жастар қоғамға не бере алады деген ой бүгінгі күндері студент жастар болсын, жұмыс істейтін жастар болсын, олардың алдарында тұрған үлкен мәселе осы.
Біздің Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттегі студент жастар ұйымдары атқарар қоғамдық жұмыстар аз емес. Студент атанған бірінші курстан бастап қазір оқу орнын бітірейік деп тұрған жылдар ішінде қоғамдық жұмыстарға белсене аралысып келеміз. Ертеңгі күні қолымызға диплом алып, маман болып, жұмысқа араласқан күнде де студент кезіміздегі ынталылықпен, жігерліліктің пайдасы тиеді. Тұрған жеріміз зауыттары көп өндіріс орны болған соң, студенттерді экология мәселесі ойландырады. Қазір “Жасыл ел ” бағдарламасы бойынша өзіміз бастамашы болып, бүкіл университеттік шараларға қатысудамыз. Нашақорлыққа қарсы күрес, жастар арасында салауатты өмір салтын қолға алуға үндейтін жиындар, акциялар жиі өтіп тұрады. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау, соған үлес қосу керек екенін студент жақсы біледі.Қаламыздағы жоғары оқу орындарында құрылып, студент жастар арасында жақсы жұмыстар атқарып жүрген, беделге ие болған жастар ұйымдары мен орталықтарының алған бағыттары бір, мақсаттары ортақ.
“Айбат”, “Ұлан”, “Серпін”, “Жастар” пікірсайыс орталығы еліміздің өркенді болашағы үшін жоғары оқу орнының қабырғасында жүрген кездерінен бастап үлес қосуды қолға алған болатын. Жақында ғана бір жылдығын атап өткен “Ұлан” жастар ұйымы қазақ тілі, халқымыздың өткені, болашағы жайлы студент – жастар арасында белсенді жұмыс істеуде. Облыстық теледидармен бірігіп ай сайын түрлі тақырыпты қамтитын “Жастар” бағдарламасы екі тілде студент жастардың қатысуымен эфирге шығып тұрды.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жалпы қай елде болсын жастар қашанда өмірдің әр ісінде, әр саласында ерекше
белсенділік танытады. Олар қоғамның белді мүшелеріболып табылады. Қоғам
жастарға не берді, жастар қоғамға не бере алады деген ой бүгінгі күндері
студент жастар болсын, жұмыс істейтін жастар болсын, олардың алдарында
тұрған үлкен мәселе осы.
Біздің Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттегі студент
жастар ұйымдары атқарар қоғамдық жұмыстар аз емес. Студент атанған бірінші
курстан бастап қазір оқу орнын бітірейік деп тұрған жылдар ішінде қоғамдық
жұмыстарға белсене аралысып келеміз. Ертеңгі күні қолымызға диплом алып,
маман болып, жұмысқа араласқан күнде де студент кезіміздегі ынталылықпен,
жігерліліктің пайдасы тиеді. Тұрған жеріміз зауыттары көп өндіріс орны
болған соң, студенттерді экология мәселесі ойландырады. Қазір “Жасыл ел ”
бағдарламасы бойынша өзіміз бастамашы болып, бүкіл университеттік шараларға
қатысудамыз. Нашақорлыққа қарсы күрес, жастар арасында салауатты өмір
салтын қолға алуға үндейтін жиындар, акциялар жиі өтіп тұрады. Елбасы
Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау, соған үлес қосу керек екенін
студент жақсы біледі.Қаламыздағы жоғары оқу орындарында құрылып, студент
жастар арасында жақсы жұмыстар атқарып жүрген, беделге ие болған жастар
ұйымдары мен орталықтарының алған бағыттары бір, мақсаттары ортақ.
“Айбат”, “Ұлан”, “Серпін”, “Жастар” пікірсайыс орталығы еліміздің өркенді
болашағы үшін жоғары оқу орнының қабырғасында жүрген кездерінен бастап
үлес қосуды қолға алған болатын. Жақында ғана бір жылдығын атап өткен
“Ұлан” жастар ұйымы қазақ тілі, халқымыздың өткені, болашағы жайлы студент
– жастар арасында белсенді жұмыс істеуде. Облыстық теледидармен бірігіп ай
сайын түрлі тақырыпты қамтитын “Жастар” бағдарламасы екі тілде студент
жастардың қатысуымен эфирге шығып тұрды.

Адамзат қоғамының даму тарихына ой көзімен сыдырта бір шолып шыққан
қарапайым ғана көзіқарақты пенде сол “даму” деп аталатын сан ғасырлық ұзақ
жолда тапқандары мен жоғалтқандарын таразылап қарайтын болса, оның
тапқандарынан гөрі жол-жөнекей жоғалтып алғандарының көбірек болғанын
байқар еді. Алғашқы қауымдастықтан бастап күні бүгінге дейінгі аралықта жер
бетінде қанша ұлт, қанша ұлыстар болғанын ешқандай ғылым дәл айтып бере
алмайды. Бәрі болжам, бәрі гипотеза. Тіпті, жиырмасыншы ғасырдағы айтулы
оқиғалардың өзіне сан алуан тұжырым, сан түрлі пікір бар. Сол оқиғалардың
қалың ортасында жүрген, тіпті, сол тарихқа қатысы бар адамдардың көзбен
көрген шындығының өзіне өзгеше пікір, басқаша дәлел келтіріп жататындар аз
емес. Бүкіл дүние мойындап, тарихи шындық ретінде талай-талай кітаптар
жазылған әйгілі монғол шапқыншылығын жоққа шығарып, Куликов (Күлік) шайқасы
деген болған жоқ, ол жай ғана салық қақтығысы (налоговая стычка) деп Ресей
ғалымдары бірнеше томдық кітап шығарса, енді бір ғалымдар адамзат баласы
мың жылға қателесті дей келіп, ерте дүние тарихындағы әйгілі оқиғалар (Троя
соғысы, Македонский шапқыншылығы, т.б) аты ғана өзгеріп, қайталанып кеп
отырады деген ойларын дәлелдеуге тырысуда. Тіпті, Иса пайғамбар деген
болған жоқ, ол 33 жасында емес, қартайып барып көз жұмған жай ғана ағаш
ұстасының баласы деген гипотезаларын көлденең тартып, жуықта Израиль
жерінен отбасылық саркофагтар шоғыры табылғанын, онда Жүсіптің де, Исаның
да, оның жұбайы Мария мен балалары Иуданың (“Жаңа өсиеттегі” Иудамен аттас,
сүйектері жатқанын, Лондондағы тек тексеретін орталық (ДНК) олардың бәрінің
бір тектес екенін, тек жұбайы болғандықтан Марияның ғана тектік құрамы
Жүсіп, Исамен сәйкес келмейтінін анықтап, “Титаник”, “Терминатор” сияқты
әлемге әйгілі фильмдердің режиссері Дж. Камерон ол жөнінде деректі фильм
түсіріп, Нью-Йоркте көрсетіп те үлгерді.
Бәрі өзгеруде. Түгелденіп, қатталып қойған тарихи шындықтар астаң-кестең
болуда. Қазіргі бір тәулік деп жүргеніміз 24 сағат емес, бар-жоғы 16-ақ
сағат екен. Елу жылдан соң Еуропа су астында қалып, басқа континентке қоныс
аударады-мыс. “Жер – ортақ отан” деген идея жүзеге аса қалса, олардың
игерілмей жатқан қазақ даласына көшуден басқа амалы қалмайтын көрінеді. Үш
миллион шаршы километр жерде бар болғаны 15-ақ миллион адам тұрып жатқанын
көрген ұлы ел басшысы біздің көзімізді бақырайтып қойып: “Құдай әділетсіз”
деп өкініш білдіргені әлі есімізде. Мұнай құбырларын жағалап, олардың
ішімізге біртіндеп еніп жатқанын тағы да жоққа шығара алмаймыз. Әлем
өзгеруде. Әлем назары Қазақстанда. Қазақ даласында синагогалардың бой
көтере бастауының ар жағында қандай ниет жатқаны әзірге ешкімнің қаперіне
кіретін емес. Сырттағы жаудан іштегі жау қауіпті. Басына тас түскенде ғана
ойланатын қазақ керенау мінезін тастап, әр қауіптің алдын алып үйрене білуі
керек-ақ. “Адамзат дамуы” деп аталатын астаң-кестең ұзақ жолдың бүгінгі
күнге кеп тірелетін аралығында басы ашық бір-ақ ақиқат бар. Ол – адамзат
қоғамы дамыған сайын, биік өркениетке қолы жеткен сайын жер бетіндегі
ұлттар санының сол даму процестерінің жылдамдығына сай біртіндеп жойылып
отыруы. Жойылды дегенде олар бу боп аспанға ұшып кеткен жоқ, нұр боп әлем
кеңістігіне тарап кеткен жоқ, бір кездегі латындар немесе ассириялықтар
секілді басқа халықтармен араласып, ассимиляцияға түсіп, жеке ұлт боп өмір
сүруін тоқтатты. Тарихта ондай мысалдар толып жатыр. Күштінің әлсізді жұтып
қоюы – жаратылыстың қатал да бұлжымас заңы.
Ат жалында туылып, ат үстінде қалғыған, ер үстінде ер жетіп, ер үстінде көз
жұмған, көзін ашып көргені – ат құлағы мен шексіз дала болса, құлағының
естігені – қара қобыздың “пері ұялаған” шанағынан ышқынып шыққан айрауықтың
ащы зары мен сары жебенің ысқырып ұшқан үні боп, дүбірлі тарих сахнасында
бірде гунн, бірде хас, бірде сақ аталып, “адамның басы – Алланың добы”
деген қатал “ойындарды” жұмыр басынан мың өткеріп барып “қазақ” боп тынған
бүгінгі қазақ елінің өзеуреген өзгелермен бірге өз өмірбаянын жарыса
жалғастырып жатқаны – тарихи олжа, тәңірлік сый, қала берді – өрлік пен
ерлік рухының баға жетпес қайырымы.
Өзгеге кеткен есесі мен еншісін, намысы мен бостандығын ғасырлар бойы өзі
қайтарып, өзі қорғап үйренген бұл халық Кеңестер одағы деп аталатын кезеңде
көп қасиеттерінен айырылып қалды. Тарихта белгілі көптеген зобалаңдар мен
қызыл қырғындарды былай қойғанда, қазақ халқы өзінің басты қаруы – күрес
пен қорғаныс қабілетінен айырылды. “Түрі – ұлттық, мазмұны – социалистік”
коммунистік жатақханада бәрі ортақ болды. Байлық ортақ, су ортақ, жер
ортақ, отан ортақ. Ешнәрсеге талпынба, ешнәрсеге алаңдама, ортақ отанның
игілігіне қызмет ет, коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасауға
жұмыла жұмыс істе. Ойланба, уайымдама, сен үшін орталық ойланады, сенің
қамыңды орталық жейді. Жеріңе сырттан қауіп төнсе оған да бас қатырма, сені
қорғау орталықтың міндеті, өйткені, сенің жерің жоқ, ол Совет жері (Совет
деп әдейі айтып отырмын. Ол кезде бұл терминдер аударылмайтын).
Өркендеген социализм дәуірінде (70-80 жылдар) “Совет ұлты” деген термин
қалыптаса бастады. Ол кезде халықтың санасына тікелей әсер ететін
идеологиялық басты құрал – көркем әдебиет еді. Көркем әдебиетте советтік
өмір салтын, совет адамының бейнесін жасау басты міндет болатын. Кеңес
өкіметінің саясаты мен идеологиясына там-тұмдап болса да сын айтуға қатаң
тыйым салынған осындай кезеңде белгілі драматург В.Розов: “Коммунистік
партия бізден, жазушылардан совет адамының бейнесін жасауды үнемі талап
етіп келді. Үлкен өкініштісі сол, біз соны жасай білдік”, деп ащы
сарказммен жазып еді. Ол кезде бұлай сөйлеу майдандағы ерлікпен пара-пар
болатын-ды және дәл осылай уытты сөз айту екінің бірінің қолынан келмейтін.
Бүкіл совет халқы өзі өмір сүріп отырған қоғам өмірінің атына айтылар азын-
аулақ сынды осы көркем әдебиеттен іздейтін. Және содан табатын да. Халық
пен әдебиеттің егіз болатын тұсы да осы тұс еді. Егер әр ұлттан тұратын
совет халқы, соның ішінде қазақ та бар, бойындағы ұлттық рух пен сенім
күшін біржола жоғалтпай аман сақтап қалған болса, ол, сөз жоқ, әдебиеттің
арқасы дер едім. Әдебиет болғанда да, жалпылама совет әдебиеті емес, шын
жазушының, шынайы суреткердің қаламынан туған шыншыл шығармалардың әсері.
Өзге қаламгерлердің шығармалары кітап боп басылып жатса, шын суреткердің
шығармасы дүниеге келеді. Жалған әдебиет пен шынайы әдебиеттің айырмасы
осында.
Әдебиеттің арғы атасы боп табылатын аңыз-ертегілер мен эпостық шығармаларды
оқып өскен адам мен одан бейхабар өскен адамның ұлттық рухы мен ұлттық
таным-түсінігі екі басқа. Бірінші топтағы адамдар өз мемлекетінің дамуын
ұлттық мүдде тұрғысынан ғана өлшеп бағаласа, екінші топтағы адамдар үшін
мемлекет дамуында ұлттық мүдде назарға алынбайды. Өз ұлтының кешегісі мен
бүгінгісіне ой жібермейтін ондай адамдар ұлттық құндылықтар дегенді
қаперіне алмай тұрып, өзі де біле бермейтін, білуге білімі мен өресі
жетпейтін “жалпыадамдық” деп аталатын абстракциялы ортақ құндылықтарға
ұмтылады. Ұлт мүддесін ұмытқан адам өзі біле бермейтін “жалпыадамдық”
рынокта өз халқының мүддесін сатып жібергенін өзі де аңғармай қалады.
Қазақ қауымы ғана емес, орыс оқырмандарының арасында да қадірі қаша
бастаған А.Солженицын ұзақ жыл түрмеде отырған кезінде ерекше бір жәйтті
таңдана жазғаны бар еді. Ұлттық мінез, ұлттық рух жайлы айта келіп ол:
“Айтқанынан қайтпайтын, шындықтан бір мысқал ауытқымайтын, қанша азап көрсе
де сынбайтын, дүниеде үш ұлт бар. Олар – поляк, шешен, эстон ұлтының
өкілдері. Ұлттық рухын жоғалтпаған осы үш халықтың болашағына сеніммен
қарауға болады” деп бағалаған екен. Бұл тұжырымға да қарсы пікір білдіріп,
дау айтатындар табылар, әйтсе де, осы үш халықтың өжеттігі мен қайсарлығы
жайлы, ұлттық рухтары мен асқақ мінездері жайлы А.Солженицыннен әлденеше
ғасыр бұрын, 9 ғасырдағы араб жиһанкездерінің жазбаларынан бастап
Л.Толстойға дейін тамсана жазғандары баршаға аян. Ұлттық рухы әлсіз,
немесе, сол рухта тәрбие алмаған адам жалпыадамдық қоғамға оңай қосылады.
Олар үшін ұлттық мүдде, оның тілі мен дәстүрі қадірлі емес, олар үшін
өзінің өмір сүруіне қолайлы жер ғана қадірлі. Ондай категориядағы адамдар
үшін “Отан” деген ұғым “территория” деген ұғымның баламасы ғана. Өз ұлтын
оңай сатып кететіндер де осы категориядағы адамдар.
Толыққанды мемлекет ретінде он бес жылдық мерзімді артқа тастап, әлемге
енді-енді таныла бастаған қазақ елінің, Қазақстан халқының алдында ілгері
дамудың үш түрлі принциптері көлденеңдеп тұр. “Ұлттық сананы жаңғырту”
(модернизация национального сознания) деген халықаралық ортақ қауымдастыққа
уағыздайтын жаңа бағыт, жаңа көзқарас басқа республикалардан гөрі
Қазақстанға бұрынырақ жетіп, орыс тілді ақпарат құралдарының бетінде пікір
алмасу процесі басталып та кетті.
Сонымен, көпвекторлы демократиялық даму жолын ұстанып отырған Қазақстан
сияқты көп ұлтты мемлекеттің алдында дамудың негізгі үш бағыты тұр.
1) Моноұлттық бағыт ұстап, Қазақстанда тұратын өзге ұлттар мемлекет құраушы
қазақ халқының төңірегіне топтасып, оның салт-дәстүрін мойындап, қазақ
тілін жаппай меңгеру.
2) Еуразиялық бағытты ұстану. Азаматтық қоғам құру.
3) Дамудың жалпыадамдық үлгісін таңдап, “Жер планетасы – ортақ үй” деген
идеяны жүзеге асыруға талпынып, жаһандануға өз еркімізбен жақындау.
Халықаралық ынтымақтастықты жеделдету және нығайта түсу. Ұлттық сипаттар
мен артықшылықтардан арылып, жалпыадамдық ұлтсыз өмір сүру.
Орыстілді ақпарат құралдарында бұл мәселелер мейлі талқылансын, мейлі
талқыланбасын, қазіргі қоғам біткеннің алдында өмір сүру үрдісі мен дамудың
осындай принциптерінің тұрғаны шындық құбылыс.
Енді осы принциптерді талдап көрелік.

Моноұлттық мемлекет құру. Ол мүмкін бе?
Моноұлттық мемлекет деген не?
Ол – таза ұлттық мемлекет құру. Біздің жағдайда, қазақ ұлтына, оның тілі
мен мүддесіне баса көңіл бөлініп, өзге ұлттардың мемлекеттік тілге, яғни
қазақ тіліне түгел көшуі. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында қазақ тілі
мен Қазақстан тарихы ғана оқытылып, өзге ұлттардың тілі мен дәстүрінің
жоғалып кетпей сақталуына және дамуына қазақ халқы ұдайы қамқорлық көрсетіп
отыруы қажет. Қысқасы, қазақ ұлтының атымен аталатын мемлекет қазақ
халқының мүддесі үшін өмір сүріп, сол мақсатта дамып, өркендеуі тиіс.
Қарсы сұрақ: “Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте бұл идеяны жүзеге асыру
мүмкін бе? Бұл – елдің ішкі жағдайымен санаспайтын біржақтылыққа ұрындырып,
қоғамның тұрақсыздығына әкеп соқтырмай ма?”
Міне, дәл осы соңғы сұрақ қайда барсаң да алдыңнан көлденеңдеп шығады да
тұрады. Жер бетіндегі жан біткеннің жанын алып болған соң құдай Әзірейілге:
“енді шайтанның жанын ал” дейді екен. Соны естіген шайтан аспан асты, жер
үстін көктей өтіп, бір қуысқа кеп енді ентігін баса бергенде Әзірейіл
алдынан шыға келіп, “әкел жаныңды” дейді екен. Шайтан байғұс тағы зым-зия
боп, Мағұрып пен Машырықтың бір шетіне әрең жеткенде Әзірейіл алдынан тағы
шыға келеді екен. Осылай, қаша-қаша, шайтан әбден қалжырап, құлап түсетін
көрінеді. Шайтанды қуған сол Әзірейілдей “өзгелердің наразылығын тудырып
алмаймыз ба?” деген жалтақ сауал не істесек те, қандай ұлттық мүддені қолға
алсақ та алдымыздан қарсы алады да тұрады. Иә, “тыныштықтың қадірін
топалаңда білерсің, тіршіліктің қадірін мола аралағанда білерсің” деген
мақалдың мағынасы қымбат та терең екені рас, бірақ, осы жалтақ сауал біздің
қанымызға сіңіп, болардан да, болмастан да үрейленіп, көзімізге қос көрініп
тұрар әдет тастап үлгеріпті. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын ауруханадағы бір
жігіт домбыра тартып отырғанда басқа палатадағы балалайка тартатын ұлттың
өкілдері қарсы тұрып, оның қолынан домбырасын жұлып алыпты. “Өзгелердің
наразылығын тудырмас үшін, палатада тыныштық сақтау үшін” әлгі жігіт
домбырасын үйіне беріп жіберіпті.
Қалай ойлайсыз? Ол жігіт өзгелердің наразылығын қоздырып домбырасын тарта
беруі керек пе еді, әлде домбырасын үйіне беріп жіберіп, палатааралық
тыныштықты сақтап қалғаны дұрыс болды ма? Осы тұста назар аудара кететін
жай бар. Біріншіден, ол жігіттің азаннан кешке дейін домбыра тартып отыруға
мүмкіндігі жоқ, анда-санда, көңілді сергіту үшін тартады, екіншіден, өзге
палаталарда баян мен аккордеон ойнап жатқандарға ешкім дау айтпаған. Бұл
жерде негізгі мәселе музыкалық аспаптың ұлттық сипатында – домбыра
екендігінде болып тұр. Бүкіл ауруханадағы жалғыз домбыра үйіне қайтарылған
соң ауруханада тыныштық орнаған. Егер керісінше болса қайтер еді? Айталық,
ауруханада бір емес, бірнеше домбыра бар делік. Демалыс күндері көңіл
сергіту үшін әр палатада домбыра тартылып жатсын. Басқалар солардың бәріне
қарсы шаптыға берер ме еді, әлде, көнер ме еді? Сөз жоқ, көнер еді.
Құлақтары үйренер еді. Біршама уақыт өткен соң домбыра үні оларға жат боп
естілуден қалар еді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бәріміздің есімізде. Өз алдымызға мемлекет
боп, Ата Заңымызды қабылдап, рәміздерімізді бекітіп, қазақ тілін
мемлекеттік тіл деп жариялаған тұста өзіміз араласып жүрген талай орыс
зиялы қауымының өкілдері қазақ тілін үйренуге тырысып, келесі бір бас қосу
кезінде өз бетінше үйренген сөздерін айтып, Қазақстанда тұратын барлық ұлт
өкілдері қазақ тілін білуге тиіс екенін мойындап қалған еді. Тіпті,
кейінірек ашылған Қазақ-Британ университетінде қазақ тілін оқып-үйренуге
көп сағаттар бөлініп, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері отыз-қырыққа жетіп
еді. Қазір олардың баяғы қарқыны жоқ. Орыс зиялы қауымы қазақ тілін
үйренуін тоқтатты. Қазақ-Британ университетінде көшкен елдің жұртында
қалғандай төрт-бес қана қазақ тілінің мамандары жүр. Алғашқы кезде қазақ
тілін үйренуге құлшына кіріскен шетелдік студенттер ол ойларынан бірте-
бірте бас тарта бастады. Бәріне кінәлі өзіміз. Бәріміз орысша сайрап
тұрсақ, қазақ жастары бір-бірімен орысша сөйлесетін болса, қазақ
мектептерінің өзінде ауладағы балалар өзара орысша сөйлесе, мемлекеттің
жоғары-төмен барлық құрылымындағы шенеуніктер баяндамаларын орыс тілінде
жасап, бір-бірімен орыс тілінде пікір алысса, үйде де, түзде де, қызметте
де, барлық жерде қазақ біткен қазақша сөйлемесе, шетелдіктердің қазақша
сөйлеп басының іскені не!... Ақшасы мен уақытын сарп етіп қазақша
үйренгенше, соған кеткен асыл уақытын қазақтардың ана тіліне айналып кеткен
орыс тілін меңгеруге жұмсамай ма? Қазақтардың өздеріне керек емес тілді
үйреніп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың даму және құрылу үдерісін талдау
Мемлекеттік нысандар
Басқару нысаны
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі
Мемлекет - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру
Этносоциология туралы
Тұк дамушы нарықтарқа кіруінің стратегиялары
Пәндер