Аударматану және Қ.Нұрмаханов шығармашылығы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-7
1 АУДАРМАТАНУ ЖӘНЕ Қ. Нұрмаханов ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ . . . 8-41
2 Қ. Нұрмаханов АУДАРМАЛАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ . . . 42-70
ҚорЫтынды . . . 71-73
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі . . . 74-76
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Аударма қай заманда болмасын игеріп, иірудің жетегіне жеңіл көнбейтін, бірден айқара ашыла салмайтын қиын дүние.
Көркем аударма дегеніміз - өзінше өнер, нағыз творчество. Бір шығарманы қайта жаңғыртып жазып шығу деген өте ауыр жұмыс.
Онда бір ғана халықтың ұлттық ерекшелігі сақталып қана қоймай, сонымен бірге сол елдің әдебиетінің шеңберіне тән ұлттық, стильдік ерекшелігі де толық сақталуы тиіс. Сондықтан бар тетік осы әдеби аудармашы еңбегінің сапасына байланысты екені көпке мәлім.
Мұндай аса қиын, таза шығармашылық жұмыс тек көркем сөз шеберлерінің қолынан ғана келетіні белгілі. Неге десеңіз, тәржімаланып отырған шығарманың барлық қалтарыстары мен құпияларына, ой жүйесіне, көркемдік ерекшеліктеріне, сыр-сипатына тек суреткер аудармашы ғана тереңірек бойлай алмақ.
«Аудармашының таланты дегеніміз - көркем пішінді бере алуға қабілеттілік, ол, әрине, шығарманың рухна бойлау, сұлулықты сезіну сияқты қасиеттерден мақұрым қалмауға тиіс», деген В. Г. Белинскийдің сөдері осының айғағы [1, 77] .
Аудармашының қасиетті міндеттері туралы айтқан Л. Соболевтің мына бір сөзеріне де көңіл аудармасқа болмас.
«Егер орыс прозаигі, драматургі немесе ақыны әдебиетін орыс тіліне аударып отырған халыққа жанымен берілген болса, осы елдің табиғатын сүйсе, былайша айтқанда, осы халықтың шексіз досы болса, онда сол халықтың әдебиетінің тағдыры үшін толық түрде өзінің жауапкершілігін сезінеді, онда аударманың нәтижесі де керемет болмақ» [ 2, 45] .
Бір халықты екінші халыққа кеңінен таныстырып, оларды өзара табыстыратын, бір-бірін шын пейілден құрметтеуге үндейтін, қысқасы, рухани теңестіретін өнер екені мәлім. Оның ішінде әдебиеттің көтерер жүгі, атқарар міндеті ерекше. Ал көркем аударма болса осы аталған қасиетті жүкті жеткізуші алтын көпір іспетті десек асыра айтқандық болмас.
Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабілетінің шексіздігін көрсетеді. Тәржіма ісі біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүнйетану өрісімізді ұлғайтады.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазнасы кеңінен қолданылады, өсіп отырады, сонымен қатар ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі уақыттағы әдеби тіліміздің қатарына қосылып жатады.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құрудың, ойды бейнелеудің неше алуан тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Қазақ тілінде жазылған қандай да бір шығармадан болса да, терең үңіле келгенде, әлемдік мәдениеттің ықпалын көрмеу мүмкін емес. Сонымен қатар, аударма оқушыны ылғи жаңа дүниемен, жаңа өмірмен, жаңа ортамен таныстырып отырады.
Аудармашы өзі аударып отырған автордың ойын түсініп, шеберлік сырларын дәл жеткізуі үшін аянбай еңбек етеді, мехнат шегеді.
Яғни ол аударылатын кітаптағы соны дүниені, соны өмірді, соны ортаны, ең әуелі көзімен көріп тұрғандай ойша қабылдап, оның әрбір ұсақ деталіне дейін бойына сіңіріп алуы керек те, тек сонан соң ғана ана тілінің бар мүмкіншілігімен оқушыларына айтып беруге күш салуы шарт.
Аудармашыға қойылатын талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуі тиіс. Оның үстіне, өзі тіл сырын, өзі мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық тұрғысынан ұғына салатын қиялы ұщқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық, жазушылық дарынның иесі болуы керек. Қосымша аудармашыға ауадай қажет нәрсе нағыз энциклопедиялық жан-жақты білім, жоғары мәдениет.
Ол түпнұсқаның тілінде сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс-салтынан, әдет-ғұрпынан, қоғамдық қалыбынан мол хабардар болуға тиіс. Тіпті жалғыз сол халықтың ғана емес, жалпы адамзат тарихымен мәдениетіне байласнысты көп нәрседен хабардар болуы қажет.
Өйткені әрбір ойдың түпкі төркіні қайдан шығып жатқанын біліп отырмаса, сөзің арғы сырын жеткізе алмайды.
Бұл тұрғыдан аудармашыға ғалымдық ізденімпаздық, әр алуан сөздіктер мен энциклопедияларға үйірсектіктің мәні өте зор.
Аудармашы қанша дарынды болғанымен, екі тілдің де сырына қанықтығымен қатар автордың ойы жеткен дәрежеге көтеріле алатындай жан-жақты білім иесі болмаса, екінші тілде оқушыларға түпнұсқаны бар қасиетімен ашып бере де алмас еді.
Аудармашы әрқашан өз ана тілінің қырағы сақшысы болуға тиіс. Аудару үстінде кісі өмір көріністері мен құбылыстарын басқа тілдің (түпнұсқаның) әсерімен елестетіп, сол тілдің құйылу ағынымен отырғанда өз ана тілінің жүйесінен шығып кетуі де әбден ықтимал. Мұның өзі әсіресе грамматикалық жүйелері бір біріне ұқсамайтын тілдерден аударғанда ерекше сезіледі.
Сөз баламаларының дөп түсіп отыруы - көркем аудармадағы ең негізгі шарттардың бірі. Түпнұсқадағы әрбір сөз, өзінің белгілі тіркесіндегі алатын орнына қарай, аудармада да дәл жеткізіліп отыруы керек.
Жалпы аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуге тиіс. Оның үстіне, өзі тіл сырын, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болу керек.
Қазақтың біртуар әдебиетші, аудармашы Қ. Нұрмаханов сондай талант иесі. Оның қазақ аударматануға қосқан үлесі шексіз. Ол туралы зерттеуші М. Нұрмаханова былай дейді: «К. Нурмаханов посвятил множество статей изучению вопросов литературы народов СССР, которые были напревлены на освещение взоимосвиязи и взоимодействия национальных культур. Он являлся автором и переводчиком многочисленных работ, опубликованных в казахской, русской, польской, украинской, киргизской печати, которые затем были собраны в книги, такие, как «Литературные заметки»(1960), «Дәстүрлі достық» (1962), «Дос лебізі» (1968) » [3, 18] .
«Аударма деген жан-алып, жан беретін жекпе-жек. Бұл сайыста не аударушы, не аударылушы толық жеңіске ұшырайды», - деп ХYIII ғасырда өмір сүрген неміс қаламгері аудармашы Шекспир айтқандай, Қ. Нұрмаханов шығармашылығы биік белестерді бағындырған туындыларды әдебиетімізге әкелгені шындық. Ол аударма өнерінің азабын көрген, қиындығын сезінген қаламгерлердің бірі де бірегейі. Әрбір сөздің баламасын табу үшін қаншама уақытын сарып еткенін оның аудармаларынан-ақ көруге болады. Оның әрбір аудармасы, яғни әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған еңбектерінің маңызы зор.
Аудармашы шығарманың жалпы мазмұнын ғана жеткізіп қоймай, оның көркемдік ерекшеліктерін де сақтауға міндетті екенін ескерсек, мұның мәнісі - көркем шығармаларды аудару барысында жеткілікті даярлығы бар, жазушылық шеберлігінің негіздеріне жетілген әдебиетшілер ғана жұмыс істей алады деген сөз. Демек, Қ. Нұрмаханов шетел аудармашыларының тәжірбиесін кеңінен пайдаланған, реалистік аударманың принциптерін толықтай меңгерген аудармашы десек артық айтпаймыз.
Талантты аудармашы Қ. Нұрмаханов қырғыз әдебиетіне көп көңіл бөлгенін, оның қазақ әдебиетіне жақындығын талмай зерттеген қаламгер. Оның дәлелі ретінде А. Токомбаев, Т. Сыдықбеков, К. Джантошева, Тоқтағұл шығармашылығына байланысты айтқан ой-пікірлерін айтуымызға болады. Сонымен қатар орыстың атақты ақыны В. Маяковскийді қырғыздың ақындары А. Токтомбаев пен Т. Сатылғанов шығармашылығымен байланыстыра зерттеген. Бұндай көп жылдық тәжірибеден, жалықпай сызу, өшіру және қайта жазу негізінде дамылсыз машықтана беруден бірте-бірте ашылатын нағыз өнерпаздыққа тән нәзік шеберлік қосылып, аудармашы автордың әуеніне, үніне айнытпай салып, автор боп күліп, автор боп жылап, автор боп қатуланады да, өзінің ішкі сезім дүниесін әрқашан ширатып ұстап, әр мақамға бұра отырып, әр саққа жүгіртіп, әр шыңға көтеріп зор шығармашылық табысқа кенеледі.
Қ. Нұрмаханов өзінің ең ардақты борышы ретінде - қасиетті ана тілінің өткірлігі, көріктілігін, икемді оралымдылығын, мағналылығын, күллі сән-сәулетін арттыра әсемдей түсуге себеп тигізу екенін, ана тілінде оқитындардың ой-өрісін ұлғайта түсуге қызмет ету екенін нағыз азаматша түсінген аудармашы. Бұл аудармашылық өнердің шебер шыңы десек артық айтпаймыз. Өйткені аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр қамқоры, іскер ұйымдастырушысы, батыл жаңашылы болуы керек. Аудармашыға қойылатын да үлкен талап осы аударылатын еңбекті өз ыңғайына, қабілетіне, көңілінің сүюіне, қызығуына қарай таңдап алудан бастап, ақыры кітап болып шығып, көпшілікке таратылуына дейінгі бар ауыртпалығын мойынына алу болып талап етіледі. Демек ол өзі аударған шығармалардың, яғни түпнұсқаның екінші авторы.
Кейде көптеген шығармалардың аудармасы нашар болып шығады. Оның себебі - кейбір аудармашылар өздері әдебиетші бола тұрып, екі тілді жетік біле тұрып, аударма еңбегіне атүсті қарайды, тиісінше мән бермейді, аударылатын шығармада суреттелген халықтың өмірін, салтын, тұрмысын, әдет-ғұрпын жақсы зерттемейді, шығарманың идеялық-көркемдік өзгешеліктерін айқын аңғармайды. Сондықтан олардың аудармасында түпнұсқаның рухы сақталмайды. Бұған қоса ешқандай қағидаларға бағынбайтын, шалағай аудармалар да өкінішке орай кездесіп жатады. Олар әдебиеттің жанрлық ерекшелігі тұрмақ, сол тілдің өзін жете меңгермей жатып басқа тілден аударма жасауға әрекет ететін пысықайлардың жемісі. Ал Қ. Нұрмахановта мұндай кемшіліктер кездеспейді. Қайта өз тілінде еркін, әрі көркем тілде жеткізу байқалады.
Аударма өнерінің қыры мен сырына қатысты айтылған ой толғамдар туралы сөз еткенде, осы салаға елеулі үлес қосқан, әрі аудармашы, әрі аударматанушы Қалжан Нұрмақановтың шығармашылық мұрасын зерттеу негізсіз емес. Сондықтан бұл еңбектің басты мақсаты Қ. Нұрмахановтың аудармашылық шеберлігі мен қатар қазақ аударма теориясының негізін салуға қосқан үлсін анықтау болып табылады.
Аталмыш магистрлік зертеу еңбегі кіріспе және екі үлкен тараудан, содай-ақ, қосымша мен пайдаланған әдебиетер тізімінен тұрады.
Жұмыстың 1-тарауында, «Аударматану және Қ. Нұрмахановтың шығармашылығы», деген тақырыпта сөз қозғалса, 2-тарауында, «Қ. Нұрмахановтың аудармаларының мәні мен маңызы» деген мәселеге көңіл аударылады.
Алғашқы тарауға аударматанушының аудармаға қатысты жазған мақалалары мен сыни-пікірлері, сондай-ақ, зертеу еңбектері арқау болмақ.
Оның осы еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдары мен ұстанымдарына таладау жасай отырып зертеушінің қазақ аударматану ғылымындағы орынын анықтауға талпыныс жасалмақшы.
Ал соңғы ««Қ. Нұрмахановтың аудармаларының мәні мен маңызы», деп аталатын тарауда аудармашының қырғыз тілінен қазақ тіліне тәржіма жасаған шығармаларының маңызы туралы сөз болады.
Атап айтқанда, қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың «Ақ жауын», «Бетпе-бет» атты көркем шығармаларын қазақ тіліне аударудағы Қ. Нұрмахановтың аудармашылық шеберлігі, оның ішінде, жетістік пен кемшілік мәселесі қозғалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу еңбектің басты мақсаты:
• Қ. Нұрмахановтың аудармаларының өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
• Аудармашының шеберлігін, шығармашылық даралығын зерттеп, зерделеу.
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Қ. Нұрмахановтың аудармаларының тарихы мен қалыптасуын жүйелеу;
- Аудармадағы жазушының лирикалық және эпикалық суреттеу тәсілдерінің көркемдік-эстетикалық қызметінің сақталу деңгейі мен оны жеткізудің шығармашылық тәсілдерін, амалдары мен құралдарын олардың тұпнұсқаға сәйкестігі тұрғысынан сараптау;
- Аудармашының көркемдік бейнелеу құралдарын, поэтикалық тілін аударудағы жетістіктер мен кемшіліктерді жүйелеу мен жинақтау.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негізіне З. Ахметов, Қ. Бекқожин, В. Г. Белинский, Г. Бельгер, М. Қаратаев, А. С. Көпбасарова, Г. Қ. Қазыбек, Ж. Т. Молдагалиева, Н. Сағындыкова, Ә. Сатыбалдиев т. б. зерттеуші-ғалымдардың еңбектері алынды.
Ғылыми жұмыстың зерттеу обьектісі: Қазақ Ұлттық кітапханасы, Ұлттық Ғылым Академиясы, ҚазҰУ-дың кітапханасы және сирек кездесетін қолжазбалар бөлімі, Қазақ ұлттық техникалық институты, Тіл білімі институты т. б.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Аудармашының қазақ тіліне аударылған шығармаларының ерекшеліктері жайында теориялық тұрғыдан жазылған ғылыми мақалалар, кейбір аудармаларына байланысты жазылған сын-пікірлер аз да болса баспасөз беттерінде кездеседі, бірақ аударма тұрғысынан толықтай жүйеленіп, жинақталған еңбектер жоқ. Ғылыми тұрғыдан Қ. Нұрмаханов аудармашылығы жайлы еш жерде арнайы қарастырылмаған.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: Магистрлік диссертация жұмысы кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері, теориялық және методологиялық негізі, зерттеу обьектісі мен зерттелу деңгейі сөз болады.
Негізгі бөлімнің бірінші тарауы «Аударматану және Қ. Нұрмахановтың шығармашылығы» деп аталады. Бұнда Қ. Нұрмаханов өмірі мен шығармашылығы, оның зерттелуі және аудармаларының ерекшеліктері жайлы талдаулар мен сараптамалық ойлар сөз болады.
«Қ. Нұрмахановтың аудармаларының мәні мен маңызы» деген екінші тарауда аудармашының аудармаларының мәні мен маңызы, жетістіктері мен кемшіліктері жүйеленеді және тарауда қырғыз тіліндегі түпнұсқаны қазақ тіліндегі аударма мәтіндермен салыстыра талдау қарастырылады.
Жұмыстың қорытындысында Қ. Нұрмаханов туындыларының қазақ тіліндегі көп нұсқалардың көркемдік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері сараланады. Соңында жұмыста пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылған.
Зерттеу жұмысының сарапталуы және жариялануы: Зерттеудің нәтижелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2009-жылы 15-16 мамырда өткен - «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалында жарияланып, кафедрада алдын ала қорғауда талқыланып, қорғауға ұсынылды.
1. АУДАРМАТАНУ ЖӘНЕ ҚАЛЖАН Нұрмаханов ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Аударма - қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы шығармашылық өнерді дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма - сан қырлы, дүние, ол - өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К. Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма - шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс) . Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы - құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан [4, 4] .
Қазақ әдебиетінде де аударма саласы өткен ғасырдың 50-60 жылдарында жақсы дамыды. Ғ. Мұстафин, Х. Есенжанов, М. Иманжанов, А. Нұрқатов, Б. Сахариев, М. Алимбаев, Т. Жароков, Х. Бекхожин, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, Ғ. Орманов, Т. Әлімқұлов сынды талантты ақын-жазушыларымыз аударма саласында өзіндік үлестерін қосты. Солардың ішінде жарқырай көрінген талантты қаламгер Қ. Нұрмаханов та болды.
Қ. Нұрмаханов қазақ әдебиетінде әдеби сынның дамуы мен қоса, аудармашылық өнермен де машықтанды. Ол көптеген ақын-жазушыларымыздың еңбектерін бағалап, олар туралы құнды еңбектер жазумен қатар, орыс, қырғыз әдебиетінен көптеген құнды шығармаларды аударды.
Қ. Нұрмаханов 1949 жылдан 1963 жылдар аралығында отандық және шетелдік баспалардан көптеген еңбектері жарық көрді. Атап айтар болсақ: «Литературные заметки (1961), «Дос лебізі» (1968), «Традиционная дружба» (1978), М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының аудармасы (1949), А. Радищев «Путешествие из Петербурга в Москву» (перевод глава «Вышний Волчек», 1949), Н. Тихонов повестерінің аудармасы «Вампири» (1960), Ш. Айтматов повестері «Алғашқы ұстаз», «Жамилия», «Материнское поле», «Лицом к лицу», «Ақ жауын» (1959-1963), Б. Жакиевтің «Әке өмірі» (1960) т. б көптеген шығармаларды аударды.
Қ. Нұрмаханов шығармашылығы туралы М. Әлімбаев, Т. Кәкішев, С. Қирабаев, А. Нұрғожина, Б. Сахариев, К. Құттыбаев, Қ. Мырзаәлиев, Ғ. Қыбышев, Б. Әбдразақов, Д. Досжан, М. Сүндетов, Б. Тоғысбайұлы тағы басқа да белгілі зерттеуші-ғалымдар, ақын-жазушылар жазған болатын. Ал аудармашылық бағыттағы еңбегін зерттеуші Л. Дәуренбекова кандидаттық диссертациясында Ә. Сатыбалдиев, Т. Әлімқұлов, Қ. Нұрмаханов шығармашығындағы аударманың алатын орны туралы алғаш тұжырымдар жасаса, зерттеуші, қаламгердің туған қызы Маржан Нұрмаханова өз әкесінің шығармашылығын оның ішінде сыншылдық бағыттағы және аудармашылық шеберлігіне бағытталған кандидаттық диссертациясын қорғады. Ол әкесі туралы былай дейді:
«Своим творчеством критик способствовал развитию переводческого дела в Казахстане. Он считал ведущим принципами эстетики творческий подход к литературному явлению, хорошее знание стилевого почерка переводимых произведений, признаков эпохи создания творения, полную и точную передачу идейного содержания текста и художественной манеры автора. Придержаваясь этих принципов, переводчик в то же время, всемерно обогащал собственное мастерство» [3, 21] .
Әр халықтың аударма ісінің өзіндік тарихы бар. Сондықтан да Қ. Нұрмахановтың да аударма саласында ұлттық мәдениетті байытуда оның әдеби тілін жаңартып, жетілдіруде биік рөл атқарды. Украинның көрнекті ақыны И. Франко “Ежелгі римляндардан бастап бөгде әдебиеттің маңызды және айтулы шығармаларының жақсы аудармалары өзіндік әдебиеттің негізгі құндылығы болып қалады” деп атап көрсеткендей, Қ. Нұрмаханов - аударма ісінің бірден бір тарихи заңдылықтарының негізін қалаған үздіктердің бірі. Демек, ол халықымыздың мәдениетін өркендетуге, тілінің дамуына, әдебиетінің жаңа құндылықтармен көбейюіне өз үлесін қосты. Аударма туындылары жоғары дәрежеде жасалып, өз халықымыздың түпнұсқа шығармасындай оқылды және бағаланды. Зерттеушілер жақсы аудармаларды бояуы қанық шебер жасалған портретке теңеді. Мәселен, әдебиеттанушы ғалым, профессор Қ. Ергөбек өзінің естелігінде «Әдебиетші мұрасын көзге толық елестеткісі келген жағдайда, қырғыз әдебиетінін, оның ішінде Шыңғыс Айтыматов шығармаларын қазақшалағанын, повестерін сахналағанын айтамыз.
Қаламгер әр туындысына күш-жігерді, талант қуатын әр түрлі жұмсайды, аяқталған соң әрқайсысынан әр түрлі әсерленіп, ләззат алады. Қалжан Нұрмаханов - әдебиеттің қос өрім екі сағасын да қатар ұстап, екеуіне де дарын қуатын аямай сарқа жұмсап, қалам қиын-қызығына берілген адал жанмен екеуінен қатар рухтанған, қатар ләззаттанған қаламгер. Сондықтан оның әдеби сын зерттеулерімен бірге аударма, повесть негізінде жазылған пьесаларын да өзінің тума перзенті деп қараған жөн» [5, 38] .
Аударматану тарихына - әдебиетпен жедел түрде дамып, жетілдіретін үрдіс ретінде қарасақ, осы орайда Қ. Нұрмахановтың аударма туралы ойларына тоқталмай кету мүмкін емес. Ол аудармашылық қарымдылығымен қатар аударма теориясының да негізін қалаушылардың бірі. Ол өз мақалаларында аударма ісі де үнемі жаңарып, үздіксіз дамитындығын, әр кезеңдегі ұрпақтың әдебиетке деген талап-талғамы өскен сайын, тіл де байып, өзгеріске түсіп отыратындығын, аударманың түрленетіндігін айтқан. Мысалы, қаламгердің «Түпнұсқа және аударма» деген мақаласында: «Біздің әдебиеттану ғылымымызда аударма теориясы - өте кеш ескерілген, өте балаң, төл күйінде қалған салалардың бірі. Аударма теориясының шабандап, аудармашылық тәжірбиемізден қозыкөш жер артта қалуы біздің аударма өнерімізге өзінің кері әсерін тигізіп келе жатқаны да баршамызға кеңінен мәлім»[6, 84], - дей келе, зерттеуші өзінің аударма теориясына қатысты ойларын ары қарай сабақтап, сонау Абай дәуіренен бастап түбегейлі мәселелерді кеңінен қозғайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz