Ұлды және қызды асырап алуды тәркеу, тегін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ұлды және қызды асырап алуды тәркеу, тегін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысы

Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ереже;

2) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандары:

туу туралы;

туу туралы актіні қалпына келтіру жазбасы;

некеге тұру туралы;

әкелікті белгілеу туралы;

бала асырап (қыз асырап) алу туралы;

тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;

некені бұзу туралы;

қайтыс болу туралы;

3) осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандары:

туу туралы;

некеге тұру туралы;

некені бұзу туралы

әкелікті белгілеу туралы;

бала асырап (қыз асырап) алу туралы;

тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;

некені бұзу туралы;

қайтыс болу туралы;

4) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелер.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысымен

Бекітілген

Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы

Ереже

1-Бөлім

Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы

1-Тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу тәртібі

1. Жеткілікті негіздер болғанда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

1) ұл (қыз) асырап алуға байланысты оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен күні өзгертілгенде, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушыларды асырап алынған баланың (қыздың) ата-анасы ретінде жазғанда;

2) некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;

3) ата-анасының арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде;

4) әке болуды тіркегенде;

5) некеге тұрмаған анадан баланың туылу туралы акт жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу туралы өтініш түскенде;

6) ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;

7) баланың туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе шешесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты;

8) тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;

9) ата-анасының тегі мен әкесінің аттарының өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың тегі мен әкесінің аты өзгергенде;

10) азаматтық хал актiлерi жазбаларындағы қателер сот тәртiбiмен анықталғанда;

11) әке болу туралы сот шешiмiнiң күшi жойылғанда;

12) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қосарланған аты немесе әкесiнiң аты көрсетiлген болса;

13) егер азаматтық хал актiсi жазбасында ата-анасының тегi, аты, әкесiнiң аты немесе ұлты көрсетiлмесе;

14) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қате мәлiметтер көрсетiлсе;

15) егер баланың туғанын тiркеу кезiнде оған тегi немесе аты ата-анасының тiлегi ескерілмей берiлсе;

16) егер баланың оның туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен өзге аты болса, мұны оның мүддесi қажет етсе;

17) егер туу туралы акт жазбасында баланың аты толық көрсетiлмесе (кiшiрейтiлiп, еркелетiп, қысқартылып көрсетiлсе) ;

18) егер азаматтық хал актiсiн тiркеу кезiнде қателер (бұрмалаулар, мәлiметтердi немесе жекелеген сөздердi тастап кету) жiберiлген болса;

19) жынысын өзгертуге байланысты тегi, аты және әкесiнiң атын түзету қажет болса;

20) ұлттық дәстүрлерге байланысты тегiн, әкесiнiң немесе атасының атынан туындайтын тектi өзгерткенде;

21) ұлты өзгерген жағдайда жүргiзiледi.

2. Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу:

1) ұл (қыз) асырап алу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң;

2) кәмелетке толмаған баланың тегiн өзгерту туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң;

3) әке болуды анықтау туралы акт жазбасының;

4) азаматтық хал актiсi жазбасындағы қателердiң анықталғаны туралы сот шешiмiнiң;

5) некенi бұзу туралы, туу туралы акт жазбасынан баланың әкесi немесе шешесi жөнiндегi мәлiметтердi алып тастау туралы, әке болудың анықталғандығы туралы бұрын шығарылған сот шешiмiн жою туралы, ұл (қыз) асырап алудың күшi жоқ деп немесе жарамсыз деп тану; сондай-ақ некенiң күшi жоқ деп тану туралы сот шешiмiнiң;

6) тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы акт жазбасының;

7) некеде тұрмаған ананың туу туралы актiлердi тiркеу кiтабына баланың әкесi туралы мәлiметтер енгiзу жөнiндегi өтiнiшiнiң;

8) тегін ұлттық дәстүрлер бойынша әкесiнiң немесе атасының атынан туындайтын текке өзгерту туралы өтiнiштiң;

9) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерiндегi аумақтық әдiлет органы бекiткен аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң қорытындысының;

10) ұлтын өзгерту туралы әділет органдарының анықтамаларының негiзiнде жүргізiледi.

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысандағы қорытындыларды АХАЖ органдары 1-тармақтың 12, 13, 14, 17, 18, 19-тармақшаларында көзделген жағдайларда жасайды.

Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001. 06. 25. N 857 қаулысымен, 2005. 02. 14. N 140 қаулысымен.

3. Азаматтық хал актiсi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы арыздар берушiнiң тұрғылықты жерiндегi АХАЖ органына берiледi. Арыз АХАЖ органына түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға жатады. Дәлелдi себептер болған жағдайда аумақтық әдiлет органы АХАЖ бөлiмiнiң бастығы көрсетiлген мерзiмдi әрi кеткенде бiр айдан аспайтын уақытқа ұзартуы мүмкiн.

4. Баланың тууын тiркегенде балаға ата-аналарының тiлектерi ескерiлмей тегi немесе аты берiлуiне байланысты, сондай-ақ егер баланың оның тууы туралы акт жазбасында көрсетiлген нақты атынан басқа аты болса, ата-аналардың баланың тегiн не атын өзгерту туралы өтiнiштерiн АХАЖ органдары бала он алты жасқа толғанға дейiн қабылдайды.

5. Қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу осы Ереженiң 8-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

6. Азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзгенде не осы бөлiмнiң Ереженiң 1-тармағының 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақшаларында көзделген жағдайларда оларды енгiзуден бас тартылғанда, АХАЖ органдары аумақтық әдiлет органдары бекiтетiн қорытындылар жасайды.

Азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзуден бас тартылуға сот тәртiбiмен шағым беруге болады.

7. Қорытындылар мен азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу үшiн негiз болып табылатын осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттар тиiстi азаматтық хал актiсiнiң жазба жасалған жердегі АХАЖ органдарына орындалуға жiберiледi.
Тиiстi жазбалар жасалған жердегi АХАЖ органдары азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi құжаттар түскен күннен бастап он бес күн мерзiмде жүргiзедi. Сонымен бiрге өтiнiш берушiге берiлетiн немесе арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi АХАЖ органына жiберiлетiн азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы жаңа куәлiк жазылады.

8. Әскери мiндеттi және әскер қатарына шақырылатындардың азаматтық хал актiлерi жазбаларына енгiзiлген тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi туралы өзгертулер туралы АХАЖ органы жетi күндiк мерзiмде өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгiзiлген жердегi аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа хабарлайды.

Азаматтық хал актiлерiне енгiзiлген өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер жөнiнде АХАЖ органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмiнiң мұрағатына хабарлама жiбередi.

9. Шетелде тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркеген және шетелде тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы арыздарына Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiне немесе консулдық мекемелерiне бередi.

Азаматтық хал актiлерiне өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiгiнiң немесе консулдық мекемесiнiң арызы бойынша тиiстi актi тiркелген жердегi АХАЖ органы жүргiзедi.

10. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актiлерiн Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркеген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актiлерi жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу осы Ережедегi Бөлiмде белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

2-Тарау. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбасын қалпына келтіру тәртібі

11. Азаматтық хал актiлерiнiң жоғалған жазбасын қалпына келтiру туралы арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына берiледi.
Арыз бiр айға дейiнгi мерзiмде қаралуға жатады. Дәлелдi себептер болған кезде аумақтық әдiлет органы АХАЖ бөлiмiнiң бастығы көрсетiлген мерзiмдi бiр айдан аспайтын уақытқа ұзартуы мүмкiн.

12. Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жоғалуын сол жоғалған жазба жасалған жердегi АХАЖ органының облыстық (қалалық) мұрағаты растауға тиiс.

АХАЖ органдарының жоғалған жазбаларды қалпына келтiруi мүмкiн болмаған кезде азаматтық хал актiсiн тiркеу фактiсi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен белгiленедi.

13. Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру тиiстi жазбаның бұрын болғандығын растайтын құжаттар болғанда немесе сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi (2 қосымшаға сәйкес) .

14. Ұсынылған құжаттар мен тексерулердiң нәтижелерi негiзiнде арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша азаматтық хал актiсiнiң жоғалған жазбасын қалпына келтiру немесе одан бас тарту туралы қорытынды жасайды, оны аумақтық әдiлет органы бекiтедi.

15. Азаматтық хал актiсiнiң жазбасын қалпына келтiру туралы АХАЖ органының қорытындысы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеу үшiн жоғалған жазба жасалған жердегi АХАЖ органына жiберiледi.

16. Азаматтық хал актiсiнiң тiркелу фактiсi сот тәртiбiмен анықталған кезде АХАЖ органы сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiсiнiң жазбасын қорытынды жасамай-ақ тiркейдi.

17. Қалпына келтiрiлген азаматтық хал актiсiнің жазбасын тiркеудi жазба жоғалған жер бойынша АХАЖ органдары жүргiзедi. Жоғалған жазба сот тәртiбiмен қалпына келтiрiлген жағдайда, актiнiң қалпына келтiрілген жазбасын тiркеу сот шешiмi шығарылған жер бойынша жүргiзiледi.
Азаматтық хал актiсiн қалпына келтiру туралы жазба күнделiктi тiркеу кiтабында, ал туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеу туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтабында жүргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001. 06. 25. N 857 қаулысымен, 17-тармақ жаңа редакцияда - 2003. 06. 03. N 520 қаулысымен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу
Бала асырап алудың нормалары
Баланы асырап алу
Тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері
Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелеудің құқықтық мәселелері
Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ
Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Баланы асырап алуға таңдау кезінде асырап алушы
Бұрынғы өткен батырлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz